Тұлғаның Конституциялық кепілдендірілген жеке бас бостандығына қол сұғатын адам ұрлау қылмысының қылмыстық-құқықтық және криминологиялық сипаттамасы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... 3

1 АДАМ ҰРЛАУ ҚЫЛМЫСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ.ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ

1.1 Адам ұрлаудың объектісі ... ... ... ... .6
1.2 Адам ұрлаудың объективтік жағы ... ... .8
1.3 Адам ұрлаудың субъективтік жағы ... ..17
1.4 Адам ұрлаудың субъектісі ... ... ... ... .20

2 АДАМ ҰРЛАУДЫҢ КРИМИНОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

2.1 Адам ұрлау қылмысының негізгі себептері мен жағдайлары ... ... ... .26
2.2 Адам ұрлау қылмысын жасаушы қылмыскер тұлғасы ... ... ... ... ... .29
2.3 Адам ұрлау мен адам саудасының байланысы ... ... ... ... ... ... ... ...30
2.4 Адам ұрлау қылмысын және өзге де бостандыққа қарсы қылмыстардың алдын алу ... ... ... ... ... .39

3 АДАМ ҰРЛАУ ҚЫЛМЫСЫНА ӨЗАРА ҰҚСАС ЖӘНЕ ӨЗАРА ҰҚСАС АУЫРЛАТАТЫН МӘН.ЖАЙЛАРЫ БАР ҚЫЛМЫСТАР

3.1 Ауырлататын мән.жайлары бар адам ұрлау ... ... ... ... ... ... ... ... .41
3.2 Адам ұрлау қылмыстардан ажырату ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..45

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... .51

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..54
Дипломдық жұмыстың өзектілігі - Қазақстан Республикасының Конституциясының бірінші бабына сәйкес біздің мемлекеттің ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылады. Әрбір жеке адамның өзіндік құқықтары мен бостандықтары кешенінде негізгі орынға адамның бостандығы мен жеке басына қол сұғылмаушылық ие және олар конститутциялық кепілмен қамтамасыз етіледі. Бұл конституциялық құқықтар мен бостандықтар күнделікті өмірде әртүрлі әдіс-тәсілдермен қамтмасыз етіледі, соның ішінде қылмыстық-құқықтық шаралармен.
Біздің респуликадағы адам бостандығы мен жеке басына қол сұғылмаушылық құқығына қол сұғуға жауаптылықты белгілейтін қылмыстық заңнама елдегі жүргізіліп отырған қылмыстылыққа қарсы саясатқа сәйкес дамытылып, жетілдіріп отырылуға тиіс. Қазақстан Республикасының құқықтық саясаты концепциясында көрсетіліп кеткендей қылмыстық заңнамада бастама заңмен қорғалатын ең қымбат әлеуметтік құндылық болып табылатын адам құқықтары мен бостандықтары алынуы керек. Адам бостандығына қол сұғушылықтан қорғаудың конститутциялық кепілдері біздің конституцияның бірнеше нормаларынан көрініс тапқан. Мысалы Конституцияның 1- бабына сәйкес «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары». Яғни біздің Негізгі заңға сәйкес мемлекеттің ең басты құндылығы адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылады
Сәйкесінше біздің әрекет етуші қылмыстық заңнама бойынша адам құқықтары мен бостандықтары қылмыстық заңнамамен қорғалатын ең басты әлеуметтік қазына болып табылады.
1. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі, 1997 жылғы 16 шілдеде қабылданған (22.11.05. дейінгі өзгертулер мен толықтыруларын ескере отырып).
2. Нормативное постановление Верховного Суда Республики Казахстан от 11 июля 2003 года О судебной практике по делам о хищениях (с изменениями, внесенными нормативным постановлением Верховного Суда РК от 19.12.03г.).
3. Постановление Пленума Верховного Суда Республики Казахстан от 23 декабря 1994 года "О применении судами законодательства, регламентирующего ответственноеть за посягательство на жизнь и здоровье граждан" (с изменениями, внесенными постановлением Пленума Верховного Суда РК от 20.12.96 г.).
4. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылдың 30 тамызында қабылданган (2007 жылғы 21 мамырдағы өзгертулер мен толықтыруларын ескере отырып).
5. Қазақ ССР қылмыстық кодексі. Алматы; Қазақстан 1987 жылғы.
6. Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасы. Қазақстан Республикасы Президентінің 20 қыркұйек 2002 жылғы №949 Жарлығымен мақұлданған
7. Дурманов Н.Д. Понятие преступления. М., 1948. 96-бет. Заородников Н.И. Значение объекта преступления для определения меры наказания по советскому уголовному праву. М., 1949№ 12-бет.
8. Каиржанов Е. Уголовное право РК. (общая часть). Алматы, 2003.
9. Кудрявцев В.Н. Объективная сторона преступления. Москва, 1960. 9-бет
10. Куринов Б.А. Научные основы квалификации преступлений. Москва, 1984. 69-бет.
11. Кулушев С.М. Уголовная ответчтвенность за похищение человека и нарушение прав свободы человека. Диссертация. Алматы, 2004 год. 74-бет
12. "Экпресс К" 4 қараша 2003 жыл.
13. Мамутов А.М. Преступления, составляющие пережитки патриархально-родового быта. Алматы, 1963. 78-бет
14. Мамутов А.М. Преступления, составляющие пережитки патриархально- родового быта. Алматы, 1963. 175-стр
15. Кулушев С.М. Уголовная ответственность за похищение человека и нарушение прав свободы человека. Диссертация. Алматы, 2004 год. 82-бет
16. Курс уголовного права. Часть общая. Москва 1970. 149-бет
17. Кулушев С.М. Уголовная ответчтвенность за похищение человека и нарушение прав свободы человека. Диссертация. Алматы, 2004 год 87-бет
18. Мартыненко Н.Ф. Похищение человека: уголовно-правовые и криминалистические аспекты. Автореферат каидидатской дисертации. Москва, 1994 12-13 беттер
19. Уголовное право РК. Особенная часть. Учебник. - Алматы, 2003 г. 128-бет
20. Курс уголовного права. Общая часть. Москва, 1999. 291-бет.
21. Лунеев В.В. Субъективное мнение. Мосвка, 2000. 6-7-бет.
22. Советское уголовное право. Общая часть. Москва, 1982г. 128-бет
23. Уголовное право Казахстана. Под. ред И.И.Рогова, С.М.Рахманова Алматы 1999. С.91.
24. Молдабаев С.С. Каиржанов Е. Бауськов Д. Жұмағали А. Лунеев В.В. Мартыненко Н.Ф. Мамутов А.М. Об уголовной ответственности юридических лиц. Известия НАН РК 1993. №4. 72-73-беттер
25. Флетчер Дж., Наумов А.В. основные концепции современного уголовного права. Москва, 1998. 481-482-беттер
26. Кулушев С.М. Уголовная ответ Кудрявцев В.Н.чтвенность за похищение человека и нарушение прав свободы человека. Диссертация. Алматы, 2004 год 122-бет
27. Президент РК предложил радикальную программу борьбы с преступностью //На страже, 1995г., 25 марта, 2-бет.
28. Галиакбаров Р.Р. Квалификация групповых преступлении, Москва, Юридическая литература, 1980г., 80-бет.
29. Уголовное право. Общая часть. Под ред. Леонтьева Б.В. - М.: 1993. - 210- бет.
30. Кайдаров Р.Е. Уголовное законодательство РК и практика его применения в борьбе с организованной преступностью //Вестник Межпарламентской ассамблеи, Санкт-Петербург, 1995г., 80-бет.
31. Куринов Б.А. Научные основы квалификации преступлений. Москва, 1984
32. Кудрявцев В.Н. Теоритические основы квалификации преступлений. Москва, 1989. С.6.
33. Каиржанов Е. Понятие, структура и виды профилактики. Караганда, 1986. 19.
34. Отряхин В. И. Криминалистика. Методика расследования преступлений новых видов, совершаемых организованными преступными сообществами. М., 1999.-С.305.
35. Кулушев С.М. Уголовная ответчтвенность за похищение человека и нарушение прав свободы человека. Диссертация. Алматы, 2004 год. 140-бет
Қазақтыц Ата зацдары 2 том, Алматы «Жеті жарғы» 2004 жыл.
36. Игошев К.Е. Типология личности преступника и мотивация преступного поведения. Горький, 1974. 66-бет.
37. Жұмағали А. Криминология. Жалпы болім. Дәрістер. Алматы, 2004
38. Бауськов Д. Отграничение насильственного похищения человека от захвата заложника. Моска, Уголовное право. 2003 № 2. 14-бет
39. Каиржанов Е. Уголовное право РК. (общая часть). Алматы, 2003. 92-93 - беттер
40. Молдабаев С.С. Проблемы субъекта преступления в уголовном праве РК. Автореф кан. дис. Алматы 1998. 9-бет

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 АДАМ ҰРЛАУ ҚЫЛМЫСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ

1.1 Адам ұрлаудың объектісі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.2 Адам ұрлаудың объективтік жағы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1.3 Адам ұрлаудың субъективтік жағы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
1.4 Адам ұрлаудың субъектісі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...20

2 АДАМ ҰРЛАУДЫҢ КРИМИНОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

2.1 Адам ұрлау қылмысының негізгі себептері мен жағдайлары ... ... ... .26
2.2 Адам ұрлау қылмысын жасаушы қылмыскер тұлғасы ... ... ... ... ... .29
2.3 Адам ұрлау мен адам саудасының байланысы ... ... ... ... ... ... .. ... .30
2.4 Адам ұрлау қылмысын және өзге де бостандыққа қарсы қылмыстардың алдын алу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..39

3 АДАМ ҰРЛАУ ҚЫЛМЫСЫНА ӨЗАРА ҰҚСАС ЖӘНЕ ӨЗАРА ҰҚСАС АУЫРЛАТАТЫН МӘН-ЖАЙЛАРЫ БАР ҚЫЛМЫСТАР

3.1 Ауырлататын мән-жайлары бар адам ұрлау ... ... ... ... ... ... ... .. ...41
3.2 Адам ұрлау қылмыстардан ажырату ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..45

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 51

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .54

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыстың өзектілігі - Қазақстан Республикасының Конституциясының бірінші бабына сәйкес біздің мемлекеттің ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылады. Әрбір жеке адамның өзіндік құқықтары мен бостандықтары кешенінде негізгі орынға адамның бостандығы мен жеке басына қол сұғылмаушылық ие және олар конститутциялық кепілмен қамтамасыз етіледі. Бұл конституциялық құқықтар мен бостандықтар күнделікті өмірде әртүрлі әдіс-тәсілдермен қамтмасыз етіледі, соның ішінде қылмыстық-құқықтық шаралармен.
Біздің респуликадағы адам бостандығы мен жеке басына қол сұғылмаушылық құқығына қол сұғуға жауаптылықты белгілейтін қылмыстық заңнама елдегі жүргізіліп отырған қылмыстылыққа қарсы саясатқа сәйкес дамытылып, жетілдіріп отырылуға тиіс. Қазақстан Республикасының құқықтық саясаты концепциясында көрсетіліп кеткендей қылмыстық заңнамада бастама заңмен қорғалатын ең қымбат әлеуметтік құндылық болып табылатын адам құқықтары мен бостандықтары алынуы керек. Адам бостандығына қол сұғушылықтан қорғаудың конститутциялық кепілдері біздің конституцияның бірнеше нормаларынан көрініс тапқан. Мысалы Конституцияның 1- бабына сәйкес Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Яғни біздің Негізгі заңға сәйкес мемлекеттің ең басты құндылығы адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылады
Сәйкесінше біздің әрекет етуші қылмыстық заңнама бойынша адам құқықтары мен бостандықтары қылмыстық заңнамамен қорғалатын ең басты әлеуметтік қазына болып табылады.
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қылмыстылықпен күреске байланысты жиналыста атап өтіп кеткеніндей: Соңғы жылдары құқықтық тәртіп пен заңдылық саласында мемлекетте алға жылжулар бар. Адамның өмірі, денсаулығы және азаматтардың мүлкін қорғауды қамтамасыз етуге байланысты криминалдық қол сұғуға қарсы шаралар қолданылуда. Мұндай шараларға мемлекеттегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың түзелуі, халықтың өмір сүру деңгейінің өсуі, саяси құқықтық реформалар, соның ішінде қылмыстық заңнамадағы демократиялық өзгерістер өз септігін тигізуде.
Жыл сайын Қазақстанда жасалған қылмыстар туралы ресми статистикалық есептерде және құқық қорғау органдарының қылмыстық қудалау қызметінің нәтижесінде шамамен адам ұрлаудың 90-100 фактісі тіркеледі. Адам ұрлау фактісі адамның физикалық бостандығына қол сұға отырып, адамның конституциямен құқықтық кепіл берілген жеке тұлғаның бостандығын бұзады.
ҚР Конституңиясының 16 бабының 1-тармағы жеке бас бостандығы құқығын бекітеді: Әркімнің өзінің жеке басының бостандығына құқығы бар. Конституцияның 21-бабының 1-тармағында қозғалу бостандығы бекітіледі: Қазақстан Республикасы аумағында заңды түрде жүрген әрбір адам, заңда көрсетілгеннен басқа реттерде, оның аумағында еркін жүріп-тұруға және тұрғылықты мекенді өз қалауынша таңдап алуға құқығы бар.
Тұлғаның Конститутцияда кепілдік берілген жеке бас бостандығына адам ұрлау арқылы қол сұғу жоғары әлеуметтік қауіптілікпен сипатталады, өйткені жеке бас бостандығы адам өмірінің бағасыз құндылығы болйп табылады, ал адам ұрлауға байланысты құқыққа қайшы әрекеттер адамның осы құқығынан айыруға бағытталады.
Біздің мемлекет таңдаған қылмыстық заңнаманы гуманизациялау саясаты жеке тұлғаны қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау мәселесін өзекті қылады. Бұл мәселені шешу, менің ойымша, теориялық және практикалық деңгейде жүзеге асырылып, нақты тиімді қорытындылар жасауға әкелуі керек. Сондықтан мен дипломдық жұмысымның тақырыбы ретінде тұлғаның Конституциялық кепілдендірілген жеке бас бостандығына қол сұғатын адам ұрлау қылмысының қылмыстық-құқықтық және криминологиялық сипаттамасын алдым. Адам кұқықтары мен бостандықтарының конституцияға сәйкес қамтамасыз етіліп, қорғалуын мемлекеттік кұқықтың актілері де адам құқығын көтерудің негізгі қағидаларымен белгілеген. Қазақстан Республикасы да көп идеялар мен қағидаларды басшылыққа алып және оны мемлекеттің өзіндік ерекшелігін ескере отырып нығайтуда. Жұмыста адамның құқықтарын және бостандықтарын қорғау төңірегіндегі маңызды мәселелерді қамтамасыз етуге бағытталған қатынастар анықаталады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Заң әдебиеттерімізде аталмыш мәселені зерттеудің қазіргі жағдайы да тиісті зерттеудің қажеттігін анықтайтын маңызды фактор болып табылады. Заң ғылымында осы мәселені зерттеуге мына тұлғалар біршама көңіл бөледі және бөлген ел басының өзі, Исаев А.А. Мозговых Г.А. Топалова Р.Б. Нургалиев Б.М және тағы да басқалар.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Мәселенің өзектілігі мен оның кейбір қырларының толық реттелмеуі зерттеу мақсатын анықтайды. Дипломдық жұмыстың мақсаты адам ұрлау әрекетінің қылмыстық құқықтық және криминологиялық сипаттамасын беру.
Осы мақсатты жүзеге асыру үшін адам ұрлау қылмысының қылмыстық-құқықтық түсініктемесін беру, осы қылмыс құрамының ерекшеліктерін айқындау, адам ұрлаудың сараланған және ерекше сараланған құрамдарына құқықтық талдау жасау, адам ұрлауды өзге ұқсас қылмыс құрамдарынан ажырату, адам ұрлау қылмысының кримннологиялық аспектілеріне тоқталу. Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерін және адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының қамтамасыз етілуін түбегейлі түрде талдау. Мұндай құқықтарды қорғау үшін - институттарды анықтау. Адам құқығы мен бостандығын бұзған жағдайда оны заңды қорғау, басқа адамдардың құқығын, бостандығын, ар-намысы мен қадір қасиетін құрметтеу жөніндегі міндеттемелерді белгілеу.
Қазақстан Республикасында әрбір азамат өз құқықтарын өзге адамдардың құқықтарына зиян келмейтін тәсілмен қорғауға құқылы. Адам құқықтарын бірде-бір мемлекеттік орган немесе лауазымды тұлға заңсыз шектей алмайды. Тәуелсіз мемлекетімізде жұрттың барлығы сот пен заңның алдында тең. Көп ұлтты мемлекетімізде демократиялық принңиптерді басшылыққа алып өркениетті қоғам құру негізгі идеяға айналды. Мұндай, құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамды орнату жолындағы ең өзекті де, кезек күттірмес мәселелердің бірі-адам құқықтарының тиісті деңгейде қамтамасыз етілуі. Дипломдық жұмыстың негізгі бағыты - басты кұқықтардың тиісінше қорғалуына қадам жасау.
Зерттеу объектісі: Адам ұрлау қылмысының қылмыстық-құқықтық түсініктемесі
Зерттеу пәні: Қазақстан Республикасы конституңиясының 16-бабының 1-ші тармағында " Әркімнің өзінің жеке басының бостандығына құқығы бар делінген. Дегенмен әр адамның жеке бас бостандығына деген коституциялық құқығын шектеуге тек қылмыстық іс жүргізу заңында көрсетілгендей және сол заң талаптарына сәйкес, қылмыспен күрес барысында, ҚІЖ-у міндеттерін шешуге қажетті деңгейде ғана мемлекеттік мәжбүрлеу шаралары түрінде жол беріледі. Яғни бұл жерде мемлекет тек қана қылмыспен күресіп қоймай, сонымен қатар процеске қатысушылар мен өзге де адамдардың құқықтарымен мүдделерін қорғауға міндетті болып табылады.
Жұмысты жазу барысында теориялық және эмпирикалық қайнар көздері ретінде қылмыстық құқық пен криминология салаларында ғалымдардың ғылыми еңбектері мен жекелеген монографиялары және сот-тергеу практикасы мен статистикалық мәліметтер қолданылады.

1 АДАМ ҰРЛАУ ҚЫЛМЫСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ

1.1. Адам ұрлаудың объектісі

Адам ұрлау түсінігі бұрыннан белгілі болып табылады. Ол туралы Ежелгі Грецияның антикалық мифтері айтып кеткен. Адам ұрлау тақырыбына көптеген өнер туындылары жазылған. Тіпті рим құқығы бойынша адам ұрлау ауыр қылмыстар қатарына жатқызылып, оны адамды бостандық жағдайдан бостандығынан айырылған жағдайға ауыстыру деп сипаттаған. Әлем тарихы адам ұрлаудың көптеген жағдайларын біледі.
Бүгінгі қолданылып жүрген "киднеппинг" сөзі салыстырмалы түрде жақында пайда болды. Англияда "abduction" сөзі қолданылған, ол әйелді өз еркінен тыс ұрлау дегенді білдірді. Қазақ елінің тарихыда әйел ұрлаудың көптеген мысалдарын біледі. Кейіннен әйелдерді ұрлаумен қоса ерлерді, балаларды ұрлау фактілері де көбейді. Ерлер мен жас балаларды ұрлау кеме жұмысына салуға тиімді болды.
Адам ұрлау бүгінгі күні кең таралған құбылыс болып табылады және Қазақстан Республикасының әрекет етуші заңнамасына сейкес бұл құбылыс құқықа қайшы қоғамдық қауіпті қылмыс ретінде танылған.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 125-бабында адам ұрлау үшін қылмыстық жауаптылық қарастырылады, онда адам ұрлаудың жай, сараланған және ерекше сараланған құрамдары қарстырылады.
ҚР ҚК 125-бабының 1-бөлігі кінәні ауырлататын және жеңілдететін мән-жайлары жоқ адам ұрлау үшін жауаптылықты қарасытырады. ҚР ҚК 125-бабының 1-бөлігінің диспозициясы жай (атаулы) болып келеді, яғни адам ұрлаудың қандай да бір белгілерін сипаттаусыз адам ұрлау нысанында көрініс табатын қылмыстың атауын көрсетумен шектеледі.
Тергеу мен сот тәжірибесінде ҚК 125-бабының 1-болігін тәжірибелік қолдануға байланысты көптеген қиындықтар туындайды, өйткені адам ұрлау үшін қылмыстық жауаптылық көздейтін норманың сипаты атаулы ғана болып табылғандықтан әрекетті саралауға байланысты қиындық туындайды, яғни қандай әрекетті адам ұрлау деп тану мәселесі. Сондықтан қылмыстық заңнаманың 125-бабының бірінші бөлігін қазіргі контектісінде қалдыру тиімсіз және перспективсіз болып келеді. Сәйкесінше, жай диспозицияны сипаттамалық диспозицияға ауыстыратын кез келді [1].
Сипаттамалық диспозицияда қылмыстың негізгі белгілері көрсетіледі. Қылмыстық заңнаманың нормаларының диспозицияларының басым бөлігі сипаттамалық болып табылады, ол қылмыстық заңның дұрыс қолданылуына әсер етеді.
Адам ұрлау қылмысы үшін қылмыстық жауаптылықты көздейтін нормасының жай диспозициясын сипаттамалық диспозицияға ауыстыру заңда адам ұрлау қылмысының негізгі белгілерін көрсетуге мүмкіндік берер еді. Сипаттамалық диспозицияның жай диспозициядан басымдығы қылмыстық құқық теориясында және практикада нақты қылмыстарды дұрыс саралау мәселесін шешу кезінде өз көрінісін тапқан. Сипаттамалық диспозицияда заң шығарушы нақты қылмыстық белгілерін толығымен ашып көрсетеді. Егер заңнамада қандай да бір қылмыстың белгілері нақты көрсетілсе, қылмысты саралауда қате жіберу мүмкіндігі азайып, қылмыс үшін жауаптылық таңдау мәселесін дұрыс шешуге нақты мүмкіндік туындайды.
Жоғарыда айтқандарды ескере отырып қылмыстық кодекстің адам ұрлау үшін жауаптылық көздейтін нормасының жай диспозициясын сипаттамалық диспозицияға ауыстыру тиімді болар еді.
Тәжірибеде көрсетіп отырғандай адам ұрлау қылмысы көбінесе жәбірленушіні алдау немесе сенімді теріс пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Кей жағдайларда адам ұрлау жәбірленушіге күш қолдану арқылы жүзеге асырылады, онда адамды күштеп ұстап алып, кейін көлікпен басқа жерге әкетеді.
Осыны ескере отырып, С.М.Кулушев ҚР ҚК 125-бабының 1-бөлігін келесі редакцияда сипаттауды ұсынады: Адамды оның еркінен тыс алдау немесе сенімді теріс пайдаланумен не жәбірленушіге күш қолодану арқылы ұрлау. Мен С.М.Кулушевтің осы пікірімен толық келісемін.
Қылмыстық заңнаманың адамның жеке басына адам ұрлау арқылы қол сұғатын нормасын жоғарыда көрсетіп өткендей жетілдіру өз кезегінде құқық қорғау органдарының осы санаттағы қылмыстармен күресудегі тиімділігі мен белсенділігін жоғарлатар еді.
Кез келген қылмыстың қылмыыстық-құқықтық табиғатын ашу мәселесі оның құрамының элементтерін анықтаумен тығыз байланысты. Қылмыс элементтерін анықтауда ерекше орын қылмыстың объектісіне ие, өйткені қол сұғушылық объектісін анықтау қылмысты саралауда, жазаны дараландыруға және әрекеттің қоғамдық қауіптілігін анықтауда ерекше орынға ие.
Адам ұрлау қылмысының объектісінің белгілерін анықтау және тиісінше осы қылмысты қол сұғушылық объектісіне байланысты дұрыс саралау мәселесін шешу қылмыстық құқық теориясында қылмыс объектісіне қатысты қалыптасқан концептуалдық ережелердің негізінде жүзеге асырылуы тиіс.
Кеңестік кезеңдегі ғалымдар Н.Д.Дурманов, Н.И.Загородников, В.Н.Кудрявцевтер қылмыстың объектісі ретінде қоғамдық қатынастарды атаған. Кеңестер одағы өмір сүрген уақытта қылмыстың объектісі қоғамдық қатынастар болып табылады деген пікірі тереңнен етек алып, басқа пікірлерге қарағанда доминанттық рольге ие болды.
Бірақ кейінгі кезде қоғамдық формаңия мен ондағы қарым- қатынастардың өзгеруіне байланысты қылмыстық объектісі тек қоғамдық қатынастар болып табылады деген пікірді қайта қарастыру қажеттілігі туындайды.
Ресейлік ғалым А.В.Наумовтың айтуынша қоғамдық қатынастар шынымен де көп жағдайларда қылмыстың объектісі болып табылады, мысалға меншікке қарсы қылмыстарда қылмыс объектісі ұрланған мүлік емес, сол мүлікке деген меншік құқығынан туындайтын мүлікке ие болу, пайдалану және билік ету қатынастары келеді. Бірақ кей жағдайларда қоғамдық қатынастың қылмыс объектісі ретіндегі теориясы жеткіліксіз болып шығады. Ол әсіресе жекеше адамға қарсы қылмыстарға қатысты байқалады, мысалға адам өлтіру, адам ұрлау және т.б.
Жоғарыда атап өткеніміздей бүгінгі күні қылмыстық заңнаманың қорғайтын ең басты қазынасы адам, оның құқықтары мен бостандықтары болып табылады. Осы кезде А.В. Наумовтың ұсынған пікірімен келіспеуге болмайды.
Соңғы жылдары қазақстандық ғалымдар қылмыс объектісіне қатысты жемісті зерттеу жүргізді. Е.И.Қаиржановтың пікірі бойынша қылмыстың бірден бір объектісі мүдделер болып табылады, мүдде адамға қажет және пайдалы құндылықтардың жиынтығы болып табылады [2, 12б.].
Сәйкесінше қылмыстың объектісі ретінде қоғамдық қатынастар, құқықтар, заңды мүдделер және тиісті құндылықтарды тануымыз керек.
Қылмыс объектісі - кез келген қылмыс құрамының қажетті белгісі болып табылады. Ешқандай объектіге немесе қылмыстық заңмен қорғалмаймын объектіге қарсы бағытталған әрекет қылмыс болып саналмайды.
Сонымен, қылмыс объектісі ретінде адам қылмыс жасай отырып қол сұғатын және қоғамға қауіпті әрекетпен зиян келтіретін не келтіру қаупін тудыратын қылмыстық заңмен қорғалған әлеуметтік маңызды мүдделер, құқықтар және құндылықтардың кешенін түсіну керек.
Адам ұрлау қылмысының топтық объектісі қылмыстық заңмен қорғалатын жеке тұлғаның мүдделері.
Адам ұрлаудың тікелей объектісі қылмыстық заңмен қорғалатын адамның жеке бас бостандық (физикалық және моральдік) мүдделері. Жеке бас бостандық деп адамның еркін қозғалып тұру және әрекет ету бостандығы танылады.
Ал адам ұрлау қылмысының қосымша объектісі адамның өмірі, денсаулығы, мүлкі және өзге де құндылықтар жатады.
Кез келген адам оның жасына, әлеуметтік статусіне, азаматтығына және өзге де қасиеттеріне қарамастан адам ұрлау қылмысы бойынша жәбірленуші болуы мүмкін.

1.2 Адам ұрлаудын объективтік жағы

Адам ұрлау қылмысының объективтік жағы қылмыстық жауаптылықты тағайындаудың міндетті негізі болып табылады, бірақ ҚК 125-бабының диспозициясында заң шығарушы осы қылмыстың объективтік жағын сипаттайтын белгілерді көрсетпеген.
Жоғарыда атап откеніміздей ҚР ҚК 125-бабының диспозициясы жай (кейбір қайнар көздерде оны атаулы диспозиция деп те атайды) диспозиция түрінде құрастырылған және қылмыс туралы сипаттауды екі сөзбен шектеледі: адам ұрлау. Тәжірибеде ҚК 125-бабының диспозициясын қолданып, жауаптылықты таңдау кезінде сәйкесінші осы қылмысты қылмыс құрамының объективті белгілері бойынша саралауға байланысты коптеген қиындықтар туындайды.
Қылмыстық құқық теориясында қылмыстың объективтік жагы қылмыстық заңмен қорғалатын объектіге қол сұғушылықтың сыртқы жағы ретінде сипатталады [4, 9б.] .
Нақтырақ нұсқада қылмыс құрамының объективтік жағы қылмыстық заңмен қорғалатын объектіге қоғамдық қауіпті актінің сыртқы көрінісі ретінде қарастырылған. Ол сыртқы акт өз көрінісін объективтік өмірде табады және қылмыс объектісіне зиян келтіреді немесе зиян келтіру қаупін тудырады.
Академик В.Н.Кудрявцетің пайымдауынша қылмыстың объектвтік жағы заңмен қорғалатын объектілерге қоғамдық қауіпті және құқыққа қайшы қол сұғудың көрінісі болып табылады, ол субъектінің қылмыстық әрекетінен (әрекетсіздігінен) басталып, қылмыстық қорытындымен аяқталады.
Аяқталған қылмыстық объективтік жағынан біренеше компонеттерді көруге болады: қоғамдық қауіпті әрекет (әрекетсіздік), зиянды салдар, себепті байланыс, сонымен қоса қылмыс жасаудың орны, уақыты, тәсілі және жағдайы.
Б.А.Куриновтың жазуынша ...қылмыс құрамы элементтері ішінде объекивтік жақ өзге элементтерге қарағанда толығырақ сипатталған... ерекше бөлімнің объективтік жақ белгілерін сипаттамайтын баптары жоқ. Сол уақытта ерекше бөлімде қылмыстық субъектісі мен субъективтік жағының мазмұнын ашпайтын баптар көп. Сондықтан қылмыстың объективтік жағы қылмыстық әрекеттің негізгі элементі болып табылады. Әрекеттің сыртқы жағында оның қоғамдық қауіптілігі көрінісі табады.
Яғни қылмыстық құқықтың теориясында қылмыстың объективтік жағы қоғамдық қауіпті әрекеттің сыртқы әлемде көрінісін табатын негізі элементі ретінде танылады. Тек қоғамдық заңмен қорғалатын объектіге қол сұғумен көрініс табатын қоғамдық қауіпті әрекеттің болу фактісі анықталған жағдайда ғана адамды қылмыс құрамының объективтік жағы бойынша қылмыстық жауаптылыққа тарту мәселесі көтеріледі.
Қоғамдық қауіпті әрекет жасай отырып, субъект қоршаған ортаға әсер етеді, онда өзгерістер жасайды, ол өзгерістер өз кезегінде құбылыстардың өзгеруіне әкеледі.
Адам ұрлау қылымыс жасалған кезде жәбірленуші физикалық бостандығынан айырылады, оның еркінен тыс оның кеңістегі орны ауысады, оған қатысты күш қолданылуы мүмкін [5, 69б.].
Мысалы, 2003 жылдың қазан айының соңында Қарағанды қаласында ақша талап ету мақсатымен ұл бала ұрланған болатын. Қылмыс келесідей мән-жайларда жасалған.
30 қазан күні Дима О. сегізге жиырма минут қалғанда сабаққа күнделіктегідей шыққан болатын. Диманың апасы балконда тұрып немересі лифтпен түсіп, аркадан өткеннен кейін апасына қош айтатынын күтіп тұрады. Бірақ бала 5 минуттан кейін де, он минуттан кейін де көрінбейді. Апасы бірдеңенің дұрыс болмағанын сезініп, Диманың шешесіне айтады, шешесі дереу жедел басқару орталығына хабарлайды.
Ал осыдан біраз уақыт бұрын жедел басқару орталығына он қабатты үй алдында бірнеше адам кішкентай баланы қызыл Ауди көлігіне күшпен салып әкетті деген азаматтың хабары тұскен болатын. Бала мені ұрлап барады деп көмекке шақырған болатын, бірақ қатты соққыдан кейін оның дауысы шықпай қалды.
Адам ұрлаушылар баланы іздеу таңертеңнен басталады деп ойламаған еді. Полиция қызметкерлері азаматтық киімдерге киініп қаланың таксофондар орналасқан жерлеріне аңдуды ұйымдастырды. Ал Қазақтелеком қызметкерлері ұрланған баланың ата-анасына қай жерден телефон қай жерден соғатынын оңай анықтау үшін таксофоннан белгілеген жерлерде ғана жұмыс істеуін қамтамасыз етті [6, 74б].
Адам ұрлаушылар Диманы "Федеров" су қоймасы жанындағы дачаға алып барады. Оны подвалға қамап, қол-аяғын скотчпен орындықа байлап қояды. Дима суық подвалда тамақсыз және жылы киімсіз екі тәулік отырды. Ол тамақ сұрағанда оның басынан ұрған.
Адам ұрлаушылар бала үшін алты мың АҚШ долларын талап еткен.бұл ақшаны орта дәрежедегі кәсіпкер таныстарынан жинауға мәжбүр болды. Одан ары қарай жүргізілген келіссөздердеи соң, қылмыскер ақшаны 31 қазан күні кешке күл-қоқыс жэшігіне тастау керек деген инструкция берді. Және әрбір хабарласуда баланың ата-анасын: баланы тірі көргілерің келсе, полицияға хабарламаңдар, - деп қорқытты.
Полиция қызметкерлеріне сол уақытта қылмыскерлер бала үшін ақшаны алғаннан кейін тиімсіз куәнің көзін жоятыны белгілі болды.
Баланың өміріне келуі мүмкін қауіпті ескере отырып, полиция қызметкерлері қорқытып алушылардың шартты орынға ақшаны алуға келуін кұтпейді. 31 қазан күні кешке іздеу тобы ұрланған бала мен оның екі күзетушісінің нақты орнын анықтайды. Кешкі сағат алтыда дачаға арнайы полиция бөлімі келіп Диманы суық подвалдан босатады. Бала әке-шешесімен ІІББ бастығының кабинетінде кездесті.
Ұсталған жасөспірімдер өз әрекеттерін түсіндіре алмады. Ұрлаушылардың бірі Диманың әкесінің досының баласы болып шықты. Екі жасөспірімнің әрекетін 25 жастағы бұрын екі рет ұрлық үшін соталған азамат басқарған.
Көрсетілген мысалдан адам ұрлау қылмысына тән барлық белгілерді көруге болады.
Егер қылмыстың объективтік жағына қатысты айтсақ, қылмыстық құқық теориясында танылған адам ұрлаудың объективтік белгілернің барлығын табуға болады.
Объективтік жақтың белгілеріне келесілер жатады:
қандай да бір объектіге қол сұғатын әрекет немесе әрекетсіздік;
қоғамдық қауіпті зардаптар;
әрекет (әрекетсіздік) пен зардап арасындағы себепті байланыс;
қылмыс жасаудың тәсілі, орны, уақыты, жағдайы, құралы және қаруы.
Адам ұрлау әрқашан адамның белсенді әрекеттерімен жасалады. әрекетсіздік арқылы бұл қылмыстың объективтік жағын орындау мүмкін емес, ойткені адам ұрлау қылмысың міндетті белгісі жәбірленушінің оның еркінен тыс күш қолдану арқылы кеңістікте орынын ауыстыруға бағытталған белсенді әрекеттермен сипатталады.
Адамды ұрлауға бағытталған әрекеттер әртүрлі нысанда жүзеге асуы мүмкін.
Профессор А.И.Мамутов әйел ұрлау қылмысының объективтік жағының белгілерін аша отырып, көрсетті: Әйелді оның еркінен тыс ұрлаудың объективтік жағы белсенді әрекеттермен сипатталады. Әрекетсіздікпен ұрлау мүмкін емес. Ол кез келген әрекет емес, әйелдің орынын ауыстыруға мәржбүрлеген әрекет....
Ары қарай А.И.Мамутов әйел ұрлауға бағытталған әрекеттердің жасалуы тәсілін жүйелендіреді.
Адам ұрлау алып кету нысанында жүзеге асырылуы мүмкін. Мысалға Корғалжын аудандық сотымен 1960 жыл туылған А.Тасболатов пен К.Кенжебеков үйіне қайтып бара жатқан Лохапованы күшпен машинаға салып үйлеріне алып кеткені үшін сотталды. Олар Лохапованы Тасболатовқа үйлендіру үшін алып кеткен болатын. Жәбірленуші сол күні милнция қызметкерлерімен үйлеріне қайтарылды.
Адам ұрлау алдау арқылы да жүзеге асырылуы мүмкін. Мысалға адамды қандайда бір себеппен нақты бір ғимаратқа алдау арықылы алып келіп, одан шығармай қоюы мүмкін.
Әйелді ұрлау оның некеге отыру бостандығына қол сұғатындықтан, және тікелей жәбірленушінің бостандығына қол сұғушылық болып саналғандықтан, оның ата-анасының, туыстарының, қамқоршы немесе қорғаншыларың әйелді алып кетуге немесе ұстап отыруға келісім беруі кінәліні адам ұрлау үшін жауаптылықтан босатпайды, ал оған көмектескендер қылмысқа қатысушылық үшін жауапқа тартылады.
Адам ұрлау физикалық күш қолданумен де, психикалық күш қолданумен де жүзеге асырылуы мүмкін, яғни қорқыту арқылы. Сондай-ақ адам ұрлау алдау немесе дәрменсіз жағдайын пайдалану арқылы (мас болу, ауру болу немесе өзге де күш қолдану қажет етпейтін жағдайлар) жүзеге асырылуы да мүмкін.
Адам ұрлау қылмысы ұрлау жәбірленушінің еркіне тыс болағанда ғана орын алады, бірақ кейбір жағдайларда соттар қателесіп, ұрлаушыға егер әйел адам ұрлауға келсім беріп, әке-шешесі келісім бермегенде айыптау үкімі шығарылып жатады.
Мұндай фактілер заңгерлерді осындай ұрлауларды қылмыстық адам ұрлаудан ажырата білуді талап етеді.
Кейбір аймақтарда ұрлаусыз әйел алу қыздың намысына нұқсан келтіру болып танылады. Мұндай жағдаяттармен тәрбилік құралдармен күресу керек.
Тәжірибеде қызды үйленуге ұрлағанда жігіт ретінде басқа адамды көрсетіп алып кету фактілері де кездеседі. Мұндай ұралуды алдау арқылы ұрлау деп тану керек.
Көне заманда қыз алып қашу біздің заманымызбен салыстырғанда адам ұрлаумен тең. Көне заманғы қыз алып қашудың өзіндік ерекшелігі бар. Қыз алып қашқаны үшін әртүрлі жазалары болған. Өзінің айттырылған қызын алып қашқаны үшін жігіттің туыстары ат шапан айып төлейді және ол ауыр қылмыс болып есептелмейді. Егер қыз әкесі алып қашушымен үндес жымдас болса бұрынғы құдасына қалыңын қайтарып өз тарапынан айыбын төлейді немесе басқа қызын береді. Қызды айттырып қойған жақ қызды алып қашуының тарапынан кшірім сұрау немесе қалың малын айыбымен қоса қайтару кешіктірілмесе өлім жазасын талап етуге не барымтаға шығуына рұқсат. Егер айттырылмаған басы бос қызды алып қашса онда алып қашқан адам қыздың ата анасына қалыңмал түйе бастатқан тоғыз немесе қалың мал ретінде бір қыз беріп алып қашқан қызға үйленеді. Біреудің әйелін келісімінсіз алып қашу өлім жазасына кесіледі не құн төлейді. Егер келісімімен алып қашса қалың малын қайтарып үстіне қыз қосады.
Біздің заманымызда адам ұрлау кезінде жәбірленушіге дене жарақаттары келтірілсе, кінәлінің әрекеті Қылмыстық кодекстің тиісті баптарымен қылмыс жиынтығы ретінде саралануы тиіс.
А.М.Мамутовтың ұсынған әйелді ұрлауға бағытталған әрекеттердің жүйесін негізге ала отырып, тек әйелді ғана емес, кез келген адамды ұрлаудың келесідей тәсілдерін көрсетуге болады:
Алып қашу (умыкание), адамды алып кету арқылы ұрлау.
Ұрлаушының қулығына негізделген жәбірленушіні алдау немесе сенімін теріс пайдаланып ұрлау.
Адамды жәбірленушіге физикалық күш қолдану немесе психикалық әсер ету арқылы ұрлау:
Сонымен қоса адам ұрлау қылымысы жәбірленушінің дәрменсіз жағдайын пайдалана отырып жасалынуы мүмкін.
Қылмыстық құқықта адам ұрлаудың объективтік жағының мазмұнын ашу көптеген қиындықтар туындатады, өйткені ұрлаудың, сондай-ақ ұрлықтың түсінігі көбінесе мүлікті ұрлауға қатысты сипатталады. Сондықтан адам ұрлау үшін қылмыстық құқықтық жауапкершілік туралы сөз болғанда қылмыстың бұл санатының ерекшеліктерін ескеру керек [8, 78б.].
Осыған байланысты қылмыстық құқық теориясында қылмыстың объективтік белгілеріне байланысты қылмыстық әрекеттің жасалуының нақты нысандары көрсетілген.
Қылмыстық әрекеттің нақты нысандары әртүрлі болып келеді. Ол қылмыстық құқықтың ерекеше бөлімімен қарастырылады. Сол уақытта олар нақты әрекеттермен, қылмыс жасау орнымен және уақытымен сипатталуы мүмкін.
Қылмыстық құқық теориясында қылмыс жасаудың нысандарын екі түрмен сипаттауға ұмтылыс жасалған: қорқыту және алдау. Бірақ қорқытумен де, алдаумен де жасалмайтын қылмыстар болады.
Қылмыстық құқық теориясында әрекеттің тәсілінің ерекшеліктері қылмыстың объективтік жағының қажетті белгісі ретінде сипатталады. Мысалға, заң бөтеннің мүлкін ұрлаудың тәсіліне қарай келесідей түрлерін боліп көрсеткен: ұрлық - яғни бөтен мүлікті жасырын ұрлау, тонау - яғни бөтен мүлікті ашық ұрлау, қарақшылық - яғни бөтен мүлікті ұрлау мақсатында шабуыл жасауға ұшыраған адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті күш көрсетумен немесе тікелей осындай күш қолданамын деп қорқытумен ұштасқан шабуыл жасау. Кей жағдайларда қылмыс жасаудың тәсілі қылыстың қауіптілік деңгейін жоғарлатады, оны сараланған түрге ауыстырады. Мысалға қарақшылықтың сараланған тұрі денсаулыққа ауыр зиян келтірумен, абайсызда жәбірленушінің оліміне әкеп соққан қарақшылық болып табылады.
Қылмыс жасаудың кейбір түрлері ол заңмен сараланған мән-жай ретінде қарастырылмауына қарамастан әрқашан жауаптылықты ауырлататын мән жай ретінде танылады. Оған жәбірленушіні ерекше қаталдықпен өлтіру, қоғамдық қауіп кезінде қылмыс жасау, қылмысты қауіпті тәсілмен жасау жатады.
Қылмыстық заңнама қылмыстың құрамының аяқталу сәтін әрекет немесе әрекетсіздіктің жасалу уақытымен немесе кейінгі нақты салдардың туындауымен байланыстырады.
Қылмыстық кодекстің 125-бабының 1-бөлігі қылмыстың аяқталған құрамы ретінде адамды ұрлаудан көрінетін әрекетерді таниды.
Қылмыстық кодектің 125-бабының 2-бөлігіне сәйкес адам ұрлаудың сараланған құрамдары ретінде: алдын ала сөз байласып адамдар тобымен; бірнеше рет; өмір мен денсаулыққа қауіпті күш қолданып; қару немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолданып; кәмелетке толмағандығы көрінеу адамға қатысты; кінәліге жүктілік жағдайында екендігі корінеу әйелге қатысты; екі немесе одан да көп адамға қатысты; пайдакүнемдік ниетте жасалған адам ұрлауды таниды.
Ал ҚР ҚК 125-бабының 3-бөлігі бойынша адам ұрлаудың ерекше сараланған құрамдары ретінде ұйымдасқан топ жасалған; ұрланған адамды пайдалану мақсатында жасалған; абайсызда жәбірленушінің өлуіне немесе өзге ауыр зардаптарға әкеп соққан қылмысты таныйды.
Көп жағдайда адам ұрлау кезінде қылмыскерлердің күш қолдану немесе алдау тәсілін қолданатынын байқауға болады. Адам ұрлаудың сыртқы белгілері мүлікті ұрлауға қарағанда өзіндік ерекше белгілері бар, ал ерекшеліктерді адам ұрлау құрамының конструкциясын объективтік жағы бойынша анықтауда және ол үшін қылмыстық жауаптылықты дифференцияциялауда ескеру керек.
Ең бірінші ұрлау және ұрлық терминдерінің арақатынасын ашып көрсету керек.
Ұрлық сөзі бөтеннің мүлкін құқықа қайшы жолмен алуды білдіреді және мүлікке қатысты қолданылады.
Ұрлау термині жасырын алу, алып кету дегенді білдіреді.
Адам ұрлауға мүлікті ұрдаудың сыртқы белгілері тән болып келеді. Мысалы егер адам ұрлау жәбірленушінің дәрменсіз жағдайын, яғни мас немесе ұйқылы кұйін пайдалану арқылы жасалса, онда кінәлінің әрекеттерінде ұрлыққа тән белгілері бар.
Егер адам ұрлау жәбірленушіні алдау жолымен немесе сенімді теріс пайлаланумен жасалса онда алаяқтыққа ұқсас әрекеттер орын алады.
Егер ересек адамның қарауына бала немесе әрекет қабілетсіз адам сеніп тапсырылса және ол адам сенімді теріс пайдаланып баланы немесе әрекет қабілетсіз адамды ұрлап кетсе, онда бұндай әрекеттер ееніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу қылмысына сырттай ұқсас болады [9, 175б.].
Адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті емес күш қолдану арықылы адамды ашықтан ашық ұрлаған кезде ондай әрекеттерден мүлікті тонаудың белгілері байқалады.
Адам ұрлау жәбірленушіге күш қолдану қаупімен не бөтен мүлікті жоюмен немесе бүлдірумен қорқыту арқылы, сол сияқты жәбірленушіні немесе оның туыстарын масқаралайтын мәліметтерді таратумен не жәбірленушінің немесе оның жақындарының мүдделеріне елеулі зиян келтіруі мүмкін өзге де мәліметтерді жариялау қаупімен ұрлаушының бұйрықтарын орындап, өзімен бірге жүруді талап ету арқылы жасалуы да мүмкін. Адам ұрлаудың мұндай нысаны қорқытып алушылық белгілеріне ұқсас.
Сәйкесінше жоғарыдағыдан көріп отырғанымыздай адам ұрлау қылмысының объективтік белгілері көп жағдайларда мүлікті ұрлауға бағытталған қылмыстық әрекеттерге ұқсас. Бірақ заң шығарушы адам ұрлауға қарағанда мүлікті ұрлау қылмысының түрлері мен оған жауаптылықты детальді түрде регламенттеген. Бұл менің ойымша заңнаманың кемшілігі болып табылуы да мүмкін. Ондай кемшілікті меншік құқығына қарсы қылмыстардың көптілігімен де түсіндіруге болады, бірақ соңғы жылдардағы статистикалық мәліметердің корсетуі бойынша адам ұрлау қылмысы да күрт көбеюде, сондықтан осыған байланысты адам ұрлаудың жекелеген түрлерін айқындап, ол үшін жауаптылықты дербестендіру қажеттілігі нақ бүгін туындап отырған сияқты.
Сондай-ақ барлық көрсетілген мән-жайларды адам ұрлау қылмысының объективтік белгілерін анық оқып, зертегенде білуге болушы еді. Бірақ жоғарыда бірнеше рет атап өтіп кеткеніміздей ҚК 125-бабының диспозиңиясы адам ұрлаудың объективтік белгілері сипатталмағандықтан, адам ұрлау қылмысы жасау кезінде орын алатын көптеген фактілер қылмыстық заңнамамен қамтылмай қалып отыр тиісінше олар қылысмыстық жауапты емес.
Қылмыстық заңнамада нақты қоғамды қауіпті әрекет үшін қылмыстық жауаптылық мәселесі анық көрініс табуы керек. Қылмыстық кодексте барлық қылмыстардың құрамдары қоғамдық қауіпті әрекеттерді бір бірінен ажырата алатындықтай дәрежеде толық дәрежеде сипатталуы тиіс.
Сондықтан қоғамдық қауіпті әрекеттің заңи түсініктемесі ретіндегі қылмыс құрамына міндетті түрде тиісті адамның әлеуметтік қауіпті әрекеті сәйкес келуі тиіс, онда қылмыстық жауаптылыққа тартудың негізі болып табылатын объективтік және субъективтік элементтер мен олардың белгілерінің қажетті және жеткілікті жиынтыгы болуы тиіс.
Яғни әрекет етуші қылмыстық кодекстің 125-бабы адам ұрлау үшін қылмыстық жауаптылықтың міндеттілігі үшін қылмыстың объективтік жағы шегінде барлық әрекеттерді толық көлемде қамтылмайды. Сондықтан ҚК 125-бабына адам ұрлауды сипаттайтын барлық белгілерді сипаттауға байланысты жауаптылықты көздейтін шектерде өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет.
Қылмыстық құқық теориясында қылмыстық объективтік жагының міндетті белгісі әрекет пен туындаған зардаптың арасындағы себепті байланыс табылады.
Адам ұрлау қылмысы адамды ұстап алып және оны біраз болсын орынын кеңістікте ауыстырғаннан кейін аяқталған болып саналады.
Ал жалпы адамды ұрлау фактісі жасырын және ашық адам ұрлау нысанында сипатталуы мүмкін.
Заңи әдебиетте адам ұрлау қылмысы үш әрекеттің жиынтығынан тұрады деген тұжырым қалыптасқан. Яғни адамды ұстау, оны кеңістіктегі орнын ауыстыру және нақты бір жерде ұстап отыру.
Адамды ұрлап әкеткеннен кейін оны ұстап отыру фактісі орын алуы тиіс, және бұл жерде ұстап отырудың ұзақтығы маңызды емес. Адам ұрлауда жәбірленушінің келісімінің белгілері болса және ол адам ұрлаудың инсценировкасы болып табылатын болса, бұл жерде ҚК 125-бабы бойынша қылмыстық жауаптылыққа тарту мәселесі болуы мүмкін емес. Одна бұл жерде қылмыстық адам ұрлау болып табылмайтын символикалық адам ұрлау орын алады.
Сондай-ақ өзінің немесе асырап алған баласын басқа ата-ананың немесе туыстардың еркінен тыс алып кою да ҚК 125-бабымен сараланбайды. Және бұл реттерде баланы ұрлаған ата-ана ата-аналық құқықтарынан айырылған айырылмағандығы маңызды емес. Егер бала оның жақын туыстарымен ата-анасының еркінен тыс ұрланған кезде ол егер баланың мүддесі үшін болса адам ұрлау қылмысы орын алмайды.
Сонымен қоса адам ұрлау қылмысы өзге де қоғамдық қауіпті әрекеттермен ұштасуы мүмкін. Мысалға, өлтіремін деп немесе денсаулыққа ауыр зиян келтіремін деп, сол сияқты адамның жеке басына өзге ауыр күш көрсетемін не мүлікті өртеп құртамын деп, жарылыс жасап немесе өзге жалпы қауіпті тәсілмен қорқыту. Кейбір жағдайларда адам ұрлау жәбірленушіні алдын ала негізделген мақсаттарды қанағаттандыру үшін физикалық және психикалық мәжбүрлеумен ұштасады, мысалға, босатудың шарты ретінде ақша талап ету, қарыздарды кешіктіруге мәжбүрлеу, құнды заттарды (көлік, құнды қағаз, үй) беруге мәжбүрлеу. Яғни қорыта келе, жоғарыда көрсетілген әдіс тәсілдердің барлығы өздерінің жиынтығы бойынша қылмыстық адам ұрлаудың объективтік жағының белгілерінің мазмұнын құрайды
Сонымен жоғарыда көрсетіп кеткеніміздей адам ұрлау әрқашан адамның белсенді әрекеттерімен жасалады.
Әрекетсіздік арқылы бұл қылмыстың объективтік жағын орындау мүмкін емес, ойткені адам ұрлау қылмыстың міндетті белгісі жәбірленушінің оның еркінен тые күш қолдану арқылы кеңістікте орынын ауыстыруға бағытталған белсенді әрекеттермен сипатталады.
Адам ұрлау қылымыс жасалған кезде жәбірленуші физикалық бостандығынан айырылады, оның еркінен тыс оның кеңістегі орны ауысады, оған қатысты күш қолданылуы мүмкін.
Адам ұрлау физикалык күш қолданумен де, психикалық күш қолданумен де жүзеге асырылуы мүмкін, яғни қорқыту арқылы. Сондай-ақ адам ұрлау алдау немесе дәрменсіз жағдайын пайдалану арқылы (мас болу, ауру болу немесе озге де күш қолдану қажет етпейтін жағдайлар) жүзеге асырылуы да мүмкін.
Сондай-ақ барлық көрсетілген мән-жайларды адам ұрлау қылмысының объективтік белгілерін анық оқып, зертегенде білуге болушы еді. Бірақ жоғарыда бірнеійе рет атап өтіп кеткеніміздей ҚК 125-бабының диспозиңиясы адам ұрлаудың объективтік белгілері сипатталмағандықтан, адам ұрлау қылмысын жасау кезінде орын алатын көптеген фактілер қылмыстық заңнамамен қамтылмай қалып отыр, тиісінше олар қылысмыстық жауапты емес.
Адамды ұрлап әкеткеннен кейін оны ұстап отыру фактісі орын алуы тиіс, және бұл жерде ұстап отырудың ұзақтыгы маңызды емес.
Адам ұрлауда жәбірленушінің келісімінің белгілері болса және ол адам ұрлаудың инсңенировкасы болып табылатын болса, бұл жерде ҚК 125-бабы бойынша қылмыстық жауаптылыққа тарту мәселесі болуы мүмкін емес.
Жоғарыдағыдан байқағанымыздай адам ұрлау қылмысының объективтік белгілері көп жағдайларда мүлікті ұрлауға бағытталған қылмыстық әрекеттерге ұқсас. Бірақ заң шығарушы адам ұрлауға қарағанда мүлікті ұрлау қылмысының түрлері мен оған жауаптылықты детальді түрде регламенттеген. Бұл менің ойымша заңнаманың кемшілігі болып табылуы да мүмкін.
Ондай кемшілікті меншік құқығына қарсы қылмыстардың көптілігімен де түсіндіруге болады, бірақ соңғы жылдардағы статистикалық мәліметердің көрсетуі бойынша адам ұрлау қылмысы да кұрт көбеюде, сондықтан осыған байланысты адам ұрлаудың жекелеген түрлерін айқындап, ол үшін жауаптылықты дербестендіру қажеттілігі нақ бүгін туындап отырған сияқты [10, 82б.].
Жалпы адам ұрлау қылымысының объективтік белгілерін толық ашу үшін оның қылмыстық-құқықтық негізі болуы керк, ондай негіз нақты қылмыс үшін жауаптылықты белгілейтін сипаттамалы диспозицисы болып табылады, сондықтан заңнамаға өзгеріс енгізу арқылы адам ұрлаудың диспозициясын жайдан сипаттамалыққа алмастыру керек.

1.3 Адам ұрлаудың субъективтік жағы

Адам ұрлау қылмысы субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен сипатталады. Кінәлі адам өзінің адамды еркінен тыс ұрлауға байланысты әрекеттерінің құқыққа қайшылығын және қоғамдық қауіптілігін түсінеді және сол әрекеттердің жасалуын тілейді.
Адам ұрлауда ең кең тараған ниет - пайдақорлық ниет болып табылады. Өзге де ниеттер болуы мүмкін: кек, қызғаныш, бұзақылық, өзге қылмыстың жасалуына жағдай жасау. Пайдақорлық ниетті қоспағанда, өзге ниеттер қылмысты саралауға әсер етпейді [12, 87б.].
Қылмыстық құқық теориясында қылмыстың субъективтік жағы қоғамға қауіпті әрекеттің ішкі мәні ретінде сипатталады. Қылмыстық субъективтік жағы кінәлінің жасалып жатқан қоғамдық қауіпті әрекетке деген психикалық қатынасы болып келеді және ол кінә, ниет, мақсат және эмоңиядан тұрады. Қылмыстық құқықтың Жалпы бөлімі бойынша оқулықтардың бәрінде қылмыстың субъективтік жағы осылай сипатталады.
Қылмыстық заңнамада субъективтік жақ түсінігі қолданылмайды. Бірақ заң шығарушы оның мәнін кінә, ниет және мақсат деген түсініктерді қолдану арқылы ашады. Бұл түсініктердің әрқайсысы қылмыстың психикалық мәнін әр қырынан сипаттайды.
Кінә кінәлі адамның қоғамдық қауіпті әрекет пен қоғамдық қауіпті салдарға деғен психикалық көзқарасын білдіреді. Ол қасақана және абайсыздықта болуы мүмкін. Адам ұрлау қылмысы тек қасақанылқпен, және тек тікелей қасақаналықпен жасалады.
Ниет қылмыс жасауға сенімділікті тудыратын бастама.
Қылмыстық мақсат - бұл қылмыс жасаушы адамның ұмтылатын және кұткен қорытындысы.
Шынымен де, заңнамада қылмыстың субъективтік жағы туралы ештеңе айтылмайды. Сонымен қатар ҚК 19-бабына сәйкес Адам соларға қатысты өз кінәсі анықталған қоғамдық қауіпті әрекеті (іс- әрекет немесе әрекетсіздігі) және пайда болған қоғамдық қауіпті зардаптар үшін ғана қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс деп белгіленеді. Заңға сәйкес объективті айыптауға, яғни кінәсіз зиян келтіргені үшін қылмыстық жауаптылыққа жол берілмейді.
В.В. Лунеевтің жазуынша қылмыстың субъективтік жағы қылмыскердің жалпы жасап отырған қылмысқа және оның жеке бөліктеріне (қоғамдық қауіпті әрекетке, зардапқа, олардың арасындағы себепті байланысқа, қылмыстың жасалу орны мен уақытына және тағыда басқа) деген психикалық қатынасы және ол өте күрделі мәселе болып келеді де, жалпы және ерекше қылмыстық құқықтық маңызы бар өзара байланысты қылмыстық-құқықтық элементтерден тұрады. Оларға кінә, ниет, мақсат және қылмыс жасаған кездегі адамның эмоционалдық жағдайы.
Қылмыстың субъективтік жағының негізгі белгісі кінә болып табылады. Ол негізді болып келеді. Кез келген әрекет ету актісі оны жасаған адамның кінәсі болғанда ғана қылмыс болып саналады .
Жоғарыда көрсетіп кеткеніміздей, адам ұрлау қылмысы кезінде кінәнің тікелей қасақаналығы орын алады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 20-бабының 2-тарамаына сәйкес егер адам оз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін ұғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуының мүмкін екенін немесе болмай қоймайтынын алдын ала білсе және осы зардаптардың болуын тілесе, қылмыс тікелей ниетпен жасалған қылмыс деп танылады.
Яғни адам ұрлау қылмысы қезінде ұрлаушы өзінің әрекетінің қоғамға қауіпті екенін ұғынады, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуының мүмкін екенін немесе болмай қоймайтынын алдын ала біледі және осы зардаптардың болуын тілейді.
Заңнамада көрсетілген тікелей қасақаналықтың осы сипаттамалық белгілері қылмыс жасаған адамның әрекетіне нақты баға беруге негіз болып саналады. Бірақ кейбір қылмыстардың құрамдарын терең анализдей келе нақты бір қылмыстардың субъективтік жағының ерекшеліктерін анықтау кезінде қиындықтар туындайтынын айту керек.
Адам ұрлау қылмысының құрамына құқықтық анализ жасау кезінде әр нақты жағдайға байланысты кінә, қылмыс жасау ниеті мен мақсатын анық талдау жасау керек. Қылмыс оқиғасының бұл мән-жайлардың барлығын анықтамау соттың ең соңында іс бойынша дұрыс шешім қабылдамауына әкелуі мүмкін. Мысалға адам ұрлауда пайдакүнемдік ниеттің болғанын дұрыс анықтамау әрекеті ҚК 125- бабының 2-бөлігімен емес 125-баптың 1-бөлігімен қате саралауға әкеп соқтырады және тиісінше жауаптылықтың мөлшері дұрыс анықталмайды. Немесе адам ұрлауда алдын ала пайдакүнемдік ниет болмаса, ол тек жәбірленушіге қатысты тек жеке ұнамастық ниеттерге негізделсе, әрекетті жай адам ұрлау деп танып, ҚК 125- бабының 1-бөлігімен саралау керек. Сондықтан субъективтік жақтың белгілерін дұрыс анықтау адам ұрлау қылмысын дұрыс саралаудың кепілі болып табылады [15, 297б.].
Қылмыстың субъективтік жағы субъектінің жасалаған қоғамдық қауіпті әрекетке және оның салдарына деген психикалық қатынасы және қылмыстың субъективтік жағына қылмыспен байланысты адамның психикалық қызметі екенін ескере отырып, кейбір ғалымдар кінәні субъективтік жақты ядросы болып табылатын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бас бостандығынан заңсыз айыру әрекетінің қылмыстық- құқықтық сипаттамасы
Жеке адамның бостандығына қарсы қол сұғушылықтар үшін қылмыстық жауаптылықтың теориялық мәселелерін зерттеу
«Бас бостандығынан заңсыз айыру қылмысының құқықтық сипаттамасы»
Адамды кепілге алу қылмысы
Пайдақорлық зорлық қылмыстарының криминологиялық сипаттамасы
Адам өліміне әкеп соғатын жеке тұлғаға қарсы қылмыстың сипаттамасы
ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІККЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРҒА ЖАЛПЫ СИПАТАММА
ӨМІРГЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР
Көлік қылмыстарының қылмыстық құқықтық және криминологиялық аспектілері
Бас бостандығынан заңсыз айыру және адамды саудаға салу
Пәндер