Жерорта теңіз алқабы
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... 6
1.ТАРАУ. ЖЕРОРТА ТЕҢІЗ АЛҚАБЫНА ФИЗИКАЛЫҚ.ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМА ... ... ... ... ... ... ... 7
1.1. Табиғат жағдайлары ... ... ... 7
2.ТАРАУ. ПИРЕНЕЙ ТҮБЕГІ ... ... ... 10
2.1. Географиялық орны. Жер бедері ... ...10
2.2. Климаты ... ... ... ... .. 12
3.ТАРАУ АПЕННИН ТҮБЕГІ ... ... ... 17
3.1. Географиялық орны. Жер бедері ... . 17
3.2. Климаты ... ... ... ... ..19
4.ТАРАУ. БАЛҚАН ТҮБЕГІ ... ... ..22
4.1. Географиялық орны. Жер бедері ... . 22
3.2. Климаты ... ... ... ... ..25
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... 28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... .. 29

Жерорта теңіз алқабы-Евразия мен Африканың Жерорта теңізі жағалауында орналасып облыстары табиғи ландшафтарының тұтастығымен ерекшеленеді. Бұл аумақтағы табиғат пен шаруашылық әрекеті жағдайларының біркелкілігі «Жерорта теңізі алқабы» деген географиялық ұғым енгізуге себеп болды.
Жерорта теңіз алқабының табиғат жағдайларының ерекшеліктері мен өзіндік өзгешеліктері ең алдымен, жазы құрғақ және қысы ылғалды субтропиктік климатына байланысты. Климаттың бұл түрі Жерорта теңізі жағалауынан басқа еш жерде мұндай айқын көрінбейді, сондықтан да ол жерорта теңіздік климат атанды. Климатының ерекшеліктері топырақ түзілісі процестерінің өзіндік және қызыл-қоңыр ерекше генетикалық типтегі топырақ пайда болуына жағдай туғызады. Жерорта теңіздік климат пен жерорта теңіздік өсімдік аталып кеткен жаздағы құрғақшылыққа бейімделген (қатқыл жапырақты мәңгі жасыл ормандар мен бұталар) өсімдіктің ерекше типіне байланысты.
Жерорта теңіз алқабы түгелдей вулканизм мен сейсмика кең тараған альпілік қатпарлы белдеу шегінде жатыр.
Жерорта теңізі алқабының рельефіне көбіне карбонатты жыныстардан құралған, тегістелген сатылы беттер және жекелеген учаскелерінде орташа биік келген таулардың басым болуы тән. Жерорта теңіздік климат пен жерорта теңіздік ландшафтардың кең тарауы теңіз алабы—Жерорта теңізінің болуына байланысты. Оның көлемі мен пішіні, температуралық режимі мен басқа да ерекшеліктері іргелес жатқан құрлықпен өзара әрекеттесе отырып, табиғат пен мәдени ландшафттардың кешенін жасайды.

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1-ТАРАУ. ЖЕРОРТА ТЕҢІЗ АЛҚАБЫНА ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ
СИПАТТАМА ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.1. Табиғат жағдайлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 7
2-ТАРАУ. ПИРЕНЕЙ ТҮБЕГІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
2.1. Географиялық орны. Жер бедері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
2.2. Климаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. .. 12
3-ТАРАУ АПЕННИН ТҮБЕГІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
3.1. Географиялық орны. Жер бедері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 17
3.2. Климаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
4-ТАРАУ. БАЛҚАН ТҮБЕГІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
4.1. Географиялық орны. Жер бедері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
3.2. Климаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 29
Кіріспе
Жерорта теңіз алқабы-Евразия мен Африканың Жерорта теңізі жағалауында
орналасып облыстары табиғи ландшафтарының тұтастығымен ерекшеленеді. Бұл
аумақтағы табиғат пен шаруашылық әрекеті жағдайларының біркелкілігі
Жерорта теңізі алқабы деген географиялық ұғым енгізуге себеп болды.
Жерорта теңіз алқабының табиғат жағдайларының ерекшеліктері мен
өзіндік өзгешеліктері ең алдымен, жазы құрғақ және қысы ылғалды
субтропиктік климатына байланысты. Климаттың бұл түрі Жерорта теңізі
жағалауынан басқа еш жерде мұндай айқын көрінбейді, сондықтан да ол жерорта
теңіздік климат атанды. Климатының ерекшеліктері топырақ түзілісі
процестерінің өзіндік және қызыл-қоңыр ерекше генетикалық типтегі топырақ
пайда болуына жағдай туғызады. Жерорта теңіздік климат пен жерорта теңіздік
өсімдік аталып кеткен жаздағы құрғақшылыққа бейімделген (қатқыл жапырақты
мәңгі жасыл ормандар мен бұталар) өсімдіктің ерекше типіне байланысты.
Жерорта теңіз алқабы түгелдей вулканизм мен сейсмика кең тараған
альпілік қатпарлы белдеу шегінде жатыр.
Жерорта теңізі алқабының рельефіне көбіне карбонатты жыныстардан
құралған, тегістелген сатылы беттер және жекелеген учаскелерінде орташа
биік келген таулардың басым болуы тән. Жерорта теңіздік климат пен жерорта
теңіздік ландшафтардың кең тарауы теңіз алабы—Жерорта теңізінің болуына
байланысты. Оның көлемі мен пішіні, температуралық режимі мен басқа да
ерекшеліктері іргелес жатқан құрлықпен өзара әрекеттесе отырып, табиғат пен
мәдени ландшафттардың кешенін жасайды.
1-ТАРАУ ЖЕРОРТА ТЕҢІЗ АЛҚАБЫНА ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМА
1.1. Жерорта теңіз алқабы аумағының табиғат жағдайлары
Евразия мен Африканың Жерорта теңізі жағалауы бойына орналасқан
облыстары табиғат және мәдени ландшафтарының бірлігімен ерекшеленеді. Бұл
көлемді территориядағы табиғат пен шаруашылық әрекеті жағдайларының
біркелкілігін географтар өте ертеде атап көрсеткен болатын және ол Жерорта
теңізі алқабы деген географиялық ұғым енгізуге себеп болды.

жағалауынан басқа еш жерде дәл мұндай кең тараған емес және дәл мұндай
айқын көрінбейді, сондықтан да ол жерорта теңіздік климат атанды.
Климатының ерекшеліктері топырақ түзілісі процестерінің өзіндік және қызыл-
қоңыр ерекше генетикалық типтегі топырақ пайда болуына жағдай туғызады.
Жерорта теңіздік климат пен жерорта теңіздік өсімдік аталып кет-кен жаздағы
құрғақшылыққа бейімделгенінің айқын белгілері бар (қатқыл жапырақты мәңгі
жасыл ормандар мен бұталар) өсімдіктің ерекше типіне байланысты.
Жерорта теңіз алқабы түгелдей дерлік жер бедері жаңадан қалыптасып
келе жатқан альпілік қатпарлы белдеу шегінде жатыр.
Жерорта теңізі алқабының рельефіне көбіне карбонатты жыныстарда
құралған, тегістелген сатылы беттер кең тараған және жекелеген
учаскелерінде биік таулы рельеф кездесетін орташа биік келген таулардың
басым болуы тән. Жерорта теңіздік климат пен жерорта теңіздік ландшафтар
деп аталатындардың кең тарауы бірегей теніз бассейні—Жерорта теңзінің
болуына байланысты. Оның көлемі мен пішіні, температуралық режимі мен басқа
да ерекшеліктері іргелес жатқан құрлықпен өзара әрекеттесе отырып, табиғат
пен мәдени ландшафттардың қайталанбас комплексін жасайды.
Аумағының мөлшері, су массасының көлемі мен тереңдігі жөнінен Жерорта
теңізі дүние жүзінде бесінші орын алады. Аралдары, түбектері және су асты
шоңғалдары қазан шүңқырды бірнеше бассейндерге бөледі. Батыс бөлігі Корсика
және Сардиния аралдарымен бөлінген. Шығысқа карай, осы аралдардың Апеннин
түбегінің. және Сицилияның аралығында, тереңдігі 3330 метрден астам Тиррен
теңізінің қазан шұңқыры орналасқан. Апеннин мен Балкан аралығында Адриат
теңізі жатыр. Оңтүстіігінде Ион теңізінің шұңғыма алабында 5121 м максимум
тереңдік байқалған. Балкан түбегінен шығысқа қарай, онымен Кіші Азия
аралығында ұсақ аралдары бар Эгей теңізі жатыр. Дарданелл бұғазы, Мрамор
теңізі және Босфор бұғазы Жерорта теңізін Қара теңізбен жалғастырады.
Жерорта теңізің Атлант мұхитымен жалғастырып түрған енсіз Гибралтар
бүғазында су асты шоңғалы көтеріледі, онда тереңдік не бары 300 метрге ғана
жетеді.
Жерорта теңізінің гидрологиялық режимінің негізгі белгілері оның
мұхиттан оқшаулығына, субтропиктік белдеудегі орнына және ағын сипатына
байланысты. Судың беткі қабаты жауын-шашынның жылдық мөлшері өте аз және
ағын біршама әлсіз жағдайда қызады да күшті булануға үшырайды. Сөйтіп судың
жауын-шашын және ағын түрінде теңізге қосылуы буланудың орнын толтырмайды,
мұның өзі Атлант мұхитымен және Қара теңізбен салыстырғанда су деңгейінің
темендеуіне және тұздылығының артуына әкеледі. Шығыс бассейнде тұздылық 38,
тіпті 39%-ке жетеді. Деңгейлердің айырмашылығы және Жерорта теңізі
бассейнінің теріс балансы Атлант мұхитынан және Қара теңізден беткі қабат
бойынша Жерорта теңізіне карай, ал біраз тереңдікте кері бағытта ағыстың
компенсациялық жүйесін тудырады. Судың беткі қабатының күшті жылынуы,
әрдайым араласып тұруы және Атлантикадан Гибралтар шоңғалының салдарынан
етпейтіндіктен тереңдегі суық сулардың аз қосылуы Жерорта теңізінде
тереңдегі сулардың жылуына жағдай жасайды. Бүкіл жыл бойына судың барлық
қабатында беткі қабатын есептемегенде, 13°С-ге жуық температура сақталады.
Судың беткі кабатының жазғы температурасы +20°-тан бастап, Лион бүғазында
21°С, Гибралтарда +24°-қа дейін, Испания жағалауында +25°С-ден + 28 -қа
дейін, оңтүстік-шығыста +30°С-ге дейін өзгереді. Қысқы температура
оңтүстікте +17, +18°С-ге жуық, Адриатиканың солтүстігінде +6, + 7°С-ге
дейін төмендейді, яғни тереңдегі сулардан анағұрлым салқын болады. Қыста
Жерорта теңізінің онтүстік бөлігі үстінен атланттық ауаны әкелетін
циклондар өтеді. Евразияның оңтүстік-батыс жағалауындағы біршама жылы
сулардың орасан зор массасы субтропиктік белдеудің бүл бөлігінде оның Тынық
мұхит секторының жағдайынан едәуір айырмашылығы бар ерекше қысқа жағдайлар
жасайды.
Жерорта теңізінің жағалауында Еуразияның ежелгі мәдени мемлекеттері
қалыптасқан. Олардың халықтары мыңдаған жылдар бойы табиғатқа ықпал жасап,
оны өзгерткен. Екінші жағынан, облыс халқының шаруашылық әрекеті ертеден
адамдарды асырап келген теңіздің өзімен тығыз байланысты болады. Жерорта
теңізі бассейнінде ежелгі дүниенің, орта ғасырлардың және жаңа заманның ірі
теңіз порттары мен сауда қалалары пайда болды. Осы жерден жаңа елдерді ашу
және зерттеу үшін көптеген алыс сапарлар шегу экспедициялары басталды.
Қазіргі уақытта Жерорта теңізі арқылы аса маңызды халықаралық жолдар, соның
ішінде Еуропаның, Азияның, Африканың елдеріне және Атлант мұхитына жолдар
етеді. Жерорта теңізі регионының материк ішіндегі жалғасы Алдыңғы Азия тау
кыраты болып табылады, ол біршама шөккен және ішкі тегіс учаскелері бар,
сонымен бірге, оларды биіктігі жағынан орташа жоталар көмкерген тау
ғимараттарының күрделі жасалған жүйесінен тұрады. Жоталар олардың аралығына
ішкі тау үстірттері сыналап кіргенде алшақтайды немесе шоғырларын жасап
жақындай түседі. Құрылымы жағынан шеткі жоталарға альпілік антиклинориялы,
ал ішкілеріне (ішкі үстірттерге, тау үстіртіне және арқау массивтерге)
ортаңғы массивтер мен тауаралық ойыстары сәйкес келеді. Алдыңғы Азия тау
қыраттарының бүкіл бойында Жерорта теңізіне тән климаттың жалпы
заңдылықтары сақталған: жазда Атланттық антициклонның шығыс континенттік
ауа әкелетін желдері соғады. Олармен тау қыраттарының әсіресе ішкі
бөліктеріндегі құрғақшылық пен жоғары температура байланысты. Қыста тау
қыраттарын қоңыржай ендіктер фронтының ирандық тармағы кесіп өтеді және
соған байланысты циклондық әрекеттер жауын-шашынның түсуіне жағдай жасайды.
Алайда континент ішіндегі жағдай мен таулы қазан шұңқырлы рельеф қысқы
Жерорта теңізі алқабының жағдайларына қарағанда үлкен өзгешеліктер
тудырады; батыс тау жоталарының жел жақ беткейлері ғана молынан суғарылады.
Неғұрлым Шығысқа карай ойысқан сайын, әсіресе ішкі үстірттерде, соғұрлым
жауын-шашын аз болып, қыс та соғүрлым қаталдана береді.
Алдыңғы Азия тау қыраттары флоралық және зоогеографиялық
аудандастыруда Жерорта теңізі алқабына жатады. Олардың флорасының, әсіресе
фаунасының Жерорта теңізі алқабының фаунасымен және флорасымен көптеген
ұқсастығы бар, бірақ өздерінде батыстан шығысқа карай арта түсетін
аридтенудің ізін сақтап келеді. Алдыңғы Азия тау қыраттары алабында базисті
егіншілікпен айналысатын көне мәдени орталықтар қалыптасқан. Орасан зор
Жерорта теңіз—Алдыңғы Азия регионының жалпы пайда болуы мен даму тарихына,
сондай-ақ климат құрылуы мен биогендік компоненттердің пайда болуына
байланысты табиғат бірлігінің болуына қарамастан оның алабында өзгешеліктер
айқын көрінеді. Олар әсіресе батыстан шығысқа қарай жүргенде анық
байқалады, сонымен бірге ондай жағдай солтүстік және оңтүстік бөліктер
аралығында да бар. Европалық Жерорта теңіз алқабы немесе оңтүстік Европа
үстіртінің ірі облыстарының Алдыңғы Азия тау кыраттарының әрқайсысы егжей-
тегжейлі карастыруды қажет етеді.
2-ТАРАУ. ПИРЕНЕЙ ТҮБЕГІ
2.1. Географиялық орны. Орографиясы
Пиреней облысы Жерорта теңізі мен Атлант мұхитының аралығында жатыр
және осы екі бассейннің ықпалында. Ол Жерорта теңіз алқабының ең батыс,
Атлант бойы алғы шебін құрайды. Пиреней түбегі Африкаға жақын орналасқан,
одан геологиялық жағынан таяуда бөлінген, Европаның қалған бөлігінен
Пиреней тауы қоршауымен оқшауланған, Жерорта теңізінің басқа түбектеріне
қарағанда анағұрлым соңғы жарылу сызықтарынан пайда болған оның кескіні
түзу сызықты деуге болады; жер бетінің құрылымында тау үстірттері мен шағын
ойпатты учаскелер бар жақпар таулар басым.
Пиреней түбегінің негізін кристалдық жыныстардан түзілген және
солтүстігі мен оңтүстігі альпілік қатпарлы белдеудің тау ғимраттарымен
көмкерілген, пенепленденген Месета массиві құрайды. Атлант мұхиты жағынан
тау үстірті сейсмикалығы күшті байқалатын жарықтар жүйесімен шектелген.
Месетаның жер бетіне кембрий дәуіріне дейінгі граниттер шы-ғып жатқан
солтүстік-батысында биіктіктер 1000 метрден асып түседі. Галисия массиві
деп аталатын бұл гранит массив бірқатар параллель жоталарға бөлінеді.
Жоталар жағалау сызығына перпендикуляр келген жерлерде, құрлықтың шөгуіне
байланысты жағаның риастық типі пайда болған. Риас деген атау испан
тілінен шыкқан. Испанияның солтүстік батыс жағалауындағы воронка тәрізді
қойнаулар осылай аталады. Месетаның ішкі бөлігі біршама шөппен, негіздің
кристалдық жыныстары онда тұнба жьныс қабаттарымен жабылған. Месетаның
солтүстік жартысында биіктігі 600—800 метрлік Ескі Кастилия үстірті жатыр,
оның тегіс беті құрамында калий тұзының қоры бар келлагуна шөгінділерінің
қабаттарымен жабылған. Месетаның оңтүстік жартысында анағүрлым аласа (500
метрден аспайды) Жаңа Қастилия үстірті жатыр, ол тек кей жерлерде ғана жас
тұнба шөгінділердің қабаттарымен жабылған кристалдық жыныстардан тұрады.
Оңтүстікте Месетаның шеттері опырмаларды бойлап көтерілген және биіктігі
1000 метрден астам Сьерра-Моренна жақпарлы тауларын қүрайды. Месетаның орта
бөлігінде, Ескі және Жаңа Кастилия үстірттері аралығында, Месетаның
кристалдық негізінің көтерілуі және бөлшектенуі нәтижесінде пайда болған
тағы бір тау жүйесі өтеді. Ол жеке жоталарға бөлініп кететін Орталық
Кордильера немесе Кастилия таулары. Сьерраде Гредос жотасындағы Альмансор
массивінің биіктігі 2592 метрге жетеді. Месетаның көтеріңкі бөліктері
түбектің солтүстік шығысында бой көтеріп биіктігі орташа жақпарлы Иберия
және Каталон тауларын құрайды. Альпі қатпарлы белдеуінің ғимараттары
түбекті солтүстігі мен оңтүстігінен жиектеп түрады.
Пиреней таулары Жерорта теңізі алқабы мен Орта Еуропаның аралығында
маңызды физикалық-географиялық шекара қызметін атқарады. Орташа биіктігі
жөнінен бұл тау жүйесінің ең биік шыңдары Альпінің неғұрлым биік
бөліктерінен едәуір төмен болса да Европада Альпіден кейінгі екінші орында.
Пиренеи таулары әлдеқайда аз тілімденген және ол оңайлықпен асу бермейді.
Таулардың кристалдық жыныстардан құралған орта бөлігі анағұрлым биіктеу.
Маладета массивіндегі Пик-де-Анетонын, биіктігі 3404 метрге жетеді.
Пиренейдің бұл бөлігінің рельефінің қалыптасуыида төрттік мұз басуының
едәуір мәні бар. Мұз басу кезінде таулардың. неғұрлым биік бөліктерін
өзінен кейін орасан зор цирктер қалдырған мұздықтар жауып жатты. Үшкір,
алдырмайтын шыңдар, тіптік беткейлер және дүлей шатқалдар Пиренейдін ең
биік бөліктеріке сипатты, мұнда асулар жоқ десен, де болады, оны басып
бірде-бір темір жол немесе тас жол өтпейді. Батысы мен шығысына қарай
таулар бірте-бірте төмендейді. Оның шеткі бөліктері әк тастар мен борпылдақ
шөгінділерден құралған, тауды асулар қиып өтеді, олар арқылы Испания мен
Францияны байланыстыратын темір жолдар мен тас жолдар салынған. Алайда
Пиреней арқылы көптеп өтетін жолдар онша көп емес. Бұл тауларды басып
өтетін алғашқы темір жол тек 1915 жылы салынды.
Пиренейдің солтүстік беткейі оңтүстігіне қарағанда
тікшілдеу келеді. Тауды оңтүстігінен бірте-бірте жазыққа үласатын тауалды
төбелі өңірі көмкеріп тұрады.
Батыста Пиреней Кантабр тауларымен түйісіп жатады, оның шығыс бөлігі
- Бискай таулары орографиялық, тектоникалық және геологиялық жағынан
Пиренейдің жалғасы болып табылады. Кантабр тауларының батыс бөлігі-
Астурия таулары (2500 метр-re дейін) неғұрлым көне жыныстардан құралған
және Бискай тауларына қарағанда қатпарлануды басынан ертерек кешірді.
Олардың биіктігі едәуір рельеф формаларының күрт өзгеруімен ерек-шеленеді.
Бискай бүғазы жағынан қарағанда әсіресе солтүстік беткейі тіптік және қатты
тілімденген. Оны енсіз, шатқал тәріздес аңғарлар кесіп етеді, олар арқылы
буырқанған сарқырамалар құлай ағып жатады.
Пиреней түбегінің оңтүстік тау жүйесі өзінің геологиялық құрылысы мен
құрылымы жағынан Альпі тауларына ете жақын. Бұл - Андалуз таулары, немесе
Бет Кордильерасы. Олар Гибралтар бұғазынан биік құз болып басталып,
солтүстік шығысқа қарай созылып жатады. Андалуз тауларының жалғасы Балеар
аралдарында аласа қыраттар ретінде байқалады. Шамасы бүған дейін бұл тау
жүйесі солтүстік Апеннинмен және Альпімен тұтасып жатса керек. Андалуз
тауларының жалғасы сондай-ақ солтүстік Африка тауларынан да байқалады.
Андалуз таулары рельефі геологиялық бір-бірінен өзгеше екі зонадан тұрады.
Оңтүстік кристалдан зона анағұрлым биік. Оның массиві-Сьерра-Невада (Қарлы
таулар) 3482 метрге жетеді (Муласен тауы). Сьерра-Неваданың шыңдарында
бүкіл жаз бойы дерлік қар мен фирн үйіндісі жатады және Европадағы ең
оңтүстіктегі саналатын шағын қар мүздығы бар. Төрттік мұз басудың іздері
мен күшті эрозиялық тілімдену кристалды аймақтың көптеген учаскелерінде
иағыз биік тау рельефінің кескінін жасайды. Ұзына бойғы тектоникалық ойыс
кристалдык зонадан тұтас алғанда едәуір темен жатқан сыртқы әк тасты зонаны
бөліп тұрады. Әк тастардың басым болуы қажет рельефтің дамуына және тік
жартасты беткейлер мен сүйір шыңдардың пайда болуына әсер етеді. Сонымен
бірге Андалуз тауларының әк тасты аймағында түбі 500—600 метр биіктікте
жатқан терең тектоникалық қазан шұңкырлар бар. Бұл қазан шұңқырларда халық
тығыз орналасқан және егіншілік дамыған. Жерорта теңізі жағы-нан Андалуз
таулары жүйесін төбелі, өңделген және халық тығыз қоныстанған Андалуз
Ривьерасы қоршап тұр. Оңтүстік-батыста Месета мен Андалуз таулары аралығына
Андалуз ойпаты сұғына кіреді, оны бонлап Гвадалквивир ағады. Ойпат Атлант
мүхиты шығанағының орнында оны іргелес таулардан келген үйінділермен
толтыруы нәтижесінде пайда болған. Андалуз ойпатының беті тегіс немесе
төбелі келеді және түгелдей дерлік теңіз деңгейінен 100 м-ден темен жатыр.
Атлант мүхитының лагуналы жағалауын бойлап биік дюналардың қатарлары
созылып жатыр. Лагуналардың бірінің жағасында ірі Кадис порты тұр.
Батыста, Месетаның етегінде Португалия ойпаты жатыр. Оның төбелі бетін
шағын таулы қыраттар төріндегі Месетаның сілемдері кесіп өтеді. Жайпақ, аз
жырымдалған лагуналық жағалауға екі ірі кеме қатынасына қолайлы Лиссабон
және Сетубал шығанақ-тары кіріп жатыр. Тебелі жазықтардың шағын учаскелері
түбектің шығыс шетінде де бар. Ол — Испан Леванты деген жалпы атпен
аталатын Мурсия мен Валенсия ойпаттары.
Пиреней түбегі пайдалы қазбаларға бай. Әсіресе металл рудаларының қоры
айтарлықтай, олардың кен орындары Месетаның ежелгі кристалдық негізінің
шығып жатқан жерімен немесе қатпарлы тау вулкандық жыныстарымен байланысты.
Месетаның солтүстік батыс шетінде Солтүстік Португалия мен Испанияның
Галисия массиві алабындағы, каледон мен протерозой гранит инт-рузияларында
қалайы, вольфрам мен уран рудалары бар. Түбектің оңтүстік батысында
қатпарлы герцин циклінің интрузивтік жыныстарында түзілген мыс пириттерінің
өте бай қоры бар. Ол Португалия территориясындағы Сьерра-Моренаның оңтүстік
беткейлеріндегі (Рио-Тинто және басқалары) әйгілі кен орындары. Месетаның
оңтүстік шетінде қорғасын-мырыш күміс кен орындарының алқабы созылып жатыр.
Тап сол жерде сынаптың дүние жүзілік маңызы бар ірі кен орны (Альмадан)
жатыр. Темір рудалары Пиреней түбегінің солтүстігі мен оңтүстігінде
кездеседі. Олар мезозой және альпі магмалық циклінің құрылымына
шоғырланған. Олар Бискай тауларының солтүстік беткейлеріндегі Бильбао
ауданындағы және Бет Кордильерінің оңтүстік беткейлеріндегі Альмериядағы
кен орындары.
Түбектің солтүстігіндегі Ассурия тауларының тау алды депрессиясының
тас көмірлі шөгінділерінде облыстың аса ірі тас көмір бассейні жатыр.
Сонымен бірге тас көмірдің шағын кен орындары таулардың оңтүстік беткейі
мен басқа да аудандарда бар.
Тауаралық және тау іші депрессияларының кайнозой шөгінділерінде тұз
бен қоңыр көмірдің қабаттары жатыр. Калий түзының едәуір қоры Эбро жазығы
алабында орналасқан.
2.2. Климаты.
Пиреней түбегіне өте терең ішкі климат айқын айырмашылықтары тән және
ол Жерорта теңіздік климат облысына түгелдей тек шартты түрде ғана
жатқызылуы мүмкін. Бүл айырмашылықтар температурадан да, жауын-шашынның
жылдық мелшері мен режимінен де байқалады. Қиыр солтүстік батыста
(Галисия мен Бискай шығанағыньщ жағалауы) климат жұмсақ және ылғалды, жыл
бойына температура шамалы ауытқып, жауын-шашын мол түседі. Атлантика жақтан
үнемі соғып тұратын жел, негізінен қыста мол ылғал әкеледі. Ол кезде
тұманды және бүлтты ауа райы үстем болады, сіркіреуік жаңбыр жауады, қар
жауып аяз түспейді деуге болады. Ең суық айдьвд орташа температурасы
Францияның солтүстік-батысындағыдай. Жазы ыстық емес ылғалды, орташа
температурасы: + 17° С-ден сирек асады. Жауын-шашынның жылдық мөлшері
1000 мм 2000 миллиметрге жетеді. миллиметрден асады, ал кей жер-
түбектің ішкі бөліктерінде —
Ескі және Жаңа Кастилия үстірттері мен Арагон жазығында жағдай мүлде
басқаша. Бүл аудандарда таулы үстіртті, қазан шұңқырлы рельефтің,
айтарлықтай биіктіктің, жергілікті континенттік ауаның ықпалы байқалады.
Оларда жауын-шашынның біршама аздығы (жылына 500 миллиметрден аспайды) және
маусымдар бойынша температурасының күрт ауытқуы тән келеді. Ескі Кастилия
мен Арагон жазығында аязды және күшті, өкпек желді, айтарлықтай суық қыстар
болып тұрады; жазы ыстық және сонымен бірге ай-тарлықтай құрғақ, дегенмен
жауын-шашынның ең көбі жылдың осы маусымында түседі. Жаңа Кастилияда климат
сәл-пәл жұмсақтау, қысы анағүрлым жылы, бірақ мүнда да жауын-шашын аз
түседі. Бұл аудандардың барлығында да егіншілік қолдан суландыруды қажет
етеді.
Түбектің батыс және оңтүстік шеттері (Португалия мен Андалуз ойпаттары
жэне Андалуз Ривьерасы) климат нағыз Жерорта теңіздік, соған сипатты
заңдылықтары бар аудандар, қысы жұмсақ әрі ылғалды, жазы ыстық әрі қүрғақ
келеді. Португалияда температуралық жағдай Атлантиканың тікелей әсерімен
біршама жұмсара түседі. Ең суық айдың орташа температурасы онда +10°С-ден
асады, қар жылына екі-үш күннен артық жатпайды. Климаты жерорта теңіздік,
басқа аудандарға қарағанда жауын-шашын айтарлыктай көбірек болады, бірақ
оның түсуі тек кысқы кезеңге байланысты. Жазы қоңыржай ыстық, айлық орташа
температурасы + 23, +24°С. Андалуз ойпатында ең суық айдың орташа температу-
расы +12, + 13°С, жазғы орташа температурасы + 27, +28°С-ге жетеді, жауын-
шашын мөлшері 500—700 миллиметр, мүның өзі көптеген субтропиктік дақылдарды
өсіруге жетеді.
Түбектің ылғалды батыс желдерінен таулар қоршап тұрған шығысында және
әсіресе оңтүстік-шығысында Жерорта теңізіне тән заңдылықтарына қарамастан
климаты өте құрғақ келеді. Мурсия және Валенсия шөлейт жазықтарына жылына
не бары 300—350 миллиметр ылғал түседі. Бүл аудандар солтүстік Африканың
ыстық және қүрғақ аудандарын еске салады. Күн нұрының мол болуы қолдан
суарған жағдайда тек субтропиктік қана емес, трошіктік дақылдарды өсіруге
жағдай жасайды.
Түбектін. таулы аудандарында жауын-шашын мөлшері 1000 мил-лиметрге дейін
жетеді және одан да асады. Температураның биік-тікке сәйкес өзгеруі де
байқалады. Пиренейдің, Андалуз және Астурия тауларынын жоғарғы бөліктерінің
климат жағдайы қатал нағыз биік таулық, алайда қазіргі мұз басу тек
Пиренейде ғана бар.
Пиреней түбегінің өзен торы тұтас алғанда, әсіресе ішкі және шығыс
аудандарда аса жиі емес. Көптеген езендерінің едәуір ұзындығына қарамастан
олардың кеме қатынасы жөніндегі және энергетикалық маңызы онша зор емес.
Өзендердің көпшілігі жаңбыр суымен молығады, коректенеді, қар және
суларымен қоректену болмышы орын алады. Жыл бойына жауын-шашын барлық жерде
дерлік біркелкі түспейді, мүның өзі өзен деңгейінің күшті ауытқуын
туғызады. Бұл оларды шаруашылыққа пайдалануды қиындатады. Қуаңшылық
аудандарда өзендердің суландыру көздері ретіндегі маңызы әсіресе зор.
Пиреней түбегінің ең ұзын өзені — Тахо (1000 километрден астам)—Иберия
тауларының оңтүстік бөлігінен басталады да Атлант мұхитына, дәлірек
айтқанда, Лиссабон шығанағына құяды.
Пиренеи түбегінің көптеген езендері сияқты Тахо жазда өте қатты таязданады,
ал қысқы жаңбыр кезінде ернеуінен асқанша толады, сонымен бірге апатты су
тасулары болады. Тахоның кеме қатынасындық маңызы аса зор емес, өйткені
ағысының орта түсында Месетаның шетін қиып өтіп шоңғалдар жасайды; тек
ағысының төменгі белігінде кеме жүре алады.
Эбро өзені Таходан сәл ғана қыска (928 километр). Оның режимі өте зор
тұрақсыздығымен ерекшеленеді. Кейбір жылдары суының қыстағы шығыны
жаздағыдан 40 есе асып түседі. Ең төменгі сағасында өзен 100 км бойы
Қаталон таулрын жырып өтеді де, кеме қатынасына қолайсыз келеді. Ортаңғы
ағысы шағын кемелер жүзуге жарамды Эмброның Пиренейден басталатын таудағы
салаларында электр станциялары салынған. Эбро жүйесінің езендерін Арагон
жазығының қуаңшылық жерлерін суландыруға пайдалана-ды.
Режим ерекшеліктері мен аңғарының құрылысы жөнінен Дуэро өзені Тахоға
үқсайды. Төменгі ағысында 200 километр қашыққа дейін кеме жүре алады, бірақ
саға құмды қайраң болғандықтан үлкен кемелер өте алмайды.
Гвадиана мен Гвадалквиврдің су қатынасындық мәні үлкендеу, бірақ кайраң
және су режимінің түракты болмауы мүмкіндікті шектейді. Бүл екі өзенді және
олардың салаларын құнарлы, бірақ су жетімсіздігінен зардап шегетін оңтүстік-
батыс аудандарды суаруға пайдаланады. Солтүстік-батыста және солтүстікте
Атлант мүхиты мен Бискай шығанағына Пиренеи және Кантабр тауларының
жаңбырлары мен қарларынан мол нәр алатын түбектің неғұрлым суы мол өзендері
құяды. Олар әдетте онша ұзын болмайды, арналарында шоңғалдар мен
сарқырамалар көп. Бұл өзендердің ең ірісі — Миньо. Облыстың ішкі белігінде
климатының ала-құлалығы табиғи топырақ, есімдік жамылғысы мен мәдени
өсімдіктерінің алуан түрлі болуына жағдай жасайды. Солтүстік және солтүстік-
батыс аудандар өсімдігі мен топырағы жөнінен көрші Францияны еске түсіреді.
Онда қоңыр және күлгін топыракты жерлер басым, үлкен алқаптар батпақтанған
және оларды торфяниктер алып жатыр, оған су өтпейтін гранитті жыныстар мен
жайпақ рельеф учаскелері қолайлы жағдай жасайды. Табиғи өсімдік жамылғысына
шамшаттан, еменнен және жекеден тұратын орманның басым болуы тән. Таулардың
жоғарғы бөлігінде олар кейде мұздық дәуірдің реликті — қайыңға орын береді.
Мүхит жағалауларында неғүрлым солтүстіктегі аудандардың вереск тоғайларынан
ешбір айырмасы жоқ. Вереск тоғайлары кең тараған. Анағұрлым ықтасын
жерлерде, әсіресе батыстың өкпек желі өтпейтін аңғарларда мәңгі жасыл
Жерорта теңізі флорасының кейбір түрлерін кездестіруге болады. Оңтүстікке
қарай өсімдік барған сайын айқындала түсетін жерорта теңізіндік сипат
алады. Орманның қоңыр топырағы субтропиктік қышқыл қоңыр топыраққа ауысады.
Португалия мен Андалузияның өсімдіктері ерекше сәнділігімен және түрлерінің
байлығымен көзге түседі, одан тозды еменнің (Qnercus suber), жерорта теніз
қарағайының тоғайларын, беткейлерді 500 метр биіктікке дейін басып жатқан
қалың, түрлерге бай маквис қауларын кездестіруге болады. Одан қүрғақтау
жерлерде кең аумақты Европадағы бірегей жабайы өсетін пальма, ергежейлі
пальманың қаулары алып жатыр.
^Табиғи есімдік жамылғысының байлығы мәдени өсімдіктің байлығымен және әр
түрлілігімен ұштасып жатады. Неғұрлым солтүстіктегі аудандарда жүгері мен
жүзім, оңтүстікте — цитрус түқымдастар, темекі, оңтүстіктің әр түрлі жеміс
ағаштары, овощ-тар басым келеді. Андалуз ривьерасы мен Андалуз ойпатының
бақтары мен парктерінде қатты грунтта тропиктік өсімдіктер: пальмалар,
банандар еседі, ал кейбір аудандарда тіпті қант қүра-ғын егеді. Облыстың
климаты күрғақ және контитенттік ішкі аудандарында өсімдік пен топырақ
жағдайы басқаша. Месетаның ішкі тау үстірттері мен Арагон ойпатында
ландшафт құрғақ дала, ал кейде шөлейт түрге енеді. Әр түрлі хош иісті
есімдіктерден түратын си-рек өсетін ксерофиттік бұталар шептесін
есімдіктердің учаскелері Оңтүстік Испаниядағы ландшафт түрлерімен алмасып
отырады, онда жоғары сортты кағаз бен әр түрлі тоқылатын бұйымдарды
дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын биік астық тұқымды альфа
селеуі (Stipa tenacissima) басым келеді. Жусан немесе сортаң басқан
тұзданған учаскелерді жиі кездестіруге болады. Бұл аудандардағы егіншілік
барлық жерде дерлік қолдан суаруды қажет етеді. Ескі Қастилияда үлкен
кеңістіктер қой жаю үшін пайдаланылады.
Құрғақ және ыстық оңтүстік-шығыс суландырылмайтын жерлерде шөлейт түрге
енеді. Бірақ су жеткілікті жерде Валенсия төңірегінің даңқын шығарған
апельсин және мандарин бау шоқтары өседі; Мурсия ойпатында тіпті қүрма
пальмасын өсіреді; бұл Европадағы толысқан жеміс беретін бірден-бір орын.
Пиренеи түбегіндегі орман массивтерінің көбі таулы аудандар-ға шоғырланған.
Әсіресе қарағай, шырша және май қарағай ескен (Abies alba) бағалы биік
діңгекті қылқан жапырақты ормандар Пиреней беткейлерінде сакталған. Жалпақ
жапырақты және аралас ормандар Кантабр тауларының беткейлерін жауып жатыр,
бірақ Иберия таулары мен Орталық Кордильерада орман әлдеқайда тапшы.
Пиреней түбегінің жануарлар дүниесінде европалық түрлер де, африкалық
түрлерден де бар. Алғашқылар қатарына қасқыр, түлкі, бүғы, кейбір
кемірушілер мен құстар жатады. Европаныд басқа облыстарынан кездеспейтін
жабайы кролик өте көп. Құстардан эндемик көгілдір сауысқан кең тараған.
Солтүстік Африка фаунасының өкілі — генетта вивверра тұқымдасынан шыққан
жыртқыш. Кейбір аудандарда эндемиктік пиреней жұпар тышқаны әлі де
кездеседі. Бүкіл жерорта теңіздік алқаптағы сияқты мүнда да кесірткелер мен
жыландар кеп.
3-ТАРАУ. АПЕННИН ТҮБЕГІ
3.1. Географиялық орны. Жер бедері.
Апеннин түбегінен басқа Корсика, Сардиния және Сицилия аралдары,
сондай-ақ олардың жағалауларына орналаскан үсақ аралдар — Эльба, Липар және
басқалары жататын бұл облысты Адриат, Ион және Тиррен теңіздерінің суы
жиектеп жатады.
Жерорта теңізі бассейнініц орталық бөлігіне орналаскан және Орта Европадан
Альпі тосқауылымен қоршалған облыс нағыз жерорта теңіздік ерекшеліктерге ие
болады. Бүл әсіресе ірі аралдарға тән, оларды классикалық жерорта теціздік
ландшафтар үлгісі ретінде қарастыруға болады.
Бүкіл облыс үшін таулы рельефтің басым болуы тән. Құрлық учаскелерінің
шекаралары барлық жерде дерлік жарылу сызық-тарынан пайда болған, оларды
бойлап жағалаудың қазіргі пішінін қалыптастырған таяудағы бату өткен.
Осыған байланысты қазіргі вулканизм процестері кең дамыған.
Рельеф негізін бүкіл Апеннин түбегін үзына бойына кесіп өтіп, Сицилия
аралына өтетін Апеннин тау жүйесін құрайды. Солтүстікте Апеннин Теңіз
жағалаулык Альпімен үласып жатады. Бүл екі тау жүйесі аралығында айқын
көрінетін шекара жоқ, және тектоникалық жағынан солтүстік Апеннин Альпінің
тікелей жалғасы болып табылады. Шартты түрде Альпі мен Апеннин арасындағы
шекараны Турин мен Савон қалаларын қосатын сызық бойынша жүргізеді. Апеннин
таулары бүкіл түбекті алып жатқан жоқ. Батыс пен шығыста, таулар мен теңіз
жағалауы аралығында, құрылымы жөнінен Апенниндерге байланысы жоқ жазық
немесе төбелі рельеф өңірі жатыр. Солтүстікте Апеннин оңтүстік жағынан По
жазығымен шектесе отырып, Генуя шығанағының жағасын бойлап созылып жатыр.
Таулар мен теңіз аралығындағы енсіз алқапты Италия Ривьерасы деп атайды, ол
Француз Ривьерасының жалғасы. Одан әрі, түбек шеңберінде, Апеннин оңтүстік-
шығысқа ауысып, Тиррен теңізінен айтарлықтай алысқа шегінеді. Арно
өзенінің жоғары ағысына дейін тауларды солтүстік Апеннин деп атайды. Бұл
бөлікте олар палеогендік, көбіне борпылдақ жыныстардан құралған және
биіктігі 2000 метрден кеп аспайды. Тек олардын, тығыз құмтастармен
қапталған ең биік шыңдарының ғана беткейлері тік жарлы. Солтүстік Апениннин
құрылымында сазды шегінділердің басым болуы сусыма құбылыстарынын дамуына
жағдай жасайды, ол ормандарды қүрту нәтижесінде күшейе түседі. Солтүстік
Апенниндегі көптеген елді мекендер терең тектони-калық қазан шұңқырларда
орналасқан. Осындай қазан шүңқыр-лардың бірінде ескі қала Флоренция жатыр.
Оңтүстікке қарай, Арно мен Вольтурно өзендерінің бас жақтарының аралығында
Апеннин тауларының ең биік учаскесі — Орталық Апеннин орналасқан. Ол
мезозойдың әк тастарынан күралған, тектоникамен күшті белшектенген, сонымен
бірге аралары терең қазан шұңқырлармен және тектоникалық аңғарлармен
бөлінген биік массивтерге ыдырайды. Массивтердің беткейлері көбінесе тік
жарлы жалаң болып келеді. Таулардың неғүрлым биік бөліктері төрттік мұз
басуға ұшыраған, олардың рельефінен мұздық формалары айқын көрінеді.
Апенниннің ең биік шыңы — ГранСассод Италия массивіндегі Корно тауы 2914
метрге жетеді және шыңы тіптік көтеріліп тұратын және беткейлері тік жарлы
нағыз кар массиві болып табылады. Ормандарды қүрту Орталық Апеннинде карст
түзілу процестерінің ете күшті дамуына жағдай туғызған. Әсіресе жақтаулары
тіптік, түбі тегіс, тұйық қазан шұңқырлар (олардың пайда болуына
тектоникалық қозғалыстар да қатысқан) кең тараған әр түрлі терең карст
воронкалары мен кар алаңдары өте көп. Көптеген көлдер, соның ішінде ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz