Ойынды-демалыс түрлерін ұйымдастыру әдістемесі


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ШЫМКЕНТ

ПЕДАГОГТЫҚ МӘДЕНИЕТ ИНСТИТУТЫ

ОЙЫНДЫ-ДЕМАЛЫС ТҮРЛЕРІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ

(Оқу-әдістемелік құралы)

Шымкент 1993

К IРІ С П Е.

Мәдени - шұғылданымпаздық мекемелері алдына бос уақытты

қоғамға тиімді болардай, әр адамньң рухани өмірін жетілдіретіндей етіп ұйықдастыру міндеттері заман талабына сәйкес орынды қойып отырады. Себебі, бос уақт кезінде орынды дем алу дегеніміз, адамның жұмыстан шаршаған организмін қалпына келтіру, оларды тиімді іс - әрекетке көшіру, тәрбиелік мәні бар демалыс мадениетін қалдатастыру, әр адамның рухани өмірін жетілдіретіндей ұйымдастыру.

Мәдени - демалыс жұмыстарының аса қызықты және тартымды

бөлімдерінің бірі - ойынды - демалыс түрлерін ұйымдастыру. Бұл

бөлім бойынша болашақ мамандар ойынды - демалыс шараларын қазіргі талаптарға сай ұйымдастыру, әсіресе олардьң мазмұнын ұлттық ойын - сауық түрлерімен байында отыру, адам ұлттық ойын - сауық байлығын игеретін іс - әрекетке көшіру амакарын игереді. Осылармен қатар, оларды мәдени - шұғылданымпаздылық мекемелерінде өткізілетін ойын - сауық кезіндегі әр түрлі жағдайларда мәдени трбие әрекетін ұйммдастыру ерекшеліктерімен таныстыру, кейбір қазіргі заманғы ойынды - демалыс шараларын дайындау және өткізу әдістелерін игеру, ойындар бағдарламасын жүргізу дағдысы мен

шеберліктерін қалштастыру қажет.

Сондықтан, бұл оқу - әдістемелік құрал боладақ мамандардың кәісіби шеберліктерін қалыптастыру және дамытуға, өз бетімен оқып, шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге ықпал. етер деген ниетпен ұсынп отырмыз.

ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК - ТӘРБИЕЛІК МӘНІ.

ДЕМАЛЫСТА ПАЙДАЛАНУ ӘДІСТЕМЕСІ.

Қазіргі жағдаяда ұлттық сананы жетілдіруде халық мәдениетінің орны ерекше. Жан - жақты дамыған алуан салалы халық мәдениеті, өте икемді фономен бола отырып, қазіргіні өткенмен байланыстыыру міндетін атқарып келеді.

Сондықтан, кейінгі кезде, зерттеушілер назары ұлттық ойындарды демалыс іс - әрекеттеріне пайдалаану және оларды оқыту, дамыту мәселелеріне ауып отыр. Ұлттық ойындар халық мәдениетінің негізгі бөлімдерінің бірі болғандықтан халықтың күнделікті мәдениетін- демалыс тіршілігіндее алатын орны, тәрбиелік қықпалы, мәні ерекше зерттеуді қажет өтеді.

Көптеген белгілі философтар мен психологтар, педагогтар мен этнографтар, В. Вундт ұсынған «ойынды еңбек теориясының» жақтаушылар болып табылады. Бұл теорияның дамуына Г. В. Плахонов, Н. К. Крупская, А. С. Макаренко, Д. Б. Эльконин, Б. Төтеенаев т. б. еңбек кетті.

В. Вунттың айтуынша, ойын - бұл еңбектен жаратылған сәби. Еңбекте, адам өз оганынан іс - әрекет арқылы ләззат алатын бастау екенін бағалауға үйренеді. Ақырында еңбек бөлінділігі элементтері ойын түрінде, дене және эстетикалық ләззат алу сонымен қатар оқып- үйреену мақсатында жааңадан өндіріледі, қайталанады.

Әрине, еңбек пен ойындар арасындағы байланыс дауысыз. Алайда, қазіргі зерттеулер бойынша ойындар тек еңбек тәсілдері ғана қайталанып қоймайды, сонымен қатар ойындарда аңшылық, соғыс, сүйіспеншілік қатынастар, жанұя өмірі, салтанатты шерулер элементтері де барлық, адамдар табиғат құбылысына, жабайы аңдар, үй жануарлары іс - әрекеттеріне еліктеп, оларды «ойнаған».

Бізге белгілі алғашқы қауымдық мәдениетті синкренизімінде /бір құбылыстардың о баста тұтастығы/, арнайы мамандалған еңбек түрлері де, не аястар ойын түрлері де болмаған. Егерде, ойындар еңбек іс- әрекеті негізінде жасалатын болса, онда ойындар элементтері байлығы еңбек дамуына тәуелді болады ғой. Өкінішке орай, бұлай болмай шықты. Ежелгі қазақ мәдениеті ойындар түрлеріне өте бай да, ал қазіргі дамыған индустриалдық цивилизацияда ойндар элементтері әлсіз дамып, ал қалыптасқан ұлттық ойындар демалыс - шұғылданымпаздылық қызыметінде нашар пайдаланылып келеді.

Сонымеен, ойн мен еңбек, бастапқы дамуда бір - бірінен айырмашылығы болмаса да, тарихи даму процесінде, әр сала жеке мамандануына байланысты, ойын да еңбек та өз заңдылықтары мен даму дәрежесіне жетті. Ойын мәдениеті еңбектен бөлініп, жеке сала ретінде қалыптасты, халық мәдіинетінен ол өзіне лайық ерекше орын алады.

Қоғамның дамуында, ойындаар іс - әрекеттері арқылы ұрпақтан - ұрпаққа еңбек, жанұя тұрмыстық, соғыс - спорттық, демалыс - сауықтық дағдылар мен шеберліктер жетістіктері, өмірлік іс - әрекетті жалғастыру үшін беріліп отырады.

Ойынсыз адам өмірін көзге елестету өте қиын. Ойындар іс - әрекетінде, адам қоғамдық өмірден қанағаттанбаған талап - тілектерін қанағаттандырып, ләззат алып, дем алады. Ойындар адамның танымдық қарым - қатынас жасауына, пікірлесуіне шаршаған арганизімді бастапқы қалпына келтіруіне, эстетикалық талаптарына қанағаттандыруына жағдай жасады. Адаам ойынға қуаныш, ішкі мүмкіндіктерін ашу мен демалыс кезі ретінде қарайды.

Ұлттық ойындардың әлеуметтік - тәрбиелік мәні - ойындар іс - әрекетіне қатысушылардың өзіндік көркем - өнерпаздық, зеректік, ойлау, дене, шешендік қабілеттіліктерін жүзеге асыруды жеңілдету, қарым - қатынасты пікірлесуге жағдай жасау, әр адамның өзін танытуға, эстетикалық ләззат алуына, дем алуына көмектесу болып табылады. Ойындар іс - әрекеттері адамдардың бойына ойын мәдениетін қалыптастырады, өзін - өзі тәрбиелеуді мақсат етуіне көмектеседі, көпшілікке өзін танытуға итермелейді, бұған жағдай туғызады.

Ұлттық ойындар құндылығы - жеке адамның ішкі мүмкіндіктерін дамытуға алғашқы ықпал жасауында, ойындар іс -әрекеттері арқылы әртүрлі мәселелерді шешуге, көркемдік, зеректік, шешендік қабілеттерін, дене, мінез - құлық, қарым - қатынас, пікірлесу мәдениетін қалыптастыруға жағдай жасап, көмектесуінде.

Қазақтың ұлттық ойындаарын пайдалану және сақтау халық мерекелері мен сауықтарының халық демалыс әдет- ғұрыптарының салаасы ретінде қайтадан дамуына байланысты болып отыр. Халықтық демалыс әдет-ғұрыптаарына мынадай мәдени - демалыс іс - әрекеттер түрлері кіреді: халық әндері мен ойындары, мереклік кәделер мен жөн - жоралғылар, дастархан мәзірі мен айтыс ойындары, пікірлесу мен көркем, шешендік сөздер, әзіл- қалжыңдар мен сауықтар.

Ойын - сауық түрлерін меңгеру үшін, қалың көпшілікті ойынды демалыс іс - әрекеттеріне қамту үшін, олардың арасынан шыыққан белсенділерді ұлттық ойындар түрлерін ұйымдастыру жәнк өткізу әдістемелерін үйрену қажет. Бұл үшін әр мәдени - шұғылданымпаздылық мекемесінде - «ойындар жиынтығын», ойындар алаңын, ойындар достарының клубын, ұлттық спорт үйірмелерін, атты -спорт кешенінің, ойындар бағдарламасын жүргізушілер мектебін, әр түрлі тақырыпта ойындар бағдарламасын, ойындар мерекесін, ойынды демалыс кештерін ұиымдастыру қажет.

Кейбір ұлттық ойындарға қатысу үшін, адамға алдын -ала дайындытан міндетті түрде өту қажет. Алдын - ала дайындықты қажет ететін ұлттық ойындар түрлеріне:тоғызқомалақ, дойбы, қазақша күрес, жаяу жарыс, атты -спорт ойындары / бәйге, жоғарғы жарыс, аударыспақ, қыз қуу, теңге алу. Т. б. / айтыс ойындары, қыз бен бала айтыс ойыны, аңдардың айтысы, қыз бен жігіт айтысы, қайымдасу т. б. қызды ұзатқанда және үйлену тойында болатын ойын сауықтар/ «тоғыз табақ», «құйрық - бауыр», «бет ашар», «кұйеу шақыру», «той бастар», «қыз кәде»т. б. /, бір жасқа дейінгі нәрестені тәрбиелеудегі «Бесік жыры», «Саусақ санау», «Тұсау кесу»т. б. ойндық жырлар жатады.

Ұлттық ойындардың мұндай және басқа да түрлерін меңгеру үшін қазіргі таңда матиралдық, әдістемелік, кадырлық т. с. с. жағдай жасау қажеттілігі туындап отыр.

Соңғы зерттеу нәтижелері, ұлттық ойындарда әр - алуан өнердің өзара тығыз байланысы бар екенін көрсетеді. Ұлттық ойындар түрлерінде жиі кездесетін пікірлесу мен дене қимылын басқа, олардың көпшілігінде музика, би, шеешендік әртістік және ән өнері элементтері молынан кездееседі. Өнердің бұлайшаа қосылуы қараапайым қалыпта емес, халық педагогикасының құнды саласы ретінде қаралатыын ұлттық ойын мәдениетінде олар синтетикалық системасымен ерекшеленеді.

Сондықтан ұлттық ойындарды жас өспірімдердің көркем - өерпаздаар үйірмелерінде мәдени шаралаарды пайдалану, баала бойындағы бұрын белгісіз болған табиғи көркем - шығармашылық дарынын ашуға оның жан - жақты дамуына көмектеседі. Бұл процес әртүрлі ойн жаттығуларын, тапсырмаларын, кездейсоқ жағдайлардың шешімін табу кезінде жүзеге асады. Ойындаар іс - әрекеті кезінде, көркем - шығармашылық қабілетін дамытуға ынталандыру, оны өзіндік көркем - шығармашылық қабілетінің даамуына ерекше баға берген.

Бала, алғашқы өнеер туралы түсінікті, алғашқы шығармашылық шабыты, толқуды, әсерді ойын процессі кезінде алады, ол ойындар іс - әрекеті арқылы көркем дүние саларын түйсініп аңғарады, өнерде алғашқы тәжірибесін жинақтайды.

Сондықтан болар, психологтар ойындар іс - әрекетін сыртқа қажеттіліктен гөрі, баланың ішкі қажеттіліктеріне қызығушылығына, сұранысына көп байланысты болады деп түсіндіреді.

Балалардыың бос уақытын ұйымдастырушы мекемелерге, ұлттық ойындар арқылы олардың көркем- шығармашылық қабілеттерін дамытудың мынадай жолдарын ұсынамыз.

  • көркем - өнерпаздар үйірмелеріінде ұлттық ойындаарды оқушылардың процесінде кеңінен қолдану;
  • балалаар үшін жүйелі түрде арнайы тақырыптағы оқиғалы ойындар бағдарламаларын ұымдаастыру және өткізіу;
  • балалаарға арналғаан ойын - сауық шараларын ұйымдастыру пәніне өткізу / ойындар жиынтығын, ойындар апталығын, ұлттық ойындар мейрамын, ертегілеі ойын- сауық қойылымдарын. т. с. с/.

Ұлттық ойындаар атадан балаға, үлкенен кішіге асыл мұра болып жалғасып отырған, баға жетпес асыл қазынамыз. Сондықтан оны арнайы үйренудің, қазіргі ойынды - демалыыс шараларына пайдаланудың заманымызға сай ұлттық демалыс, мәдениетін қалыптастыруда пайдасы орасан зор.

«ОЙЫНДАР ЖИЫНТЫҒЫ» ІС- ӘРЕКЕТІН

ҰЙЫМДАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ.

Мәдени - шұғылданымпаздылық қызыметінің ерекше маңызды және қызықты саласының бірі - ойынды демалыс жұмыстарын ұйымдастыру болып табылады. Қазіргі және ұлттық ойындарды, адамдардың бос уақыттарын пайдалы және көңілді өткізу мақсатында пайдалануды іске асыратын жұмыс түрлерінің ішінде «ойындар жиынтығы» ерекше орын алады. Адамдардың күнделікті бос уақытында жеке, топты және көпшілікті ойындар түрлерін пайдалануға, шұғылдануға тиімді жағдай жасау мен ерекшеленетін «ойындар жиынтығы » іс - әрекеті, әр адам бойында ойынға деген дұрыс көз қарасты және ойын мәдениетінің негіздерін қалыптастыруға ықпал жасайды.

Қазіргі таңда, мәдени - шұғылданымпаздылық мекемелеркінде «ойындар жиынтығы » ұйымдастыру өте нешер жүргізіліп келеді, көптеген демалыс орындарында ол тіптен жоқ, бұл әрине, өте өкінішті жағдай болып табылады.

Демалыс орынына келген әр адам, өзінің бос уақытын өткізуге, басқа құралдарға деген сұранысымен қатар, ойындар құралдарына деген сұранысын да қанағаттандыра алатындай болуы керек. Мұндай ойындар түрлеріне деген күнделікті, сұранысты қанағаттандыру мақсатында - әр демалыс орнында ойын мәдениетінің барлық түрлері жинақталған арнаулы «ойындар жиынтығы » бөлімесі не болмаса залы болу керек.

Біздің жобамыз бойынша «ойындар жиынтығы » мынадай үш құрамдас бөлімнен тұруға тиіс: «Ұлттық ойындар»бөлімі, «Жеке» топтық және көпшілік ойындары «бөлім және» Электрондық және компьютерлік ойындар бөлімі.

« Жеке, топтық және көпшілік ойындар» бөлімі әр түрлі бағыттағы және сипаттағы қазіргі заман ойындар түрлерімен толықтырылып отырылуы керек. Бұл бөлімге төмендегідей ойындар топтары кіреді:

  • танымдық ойындар: сөзжұмбақтар / кроссворд, чайнворд, криптограмма, анаграмма, вордингвордс, ребус, пиктограмма, цифрограмма, шрифтограмма, шарада, матаграмма, либиринт, стрелкограмма, кросснаибер, чайннамбер/, викториналар, не болмаса сұрақ - жауап ойыны /өнер салалары бойынша, техника, ғылым, табиғат, экология, спорт әлемі бойынша/;
  • столға қойып ойнайтын ойындар / футбол, хоккей, баскетбол, шахмат, дойбы, тоғызқомалақ т. б. /, шытырман - ойлы ойындар/сымды, фигуралы, жіпті/, спорттық аттракцион ойындары/ теннис, бтльярд, кегли, дөңгелек лақтыру т. с. с/:
  • қабырғаға іліп қойып ойнайтын ойындар /қызықты тапсырмалы әдемі плакаттар, электровикториналар/, фокусты- ойындар, әзіл қалжыңды ойындар, жұмбақтар, ребустар, қисынды /логикалық/тапсырмалар:
  • қазіргі кездегі көпшілік, топтың ойындар, аттыракциондар мен эстофоталар, мұз және қар үстінде ойналатын ойындар, суда ойналатын ойындар, би ойындары.

«Ұлттық ойындар» бөлім мынадай екі саладан тұруы тиіс: «Қазақтың ұлттық ойындары»және «Қазақстанды мекендейтін халықтардың ұлттық ойындары».

«Қазақтың ұлттық ойындары»бөліміне кіретін ойындар түрлерін төмендегідей топтауды ұсынамыз:

а) топтық және көпшілік ойындары / жедел қимылды ойындар және жай қимылды ойындар түрлері кіреді/;

б) қазақтың нақыл сөздері мен мақал мәтелдері;

в) халық жұмбақтары;

г) жаңылтпаштар мен санамақтар;

ғ) қазақтың атты - спорт және спорт ойындары;

д) логикалық ойындар /тоғызқомалақ, дойбы, ауызша есеп ойындары/;

ж) ойын өлеңдері мен жырлары, айтыс ойындар.

Электрондық және комтьютерлік ойындар біліміне қазіргі заман техникасы мен өнеркәсібі жетістіктері саласының бірі - электрондық ойындар өнеркәсібі шығаратын, әр түрлі жастағы аудитория құрамына арналған ойындар түрлерін жинақтаймыз. Оған мынадай ойындар кіру мүмкін: «Мұхит құпиясы», «Сынақшы», «Автожарыс», «Жауабын тап», «Мерген», «Қасқыр мен қоян»т. с. с.

«Ойындар жиынтығы» бөлмесінде, ойындар қорын және жаңадан түсетін ойындарды арнайы есепке алу журналы болу керек, оған мынадай мәліметтер тіркеледі.

  1. Ойынның аты, инвентарлық нөмірі.
  2. Ойындар жиынтығына түскен уақыты.
  3. Ойын жиынтығының толық болуы / ойын тәртібі, реквизиті, ойын құралы т. с. с. /.
  4. Ойындардың саны.
  5. Ойынның құны /бағасы/.
  6. Прокатқа беру бағасы.
  7. Ескертулер.

«Ойындар жиынтығы» бөлмесінің ішкі жобасын құрған кезде, мынадай талаптарды ескеру керек:

  • қойлған ойын материалдарының көзге жақсы көрінуі;
  • ойындарды пайдалануға мүмкіндігінше ыңғайлы жағдайдың бәрі жасалуы;
  • ойындарды пайдаланужәне ойнау тәртібі жазылған ережелер, стендтер, оқуға қолайлы жарғы жақсы оындарға іліну;
  • ойын ойналатын орындар, көрермендер де тұра алатындай кең болуы;
  • ойындар туралы әдебтиеттер бар кітапханасы болуы;
  • өндірістік тазалық пен өрттен қауіпсіздендіру талаптардың қатаң сақталуы.

«Ойындар жиынтығы» бөлмесі жұмысын екіі арнада жүргізу қажет, біріншіден, ойынды - сайыс сипатында әртүрлі шаралар /ойындар бағдарламасы, ойынды демалыс кеші, ойынды - байқау кеші, тақырыпты күндер/ мақал - мәтел күні, математикалық, логикалық тапсырмалар күні, столға қойып ойнайтын аттыракциондар күні, сөз жұмбақтар күні, ойындар мейрамы, ойындар паталығы т. с. с. / ұйымдастыру, екіншіден, адамдарға күнделікті ойындар - демалыс қызыметін көрсету.

«Ойындар жиынтығы» бөлмесінің жұмысына жартылай өз шығынын өзі өтеушіліік принциптерін кіргізу қажет. Мысалы, кейбір ойынынды - демалыс шараларына ақы төлеуді кіргізу, ойынды прокатқа бергенде, ойын реаквизиттерін, құралдарын, электрондық компьютерлік ойындарды, не болмаса сөзжұмбақ, ойынды тапсырмалардың жауаптарын т. с. с. бергенде арнайы мөлшерде ақы алу қажат.

«Ойындар жиынтығы» қызыметіне ерекше ат салатын белсенді адамдардан- ынталы топ құрып, бірте - бірте оларды. «Ойындар достарының клубы» бірлестігіне ұйымдастыру қажет. «Ойындар достар клубы» мөлшері ұлттық ойындарды жинау, зерттеу, сақтау, пайдалану жұмыстарын жүргізумен және әр түрлі ойынды - демалыс- шараларын дайындаумен шұғылданады.

«Ойындар достарының клубы» әр түрлі мекемелерден / мектеп, кітапхана, бала - бақша демалыс орындары/ «ойындар жиынтығы» филиалдарын ашу, жылжымалы «ойындар жиынтығын» ұйымдастыру және ойындарды, қажетті реквизиттерді жасап шығаратын шеберхана ашу жұмыстарын жүргізеді.

ОЙЫНДАР БАҒДАРЛАМАСЫН ДАЙЫНДАУ

ЖӘНЕ ӨТКІЗУ ӘДІСТЕМЕСІ.

Демалыс ойындарында ойындар іс - әрекетін ұйымдаастыру, мәдени - шұғылданымпаздылық қызыметінің өте қызықты, тәрбиелік, сауықтық және танымдық мәні бар саласы. Көп адамдар қатысатын ойындардың бағдарламасын ұйымдасқан түрде, көңілді, тартымды жинақты болып өткізу үшін, ойындар қағидасы мен әдістемесін, қазіргі және ұлттық ойындарды білу, жинау және оларды кеңінен пайдалану қажеттілігі туындайды.

Ойындар бағдарламасы дегеніміз -күні бұрын арнайы өткізуге дайындығын жарыс, сайыс, байқау сипатындағы белсенді іс - әрекет түрі. Ойындар процессі кезінде ойынға қатысушыларға бірдей шарт қойылып, мақсатқа жету үшін бірдей құрал пайдалану және ойын тәртібін қатаң сақтау талап етіліп, нәтижелер белгіленіп, жеңімпаздар анықталып отырады.

  1. Ойындар аудиториясын, тақырыбын және өтетін орынын анықтау.

Бұл кезең, ойындар бағдарламасын қандай аудитория үшін дайындаудың қажеттілігін білуден басталады. Аудитория құрамына, жасына байланысты психологиялық ерекшеліктері, білім деңгейі, кәсібі алдын -ала анықталады. Аудитория ерекшеліктерін жете білу, оның кейбір ойын түрлеріне деген сұранысын қанағаттандыруға, жаңа ойындарды өткізу үшін ынталандыруға, ойындар іс - әрекетіне қатыстыруға алдын - ала жағдай жасауға мүмкіндіктер туғызады.

Ойындар бағдаарламасы жас ерекшеліктеріне байланысты -балаларға, жастарға, ересектерге т. бт арналады. Кейбір бағдарламалар аралас аудитория құрамына арнаулы да мүмкін, мысалы «ата - ана мен балаларға».

Бағдарлама, тақырып жағынан күнтүзбектегі мейрам - тойға, салт - дәстүрге, тарихи, мәдени оқиғалаарға байланысты болады. Сондықтан, ойындар бағдарламасы жеке шара түрінде, немесе көпшілік - көркем шараларының құрамдас бөлімі ретінде өту мүмкін.

Ойындар түрлеріне, қатысушылар құрамына байланысты, бағдарлама үлкен залда, бөлмеде, алаңда, аулада, саяжайда, өзенде, көлде. Т. б. жерлерде өткізіледі.

6. Ой, қиял

7. Балық

8. Көлеңке

9. Аспан суреті судан сәулеленіп көрінген кезде.

10. Су жанып жатқан нәрсеге ауаның өнуіне жол бермейді, аусыз жану мүмкін емес.

11. Жоқ. Екі күннің арасында түн бар.

12. Аспалы сағат

13. Терезеден сыртқа басын сұққан кезде

14. 222:2 -111

15. Аяз

4. Жаңылтпаштар.

1. Су ішінде сен екледі.

Сегіз серке тең келеді

Сақалын суға малып, сығып, сілкіп келеді.

Сақалын суға малып, сығып сілкіп, келеді.

  1. Қырық қырықтықшы қырық қойды қырықты ма?

Қырық қойды қырық қырықтықшы қырықты ма?

  1. Тіреуішке түйреген түйреуішті,

Күлтіреуішке тіреген тіреуішті

Күлдіреуішке тірегеен тірелмепті.

Түйреуішім тіреуішке түйрелмепті.

  1. Сүр сінгенді демейін

Сүрінгенде сүрінген еді демейін.

  1. Басшы асшыға:
  • «Есік ашты», - десе,

Асшы басшға:

  • «Тұздығы да ащы» - депті.

6. Шымдай шытырмыш,

Ол шытырымышты

Мен шым - шымшытырыштамай

Кім шым - шытырымыштайды?

7. Атам томағалмаған бүркітті,

Мен томағаламағанда,

Кім томағалайды?

  1. Ол алқапты олар орады,

Бұл алқапты бұлар орар,

Олар ормаса, Омар орар.

  1. Асқат

Жанып - жасқап,

Жасапты ақ сапты аспап,

Ақ сапты аспабы-

Жап - жақсы аспап.

  1. Қатат - қабат үй салдық,

Үйлер толы күй сандық

Күй сандықтан үй салдық,

Күй сандыққа күй салдық.

  1. Таң қал, таң қалма

Мал қаңқасы ма,

Аң қаңқасы ма,

Қаңқа көп бұл маңда.

  1. -Кім сызғысыз?

- Біз сызғыпсыз.

  • Сызғышсыздарға сызғышсыз сызғыз.
  1. Кісінің күші ісінде,

Іссіз кісі -

Күшісіз кісі.

  1. Туыс қуыссаң,

Ырысжанға Күрішжан

Туыс жан.

  1. Халық жұмбақтары.
  1. Қабат - қабат қаттама,

Ақылың болса аттама. (Кітап)

  1. Аттан биік,

Қойдан алааса (Ер - тоқты)

  1. Денесі жоқ, аузы бар,

Аяғы жоқ, қолы бар (Қақпан)

  1. Ти десем, тимейді,

Тиме десем, тиеді (Ерін)

  1. Аспай піскен

Қайнамай түскен (Жеміс)

  1. Қолы жоқ, сурет салады,

Тісі жоқ, тістеп алады (Аяз)

  1. Ши түбінде шұбар көздік. (Кесіртке)
  2. Өзі жүкті

Сырты түкті (Киіз үй)

  1. Бүреуге найза түйрейді,

Өзі де содан күйрейді (Ара)

  1. Өзі тоқ,

Көлеңкесі жоқ (Құдық)

11. Жалпақ бетті батыр,

Белін буып жатыр (Сыпырғыш)

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дене тәрбиесіндегі қимыл-қозғалыс ойындарының маңызы
Дене тәрбиесі сабақтарындағы қозғалыс ойындары
Дене тәрбиесі педагогикалық процесс
Спорт жаттықтыруының әдістері
Командалар капитанын таңдау
Бастауыш мектепте дене тәрбиесін оқыту әдістемесі
Футболшылардың дайындық әдістемесі
Волейболшылардың жаттығуларын ұйымдастыру
Дене мәдениеті теориясы мен әдістемеснің жалпы негідері
Дене жаттығуы кезіндегі жүктеме
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz