Адам іс-әрекетінің философиялық, психологиялық және педагогикалық негіздері



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2.5

І тарау

Адам іс.әрекетінің философиялық, психологиялық және педагогикалық негіздері
1.1. Адам дамуындағы іс.әрекеттің атқаратын қызметі ... ... ..6.13
1.2. Оқу іс.әрекеттері және олардың шығармашылық жұмыстармен байланысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14.20

ІІ тарау

Бастауыш сыныпта технология сабақтарында машинатану элементтерін оқыту әдістемесі.
2.1. Технология сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының бойында шығармашылық пен кәсіпкерлікке баулу мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20.30
2.2. Педагогикалық эксперимент және оның нәтижелері ... ... ... ... ... ... ... ... 31.43

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...44.46

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .47.48
Кіріспе

Ғылыми техникалық прогрестің даму нәтижесінде, қазіргі заманның мамандықтары күрделене түсуде, еңбек сатысы қиындап көп өзгерістерге ұшырады. Кәсіпке үйрету, кәсіпке дайындау істері мамандарды шығармашыл әдістерге көшегу мәжбүрлейді. Қазіргі кәсіби мамандар барлық ақыл-ой мен қайрат, күш-жігерін жұмылдырып, қалыптасқан күрделі жағдайдан шапшаң бағдар тауып, туындаған мәселенің дұрыс шешімін шығармашылдықпен шеше білуге тиісті.
Бүгінгі күні бір ғана кәсіби мамандықты игерудің жеткіліксіз екендігі – дәлелсіз қабылданатын ақиқатқа айналғаны ешқандай дау тудырмайтыны сөзсіз. «Жігітке – жеті өнер де аз», - деп дана халқымыз тегін айтпаса керек.
Білгір, шебер, шығармашыл мамандар даярлау мәселесі, адамдардың жеке басының қабілеттілігін жетілдіріп, оның еңбек іскерліктері мен дағдыларын қалыптасатырумен тығыз байланысты. Адамның шығармашыл қабілеті іс-әрекет үстінде дамиды, әрі еңбек ету іскерліктері, дағдылары қалыптасу нәтижесінде жетіле түседі.
Еліміздің экономикасының өрлеуі, ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір адамда сапалы және тиянақты білім мен іскерліктің болуын, жастардың белсенді шығармашылықпен жұмыс істеуін және кеңінен ойлау білуге қабілеттілігін талап етеді. Сондықтан да оқытудың, білім берудің негізгі мақсаты – арнайы педагогикалық әдіс жүйелерімен оқушылардың интеллектік шығармашылық іс-әрекеттерін ұштау, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін қалыптастыру, өздігінен білім алуға үйрету болып табылады.
Мектеп оқушылары шәкірттерді білім жетілдіруге, жаңа білімді игеру әдіс-тәсілдеріне қанықтыруға алған білімдерін кейбір теориялық практикалық мәселелердің дұрыс шешімдерін таба білуге машықтандыруға үздіксіз назар аударуы қажет деп санаймыз.
Ендігі жерде білім беру жүйесі – ғылымда, техникада, өндірісте, экономикада, кәсіпкерлікте, бизнес саласында, басқаруда, батыл, жаңашыл, шығармашыл, қабілетті тұлғалар дайындауға, олардың ғылыми-танымдық бағыттағы іс-әрекеттерін өткірлеп, қоғам дамуына лайықты азаматтар тәрбиелеуге тиісті. А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн, Н.А.Менчикова және қазақ зиялылары: Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, М.Дулатов және т.б. өздерінің зерттеулерінде оқушылардың білім алудағы берілген материалды ой елегінен өткізуге бағытталған мақсаттарын олардың танымдық іс-әрекеттерімен байланыстырады [1,2,3,4,8] [5,6,7].
Оқыту процесінде оқу мәселелерін (проблемаларын) ғылыми жолдың «ізімен» шешудің үлкен үйретушілік, тәрбиелік мәні бар, өйткені белгілі жағдаяттарға құрылған оқу мәселелерін шешу арқылы оқушылар білімдерін толықтырады, мәселеге тереңірек үңіліп оның мәнісіне, қыр-сырына қанығып, бірден-бір дұрыс шешім қабылдау тәсілдерін игереді, сонымен қабат шығармашылдық қабілеттерін дамытады, ой түюге, тиянақтылыққа, тереңділікке, жүйелілікке, жалпылылыққа, нақтыдан дерексіздікке өтуді үйренеді. Біздің елімізде 300-ден аса мамандық түрлері бар, соның 80 %-і экономика өзегі болып табылатын өндіріс пен ауылшаруашылығы мамандықтары болып табылады. Ғылым негіздерін жетік меңгермеген дүние мамандар бәсекеге түсе алатын өнім өндіруде шалағайлық танытады, ғылым мен техника, өндіріс, экономика дамуы кенжелейді, өркениет көшіне ілесіп, басқа елдермен теңбе-тең аяқ басу қиындай түседі [9].
Дүниежүзіндегі алдыңғы қатарлы дамыған бәсекеге қабілетті елдер қатарына қосылу үшін өмірдің барлық саласында, белсенді шығармашылық іс-әрекетке қабілетті еркін, жан-жақты жетілген, кәсіпкерліктің қыр-сырын терең меңгерген шығармашыл тұлғалар қажет. Бұл тұлғалар бойында өжеттік, өткірлік, тапқырлық, алғырлық, ұшқырлық, шығармашылыққа құштарлық сияқты адами басты міндеті деп түсінгеніміз жөн.
«Оқусыз халық қанша бай болса да, біраз жылдардан кейін оның байлығы өнерлі халықтардың қолына көшпекші» деген ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың көрегендік, даналық нақылы бүгінгі күнгі еліміздегі ұлы өзгерістер ісінде өзектілігін жойған жоқ деп есептейміз [11].
Оқушыға шығармашылық бағыт-бағдар беруді ең алғаш білім мазмұнына ендірген қазақтың зиялы қауымының көрнекті өкілдерінің бірі - М.Жұмабаев болды. «Ойлау жанның өте бір қиын терең ісі» - деп атап көрсетіп, мұғалімдердің, шәкірттерінің ойлап үйренуіне көп күш-жігер жұмсау керектігін ескертті [5].
Белгілі ғалым Ю.К.Бабанскийдің пікірінше кез келген еңбектің шығармашылық сипаты бар, өйткені, ғылыми техникалық прогрестің барысында еңбек мазмұны үнемі өзгеріп отырады. Мысалы, машиналарды, технологиялық процестерді, техниканы оқып үйрену, оларды белгіленген мақсатқа орай орналастыру, жөндеу, түрлі операцияларды орындау және оларды жетілдіру тек шығармашылық іс-әрекеттер жәрдемімен жүзеге асырылады [14].
Шығармашылық еңбек - шығармашылық процестің өзімен және оның ішкі мазмұнының мән-мағынасымен астарлас, өзектес болып келеді.
Шығармашылық іс-әрекеттер қатарына кәсіпкерлікті, өнертапқыштықты, ғылымды, өнердің өзін және басқаларды жатқызуға болады. Шығармашылық жұмыстар және оның құраушыларының бәрінің түп-төркіні адамдардың, жеке тұлғаның мақсаткерлі іс-әрекеттері.
Өзінің іс-әректтерінің арқасында: адам заттық дүниені игереді, оның даму заңдылықтарын түсінеді;
Қоғамдық өмірдің, табиғаттың барлық құндылықтарына, өткендердің тәжірибесіне қанығады;
Осымен бір мезгілде ол заттық дүниені «құруды», жалғастырады, табиғатты өзгертеді, қоғамдық өмірді байытады;
Осындай күрделі түсіндіруші іс-әрекетінің арқасында адам өзін-өзі таниды;
Іс-әрекеті арқылы адам субъект ретінде, өзінің әлеуметтік болмысының көрінісін байқатушы ретінде жасампаздық тудырушы қайраткер ретінде көрінеді [10].
Іс-әрекеттің жалпы теориясын талдай отырып және оған сүйеніп, іс-әрекеті оқу процесінің негізі деген қорытынды жасаудың қателікке жатпайтынына көзіміз жетті. Оқу іс-әрекеті арқылы адамзаттың бұрынғы іс-тәжірибелері ұрпақтан-ұрпаққа беріледі.
Сонымен кәсіпкерлік шығармашылық іс-әрекеттің бір түрі, ол шығармашылдық іс-әрекеттердің адамдарға пайдалы болуы, сол адамның қабілеттілігіне тікелей байланысты деп санаймыз. Қабілеттілік – күрделі мәселе, оның сипаты, заңдылықтары, түрлері, жетілуі адамдардың іс-ірекетімен, мақсат-мұратымен тікелей байланысты. «Әр адам өз ісінің жетік шебері және маманы болуы үшін, сол іске немесе кәсіпке құмарлығы мен бейімділігі болады. Адамдардың мұндай дара ерекшелігі, белгілі бір іс-әрекетке жарамдылығы оның қабілеттілігін көрсетеді. Қабілетсіз адам болмайды, адам іс-әрекет інеғұрлым белсенді болса, оның қабілеттілігі де соғұрлым шыңдала түседі. Іс-әрекетсіз, белсенділіксіз, еңбексіз адам қабілетінің жетілуі мүмкін. Емес, тарихта өшпес із қалдырған адамдардың өзін даналық, ұлылық шыңына көтерген еңбек екені белгілі. Олар өздерінің шабытын ерен еңбекпен, үздіксіз төзімділікпен шақырып отырған» - деп түйіндейді белгілі профессор Құдайқұлов М.А. [15].
Жоғарыда келтірілген оқымыстылар мен ғылымдар пікіріне сүйеніп, еліміздің даму келешегін және қоғамдағы саяси әлеуметтік, экономикалық ахуалды, еліміздегі дайындалып жатқан мамандардың кәсіби сапасын ескере отырып, бүгінгі күннің биік талабымен үндес біз таңдаған «Бастауыш сыныпта технология сабақтарында машинатану элементтерін оқыту әдістемесі» атты диплом жұмысының тақырыбы білім сапасы жөнінде қоғамдағы қалыптасып келе жатқан алдыңғы қатарлы озық пікір-көзқарастарымен толық үйлеседі. Тақырыптың өзектілігіне деген күмән, күдіктерді сейілтеді деген сенімдеміз.
Өйткені бүгінгі күні оқыту процесінде оқытудың жаңа технологиялық әдістер жүйесі қалыптасты. Бұл әдістерде ғылыми таным амалдары арқылы оқушылардың пәнге, ғылым негіздеріне қызығушылығын арттыру, оларды ғылыми шығармашылық жұмыстарға икемдеу, жалпы болашақ кәсіптерге, кәсіпкерлікке ынта-ықыласын аудару, өмірдегі оң өзгерістерді түсінуге құлшынысын ояту бастауыш мектептен қалыптастыру міндет деп саналады.
Зерттеу нысанасы – бастауыш сыныптарда технология сабақтарында оқушыларға шығармашылық және кәсіпкерлік жұмыстарының қарапайым түрлерін оқыту процесі.
Зерттеу пәні – Технология сабақтарында оқушылардың шығармашылық және кәсіпкерлік жұмыстарының қарапайым түрлері жөніндегі білім, іскерлік және дағдыларын қалыптастырудың әдіс-тәсілдері.
Зерттеу мақсаты – бұйым жасаудың - бұйым жасаудың әдіс тәсілдерді үйрету, осы бұйымды тиімді тәсілдермен құрастыру, оны әрлеу, безендіру әдістерімен таныстыру, кеткен шығынды, түсетін пайдалы есептеудің экономикалық әдістерін меңгерту, өз жұмысын бағалауға, бұйым сапасын, беріктігін анықтай білуге машықтандыру сияқты жұмыстардың тиімді амал-айла, әдістемелерін табу.
Зерттеу міндеттері:
1) Бұйым жасалатын ағаш, металл сияқты тағы басқа шикізаттардың қасиеттері, сапасы жөнінде арнайы әдебиеттердіоқып-үйрену;
2) Оқушыларды орындалатын жұмыстардың байыбына түсініп, атқарылатын істерді ой сүзгісінен өткізуді үйрету;
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Леонтьев А.Н. Деятельность. Сознание. Личность. М., 1975 с. 238
2. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии.- М., 1946
3. Менчинская Н.А. Психологические вопросы анализа развивающего эффекта обученя // Вопросы организации и методов исследования знаний, умений и навыков учащихся: С. Науч. Тр.- 1973- 130 с.
4. Жұмабаев М. Педагогика – Алматы 1977 – 277 бет
5. Аймауытов Ж. Педагогика - Алматы 1977 – 277 бет
6. Дулатов М . Педагогика – Алматы 1977 – 277 бет
7. Менчинская Н. А. Проблемы учения и умственного развития школьника. – М; 1989
8. Педагогикалық және жас ерекшелік психологиясы ред. Басқарған Петровский А.В. Алматы: - Мектеп 1988
9. Щукина Г. И. Роль деятельности в учебном процессе: Кн. Для учителя. – М. : просвешение, 1986 – 144 с
10. Гальперин П.Я Введение в психологию – М., 1976
11. Человек: Психология: Кн. Для учащихся старших классов. – М.: Просвешение, 1980 – 224 с.
12. Педагогика : Учебное пособие для студентов педагогических институтов. Под ред. Ю.К. Бабанского. – М.: Просвещение, 1983. – 608 с
13. Құдайқұлов М. Ә. Қабілеттілік, дағды, шеберлік Алматы: Қазаұстан, 1986
14. Платонов К.К. Проблемы способностей . – М., 1972
15. Гнедина Т.Е. Физика и творчество в твоей профессийи М.: Просвещение Кн. Для учащихся ст. Классов. – М.: Просвещение, 1988- 159с
16. Методика трудового обучения и общетехнических дисциплин. – М.: просвещение, 1982
17. Методика трудового обучения под ред. Тхоржевского Д.А. М.: просвещение, 1981
18. Қосанов Б.М. 2 – сынып математика курсындағы шығармашылық жаттығулар және оларды орындау әдістемесі. Алматы, 2002
19. Горемыкин В.А. богомолов А.Ю.
Бизнес план: методиеа разработки , 25 реальных образцов бизнес плана. – м.: Ось 89 2000 – 576 с
20. Организация производства на предприятии.
Учебник для технических и экономических специальностей вузов
Под ред. О.Г. Туровца и Б.Ю. Сербиковского Ростов на Дону издательский центр « МарТ » 2002
21. Зайцев Н.А.
Экономика организация и управление предприятием: Учебное пособие. – м: ИНФРА – М, 2004-491 с
22. Усова А.В. Бобров А.А.
Формирование учебных умений и навыков учащихся на уроках физики – М.: Просвещение 1988
23. Сыздықов О. Оразбаев Б. Нысанбаев Ғ.
Конструкцмялық матнрмалдар технологиясы Алматы: республикалық баспа кабинеті 1993 290 бет
24. Борисов И.Б. Обработка дерева. « Феникс » Ростов на Дону 2000
25. Технология учебник для 5 – го класса общеобразовательных учреждений ( Вариант для мальчиков ) под ред. В.Д. Симоненко Москва : просвещение 2000
26. Технология трудовое обучение. Учебник для учащихся 6 класса ( вариант для мальчиков ) общеобразовательной школы Под ред. В.Д. Симоненко. Москва. Издательский центр « Вентана – Граф » 1998
27. Самородский В.Д. Симоненко, А.Т. Тищенко Технология учебник для учащихся 7 класса общеобразовательных учреждений ( вариант для мальчиков) Москва. Издаиельский цнтр « Вентана – Граф » 2000
28. Остеміров К. Адамқұлов Н., Асанова С. Және басқалар – 58- Технология. Жалпы білім беретін мектептің 6 сыныбына арналған оқулық Алматы « Атамұра » 2002
29. Өстеміров К, Адамқұлов , Шмекеева Г, Әлмағанбетова Д. Технология сыныбына арналған оқулық. Алматы: мектеп баспасы, 2004 -0276 бет
30. момынбаев Б, Адамқұлов Н т.б.
Технологтя: Жалпы білім беретін мектептің – сыныбына арналған оқулық. Алматы: « мектеп » баспасы, Москва: просвещение 1980
31. Қарапаев С.
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін тәрбиелеу маңызы
// Бастауыш мектеп - № 1 – 2006
32. Оразов Т. Оқушыларды « Слесарьлық ісі » кәсібіне баулу.
// Мектептегі технология № 1 20006
33. Бопишев Б. Оқушыларды шығармашылық жоба арқылы өнерге қалай әкелуге болады?
// Мектептегі технология № 1 2006

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 46 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2-5

І тарау

Адам іс-әрекетінің философиялық, психологиялық және педагогикалық
негіздері
1. Адам дамуындағы іс-әрекеттің атқаратын қызметі ... ... ..6-13
2. Оқу іс-әрекеттері және олардың шығармашылық жұмыстармен
байланысы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...14-20

ІІ тарау

Бастауыш сыныпта технология сабақтарында машинатану элементтерін оқыту
әдістемесі.
2.1. Технология сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының бойында
шығармашылық пен кәсіпкерлікке баулу
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .20-30
2.2. Педагогикалық эксперимент және оның
нәтижелері ... ... ... ... ... ... . ... ...31-43

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .44-46

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
7-48

Кіріспе

Ғылыми техникалық прогрестің даму нәтижесінде, қазіргі заманның
мамандықтары күрделене түсуде, еңбек сатысы қиындап көп өзгерістерге
ұшырады. Кәсіпке үйрету, кәсіпке дайындау істері мамандарды шығармашыл
әдістерге көшегу мәжбүрлейді. Қазіргі кәсіби мамандар барлық ақыл-ой мен
қайрат, күш-жігерін жұмылдырып, қалыптасқан күрделі жағдайдан шапшаң бағдар
тауып, туындаған мәселенің дұрыс шешімін шығармашылдықпен шеше білуге
тиісті.
Бүгінгі күні бір ғана кәсіби мамандықты игерудің жеткіліксіз екендігі
– дәлелсіз қабылданатын ақиқатқа айналғаны ешқандай дау тудырмайтыны
сөзсіз. Жігітке – жеті өнер де аз, - деп дана халқымыз тегін айтпаса
керек.
Білгір, шебер, шығармашыл мамандар даярлау мәселесі, адамдардың жеке
басының қабілеттілігін жетілдіріп, оның еңбек іскерліктері мен
дағдыларын қалыптасатырумен тығыз байланысты. Адамның шығармашыл қабілеті
іс-әрекет үстінде дамиды, әрі еңбек ету іскерліктері, дағдылары қалыптасу
нәтижесінде жетіле түседі.
Еліміздің экономикасының өрлеуі, ғылым мен техниканың даму деңгейі
әрбір адамда сапалы және тиянақты білім мен іскерліктің болуын, жастардың
белсенді шығармашылықпен жұмыс істеуін және кеңінен ойлау білуге
қабілеттілігін талап етеді. Сондықтан да оқытудың, білім берудің негізгі
мақсаты – арнайы педагогикалық әдіс жүйелерімен оқушылардың интеллектік
шығармашылық іс-әрекеттерін ұштау, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін
қалыптастыру, өздігінен білім алуға үйрету болып табылады.
Мектеп оқушылары шәкірттерді білім жетілдіруге, жаңа білімді игеру
әдіс-тәсілдеріне қанықтыруға алған білімдерін кейбір теориялық практикалық
мәселелердің дұрыс шешімдерін таба білуге машықтандыруға үздіксіз назар
аударуы қажет деп санаймыз.
Ендігі жерде білім беру жүйесі – ғылымда, техникада, өндірісте,
экономикада, кәсіпкерлікте, бизнес саласында, басқаруда, батыл, жаңашыл,
шығармашыл, қабілетті тұлғалар дайындауға, олардың ғылыми-танымдық
бағыттағы іс-әрекеттерін өткірлеп, қоғам дамуына лайықты азаматтар
тәрбиелеуге тиісті. А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн, Н.А.Менчикова және қазақ
зиялылары: Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, М.Дулатов және т.б. өздерінің
зерттеулерінде оқушылардың білім алудағы берілген материалды ой елегінен
өткізуге бағытталған мақсаттарын олардың танымдық іс-әрекеттерімен
байланыстырады [1,2,3,4,8] [5,6,7].
Оқыту процесінде оқу мәселелерін (проблемаларын) ғылыми жолдың
ізімен шешудің үлкен үйретушілік, тәрбиелік мәні бар, өйткені белгілі
жағдаяттарға құрылған оқу мәселелерін шешу арқылы оқушылар білімдерін
толықтырады, мәселеге тереңірек үңіліп оның мәнісіне, қыр-сырына қанығып,
бірден-бір дұрыс шешім қабылдау тәсілдерін игереді, сонымен қабат
шығармашылдық қабілеттерін дамытады, ой түюге, тиянақтылыққа, тереңділікке,
жүйелілікке, жалпылылыққа, нақтыдан дерексіздікке өтуді үйренеді. Біздің
елімізде 300-ден аса мамандық түрлері бар, соның 80 %-і экономика өзегі
болып табылатын өндіріс пен ауылшаруашылығы мамандықтары болып табылады.
Ғылым негіздерін жетік меңгермеген дүние мамандар бәсекеге түсе алатын
өнім өндіруде шалағайлық танытады, ғылым мен техника, өндіріс, экономика
дамуы кенжелейді, өркениет көшіне ілесіп, басқа елдермен теңбе-тең аяқ
басу қиындай түседі [9].
Дүниежүзіндегі алдыңғы қатарлы дамыған бәсекеге қабілетті елдер
қатарына қосылу үшін өмірдің барлық саласында, белсенді шығармашылық іс-
әрекетке қабілетті еркін, жан-жақты жетілген, кәсіпкерліктің қыр-сырын
терең меңгерген шығармашыл тұлғалар қажет. Бұл тұлғалар бойында
өжеттік, өткірлік, тапқырлық, алғырлық, ұшқырлық, шығармашылыққа құштарлық
сияқты адами басты міндеті деп түсінгеніміз жөн.
Оқусыз халық қанша бай болса да, біраз жылдардан кейін оның байлығы
өнерлі халықтардың қолына көшпекші деген ұлы ағартушы Ахмет
Байтұрсыновтың көрегендік, даналық нақылы бүгінгі күнгі еліміздегі ұлы
өзгерістер ісінде өзектілігін жойған жоқ деп есептейміз [11].
Оқушыға шығармашылық бағыт-бағдар беруді ең алғаш білім мазмұнына
ендірген қазақтың зиялы қауымының көрнекті өкілдерінің бірі - М.Жұмабаев
болды. Ойлау жанның өте бір қиын терең ісі - деп атап көрсетіп,
мұғалімдердің, шәкірттерінің ойлап үйренуіне көп күш-жігер жұмсау
керектігін ескертті [5].
Белгілі ғалым Ю.К.Бабанскийдің пікірінше кез келген еңбектің
шығармашылық сипаты бар, өйткені, ғылыми техникалық прогрестің барысында
еңбек мазмұны үнемі өзгеріп отырады. Мысалы, машиналарды, технологиялық
процестерді, техниканы оқып үйрену, оларды белгіленген мақсатқа орай
орналастыру, жөндеу, түрлі операцияларды орындау және оларды жетілдіру тек
шығармашылық іс-әрекеттер жәрдемімен жүзеге асырылады [14].
Шығармашылық еңбек - шығармашылық процестің өзімен және оның ішкі
мазмұнының мән-мағынасымен астарлас, өзектес болып келеді.
Шығармашылық іс-әрекеттер қатарына кәсіпкерлікті, өнертапқыштықты,
ғылымды, өнердің өзін және басқаларды жатқызуға болады. Шығармашылық
жұмыстар және оның құраушыларының бәрінің түп-төркіні адамдардың, жеке
тұлғаның мақсаткерлі іс-әрекеттері.
Өзінің іс-әректтерінің арқасында: адам заттық дүниені игереді, оның
даму заңдылықтарын түсінеді;
Қоғамдық өмірдің, табиғаттың барлық құндылықтарына, өткендердің
тәжірибесіне қанығады;
Осымен бір мезгілде ол заттық дүниені құруды, жалғастырады,
табиғатты өзгертеді, қоғамдық өмірді байытады;
Осындай күрделі түсіндіруші іс-әрекетінің арқасында адам өзін-өзі
таниды;
Іс-әрекеті арқылы адам субъект ретінде, өзінің әлеуметтік болмысының
көрінісін байқатушы ретінде жасампаздық тудырушы қайраткер ретінде
көрінеді [10].
Іс-әрекеттің жалпы теориясын талдай отырып және оған сүйеніп, іс-
әрекеті оқу процесінің негізі деген қорытынды жасаудың қателікке
жатпайтынына көзіміз жетті. Оқу іс-әрекеті арқылы адамзаттың бұрынғы іс-
тәжірибелері ұрпақтан-ұрпаққа беріледі.
Сонымен кәсіпкерлік шығармашылық іс-әрекеттің бір түрі, ол
шығармашылдық іс-әрекеттердің адамдарға пайдалы болуы, сол адамның
қабілеттілігіне тікелей байланысты деп санаймыз. Қабілеттілік – күрделі
мәселе, оның сипаты, заңдылықтары, түрлері, жетілуі адамдардың іс-
ірекетімен, мақсат-мұратымен тікелей байланысты. Әр адам өз ісінің жетік
шебері және маманы болуы үшін, сол іске немесе кәсіпке құмарлығы мен
бейімділігі болады. Адамдардың мұндай дара ерекшелігі, белгілі бір іс-
әрекетке жарамдылығы оның қабілеттілігін көрсетеді. Қабілетсіз адам
болмайды, адам іс-әрекет інеғұрлым белсенді болса, оның қабілеттілігі де
соғұрлым шыңдала түседі. Іс-әрекетсіз, белсенділіксіз, еңбексіз адам
қабілетінің жетілуі мүмкін. Емес, тарихта өшпес із қалдырған адамдардың
өзін даналық, ұлылық шыңына көтерген еңбек екені белгілі. Олар өздерінің
шабытын ерен еңбекпен, үздіксіз төзімділікпен шақырып отырған - деп
түйіндейді белгілі профессор Құдайқұлов М.А. [15].
Жоғарыда келтірілген оқымыстылар мен ғылымдар пікіріне сүйеніп,
еліміздің даму келешегін және қоғамдағы саяси әлеуметтік, экономикалық
ахуалды, еліміздегі дайындалып жатқан мамандардың кәсіби сапасын ескере
отырып, бүгінгі күннің биік талабымен үндес біз таңдаған Бастауыш сыныпта
технология сабақтарында машинатану элементтерін оқыту әдістемесі атты
диплом жұмысының тақырыбы білім сапасы жөнінде қоғамдағы қалыптасып келе
жатқан алдыңғы қатарлы озық пікір-көзқарастарымен толық үйлеседі.
Тақырыптың өзектілігіне деген күмән, күдіктерді сейілтеді деген сенімдеміз.
Өйткені бүгінгі күні оқыту процесінде оқытудың жаңа технологиялық
әдістер жүйесі қалыптасты. Бұл әдістерде ғылыми таным амалдары арқылы
оқушылардың пәнге, ғылым негіздеріне қызығушылығын арттыру, оларды ғылыми
шығармашылық жұмыстарға икемдеу, жалпы болашақ кәсіптерге, кәсіпкерлікке
ынта-ықыласын аудару, өмірдегі оң өзгерістерді түсінуге құлшынысын ояту
бастауыш мектептен қалыптастыру міндет деп саналады.
Зерттеу нысанасы – бастауыш сыныптарда технология сабақтарында
оқушыларға шығармашылық және кәсіпкерлік жұмыстарының қарапайым түрлерін
оқыту процесі.
Зерттеу пәні – Технология сабақтарында оқушылардың шығармашылық және
кәсіпкерлік жұмыстарының қарапайым түрлері жөніндегі білім, іскерлік және
дағдыларын қалыптастырудың әдіс-тәсілдері.
Зерттеу мақсаты – бұйым жасаудың - бұйым жасаудың әдіс тәсілдерді
үйрету, осы бұйымды тиімді тәсілдермен құрастыру, оны әрлеу, безендіру
әдістерімен таныстыру, кеткен шығынды, түсетін пайдалы есептеудің
экономикалық әдістерін меңгерту, өз жұмысын бағалауға, бұйым сапасын,
беріктігін анықтай білуге машықтандыру сияқты жұмыстардың тиімді амал-айла,
әдістемелерін табу.
Зерттеу міндеттері:
1) Бұйым жасалатын ағаш, металл сияқты тағы басқа шикізаттардың
қасиеттері, сапасы жөнінде арнайы әдебиеттердіоқып-үйрену;
2) Оқушыларды орындалатын жұмыстардың байыбына түсініп, атқарылатын
істерді ой сүзгісінен өткізуді үйрету;
3) Әрлейтін, өңдейтін аспаптар мен құрал –жабдықтардың пайдалануына
қауіпсіз, тиімді тәсілдерін табу;
4) Жасалатын бұйымды жобалаудың тиімді жолдарын іздестіру;
5) Бұйымды өңдеу, әрлеу, барысында міндетті түрде орындалуға тиісті
қауіпсіздік ержелері мен шараларды үйретудің оңай жолдары мен
амалдарын анықтау;
6) Жұмыс орнында оқушылар сөзсіз орындалуға тиісьі міндеттер тізімін
жасау.
Зерттеу әдістері: тақырып бойынша философиялық, психологиялық,
педагогикалық, әдістемелік, ғылыми, ғылыми әдістемелік және арнайы
әдебиеттерді оқып, олардан тақырып бойынша керектіматериалдарды іріктеу.
2) Мектеп құжаттарын: оқушылардың күнтізбелік, сабақ жоспарларын
талдау. Ғылыми және ғылыми-әдістемелік мерзімді баспасөзден озат
тәжірибелі ұстаздардың тақырып бойынша пікірлеріне сыни тұрғыдан талдау
жасау, бақылау жүргізу, пелагогикалық эксперимент, сұхбат жүргізу.
Зерттеу орны: мектеп.
Зерттеу болжамы: Технология сабақтарында оқышуларды шығармашылық және
кәсіпкерлік жұмыстардың түрлерімен таныстыру олардың пәнге қызығушылығын
арттырады, еңбекті сүюге дағдыландырады, мамандық таңдауға үйретеді, и
еңбекқорлыққа, тиянақтылыққа, жауапкершілкке тәрбиелейді, ой түюге,
қорытынды жасай білуге, өз ісінің нәтижесін бағалай білуге, кәсіпкерліктің
қарапайым қыр-сырларын түсінуге баулиды, алғырлыққа, аңғарымпаздыққа
үйретеді, шығармашылық ісіне ынтасын өсіреді, практикалық, тұрмыстық
жұмыстардың мән мағынасына қанықтырады.
Зерттеу кезеңдері:
І. 2005 ж қыркүйек айына желтоқсан айының соңына дейін. Бұл кезеңде
диплом жұмысының тақырыбы таңдалады, оны орандаудың жоспары жасалып
кезеңдері белгіленеді. Тақырып бойынша әдебиеттердің тізімдері жасалынды.
Оқытудың жаңа технологилық әдістері жөнінде мерзімді педагогикалық және
арнайы ғылыми-әдістемелік баспасөздерден озық тәжірибе үлгілері жиналды.
ІІ. 2006 жылдың басынан сәуір айының соңына дейін. Бұл кезеңде тақырып
бойынша ғылыми әдістемелік әдебиеттерге шолу жасалып, керекті материалдар
терілді. Мектеп құжаттарын зерттеп жүргізілді, педагогикалық зерттеулер
өткізіліп, оның нәтижелелерінің тиімділігі анықталды. Жиналған
мәліметтерге талдау жүргізіліп, жұмысты баяндаудың логикалық жүйесі
анықталып, мәтіні жазылды.

І Тарау
Адам іс-әрекетінің философиялық, психологиялық және педагогикалық
негіздемелері
1. Адам дамуындағы іс-әрекеттің атқаратын қызметі.
Адам табиғаты туылысынан қоғамдық, әлеуметтік деп есептеледі. Жоғары
дамыған жүйке жүйесі, ағзаның таза адами қасиеттері өмірдің әлеуметтік
жағдайлары әсерінен дамиды, жетілді. әлеуметтік факторлар оны әрекеттер
жасауға , еңбек етуге, жасампаздыққа үйретті, өзінің өмірін жақсартуға,
ол үшін үздіксіз күрес жүргізуге төселдірді. Еңбек іс-әрекеттер, жарқын
келешекке үміт пен сенім, оған жетудің жаңа жолдарын іздестіру, өмір
сүрудің басты мақсатына айналды. Басқаша айтқанда адам қайнаған қоғамдық
процесте қалыптасады, дамиды, жетіледі.
Адамның әлеуметтік ортамен қарым-қатынасы, айналысатын ісі мен
кәсібін, білімі мен дағдысының, өмір тәжірибесінің, өзіне тән
ерекшеліктерінің жиынтығы жеке адам деген ұғыммен сипатталады. Жаңа
туылған нәресте - адам, бірақ оны әлі де жеке адам деуге болмайды, өйткені
онда дағды мен тәжірибе, білім мен іс-әрекет, қоғамдық қтынас әзірше
қалыптаса қойған жоқ. Ендеше жеке адам тек қана тарихи-әлеуметтік
құбылыстың жемісі ретінде көрінеді, қоғамдық ортада қалыптасады.
“Жеке адамның өзіндік ерекшелігі, оның қызметі мен дүниетанымынан,
мінез –құлқынан, мұрат-мақсатынан, талғамынан, сезімінен, қабілетінен,
ынта қоюынан, дағды әдетінен байқалады”, - деп тұжырымдайды профессор
Құдайқұлов М.А. [15].
Демек, жеке адамның басты белгісі оның әлеуметтік қызметінде, ал мәні
әлеуметтік санасында. Жеке адамның әлеуметтік жағдайы оның еркіне тәуелді
бола бермейді. Жеке адам қоғамнан тыс дами алмайды, өйткені адамның
дамуы қоғамның дамуымен тікелей байланысты. Сондықтан адамның психологиялық
ерекшеліктері, оның өзіне ғана тән қасиеттері әлеуметтік жағдайға, нақтылы
кәсібіне, іс-әрекетіне, білім қабілетіне байланысты анықталады. Жеке адам
психологиясы айналасындағы ортамен қарым-қатынас жасау, қоғамдық
тәрбиемен білім алу, кәсіптік қызмет атқару арқылы қалыптасады. Адам тек іс-
әрекет жасау үстінде ғана өсіп жетіледі. Қызмет ету барысында оның
қабілеті артады, іскерлігі мен дағдысы дамиды, кәсіптік шеберлігі
ұшталады, өмірлік белсенді позициясы нығаяды, өз кәсібі бойынша мол
тәжірибе жинақтайды.
Кез келген кәсіптік қызмет қоғамдық еңбек процесінде дамытылады.
Адамдардың мұндай іс-әрекеттерінің әрқашан қандай да бір қажеттіліктен
туатыныны белгілі.
Адамның іс-әрекетінің негізгі формалары: ойын, білім алу, ақыл-ой
еңбегі, ғылыми ізденістер, физикалық еңбек, өнер мен шығармашылықпен
шұғылдану. Бұлардың қайсысы болса да белгілі бір мақсат-мұратқа, шетке
бағытталады. Осы келтірілген уәждерге сүйене отырып, іс-әрекетті адамның
түрлі қажеттерін өтеу үшін, белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталатын
еңбек процесі деп тұжырымдауға болады.
Адамның қызметі әрқашан да қажеттіліктен, мақсатқа ұмтылудан, оны
орындауға қажетті білімімен және іскерлік пен дағдыдан құралады. Іс-әрекет
пен білім алу, іскерлік және дағды өзара байланысты дамиды. Мысалы,
адамның білімі, дағдысы, ебдейлігі белгілі бір қызмет үстінде қалыптасады,
кейіннен олар іс-әрекетті жүзеге асырудың негізгі шартына айналады.
Адамның кез келген қызметінің орындалу шарты саналы түрде орындалатын
қимыл-қозғалыстар мен амал- әдістердің дағдыға айналуы болып табылады.
Адам бойына дарыған бір дағды екінші бір дағдыны қалыптастыруға
көмектессе, қайсы бірі бір-біріне кедергі келтіреді.
Дағды мен білім - екі түрлі процесс, олардың қалыптасу жолдары да
түрліше. Дағды - динамикалық стереотип негізінде қалыптасса, білім -
екінші сигнал жүйесі арқылы меңгеріледі [9,10,12,13].
Сонымен бірге адамның мақсаты мен ниеті әрқашан да белгілі бір іс-
әрекетке ұмтылдырады. Мақсатты іс-әрекет кезіндегі белгілі бір нәтижеге
жету, ал ниетті сол нәтижеге итермелеуші күш деп түсіну керек. Сондықтан
кез келген әрекет алдымен ниетке таладау жасаудан басталады. Ендеше ниет
адамның іс-әрекетінің сырын ашатын кілт іспеттес.
Адам мақсатқа жету үшін түрлі құрал-аспаптарды, информацияларды,
мәліметтерді, әртүрлі амал-тәсілдерді пайдаланады. Бұларды игеру үшін
адамның белгілі бір білім дәрежесі, дағды мен іскерлігі болуы шарт деп
санаймыз.
Іс-әрекет психологиялық, әлеуметтік категорияға жатады. Психологиялық
тұрғыдан қарағанда оның бірлік бөлігі - амал болса, мұның өзі
операцияның элементі саналады, ал операцияны белгілі бір істі орындаудың
тәсілі деп түсінуіміз керек.
Белгілі психолог К.К. Платоновтың зерттеулері негізінде, адамның кез
келген іс-әрекетінің құрылымы мынадай схема түрін болады:
Мақсат – себеп – орындау тәсілі - нәтиже.
Адамның іс-әрекеттерінің түрлері, әсер етуінің формалары мен тәсілдері
сан алуан. Ол жеке адамның қызметі. Адамның қабілеті тек іс-әрекет үстінде
ғана қалыптасатындығы белгілі. Сондықтан қабілет іс-әрекеттің бейнесі
ретінде түсіндіріледі. Адамның іс-әрекетінің жетілуі оның рухани әрі
физикалық қабілетіне де байланысты. Өйткені адамның барлық қызмет
түрлерінің шығу көзі саналы еңбек деп есептейміз.
Психолог ғалым В.С. Мерлиннің пікірі бойынша адамның қызмет түрлері
бойынша өмірлік бағыты:
• жеке басы мүддесінің өзгешеліктеріне;
• алға қойған мақсаттарының ерекшелігіне;
• өзінің қажеттілігін өтеуге;
• жеке басының мақсат ұстауына байланысты жетілуі.
Қазіргі ғылыми -техникалық прогресстің қарыштап даму кезеңінде жеке
бастың өмірдегі жетістіктері, белсенді еңбекпен, ғылыми жаңалықтарды
игерумен, қабілет-дарынан жетілдірумен тікелей байланысты деп түсінеміз.
Келтірілген жәйттерді ескере отырып жеке адамның іс-әрекетінің құрылымын
философиялық және психологиялық түсіні тұрғсынан талдап көрейік.
Құрылым (структура) ұғымы философиялық категория, олай болса, іс-әрекет
құрылымының құраушы элементтерін, олардың өзара байланыстарын, жеке
ерекшеліктерінің тұтастығын анықтауға болады. белгілі психолог К.К.Платонов
жеке адам іс-әрекетінің құрылымының төрт құраушысы бар деп санайды.
Ғалым оның біріншісіне - жеке адамның өзіндік бағытын, өзгелерге
қатынасын, моральдық бейнесін; ал екіншісіне – адамның іс-тәжірибесі
арқылы меңгерген білімін, іскерлігін, дағдысын, үшіншісіне – ойлауын,
қабылдауын, түйсігін, сезімін, есте сақтау қабілетін, төртіншісіне -
адамның жеке басының темпераменттік қасиеттерін жатқызады.
Келітірілген құрылым элементтері жеке адамға қатысты динамикалық
өзгерістерге ұшырайды; ал оның тұтас құрамды элементтері психологиялық
функция ретінде қарастырылады. Аталған элементтер адамның жеке басының
психологиялық қасиеттерін жинақтайды деп түсінеміз. Талданған динамикалық,
функциональдық, психологиялық құрылым деп атауы сәтті шыққан.
Адамның жан-жақты үйлесімиді дамуы осы құрылымның барлық
құраушыларының толық болуына тәуелді. Олардың бірінің әлсіз дамуы немесе
кемдігі адамның жеке басының дамуындағы олқылықтарға соқтырары сөзсіз.
Осындай олқылықтардың орын алуын немесе болуына адамдардың жеке басының әр
түрлі кездесуі, олар: тиянақты, тындырымды, аңғарымды, пайымды, ойлы,
ойсыз, айқын мақсатты, мақсатсыз, қызба мінезді, салқын қанды, еліктегіш,
әершіл, ұяң, жалтақ, ерме, көнбіс, ұшқалақ, алғыр, шешімді, салмақты, отар,
төзімді, іскер, т.с.с. болып келеді.
Адам, әсіресе, жастық шағында, өзінің мұқтаждары мен алға қойған
рухани талап тілектерін өтеуге сара жол таба бермейді, оның түрлі
қиындықтарға ұшырауы да заңды. Өйткені адамның материалдық қажеттері мен
рухани мұраты өзінен-өзі пайда бола қоймайды. Оның таныммен тәрбиені,
еңбек ету мен кәсіптік мамандықты игеруі, азаматтық және отбасылық
үрдістерді меңгеруі, мінез-құлықты баулуы, іс-әрекеті арқылы қабілеті мен
іскерлігін қалыптастыруы нәтижесінде жүзеге асырылады.
Сонда ғана адам басқалардың қимыл әрекетіне соқыр сеніммен еліктеуді
қойып, өмірді өзінше саралайды. өмір мәнін ізденіс, іс-әрекет арқылы
түсінеді. Олай болса адамның қабілеттілігі оның қандай іс-әрекетпен
үздіксіз, белгілі бір мақсатпен шұғылдануын тәуелді деп айту ағаттық болмас
еді. Іс-әрекет түрлері қабілеттілік те қоғам талабына, қоғам дамуымен
байланыстырылады. Қоғамның дамуына, оның әлеуметтік сипатына қарай
қабілеттілік те дамиды.
Елімізде нарықтық қатынастардың орнығуына қарай экономикада,
өндірісте, ауылшаруашылығында тың өзгерістер, жаңа қатынастар пайда
болды, осыған орай адамдардың ойлауы, іскерлігі, қабілеттілігінде де
уақыттың жаңа талабына сәйкес игі өзгерістер байқалуда, ілкімді тұлғалар,
іскер кәсіпкерлер пайда болды. Соның нәтижесінде халқымыздың әл-ауқаты
артты, жастардың білімге, ғыдымға, іскерлікке ынта-ықыласы өсті. Елімізде
техника, өндірісі, әдебиет, өнер, мәдениет, білім беру салаларында адамның
қабілетін, дарынын, талантын дамыту үшін көптеген келесі істер атқарылуда,
“Болашақ” бағдарламасы бойынша мемлекет қамқорлығы аясында дарынды
жастарды өркениетті дамыған елдерге барып, білім алуға жолдама беру,
ғылымға, өнерге, білім саласына, ғалымдарға, өнер адамдарына, мұғалімдер
мен дәрігерлерге жасалып жатқан қамқорлық осының айғағы болса керек.
“Қабілеттілік - адамның белгілі бір істі орындай алу мүмкіндігін
көрсететін жеке басының дара қасиеті оның ойдағыдай дамуы үшін адамда
тиісті білім, іскерлік, дағдының белгілі бір жүйесі болу керек”, - деп
тұжырымдайды елімізге белгілі педагог ғалым, профессор М.А.Құдайқұлов.
Ғалымның осы пікірін толық қуаттайтын мысал келтірейік. Мысалы, адам
өзінің техникалық конструкциялық қабілетін дамыту үшін математиканы,
физиканы, сызу т.б. ғылымдарда, конструкциялардың құрылысынан терең
хабардар болуы керек, оларды практикада пайдалану іскерлігі мен құрастыру
дағдысының болуы шарт деп есептейміз. Басқаша айтсақ білімі терең , икемід
іскерлігі және дағдысы қалыптасқан адамның қабілеттілігі, яғни
шығармашылық жұмысқа бейімділігі жақсы дамиды. Мүлде қабілетсіз адам
болмайды, тек ол біреулерде күштірек, ал басқа біреулерде азырақ болуы
мүмкін. Қабілет үнемі жетілдіруді, дамытуды қажет етеді. Көп жағдайда
адамның қабілеттілігі іскерліктің қалыптасуына сәйкес дамиды. Демек,
қабілеттілік пен іскерлік әрқашан өзара тығыз байланыста болады. сондықтан
адамның қабілеті тек іс-әрекет жасау, белсенділік таныту, іскерлігін
жетілдіру нәтижесінде ғана дамиды деп есептейміз. Біздің ойымызша
қабілеттілік пен іскерлікті дзеректіліктің, аңғарымпаздықтың,
ұйымдастырушылықтың, есте сақтағыштықтың, белсенділіктің маңызы зор.
Қабілеттілікті, іскерлікті, дағдыны жетілдіру адамның жас мөлшеріне
қарамайды. Ол ұдайы ізденуге, жаттығуға байланысты [15].
Жоғарғы қабілеттілікті, қалыптасқан іскерлік пен дағдыны, ғылымдағы
бесаппаптылықты Ш.Уәлизановтың өмірінен көруге болады. ол бірқатар Еуропа
және шғыс тілдерін меңгерген, этнограф, фольклоршы, географ, ботаник,
әлеуметтанушы, тарихшы, саяхатшы және әскери мамандықтарды игерген. Қазақ
халқының сүйікті ұлы, дүниежүзіне белгілі ақыны Олжас Сүлейменов – геоглог,
ақын, жазушы, дипломат, саясаткер екендігіне ешкімнің дауы жоқ шығар.
Адамның іс-әрекеті мен қабілеттілігін және іскерлігін жетілдіруде
ғылыми білімді меңгерудің мәні зор. Ғылыми білімдер жүйесінің құрылымы 1-
суретте көрсетіліп отыр.
1-сурет

Адамның қабілеттілігі білім алу мен іскерлікті тез қалыптастыруды
оңайлатса, керісінше олардың негізінде қабілеттілік те дамиды. Сол себепті
оқушылар үшін игерілген білімді іскерлік деп түсінуге болады, ал бұл арқылы
жеке адамның ерекшелік қасиеттері сипатталады. Белгілі психолог
К.К.Платонов өз зерттеулерінде, іскерлікті адамның ең жоғарғы қасиеттерінің
біріне жатқызып, оқыту процесінің түркі мақсаты – іскерлікті қалыптастыру
деп тұжырымдайды []. Демек кәсіптік іскерлігі қалыптаспаған адамның
білімін тыңғылықты меңңгерілген білім деп санауға болмайды, ондай білім
өмірге қажетсіз “жалаң” теориялар деп санайды.
Сонымен адамның қабілеті іс-әрекет үстінде дамиды, қабілеттілікті
жетілдіру үшін, білім, іскерлік, дағды керек, ал бұлардың өзі іс-әрекетсіз
қалыптаспайды. Бұл тірліктің бәрі ойлау қызметі негізінде қауаттаймыз.
Адамның білім алу мен іскерлігін қалыптастыра білуге байланысты
психологиялық ерекшелігі оның қабілеттілігін білдіреді. Бірақ адамның
қабілеттілігі тек қана оның меңгерген білімі және іскерлігінің жүйесімен
өлшенеді десек, қателікке ұрынамыз. Сонымен бірге адамның
қабілеттілігінің, яғни белгілі бір кәсіп бойынша нәтижелі жұмыс атқару
мүмкіндігінің шеберлік дәрежесіне жетерлік немесе жетпесін оның еңбек
етуімен іс-әрекеті көрсетіледі. Қабілеттілікті дамыту үшін баланың арнайы
оқуы, тынбай жаттығуы, ерінбей еңбек ету, қызығушылығы , төзімділігі т.б.
қажет.
Қабілеттілікті анықтай білу, сол адамның өзіне қоғамға пайда
келтіретін мамандықты таңдауға жәрдемдеседі.
Әр адамның қабілеттілік дәрежесін бағалау – ғылымда әлі шешін таппаған
мәселе, бірақ қабілеттіліктьі дамыту үшін жалқаулықпен, еріншектікпен
күресіп, жүйелі еңбек етуге, еңбеке қызығушылққа баулу қажет.
“Адамның іс-әрекетін, қабілеттілігін, іскерлігін жетілдіруде күндік
режимді сақтап, жаттығуды дамытып, өзінің ерік-жігерін тәрбиелеп отыруды
да ескермесе болмайды”, - деген [15] Қ.Жарықбаевтың пікірін қолдауға тура
келеді. Қазақтың ғалым профессоры Қ.Жарықбаевтың пікірін басшылыққа ала
отырып, ерік-жігерсіз, жаттығусыз, еңбексіз мақсат-мұратқа жету жолы оған
көптеген қиыншылықтар тудыратыны ақиқат, бұған біздің сеніміміз мол.
Қабілетті адамның өнер табуғағ жаңалық ашуға тың ұсыныстар енгізуге
мүмкіндігі мол [17].
Соңғы кездерде психологияның ғылыми шығармашылық әдістеріне ықпалының
күшейе түсуі байқалады. Психологтар техникалық шығармашылықпен байланысқан
қызықты байқаулар мен пайымдаулар жасай алады. “Өнертапқыштық комикалық
емес ой ұшқырлығы, ой ұшқырлығы мен өнер тапқыштық амалдарының арасындағы
ұқсастық бар, бұл кездейсоқтық немесе сыртқы көрініс қана емес” деп жазды
кешегі кеңес дәуірінің өнер тапқышы Генрих Буш [19].
Өнер тапқыштық шығармашылық ойлаудың жалпы заңдылықтарына
негізделмеген. Өткір әзілді жасау процесі бастапқы білімнің болу
белгілерін , нәтижені бағалау және бірі-біріне алшақ ұғымдардың
шоғырлануы тудыруды қосады. әзілдік амалдардың негіздемелері: әдейі
ұлғайту, пародия жасау, әдейі кішірейту, әдеттен тыс телеп, процестер мен
құбылыстардың күтпеген жақындасуы, таңырқарлық ұқсастықты аңғару,
констросты айқындау, форма мен мазмұн қайшылығы, нәрсенің үйреншікті және
күтпеген қызметі, құбылыстың қайталануы, логикалық және праксеологиялық
нормаларының бұзылуы, алмастыру, қарама-қарсы қою, қосарлы зерделесу,
кездейсоқ және алыс белгілерін қатарластырып сәйкестендіру - өнертапқыштық
мәселелерді шешуді іздестірудің тиімді амалдары.
Адамның қабілеттілігін дамытуға қажетті кез келген мамандыққа
байланысты кәсіптік іскерліктерді қалыптастырудың негізгі кезеңдерін
К.К.Платонов төмендегі кесте бойынша түсіндірді [16].

1 кесте.

Кезеңдері Психологиялық құрылымы
1. Іскерліктің алғашқы нысандары Іс-әрекеттің мақсатын түсіну, осыған
дейінгі меңгерген білімдер мен
дағдылардың негізінде оны орындаудың
тәсілдерін іздеу, байқап көру және
қателесу әдісі бойынша іс-әрекет
жасау.
2. Біліксіз іс-әрекет әрекет жасаудың тәсілдері жайлы
білімдерді бұрынғы меңгерілген
дағдыларды осы ісәрекет үшін
пайдаланады.
3. Кейбір жалпы іскерліктер Ісәрекеттің әр түріне, ерекшеліктеріне
қарай қалыптасқан кейбір тар мәнді
іскерліктерді пайдалану мәселен,
іс-әрекетті жоспарлау іскерлігі,
ұйымдастыру іскерлігі т.с.с
4. Жоғарғы дәрежелі іскерлік Алға қойылған мақсатты, оған
жеткізетін әдіс-тәсілдерді саналы
түрде таңдап, орындалатын іс-әрекетке
керекті бөлімдермен дағдыларды
шығармашылықпен пайдалану
5. Шеберлік әр түрлі іскерліктерді шығармашылық
тұрғыдан қолдану

Таланттылық пен қабілеттілік адамды еңбек етуден босатпайды,
керісінше, көп еңбектенуді, шығармашылық ізденуді, бейімділікті,
төзімділікті қажет етеді. Қабілетті адамдар мен талантылардың ерік-жігері
әрқашан жоғары деңгейде көрінеді. Қабілеттіліктің басыт көзі еңбек, алайда
оны тек еңбекпен өлшенеді деу таңсаттық деп ойлаймыз. Қабілеттілік адамның
табиғи ерекшеліктеріне, мінез-құлықтарына т.б. жағдайларға байланысты.
Түрлі дәрежеде болады [15].
Адамның ақыл-ой әрекетінің ерекшеліктерін (ойлаудың орамдылығын, сын
көзбен қараушылығын, байқағыштығы мен зейінділігін, зеректігі мен
тапқырлығын, т.б.) жалпы қабілеттілікке жатқызамыз. Адамның іс-әрекетінің
жұмысты нәтижелі орындауға мүмкіндік беретіндей жеке жақтарынан көрінуін
арнаулы қабілеттілік деп есептейміз, бұған суретшінің, ақынның,
конструктордың қабілеттіліктерін мысалға келтіруге болады.
Талант – күрделі, қиын іс-әрекетті өзіндік ерекшелікпен сонылық
дәрежеде нәтижелі орындай алуға мүмкіндік беретін әр түрлі
қабілеттіліктердің жиынтғы деп түсінуіміз жөн.
Ғалымдардың, мектеп оқытушыларының тәжірибелеріне сүйене отырып,
балалардың жалпы ерекшеліктерінің ақыл-ой дағдыларын төмендегідей
ақиқаттығына көз жеткіземіз:
• ұқыптылық, аңғарымпаздық, жинақылық;
• еңбек етуге әрқашан даярлығы, жалықпайтындығы;
• ойлау шапшаңдығы, талдау мен қорытындылау мүмкіндігінің жоғарылығы,
ойының жүйелілігі, ойлау қызметінің нәтижелілігі;
• ой өрісінің кеңдігі, ауқымдылығы, ойлау белсенділігі.
Дарынды оқышулар мен ғалымдар жүргізген эксперимент нәтижелеріне
сүйенетін болсақ, ғылымдық шығармашылық қабілеттіліктің құрамына:
• анализ және синтез жасай білу;
• негізгі қосалқы нәрседен ажырата білу;
• зерттейтін құбылыстар мен процестердің өзара байланысын анықтай
білу.
• Кәдімгі, әдеттегі, үйреншікті оқиғалар, фактілер арасындағы қарама-
қайшылықтарды байқай білу;
• Мәнді-мағыналы ойлау білу сияқты компоненттердің енетіндігі
анықталады.
Мектептің математика пәнінің оқытушыларының арасында математикалық
қабілеттіліктің түрлерін анықтауға арналған сауалнама нәтижесінің
қорытындысы төмендегідей болды:
- қорытындылау қабілеті - 98 %
- таладу логикасы – 98 %
- зеректік пен тапқырлық – 88 %
- математикалық есте сақтау қабілеті - 82 %
- дерексіздендіру арқылы жалпылау қабілеті - 98 %
- ойлау оралымдылығы - 73 %
- көрнекілікке сүйену - 63 %
- кеңістікті сезіну – 57 %
- тура және кері ойлау білу - 50 % [15]
Педагогикалық әдебиеттерді талдап оқу нәтижесінде адамдардың
практикалық қабілеттілігінің адам өмірінің ерекше орын алатындығын
байқадық. Мәселен Л.И.Уманский 400-ден аса қабілетті басшы қызметкерлер
жұмысының қыр-сырын зерттеу арқылы оларға тән ерекше қасиеттерді даралап,
ұйымдастырушылық қабілеттіліктің мынадай құрылымын анықтаған:
• басшының жігерлігі, басқа қызметкерлерге ықпалын тигізіп, сол арқылы
олардың белсенділігін көтере білуі;
• жан-жақты даму деңгейінің жоғары болуы, білімдарлық;
• ойының оралымдылығы, тапқырлығы, практикалық мәселелерді дер кезінде
орынды шешуі;
• қызметкерлердің психологиялық ерекшеліктерін үнемі ескере отырып,
мәселені практикалық тұрғыдан дұрыс шеше білуі (психологиялық
талғампаздығы);
• сыншылдығы, адамдардың іс-әрекеті мен мінез-құлығындағы кемшіліктерді
көре, өз шешіміне талдау жасау;
• қызметкерлерге талап қойғыштығы, ұстамдылығы және табандылық көрсете
білуі;
• мәселені өз бетінше шеше білуі және өзін-өзі меңгере білетіндігі;
• істің жетістігі мен кемшілігін, жаңалығы мен жарамсыздығын
байқағыштығы;
• кез келген адаммен тіл табысып сөйлесе білуі (коммуникативті қабілет);
• жұмыс атқару қабілетінің жоғарылығы, өз іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыра
білуі.
Сонымен адам өзінің бағытты, мақсатты іс-әрекеті арқылы: дүниені,
әлемді, табиғатты таниды, тылсымдағы қыр-сырларына үңіледі, құпияларын
әлемге әйгілейді; айнала қоршаған ортаны өзгертеді, оны өзінің ыңғайына
бейімдейді; заттардың қасиеттерін зерттейді, оларды өз мұқтаждығына
жаратады.
Адамның іс-әрекеті жалпылама алғанда төмендегідей құраушылардан тұрады:
• мақсат қоюын, сол мақсатқа жету үшін ең ойтайлысын таңдай білу;
• түрлендіруші немесе жетілдіруші сипатты; мұнда адам өз іс-әрекеттері
арқасында өзін қоршаған ортаны өзгертеді, жетілдіреді.
• Нәрселік немесе заттық сипаты; мұнда адамның материалды дүниемен
қарым-қатынасы көрініс береді;
• саналылық сипаты.
Адам іс-әрекеттерінен келтірілген мәнді қасиеттерінің жекелеген
түрлерімен емес, олардың көп нұсқалылығымен, өзара байланысы бірлігі
тұтастығымен ерекшеленеді.
Адам табиғатты өзгертумен қатар өз табиғатында өзгертеді, ол өзінің іс-
әрекеттерін санасымен, зердесімен байытады. Іс-әрекет процесінде адамның
ойлау, ойлана білу қабілеті дамиды, ал ойлау нәтижесінде іс-әрекет түрлері
жетіледі. Оның тиімділігі артады, қаражат метариалдық шығын үнемделеді, іс-
әрекет нәтижесінде пайда болатын шығармашылық туындылардың, өндірілетін
материалдық игіліктердің сапасы жақсарады.

2. Оқу іс-әрекеттерінің және олардың шығармашылық жұмыстарымен
байланысы.
Іс-әрекеттің жалпы теориясын сүйене отырып, оны оқу процесінің негізі
деп айта аламыз. Оқу іс-әрекеті адамзат баласына ең қажетті нәрсенің бірі,
онсыз өмір тәжірибесін бір ұрпақтан екінші ұрпаққа жеткізу мүмкін емес.
Оқыту процесінде қоғам ұйымдастырған оқу іс-әрекетінің екі түрлі формасы
қарастырылды. Оның біріншісінде оқыту ісінде, адамзатта жинақталған
тәжірибені жеткізу, ал екіншісінде қоғамдық тәжірибені игеріп оны
оқушылардың игіліктеріне айналдырумен шұғылданады.
Іс-әрекеттің жалпы теориясы тұрғысынан психологтар оқу іс-әрекеті,
танымдылық іс-әрекеті ұғымдарын ажыратып қарастырады. Педагог ғалым
Г.Щукинаның пікірінше Оқу іс-әрекеті ұғымының оқу ұғымына қарағанда
ауқымы кеңірек, себебі ол оқушының да , оқытушының іс-әрекеттерін
біріктіріп қарастырады [10]. Шын мәнінде оқу іс-әрекет оның әлеуметтік мән-
мағынасы жатыр, себебі оқу іс-әрекетінсіз, яғни ешқандай әрекетсіз қоғам
дами алмайды деп түсінеміз.
Бұл үлкендер мен балалардың (оқытушылар мен оқушылардың) ынтымақтық
формасы, ол ортақ мақсатты іске асыруға оған қол жеткізуге бағытталады, әрі
ол оқу іс-әрекетінің ішіндегі басты сипаттамаларының бірі болып табылады,
- дейді, белгілі педагог ғалым В.Репкин [10].
Оқу терминін психологтар жүйке тетіктері мен негізделген психикалық
процестердің жиынтығы ретінде қарастырады. Дидактикада бұл термин оқушының
танымдық іс-әрекетіне байланысты қолданылады. Г.Щукинаның пікірінше оқу
танымдық іс-әрекеті ұғымы оқыту процесін толығырақ қамтып сипаттайды. Бұл
арнаулы іс әрекет, ол қоғамға өте қажет, іс-әрекет түрі, үлкендер мен
оқушылардың бірлескен іс-әрекеті, әрі олардың ынтамақтасу формасы, ең
бастысы мұнда танымдық процесс және өскеең ұрпақтың әлеуметтенуі жүзеге
асырылады.
Педагогикадағы іс-әрекет феномены оқыту процесінде төмендегідей
нақтыланады:
1. Оқушының іс-әрекеті басқа адамдардың іс-әрекетімен байланысқан. Бұл
процесс барысында іс-әрекеттер бойынша оның түрлері, тәсілдері жөніндегі
тәжірибеде алмасу жүзеге асырылады. Іс-әрекеттің нәрселік аясы жөніндегі ой-
өріс кеңейеді.
Өз іс-әрекеттерінің тәсілдерін басқалардың іс-әрекеттер тәсілдерімен
салыстыру барысында оқушы өзінің мүмкіндіктеріне ыждағаттылықпен қарап оны
бағалап таразылайды.
2. Педагогикалық процестері іс-әрекеттерінің дамуы тұлғаның ілгермелі
дамуына әкеледі, себебі іс-әрекеттің сипаты өзгереді (басында
орындаушылық, бұдан кейін белсенді орындаушылық, одан кейін өзіндік
шығармашылық белсенділік).
3. Іс-әрекеттің сипатының өзгерістері оқушының сеніміне, көзқарасына
ықпал етіп, олардың едәуір өзгеруіне әсер етеді, оқушы іс-әрекеті
орындаушылықтен белсенділікке – одан субъектілік позициясына өтеді.
4. Оқу процесінде оқушы тұлғасының қалыптасуы реттеуші тетіктердің
өзгерісі негізінде негізделген. Өзін реттеу басқару, қалыптасып келе
жатқан оқушы тұлғасының негізгі көрсеткіші және тетігі болып табылады.
5. Оқушы позициясының өзгерісі оқушы мен оқытушы субьектілерінің
арасындағы қарым қатынасқа негізделген. Оқушыларды өзін- өзі реттеуге,
басқаруға ең маңызды тұлғалық белгілер алып келеді. Мұндай белгілерге
белсенділік, өздігінен жұмыс істеу, танымдылық, қызуғышылық жатады, олар
оқушының өзім шештім , орындауым басқалардан кем емс өзім болжадым ,
оқытушы айтты , досыма көмектестім деген сияқты іс- әрекеттері мен
алға жылжи түседі. Осындай қатынастардың түзілуі оқушы тұлғасын
қалыптастырудағы үлкен жеңіс деп есептейміз.
Оқушының өз ерік жігерін шоғырландырып, оны тас түйін бағыттан қол
жеткізген табысына сүйсіну небір қызықты сабақтардан алынған, қанағаттану
сезімдерінен әлде қайда жоғары көрсеткіш болатынын байқадық. Осылайша
оқушының танымдық іс- әрекетіндегі ұстанымның өзгерісі мен бірге, оның
тұлғасының дамуы мен қалыптасуы қатар жүргізіледі.
Іс- әрекет көп қырлы олардың көбісі жаңа міндеттерді тың мәселелерді
шешуге жұмсалады, оқушы игерілген білімін, іскерлік дағдыларды жұмылдырады,
тың ізденістерді, тәсілдерді, әр түрлі амал- айлаларды жүзеге асырады.
Іс - әрекеттің оқыту процесінде қызметін айқындай отырып, тек осы
процес ішінде, іс - әрекеттің және оның түрлерінің жүйелі және тізбектес
реттілікпен тұлғалық түзілістер қалыптасады, бұл оқушыларды өзін- өзі
реттей білуге машықтандырады, оқу іс- әрекеттерінің барысында оның
субьектілік ұстамының қалыптасуына көмектеседі [18]
Сонымен оқыту процесінде жүйелі және тізбектеле реттелген тұлғалық
түзілістердің қалыптасуы оқушының оқу іс - әрекетінлегі белсенділік
ұстамының пайда болуына жәрдемдеседі.
Оқушы оқуда белсенділік танытады, өз бетінше шешім қабылдауға
жаттығады, танымыдқ қызығушылығы артады, нәтижеде оның реттелу
мүмкіндіктері, белсенділігі өзіндік жұмытарға қабілеттілігі дамиды. Осындай
тұлғалық түзілістердің барлық кешенін шартты түрде оқушының оқу іс -
әрекетіндегі белсенді ұстамының қалыптасу тетігі деп санаймыз.
Педагогикалық теория мен практикада белсенділік терминін пайдалану
кең тараған, алайда бұл ұғымның түпкі мағынасы өте күрделі. Ғылымда да бұл
ұғым әртүрлі түсіндіріледі. Баз біреулер белсенділікті іс -әрекеттің
нәтижесі деп ұғындырады, үшіншілер мүлде басқаша пікірлер білдіреді,
олардың ойынша белсенділік іс - әрекетпен салыстырғанда кеңірек ұғым. Енді
осы оқу іс - әрекетінің күрделі аспектісінң ең басты да, мәнді қырларын
қарастырамыз.
Бәрінен бұрын бнлсенділікті тұлғалық түзіліс деп түсінгеніміз жөн,
өйткені белсенділік оқушының ерекше күйін және оның іс - әрекетке деген
қатынасын білдіреді ( зейінділігі, бейімділігіпроцеске етене қатысуы, іс-
әрекет жағдайларының өзгерісін шапшаң сезіну т.б.).
Егер іс-әрекет объективтілік пен субъективтілік қасиеттерінің бірлігі
ретінде байқалса, онда белсенділік тек адамға ғана тән, көбінесе
субъектінің іс-әрекетіне тиісті.
Белсенділік іс-әрекеттің өзін бейнелейді, ол іс-әрекеттің деңгейін
және сипатын білдіреді. Іс-әрекет иесінің қасиеті ретінде белсенділік
мақсат қою процесіне, түрткіні саналы түсінуге, іс-әрекеттердің тәсіліне
көп әсер етеді.
Танымдық белсенділік - оқушының құнды және күрделі тұлғалық
түзілісі, олар мектептік кезеңдерінде кеңірек, мәндірек болады. ол оқу
мен оқытудың нәтижеліліген, оқу іс-әрекеттерінің белсенділігіне көп
ықпалын тигізеді. Сабақтың ққұндылығы да оқушылардың белсенділік дәрежесі
арқылы анықталады.
Танымдық белсенділікті дербестіктің (өз бетінше мәселені түсіну, өзінше
шешім қабылдау) алғашқы даярлық баспалдағы деп түсігну керек.
Дербестік – ынталылықпен, бастамашылдықпен оқу-танымдық мәселелерді
үлкендердің қатысуынсыз басқалардың көмегінсіз шешудің жолдарын
іздестірумен тікелей байланысты деп санаймыз. Мектепте баланың оқу танымдық
бағытындағы дербестігін әр пәннен әр түрлі оқу мәселелері мен есептерін
шешу барысында қалыптастыру тиімді саналады. Оқушы өзінің мүмкіндіктерін
түсінуі, оның іс-әрекетті орындаудағы дербестігіне тәуелді деп есептейміз.
Танымдық белсенділік пен дербестіктің көрінуі, байқалуы көп қырлы,
оларды ерекшелеу қиын шаруа.
Олар төмендегі уәждерден айқын көрінеді:
1) танымдық амалдардың мақсатты бағыттылығы және мағына түзерлік
сипатталатын мақсатты қажеттілік;
2) білімнің іскерліктің, іс-әрекет тәсілдерінің сипаттары, оларды
пайдалануға жаппай жұмылдыру, оқытушыға қойылатын сұрақтар
мазмұнының мағыналылығы;
3) танымдық іс-әрекетті әлеуметтік коммуникациялар есебінен, көп оқу,
теледидар, радио арқылы танымдық іс-әрекетті тереңдету, кеңейту
жөніндегі талап тілектер.
Бұлар оқушының оқу процесі шекарасынан тыс үйренген білім,
іскерліктерін оқу іс-әрекеттеріне әкелуге ұмтылысымен тығыз байланысты.
Талқыланып отырған сұраққа, мәселеге есепке белсенді пікір білдіру,
жолдастарының жауабын толықтыруға бағытталған ұмтылыс, оған түзетулер
енгізу, қателіктерді жөндеу – танымдық белсенділік пен дербестік
айтарлықтай көрсеткіші, бұл оқушының оқу-танымдық іс-әрекеттірінң
субъектісі ретінде қалыптасады деп есептейміз.
Кез келген жастағы оқушының белсенділігімен дербестігін қалыптастыру
оның кез келген іс-әрекет барысында жан-жақты дамуына, ұжым ішіндегі
беделінің өсуіне ықпал етеді.
Кез келген оқу іс-әрекеттерінің арасында танымдық қызығушылықтың
шоқтығы биік, салмағы басым.
Физикалық еңбек, оқу іс-әрекеттерінің ешқайсысы дамудың жоғарғы
деңгейіне тұлғаның іс-әрекетке ерекше ықыласты, ынталы қатынасынсыз жете
алмайды. Қызығушылық кез келген іс-әрекеттің (соның ішінде шығармашылық пен
кәсіпкерліктің ) қыздырушысы, қозғау салушысы, оған ықылас аудартар ерекше
күші, мұны субъективтіліктің байқалуының алғашқы белгісі деп санасақ
қателеспейміз, өйткені ол іс-әрекеттердің де, нәрселердің де, айнала
қоршаған болмыстың да талғамдылық сипатын білдіреді.
Қазіргі кезде оқу процесінде танымдық қызығушылық, оқытудың бүтіндей
атқаратын қызметі сияқты гностикалық (білім алу) мәселелерімен
шектелмейді, бұл оқушыныі тұлғалық түзімін оның әлеуметтік өмір іс-
әрекеттерін қамтиды [14].
Сонымен танымдық және қарым-қатынас қызығушылықтары адамға, оның
көңіл-күйіне мұңына, білімі мен іскерлігіне назар аударудан басталады.
Оқушының қатар отырған көршісі оны рухани байытуы мүмкін, ол
онымен бірлесіп, бірге пікірлесіп, кеңесіп іс-әрекеттер жасау, олардың
рухани дүниесін шыңдай түсері хақ.
Қызығушылықтан білім игерудің нәтижелілігі және танымдық іс-әрекет
тәсілдері өзгеріп қана қоймайды. Оның әсерінен, әлеуметтік мән-мағынасымен,
ұстанымымен қоса есептегенде оқу іс-әрекеттерінің бәрінің жалпылама тонусы
жақсарады, өзгереді, дамиды.
Оқушының қызығушылығы және оның құндылықтарға бағыт-бағдары өзара
тығыз байланысты. Құндылықтар ақиқат болмыстағы бар объективті
құндылықтарға бағытталады, бірақ олар субъективті, олар - адамның
қасиеті.
Оқу іс-әрекетінде ақиқат болмысты бейнелейтін әртүрлі салалық білімдер
аймағында объективті құндылықтар ашылады. Бұл іс-әрекет мектеп оқушысына
уақыт өту барыснда кездеетін кездейсоқтықты, сондай-ақ өтпелі жағдаяттылы,
қызығушылықтарда емес, ал тұрақты терең, өміршең қызығушылықтарға деген
талғаммен ұштауға , өткірлеуге, шыңдауға көмектеседі.
Оқу танымдық іс-әрекетіне қызығушылық - оқыту мен оқудың қуатты көзі,
қуатты қозғаушы күші. Енжар оқытушы алға қойылған мақсатты мәселені шешуге
өзінің оқушыларының белсенділігін көтеріп, шығармашылық іс-әрекеттерін
жұмылдыруға шамасы жетпейді., ал енжар оқушы робот секілді адамдық рухани
қозғалысы жоқ механизмі іспеттес деп түйеді белгілі ғалым Г.Щукина [10].
Соңғы жылдары оқыту теорисы іс-әрекеттер, оқушы тұлғасына көбірек назар
аударуда, олардың оқыту теориясы мен практикасындағы алатын орны зерттеліп
осы мәселелердің алыс келешектері жөнінде тұжырым – болжамдар жасауда,
атап айтсақ:
• әрбір оқушының жеке басының қажеттілігне сәйкес олардың білімге,
өмірге, қоршаған дүниеге қызығушылық қуаты мен жігеріне қозғау
салатын әртүрлі іс-әрекеттер түрлерін бір-біріне өзара толықтыру
жайларын айқындау, шын мәнінде мұнда әлі практикада қолданылмаған
әртүрлі іс-әрекеттер мен танымдық сәйкестіктері және олардың өзара
әсері жөніндегі іс-қимылдар қоры бар;
• міндетті оқу мен оқу уақытынан тыс еркін іс-әрекеттердің өзара
байланысы мен олардың біріне-ьірінің әсерін айқандау;
• оқытушы және оқушының іс-әрекеттерінің өзара байланысына ерекше
назар аударылуда, мұнда субъектілер арасындағы қарым-қатынастардың
дамуына, қалыптасуына үлкен мән беріледі, өйткені мұндай қатынас
түрлері оқушының субъективтілік ұстанымын нығайтады, оқытушының іс-
әрекеттерін байытады.
Көптеген оқытушылар оқу материалдарының мазмұнын оқушыларға
әдістемелік амалдармен жеткізуді жеткіліктісанайды. Мұндай ой түйіндері
мен ұйғарымнан оқыту әдістерінде біржақты ақпараттылық өркендейді.
Біздің ойымызша оқытушылар оқушылардың мәселенің қыр-сырына өзінше дербес
қанығатындай жағдай жасау керек, оларды өз бетінше “жаңалық” ашатындай
құбылыстың құпиясын, оның себептерін өздігінен тауып қуанатындай әдістер
қолданылған жөн, ол үшін оқушыларға шығармашылық іс-әрекеттер жолын үйрету
оның түрлері әдістері мен амалдарынымен топтастыру қажет деп санаймыз.
Қазіргі педагогикалық психологияда адамның ойлауының іс-әрекет
барысында қалыптасатыны жөнінде тұжырым жасалған. []
Ойлана білу тұлғаның жалпы сапалық қасиетіне жатады. Қазіргі кезде
оқушылардың әсіресе ғылыми-теориялық тұрғыдан ойлау қабілетін
қалыптастыруға, алайда оқушылардың жетік ойлана білу қабілетін
қалыптастырудың ұзаққа созылатыны белгілі.
Сөзіміздің дәлеліне Ресей академигі В.Давыдовтың пікірін келтірейік:
“Қазіргі мектепте берілуге тиісті білімдік мәселелердің түбегейлі шешілуі,
оқытудың мазмұны мен әдістері арқылы жобаланатын ойлау түрлерін өзгертумен
тікелей байланысты. Оқытудың барлық жүйесін , оқушылардың пайымдылық,
тәжірибелік ойлауын қалыптастыру ісінен, олардың қазіргі заманға лайық
ғылыми-теориялық ойлауын қалыптастырып, дамытуға бағдарлау қажет”. ғалымның
бұл пікірі бүгінгі күннің биік талабымен өрелес деп есептейміз.[]
Ойлау процесі адамға танылатын нысанның сезім мүшелері арқылы оның
жекелеген қырлары мен қасиеттерін тағайындаумен шектелмейді, сондай-ақ ол
осы қасиеттерді де тағайындау жолдарын анықтай алатын мәнді қасиеттерді
екшейді. Осында йжолдармен адам бақыланып отырғанқұбылыстың, оқиғаның,
өз іс-әрекеттерінің нәтижелерін алдын ала бақылай бастайды.
Практикалық және теориялық іс-әрекетте адам өзінің ойлауында бұларға
сай келетін әдістер мен ұғымдар жоқ міндеттерге немесе фактілерге
кездеседі. Адамға кездескен міндеттер адамзатқа бұрынғы белгілі әдістермен
шешуге келмейтін жағдайлар болады. Адамға әлі шешілмеген міндеттерді де
шешуге мүмкіндік беретін танымдық процестер шығармашылық ойлау деп
аталады. Шығармашылық ойлаудың формалары мен амалдық құрылымдары туралы
мәлім жайлар әзірше аз. Шығармашылық іс-әрекеттер және оның нәтижесі
болып табылатын шығармашылық ойлау адамда әлі жоқ ұғымдар мен логикалық
амалдар формасында өте алмайтын жәйттерді сипаттайды. Шығармашылық
ойлаудың нәтижесі белгілі түсініктерді, ұғымдарды түсіндірумен
шектелмейді, ол жаңа бейнелер, мағыналар, міндеттерді орындау әдістерін
жасайды, болмыстың жаңа қасиеттерін табады, немесе болмысты өзгертудің
тың әдістерін тудырады. Шығармашылық ойлау шығармашылық қиялдаулармен
үйлеседі.
Шығармашылық ойлау үшін ең бастысы онда жаттандылық болмауы керек,
болмысты әдеттегі дәстүрлі, үйреншікті ұғымдар мен түсініктер аясында
қарастыру нәтижелі бола қоймайды, сондықтан болмыстың барлық ұғымдары,
қатынастары, қасиеттері, ерекшеліктері ескеріледі. Болмыс қасиеттерін
толық есепке алып, оған тиісті барлық жәйттерді ескеріп, қандайда бір жаңа
түйін, тың шешім жасау үшін, болмыстағы қатынастарды қамтитын ұғымдар мен
әдістерді меңгеру керек. Сондықтан шығармашылық ойлаудың нәтижелі болуы
білім мен іскерліктің арқасында іс жүзіне асады деп есептейміз. Ұғымдарға
әзірше симайтын фактілер, қасиеттер, құбылыстар әуелі санада бейнеленеді,
мұның өзі де қиялдаумен, қиялдаудың көмегіне сүйенеді. Сана логика аясымен
шектелмеген, сондықтан да бұйымдар туралы түсініктердің кез келген, барынша
айрықша, фантастикалық арақатынастарына, бірігулеріне өзгерулеріне жол
береді. Қиялдық шығармашылық еңбек, іс-әрекеттер нәтижелі аяқталады.
Шығармашылық ойлауға үйрету мақсаты мен сипаты жөнінен ұғымдық,
логикалық ойлауға үйретумен үйлеспейді. Логикалық ойлауға үйретудің басты
міндеті - оқушыларға кездесетін барлық фактілерді белгілі ұғымдарға, ал
есептердің бәрін оларды шығарудың белгілі тәсілдеріне апару, ал
шығармашылық ойлауға үйрету, керісінше игерілетін ұғымдар мен әдістердің
бәрін сынап бағалауды талап етеді. Ол игерілетін ұғымдар мен әдістердің
нағыз болмыспен салыстырғанда шектеулілігін, сұлбалылығы мен толық
еместігін көре білуді үйретуі тиіс. Шығармашылық ойлау адамға нақты
фактілер мен олар туралы түсініктердегі айырманы көре білуге үйретеді.
Шығармашылық ойлау адамды әдеттегі “парасатты, мағыналы” немесе
беделді адамдар, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу–танымдық әрекетін қалыптастыру
Педагогикалық ғылымдар және олардың мазмұны
Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістері жайлы мәлімет
Педагогика пәні бойынша бағдарлама
Қазақтың тұрмыс - салт дәстүрі негізінде мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке баулудың әдістемесі
Оқушылар дүниетанымының қалыптасуы мектептің іс-әрекетінің басты бағыты
Жоғары оқу орындарында болашақ маманды тиімді дайындаудың психологиялық - педагогикалық шарттары
Тұлғаның өзін-өзі дамытудың теориялық негізі
Педагогиканың теориялық - әдіснамалық негіздері
Оқу процесіндегі экологиялық тәрбие
Пәндер