Өскелең ұрпақты қоғамдық өмірге әлеуметтендіру



1. КІРІСПЕ 3
2.ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУ . ӨСКЕЛЕҢ ҰРПАҚТЫ ҚОҒАМДЫҚ ӨМІРГЕ ДАЯРЛАУ 7
3.ӨСКЕЛЕҢ ҰРПАҚТЫ ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУДІҢ НЕГІЗГІ САЛАЛАРЫ МЕН КЕЗЕҢДЕРІ 12
4.ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУ ИНСТИТУТТАРЫ 19
5. ҚОРЫТЫНДЫ 22
Терең әлеуметтік бағыты бар нарықтық экономикалық және жаңа тұрпатты қоғамдық қатынастарға негізделіп, енді ғана Қазақстанда қалыптасып келе жатқан егемен мемлекеттің өз тұрғындарына, соның ішінде, әсіресе, ертеңгі күні тұтқа болар өмкелең ұрпағының алдына қойып отырған өмір сүру, құқық, мінез-құлық, адамгершілік, тәртіп, еңбек пен меншікке қатынас, бәсекелестік пен іскерлік талаптары кешегі күні өткен тоталитарлық жүйенің сұраныстарынан басқаша. Сондай-ақ, өз егемендігіне жаңа ғана ие болған жас мемлекеттің өз тұрғындарының бойына қалыптастырылғалы отырған дүниеге көзқарасы, мінез-құлық нормалары мен адамгершілік принциптері де мүлдем бөлек.
Сондықтан да болар, қоғамдық-экономикалық формациядан ешқандай дайындықсыз екіншісіне топ ете түскенімізбен, жаңа қоғамдық құрылыстың өмір сүру тәсілдеріне машықтанып, тіршілік иірімдеріне суға батқан тастай болып, бірден сіңісіп кету оңай емес. Үйреншікті күйбең қарекетінен, өмір бойы санасына сіңген дүниеге сенімді көзқарасынан, біркелкі тіршілік ырғағынан айрылған бұқара көпшіліктің санасында қазір күдікті ойларға толы танымдық процестер жүріп жатыр. Терең мәнді әртүрлі жетектегі бұл ой пікірлер мен пайымдаулардың өзі айтарлықтай елеулі әрі күрделі. Өйткені, барлық адамдарды, бұқара көпшіліктің сана-сезімі мен көңіл-күйін баурап алған әрі күдік пен қайшылыққа толы ауыр толғаныстары олардың алдағы бүкіл ғұмырларының діңгекті қазығы болып табылатын өмірлік жоспарларын, мақсат мұраттары, мүдделері, іс-әрекеттерін негіздеумен бірге нақты тұрмыс жағдайларын да қамтып отыр. Бұрынғы шаруашылық байланыстардың үзіліп, өндірістің тоқырауы, қоғамдық өмірдің барлық жақтарын қамтып отырған дағдарыс, әлеуметтік кесел, жаппай жұмыссыздық, болашаққа сенімсіздік, азық-түлік пен тұтыну заттарының тапшылығы, бағаның шексіз өсуі, ақша айналымының тұрақсыздығы, тұрмыс деңгейінің құлдырауы, т.с.с. бұқара көпшіліктің онсыз да сұрықсыз, дүбәрә тіршілігін одан әрі күйкісіздендіріп, көңілдеріне қаяу түсіруде. Қазақстан тұрғындарының басым көпшілігі республикада жүргізіліп жатқан реформалық оң өзгерістердің қажеттілігін түсініп, жүректерімен сезінгендерімен, оның мән мағынасына ой жүгіртпеген. Адамдардың басым бөлігі, бұқара көпшілік өз болшағына әлі сенімсіз. Ертеңгі күні не боларын білмей дал болуда.
1. Бүркіт Ысқақов. Мақала 1961 «Білім және еңбек» журнал.
2. Серағазы Калиев, Құбығұл Жарқыбаев
«Қазақ тәлім-тәрбиесі». Алматы, «Санат», 1995.
3. Ғафу Қайырбеков 1956.»Далдағы қоңырау» пэма.
4. Мұстай Ақынжанов « Қазақ ағартушыларының қоғамдық-саяси көзқарасының қалыптасуы» кітабы. 1949.
5. С. Ешімханов. Мақала 1989. «Мәдениет және тұрмыс» журналы N9.
6. Аспандияров Санжар. «Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт –азаттық көтерілісі» кітабы. 1928.
7. Кенжебаев Бейсенбаев. «қазақ әдебиеті тарихының мәселелері» кітабы. 1941.
8. Самойлович Александр Николаевич. Түркі халықтарының әдебиеті» кітабынан ұсынушы С. Қорабаев. 1905.
9. Эфиров А. Ф. «Ы. Алтынсарин творчествосы» кітабы. Алматы, 1949.
10. Дербісалин Әнуар. «Ыбырай Алтынсарин» атты еңбегінен. 1980.
11. Жұмағұлов Қасым. «Қасым халқының ұлы демократ-ағартушылары» кітапша. 1949.
12. Жұмалиев Қажым. «Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері және Абай поэзииясының тілі» аты монографиясынан.
13. Базиянц А. П. «Лазеревский институт восточных языков» Москва, 1959
14. Данциг Б. М. «Ближный восток в русской науке илитературе /до октябрьский период/» Москва, 1973.
15. К. Беисенбаев. «Қазақстанның қоғамдық-саияси және философиялық ойларының тарихи очеркі». Алматы,1976.
16. Шоқан Уалиханов. Мақалалары мен хаттары. Алматы.1949.
17. М.Әуезов. Абайтанудың жарияланбаған материялдары. Алматы,’’Ғылым» баспасы,1988.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Ф.4.7-006-01

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. Ауезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

ҚББ институты

Психология және дефектология кафедрасы

Психология тарихы пәнінен

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Өскелең ұрпақты қоғамдық Өмірге Әлеуметтендіру

Орындаған: Жунусова А.

Тобы: ЗФК 04-3к1

Қабылдаған: Ахметова А.К.

Шымкент 2009

Мазмұны

1. Кіріспе
3
2.Әлеуметтендіру – Өскелең ұрпақты қоғамдық Өмірге даярлау

7
3.Өскелең ұрпақты Әлеуметтендірудің негізгі салалары мен кезеңдері
12
4.ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУ ИНСТИТУТТАРЫ
19
5. Қорытынды
22

Кіріспе

Терең әлеуметтік бағыты бар нарықтық экономикалық және жаңа тұрпатты
қоғамдық қатынастарға негізделіп, енді ғана Қазақстанда қалыптасып келе
жатқан егемен мемлекеттің өз тұрғындарына, соның ішінде, әсіресе, ертеңгі
күні тұтқа болар өмкелең ұрпағының алдына қойып отырған өмір сүру, құқық,
мінез-құлық, адамгершілік, тәртіп, еңбек пен меншікке қатынас, бәсекелестік
пен іскерлік талаптары кешегі күні өткен тоталитарлық жүйенің
сұраныстарынан басқаша. Сондай-ақ, өз егемендігіне жаңа ғана ие болған жас
мемлекеттің өз тұрғындарының бойына қалыптастырылғалы отырған дүниеге
көзқарасы, мінез-құлық нормалары мен адамгершілік принциптері де мүлдем
бөлек.
Сондықтан да болар, қоғамдық-экономикалық формациядан ешқандай
дайындықсыз екіншісіне топ ете түскенімізбен, жаңа қоғамдық құрылыстың өмір
сүру тәсілдеріне машықтанып, тіршілік иірімдеріне суға батқан тастай болып,
бірден сіңісіп кету оңай емес. Үйреншікті күйбең қарекетінен, өмір бойы
санасына сіңген дүниеге сенімді көзқарасынан, біркелкі тіршілік ырғағынан
айрылған бұқара көпшіліктің санасында қазір күдікті ойларға толы танымдық
процестер жүріп жатыр. Терең мәнді әртүрлі жетектегі бұл ой пікірлер мен
пайымдаулардың өзі айтарлықтай елеулі әрі күрделі. Өйткені, барлық
адамдарды, бұқара көпшіліктің сана-сезімі мен көңіл-күйін баурап алған әрі
күдік пен қайшылыққа толы ауыр толғаныстары олардың алдағы бүкіл
ғұмырларының діңгекті қазығы болып табылатын өмірлік жоспарларын, мақсат
мұраттары, мүдделері, іс-әрекеттерін негіздеумен бірге нақты тұрмыс
жағдайларын да қамтып отыр. Бұрынғы шаруашылық байланыстардың үзіліп,
өндірістің тоқырауы, қоғамдық өмірдің барлық жақтарын қамтып отырған
дағдарыс, әлеуметтік кесел, жаппай жұмыссыздық, болашаққа сенімсіздік, азық-
түлік пен тұтыну заттарының тапшылығы, бағаның шексіз өсуі, ақша
айналымының тұрақсыздығы, тұрмыс деңгейінің құлдырауы, т.с.с. бұқара
көпшіліктің онсыз да сұрықсыз, дүбәрә тіршілігін одан әрі күйкісіздендіріп,
көңілдеріне қаяу түсіруде. Қазақстан тұрғындарының басым көпшілігі
республикада жүргізіліп жатқан реформалық оң өзгерістердің қажеттілігін
түсініп, жүректерімен сезінгендерімен, оның мән мағынасына ой жүгіртпеген.
Адамдардың басым бөлігі, бұқара көпшілік өз болшағына әлі сенімсіз. Ертеңгі
күні не боларын білмей дал болуда.
Ал, мұның өзі бір жағынан қоғамда орын алып отырған экономикалық
тұрақсыздық пен әлеуметтік теңсіздікке қарсы бұқара халықтың басым
көпшілігінің наразылығын туғызып отыр.
Екінші жағынан, шаруашылықта орын алып отырған өте күрделі
экономикалық дағдарыс күнкөріс көзінен айырылып, жұмыссыз жүрген, сөйтіп
жоқшылыққа ұшыраған бұқара халықтың қайсы бір топтарының, әсіресе,
жастардың ойында моральдық тұрғыдан терең күйзеліс сезімін тудырып, олардың
қазіргідей бүлдіруші күшке айналдырып барады. Жастар арасында бұрын-соңды
болмаған тәртіп бұзушылық, құмар ойындармен әуестенушілік, нашақорлық,
ұрлық жасау мен ішімдікке салынушылық, т.б.кең етек алуда. Жалпы қатаң
бәсекелестік пен пайдакүнемдік, арамдық пен ұятсыздық, жезөкшелік пен жалаң
еліктеушілік белең алған нарықтық экономика жағдайындағы өзгермелі заманның
күйбең тіршілігі күннен күнге сұрықсызданып, ұзақ ғасырлар бойы қалыптасқан
адамгершілік пен мінез-құлық нормаларын жуып шайып барады. Ізеттілік-
дөрекілікке, қайырымдылық-қатыгездікке, жомарттық-тоғышарлыққа, адалдық-
арамдыққа, парасаттылық-парықсыздыққа, имандылық-имансыздыққа айналуда.
Нәтижесінде үлкеннің алдын кесіп өтпеген ұлдарымыз, үлкен-кішіге ізетті
қыздарымыз ата-әжесін беттен алып, әлпештеп өсірген әке-шешесін қарттар
үйіне өткізіп немесе қаңғытып жіберуге. Әркімге жәутеңдей қарап апалаған
тірі жетімдеріміздің саны күннен күнге көбейе түсуде. Жастарымыздың
кейбіреулері тағдыр тәлкегіне төзе алмай, құмар ойындары мен нашақорлыққа,
ұрлық пен алкоголизмге бой алдырып, халқымыздың салт-дәстүрлеріне
жатпайтын, әдет ғұрпына кереғар келеңсіздіктерді тез қабылдап, нарықтық
жүгенсіздік орын алған азғантай уақыттың ішінде азғындап шыға келді.
Мұндайлардың басым көпшілігі кеше ғана мектеп бітіріп, жұмыс іздеп ауылдан
қалаға келген қазақ жастары екендігі баршаға аян.
Міне, сондықтан да қоғамның саяси-әлеуметтік дамуының осындайаумалы-
төкпелі кезеңінде өскелең ұрпақты нарықтық-экономикалық және жаңа тұрпатты
қоғамдық қатынастарға бейімдеп, әлеуметтендіру мәселелеріне айрықша назар
аударылып отыр.
Өскелең ұрпақты әлеуметтендіруде, әсіресе, жалпы білім беретін
мектептің орны мен ролі айрықша бөлек. Өйткені, олардың жеке тұлға ретінде
қалыптасуының бастапқы кезеңі оқыту мен тәрбиелеудің осы мектептегі
жылдарымен дәл келеді. Өскелең ұрпақты өмірге даярлап, мамандықты саналы
таңдауға, Отан алдындағы азаматтық борышты адал орындауға баулитын да осы –
мектеп. Кәсіптік және арнаулы білімнің барлық негізі жалпы білім беретін
мектепте қаланып, жас ұрпақтың әлеуметтік бітім-болмысы мен адамдық қадір-
қасиеттерінің негізгі белгілері осында қалыптаса бастайды. Олай болса,
қоғамның алға басуы мен болашағы көбіне-көп мектептің бүгінгі жас ұрпақты
қалай оқытып, тәрбиелеуіне, неге және қалай үйрететініне тікелей
байланысты.
Өскелең ұрпақты әлеуметтендіру мәселелері алғаш ретсубъективтік
тұрғыдан біржақты Батыс Европада жарық көрген ғылыми еңбектерде, атап
айтқанда, австриялық психолог З.Фрейдтің психикалық анализ және осы ілімнің
негізінде екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Батыс Германияда пайда болған
антропологиялық мәдениет теориясында аталып, жас өспірімдердің психикалық
және жыныстық тұрғыдан пісіп-жетілуі оларды әлеуметтендірудің қайнар көзі
ретінде қарастырылды. Сондықтан кешегі тоталитарлық жүйеде өскелең ұрпақты
әлеуметтендіру буржуазиялық қоғамға ғана тән құбылыс ретінде танылып,
зерттеу объектісі ретінде жеке алынып, талданған жоқ Дегенмен, жеке адамды
қалыптастыру, өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу, оларды өмірге даярлау,
болашаққа бағыт-бағдар беру, мамандықты саналы таңдау мәселелеріне арналған
Л.С.Выготскийдің, Л.И.Божовичтің, Н.С.Лейтестің, И.С.Конның, М.Н.Руткевич
пен Л.Я.Рубинаның, М.Х.Титманың, В.Н.Турченконың, Ф.Р.Филипповтың,
Г.А.Чередниченко мен В.Н.Шубкиннің еңбектерінде өскелең ұрпақты
әлеуметтендіру қажеттігі жанамалап болса да көтерілді.
Сондай-ақ, қоғамның әлеуметтік құрылымын, ұлтаралық қатынастарды,
демографиялық және миграциялықпроцестерді реттеу мәселелерін зерттеген
М.С.Аженовтың, Н.А.Айтовтың, М.М.Сужиковтың, М.М.Тажиннің, М.Б.Татимовтың
еңбектерінде білім берудің өскелең ұрпақты әлеуметтендіруге тигізетін
ықпалы туралы аз да болса сөз қозғалған.
Зерттеу объектісі бір қоғамдық экономикалық формациядан екіншісіне
көшудің өтпелі дәуіріндегі жалпы білім беретін мектептің өскелең ұрпақты
әлеуметтендіріп, жаңа қоғамдық қатынастар жүйесіне қосуға бағытталған іс-
әрекеті мен қызметі. Ал зерттеу пәні мектептің осы қиында күрделі мәселені
ойдағыдай шешуге бағытталған іс-әрекеті мен қызметінің негізгі бағыттарын
анықтау, оқыту мен тәрбиелеу процесінде оқушылардың бойына белгілі бір
әлеуметтік сапалар мен қасиеттерді сіңдірудің нақты формаларын, жолдарын
және тәсілдерін көрсетумен қатар, олардың әрқайсысын жеке-жеке талдап,
түсіндіру болып табылады.
Зерттеудің мақсаты мен негізгі міндеттері тақырыптың актуальдылығы
мен шешілетін мәселенің маңыздылығынан туындап отыр. Еңбектің басты мақсаты
әлеуметтендіру институты ретінде жалпы білім беретін мектептің өскелең
ұрпақты оқытып, тәрбиелеудің негізінде белгілі бір тәртіпке келтіріліп
жинақталған қажетті ғылыми білімдерді, құндылықтарды және мінез-құлық
нормаларын меңгету арқылы оларды біртіндеп жаңа қоғам өміріне ендіруге
бағытталған іс-әрекеті мен қызметінің күрделі табиғатын жан-жақты
қарастырып, зерттеу.
Осы жалпы мақсатқа сәйкес зерттеу жұмысында алға қойылған
төмендегідей міндеттерді өз шешімін тапты:
– тоталитарлық жүйеден жаңа демократиялық зиялы қоғамға өтудің қазіргі
аумалы-төкпелі кезеңінде өскелең ұрпақты енді ғана қалыптасып келе
жатқан нарықтық экономикалық және тұрпатты қоғамдық қатынастарға
бейімдеп, әлеуметтендіруге бағытталған жалпы білім беретін мектептің
іс-әрекеті мен қызметі жан-жақты қарастырылып, талданды;
– жалпы білім беретін орта мектептің өскелең ұрпақты әлеуметтендіруге
бағытталған іс-әрекеті мен қызметінің негізгі бағыттары, өскелең
ұрпақты өздері өмір сүргелі отырған жаңа қоғамның әлеуметтік
экономикалық құрылысына сәйкес әлеуметтік рольдер жүйесіне қосуға
қажетті әлеуметтік қасиеттер мен сапаларды атап айтқанда, белгілі бір
тәртіпке келтіріліп жинақталған ғылыми білімдердің негіздері, дағды
іскерліктерді және біліктілікті, рухани байлықтарды, мүдделер мен
құндылықтарды дүниетанымдық тағылымдар мен мақсат-мұраттарды, бағыт-
бағдарлар мен салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптар мен жөн-жоралғыларды,
адамгершілік пен мінез-құлық нормаларын меңгертудің нақты формалары,
жылдары және әдістемелік құралдары жеке-жеке талданылып, нақтылы
көрсетілді.
Ғылыми еңбектің методологиялық және теориялық негізі ретінде Қазақстан
Республикасының Конституциясы, Жоғарғы Кеңес қабылдаған Білім беру туралы
Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің
сөйлеген сөздері мен еңбектері, Білім Министрлігі қабылдаған бірқатар
құжаттар алынды. Сонымен қатар, жұмыста Қазақстанның және көршілес
мемлекеттерді қоғамдық және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар саласында
қалам сермеген ғалымдарының қарастырылып отырған мәселенің қайсыбір
жақтарына қатысты еңбектері демеуші ретінде пайдаланылды.
Зерттеу жұмысының деректік және фактілік қоры жалпы білім беретін
мектептің өмірі мен қызметі туралы жазылған мерзімдік басылымдардың
материалдары, нақты социологиялық зерттеулердің және статистикалық
органдардың мәліметтері болып табылады.
Жұмыстың эмпирикалық қайнар бастауына өсіп келе жатқан жас ұрпақты
әлеуметтендіруде жалпы білім беретін мектептің алатын орны мен ролін
анықтау мақсаты мен автордың 1989-1994 жылдар аралығында Батыс Қазақстан
және Оңтүстік Қазақстан облыстарының бірқатар мектептері оқушылары арасында
бірнеше қайтара жүргізген нақты социологиялық зерттеу мәліметтері алынды.
Сұранылған оқушылардың жалпы саны – 1200. Ақпараттар жинастыру мектеп
оқушылары арасында сауалнама тарату арқылы жүргізілді. Жауаптарды өңдеу
Анкета атты мамандандырылған бағдарлама бойынша электрондық-есептеу
мәшинесі жүзеге асырылды.

1.Әлеуметтендіру – Өскелең ұрпақты қоғамдық Өмірге даярлау

Жарық дүниеге жас нәресте, ұрпақ сабақтастығын жалғастырар жаңа адам
келді. Оның қандай азамат болып қалыптасатындығы көбіне-көп отбасында – ата-
анасының, аға-апасының, ағайын-туғандарының тағылымына, оқитын мектебінде
оқытатын ұстаздарының тәлім-тәрбиесіне, аулада-аға буын өкілдерінің, көрші-
қолаңның, құрбы-құрдастарының өнегелі үлгісіне, бір сөзбен айтқанда,
қоршаған нақты әлеуметтік ортасының ықпалына байланысты. Қоршаған ортаның –
қоғамдық болмыстың, нақты әлеуметтік ортаның, отбасының, мектептің,
ауланың, қала берді, тіпті, балалардың өз ортасында бірнәрсеге қызығушылық
нәтижесінде пайда болатын ресми емес, уақытша топтардың, ересек адамдардың
ықпалынсыз жас баланың адам ретінде қалыптасуы, бойына адамзат
қауымдастығына тән сапалық белігілер мен қасиеттерді сіңіруі екіталай.
Ал адамзат баласына тән адамдық қадыр-қасиеттер мен тұрмыс
қарекетінің тауқыметін өз бойына сіңірмейінше, жас баланың қоғамдық өмірге
бейімделуі, сіңісіп кетуі қиын, оның хайуандардан, жан-жануарлардан
айырмашылығы шамалы. Мысалы, кездейсоқ бір себептермен кішкентай балаларды
жыртқыш аңдардың алып кетіп, ондаған жылдар бойы өз орталарында қалдырып
қойған фактілерін жұртшылық жақсы біледі. Елуден астам мәлім болған мұндай
жайлардың барлығында дерлік балалар адам қалпынан айрылып қалған. Олардың
төрт аяқтап еңбектеп жүгіріп, өзін асырап өсірген хайуандардың барлық
қимылдарына еліктеуден басқа ешбір қабілет болмағаны. Кейін олардың қолға
түскендерін адам бейнесіне келтіріп дұрыс сөйлеуді, екі аяқпен тік жүруді,
үйретуге тырысқан белгілі маман ғалымдарының әрекетінің нәтиже бермеген.
Демек, өмірге жаңадан келген әрбір жас нәрестенің, жаңа адамның пісіп-
жетіліп, аяқтануы, өсіп-өніп, ержетіп, есеюі барысында оның бойына адамзат
қауымдастығына тән сапалық белгілер мен қасиеттерді сіңдіріп, қоғамдық
өмірге даярлап, қосу-оны қоршаған нақты әлеуметтік ортасының-белгілі бір
мемлекеттік құрылыстың, ондағы қалыптасқан қоғамдық өндірістік қарым-
қатынастар мен байланыстардың көрінісі ретінде әлеуметтік институттарының-
отбасының, мектептің, көпшілік ақпарат-құралдарының т.с.с. тәлім-тәрбиелік
ықпалына, сондай-ақ, аға буын өкілдерінің үлгі-өнегелік тағылымына тікелей
қатысты.
Бұл процесс ғылым тілінде өскелең ұрпақты әлеуметтендіру процесі деп
аталады. Әрине, өмірге жаңадан қадам басқан жас баланы әлеуметтендіріп,
қоғамдық өмірге дайындау оған сырттай еріксіз танылатын тәлім-тәрбиелік іс
шараларын жәй жиынтығы емес, керісінше тәрбиешінің де, тәрбиелеушінің де
белсенді іс-әрекетін қажетсінетін күрделі процесс. Ол тәрбиешіден пісіп-
жетіліп, өсіп-өніп келе жатқан әрбір жас баланың өзіндік және жас
ерекшеліктерін есепке ала отырып, белгілі бір жағдайларында керекті нәтиже
беретін тәлім-тәрбиелік әдістер мен қасиеттерді таңдай және қолдана білуін
қатаң талап етеді. Ал тәрбиеленушіден өзінің қабылдау мүмкіндіктерін дұрыс
әрі орынды пайдалана отырып, қоғамда қабылданған адамгершілік пен мінез-
құлық нормаларының, құндылықтар мен білімдерді ықтияттықпен меңгеруді,
өзінің іс-қимылымен мінез-құлқын қоғам талабына лайықтап, үнемі дұрыс жолға
салып, өзгертіп отыруды талап етеді. Соның арқасында оның бойында өз мінез-
құлқын, әрекетін басқа адамдардың сондай қылықтарымен салыстыра отырып
бағалау, сөйтіп өзінің кім екенін түсіну, қоғамнан өз орнын табуға
ұмтылушылық сезімдері, бір сөзбен айтқанда, өзін-өзі танып-білу қабілеті
жетіледі.
Өскелең ұрпақты әлеуметтендіру мәселелері алғаш рет субъективтік
тұрғыдан бір жақты Батыс Еуропада жарық көрген ғылыми еңбектерде, атап
айтқанда австриялық психолог З.Фрейдтің психикалық анализі және осы
ілімінің негізінде екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Батыс Германияда
пайда болған антропологиялық мәдениет теориясын дамытушыларын еңбектерінде
аталып, жасөспірімдерді психикалық және жыныстық тұрғыдан пісіп-жетілуі
оларды әлеуметтендіруді қайнар көзі ретінде қарастырылды. Сондықтан да
болар, дүниежүзілік ғылыми әдебиетте әлеуметтендіру ұғымының мазмұны
туралы ортақ пікір жоқ. Әртүрлі ғылым өкілдері бұл терминнің мазмұнын
өзінше түсіндіреді. Айталық, неовихевиоризм өкілдері әлеуметтендіру
ұғымын әлеуметтік өмірді оқытып үйрету түрінде түсіндірсе, символдық
интеракционизм мектебінің мүшелері оны әлеуметтік қарым-қатынас нәтижесі
деп біледі. Ал, антропологиялық мәдениет пен гуманистік психология
ағымдарының өкілдері австриялық психолог З.Фрейдтің психоанализ теориясына
сүйене отырып, әлеуметтендіру терминінің мазмұнын мен ұғымының баламасы
ретінде пайымдап, дайындалған болашаққа қатысты көзқарасты өзіндік
маңызды мәселелері құрайды деп есептейді.
Батыс Европа оқымыстыларынан өзгеше орыс ғалымдары әлеуметтендіру
терминінің мазмұнын әлеуметтік тәжірибені меңгерту арқылы жеке тұлғаның
өмірлік позициясын қалыптастыру мәселелері құрайтындығына баса назар
аударады. Мысалы, Москва қаласында 1988 жылы көрген Қысқаша социологиялық
сөздікте Әлеуметтендіру ұғымына төмендегідей анықтама берілген.
Әлеуметтендіру дегеніміз жеке тұлғаның қалыптасуы, оның белгілі бір
қоғамда, әлеуметтік ортада, топта қабылданған мінез-құлық үлгілерін,
құндылықтарды, нормаларды, нұсқауларды меңгеруі. Россия Федерациясында 1990
жылы шыққан Психология атты түсіндірме сөздікте де жоғарыда аталған
Әлеуметтендіру ұғымына бара-бар анықтама берілген.
Академик И.С.Кон өзінің Бала және қоғам атты еңбегінде
әлеуметтендіру ұғымына берілген анықтамаға Я.Шепаньскийдің Социологияның
қарапайым ұғымдары атты кітабына сілтеме жасаған болса, ал профессор
Г.М.Андреева Әлеуметтік психология атты оқулығында фиолософиялық,
социологиялық, педагогикалық және психологиялық ғылыми әдебиетте
Әлеуметтендіру ұғымы туралы бір-біріне кереғар анықтамалардың беріліп
жүргендігін айта келіп, олардың бірнешеуін мысалға келтірген.
Әлеуметтендіру дегеніміз индивидтің әлеуметтік ортаға ендірілуі, ...
оның әлеуметтік ықпалға бой ұсынуы,... оны әлеуметтік қарым-қатынастар
жүйесіне қосу, т.с.с.
Қысқа-қысқа қайтарылған мұндай анықтамалардың әлеуметтендіру
ұғымының мәнін толық ашып көрсете алмайтындығын тілге тиек ете отырып,
Г.М.Андреева әлеуметтендіру дегеніміз екі жақты процесс, ол өзінің
мазмұнына, бір жағынан, индивидтің белгілі бір әлеуметтік ортаға еніп, онда
жинақталған әлеуметтік тәжірибені меңгеруін, екінші жағынан, индивид өзінің
белсенді іс-әрекетінің ықпалымен әлеуметтік қарым-қатынастар жүйесінің
ұдайы толықтырылып отырылуын қамтамасыз ете алуы, әлеуметтік ортаға
белсенді түрде қосылуы, - деп түсіндіреді.
Егер, – дейді өз ойын одан әрі жалғастырған Г.М.Андреева, -
әлеуметтендіру процесінің бірінші жағы әлеуметтенген адамның өзінің саналы
іс-әрекетімен өзін қоршаған ортаны өзгертуге бағытталған белсенділігін
танытады. Адам тек әлеуметтік тәжірибені меңгеріп қана қоймайды, оны өзінің
саналы өмірінде жаңа мазмұнмен толықтырылады, қажетіне жаратады.
Мән-мағынасына терең бойламай, сырт көзбен қарағанда,
әлеуметтендіру термині тәрбие ұғымына бара-бар сияқты болып көрінуі
мүмкін. Дей тұрғанмен, бұл екі ұғымның арасында айтарлықтай айырмашылық
бар. Тәрбие ұғымы қоғамның өз мүшелеріне саналы түрде арнайы жоспарланған
мақсатты тәрбие беруін білдіреді. Ал, әлеуметтендіру термині болса,
өзінің мазмұнына мемлекеттік тәрбие жүйесіне тән белгілерден де басқа
қоршаған нақты әлеуметтік ортаның ықпалымен өмірдің өзінен туындайтын әрі
күнделікті тұрмыса жиі кездесіп отыратын тәрбиелік мүмкіндіктерді қамтиды.
Мысалы, жасөспірімнің әлеуметтік тұрғыдан қалыптасуына құрбы-құрдастарының
тигізетін ықпалын әлеуметтендіру факторы ретінде алып қарастыруға болады.
Немесе жасөспірімді өмірден, үлкендермен арадағы қатынастан, көрген-
білгендерінен түйгендерін ой елегінен өткеріп, шалқақтатқан эмоциялық-
сезімдік ішкі толғаныстары, салыстырмалы-танымдық пайымдаулары мен ой-
тұжырымдарының тәрбиелік мәні. Немесе баланың организмдер сияқты өзін
қоршаған нақты ортаға бейімделуі. Бұл факторлар өскелең ұрпақты тәрбиелеп,
қоғамдық өмірге даярлауға бағытталған тәрбиелік шаралардың санатына
кірмегенмен, жеке бастың қалыптасуында орасан зор роль атқарады. Сондықтан
да болар, әлеуметтендіру мәселелерін зерттегенде көбіне-көп Батыс
оқымыстылары дүниеге жаңадан келген ұрпақтың белгілі бір ортаға, топқа
бейімделіп, сіңісіп кетуін, қалыптастырады да қояды. Олардың түсіндіруінше,
әлеуметтену дегеніміздің өзі адамның белгілі бір ортаға, топқа беімделіп,
сіңісіп кетуі. Адам бойындағы мұндай қасиет оның бала кезінен пайда болып,
өмір бойы қалыптасады.
Білім беру және оқыту ұғымдары да әлеуметтендіру терминінің
негізгі құрылымдық компоненттерінің қатарынан берік орын алады. Себебі кез-
келген тәрбиелік шаралардың: яғни өскелең ұрпақты әлеуметтендірудің негізін
оларға өмір бойы қызмет ететін, олардың дүниеге ғылыми көзқарасын
қалыптастыруға және ғылымның негізгі байлықтарын, ұлттық, жалпы адамзаттық
мәдениетті игеруге мүмкіндік беретін, сондай-ақ өскелең ұрпақтың өздігінен
ойлау қабілетін дамытуға, алда тұрған өмірлік, бағыт-бағдарлық және
өндірістік міндеттерді өз бетінше шешуге, жағдайдың өзгеруіне байланысты
тез бейімделуді, алған білімдерін нарық кезеңіндегі өмірде қолдана білуді
қажет ететін қазіргі заманғы күрделі техникамен және технологиямен
байланысты алдағы еңбек жолында қажет болатын білім негіздерін, дағды-
іскерліктер мен біліктілікті меңгерту құрайды. Сонымен бірге, білім беру
өскелең ұрпақты әлеуметтендірудің өзекті арқауы ретінде оқыту мен тәрбиелеу
процесінде жеткіншек ұрпаққа ұлттық тәлім-тәрбие беру арқылы олардың
әрқайсысының бойына өз ұлтына тән ұлттық қадір-қасиеттерді, ұлттық
мүдделерді, ұлттық мақсат-мұраттарды, ұлттық өзіндік шаруашылық жүргізу
машықтарын, іскерлік пен тәжірибені, өнерді сіңдіруге де ұйытқы болады.
Білім беру өскелең ұрпақтың бойына өз ұлтына тән құндылықтарды сіңірумен
қатар, олардың жалпы адамзатқа тән қазыналардан да сусындауын қамтамасыз
етеді. Балалардың жан-жақты ықыласы мен бейім-қабілетін дамыту, олардың
бойына еңбек және қоғамдық қызмет дағдыларын сіңіру, кәсіби бағдар беру,
дербестігі мен жауапкершілігін, білім алуға ұмтылысын, ғылымға, техникаға,
өнерге, әдебиетке, ұлттық дәстүрлерге құштарлығын тәрбиелеу, адамгершілік,
эстотикалық тәрбие беру мен денесін шынықтырып, денсаулығын нығайтудың
нәтижесінде өскелең ұрпақтың жеке тұлғасын қалыптастырып, әлеуметтендіру
арқылы оларды қоғамдық өмірге даярлап, қосу білім берудің, оқыту мен
тәрбиелеу процесінің басты міндеті болып табылады.
Жоғарыда айтылғандарды қорыта келіп, әлеуметтендіру терминіне
төмендегідей анықтама беруе болады.
Әлеуметтендіру дегеніміз – жеке тұлғаны жан-жақты қалыптастыру,
жеткіншек, жас ұрпаққа оқыту мен тәрбиелеупроцесінде белгілі бір тәртіпке
келтіріліп, жинақталған қажетті ғылыми білімдерді, дағды-іскерліктерді және
біліктілікті, рухани байлықтарды, мүдделер мен құндылықтарды, дүниетанымдық
тағылымдар мен салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптар мен жөн-жоралғыларды,
адамгершілік пен мінез-құлық нормаларын меңгеру арқылы оларды біртіндеп
өздері өмір сүріп отырған қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылысына
сәйкес әлеуметтік рольдер жүйесіне қосу.

2.Өскелең ұрпақты Әлеуметтендірудің негізгі салалары мен кезеңдері

Адамның жеке басының қалыптасуы – оны әлеуметтендіру процесінде
жүзеге асырылатын күрделі процесс. Бұл процесс, яғни адамның жеке тұлға,
кісі ретінде қалыптасуы ол жарық дүниеге, өмірге келген әрі алды өмір
сүретін ортасының алуан түрлі жағдайларына бейімделеді. Әлеуметтік ортаның,
тәлім-тәрбиенің ықпалымен оның бойында біртіндеп адамдық қасиеттер
болады, болмайды, ар, ұят сияқты адамгершілік нормалары, мінез-
құлық пен сұхбаттасу мәдениеті, әдептілік пен тәртіптілік белгілері т.б.
қалыптасып, дамиды. Әрі олардың мазмұны күннен-күнге жаңа сапалық
қасиеттермен толығып, толысып отырады. Себебі, кісілік тұрпат ешқашан
жетілу шегіне жетіп, тоқырап қалмайды. Ондай шек жоқ әрі ешқашан болмайды
да. Өйткені адамға, өсіп келе жатқан әлеуметтік жаңа тұлғаға үнемі қозғау
салып, жаңартып, жаңғыртып отыратын өмірдің өзі, адамдардың арасындағы
күрделі қарым-қатынастар. Адам қанша өмір сүрсе, сонша уақыт оның
әлеуметтік психологиялық бейнесі, тұрпаты да өзгеру, толысу немесе кему
үстінде болады. Өйткені адам тұрпатының өзгеруіне сыртқы орта әсерінің
тікелей қатысы бар. Адамның түр-тұрпатында оны қоршаған әлеуметтік ортаның
әсері өзінің өте күрделі, қайшылыққа толы бай мазмұнымен кескінделеді.
Демек кісі дегеніміз – бұл жаңа сападағы индивидтің, өзімен бірге
іштен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеке тұлғаны өмірлік даярлауда әлеуметтендірудің алатын орны
Оқушылардың жеке тұлғасын әлеуметтендіру түрлері
Халықтық педагогика - өскелең ұрпаққа ұлттық мұраларды меңгерту құралы
Мектеп оқушыларын адамгершілік құндылықтар негізінде әлеуметтендіру факторлары
Отбасы жас ұрпақты әлеуметтендіру институты ретінде
Оқушылардың адамгершілік тәрбиесі
Жетім балалардың тұлғалық әлеуметтенуінің педагогикалық шарттары
Өскелең ұрпақты адамгершілік тұрғыдан әлеуметтендіру
Оқушыларға адамгершілік-патриотта тәрбие берудегі көпұлтты мектептің қызметін талдау
Ауыл жастарын адамгершілік- құқықтық тұрғыдан әлеуметтендіру
Пәндер