Бизнес-жоспарлардың дайындалуы


5. 3. Бизнес-жоспарлардың дайындалуы.
Бүгінгі күнде кәсіпкерлердің маңызды мәселелерінің бірі бизнес- жоспарды дайындау болып табылады. Бұл тақырыпта тек шетелдерде ғана емес, сонымен қатар біздің елде де көптеген басылымдар мен кітаптардың жарыққа шығарылуы олардық негізгі міндеттерін түсіну қажет.
Жоспарлау - менеджмент міндеттерінің бірі және кәсіпорын қызыметінің болашағын болжамдауды, яғни келесі мәселелерді шешуді білдіреді: фирма қандайбағыта дамйды; қандай қарқынмен; қойылған мақсатқа калай жетуге болады; тұрлаусыздық және тәуекелдік дәрежесін төмендету үшін не істеу керек.
Тиімді жоспарлау - ол тек мақсаттарды анықтау процессі ғана емес сондай-ақ сол арқылы жетістікке жету жолдарын табу. Жоспарлау жаңа кәсіпорынды құру кезінде де және оның әрі қарай даму кезендері қажет
Бизнес-жоспар жоспарлау процесі нәтижелерінің бірі болып табылады. Бизнес-жоспар бизнесті ұйымдастыру мүмкіндігін сипаттайтың құжат және менеджерлер командасының кәсіпорынды қандай түрде ұйымдастырайын деп жатқанын анықтайды. Толық бизнес-жоспар әдетте айтарлықтай көлемге ие, бірақ барлық кезде толығыр-ақ жоспар жасаудың алғашқы варианты ретінде шағын - бизнес-жоспарлар пайдаланылады. Бизнес жоспар -өнімге қарағанда процеске көбірек жақын және бизнес жоспарлаудың нәтижесін өзгеріссіз болып табылмайды. Сондықтан фирма қызыметін алғашқы белгіленген нәтижелерден ауытқыған жағдайда бизнес-жоспарды түзетудің күттірмейтін қажеттілігі бар.
Бизнес-жоспарды дайындауға әсер ететін негізгі факторларды қарастырайық:
Бизнестің күнделігі . Шағын шаруа қожалығының бизнес-жоспары үлкен көлемде өнім шығарылатын, күрделі құрал жабдықтары және қаржы есебі бар ірі кәсіп орынның бизнес-жоспарынан айтарлықтай айрықшаланады.
Бәсекелестік деңгейі. Егер кәсіп орын күшті бәсекелестік күрес жағдайында жұмыс істейтін болса, онда ол бәсекелестер болса, онда ол бәсекелестер таранынан күшті қысымды сезбейтіндерге қарағанда бизнес жоспарды дайындауда жинақы да ұқыпты болуы керек.
Тұрлаусыздық деңгейі. Кейбір кәсіпорындар тез өзгеретін, тұрақсыз ортада жұмыс істейді, ол жоспарлау процесіне қиындатады және керісінше, тұрақты жағдайларда жұмыс істейді. Кәсіпорындарға болашақтағы қызметті болжамдау оңай.
Кәсіпкер және оның менеджерлер командасы.
Бизнес жоспар кәсіпкердің қаблетілігіне және оның командасының бизнестің ішкі және сыртқы ортасындағы қарым-қатынасты пайдалануына, кәсіп орынның стратегиясы мен тактикасын дұрыс тұжырымдау ептілігіне Бизнес жоспар байланысты.
Бизнес жоспар өндірісі және қызмет көрсету көлемін көбейту үшін капитал тарту мақсатында инвестырлар жаңа кәсіпорының жоспарланған мақсаттарды, онық ішінде кәсіби деңгейі жоғары менеджерлер командасы мұқият ойластырылған, жалғасын табатын негізгі бағдарламалық іс - әрекеттерді орындауға сай мүмкіндігі бар екендігіне көз жеткізуі тиіс. Егер бизнес - жоспар мақұлданса кәсіпкер мен оның комендасының өз әрекеттерін жүзеге асыратын басты критерийі болуы керек .
Инфесторларды, бірінші кезекте, кәсіпорынның өарызды өтеуі, яғни оның тек пайызды төлеп өана қоймай, сонымен қатар негізгі қарызды қайтара алуы толғандырады. Сол себепті кәсіпорынның қаржылық көрсеткішін мұқият талдап, жоспарлау қажет. Бизнес - жоспар тек инвестиция тарту құралы ретінде пайдаланылады деген пікір де айтылып жүр. Шыңдығына келгенде, бизнес - жоспардың мақсат өрісі айтарлықтай кеңірек, себебі бизнес - жоспарды дайындаудың басқа да маңызды себептері бар. Соның ішінде:
Көбірек жөнге салынған жұмыс. Бизнес - жоспар менеджерлер командасының тиімді жұмыс істеуне, яғни әртүрлі балама варианттардың ішінде өте пайдалысын тандауға, мүмкін болар тәуеклдердің алдын - алуға және олардан құтылудың немесе төмендетудің жолдарын анықтауға көмектеседі.
Болашаққа бағдарлану. Жоспарлау көптеген проблемаларды болжауға, алдын - алуға және олар пайда болған кезде дайын болуға септігін тигізеді.
Ниеттердің мақұлдануы. Жоспарлау тек стратегияны тұжырымдауға ғана емес, сондай- ақ ниеттерді мақұлдау және тәсілдер арқылы оны жүзеге асыруға көмектеседі.
Нәтижеге дағдарлану. Мақсаттарды анықтау кәсіпорынды негізгі нәтижеге жетуге бағдарлайды.
Стресті басқар. Жоспарлау процесінде шындыққа негзделген мақсаттарды анықтау болашақтағы болатын стресс жағдайларынан құтылуға мұмкіндік береді.
Тиімділігі жоғары жұмысты қаржыландыру. Шындыққа жақын мақсаттарды белгілеу кезіндегі қисын әсері бизнес - жоспардың қолға түсетін аз салдары болып табылатын. Егер мақсаттар қиын болса да, бірақ жетуге болатынын адамдар көбірек дәлелдейтінін зерттеулер көрсетуде.
Кәсіпорынның жоспарлау процесінде кездесуі мүмкін бірқатар проблемаларды қарастырайық. Технологиясы тез өзгеретін салаларда жаңа бәсекелестердің пайда болуына және нарықтық ортаның өзгеруіне байланысты, бизнес-жоспар басылымға шықпай-ақ ескеруі мүмкін жағдайлар да болады. Сондықтан ортаның өзгермелілігі, тиімді бизнес-жоспар жасау жолында көңіл бөлуді талап ететін фактор болуы мүмкін. Елдегі жалпы экономикалық және саяси жағдай екінші себеп болып табылуы мүмкін, дағдарыс және қоғамдағы басқа да күйзелістер жобаларды жүзеге асыруға кері әсерін тигізері даусыз. Тұрлаусыздық пен болжамсыздық жағдаында қандай да бір міндеттерді мойынға алу өте қиын. Соңғысы - уақыт проблемасы. Әсіресе, кәсіпорын пайда болғаннан кейінгі алғашқы аптамен ай - қайта құрылған кәсіпорындар үшін өте сындарлы кезең. Мұндай жағдайда дәл осы уақыт кезеңдерінің ерекше талқылануы шарт. Көбінесе, бизнес-жоспарды дайындау кезінде жіберілетін негізгі қателерді және оларды жеңу жолдарын қарастырайық (5. 10-кесте) .
5. 10-кесте.
Бизнес-жоспардағы негізгі кемшіліктер мен оларды жеңу жолдары.
Жалпы, белгісіз мақсаттар;
Нақтыланбаған, саны жағынан белгісіз мақсаттар;
Уақыт факторы ескерілмейді;
Қосалқы мақсаттар мен нақты іс-әрекеттердің болмауы;
Нәтижеге емес, қызметке бағдарлану;
Ақталмаған оптимизм;
Менеджердің баламалы стратегиясы мен жұмыс жоспарының болмауы;
Менеджменттегі дағдарыстық құбылыстардың басымдылығы
Қысқа мерзімді мақсаттарға бағдарлану;
Жоспарлаудың уақытылы түзетілмеуі
Жоспарлар қайта қарастырылмайды;
Қоршаған ортадағыөзгеріске жетімсіз реакция
Жоспарлауды оқтын- оқтын қайта қарастыру және жағдайды бағалау, тәсілдер мен әдістерді өзгерту;
Төзімділік жағдайын және конструкциялық сын жасау
Мақсаттарға талдаудың болмауы;
Қателерді және қиын жағдайларды қайта қайталау
Жағдайды жақсыға өзгерту мақсатында бұрынғы тәжірибелерді жете зертеу:
Қиын жағдайларды шешу кезінде үлкен икемділік көрсету
Бизнес-жоспарды дайындау кезінде мынадай ұсыныстарды ұстану қажет, оларды екі топқа бөлуге болады:
1. Бизнес-жоспарды жасау кезінде ұсынылатын және ұсынылмайтын іс-әрекеттер. Бастапқыда тиімділігі жоғары бизнес-жоспардың талаптарын қарастырайық:
Бизнес-жоспар логикалық, байланысты, толық, оқуға қолайлы, мүмкіндігінше қысқа болуы және негізгі бөлімдері мен көрсеткіштерін мұқият талдау арқылы инвесторлардың алдына қызыметтердің жоғарғы жауапкершілік көрсетуі қажет.
Бизнес-жоспар инвесторды қызықтырып, оның көңілін тарта білу керек, сондықтан жеке капиталдың үлгісі қандай және инвестор капиталын салу нәтижссінде қанша пайда табатын нақты белгілеп алу қажет. Бизнес-жоспарда бизнесті қаржыландырудың балама көздері көрсетілгені жақсы. Өзінің инвесторын жақсы білу қажет, олардың талаптары қандай, оларға ене ұнайды, ал не ұнамайды қалуы мүмкін және олардың қалауларына сәйкес жоспар жасау.
Сыртқы сарапшылардан, тұтынушылардың кәсіпорының тиімді ақша ағанын таба білетіндігі жөнінде, бұл біраз уақыт алса да және бизнес-жоспарды кешіктіруге тура келсе де, олардың рстауларын алу міндет. Ондай растауларды алу бизнес-жоспарлырының құндылығын жәен шындығын айтарлықтай көтереді. Сауда көлемі мне нарыққа нарықты болжам сәйкес қаржы көрсеткіштерін дайындау шарт.
Бизнес-жоспарды дайындауда менетжерлер мүшелерінің барлығының қатысуы өте маңызды. Жүзеге асыруының процесінде бизнес-жоспар ылғи да ашық талқылап отыруы тиіс.
Енді бизнес-жоспар жасау кезінде не ұсынылмайтыны н қарастырайық:
Каманда мүшелерінің құрамына қазіргі уарытта басқа фирмада жұмыс істеитін және қосылуы кейінге жоспарлап жүрген адамдарды қоспау керек.
Күнделікті, негісіз және белгісіз мәлімдемелер жасалмау керек, мысаоы, сату көлемі команда жорамалдарына негізделген.
Техникалық өнімдерді немесе өндіріс процесін тек осы сала мамандарына ғана түсінікті терминдермен сипаттауға болмайды, себебі бұл бизнес-жоспардың тартымдылығын төмендетеді. Мысалы, инвестор қаржысын өзі түсінбейтін нәрсеге салмайды. Көбінесе маман емес адамға мәселенің маңызын қарапайым сөздермен жеткізе алмайтын каманданың жете біліктілігі күман келтіреді.
Көркем кітапшалар, слайдтар және шулы тұсаукесерлермен айналаспау керек-барлығы шынайы және табиғи болу кеоек.
Бизнесті ұйымдастырп, жүргізу кезінде бизнес-жоспарды дайындауды ұзақ мерзімге созбау керек.
Тиімді бизнес-жоспары-бұл уақытта, іс-жүзіндегі тәжірбиені, белгілі жағыдайларды және күш салуды талап ететін қин процес.
Тиімді жоспарлау бірінші кезекте іс-әрекет емес, мақсатқа бағдарланған (негізгі тәтижелер) . Нақты іс-әрекеттер одан кейін белгіленген мақсаттарға жету үшін дайындалады. Мақсаттар белгіленудің көпдеген тәсілдері бор. Жоспарлауда мақсаттарды сәтті белгілеуге қажет болатын кейбір жайыттарды қарастырайық.
Мақсаттар келесі тақырптарға сәйкес келуі керек:
- нақтылық және жеке-жеке талғанғандылық;
- сандық өлшемділік
- мерзімдер бойынша қыиыстыру;
- жаңа жағдайға бейімделу мүмкінділігі.
Мақсатарды іске асыру кезінде артықшылықтарды\, мүмкін болар проблемаларды және маңыздылқ дәрежесібойынша оларды шешу жолдарын анықтау қажет. Әрбір марсатта іске асыру үшін міндеттер және нақты шаралар тізімі жазылады. Тәуелділік денгейі мне төтенше жағдайларды алдын-ала анықтау тәуекел мне тұрлаусыздықтан арылуға мүмкіндік бераді.
Бизнес-жоспарды дайындаушылардаң мәселелерін қарастыроайық. Бизнес-жоспарды дайындауды сырттан бір кеңесшігетапсыру қажет, себебі бастапқыда команда бизнесті бастаумен және ұйымдастырумне айналысуы мүмкін деген пікірлер кеңінен таралған. Шындығынан келгенде, сырттан кеңеші тартуға қвзықтырмайтын 2 себеп бар. Бірінші жоспарлау процесінде бастапқы сатында кананда мүшелеріеін әр түрлі стратегиялар мен тактикаларды, қаржы және еңбек ресурстарына деген талаптарды аныдтап, фирманың маркетинттік әлуетін бағалау мүмкіәнділігі бар. Мүның бәрі бизнес өз жұмысын бастағаннан кейіе игеру тым кеш болып табылады. Екінші-инвестор бизнес-жоспарды кім жасағанына ерекше мән береді. Оғансондай-ақ камандалық жоспарлау процесінде болашақ кәсіпорының барлыұ ұсақ-түйегін жіліктеп білуі, талдаудың жақсы игеруі және бизнестің ерекшелігін түсінуі, қандай жұмыс істеуі білуі маңызды.
Жоспарлау барысында жұмысты ұтымды ұйымдастыру өте маңызды. Ең тиімді жол бизнес-жоспардың бөлімдерін орындаушылардың біреуі маркетиттік жұмыспен, екіншісі қаржылақ жоспармен, үшіншісі өндірістік жәее т. б. істермен айналысатындай етіп бөліп беру. Одан кейін ақпараттар бизнес - жоспарда қортындыланды, себебі орындау түйіні соңғы кезекте дайындалды.
Бизнес - жоспардың біріншісінің мерзімі және соңғы варянтының мерзімі белгіленеді. Бұнда басқа бизнес - жоспардың нақты анықталған жүйелігі бойынша жұмысты орындаудың кестесі дайындалады. Бизнес - жоспарды жазғаннан кейін оны қажетсіз мәліметтерді шығару және кәсіби дайындаушылар көзқарасы тұрғысынан ескерту жасау үшін кеңесшілерге рецензия жасауға беру қажет.
Енді бизнес - жоспардың өзін дайындаушылардың тікелей әдістемесіне өтейік. Бизнес- жоспарды дайындаудың әртүрлі тәсілдері бар. Жоғарыда айтылып өткендей, бұл тақырып шетелде де, бізде де маңзды мәселе болып табылады. Көп тарған кітаптардың бірі ретінде Давид Бангоның ˝Бизнес -жоспарлау бойынша басқару˝ атты кітабы айтулуда. Бизнес - жоспарлау бойынша бізде алғашқы аударма ретінде Эрнест энд Янгтың ˝ Бизнес -жоспарын құрау˝ атты кітабын айтуға болады. Бұл кітаб кәсіпкерлердің және бизнесті жоспарлаумен айналасытын кеңесшілердің арасында да кеңінен тараған, сондықтан бұл зерттеуде Эрнест энд Янгтың оқу құралында айтылған бизнес -жоспарды дайындау тәсілдері негізге алынған. Төменде бұл тәсіл ˝Костанайстрой ˝акционерлік қоғамының цирконилік комбинаттық құрылысына тапсырыс алу үшін жасаған бизнес -жоспарының қысқаша мысалы ретінде келтірілді (Қостанай қаласы) .
Біздің зерттеуімізге негіз ретінде бизнес - жоспардың келесі құрылымы алынады: Бизнес - жоспардың мұқабасы кәсіпорнның өзіне тән визит карточкасы болып табылатындықтан, келесідей мәліметтерден тұру қажет:кәсіпорын аты, мекен- жайы, байланыс телефоны және факс нөмірі, бизнес - жоспардың жасалған жері, жылы және айы. Бизнес - жоспардың атауы жопарлау объектісін нақты және бір мәнді етіп сипаттауы керек. мүқаба үлгісі төменде көсетілген.
1. Мазмұны. Барлық бизнес -жоспар беттері көрсетілген қосымшаларды қоса алғанда, бизнес - жоспардың барлық бөлімдері тізбектілетін мазмұннан басталады. Мазмұнның жобалық үлгісі жоғарыда көрсетілген .
2. Атқарушы резюме. Бизнес - жоспардың қысқа мазмұнын көрсетеді және әдетте, бизнес - жоспардың барлық бөлімдерін дайындағаннан кейін жазылады, алайда бизнес - жоспардың құрылымында ол мазмұннан кейі турады. Бұл бизнес - жоспардың негізгі концепциясына инвестордың ерекше көіл аудару мақсатында істелді, олардың көбісіне кейде бизнес - жоспардың барлық бөлімдерімен танысу қажет және қажет емес дегенді шешу үшін тек атқарушы резюмемен танысса да жеткілікті.
Шағын бизнестің маркетингтік стратегиясының
ерекшеліктері.
Кәсіпкер тек қана әлеуметті инвесторлар тарту үшін ғана емес, сондай - ақ бірінші жұмыс күнінен бастап дұрыс маркетингтік саясат жүргізу үшін жақсы ойластырған маркетингтік сратегияға ие болуы қажет. Басқаша айтқанда, негізгі маркетинг - жоспар мен жақсы қаржылық стратегия маркетингтік саясат жүргізуге таптырмайды. Өкінішке орай, көптеген кәсіпкерлер маркетингтік қызмет қажеттілік елемейді. Олар көнілдерін өнімнің немесе қызметтің өзіне бөледі де, олар тауар немесе қызметтін нарыққа кіруін дәл осы маркетингтік белсенділік қамтамасыз ететіндігін назардан тыс қалдырады.
Маркетинг - бұл тауар мен қызметті сатушыдан сатып алушыға немесе тұтынушыға жылжытуға бағытталған кәсіпкерлік белсенділік. Бұл анықтама жылжытуды және тауардың таралуын маркетингтін мәні ретінде қарастырылатындығын ескере кетейік. Маркетмнкті жай тауар өткізу деп түсіндіретін басқа маркетмнгтік анықтамалар да бар. Өкінішке орай кәсіпкерлердін кейбіреулері осы көз қарасты ұстануда, ал шын мәнінде маркетинг әр түрлі қызмет түрлерін қамтыйды, олардың көбі өнімнің өндіріліп, тарату мен сатуға дайын болуынан әлдеқайда ерте басталады. Ірі және шағын фирмалардың маркетмнгтік қызметтері ең алдымен осы қызметтің масштабтары бойынша айқындалады.
Шағын бизнес маркетингі - шағын кәсіпорынының нарық тауаршасын анықтауға, нарық әлеуметін өлшеуге және сатып алушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру арқылы маркетингтік мақсаттарға жетуге бағытталған кәсіпкерлік қызмет . Шағын бизнес маркетингі 2 компоненттен тұрады:маркетингтік талдау және маркетингтік кешен. Маркетингтік талдау келесілерді қамтиды:нарықты сегменттеу, маркетингтік зерттеу жүргізу және сатылымдарды болжамдау. Маркетингтік кешен келесідей элементтерден тұрады:өнімдер, бағалар және тауарларды жылжыту мен тарату.
Тарихта маркетингтік тәсілдің үш түрі бар:
1. Өндіріске бағдарланған тәсіл;
2. Сатуларға бағдарланған тәсіл;
3. Сатып алушыға бағдарланған тәсіл.
Бізде жылдар бойы өндіріске бағдарланған бірінші тәсіл бар болды, бұл бір жағынан тауар қоймаларының толып кетуіне, ал екінші жағынан тапшылықтын пайда болуына әкеп соқты. Дамыған нарықтық экономикасы бар елдер XIX ғасырдың аяғында - ақ бірінші тәсілден екіншісіне өтіп кеткен және қазіргі уақытта үшінші концепцияның ұстануда, бұл критерийдің мәні:барлық маркетингтік күш салулар тұтынушыларға бағдарланудан басталып, сонымен аяқталу керек. Шағын бизнестің бизнес мақсаттарына қол жеткізу үшін осы тәсілді пайдалану қажет екендігі сөзсіз. Маркетингтік философияны тандауға әсер ететің факторларды қарастырайық. .
Бәсекелестік жағдайы фирманың бағдарлануына әсер етеді. Егер бәсекелестік айтапрлықтай емес не мүлдем жоқ болатын болса және сұраныс ұсыныстан жоғары болса, әдетте фирма өндіріске шоғырланады және тиімді болады. Дегенмен бұл қысқа мерзімді жағдай, нарық молыққын соң толық сәтсіздік пен күйреуге ұшырауы мүмкін.
5. 8-сүрет. Шағын бизнес маркетингі
Екінші фактордың мәні кәсіпкердің қабілеттілігі мен мүлделерінде. Мысалға кәсіпкер өндірісті жақсы білуі мүмкін, бірақ өткізу мәселесінде білікті болмауы мүмкін. Ол санасыз түрде өзі жақсы білетін өндіріске көбірек көңіл бөлетін болады.
Үшінші фактордың мәні кәсіпкердің мақсаттарында. Егер кәсіпкер қысқа мерзімді мақсаттар бойынша жүретін болса, онда ол сатуға бағдарланған тәсілді пайдаланады. Мұндай жағдайда тұтынушылардың мүндделеріне жиі зиян келеді, себебі мәселе кез-келген бағамен тауарды өткізуде. Бұл жағдай Қазақстанның заманға сай нарығына да тән, себебі көптеген кәсіпкерлер сол мезеттік мақсаттарға бағдарлана отырып, қалай болғанда да пайда табуға тырысады. Ал болашақ - бұл тұтынушыларға бағдарланған тәсілде, бұл жалғыз ғана ұзақ мерзімді стратегия, себебі ол тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталады. Маркетингтік талдау элементтерін толығарақ қарастырайық (5. 8. Сүрет) .
Нарықты сегменттеу - бір нарықты қажеттіліктері бірдей тұтынушыларды біріктіретін бірнеше нарықтарға бөлу. Нарықты сегменттеудің 3 тәсілі бар:
- сегменттелмеген тәсіл;
- көп; сегментті тәсіл;
- бір сегментті тәсіл.
Бизнес бүкіл нарықты бір нарық деп қарастырған кезде нарықтың сегменттелмеген тәсілі пайданылады, мұндай тәсіл жаппай маркетинг деп те аталады. Егер барлық тұтынушылардың тауарға немесе қызметке деген талаптары мүмкін. Анағұрлым немесе азырақ қарапайым тауар өндірісінде осы стратегияны пайдалануға болады.
Көп сегментті тәсіл тұтынушылардың әр түрлі қалауларына қарай нарықты бірнеше сегменттерге бөлуді және әрбір сегмент үшін тиісті маркетингттік саясат дайындауды қажет етеді. Мұнымен бірге фирма әрбір сегмент үшін маркетинг кешенің дайындау арқылы артықшылықтарға қол жеткізуі мүмкін, себебі әрбір сегментке маркетингтік кешен дайындау - бұл бағаны белгілеуде және алға жылжыту мен таратуда әр түрлі тәсілдерді пайдалану деген сөз. Шағын бизнес көп сегментті тәсілдің артықшылықтарына қарамастан бұл стратегияны өте сирек қолданады, себебі ресурстар мен маркетингтік күш жұмсаулардың әр түрлі сегменттер арасында ыдырап кету қаупі бар.
Бір сегментті тәсіл стратегияны дайындау кезінде нарықты бірнеше сегменттерге бөлуді, бірақ бизнес үшін ең тиімді болып есептелетін сегментте жұмыс істеуді ұйғарады. Шағын бизнес үшін әсіресе оның пайда болуының алғашқы сатысында, бір сегментті тәсіл ең оңтайлысы болып табылады, себебі ол барлық күшті бір өнімге шоғырландыру мен шектеулі ресурстарды жақсырақ пайдалануға мүмкіндік береді. Бір сегментте табысқа қол жеткізгеннен соң жаңа нарықтарға кіру оңай болады.
Нарықты сегменттерге бөлу кезінде кәсіпкер сегменттеу критерийлерін пайдалануы қажет. Сегменттеу критерийлерін көрсеткіштер ретінде қабылдау қажет, бұларға сай бір топ дың әрекеттері екінші топ тұтынушыларының әрекеттерінен ажыратылады. Нарықты сегменттеу кезінде, әдетте пайдалылық критерийлері мен демографиялық критерийі пайданылады. Пайдалылық критерийі - бір сегменттегі тұтынушылардың белгілі бір тауардан алатын пайдаларына қарай екінші сегмент тұтынушыларынан айыра білу критерийі. Мысалы, кейбір жанұялар компьютерді балаларының бос уақыттарын толтыру үшін алады. Демографиялық критерийлер - тұтынушылар мен олардың сатып алу қабілеттіліктерін жасына, отбасылық жағдайына, жынысына және қызметіне қарай сипаттайтын көрсеткіш.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz