Сарыарқа өңіріне тән оронимдер және орографиялық терминдер


Алға қойылған мақсатқа байланысты келесі міндеттерді шешу жоспарланды:
І. І. Сарыарқа өңіріне тән оронимдер және орографиялық терминдер
Сарыарқа жеріне тән облыстардың жер аумағы, негізінен шексіз жатқан кең -байтақ, cap дала болғанымен оның таулы, ойлы - қырлы, жоталы аймақтары өте мол. Сондықтан ғылыми әдебиеттерде оны қазақтың ұсақ шоқылығы деп те атайды. Ал тұрғын халық ежелден Арқа немесе Сарыарқа атаған бұл аймақ туралы Құрбанғали Хамиди «Таурих - и Хамса - и Ширхи» (Шығыстың бес қаласының тарихы. Қазан, 1910 ж. ) атты еңбегінде былай жазды: «Алтай мен Оралға дейін созылып жатқан Арқаның ұзындығы 2500 шақырымнан артық келеді де екі салаға бөлініп, Оңтүстік Арқа, Солтүстік Арқа деп аталады. Осы аймақтағы көшіп жүрген елдің бәрі Арқа елі деген атқа ие. Осымен қатар олар өзара тау елі және ой елі деп те аталады.
Бұл өлкедегі тау аттары (оронимдер) қойылу, пайда болуы және тілдік тегі жағынан аса құнды да бағалы материал боп табылады. Өйткені ол атаулардың ішінде көне замандар мен орта ғасырлық және қазіргі дәуірге тән сөздер, лексикалық топтар бар.
Сарыарқаның шығыс және солтүстік жағындағы таулардың ең биік саналатындары - Қарқаралы, Ұлытау, Баянауыл, Көкшетау, Оқжетпес, Ереймен, Қу, Қызылтас, Қызыларай таулары. Кей жерлері ұсақ шоқылы, төбелі, қырат, қырқалы, бел - белесті келеді.
Павлодар облысында атақты Баянауыл тауының сілеміндегі ең биік саналатын Ақбеттаудың өзі 1026 м, ал оның жан - жағындағы Жасыбай, Жанбақы, Торайғыр, Жақсы Аула, Жаман Аула, Ақбел тауларының биіктігі де әр қалай. Баянауыл атауының төркінін зерттеушілердің бірі Ғ. Қоңқашбаевтың пікірі бойынша ол монғолдың баян - байын - бай және ола - may деген сөздері көрінеді.
Табиғатының сұлулығымен атағы кеңінен таралып, Арқа еліне паш болған, баурайындағы 80 көлінің, қарағайлы қалың орманының жұпар иісі аңқыған таулары кербез Көкше биіктігі 947м. Бүркітті - 238, Болытөбе - 201, Жақсы Жаңғызтау - 730, Жыланды -640, 9, Имантау - 661м. Көкше Жергілікті орыс тілінде Синуха деп те аталады. Демек, оның лексикалық мағынасы «нағыз көк, ашық көк, көкпеңбек аспан» дегенге барып саятын тәрізді. Топонимист Е. Қойшыбаевтың пікірінше, топонимдер құрамындағы көк сөзі (мысалы, Көктас, Көктұма) «аспан, аспандағы, аспанды» мағыналарында қолданылуы мүмкін, ол Көкбұлақ, Көкқия, Көксеңгір сияқты топонимдердегі көк - «таза» мағынасында қолданылады» дейді. Ал геоглогтардың байқауынша, көк компонентті тау аттары, сол тауларда мыс рудалары бар екендігін көрсетеді. Мысалы, Көксай, Көктас атты орографиялық объектілер соның айғағы. Біздің пікірімізше, Көкшетау оронимінің мағынасы, біріншіден, таудың алыстан қарағанда көкшіл тартып көрінуінен болса, екіншіден, таудың көкпен, аспанмен таласқан биіктігімен байланысты болуы керек.
Сарыарқаның оңтүстік батысындағы аласа таулы массивтің бірі - Ұлытау. Оның ең биік таулары 1100 метрге жетеді. Олардың ішінде: Абылжол - биіктігі 908, 9 м. Ақтоғай ауданы, Айғыршыққан - биіктігі - 874 м. Ақадыр ауданы, Айдаһарлы -биіктігі 1023 м. Шет ауданы, Айдарлы - биіктігі 966, 3 м. Жаңаарқа ауданы, Айыртас 963, 7 м. Приозерный ауданы, Ақдоңғал - биіктігі 957, 2 м. Ұлытау ауданы, Асқарлы - биіктігі 995, 1м. Ақадыр ауданы, Ақсораң - биіктігі 1098 м. Ақадыр ауданы, Ақсұңқар 1110, 1 м, Ақтоғай ауданы, Байелші - биіктігі 1091 м. Ақадыр ауданы, Бесшоқы - биіктігі 1109 м. Доңғал - биіктігі 1011, 2 м. Ақтоғай ауданы, Елшін - биіктігі 1067 м. Приозерный ауданы т. б.
Осындай ірілі - ұсақты таулар мен қыр, қырат, жоталар Қарқаралы таулары сілемдерінде де көптеп кездеседі. Оның ең биік саналатын тауы Жиренсақал - 1338 м, қалған жерлері тау деп аталғанымен, аласа жоталар мен төбелер. Мәселен, Ақшоқы - биіктігі 579 м. Нұра ауданы, Жыланды - биіктігі 1195 м. Нұра ауданы, Дос - 1064 м. Егіндібұлақ ауданы, Қарасоран - 1369 м. Талды ауданы, Қарғалы -1127 м. Осакаровка ауданы, Қараоба - 929 м. Нұра ауданы, Қаратоғанбай -1089 м. Талды ауданы.
Ал Ерейментау өңіріндегі ең биік саналатын Акдым тауының биіктігі 893 м. ғана. Ондағы ұсақ таулар мен жоталар легі де көп емес. Мұндағы аласа жота, дөңдер мен төбелер тау атына ие болуы жергілікті халық ұғымымен, оның ерекшелігімен тікелей байланысты.
Ерейментау ауданындағы Айғыржал - 361, 2, Айдарлы - 489, 7 м, Ақшоқы 590м, Алтынтау - 750 м. болса, Теңіз ауданындағы Айтбике - 319, Ақсай - 506, Ақтасты - 445 м, Ақтұматау - 593, 8 м, Байқуат - 513, 9, Бегалы - 578, 1, Беладыр -511, 2, Макин ауданындағы Ақмола - 257, 5.
Тау аттары (оронимдер) бір немесе екі - үш сөзден де қойылып отырған. Орталық Қазақстандағы тау аттары негізінен ана тіліміздегі сөздерден алынған. Сондықтан да олар жалпы қауымға түсінікті, мағынасы айқын. Тау атаулары құрамында жергілікті географиялық терминдердің де саны басым.
Бұл ретте орографиялық терминдердің кеңінен орын алып отырғаны анық көзге түседі.
Бұл өңір органимздеріндегі орографиялық терминдердің кейбіреулері ғана жергілікті халық тілінің өзіндік ерекшелігіне ие. Ал оның басым көпшілігі әдеби тілге тән орографиялық терминдер. Олар мыналар: қолат, қорым, құз, қуыс, қия, мүйіс, өзек, ой, ойпаң, ойпат, өлке, ор, өр, сала, сарыдала, сахара, сеңгір, доңғаю, дөң, дөңес, дала, далашық, жазық, жапан, жартас, жыра, жыраша, жырашық, заңғар, қапшығай, қапсағай, қатпар, кезең, кемер, кобы, бұлтақ. Бұдыр, даба, дабан, індер, ола, рай, толағай, хамар, хамур, аңғар, алқап, адыр, айыр, айрық, сырт, тақыр, тарам, тарау, арт, асу, байтақдала, байыр, атанақ, ая, ылди, ық, шытырман, шырым, шың, шым, шұрат, шүйгін, шұқыр, шұңқыр, шұқанақ, сораң, суағар, көтерме, құлама, құлау, қыспаң, жайылма, жар, жарық, жартас, жырық, қағыл, бүгілме, бөктер, боз, көгал, коңыр, қоңырқай, көк, қара, борбас, борбастың, борпық, mac, төмпей, төмпешік, томар, төбе, теріскей, тепсең, тебін, шапарты, айдала, алаң, алап, алатамыр, алқап, аңыз, былқылдақ, шөл, шөлейт, шоқат, шоқы, шиір, шет, шаңырақтас, шақат, шабын (ды), үстірт, үрме, үңгір, иік, түрме, тұмық, бидайық, бұтаң, арқа, тастаң, биік, ашық, may, сандықтас, сандықтау, балақтау, төс, төскей, өртең, қорған, қорық, көкорай, жайлау, отар, өріс, қожыр, бұйрат, жалаңаш т. б.
Орталық Қазақстан оронимиясында кеңінен тараған, түркі тілдерінде түрліше вариантта айтылатын тау термині көбіне биіктік мағынасын білдіреді. Ал гагауз, қырым - татар, караим, якут тілдерінде және түрік тілінің диалектісінде сол may сөзі «орман» мағынасында да қолданылады. Оның кейбір түркі тілдерінде «солтүстік» деген мағынаға ие екенін академик A. H. Кононов ашып берді.
Қазақ орографиялық терминологиясында таудың түр - түрін көрсететін арнайы атау - терминдер бар: алатау, қаратау, қотыртау, мыстау, өркештау, сандықтау, балақтау, асқартау, құзтау. Бұндай көрініс қазақ орография терминологиясы жүйесінің бай және күрделі екенін дәлелдей түседі.
Қазақтар «Алатау» деп басында мәңгі мұз бен қар жататын, алыстан ала болып көрінетін биік тауды атайды. Қаратау болса ол, Алатаудан аласа келеді, қары жоқ, тасты, алыстан қара түсті көрінетін «құрғақ» таулар. Алатау және Қаратау терминдерінің типологиялық мәні бары байқалады. Бұл терминдер бір ғана жеке тауды атамай, таулардың типологиялық бір түрін атау үшін қолданылады.
Орталық Қазақстан оронимиясында «Қаратау» атты оронимдер көп болғанымен, «Алатау» атты оронимдер кездеспейді, себебі Жоңғар Алатауындай, Іле Алатауындай, Күнгей, Теріскей Алатауларындай биік, қарлы таулар Орталық Қазақстан орографиялық жүйесінде жоқ. Тау және тауға байланысты орографиялық терминдер Орталық Қазақстан топонимдері құрамындағы мына төмендегі оронимдер де кездеседі: Ақбастау - Шыңғыстау тауларының солтүстік - батысында, Шығыс Қазақстан облысы; Ақшатау - Шыңғыстаудың оңтүстік - шығысында, Шығыс Қазақстан облысы; Белтеректау - Қалба тауларының солтүстік - батысында; Жамантау - Кент тауларында және Жетіқоңыр құмдарының солтүстік - шығысында; Жаман Айыртау - Қазақұсақ шоқылығының батысында; Жақсы Жаңғызтау - Көкшетау биіктігінің оңтүстік
- шығысында, Көкшетау облысы; Жақсы Сарытау -Қызылтау тауларының солтүстік - батысында, Павлодар облысы, Жалпақтау -Бала тауларының солтүстігінде, Қарағанды облысы; Жауыртау- Шыңғыстау сілемінің батысында, Шығыс Қазақстан облысы; Жантау- Қызылтас тауларының шығысында, Қарағанды облысы; Жаңғыстау- Ақтерек тауларының оңтүстік - шығысында, Шығыс Қазақстан облысы; Жетімтау- Тасбұлақ тауларында, Қарағанды облысы, Желтау, атты үш тау бар: Қызылтау тауларының оңтүстік - батысында және Баянауыл тауларының солтүстік - батысында, Павлодар облысы; Қызылтас тауының оңтүстік - шығыс маңында, Қарағанды облысы; Желдітау -Шұнақ тауларының солтүстік - батысындағы тау, Қарағанды облысы; Жұқатау -Сілем, Қырат, Ұлытау тауларының шығысында, Қарағанды облысы; Жылантау- Ұлытау тауларында, Қарағанды облысы; Имантау -Көкшетау биіктігінің солтүстік - батысында; Қожатау -Көне тауларының солтүстік - батысында, Қарағанды облысы; Қасқатау -Теңіз - Қорғалжын ойпатының оңтүстігінде, Ақмола облысы т. б. Орталық Қазақстан оронимдерінің бір тобыадырсөзімен байланысты келеді, Қазақстанның көптеген аймақтарындаадырдеп онша биік емес, бөлектеніп келетін тасты қыраттарды немесе аласа тасты тау, шоқыларды атайды. Ғ. Қ. Қоңқашбаевтың байқауынша, адыртерминінің мағынасы Қазақстан территориясының аумағында өзгеріп тұрады. Қазақстанның оңтүстігінде«адырдеп биік тау сілемдерінің етегіндегі қырқаларды, ойлы - қырлы жерлерді» атайды.
Адыр басқа да көптеген түркі тілдердің құрамында бар. Түркі тілдес регионда адырдың географиялық мән - мағынасы қалай өзгеріп отыратынын, сонымен қатар адырдың айыр сөзімен этимологиялық гомогендік байланысы барын, көне түркі тілінде - «айыр», «аша» екендігін Э. М. Мурзаев дәл көрсеткен.
Орыс тіліндегі географиялық еңбектерінде, атап айтқанда, географиялық терминдердің энциклопедиялық сөздігінде адыр жөнінде: «адыр Тянь - Шань сілемдерін (Фергана мен Жетісуда) айнала безеп тұрған төбелі, жыра - сайлары бар, тау қырқалы. Адырларға жапсарлас орналасқан жазықтардың биіктігі 100 -400м.
Орталық Қазақстан оронимиясында адыр термині арқылы жасалған екі компонентті атаулардан мысал ретінде келтірейік: Қандыадыр - тау, Нияз тауларының солтүстік - шығысында, Қарағанды облысы; Қаптаадыр - таулар, Арғанаты тауларының солтүстігінде, Қараадыр - тау аттары, Ұлытау тауларында Арғанаты тауларының оңтүстік - шығысында, Қарағанды облысы; Баянауыл тауларының солтүстік - батысында, Павлодар облысы. Құрамында адыр термині бар кейбір оронимдердің бірінші компоненті сын есім болып келетіндер: Жаманадыр - тау, Қазақұсақ шоқылығының батыс маңында; Жаманадыр - тау, Ерейментаудың шығысында; Жуанадыр - тау, Желдіадыр биіктігінде, Ақмола облысы; Желдіадыр - биіктік, Арғанаты тауларының шығысында, Қарағанды және Ақмола облысы; Жаладыр - Желдіадыр тауларында, Ақмола облысы, Бақалыадыр - тау, Арғанаты тауларының солтүстік - шығысында, Қостанай облысы т. б.
Қарағанды облысындағы ауданның және аудан орталығының аты - Ақадыр. Адыр орографиялық термині оронимдердің пайда болуына негіз болмай, топонимияның басқа салаларына да ауысып отырады.
Түркі - монғол топонимиясында кеңінен таралған сай орографиялық апеллятивті Орталық Қазақстан оронимиясында да өзінің орнын тапқан. Мысалы, Ақсай атты көптеген микрооронимдер Орталық Қазақстанның барлық аймақтарында ұшырасады.
Көне түркі тілінде saj - «ойпаңдау шатқалдағы тасты жер» saj jazi - «жазықтар», «тастақтау, жазық», - saj ran «таяз су».
Түркия, Азербайжан, Түркменияда сай - чай фонетикалық вариантында кездеседі. Бұл региондарда терминнің фонетикалық тұлғасы өзгеруімен бірге семантикасы да өзгереді. Түрік және азербайжан тілдерінде чай - «өзен», Түркмен тілінде чай - «шатқалдағы өзен», «шатқал, терең сай», «құрғақ арна», «жыра, ор» кейде «құдық» мағынасында да кездеседі. Түркі сібір тілдерінде сай // зай // чай - «өзен - су» атауларымен байланысты. Сай // зай // чай - шай терминді топонимдер көп жерлерде тараған (Қазақстан, Қырғыстан, Өзбекстан, Азербайжан, Алтай, Армения, Грузия, Дағыстан, Чечено - Ингуштения, Тува, Якутия, РСФСР (Чита облысы), Түркия, Иран, Ауғанстан, Синьцзян, Монғолия) .
Орталық Қазақстанда сай терминіне байланысты төмендегідей оронимдер кездеседі. Көлсай - тау, биіктігі 6 м., Кентексай - сай, Ұлытау тауларында; Аңтайлақсай - жылға, Бұлансай - тау, биіктігі 287, 4 м. Ұлытау ауданы, Сарысай - тау, биіктігі 240, 2 м. Ұлытау ауданы, Бұлақсай - тау, биіктігі 122, 1, Ақкиіксай - жылға, Еспесай - сай, Ебелектісай - жыра, Қарағандысай - жыра, Теріскендісай - жыра, Тымырзасай - сай, Сарысай - тау, Жырабұлақсай - тау, Жезді ауданы, Шималсай - төбе, Қарағанды ауданы, Қарағанды облысы.
Қазақ орографиялық терминологиясында кездесетін қыр термині басқа да көптеген тілдердің қорында бар. Э. М. Мурзаев қыр апеллятивінің негізгі мағынасы және фонетикалық тұлғасымен түркі - монғол, фин - угор, үнді - европа тілдерінде сақталып, олардың орографиялық терминологиясында өз қызметін атқаратынын атап көрсетті.
Қыр көптеген тілдер топонимдерінің құрамында орасан зор аймаққа - Солтүстік Мұзды мұхиттан Жерорта теңізіне дейінгі аралыққа тараған.
Е. Қойшыбаевтың пікірінше түркі - монғол географиялық атауларында қыр сөзінің дублиттік формалары қыз, ғыз, ғыс, қыс, ғыр, гор, гуз, киз, хыз, хир, хира түрлерінде кездеседі. Қыр, қыз сөздеріндегі р//з дыбыстарының алмасуы түркі тілдеріндегі белгілі фонетикалық заңдылыққа (дротацизмге) жатады. Қыр орографиялық апеллятивті Орталық Қазақстан территориясындағы кейбір оронимдердің пайда болуына негіз болды. Осыған сай біз қазақ орографиялық терминологиясының кейбір негізгі (родовой) терминдердің мағынасы және Орталық Қазақстан оронимиясының құрамындағы көрінісі жайында әңгіме еттік.
Ал қазақ орографиялық терминологиясының қоры бастапқы кезде түрлі лексикалық мағынасы бар сөздерден жасалған. Қазақ орографиялық терминология жүйесі ұзақ уақыт түрлі тілдерден ауысқан сөздерден де құралып, дамып, қалыптасып келген.
Қазақ орографиялық терминологиясының осындай байланыстарын анықтау, осы географиялық апеллятивтік лексикалық тобының семантикалық ерекшеліктерін айқындау болып табылады. Аталмыш лексика - семантикалық ерекшеліктер халықтың ұлттық өмірінің шаруашылық, этнографиялық ерекшеліктерінен туындайды. Қазақ георафиялық номенклатурасының бір тобы анатомилық лексикаға байланысты болуы топонимиялық заңдылықтардың айқын көрінісі.
Н. Толстойдың байқауынша географиялық терминология лексикалық және мағыналық аспектілерге, басқа да терминологияның салаларымен адам және жан - жануар дене мүшелерінің атауларымен ыдыс, тоқу құралдары, үй, ауа-райы т. б. аттарымен байланысты болады.
Қазақ орография терминологиясында адам және жануар дене мүшелеріне қатысы бар сөздердің саны 20 - дан асады: Айдарлы, арқа, ауыз, аяқ, бел, белес, белең, белеуіт, беткей, бет, бұғаз, ернеу, жамбас, жон, жота, иық, қабақ, қарабуыр, қойын, қойтас, қолтық, ми, мойын, мұрын, тамақ, сауыр, төскей тұмсық т. б.
Орталық Қазақстан оронимиясында анатомиялық лексика сөздерінен жасалаған оронимдер саны біраз. Жоғарыда көрсетілген сөздер түгелімен Орталық Қазақстан оронимдері құрамында бар десек те болады.
Жануарлардың және адам дене мүшелерінің аттары топонимдерге ертеден заңды түрде ауысатынын және арқа сөзінің (арқа, арх, архаа формаларында) өзге түрлі түркі - монғол тілдерінде кездесетінін ескерсек, Арқа, Сарыарқа топонимдері түркі-монғол тіл бірлестігі заманында пайда болу мүмкін деп болжаймыз.
Орталық Қазақстан оронимдерінің құрамында анатомиялық сөздер көп екенін төмендегі мысалдар растайды:
Жақсы Қаражалтау -
Қызылтас тауларының солтүстік - шығысында,
Жіңішкежал
- тау, Желдіадыр биіктігінің батысында,
Ақжал -
тау, Қарағанды облысы;
Айғыржал -
тау, Арғанаты тауларының солтүстік - батысында, Торғай облысы;
Қаратұмсық -
тау, биіктігі 609, 3 м. Жаңаарқа ауданы,
Құсмұрын
- дөңес, Жезді ауданы,
Маймұрын
- тау, Жаңаарқа ауданы, Қарағанды облысы;
Арықтыжон -
таулар, Теңіз - Қорғалжын ойпатының солтүстік - батысында, Ақмола облысы,
Ақбел -
тау, Қызылтаудың батысында, Павлодар облысы;
Итауыз -
тау, Ұлытау тауларының шығысында, Қарағанды облысы;
Итарқа
- таулар, Қызылтау тауларының солтүстігінде, Павлодар облысы,
Жонды -
тау, Қызылтас тауының солтүстік - батысында, Қарағанды облысы;
Кішілі Арқалы -
тау, Арқалы тауларында, Шығыс Қазақстан облысы;
Қызауызтау -
Ұлытау тауларының солтүстік - шығысында, Қарағанды облысы, Қазақ орографиялық терминологиясы үй құрылысына, үй мүлкіне қатысты сөздерден де жасалған. Әрине, мұндай орографиялық терминдер ұқсату, теңеу ретінде пайда болған. Мысалы,
қақпа
- 1) дарбаза, 2) шатқалдың, терең сайдың кірер ауызы;
Керегетас -
оқшау біткен екі жалпақ биік, тік тас;
қақпа
- 1) есік, 2) терең сай, екі биіктіктің ортасындағы өткел;
арқалық
1) есіктің табалдырығы, екі жағы, 2) көң, жалпақ ой жерге тік түсетін шоқы немесе биіктік;
есік -
1) есік, 2) терең тау сайы, түбінде әдетте су (өзен) ағады;
қора-
1) мал қамайтын тас, қыш, қамыс, шыннан жасалатын құрылыс, 2) қүз беткейлерімен қоршалған таулы өзен алқабы;
үйдене
- 1) есік, 2) жартастың етегінде өзен ағатын терең құз, сай;
үкек
- 1) үзынша келетін қобдиша, 2) үсті жалпақ болып келетін сандыққа ұқсас тау немесе биіктік;
емен -
1) ер, 2) бел, асу;
өңір
- 1) көйлектің, киімнің етегі, 2) сілемнің немесе үлкен өзеннің қасындағы аймақты жер;
етек
- 1) етек, 2) тау
бөктеріндегі жазық;
балақтау -
1) балақ, 2) тау басталатын биіктік;
сандықтау,
сандықтас -
1) сандық, 2) жеке түрған үсті жалпақ тау;
кебежетас -
1) кебеже, 2) бөлек тұрған кебежеге ұқсас тау, биіктік;
шаңырақтас-
1) шаңырақ, 2) төбесі домалақ, томпақ келетін тау.
Құрамында үй, мүлкіне, киім - кешекке қатысты сөздері бар оронимдер Орталық Қазақстан территориясында да кездеседі. Мысалы, Қалмақкемел - таулар, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облысы; Арқалық - тау, Шыңғыстау қыратының солтүстік - шығысында, Шығыс Қазақстан облысы; Арқалық -таулар, Қу тауларының оңтүстік - шығысында, Қарағанды облысы; Қотанемел - Сарыарқадағы тау т. б.
Сандық, кебеже, кереге, шаңырақ т. б. сөздермен орографиялық объектілерге ат қою (номинациялық) қазақ орография терминологиясының ұлттық ерекшеліктерін көрсетеді. Мұндай этнографиялық реалий басқа, мысалы, славян халықтарында жоқ болғандықтан, басқа ұлттық орографиялық терминология құрамында бұл тәрізді сөздер кездеспейді. Осындай типологиялық айырмашылықты және ұқсастықты түрлі орографиялық терминология жүйелері арасында байқасақ, ұлттық орографиялық терминологиясының өзіне тән ерекшелігі айқындала түсері анық.
Кейбір орографиялық объектілерінің аттары геометриялық ұғымдардың негізінде қойылған. Мысалы, қайқы, ирек, домбақ (томпақ) т. б. Географиялық ұғымдардың негізінде пайда болған орографиялық жалпы есімдер оронимиялық жалқы есімге ауысады.
Қазақ орографиялық терминологиясының құрамында этнографиялық ұғымдармен байланысты терминдер де бар. Соның бірі - төр. Төр сөзінің ауыспалы орографиялық мағынасы - «тау асуының ең жоғарғы бөлігі, биік таудағы жоғарғы жайлау». Ал шөр сөзінің бастапқы лексикалы мағынасы -«есіктің қарсысындағы сыйлы жер». Осындай мағынамен төр сөзі көне түркі тілінде белгілі болған. Төр сөзінің орографиялық мағынасы бертінгі заманда пайда болған сияқты. Соған дәлел ретінде мынандай мысал келтіруге болады. В. В. Радлов сөздігінде төр көптеген түркі тілдерінде тек қана «передний угол», «почетное место» деген мағыналары берілген де оның «таудың бас жағындағы, биіктегі жайлау» деген мағынасы кездеспейді. Басқа ұлттардың (мысалы, славяндардың) халықтық географиялық терминологиясында осындай мағыналармен байланысты терминдер жоқ. Қазақ және де басқа түркі тілдерінде күнгей, теріскей сияқты терминдердің болуын мал шаруашылығымен байланыстыруға әбден болады. Өйткені теріскейде қар жататын болса, күнгейде көктемде (немесе қыстың өзінде де) мал бағуға болады.
Түс атауларымен байланысты қазақ орографиялық терминологиясында бірнеше терминдер бар: қоңыр, қара, көк, көгал, боз. Қоңыр деп Орталық Қазақстанда үстінде өсімдігі бар құм төбелерді айтады. Қоңырлар қыста малға жақсы жайылым бола алады.
Ғ. Қоңқашбаевтың пікірінше, қара географиялық термин ретінде қазір жеке қолданылмайды. Бірақ та топонимдердің құрамында өзінің байырғы орографиялық тау, төбе мағынасында жиі ұшырасады: Үшқара, Берікқара, Иманқара т. б.
Ғ. Қоңқашбаев көк терминінің екі мағынада қолданылатынын көрсетті:
1) зеленое пастбище в начале весны; 2) пониженная местность с зеленой луговой растительностью. Екінші мағынада көгал сөзі де қолданылады. Боз термині жайлы Ғ. Қоңқашбаев былай деп жазды: . . . боз ақшыл, шаңқан ашық түс - көделі жер, шөптің бір түрі. Боз ұғымы шалғын немесе сортаңды жерге қарама - қарсы. Жылқы жаңбырда бозды жақсы жейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz