Қазақстан Республикасының заңдары бойынша меншіктің түрлері



КІРІСПЕ ... ... ... 3
І. МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ МАЗМҰНЫ
1.1. Меншік құқығының ұғымы ... ... ... 5
1.2. Меншік құқығының пайда болу негіздері .
ІІ. МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ТОҚТАТЫЛУЫ
2.1. Жеке меншік түсінігі және түрлері.. 15
2.2. Мемлекеттік меншік түсінігі ... ... ... 29
2.3. Меншік құқығының тоқтатылу ... ... .. 35
ІІІ. МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ... ... . 38
ІҮ.МЕНШІК ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ МЕНШІК ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ЖАҢАРТУДЫҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ПРАКТИКАСЫ .. 44
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... .. 68

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... 73
Меншік қатынастары кез келген қоғамның экономикалық негізін құрады. Қазақстан және бұрынғы одақ көлеміндегі мемлекеттердің жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өтуінің өзі меншік қатынастарының өзгеруіне, мемлекеттік меншікті жекешелендіру нәтижесінде жеке меншіктің дамуына және де жеке кәсіпкерлікке қолайлы жағдай жасауға мүмкіндіктер туындады. Елімізде экономикалық қатынастарды, соның ішінде меншік қатынастарын реттейтін көптеген заңдар қабылданды. Олардың ішінде экономикалық заңдардың негізі және орталығы болып Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі есептелінеді.
Меншік құқығы субъектінің заң арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы.
Меншік институты Қазақстанның қалыптасуынан бастап зерттеліп келеді. Меншік құқығы субъективті азаматтық құқық ретінде, ал экономикалық жүйеде және құқықтық қатынастарда меншік құқының орны меншік құқының объектісі ретінде қарастырылады.
Меншік қатынастары әр түрлі құқық салалар нормаларымен реттелінеді, яғни конституциялық, әкімшілік, азаматтық, еңбек, жер, қылмыстық және т.б. Бұл жалпы теориялық ортақтауды қажет етеді және әр қоғамда меншік институтының дамуына тән ортақ заңдылықтар айқындайды.
Бұл қазіргі кезде жүргізіліп жатқан экономикалық реформалардың бағытын дұрыс белгілеуге өзінің ықпалын тигізеді. “Меншік құқығы” әлі де болса бүгінгі таңда өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Меншік институты Қазақстанның қалыптасуынан бастап зерттеліп келеді. Меншік құқығы субъективті азаматтық құқық ретінде, ал экономикалық жүйеде және құқықтық қатынастарда меншік құқығының орны меншік құқының объектісі ретінде қарастырылады.
Меншік қатынастары әр түрлі құқық салалар нормаларымен реттелінеді, яғни конституциялық, әкімшілік, азаматтық, еңбек, жер, қылмыстық және т.б. Бұл жалпы теориялық ортақтауды қажет етеді және әр қоғамда меншік институтының дамуына тән ортақ заңдылықтар айқындайды.
НОРМАТИВТІК АКТІЛЕР

1. ҚР Конституциясы 1995 жыл, 30 тамыз. (өзгерт. мен толықтырулар 21.05.2007ж.) —Алматы: Жеті Жарғы 2007ж.
2. ҚР Азамттық кодексі (жалпы бөлім), 1994 жыл, 27 желтоқсан (өзгерт. мен толықтырулар). —Алматы: Жеті Жарғы 2007ж.
3. ҚР Азаматтық кодексі (ерекше бөлім), 1999 жыл, 1 шілде. —Алматы: Жеті Жарғы 2007ж.
4. “Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы”. 1998 жыл, 22 сәуір (өзгерт. мен толықт.)
5. ҚР “Өндірістік кооперативтер туралы” Заңы. 2001 ж.
6. ҚР “Акционерлік қоғамдар туралы” Заңы. 13 мамыр, 2003 жыл.
7. ҚР “Коммерциялық емес ұйымдар туралы” Заңы. 19.01.2001
8. ҚР “Мемлекеттік кәсіпорындар туралы”. Президентінің заңды күші бар Жарлығы. 1995 жыл, 23 желтоқсан. (өзгерт. мен толықт.)
9. ҚР “Лицензиялау туралы” Заңы 17 сәуір 2000 ж.
10. ҚР “Жеке кәсіпкерлік туралы” Заңы 31қаңтар 2006ж.
11. ҚР “Тұрғын үй қатынастары туралы” заңы 16 сәуір 1997 ж.
12. ҚР “Жер кодексі” 20 июнь 2003 ж.





Арнайы әдебиеттер:

1. Азаматтық құқық. І том. Жоғарғы оқу орындарына арналған оқулық /академиялқ курс/ Өңделген және толықтырылған 2-басылым/жауапты редактор:М.К.Сулейменов, Ю.Г.Басин —Алматы: 2003 ж. 736 б.
2. Гражданское право Учебник ч.1./под.ред. Ю.К Толстого А.Г Сергеева,-М,;ТЕИС,1996-552с
3. Право и собственность Монография. /Под.ред. М.К. Сулейменова.-Алматы:Жеті Жарғы,1998-288с
4. Братусь С.Н. Имущественные и организационные отношения и их правовые регулирования в СССР-вопросы общей теории Советского права. М.1960с67
5. Тугинский Б.И., Сафулин Д.Н. Правовая экономика проблемы становления. М., 1991
6. К.Маркс, Ф Энгельс Сочинение 2-е издательство Т46.ч1 с23-24
7. Шкердов В.П. Метод исследования собственности в «капитале К. Маркса. М.,1973 235-244
8. Венедиктов А.В. Государственная социолистическая собственность. М.,1948. С563-564
9. Черепахин А.В. Правопреемство по советскому гражданскому праву. М.,1962.с35
10. Финансы/под.ред. Радионовой С.Н. Финансы и статистика М.1993. с396
11. Ә.Ерали, Жерге меншік құқығының негіздері.-Алматы,1996,18бет
12. Гражданское права РК/под.ред. Тулеугалиева Г.И., Мауленова К.С.-Алматы 1998 с438-443б
13. Тулеуғалиев Ғ.И. Азаматтық құқық. —Алматы: 2001 жыл
14. Соколовский К.И. Собственность в гражданском праве. Учебно-практическое пособие. —М.: Дело, 1999 г.
15. Джусупов А.Т. Право собственности и иные вещные права. —Алматы: Жеті жарғы. 1996г.
16. Суханов Е.А. Лекции о праве собственности. —Москва: 1991 г.
17. Римское частное право. Учебник /Под.ред проф. И.Б.Новицкого и С.Перетерского. —М.Юрист, 1994г.
18. Жанайдаров И.У. Проблемы реализации права государственной собственности. —Алматы: Қазақстан, 1994
19. Сулейменов М.К. Развитие института права собственности в законодательстве Казахстана. Научные труды. Әділет, 1997г.
20. Шершеневич Г.Ф. Учебник русского гражданского права. —М., 1995г.
21. Бибиков А.Н. Правовые проблемы реализации государственной собственности. —Иванова, 1992г.
22. Сулейменов М.К. Коментарий к Закону РК “О собственности”, Бизнес и права в Казахстане, 1993г.
23. Иоффе О.С., Мусин В.А. Основы римского гражданского права. —Л., 1974
24. Витрянский В.В., Суханов Е.А. Защита права собственноти. —М., 1992г.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢДАРЫ БОЙЫНША МЕНШІК ТҮРЛЕРІ

ЖОСПАРЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3
І. МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ МАЗМҰНЫ
1.1. Меншік құқығының
ұғымы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...
5
1.2. Меншік құқығының пайда болу негіздері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
ІІ. МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ТОҚТАТЫЛУЫ
2.1. Жеке меншік түсінігі және
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
2.2. Мемлекеттік меншік
түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
29
2.3. Меншік құқығының
тоқтатылу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 35
ІІІ. МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 38
ІҮ.МЕНШІК ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ МЕНШІК ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ЖАҢАРТУДЫҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН
ПРАКТИКАСЫ ... ... ... ... ... ... ... 44
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... . 68

ПАЙДАЛАНҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
73
КІРІСПЕ
Меншік қатынастары кез келген қоғамның экономикалық негізін құрады.
Қазақстан және бұрынғы одақ көлеміндегі мемлекеттердің жоспарлы
экономикадан нарықтық экономикаға өтуінің өзі меншік қатынастарының
өзгеруіне, мемлекеттік меншікті жекешелендіру нәтижесінде жеке меншіктің
дамуына және де жеке кәсіпкерлікке қолайлы жағдай жасауға мүмкіндіктер
туындады. Елімізде экономикалық қатынастарды, соның ішінде меншік
қатынастарын реттейтін көптеген заңдар қабылданды. Олардың ішінде
экономикалық заңдардың негізі және орталығы болып Қазақстан
Республикасының Азаматтық кодексі есептелінеді.
Меншік құқығы субъектінің заң арқылы танылатын және қорғалатын өзіне
тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы.
Меншік институты Қазақстанның қалыптасуынан бастап зерттеліп келеді.
Меншік құқығы субъективті азаматтық құқық ретінде, ал экономикалық жүйеде
және құқықтық қатынастарда меншік құқының орны меншік құқының объектісі
ретінде қарастырылады.
Меншік қатынастары әр түрлі құқық салалар нормаларымен реттелінеді,
яғни конституциялық, әкімшілік, азаматтық, еңбек, жер, қылмыстық және т.б.
Бұл жалпы теориялық ортақтауды қажет етеді және әр қоғамда меншік
институтының дамуына тән ортақ заңдылықтар айқындайды.
Бұл қазіргі кезде жүргізіліп жатқан экономикалық реформалардың бағытын
дұрыс белгілеуге өзінің ықпалын тигізеді. “Меншік құқығы” әлі де болса
бүгінгі таңда өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Меншік институты Қазақстанның қалыптасуынан бастап зерттеліп келеді.
Меншік құқығы субъективті азаматтық құқық ретінде, ал экономикалық жүйеде
және құқықтық қатынастарда меншік құқығының орны меншік құқының объектісі
ретінде қарастырылады.
Меншік қатынастары әр түрлі құқық салалар нормаларымен реттелінеді,
яғни конституциялық, әкімшілік, азаматтық, еңбек, жер, қылмыстық және т.б.
Бұл жалпы теориялық ортақтауды қажет етеді және әр қоғамда меншік
институтының дамуына тән ортақ заңдылықтар айқындайды.
Бұл қазіргі кезде жүргізіліп жатқан экономикалық реформалардың бағытын
дұрыс белгілеуге өзінің ықпалын тигізеді. “Меншік құқығы” әлі де болса
бүгінгі таңда өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Диплом жұмысында меншік қатынастарын құқықтық реттеу мәселелері жан-
жақты қарастырылған. Бұл тақырып әрқашан да көптеген ғалымдардың назарын
аудартқан. Атап айтсақ аталған мәселені тереңдеп зерттеумен Ю.К.Толстой,
А.П.Сергеев, Е.А.Суханов, М.КСулейменов және т.б. ғалымдар айналысқан.
Сондықтан да менің диплом жұмысымды меншік құқығы конструкциясы
туралы зерттеу жүргізіп түйіндеу және меншік құқығының ерекшеліктері
жайында жан-жақты қарастыруға тырысамын.
Диплом жұмысы Қазақстандық және алыс-жақын шет мемлекеттер
ғалымдардың ғылыми еңбектеріне және Қазақстанның құқықтық базасына
негізделе отырып, теория және тәжірибе арақатынасы бойынша ғылыми,
логикалық, сараптау, анализдеу әдістері негізінде орындалды.

І. МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ МАЗМҰНЫ

1. Меншік құқығының ұғымы.

Адам қоғамдық өндіріске ұдайы қатысып, өзіне белгілі бір игіліктер
жасайтыны белгілі. Сондықтан, меншік ең алдымен экономикалық категория
ретінде қаралу керек. Бірақ, мүліктік игіліктерге адамдардың көз-қарастары
әр түрлі. Ұдай өндірістің мәні мүліктік игіліктер жасауда, олар жоғары
айтылғандай біреулер иемденіп, немесе біреулердің меншігіне айналып
отырады.
Кез-келген мүліктік игілік одан оның иемдену мақсатына жасалады, сондықтан
да өндіріс қатынастарының негізі болып, меншікті иемденудің өзі болып
табылады.
К.Маркс көрсеткендей, меншік дегеніміз белгілі тұлғалардың мүліктік
игіліктерге өзіне тиесілідей, өзінікіндей қатынастары, демек барлық басқа
тұлғалардың көрсетілген игіліктерге бөтендікіндей, өзіне тиесілі еместей
қатынастары.1 Сондықтан, “Меншік” заттар себебінен адамдар арасындағы
қатынастары болып табылады, бұл иемдену фактісі немесе бір тұлғаға (олардың
ұжымдарына) мүліктік игіліктер тиісті болу фактісіне жатады, демек басқа
барлық тұлғалардың бұл игіліктерден шектелуіне әкеледі.
Сонымен, меншік қатынастары былай көрсетіледі:
1. өндіріс процесінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынас
ретінде;
2. экономикалық қатынастар ретінде, өндіріс қаражаты түрінде мүліктік
иемденуінде.2
С.Н.Братусь және басқа ғалымдар азаматтық құқық пәнін зерттеп, мынадай
қорытындыға келді, меншік, өндірістің керекті алғы шарты бола тұра сол
арқылы жүзеге аса отырып, өндірілген мүліктік игіліктерді иемденудің негізі
болып табылады. Меншікті олар екі жағдайда қарастырады. Статистикалық
иемдену жағдайында болуы, өндіріс қаражаты және оның өнімі белгілі бір
тұлғанікі, динамикалық-мүліктік игіліктердің пайдалануы және ауыспалы
жағдайында болуы. Меншік қатынастары – мүліктік қатынас болғандықтан онда
статистикалық және динамикалық жағдайда тұруы ақырғысына тән.3 Шындығында,
бұнымен келіспеуге болмайды, себебі, меншік иесі мүліктік игілікті
өндірумен қатар, оны пайдаланып және арғы тағдырын белгілей алады.
Бұған дейінгі сөз меншік ерекше экономикалық категория ретінде айтылған
еді, ол меншіктің заңды мазмұнын ашылуының бастамасы қызметін атқаруы тиіс
еді. Енді соған өтеміз.
Меншік құқығының мазмұны мен ұғымы Қазақстан Республикасының Азаматтық
кодексінің 188-бабында толық ашылған.
Меншік құқығы субъектінің заң арқылы танылатын және қорғалатын өзіне
тиесілі мүлікті қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы
көрсетілген өкіліттіліктен толығымен субъективті меншік құқығындай меншік
иесіне әрекеттерін заңды қамтамасыздандырылған мүмкіндіктерін көрсетеді,
өкілеттіліктерге меншік иесі болуы уақытында ғана ие. Мүлікті иелену де
заңды және заңсыз болады. Заңды деп қандай да бір құқықтық негізге
сүйенетін иеленуді айтамыз, яғни заңды иелену титулы.
Кейде заңды иеленуді титулды деп те айтады. Заңсыз иелену құқықтық негізге
сүйенбейді, демек, титулсыз иелену.
Заңсыз иеленушілер өз ішінде екіге бөлінеді: адал ниеттілер және арам
ниетті иеленушілер болады. Заңсыз иеленуші мүліктің заңсыз иеленгенін
білмесе және білуі мүмкін болмаса адал ниетті заңсыз иеленуші. Ал егер де
ол иеленушінің заңсыз екенін білсе немесе білуі тиіс болса, онда ол тұлға
заңсыз арам ниетті иеленуші болып табылады. Заңсыз иеленушілердің бұл
бөлінуі меншік иесі өз мүлкін виндикациялық талап қойғанда меншік иесімен
иеленуші арасында кіріс және шығыс есептеуде, сондай-ақ иелену мерзімінің
өтуіне байланысты меншік құқығының иеленуі туралы мәселе шешу кезінде
керек. Заңсыз және заңды иеленушілер болып бөлінуі мерзімнің өтуіне
байланысты иелену кезінде маңызды роль атқарады. Солай, меншік иесі жоқ
қозғалмайтын мүлікті 15 жыл заңды иеленген иеленуші, ол мүліктің толық
заңды меншік иесі бола алады.
Меншік құқығының ендігі элементі, пайдалану өкілеттілігі. Бұл Қазақстан
Республикасының Азаматтық Кодексінің 188-бабының 3-тармағына сай, мүліктен
оның пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, сондай-ақ одан пайда табуды заң
жүзінде қамтамасыз етілуі. Пайда, кіріс, өсім, жеміс, төл және өзге
нысандарда болуы мүмкін.
Пайдалану өкілеттілігі әдетте, иелену өкілеттілігіне сүйенеді. Бірақ кейде
мүлікті иеленбей пайдалануға болмайды.
Меншік құқығының ең ақырғы негізгі элементі - билік ету өкілеттілігі –
бұл, мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеудің заңмен қамтамасыз етілуін
(ҚР АК 188-б, 2-т.) осы мүлікке қатысты заң актілерін жасау жолымен
белгілеу. 1
Меншік иесі өз мүлкін сату, жалға беру, кепілге қою және т.б. ол мүлікке
билік етуін іске асыруы күмән туғызбайды.
Е.А.Суханов билік ету құқығына анықтама бергенде, өте айқын “қуатты”
өкіліттілік, оның барлығымен меншік иесін басқа титулды иеленушілерден
ажыратуға болады (бірақ кей-кезде басқа иеленушілер де мөлшерімен сондай
мүмкіндіктерге ие) деген. Меншік иесіне жоғарыда айтылған үш өкілеттік бір
мерзімде жиылады (иеленеді).
Кейде бұл тізімді кемітуге тырысатындар да кездеседі, мысалы, меншік
иесінің өз мүлкін бақылауда немесе бақылаудағы ерекше өкілеттілік қосу
жолымен. Бірақ, бізше бұл көз-қарас негіссіз, өйткені басқару – меншік
иесіне мүлікті нақты иеленуі басқа тұлғада болған уақытта пайда болады.
Бірақ, бірге кейде бөлек олар мүліктің меншік иесі немесе басқа мүлікті
заңды иеленушісіне тиесілі бола алады (кейбір шектеулермен). Солай, жалға
алушы (арендатор) меншік иесімен келісім шарт бойынша мүлікті иеленуі және
пайдалануымен қатар, оның келісуімен мүлікті үшінші тұлғаға жалға беруге,
оның жайын немесе пайдалану мақсатына өзгертулер енгізуге, жақсартуға құқы
болады, демек, белгілі шекте мүлікке билік етеді.
Сондықтан, көптеген ғалым-цивилисттер Венедиктов А.В., Генкин Д.М., Корнеев
С.М., Е.А. Сухановтар белгілі “үштікті” атаумен шектемей, меншікті “өзінің
билігімен, өз мүддесі үшін, өзінің қалауымен басқа тұлғалардан тәуелсіз”
жүзеге асыруды нұсқайды.
Бұл айтылғаннан мынадай қорытынды шығаруға болады: меншіктің субъективті
құқығы- меншік иесіне бекітілген мүлікті пайдалану, иелену, билік етуді
заңмен қамтамасыз етілген мүмкіндік және оған қатысты өз еркінше өз мүддесі
үшін, заңмен құқықтық актілерге қайшы келмейтін, басқа тұлғалардың
құқықтары және заңмен қорғалатын мүдделерін бұзбайтын кез келген әрекет
жасауға, сондай-ақ өз шаруашылық билеу саласына үшінші тұлғалардың
араласуын жоюға мүмкіндік.
Біз, осы меншік қатынастарының құқықтық реттелуін айтпас бұрын,
алдымен меншік құқығы түсінігін, оның пайда болуын және ерекшеліктерін
қарастырып өтуіміз жөн.
Бұл тұрғыда ең алғаш меншік ретінде жеке тұлғаға немесе ұжымға тиесілі
затқа олардың өз мүлкі сияқты қарауы анықталған. Мұнда меншік менікі және
сенікі деп бөлінуді астарлайды. Мұнсыз тіпті меншік жоқ. Бұл тұрғыдан
алғанда қандай да бір болмасын меншік нысаны жеке болып табылады.[1]
Бұл берілген меншіктің жай анықтамасынан мынаны түсінеміз, меншік —
бұл адамның затқа қатынасы. Әрине, бұл меншіктің мазмұнына сәйкес
келмейді. Мұндай қатынастарды бір жағынан затқа өзінікі ретінде қарайтын
меншік иесі түссе, екінші жағынан меншік иесі еместер тұрады, сонымен
қатар, затқа бөтендік ретінде қарайтын барлық үшінші жақтар қатысады. Бұл
жерде үшінші жақтар бөтен, затқа және меншік иесінің еркіне қатысы болмауы
керек. Жоғарыда берілген түсінігінен білеріміз, меншік — зат түріндегі
материалдық нысанды қамтиды.
Меншік бұл — қоғамдық қатынас. Қоғамдық қатынас ретіндегі меншіктің
мазмұны меншік иесінің басқа тұлғалармен материалдық құндылықтарды
пайдалану, айырбастау, бөлу, өндіру процестерінде түсетін байланыстарымен
қатынастарынан туындайды.
Сонымен, меншік — бұл материалдық нысан және еріктілік мазмұн тән
қоғамдық қатынас. Меншік — бұл мүліктік қатынас, және де мүліктік
қатынастар қатарында бастапқы орында. Меншік иесінің еркі өзіне тиесілі
затқа қатынасында, оны иелену, пайдалану, және билік етумен сипатталады.
Иелену — меншік иесінің затқа шаруашылық билігін білдіреді.
Пайдалану — затты өндіру немесе қолдану барысында, одан пайдалы
қасиеттерін алуды білдіреді.
Ал, билік ету — затқа қатынасты оның тағдырын шешетін актілерді
жасауды білдіреді.
Жоғарыда қарастырылып жатқан меншік түсінігі экономикалық тұрғыдан
оның маңыздылығын көрсетуде.
Меншіктің түсінігі иеленіп алу тұрғысынан К.Маркстің еңбектерінде
шырқау шегінен шықты десек, қателеспейміз. Мұнда меншік және иеленіп алу
шын мәнінде бір-бірімен байланысады. Әсіресе, бұл байланыс “Саяси
экономияны әшкерелеу” кіріспесінде кеңінен қарастырылған. Оның пікірі
бойынша — иелену, пайдалану, билік ету нақты экономикалық категория
ретінде, абстрактілі категория иеленіп алуға қарағанда, үстемділікке
ие.[2] Оның пайдалы жағы жоғары меншікті ерекше және сол уақытта оған
қатысты жолдардың барлық түрлерінде тарихи өзгермелі экономикалық категория
ретінде тану, оның саяси-экономикалық, сонымен қатар, құқықтық ғылымдарда
да үстемділігін көрсетеді. Бұл тұрғыда, экономист В.П.Шкредовтың
еңбектерінде басқа көзқарас ұсынылған. Ол: “меншік ерекше экономикалық
категория ретінде қалыптаспайды, оны тек құқықтық категория ретінде
қарастыруға болады, - деп есептейді”.[3]
Осыған дейін меншік экономикалық категория ретінде қарастырылып келді.
Енді, оның құқықтық категория ретінде мазмұнын ашып көрсетуіміз жөн.
Мемлекеттік-құқықтық нысандағы қоғамда меншіктің экономикалық
қатынасы құқықтық бекіту алады.
Меншік құқығының мазмұнын иесіне тиесілі иелену, пайдалану және билік
ету құқық қабілеттілігі құрайды.
Сонымен, меншік құқығы дегеніміз — субъектінің заң құжаттары арқылы
танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену,
пайдалану және оған билік ету құқығы.
Ал, енді бұл меншік құқығының нысанын жеке қарастыратын болсақ:
Иелену құқығы дегеніміз — мүлікті іс жүзінде иеленуді жүзеге асырудың
заң жүзінде қамтамасыз етілуі болып табылады.
Пайдалану құқығы дегеніміз — мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін
алудың, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі. Пайда
кіріс, өсім, жеміс, төл алу және өзге нысандарында болуы мүмкін.
Билік ету құқығы дегеніміз — мүліктің заң жүзіндегі тағдырын
белгілеудің заңмен қамтамасыз етілуі.
Жоғарыда айтылғандай, меншік иесі өзіне тиесілі мүлікке қатысты өз
қалауы бойынша кез-келген әрекеттер жасауға, соның ішінде бұл мүлікті басқа
адамдардың меншігіне беріп, иелігінен шығаруға, өзі меншік иесі болып қала
отырып, оларға мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету жөніндегі өз
өкілеттігін тапсыруға, мүлікті кепілге беруге және оған билік ету
жөніндегі өз өкілеттігін тапсыруға, мүлікті кепілге беруге және оған басқа
да әдістермен ауыртпалық түсіруге, оларға өзгеше түрде билік етуге
құқылы.
Бұрынғы әрекет еткен азаматтық заңдарда меншік иесінің меншікке деген
құқық қабілеттілігін санап алуға болар еді. Бұл жерде иелену құқығы
түсінігіне заңламалар қандай мазмұны енгізетіндігіне және кімді заттың иесі
ретінде санау керектігіне жекеше жауап беру қиынға түседі. Бұл мәселеде рим
құқығының мысалына жүгінуге және бұнда иелену және ұстау түсініктерімен
шектелуге болады, немесе, герман топтарының заңнамаларын және ондағы
құлдарды иеленуші сипатындағы қоса иеленушілік институтын бекітуге
болады.[4] Өкінішке орай, заң шығарушы бұл варианттардың ешқайсысын
таңдамаған, сондықтан да, меншік иесі затын басқа біреуге жалға берген
кезде, оның иеленушісі ретінде қала ма? деген сұраққа жауап беру қиынға
түсер.

1.2. Меншік құқығының пайда болу негіздері.

Меншік құқығы тек қана белгілі бір құқықтық фактінің ал, кейбір
жағдайларда олардың жиынтығының болуынан туындайтын субъективтік құқық
қатарларына жатады. Бұл құқықтық фактілер меншік құқығының пайда болу
негіздері деп аталады.
Дамыған ғылымда меншік құқығының пайда болу негізін бастапқы және
туынды деп бөледі. Бастапқы және туынды деп бөлу критериясына қатысты,
кейбір жағдайларда ерік критериясына, ал, басқасында құқық иеленушілік
критериясына көбірек мән беріледі.
Меншік құқығын иеленудің тәсілдерінің бөліну негізіне иеленушілік
критериясын салыну міндетті, ал ерік критериясына қатысты барлық
жағдайларда тәжірибелік сынақты ұстана алмайды.[5]
Егер шартта немесе заңдарда өзгеше көзделмесе, жаңа затқа меншік
құқығы оны дайындаған немесе жасаған тұлғаға тиеді.
Меншік иесі бар мүлікке меншік құқығына басқа адам сатып алу - сату,
айырбастау, сыйға тарту немесе осы мүлікті иеліктен айыру туралы өзге де
мәміленің негізінде ие болуы мүмкін.
Азамат қайтыс болған ретте оған тиесілі мүлікке меншік құқығы өсиетке
немесе заңға сәйкес мұрагерлік бойынша басқа адамға көшеді.
Ал, заңды тұлға қайта ұйымдастырылған ретте оған тиесілі мүлікке
меншік құқығы қайта құрылған заңды тұлғаның құқықты мирасқорына — заңды
тұлғаларға көшеді.
Ал, жеке тұлға болса меншік иесі жоқ мүлікке, меншік иесі белгісіз
мүлікке, не меншік иесі бас тартқан немесе өзге негіздер бойынша ол меншік
құқығын жоғалтқан мүлікке меншік құқығын алуы мүмкін.
Сондай-ақ меншік құқығы мәміле жасалған кезде болған барлық
жүктемелерімен басқа адамға беріледі.
Меншік құқығын азаматтық құқықтың субъектілері әр түрлі негіздерде ала
алады. Азаматтық кодекстің 235-бабы меншік құқығына ие болуына әдейі
арналған. Бірақ та заң меншік құқығын алудың негіздерінің түпкілікті
дәрежеде тізімін жасады деуге болмайды. Азматтық кодекстің 235-бабында
“тәсіл” ұығымы қолданылмайды (бір нәрсені жүзеге асыру кезіндегі әрекеттер
немесе әрекеттер жүйесі). Меншік құқығы оның пайда болуымен заңды
байланыстыратын заңдық фактілер негізінде алынуы мүмкін. Мұндай заңдылық
фактілер негізделумен көрінеді (АК-тің 7-бабы).
Меншік құқығын алуда бастапқы және туынды негіздерін шектеу өлшеміне
бір жағдайда еркіндік өлшемі ал келесі бір жағдайда құқық қабылдаушылық сай
келеді, оның соңғысына ерекше баға береді.
Бастапқысына жататын талап деп мынаны айтамыз: зат бұрын болмады және
меншік құқығы оған бірінші рет танылды немесе зат бұрын болса, меншік
құқығы оған бұрынғы меншік иесінің құқығынан тәуелсіз жүзеге асады.
Сондықтан да Азаматтық кодекстің бастапқы негіздеріне мыналар қатысты:
жаңадан жасалып жатқан қозғалмайтын мүлікке меншік құқығының пайда болуы
(236-баптың 1-тармағы); өңдеу (237-бап); иелену мерзімі (240-бап); олжа
(245-бап); қараусыз жануарлар (246-бап); меншік иесінен алынған мүлікті
иелену (248-бап); көмбе (247-бап).
Туынды негіздер меншік иесі құқығын алуда бұрынғы меншік иесінің
құқығына тәуелді болуымен сипатталады. Жаңа меншік иесі пайда болуымен
байланысты одан бұрынғысының құқығы бір мезгілде тоқтатылады. Алдымен
меншік құқығына ие болу негіздерінің жалпы сипаттамасына тоқталайық.
Меншік құқығының туынды негіздерінің пайда болуы шартқа (сатып алу-
сату, заем, несие және т.б.), сондай-ақ мұрагерлікке (заң мен өсиет
бойынша) байланысты, ол заңды тұлғаларды қайта құрған кездегі құқықты
мирасқорлық тәртібімен жүзеге асады. Туынды негіздерге сонымен қатар
мүлікті тәркілеу (АК-тің 249-бабының 4-тармақшасы), жекешелендіру (АК-тің
249-бабының 3-тармағы), жер учаскесін алып қоюға байланысты қозғалмайтын
мүлікті иеліктен айыру (АК-тің 249-бабының 5-тармақшасы), күтімсіз ұсталған
мәдени немесе тарихи қазыналар сатып алынған реттер (АК-тің 249-бабының 6-
тармақшасы) қатысты және заңда көзделген басқа жағдайлар да жатады.
Жаңа меншік иесіне тек заттың ғана меншік құқығы емес, осы затқа
байланысты құқықтар мен міндеттердің барлығы ауысады. Мәселен, үй сатып
алған адамға сол үймен байланысты жасалған жалдау немесе кепіл шарттары
ауысады. Тағы бір мысал: мұраны қабылдап алған мұрагер мұра қалдырушының
борыштарына өзіне ауысқан мұралық мүліктің нақты құны шектерінде жауап
береді. Сондықтан да меншік құқығына ие болудың туынды негізіне әрқашанда
мирасқорлық қасиет тән. Меншік құқығына ие болуға байланысты жаңа меншік
иесі бұрынғы меншік иесі еншілеген барлық өкілеттілікті түгелдей өзіне алды
деуге болады. Мәселен, бұл жаңа меншік иесіне қандай мүліктің ауысуына және
оның иесі кім екендігіне (мемлекет, заңды тұлға немесе жеке тұлға), жаңа
иеленушінің меншік құқығы қандай болатындығына (мемлекеттік немесе жеке
меншік) байланысты.
Енді меншік құқығының бастапқы негіздеріне тоқталайық.
Азаматтық Кодекстің 235-бабының 1-тармағы меншік құқығын алудың
бастапқы негіздерінің біріне дайындалған немесе жасалған затқа құқықты
жатқызады. Меншік құқығы бұрын болмаған затқа да пайда болады. Егер заңда
өзгеше көзделмесе, затты дайындап не оны жасаған адам сонының меншік иесі
атанады. Жаңадан дайындалып, жасалған заттар қозғалатын, не қозғалмайтын
болуы мүмкін. Азаматтық кодекстің 236-бабына сәйкес салынып жатқан үйлерге,
құрылыстарға, өзге де мүлік кешендеріне, сондай-ақ өзге де жаңадан салынып
жатқан қозғалмайтын мүлікке меншік құқығы осы мүлікті жасау аяқталған
кезден бастап пайда болады. Егер заң құжаттарында немесе шартта құрылысы
аяқталған объектілерді қабылдап алу көзделген болса, онда тиісті мүлікті
жасау осылайша қабылдап алынған кезден бастап аяқталған болып есептеледі.
Қозғалмайтын мүлік мемлекеттік тіркелуге тиіс реттерде, оған меншік құқығы
осылайша тіркелген кезден бастап пайда болады.
Қозғалмайтын мүлікті жасау аяқталғанға дейін, ал тиісті жағдайларда —
оны мемлекеттік тіркеуден өткізгенге дейін мүлікке қозғалмайтын мүлік
жасалатын материалдар мен басқа мүлікке меншік құқығы туралы ережелер
қолданылады.
Заң бастапқы негіздерге мүлікті пайдалану нәтижесінде алынған
жемістерді, өнімді, табысты жатқызады (АК-тің 235-бабының 1-тармағы). Зат
күйіндегі жеміс дегеніміз өздігінен өсіп-өнген органикалық дүние, ол затқа
айналып, өзінен табыс түсіреді. Жемістер табиғи болуы мүмкін (ол табиғат не
адам күшімен өндіріледі), сондай-ақ оны таза табиғи өнеркәсіп өнімі деп
бөледі (бұйым, өнім т.б.) немесе табыстар көзі болып табылады (мысалы,
жалға ақы төлеу немесе пайыздар (және т.б.). Зат табиғи жемістер мен өнім
және табыс түріндегі жемістердің ара жігін ашып көрсетеді. Бұл АК-тің 193
бабында қарастырылған: мүліктерді пайдалану нәтижесінде алынған түсімді
(жемістер, өнімдер, табыстар), егер заңдарда немесе бұл мүлікті пайдалану
туралы шартта өзгеше көзделмесе, осы мүлікті заңды негізде пайдаланушы
адамға тиеселі болады.
Меншік құқығын алудың бастапқы негізіне өңдеу де жатады (бір тұлға
материалды өңдеп, одан екінші бір зат жасайды).
Сонда әлігі өнімге құқық алатын оны жасаған адам ба, әлде материалдың
меншік иесі ме? Азаматтық кодекстің 237-бабына сәйкес шартта өзгеше
көзделмегендіктен, адам өзіне тиесілі емес материалдарды өңдеу арқылы
дайындаған жаңа қозғалатын затқа меншік құқығын материалдардың меншік иесі
алады. Алайда, егер өңдеу құны материалдардың құнынан едәуір асып кетсе,
жаңа затқа меншік құқығын адал жұмыс істеп, өңдеуді өзі үшін жүзеге асырған
адам алады. Бұл жағдайда да өңдеушіге жасалған жұмысының құнын төлеу немесе
меншік иесіне материалдың құнын өтеу мәселесі туындайды. Бұл сұрақтың
шешімі мынадай: өз материалдарынан дайындалған затқа меншік құқығын алған
материалдардың меншік иесі ол затты өңдеуді жүзеге асырған адамға оның
құнын өтеуге, ал ол адам жаңа затқа меншік құқығын алған ретте соңғысы
материалдардың меншік иесіне олардың құнын қайтаруға міндетті.
Өңдеуді жүзеге асырған адамның ықылассыз әрекеттерінің нәтижесінде
материалынан айрылған меншік иесі жаңа затты өз меншігіне беруді және өзіне
келтірілген залалдардың орнын толтыруды талап етуге құқылы (АК-тің 237-
бабының 1-3 тармақтары).
Меншік құқығының пайда болуының бастапқы негіздеріне өнімді жинауға
балық, аң аулауға арналған көпшілік қолды заттарды меншікке айналдыру да
жатады. Заңдар мен жергілікті әдет-ғұрыпқа немесе меншік иесі берген жалпы
рұқсатқа сәйкес ормандарда, бөгендерде немесе басқа аумақта жидек теруге,
балық аулауға, аң аулауға, басқа нәрселерді жинауға немесе аулауға жол
берілген ретте, тиісті заттарға меншік құқығын оларды жинауды және аулауды
жүзеге асырған адам алады (АК-тің 241-бабы). Мысалы, осы нормаға сәйкес
азаматтар мен заңды тұлғалар өз әрекеттері кезінде белгіленген ережені
сақтау талап етіледі (аң аулау, балық аулау және т.б.). мұндай ережені
бұзған тұлға тиісті жауапкершілікке тартылады.
Меншік құқығын алудың бастапқы негіздеріне Азаматтық кодекс тұңғыш рет
иелену мерзімін де енгізді. Бұл негізді қолдану жөнінде жоғарыда иелену
мерзіміне орай айтып кеткен болатынбыз (АК-тің 240-бабы). Кеңес үкіметінің
азаматтық кодексінде тек талап мерзімі ғана болған-ды. Бірақ иелену мерзімі
институты мүлдем енбеген еді. Қазақстан Республикасы заңына иелену мерзімі
тұңғыш рет енгізіліп отыр. Иелену мерзімі деп қозғалатын мүлікке азамат
немесе заңды тұлғаның адал, ашық және ұдайы иеленген құқығын айтамыз. Ал
қозғалмайтын мүлікке оның мерзімі — 15 жыл, ал қоғалмалы мүлікке 5 жыл.
Қозғалмайтын немесе басқа да мүліктерге меншік құқығы бар мүлікті иелену
мерзіміне сәйкес алған тұлғада тіркеу кезінен бастап пайда болады.
Иелену мерзімі бойынша меншік құқығын алудың қажетті жағдайы мынадай
болады: иелену, яғни “тура өзінің мүлкіндей көру”, адалдық, ашық, үздіксіз
болуы және мерзім.
“Тура өзінің мүлкіндей көру” теңеуі тек мүлікті ұстау ғана емес, оны
заңға сәйкес иелену болып табылады.[6] Мысалы, мемлекеттік меншіктегі жерді
пайдалану, оны өз меншігіне алу дегенді білдірмейді. Бұл орайда ол оны
мейлі ұзақ уақыт пайдалана берсін, бәрібір осы талап сақталады. Яғни
мемлекеттік жер пайдалануға берілген екен, оны иеленуші өзіне меншіктемей,
басқаның мүлкі деп есептеуі тиіс.
Иелену мерзімінің қажетті шарты оны адалдықпен иелену, яғни мүлікті
иеленуші өз иелігінің заңдық неігізін естен шығармайды.
Иелену мерзімінің тағы бір маңызды шарты ашық және үздіксіз пайдалану
болып табылады. Ашық дегенді иелену ешқандай бүкпесіз, әділ жүзеге асыру
деп түсіну керек, сондықтан да ол басқа тұлғалар тарапынан не заңдық, не
әлдекімнің қолдан жасалған кедергілеріне ұшырамайды. Міне сол себепті де Ак-
тің 240-бабының 4-тармағында тұлға да болып, оның иеленуіне орай талап
етілуі мүмкін мүліктер жөніндегі иелену мерзімінің өтуі тиісті талаптар
бойынша талап қою мерзімі бітуінен ерте басталмайды делінеді.
ІІ. МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ТОҚТАТЫЛУЫ

2.1. Жекеменшік түсінігі және түрлері

Біздің Республикамызда қалыптасқан нысан бойынша жалпы меншік құқығы
ең алдымен жеке және мемлекеттік меншік болып бөлінеді. Ал, оларды жеке-
жеке қарастыратын болсақ.
Жеке меншік азаматтардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен
олардың бірлестіктерінің меншігі ретінде көрінеді.
Бұл аталған нысандағы меншіктің пайда болу негіздері жоғарыда
көрсетілгендей тәртіпте жүзеге асырылады.
Заң құжаттарына сәйкес, азаматтарға немесе заңды тұлғаларға тиесілі
бола алмайтын жекеленген мүлік түрлерінен басқа кез-келген мүлік жеке
меншікте болуы мүмкін.
Жалпы негізде жеке меншікте болатын мүліктің саны мен құны
шектелмейді.
Ал, мемлекеттік меншік болса өз алдына республикалық және
коммуналдық меншік түрінде көрінеді.
Республикалық меншік республикалық қазынадан және заң құжаттарына
сәйкес мемлекеттік республикалық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген
мүліктен тұрады. Республикалық бюджеттің қаражаты, алтын валюта қоры және
алмас қоры, және өзге де мүлік Қазақстан Республикасының мемлекеттік
қазынасын құрайды.
Коммуналдық меншік болса, жергілікті қазынадан және заң құжаттарына
сәйкес, коммуналдық, заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүліктен
тұрады.
Жергілікті бюджет қаражаты және мемлекеттік заңды тұлғаларға
бекітіліп берілмеген өзге де коммуналдық мүлік жергілікті қазынаны
құрайды.
Мемлекеттік меншіктегі мүлік мемлекеттік заңды тұлғаларға екі
нысанда:
1. шаруашылық жүргізу құқығы
2. оралымды басқару құқығымен бекітіліп берілуі мүмкін.
Шаруашылық жүргізу құқығы — мүлікті мемлекеттен меншік
иесі ретінде алған және бұл мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету
құқықтарын азаматтық кодекспен және өзге де заң құжаттарымен белгіленген
шекте жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорынның заттық құқығы болып
табылады.
Осы аталған шаруашылық жүргізудегі мүліктің меншік иесі заң
құжаттарына сәйкес, кәсіпорын құру, оның қызметінің мәні мен мақсаттарын
белгілеу, оны қайта құру мен тарату мәселелерін шешеді, кәсіпорынға тиесілі
мүліктің өз мақсатында пайдаланылуы мен сақталуына бақылау жасауды жүзеге
асырады. Сонымен қатар, меншік иесі өзі құрған кәсіпорынның шаруашылық
жүргізуіндегі мүллікті пайдаланудан келтірілген таза табыстың бір бөлігін
алуға құқылы.
Қызметін осы шаруашылық жүргізу құқығында жүзеге асыратын
мемлекеттік кәсіпорынның, егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, меншік
иесінің немесе ол уәкілдік берген мемлекеттік органның келісімінсіз
кәсіпкерлік қызметтің мына түрлерін жасауға:
1. өзіне тиесілі үйлерді, құрылыстарды, жабдықты және кәсіпорынның
басқа да негізгі қорларын өзге адамдарға сатуға және беруге,
айырбастауға, ұзақ мерзімді (үш жылдан астам) жалға беруге, уақытша
тегін пайдалануға беруге;
2. филиалдар және еншілес кәсіпорындар құруға, жеке кәсіпкерлермен
бірге кәсіпорындар мен бірлескен өндірістер құруға, оларға өзінің
өндірістік және ақша капиталын салуға;
3. үшінші тұлғалардың міндеттемелері бойынша негіздеме немесе кепілдік
беруге құқығы жоқ.
Жоғарыда аталған мүлікке шаруашылық жүргізу құқығы меншік құқығын
тоқтатуға арналған заңдарда көзделген негіздер мен тәртіп бойынша, сондай-
ақ меншік иесінің шешімімен кәсіпорыннан мүлік заңды жолмен қайтарып
алынған реттерде тоқтатылады.
Ал, оралымды басқару құқығы — меншік иесінің қаражаты есебінен
қаржыландырылатын мекеменің, мемлекеттік мекеменің, меншік иесінен мүлік
алушы және өз қызметінің мақсатына, меншік иесінің тапсырмаларына және
мүліктің мақсатына сәйкес, заң құжаттарымен белгіленген шекте сол мүлікті
иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын жүзеге асырушы қазыналық
кәсіпорындардың заттық құқығы болып табылады.
Оралымды басқарудағы мүлікті меншіктенуші заң құжаттарына сәйкес,
мекеме, мемлекеттік мекеме, немесе қазыналық кәсіпорын құру, оның
қызметінің мәні мен мақсаттарын белгілеу мәселелерін шешеді, мекеменің,
мемлекеттік мекеменің немесе қазыналық кәсіпорынның заң жүзіндегі тағдырын,
оның қызметінің мазмұнын белгілеуге құқығы бар.
Сонымен қатар, меншік иесі мекеменің, мемлекеттік мекеменің немесе
қазыналық кәсіпорынның меншік иесі берген мүлікті тиімді пайдалануы мен
сақтауына бақылау жасауды жүзеге асырады.
Мекеменің, мемлекеттік мекеменің өзіне бекітіліп берілген мүлікті және
оған смета бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз
бетімен иеліктен айыруға немесе өзгеше әдіспен оған билік етуге құқығы
жоқ.
Қазыналық кәсіпорын, егер заңдарда өзгеше көзделмесе, өзі өндірген
өнімді, дербес сатады. Қазыналық кәсіпорынның табыстарын бөлу тәртібін оның
мүлкін меншіктенуші белгілейді.
Мекемені меншіктену құқығы басқа адамға ауысқан кезде өзіне тиесілі
мүлікке оралымды билік жүргізу құқығын сақтап қалады.
Екі немесе бірнеше адамның меншігіндегі мүлік оларға ортақ меншік
құқығымен тиесілі болады. Мұнда мүлік меншік иелерінің әрқайсысының меншік
құқығындағы үлестері белгілене отырып, (үлестік меншік) немесе ондай
үлестер белгіленбесе (бірлескен меншік) ортақ меншікте болуы мүмкін.
Ортақ меншік екі немесе бірнеше адамның меншігіне мүлік түскен кезде
пайда болады, оны өзінің мақсаты өзгертілмейінше бөлуге болмайды, өйткені
ол заңға сәйкес бөлінуге жатпайды.
Осы бірлескен меншікке қатысушылардың келісімі бойынша, ал келісімге
қол жетпеген жағдайда — сот шешімі бойынша ортақ меншікке осы адамдардың
үлесті меншігі белгіленуі мүмкін.
Егер үлесті меншікке қатысушылар үлестерінің мөлшері заң құжаттары
негізінде анықталуы және оған барлық қатысушылардың келісімімен
белгіленуі мүмкін болмаса, үлестер тең деп саналады.
Ал, үлесті меншіктегі мүлікке билік ету оның барлық қатысушыларының
келісуімен жүзеге асырылады.
Жалпы ортақ бірлескен меншік:
1. ерлі-зайыптылардың ортақ меншігі;
2. шаруа (фермер) қожалығының ортақ меншігі;
3. жекешелендірілген тұрғын үйге ортақ меншік түрінде болады.
Бұл аталған ортақ бірлескен меншік түрлерін жеке дара ашып
қарастыратын болсақ:
Ерлі-зайыптылардың ортақ меншігі деп — олардың некеде тұрған кезде
жинаған мүлкі, егер бұл мүлік ерлі-зайыптылардың әрқайсысына тиесілі
немесе меншік құқығында тиісті бөліктерде ерлі-зайыптылардың әрқайсысына
тиесілі екені олардың арасындағы шартта көзделмесе, олардың бірлескен
меншігін айтамыз.
Ерлі-зайыптыларға некеге тұрғанға дейін тиесілі болған, сондай-ақ
олардың некеде тұрғанға дейін тиесілі болған, сондай-ақ олардың некеде
тұрған кезінде сыйға тартқан немесе мұрагерлік тәртіппен алған мүлкі
олардың әрқайсысының меншігі болып табылады.
Шаруа (фермер) қожалығының мүлкі, олардың арасындағы шартта өзгеше
белгіленбегендіктен, бірлескен меншік құқығында оның мүшелеріне тиесілі
болады.
Шаруа қожалығы мүшелерінің бірлескен меншігінде оның мүшелерінің
ортақ қожалығына шаруашылық үшін сатып алынған жер учаскесіндегі екпелер,
шаруашылық үшін сатып алынған жерлер, шаруашылық және өзге де қора-қопсы
құрылыстары, мелиорациялық және басқа да құрылыстар, өнім беретін мал мен
күш көлігі, құс, ауылшаруашылық және өзге тахника мен жабдықтар, көлік
құралдары, құрал-сайман және басқа мүлік болады.
Шаруа қожалығының қызметі нәтижесінде алынған жемістер, өнім және
табыс шаруа қожалығы мүшелерінің ортақ мүлкі болып табылады және олардың
арасындағы келісім бойынша пайдаланылады.
Ал, жекешелендірілген тұрғын үйге ортақ меншік дегеніміз —
жекешелендіру туралы заңдарға сәйкес жолдаушы сатып алған немесе тегін
алған мемлекеттік тұрғын үй қорының үйіндегі тұрғын жай, егер олардың
арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, жолдаушының және онымен бірге тұрақты
тұратын отбасы мүшелерінің, соның ішінде кәмелетке толмаған және уақытша
тұрмайтын мүшелерінің бірлескен меншігіне көшеді.
Бұл негізде тұрғын үйде тұратын жанұя мүшелерінің барлығы меншік
иелері бола алмайды. Жанұя мүшелері бірге тұрып жатқан басқа жанұя
мүшелеріне тұрғын үй сатып алуға келісім бере алады, бірақ өздері
жекешелендіруге қатысушы ретінде түскілдері де келмеуі мүмкін (мыс: тұрғын
үй жағдайын жақсартуда басқа жолдарын кеспеу үшін).
Негізінен бірлескен меншікке қатысушылар, егер олардың арасындағы
келісімде өзгеше көзделмесе, ортақ мүлікті бірлесіп иеленеді және
пайдаланады.
Сонымен бірге мүлікке билік ету жөніндегі мәмілені қатысушылардың
қайсысы жасағанына қарамастан, бірлескен меншіктегі мүлікке билік ету
барлық қатысушылардың келісімі бойынша жүзеге асырылады.
Ал, егер нотариаттың куәландыруын немесе мемлекеттік тіркеуді керек
ететін мәмілелер жасасу кезінде бірлескен мүлікке басқа қатысушылардың
мәміле жасауға келісімі нотариалдық тәртіппен расталуға тиіс.
Ортақ меншікті бірлескен меншікке қатысушылар арасында болу, сондай-ақ
олардың біреуінің үлесін бөліп шығару қатысушылардың әрқайсысының ортақ
мүлікке құқығындағы үлесі алдын-ала анықталған жағдайда ғана жүзеге
асырылуы мүмкін.
Үлесті немесе бірлескен меншікке қатысушыға несие беруші қатысушы да
басқа мүлік жеткіліксіз болған жағдайда, борышқордың ортақ мүліктегі үлесін
одан ақы өндіріп алу үшін бөліп беру туралы талап қоюға құқылы.
Ортақ меншіктің өзге қатысушылары борышқордың үлесін сатып алудан бас
тартқан реттерде несие беруші борышқордың ортақ меншік құқығындағы үлесін
жария саудаға салу жолымен осы үлестен сот арқылы ақы өндіріп алуды талап
етуге құқылы.
Егер мұндай жағдайда, үлесті заттай бөліп шығару мүмкін болмаса не
үлесті немесе бірлескен меншіктің қалған қатысушылары бұған қарсылық
білдірсе, несие беруші борышқордан өз үлесін ортақ меншіктің өзге
қатысушыларына осы үлесті нарықтық құнына сәйкес бағамен сатып, сатудан
түскен қаражатты борышты өтеуге салуды талап етуге құқылы.
Ал, үлесті меншіктегі мүлікке билік ету оның барлық қатысушыларының
келісімімен жүзеге асырылады.
Жылжымайтын мүлікке меншік кондоминиум нысанында да пайда болуы
мүмкін, бұл жағдайда жылжымайтын мүліктің жекелеген бөліктері азаматтардың
және (немесе) заңды тұлғалардың дара (бөлек) меншігінде болады, ал
жылжымайтын мүліктің бөлек меншікте емес бөліктері ортақ үлестік меншік
құқығымен жылжымайтын мүлік бөліктерінің иелеріне тиесілі болады.
Мұндағы әрбір меншік иесінің ортақ мүліктегі үлесі оның жылжымайтын
мүліктің өзіне тиесілі бөлігіне бөлек меншігінен ажырағысыз.
Әрбір меншік иесінің ортақ мүліктегі үлесінің мөлшері мен оны ұстауға
арналған шығындарға қатысу дәрежесі, егер шартта өзгеше көзделмесе,
жылжымайтын мүліктің дара (бөлек) меншіктегі бөліктерінің мөлшеріне
байланысты болады.
Ал, осы үлесті меншіктегі мүлікті иелену және пайдалану оның барлық
қатысушыларының келісуімен, ол келіспеген жағдайда — сот белгілейтін
тәртіппен жүзеге асырылады.
Мұны да бірлесіп мүлікті меншік иесі ретінде ұстаудың түрлерінің
біріне жатқызуға болады.
Жай серіктестік осы бірлескен қызмет туралы шарт негізінде құрылады.
Бірлескен қызмет туралы шарт (жай серіктестік шарты) бойынша — тараптар
табыс табу немесе заңға қайшы келмейтін өзге де мақсатқа қол жеткізу үшін
бірлесіп әрекет жасауға міндеттенеді.
Жай серіктестік заңды тұлға болмайды. Бірлескен қызмет туралы шарт —
азаматтардың, азаматтар мен заңды тұлғалардың арасында, заңды тұлғалар
арасында жасалады (концорциум).
Осы аталған жай серіктестік қатысушылардың бірлескен қызметі туралы
шартқа байланысты міндеттемелері, егер бірлескен қызметі туралы шартқа
байланысты міндеттемелері, егер бірлескен қызмет туралы шартқа байланысты
міндеттемелерінде өзгеше көзделмесе, үшінші жақтар алдында ортақ болып
табылады.
Бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылар өз мақсаттарына жету үшін
жарналарын ақшалай немесе басқа мүлікпен, не еңбек үлесі арқылы қосады.
Шартқа қатысушылардың ақшалай немесе өзге де мүліктік жарналары,
сондай-ақ олардың бірлескен қызметі нәтижесінде жасалған немесе сатып
алынған мүлік олардың ортақ үлесті меншігі болып табылады.
Осы бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың ортақ істерін
жүргізу олардың жалпы келісімі бойынша жүзеге асырылады. Өзара келісім
бойынша олар бірлескен қызметке басшылық етуді және ортақ істерді жүргізуді
қатысушылардың біреуіне тапсыра алады, ал ол қатысушы бұл орайда шартқа
өзге қатысушылар берген сенімхат негізінде әрекет етеді.
Бірлескен қызметке қатысу құқығын беру бірлескен қызмет туралы шартқа
қатысушылардың келісімімен ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Аталған жай
серіктестік шартына қатысушы өз қалауы бойынша бірлескен қызметке қатысудан
бас тартуға құқылы.
Бірлескен қызметке қатысушылардың қайсыбіреуінің қатысудан бас тартуы
салдарынан келтірілген залалдар, егер бірлескен қызмет туралы шартында
өзгеше көзделмесе, толық көлемінде өндіріліп алынады.
Сонымен қатар бірлескен қызметі бойынша ортақ шығындарды және соның
нәтижесінде пайда болған залалдарды табу тәртібі қатысушылардың шартымен
белгіленеді. Ал, егер шартта мұндай тәртіп көзделмесе, ортақ шығындар мен
залалдар шартқа қатысушылардың ортақ мүлкі есебінен жабылады, ал жетпей
қалған залалдар олардың арасында осы мүліктегі үлестеріне қарай бөліп
салынады.
Консорциум — бұл бірлескен шаруашылық қызметі туралы шарт негізінде
заңды тұлғалар нақты шаруашылық міндеттерін шешу үшін белгілі бір
ресурстарды біріктіріп, күш-жігерді үйлестіретін ерікті түрдегі тың құқықты
уақытша одақ (бірлестік).
Консорциумға қатысушылар өздерінің шаруашылық дербестігін сақтап
қалады және басқа консорциумдардың, қауымдастықтардың қызметіне қатыса
алады.
Осы аталған консорциумға қатысушылар арасындағы қатынастар шарт
негізінде құрылады.
Ал, консорциумды басқару болса, консорциумға қатысушылардың
консорциалдық келісіміне сәйкес жүзеге асырылады.
Консорциумға қатысушылар, егер консорциалдық келісімде өзгеше
ескертілмесе, консорциум қызметіне байланысты міндеттемелер бойынша ортақ
жауапты болады.
Консорциум өз қызметін алдына қойған міндеттерін орындағаннан кейін
немесе оған қатысушылардың шешімі бойынша тоқталады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 26-бабы мен Азаматтық
кодекстің 191-бабына сәйкес азаматтардың меншік құқығы азаматтардың жеке
меншігі түрінде көрінеді. Жеке меншік — жеке тұлғаның, жекелеген
азаматтардың меншігі.
Азаматтардың меншік құқығының пайда болу жағдайына байланысты
иеленудің — жеке және ұжымдық түрлері болады. Ал оның жеке түрі екі жолмен
жүзеге асады: а) пайда түсіруді көздемей және рухани қажеттілікті
қанағаттандыру үшін болатын экономикалық қызметтің меншік түрі: ә) пайда
түсіруге бағытталған жеке меншік.
Жеке кәсіпкерлік — азаматтардың тауарларға (жұмысқа, қызметке)
сұранымды қанағаттандыру арқылы пайда немесе жеке табыс табуға бағытталған
ынталы қызметі. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкерлердің атынан, оның тәуекел
етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады (АК-тің 10-бабы).
Кәсіпкерлік қызметін ұйымдастыру түріне орай жеке кәсіпкерлік заңды
тұлға құрылуымен (АК-тің 14-бабы), сондай-ақ заңды тұлға белгілерінің
болмауына байланысты заңды тұлғаны құрмай-ақ жүзеге асады (АК-тің 19-бабы
және Қазақстан Республикасының “Жеке кәсіпкерлік туралы” Заңының 1-бабы).
Азаматтардың жеке меншігіндегі мүліктерді, егер заңда өзгеше
көзделмесе, біріктіруге болады. Онда мүлік бір мезгілде бірнеше адамның
иелігінде болып, олардың әрқайсысының үлесі айқындалады не айқындалмай-ақ
бола береді, оны былайша айтқанда, үлестік меншік және бірлескен меншік деп
те атайды.
Азаматтардың меншігі экономикалық категория ретінде жеке меншіктенудің
барлық түрлерін қамтиды. Азаматтық құқық азаматтық мүлікке меншік
қатыстылығын, оны иеленуін, пайдалануын және билік етуін реттейді және бұл
мүлікті қорғауды жүзеге асырады. Осындай меншік қатынастарын реттейтін
нормаларының жүйеге келтіретін жиынтығы азаматтардың меншік құқығын
құрайды, бұл объективтік мағынадағы меншік құқығы болып табылады. Меншік
құқығы — субъективті тұлғалық мағынада азамат құқығының заң нормалары
арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша
иеленуі, пайдалануы және билік етуі.
Меншік құқығының субъектісі жеке тұлға болып табылады. Бірақ, ол
жалданған жұмысшы, жеке кәсіпкер, заңды тұлғаның рөлдерінде көріне береді.
Азамат өзінің үлесін қосу арқылы мемлекеттік емес заңды тұлғаны
қалыптастырады. Азаматтар ғана толық серіктестіктің қатысушылары және сенім
серіктестігіндегі толық серіктер бола алады (АК-тің 58-бабының 3-тармағы).
Азамат меншік иесі ретінде көбіне көп жеке кәсіпкердің рөлінде болады.
Заң жеке кәсіпкерлікті және жеке бірлескен кәсіпкерлікке бөледі. Жеке
кәсікерлік бір адамның меншік иелігіндегі мүліктің дербес базасына
енгізіледі, сондай-ақ ол оған заң бойынша пайдалануға, билік етуге құқылы.
Бірлескен кәсіпкерлік бір топ адамның ортақ меншігіндегі мүліктерден
құралады, демек әрқайсысы өзінің үлесін ортаға салады, сондай-ақ олар сол
мүлікті бірлесіп пайдалану, билік ету құқықтарына ие болады.
Бірлескен кәсіпкерлік жалпы бірлескен меншік (жұбайлардың бірлескен
жалпы меншігі), шаруа қожалықтарының ортақ меншігі, жекешеленген тұрғын
үйге деген немесе оның ортақ меншігіндегі үлесті меншігі негізінде жүзеге
асырылады.
Бірлескен кәсіпкерлердің нысандары мынадай болады: 1) ерлі-
зайыптылардың бірлескен ортақ меншігін жүзеге асыратын ерлі-зайыптылар
кәсіпкерлігі; 2) шаруашылық қожалығы немесе бірлесіп тұрғын үйді
жекешелендіру негіздерінде жүзеге асырылатын отбасылық кәсіпкерлік; 3) жай
серіктестік, бұл орайда кәсіпкерлік қызмет меншіктің ортақ үлесіне сәйкес
жүзеге асырылады.
“Жеке кәсіпкерлік туралы” Заңның 9-10-баптарына сәйкес, егер азамат өз
мүлкін айналымға салатын болса, онда меншік иесі ретінде жеке кәсіпкердің
меншігі екі жағдайда болуы мүмкін:
а) кәсіпті тіркеуді талап етуді; ә) кәсіппен тіркеусіз шұғылдана беру.
Заң азамат-кәсіпкердің тіркеуге байланысты қызметін нақты айқындайды.
Жалдамалы қызметкерлердің еңбегін тұрақты пайдаланатын кәсіпкерлер,
кәсіпкерлік қызметтен түсетін жылдық жинақтық табысы Қазақстан
Республикасының заң актілерінде салық салынбайтын жалдық жиынтық табыс
мөлшерінен асатын жеке кәсіпкерлер міндетті түрде мемлекеттік тіркеуден
өтуге тиіс. Осы аталған жеке кәсіпкерлер тіркеуден өтпесе, оның қызметіне
тыйым салынады.
Заңды тұлға құрмай-ақ кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырушы азаматтар
мемлекеттік тіркеуден өзі барып өтуі тиіс және жеке кәсіпкер ретінде ол
тұрғылықты жері бойынша аумақтық салық органында есепке тұруы қажет.
Азаматтық кодекстің 19-бабы бойынша, олардың мемлекеттік тіркеуді өз
бетімен жасауына рұқсат етілмейді (“Жеке кәсіпкерлік туралы” Заңның 9-
бабы). Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру кәсіпкерлік қызметті заңды
тұлға құрмай-ақ жүзеге асыратын азаматты жекелеу тәсілі болып табылады.
Егер жеке кәсіпкер лицензиялауға тиісті қызметті жүзеге асырса, оның
осындай қызметті жүзеге асыруға құқық беретін лицензиясының болуы міндетті.
Лицензия “Лицензиялау туралы” Заңда белгіленген тәртіппен беріледі.
Жеке кәсіпкер жалдамалы еңбекті пайдаланып, кәсіпкерлік қызметті
жүзеге асыруға құқылы, ол бұл ретте өзінің жұмысшылары мен еңбек шартын
немесе жалға беру шартын жасайды. Бұл орайда қолданылып жүрген заңдарға
сәйкес азаматқа оның еңбегі арқылы түскен табыстың бір бөлігі тиесілі
болады. Азамат меншік иесінің келісімімен өзі жалданып істейтін
серіктестікке салым сала алады, сөйтіп, бұл серіктестіктің тапқан табысын
салған салымының көлеміне орай алады. Еңбек шарты бойынша жалданған
жұмыскерге еңбек заңының нормалы қолданылады.
“Жеке кәсіпкерлік туралы” Заңның 9-бабының 3-тармағына сәйкес азамат
өзінің кәсібін мемлекеттік тіркеусіз жүзеге асыра алады, яғни кәсіпкерлік
қызыметпен айналысуы үшін субъект құқығын алу талап етілмейді. Заңда
көрсетілгендей, мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің болмауы кәсіпкерлік
қызметті жүзеге асыру үшін кедергі болып табылмайды. Сөйтіп, кез келген
жеке тұлға заңмен тыйым салынбайтын жағдайда кәсіпкерлікпен шұғылдануға
құқылы. Өз қызметін мемлекеттік тіркеусіз жүзеге асырушы жеке кәсіпкердің
өзі мәмілелер жасасқан жағдайда өзінің кәсіпкер еместігіне сілтеме жасауға
құқығы жоқ (“Жеке кәсіпкерлік туралы” Заңның 9-бабының 4-тармағы).
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жекешелендірудің кезеңдері мен түрлері
Қазақстандағы ауыл шаруашылықты жекешелендірудің ерекшеліктері
Меншік және экономикалық жүйе
МЕНШІК ЖӘНЕ КАПИТАЛ ЖҮЙЕСІ
Меншік пен еңбек арасындағы байланыс
Қазақстан Республикасында жеке меншіктің әр түрлі формаларының қалыптасуы
Қазақстан Республикасыдағы Азаматтық құқықтық қатынас
Меншіктің мәні және экономикалық мазмұны. Меншіктік қатнастар және олардың формалары
Жерді мемлекеттік құқықтық қорғау
Меншік экономикалық категория
Пәндер