«Уркер косметикс» парфюмерия – косметикалық фабрикасы қазіргі уақыттағы Қазақстандық ең негізгі косметика өнімдерін шығаратын кәсіпорнының өндірістік қазіргі ахуалын зерттеу


МАЗМҰНЫ
кіріспе . . . 3
1. Қазақстан Республикасындағы инновациялық Үрдістердің қалыптасуы мен дамуының теориялық негіздері
- . Кәсіпорындағы инновациялық қызмет, оның мәні, маңызы және жіктелуі . . . 9
1. 2 Қазақстан Республикасындағы инновациялық қызметтің дамуының қазіргі жағдайы . . . 16
1. 3 Инновациялық саясатты жүзеге асырудағы мемлекеттiң ролi . . . 33
2. «УРКЕР КОСМЕТИКС» ПКФ-НІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ
2. 1. «Уркер косметикс» ПКФ-нің жалпы сипаттамасы . . . 40
2. 2. Кәсіпорынның инновациялық қызметі . . . 43
2. 3. ҚР-да инновациялық қызметті мемлекеттік реттеу . . . 46
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНДУСТРИЯЛЫ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫ
3. 1 Қазақстан Республикасында индустриялы-инновациялық дамуы және оны қолдау шаралары . . . 61
3. 2 Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегия . . . 66
3. 3 Қазақстан Республикасында инновациялық үрдістердің даму
тенденциясы . . . 71
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 79
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 82
КІРІСПЕ
ТАҚЫРЫПТЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ . Қазіргі уақытта Қазақстандағы жүзеге асырылып жатқан индустриалды - инновациялық бағдарламасы ғылымды қажетсінген технологияларды өндіріс процесіне қосу, экономиканың өңдеу саласын дамыту негізін қалыптастыру, отандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін көтеру, Қазақстанның Дүниежүзілік Сауда Ұйымына (ДСҰ) ену алғышарттарын құру жүзеге асырылып жатыр.
Бұл орайда ғылымның және техниканың соңғы жетістіктерін өндіріс процесіне әуестендіру арқылы отандық кәсіпорындардың өндірістік әлеуетінің қолданыс деңгейін көтеру сұрақтары актуалданады.
Ғылыми - техникалық прогресс пен өндірістік потенциал арасы жақындай келеді. Қазіргі заманғы менеджмент өндірістік потенциал және оларды қолдану элементтерінің техникалық - экономикалық деңгейін көтеру қажеттілігін мойындап отыр.
Өнеркәсіптік кәсіпорындардың өндірістік потенциалының даму проблемаларын шешу үшін жаңа көзқарастар қалыптасып, өнеркәсіптік ресурстарды пайдалануды «техника - технология», «техника - ақпарат», «технология - адам» тіркестер тұрғысынан қарастыруға тура келіп отыр.
Сондықтан да өнеркәсіптік кәсіпорынның өндірістік потенциалының маңызын, қалыптасуын және әрі қарай даму рөлін зерттеу көкейтестілігі өнімнің сапасын жоғарлату және қарастырылған нарықтық жағдайда экономикалық бағдарламаның басты бағыты ретінде инновациялық процесті жеделдетуді барлық жағынан, яғни ақпаратты, жаңа техника мен технологияны, ұйымдастырушылық пен басқарудың прогрессивтік формаларын дамыту негізге алынып отыр.
ТАҚЫРЫПТЫҢ ЗЕРДЕЛЕНУ ДЕҢГЕЙІ. Шетел және отандық авторлар «инновация» терминіне әртүлі анықтамалар беріп жатады. Инновация мағынасын ашу үшін келесі авторлар анықтамаларын келтіріп кетейік.
Б. Твисстің берген анықтамасы: «Инновация - бұл өнертабыс немесе жаңа идеяның экономикалық мазмұнға айналған кездегі үрдіс».
Ф. Никсонның айтуы бойынша: «Инновация - бұл нарықтағы жаңа және жақсартылған өнеркәсіптік процестер мен жабдықтардың пайда болуына ықпал ететін техникалық, өндірістік және коммерциялық шаралардың жиынтығы».
Б. Сангоның анықтамасы бойынша: «Инновация - бұл қоғамдық - экономикалық процесс, ол идеялар мен өнертабыстардың практикалық қолданысы арқылы құрамы жағынан жақсырақ жаңа бұйымдар мен жаңа технологияларды құруға әкелуі, егер инновация белгілі экономикалық пайдаға ие болуды көздесе, онда оның нарықта көрініс табуы қосымша кіріс әкеледі».
И. Шумпетер анықтамасы: «Инновация - бұл кәсіпкерлік рухпен уәждемеленген өндірістік факторлардың жаңа ғылыми - ұйымдастырушылық комбинациясы. Жаңа енгізілімдердің ішкі логикасында - экономикалық дамуды динамикаландырудың жаңа мезеті жатыр».
Д. В. Соколов, А. Б. Титов, М. М. Шабанова анықтамасы: «Инновация (жаңалық енгізу) - бұл қоғамдық тұтынушылықты қамтамасыз ететін және бірнеше (экономикалық, ғылыми - техникалық, әлеуметтік, экологиялық) эффектерге жеткізетін жаңа немесе модифицерленген енгізілімдерді қалыпатастыру және игерудің (енгізу) соңғы нәтижесі».
Ю. П. Морзов анықтамасы: «Инновация - бұл жаңа технологиялар, жаңа өнім түрлері ретінде, ұйымдастырушылық - технологиялық және әлеуметтік - экономикалық шешімдердің өндірістік, қаржылық, коммерциялық немесе тағы басқа сипатта жаңалықтарды тиімді жүзеге асыру».
А. И. Пригожий жаңа енгізілімдер технологияны, техниканы, басқаруды дамытудың бастапқы қалыптасу, игерілу, диффузия сатыларында басқа объектілерге келтірілуі деп есептейді.
П. Н. Завлин, А. К. Казанцев, Л. Э. Миндели анықтамасы: «Инновация - бұл қызмет процесін немесе оның нәтижелерін дамытуға бағытталған, интеллектуалдық (ғылыми - техникалық) қызмет нәтижелерін қайсы бір салада жүзеге асырылуы».
Халықаралық стандартқа сай, инновация - нарыққа енгізілген жаңа тауар немесе жетілдірілген өнім, практикалық қолданыста жүрген жаңа немесе жетілдірілген технологиялық процесі, әлде қоғамдық қызмет көрсетудің жаңа тәсілі ретінде инновациялық қызметтің соңғы нәтижесі болып анықталады.
Коммерциялық аспект тұрғысынан инновация нарыққа қажетсінуі арқылы көрсетілген экономикалық қажеттілік деп тұжырымдалады. Инновацияны қоғамдық - техникалық және экономикалық деп екі тұрғыдан қарастыруға болады.
Инновацияны түрлі сипатына қарай классификациялайды. Радикалдылық деңгейіне және олардың экономикалық даму маңыздылығына қарай инновациялар базистік , жетілдіргіш және псевдоинновация (рационализирующие) деп жіктеледі. Бұл жіктелулер астында екі түрлі инновациялық процестер: пионерлік және қуып жетуші (догоняющий) жатыр. Пионерлік тип әлемдік біріншілікке (мысалы, АҚШ) жету линиясын білдіреді. Ал қуып жетуші - арзанырақ және жедел нәтиже беруі мүмкін (мысалы, Жапония) .
Инновацияны жаңашылдық қасиетіне қарай жіктеу үшін өнімнің немесе технологиялық процестің қай мөлшерде жаңа екенін, яғни оның абсолютті жаңа немесе тек кейбір бөлігі жаңартуға ұшырағанын анықтау керек. Бұл позициядан тек жаңа өнім түрлеріне қатысты базистік инновацияны бөліп шығаруға болады. Жетілдіргіш (улучшающий) инновация бар тауарларды жетілдіруге байланысты, және де жаңа немесе жетілдірілген өндіру тәсілдерді енгізумен байланысты инновациялар.
Өнім немесе технологиялық процестің тек сыртын өзгертуден (псевдоинновация), эстетикалық түрде (бояуын, декорын) өзгертуден, яғни қандай болмасын тауардың ішкі конструкторлық қасиеттерін, параметрлерін, құнын және оған кіретін материалдар мен құрамын сол күйінде қалдыруын инновациялардан айыра білу қажет.
Инновацияларды жаңашылдық деңгейі бойынша классификациялау олардың тенологиялық параметрлерін және нарықтағы орнын анықтау арқылы жүзеге асырылады. Технологиялық параметрлеріне байланысты инновациялар: а) өнімдік - жаңа материалдар мен жартылай фабрикаттарды және де жаңа функцияға(жаңа өнім табу) ие болу үшін жинақтаушылар ; б) процестік - жаңа өндіріс технологиясының, автоматтандырудың жоғарырақ деңгейіне көшу, өндірісті ұйымдастырудың (тек жаңа технологияға қатысты) жаңа әдістері.
Нарық үшін жаңашылдық типі бойынша инновациялар: әлемнің саласы үшін жаңалар, ел ішіндегі сала үшін жаңалар, белгілі кәсіпорын (кәсіпкерлер тобы) үшін жаңалар.
Инновациялардың кешенді сипаттамасы, олардың жан - жақтылығы және аймақтарының әртүрлілігі мен қолдану тәсілдерінің алуан түрлілігі оларды классификациялауды талап етеді. Ол үшін инновация классификаторы келтірілген (1 - кесте) .
- кесте - Инновация классификаторы
ҒТП кезеңдері бойынша жіктелеген инновациялар ерекше болып келеді:
- техникалық инновациялар көрінісі болып көбінесе жаңа өнімді өндіруде немесе өнімді жетілдіру процесінде көрінеді.
- технологиялық инновациялар өнімді дайындаудың жақсартылған, жетілдірілген тәсілдерін қолданған кезде пайда болады.
- ұйымдастырушылық - басқарушылық инновациялар біріншіден өндірісті, тасымалдауды, жеткізуді және өткізуді оптималды ұйымдастыру процестерімен байланысты.
- ақпараттық инновациялар ғылыми - техникалық және инновациялық қызметтер саласындағы рационалды ақпараттар ағымының құюлуының, қабылданған ақпараттың дұрыстығы мен жеделдігін жақсартудың ұйымдастырушылық әдістерін шешумен тікелей байланысты.
- әлеуметтік инновациялар еңбек ету жағдайын жақсарту, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет салалары проблемаларын шешуге бағытталған.
Инновацияның алуан түрлі болғанымен олар бір - бірімен тығыз байланыста және инновациялық механизіміне айрықша талаптар қояды.
Берілген классификатор инновацияларды деректер жинақтамасын қолдану талабына қарай, белгілі бір белгілеріне байланысты түрлі тәсілдер арқылы топтастыруға мүмкіндік беріп отыр.
Енді «инновация» және «инновациялық процесс» терминдеріне назар аударайық. Бұл екі термин бір - біріне жақын мағынада, бірақ олар бірдей емес. Инновациялық процесс инновацияларды құру, қалыптастыру және енгізумен байланысты.
Инновациялық процесс - бұл ғылыми зерттеулерді инновацияға айналдыру процесі. Оның басты белгісі - инновацияны міндетті түрде аяғы дейін жеткізу, яғни практикалық қолданысқа жарамды нәтижелерді алуды жүзеге асыру.
Инновациялық процеске мыналар мінезделеді:
- жүйелілік;
- циклділік;
- ықтималдылық;
- әлеуметтік маңыздылығы;
Инновациялық процестің жүйелілік сипаты оның мақсатының бағытын анықтау барысында көрінеді. Сондықтан да инновациялық процестегі ұйымдастырушылық бірліктер жалпы даму векторын анықтайтын, мүдделер балансы принципі негізінде құрылған.
Инновациялық процестің ықтималдылық сипаты басталған әр зерттеу және өңдеу программаларының барлығы сәтті аяқталмайтынын, немесе сәті аяқталуға кепілі жоқтығын, не таратылу перспективаларының анықталмағандығын көрсетеді.
Инновацияны ойлап табу мен оны жүзеге асрылуының арасы (инновациялық цикл) технологиялық деңгейге, ортаға бейімделу қабілетіне және сыртқы экономикалық жағдайларға байланысты өзгеріп отырады. Егер мықты дамыған елдердің инновациялық циклі 5 - 6 жылды құраса, онда дамыған елдерде ол 5 - 25 жылда, ал дамушы елдерде 15 - 25 жыл аралығында ғана іске асырыады екен.
Іс жүзінде инновациялық процестің құрылымын айқындау үшін инновацияларды енгізу бірнеше үлгілерге жіктедеді.
Инновациялық тізбек - инновациялық процестің ең қарапайым моделі - бүкіл процесті бөлек, функционалды немесе құрылымдық, бөліктерге, кезеңдерге бөлу нәтижесі болып табылады (1- сұлба) .
Бұл моделге сай инновация іргелі ғылыми зерттеулерден басталып, өнімді пайдалану, өткізу салаларында аяқталады. Ірі зерттеу орталықтарында бұл жаңа идеяны тудырады, және де автоматты түрде, рационалды тәртіпте жаңа өнім мен технологиялық процестер қалыптастырады деп талқылайды.
Осы модель бойынша жаңа ғылыми білім автоматты түрде экономикалық өсуге әкеледі.
1 сұлба - Инновациялық тізбек.
Модель жақсы жағы ретінде оның қарапайымдылы, ал қарсы жағына - оның тізбек механизмінің бөлек буындар арасындағы кешенді байланыстардың кері байланысын, бұл зерттеуден тыс пайда болған идеяларды және сыртқы жағдайды ескермегені.
Инновациялық процестің кибернетикалық моделі инновациялық процесті кешенді жүйе ретінде қарастырады. Бұндағы процеске қатысушы элементтер бір - біріне байланысты, бір - бірімен қатынасты кіші жүйелерді құрастырып отырады, ал жүйе көптеген кері байланыстарды құрады. Бұл модель ақпаратты сараптаудың қоғамдық процесінің үзіліссіздігін және автономдылығын айқындайды.
Кибернетикалық модель уақытқа тәуелділікті айқындамайды, сыртқы жағдай жүйесі мен тежеуіш факторлар әсерін қарастырмайды, яғни ол икемді емес.
ЗЕРТТЕУ ОБЪЕКТІСІ: . «Уркер косметикс» парфюмерия - косметикалық фабрикасы.
ЗЕРТТЕУ МАҚСАТЫ : «Уркер косметикс» парфюмерия - косметикалық фабрикасы қазіргі уақыттағы қазақстандық ең негізгі косметика өнімдерін шығаратын кәсіпорнының өндірістік қазіргі ахуалын зерттер, инновациялық даму мәселелері мен үрдістеріне талдау жүргізу.
1. Қазақстан Республикасындағы инновациялық Үрдістердің қалыптасуы мен дамуының теориялық негіздері
1. 1. Кәсіпорындағы инновациялық қызмет, оның мәні, маңызы және жіктелуі.
Кәсіпорынның инновациялық қызметі - бұл жаңа немесе өнімнің жақсартуы, не қызмет көрсетуі, оларды өндірудің жаңа әдістерін қолдану мақсатындағы ғылыми - техникалық және зияткерлік әлеуметтік шаралар жүйесі. Бұл жеке сұранысты, сонымен бірге жалпы пайдалы жаңалықтарға қоғамның мұқтажын қанағаттандыруы үшін пайдаланылады.
Инновациялық қызмет - жаңаға идеяларды түрлендіруге байланысты қызмет түрі немесе рынокқа енгізілген жетілдірілген өнім; практикалық қызметте пайдаланылған жаңа немесе жетілдірілген технологиялық процесс; әлеуметтік қызметтерге жаңа тәсіл. Жиынтығында инновацияға әкелетін ғылыми-техникалық, ұйымдастырушылық, қаржылық және коммерциялық іс-шаралар кешенін болжайды.
Технологиялық инновациялар деп әзірлемемен, сондай-ақ инновацияны енгізумен байланысты ұйымдар қызметі түсіндіріледі. Көбіне өнеркәсіпте - технологиялық жаңа өнімдер мен процестер, сондай-ақ өнімдер мен процестердегі елеулі технологиялық жетілдірулер; қызмет көрсету салаларында - технологиялық жаңа немесе елеулі жетілдірілген қызметтер немесе қызмет өндірудің (табыстаудың) жетілдірілген тәсілдері.
Инновациялық өнім - түрлі дәрежеде технологиялық өзгерістерге ұшыраған өнім.
Мына бұйымдарды қамтиды:
1) жаңа (қайта енгізілген) - радикалдық өнімдік инновация;
2) жетілдірілген бұйымдар;
3) жаңа немесе өндірістің елеулі жетілдірілген әдістерінде құрылған бұйымдар - өзге де инновациялық өнімдер.
Инновациялық белсенді кәсіпорындар - кәсіпорындардың инновациялық белсенділігінің деңгейі, яғни қандай да бір инновациялық қызмет түрлерімен қамтылған инновациялық-белсенді кәсіпорындар сандарының зерттелетін кәсіпорындардың жалпы санына қатынасы ретінде анықталады.
Өнеркәсіпте инновацияның екі түрін бөліп қарастырады: өнімдік инновация және процестік инновация.
Өнімдік инновацияға технологиялық жаңа және технологиялық жетілдірілген өнімдерді әзірлеу және енгізу кіреді.
Процестік инновацияға технологиялық жаңа немесе өнімдерді табыстау әдістерін қоса технологиялық едәуір жетілдірілген өндірістік әдістерді әзірлеу және енгізу кіреді. Мұндай инновациялар жаңа өндірістік жабдықты, өндірістік процесті ұйымдастырудың жаңа әдістерін немесе олардың жиынтықтарын пайдалануда, сондай-ақ зерттеулер мен әзірлемелер нәтижелерін пайдалануда негізделуі мүмкін. Әдетте мұндай инновациялар өндірістің тиімділігін арттыруға немесе кәсіпорындарда бар өнімдерді табыстауға бағытталған, бірақ кәдімгі өндірістік тәсілдерді пайдалана отырып өндіруге немесе жеткізуге келмейтін технологиялық жаңа немесе жетілдірілген өнімдерді өндіруге немесе жеткізуге арналуы мүмкін.
Өнеркәсіпте технологиялық инновацияға мынадай өзгерістер жатпайды:
өнімдердегі (түсінде, сәнінде және т. б. ) эстетикалық өзгерістер;
оның конструкциялық орындалуын өзгеріссіз қалдыратын, осы немесе басқа өнімнің параметріне, құрамына, құнына жеткілікті елеулі әсер етпейтін елеусіз техникалық немесе өнімнің сыртқы өзгерісі, сондай-ақ оған енетін материалдар мен компоненттер.
Инновацияға жұмсалған шығындар кәсіпорындар ауқымында орындалатын инновациялық қызметтердің әр түрлі түрлерінің жүзеге асуымен байланысты ақшалай түрдегі нақты шығыстар. Жалпы шығындар құрамына ағымдағы және күрделі шығындар ескеріледі. Инновациялық қызмет түріне қарай, жаңа өнімдер мен технологиялық процестерді енгізуге байланысты ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерге жұмсалған шығындар бөліп көрсетіледі;
- заттандырылмаған технологияларды - өнертабыстарды пайдалануға лицензияларды, өнеркәсіптік үлгілерді, пайдалы модельдерді, патенттерге құқықты, патентсіз лицензияларды, технологиялық мазмұндағы қызметтерді сатып алуға жұмсалған шығындар;
- өндірістік жобалауға жұмсалған шығындар;
аспаптық дайындыққа, өндірісті ұйымдастыруға және іске қосуға; жаңа өнімдер мен технологиялық процестерді енгізуге байланысты дайындыққа және қайта дайындыққа жұмсалған шығындар;
- жаңа немесе жетілдірілген өнімдер мен технологиялық процестерді енгізуге байланысты машиналар мен жабдықтарды сатып алуға жұмсалған шығындар;
- жаңа өнімдерді рынокқа шығару бойынша маркетингтік зерттеулерге жұмсалған шығындар.
Инновацияның екі тұрпаты ажыратылады:
- өнімділік;
- үдерістік;
Жаңа өнімді өндіріске енгізу инновацияның түбегейлі өнімділігі ретінде анықталады. Мұндай жаңалықтар негізінде жаңа технологияға негізделінеді, не тіршілікте қолданылып жүрген технологияның жаңа түрінде пайдалануын ұштастырады.
Жаңалық дәрежедегі инновация негізінде жаңа, яғни өткен, отандық және шетелдік практикада ұқсастығы жоқ және жаңа нәрсенің салыстырмалы жаңалығы болып ұсақталынады. Негізінде өнімнің жаңа түрлері, технологиясы және қызмет көрсетуі басымдық, абсолюттік жаңалықтарға ие болады және үлгінің түп нұсқасы болып табылады.
Инновацияның өмірілік кезеңі өзара байланысты процестердің және жаңалықтарды енгізу сатысының жиынтығын көрсетеді. Инновацияның өмірілік кезеңі уақыт аралығы ретінде идеяның дүниеге келуінен өндірістік өткізуден алып тастағанға дейінгі инновациялық өнімнің негізінде анықталады.
Кәсіпорынның инновациялық қызметін әзірлеуде, енгізуде, жаңалықтарды пайдалануда қосылатындары:
- жаңалық идеяны әзірлеу, зертханалық ғылыми жұмыстар, өнімнің жаңа зертханалық үлгілерін, техниканың жаңа түрлерін, жаңа конструкцияны және бұйымдарды дайындауда ғылыми - зерттеу және конструкциялық жұмыстарды жүргізу;
- өнімнің жаңа түрлерін дайындау үшін шикізаттар мен материалдың қажетті түрлерін таңдап алу;
- жаңа өнімді дайындауда технологиялық процесті әзірлеу;
- қажетті ғылыми - зерттеу және конструкторлық жұмыстарды жүргізу үшін дайындау, оқыту, жаңа мамандық беру және қызметкерлерді арнайы әдіспен іріктеу;
- инновацияны жетілдіруді ұйымдастыру және маркетингтік зерттеулерді жүргізу.
Кәсіпорын инновациялық қызметте үлкен нәтижелілікке жету үшін белгілі бір объектіге негізделінуі керек және де ішкі және сыртқы орта факторларын ескеруі қажет. Ол үшін инновациялардың толық классификациясын, олардың қасиеттерін және де қаражаттану көздерін білу керек. Кәсіпорын қызметінің объекті ретіндегі инновациялардың классификациясы 1- кестеде толығымен көрсетілген.
2-кесте. Инновациялық процестердің классификациялық белгілері
Мазмұны бойынша
- Тауарлар
- Қызметтер
- Техникалық
- Ұйымдастырушылық
- Экономикалық
- Экологиялық
- Ақпараттық
Өңдеу мен тарату деңгейі бойынша
- Мемлекеттік
- Республикалық
- Регионалды
- Салалық
- Корпоративтік
- Фирмалық
Жаңалық дәрежесі бойынша
- Абсолютті
- Салыстырмалы
- Шартты
- Жеке
Өңдеу мен тарату сфераларына байланысты
- Өндірістік
- Қаржылық
- Қызмет көрсету
- Сату делдалдық
- Білімдік - педогогикалық
- Құқықтық
Инновациялық потенциалы бойынша
- Радикалды
- Шоғырланған
- Модивикациялық
Қаражаттандыру көздеріне байланысты
- Өз қаржылары
- Тікелей бюджеттік
- Қаржыландыру
- Тартылған қаражат
- Заемдық қаражаттар
Инновациялық потенциалы ерекшеліктеріне байланысты
- Ұйым ішіндегі
- Ұйым аралық
Жаңалықтардың мінездемесінің бірден - бір көрсеткіштері болып олардың абсолютті және қатысты жаңалығы, басымдылығы мен прогрессивтілігі, унификация мен стандартизация деңгейі, бәсекелестігі, шаруашылықтың жаңа талаптарына сай болуы, модернизацияға бейімділігі, экономикалық эффективтілігінің көрсеткіштері, экологиялық қауіпсіздік және бағы басқа сайып келгенде, бұл көрсеткіштердің барлығын жаңалықтардың технико - ұйымдастырушылық деңгейінің және бәсекелестігінің көрсеткіштері деп атауға болады. Олардың маңыздылығы осы факторлардың кәсіпорын қызметінің соңғы нәтижелеріне әсер ету дәрижесіне байланысты болып келеді.
Инновациялық қызметтің мотивтері болып сыртқы және ішкі факторлар саналады. Сыртқы мотивтері:
- шаруашылықтың жаңа талаптарына кәсіпорынның бейімделуі;
- салық, несие - ақша және қаржы саясатындағы өзгерістер;
- сату нарығын жетілдіру мен динамикалау;
- бәсекелестерді активизациялау;
- конъюнктуралық тербелістер;
- құрылымдық салалық өзгерістер;
- жаңа арзан ресустарлдың пайда болуы, өндіріс факторлар нарығының кеңеюі демек, сұраныстың қысымы, және тағы басқа.
Инновациялық қызметтің ішкі мотивтеріне келесілер жатады:
- сатудың көлемін ұлғайтуға ұмтылу;
- нарық бөлігінің кеңеюі, жаңа нарықтарға көшу;
- фирма бәсекелестігін жақсарту;
- кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздігі және қаржылық тұрақтылығы;
- ұзақ уақыт кезеңінде пайданы өсіру.
Инновацияның құрылымы келесідей: технопарктер, технологиялық инкубаторлар және инновациялық орталықтар.
Технопарктер дегеніміз - ғылымды, білімді және өндірісті территориялық жағынан біріктірудің капиталистік елдердегі жаңа, бірақ қазірдің өзінде кеңінен таралған тиімді нысаны, ол ғылыми-техникалық талдамалардың және жаңа технологияның өндірісіне жедел енгізілуіне септігін тигізеді. Жақсы жарақтандырылған ақпараттық- экспериментттік базасы құрылған және білікті кадрлар жоғары дәрежеде шоғырланған жағдайда жұмыс істейтін ғылыми, конструкторлық және өндірістік бөлімшелердің бірлестігі болып табылады.
Технологиялық инкубатор - ғылыми ұйымдардың, инновациялық кәсіпорындардың, жоғары оқу орындары және шағын кәсіпкерлік субъектілерінің әлеуетін бір ортағабіріктіруге мүмкіндік береді.
Инновациялық орталық - конструкторлық - технологиялық жаңалықтарды жетілдіру мен өндірістерді дайындауға, бәсекеге қабілетті ғылымды қажетсінетін өнімдерді және жоғары технологияларды әзірлеу кезінде инновациялық кәсіпорындарды өндірістік- технологиялық қолдауға және бұл құрылымдардың ғылыми- техникалық әзірленімдерді және маркетингті, жарнамалық және көрме қызметін, патенттік - лицензиялық жұмысты және интеллектуалдық меншікті қорғауды қоса алғанда, жергілікті және шетелдік нарықтарға ғылымды қажетсінетін өнімдерді жылжыту үшін құрылған инфрақұрылымдар .
Сонымен инновация - инновациялық үрдістерді ғана емес, тауарларды өткізу нарықтарын маркетингтік зерттеу, сонымен қатар ақпараттық, консалтингтік, әлеуметтік және басқа қызметтерге деген жаңа зерттеудің нәтижелерін енгізетін техникалық, технологиялық және ұйымдық жаңалықтарды құрастыру мен тәжірибелік меңгеру сферасы.
Инновациялар бірігіп инновациялық жүйені құрайды. Инновациялық жүйе әр алуан қатынастардың- фирмалардың, жаңа білім жасаушылардың технологиялық және аналитикалық орталықтардың кешенді үлгісі.
Инновациялық қызметті басқару жүйелерін, тиімді құрылымдар мен институционалдық формаларды әзірлеу мен дамыту, оларды мемлекеттік қолдау Қазақстанның әлемдік нарыққа өту, ғылымды қажетсінетін тауарларды өндіру мен өткізудің негізгі шарты болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz