Оқу-тәрбие процесінде балалардың жас ерекшеліктері және оны есепке алу


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: Оқу-тәрбие процесінде балалардың жас ерекшеліктері және оны есепке алу

Мазмұны:

КІРІСПЕ . . . 3

І Бөлім Қазіргі кездегі оқу -тәрбие процесінде балалардың жас ерекшелігін ескерудің маңызы

1. 1. Жас ерекшелік туралы түсінік . . . 6

1. 2. Оқу тәрбие процесінде оқушылардың жас ерекшелігін ескерудің

маңыздылығы . . . 11

ІІ Бөлім Оқу-тәрбие процесінде балалардың жас ерекшеліктері және оларды есепке алу

2. 1 Оқу -тәрбие процесінде бастауыш сынып оқушыларының жас

ерекшеліктері және оларды ескеру мәселелері . . . 17

2. 2. Педагогикалық процестегі жеткіншек жастағы балалардың жас

ерекшелігін ескеру және есепке алудың ерекшеліктері . . . 28

2. 3. Жасөспірім кезеңіне сипаттама беру және олардың жас

ерекшеліктерін ескеру мен есепке алудың педагогикалық

шарттары . . . 32

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 38

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 40

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың зерттеу көкейкестілігі: Жастарды өмірге және ұжымдық еңбекке тәрбиелеудің, әрбір жас адамның жеке тұлғасының өмірлік бағыт-бағдарын анықтайтын дүниетанымын қалыптастырудың қоғам алдындағы зор міндеттері мектепке жүктелген.

Тәрбие, шын мәнінде, жеке тұлғаның дамуы мен жалпы қоғамның негізгі мақсаты болып табылады және ол қоғамның әрбір мүшесінің жан-жақты дамуына жағдай жасауға бағытталған.

Белгілі бір жастағы балалардың жас мөлшері дегенде олардың көпшілігіне тән ерекшеліктер мен сипаттарды айтамыз. Бұл ерекшеліктерді педагогикалық процесте ескеру қажет және соған сәйкес оқыту, тәрбие берудің тиісті түрін, әдістемесін және тәсілін пайдалану керек.

Әрбір оқушының танымдық іс-әрекетінің, әсерленушілігінің, ерік-жігерінің, мінезінің, жүріс-тұрысының тек өзіне ғана тән сапалық ерекшеліктері болады. Демек, жеке ерекшелік - бұл, адамның өз басындағы қасиеттерінің бір-бірімен сәйкестікпен түйісуі, оның басқа адамдардан өзгешелігі осы қасиеттері арқылы көрініс табады. Әркім өзінің жеке даму жолын бастан кешіреді, ал ол оның бойына табиғат берген қасиеттерге және тіршілігінің жағжайына байланысты болады.

Мектеп оқушысының жеке ерекшелігі дегеніміз - оның жас мөлшеріне, жыныстық және рухани дамуына, жан-жақты тұтас жетілген жеке тұлғалық қасиетінің қалыптасуына органикалық жағынан байланысты өзіне тән ерекшелігі. Осыған орай олармен жеке жұмыс жүргізу педагогикалық процестің маңызды бөлігі болып табылады. Жеке жұмыс - бұл педагогикалық жұмыстағы бос сөзділікті жеңу және оның алдын ала іс-әрекет ұйымдастыру.

Жеке ерекшеліктерді есепке алу - бұл әрбір жеке тұлғаның қызығушылығын, бейімділігін, сапасын, қасиетін, талабын және мүмкіншілігін ескере отырып, өскелең ұрпақтың әлеуметтік қалыптасу процесінде сәтсіздіктер мен қателіктерді барынша кеміте отырып тәрбиелеуде педагогикалық құралдардың, әдістемелердің және түрлердің барлығын пайдалану.

Мектеп оқушыларының жеке ерекшеліктерін есепке алуда нерв жүйесінің қызметі, адамның темпераменті көп жағдайда ескеріле бермейді. Темперамент - бұл адамның психикалық қызметі мен мінез-құлқының қуатын анықтайтын жеке ерекшелігі. Сангвинник - еті тірі; флегматик - жәй, салмақты; холерик - қызба, шапшаң; меланхолик - ойлы, терең толғанысты.

Адамның белгілі сипаты мен сапасын қалыптастырудағы тәрбиешілердің мақсат тәрбие белгілі бір жас мөлшеріндегі топқа бағытталған, осы арқылы сол топтың мүмкіндіктері мен міндеттері тәрбиенің әдістемелері қолданылады. Адам өмірінің мектепке дейінгі кезінде, жасөспірім шақта және әлеуметтік ортада қалыптасқан есейген шақ кезеңдеріндегі мінез-құлқы ерекшеленеді.

Жас мөлшерінің психологиясы курсында оқылатын жоғарыда айтылған жас мөлшерлік топтардың әрқайсысының сипаттамасын бұл тұста нақтылап қарастырмай-ақ, педагогтың әрбір жас мөлшері тобымен жүргізетін оқу-тәрбие жұмысында ескерілуі тиісті кейбір тәрбие ерекшеліктеріне тоқталамыз.

Курстық жұмыстың мақсаты: оқу-тәрбие процесінде оқушылардың жас ерекшелігін ескерудің маңызын анықтау.

Курстық жұмыстың міндеттері:

- Жас ерекшелік туралы түсінік қалыптастыру ;

- Оқу тәрбие процесінде оқушылардың жас ерекшелігін ескерудің маңыздылығын қарастыру;

- Оқу-тәрбие процесінде бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктері және оларды ескеру мәселелерін анықтау;

- Педагогикалық процестегі жеткіншек жастағы балалардың жас

ерекшелігін ескеру және есепке алудың ерекшеліктерін көрсету;

- Жасөспірім кезеңіне сипаттама беру және олардың жас ерекшеліктерін ескеру мен есепке алудың педагогикалық шарттарын анықтау.

Зерттеу көздері: Зерттеу мәселесі бойынша педагог -ғалымдардың әлеуметтанушылардың, психологтардың еңбектері; ҚР «Білім беру туралы» Заңы; Елбасшысының халыққа жолдаған «Қазақстан - 2030» үндеуі; «Кәусар бұлақ» бағдарламасы; «Атамекен» бағдарламасы; Қазақстан Республикасында жалпы орта білім беру тұжырымдамасы; ҚР 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы теориялары, ұлттық тәлім-тәрбие туралы ғылыми зерттеулер мен теориялық әдебиеттері негіздеріне сүйеніп жасалған.

Зерттеу әдістері: тақырыпты зерттеу барысында қолданылған педагогикалық және психологиялық әдебиеттерге, ғылыми мерзімді басылымдарға ғылыми талдау жасау, педагогикалық эксперимент өткізу, анкета және интервью әдістері қолданылды.

Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

І Бөлім Қазіргі кездегі оқу -тәрбие процесінде балалардың жас ерекшелігін ескерудің маңызы

1. 1. Жас ерекшелік туралы түсінік

Балалардың жас ерекшеліктерін есепке алу - оқыту және тәрбие мен жүйесіндегі негізгі принциптердің бірі. Оқыту және тәрбие беру ісінде осы принципті мұғалім әр уақытта басшылыққа алады. Баалалардың жас ерекшеліктеріне сай мектептің ішкі тәртіп ережелері, сабақ және тәрбие жұмыстарының кестелері, оқу жоспарлары мен бағдарламалы және тәрбие жұмысының бағдарламасы жасалынады. Осылардың негізінде мектептегі оқу және тәрбие жұмыстарының мазмұны, формалары мен әдістері оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай іс жүзіне асырылады.

Оқу және тәрбие жұмыстарының барасында балалардың жас кезеңдерін еске алу қажетті шарттардың бірі.

Соңғы жылдардың ішінде бүкіл дүние жүзінің ғалымдары жас кезеңі проблемасына аса зор көңіл бөлуде. Бұл проблема жөнінде зерттеу мәліметтері әлі де болса бірыңғай көзқарастың жоқ екендігін көрсетеді. Жас кезеңдердің шекарасын ажырату толық зерттелмеген мәселелердің бірі. Бұл мәселе жөнінде әдебиет беттерінде бірнеше талас пікірлер жазылып жүр. Мысалы, кейбір ғалымдардың пікірі бойынша жас кезеңінің негізгі жыныс бездерінің жетілуіне, дененің қарқынды өсуіне байланысты. Ал кейбіреулер адам жасын тіс аттарына қарап, топтастырады.

Кейбір психологтар мен физиологтардың, әсіресе шетел ғалымдарының пікірлері бойынша балалардың жас ерекшеліктерін ағзадағы қайсыбір мәңгі және өзгермейтін қасиеттермен анықтауға болатын сияқты. Бұл қасиеттерді балалардың табиғатына тән, олардың өмірі мен тәрбиесіне тәуелді емес деп түсіндіреді. Олар белгілі жас кезеңдерінде болып отыратын бойдың өсуін, дене салмағының артуын, жыныс мүшесінің жетілуін, яғни дамудың заңдылығын осылай дәлелдегісі келеді. Бірақ олар балалардың психикалық дамуына байланысты жас кезеңдерінің жылжымалы шекарасын еске алмайды.

Біздің еліміздің ғалымдары -педагогтары балаларды тәрбие және білім беретін мекемелердің типтері бойынша жас кезеңдеріне бөледі. Мысалы, балабақша жасындағы балалар, мектеп жасына дейінгі балалар, мектеп жасындағы балалар т. б. Балаларды осылай сатыға бөлу, практикада үйреншікті ұғымға айналған. Бірақ бұл ұғым да әлі ғылым негізінде толық дәлелденбеген.

1965 жылы сәуір айында Мәскеу қаласында Бүкіл дүниежүзілік симпозиум болды. Симпозиум жұмысына Кеңес Одағы, Англия, Болгария, Польша, Чехославакия және Швеция елдерінің белгілі ғалымдары қатысты. Бірнеше күнге созылған жемісті талас пікірлерден кейін жас кезеңдерінің бір ізге салу мақсатымен симпозиум шамамен 12 сатыдан тұратын сызбанұсқа ұсынды:

1. Жаңа туған бала 1 күннен 10 күнге дейін

2. Емшек жасындағы бала 10 күннен 1 жасқа дейін

3. Ерте балалық шақ 1 жастан 3 жасқа дейін

4. Бірінші балалық шақ 4 жастан 7 жасқа дейін

5. Екінші балалық шақ 8 жастан 12 жасқа дейін

(ер балалар)

8 жастан 11 жасқа дейін

(қыз балалар)

6. Жеткіншектік шақ 13 жастан 16 жасқа дейін

(ер балалар)

12 жастан 15 жасқа дейін

(қыз балалар)

7. Жасөсіпірімдік шақ 17 жастан 21 жасқа дейін

(ер балалар)

16 жастан 20 жасқа дейін

(қыз балалар)

8. Кәмілеттік жастың бірінші кезеңі 22-ден 35 жасқа дейін

(ерлер)

21-ден 35 жасқа дейін

(әйелдер)

9. Кәмілеттік жастың екінші кезеңі 36 -дан 60 жасқа дейін

(ерлер)

36-дан 50 жасқа дейін

(әйелдер)

10. Кексе жас 60-тан 74 жасқа дейін

(ерлер)

56-дан 74 жасқа дейін

(әйелдер)

11. Қарттық жас 75-тен 90 жасқа дейін

12. Ұзақ жасау 90 жас және одан жоғарылар.

Сонымен, белгілі бір шақтық кезеңге тән анатомиялық-физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерді әдетте жас ерекшеліктері деп атайды. Сондықтан педагогика балалардың жас ерекшеліктеріндегі ширақтықты, өзгерімпаздықты айқындайды, тәрбиеленушінің және қоршаған ортамен жасайтын қарым-қатынастар жүйесіне тәуелді болатынын атап көрсетеді. Балалардың өсіп-жетілуінің бір сатысынан екіншісіне көшуі кездейсоқ емес. Әр жастағы кезеңге тән психологиялық ерекшеліктердің ұштасуын жиі байқауға болады.

Сана-сезімнің, дене күш-қуаттарының дамуы адамдардың жас ерекшеліктеріне байланысты. Баланың жасы өскен сайын бойлары өсіп, денелері тұлғаланып, ақыл-саналары дамып, білімдері тереңдей бастайды.

Балалардың жас ерекшелігін есепке алу, оқыту мен тәрбие жүйесіндегі негізгі пинциптердің бірі. Қоғамда атқаратын рөлі, белгілі құқығы бар адамды жеке адам деп түсінеміз. Ал, қалыптасу дегеніміз - адамның жеке басының дамуы мен тәрбиенің нәтижесінде жетілуі, саналы өмір сүруге дайын болу.

Тәрбие ісінде балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп отыру қажеттігін педагогика ғылымы ерте кезде-ақ көрсеткен еді. Ал, белгілі педагогтер Я. Коменский, Ж. Руссо тәрбие беру кезінде бала табиғатын, оның қабылдау, ойлау ерекшеліктерін еске алып отыруға үндеген болатын.

Қазіргі педагогика және психология ғылымдары балалар мен жеткіншектердің дамуындағы биологиялық фактордың рөлін айрықша көрсетеді. Педагогика ғылымы жас ерекшеліктерін анықтауға баланың дамуын үнемі қозғалыс үрдісі ретінде қарастыра отырып, бұл қозғалыстан сан жағынан жинақталу, ал сапа жағынан елеулі өзгерістер болатынын алға тартады. Мәселеге бұлайша қарау балалардың дене және психикалық дамуынан бірқатар кезеңдерін белгілеуге мүмкіндік береді. Осының негізіндегі мектеп жасындағы балалар мен жасөспірімдердің өсіп-жетілуін мынадай кезеңдерге бөлу қабылданды:

1. Төменгі сынып шағындағы кезең (7 жастан 11 жасқа дейін) ;

2. Негізгі мектеп шағындағы жеткіншектік кезең (12 жастан 15 жасқа дейін) ;

3. Орта мектеп шағындағы жасөспірімдік кезең (15 жастан 18 жасқа дейін) :

Белгілі бір шақтық кезеңге тән анатомиялық-физиологиялық және

психологиялық ерекшеліктерді әдетте жас ерекшеліктері деп атайды. Сондықтан, педагогика және психология балалардың жас ерекшеліктеріндегі ширақтылықты, өзгерімпаздықты, тәрбиеленушінің іс-әрекеті және өзін қоршаған адамдармен жасайтын қарым-қатынастар жүйесіне олардың тәуелді болатынын атап көрсетеді. Балалардың өсіп-жетілуінің бір сатысынан екіншісіне көшуі кездейсоқ емес. Әр жастағы кезеңге тән психологиялық жиі байқауға болады. Жасөспірімдік шақтағы байыптылық жеңілтектікпен, табандылық ойнақылықпен қатар жүреді. Парасатты педагогтер өсудің осы қайшылықтарын талдап, балалардың өсіп-жетілуінің жаңа белгілерін атап, оларды жетілдіруге жан-жақты көмектеседі. Әр жастағы, оның ішінде төменгі мектеп жасындағы баланың бұдан бұрынғы дамуында жинақталып, оны өз кезегімен дамудың келесі сатысына көшуге дайындап отырады. Сондықтан бастауыш мектеп мұғалімі сынып оқушыларының ерекшеліктерін зерттей отырып, сол ерекшеліктерді мектепке дейінгі шағында қалыптасқан ерекшеліктерден

бөлек алып қарай алмайды.

Мектепте баланы оқыта бастау оның бүкіл өміріне түбегейлі, сапалы өзгерістер енгізеді. Алаңсыз балалық шақ аяқталып, жеті жасар баланың өміріне іс-әрекеттің жаңа түрі - оқу енеді. Оқу міндетті іс болып табылғандықтан, ол баладан белгілі бір жауапкершілік пен еңбек етуді талап етеді. Мектепке бару баланың қоғамдағы және отбасындағы жағдайын өзгертеді, оған тұтас бірқатар жаңа міндеттер жүктейді, сондай-ақ оған бірқатар құқықтар береді. Осының бәрі баланың қоғамдағы жағдайын өзгертеді де, ол бұл өзгерісті біртіндеп сезінеді.

1. 2. Оқу тәрбие процесінде оқушылардың жас ерекшелігін ескерудің маңыздылығы

Мектепке дейінгі балалық шақ, бастауыш мектеп шағы, жеткіншек және жасөспірімдік шақ кезеңдерінде балалардың өсуі, дамуы және тәрбие барысында болатын кейбір өзгешіліктерін еске ала отырып, мектеп және үйелмен олардың іс-әрекетін тиімді етіп ұйымдастыруы тиіс.

Мектепке дейінгі балалардың сүйектері қатайып, бұлшық еттері дамиды, өседі. Бойы 90сантиметрден 114 сантиметрге дейін өседі де, салмағы 14 килограмнан 22 килограмға дейін артады. Бұл кезеңде балалар күнделікті тұрмысқа байланысты жеңіл еңбекке қатысады. Олардың сүйек-бұлшық ет жүйесі ұзақ уақытты еңбекті көтермейді. Сондықтан ата-аналардың күш-қуатын еске алып, еңбек тәрбиесінің түрлеріне бірте-бірте үйрету тәсілдері арқылы жаттықтыруы қажет.

Бұл жастағы балалар ертегі немесе өлеңмен жазылған қысқа әңгімелерді тыңдауға, айтып беруге өте құштар болады. Негізгі іс-әрекеті-ойын. Ойынның барысында баланың қабулеті айқын көрінеді. Бірінші сыныпқа келіп түскен балада кейбір ұнамды қасиеттердің бар екендігін мұғалім де, ата-аналардың өзі де сезе бастайды. Ол қасиеттер баланың оқуға ынталылығы, сөз қоры мен тіл дамуының дәрежесі, табиғат және адамдар жөнінде бірсыпыра мәліметтерді білуі, дененің жетілуі т. б.

Бастауыш сынып оқушыларының денесі, психикалық дамуында кейбір ерекшеліктері байқалады. Олардың бұлшық еттерінің күші артады, сүйек жүйесі қалыптасуы сатысында болады. Бұл жастағы балалардыі негізгі іс-әрекеті -оқу. Осы оқу арқылы олардың таным процесі дамиды. Н. К. Крупская және А. С. Макаренко 7-12 жастағы балалар үшін әсіресе ұжымдық ойындардың маңызын атап көрсетті. Олардың айтуынша, ойын балаларды еріктілікке, ұйымшылдыққа, батылдыққа тәрбиелеп қана қоймайды.

Бұл жастағы балалар үшін еңбеқтің тәрбиелік мәні өте зор. ЯБалаларды бірте-бірте еңбекке баулу, үйелмен, ұжым және қоғамдық пайдалы еңбектің (үйшаруашылығына қатысу, сынып бөлмесін жинау, саябақта бақша өсіру, үй жанындағы бау-бақша учаскесінде, мектеп тәжірибе учаскесінде, спорт алаңында жұмыс істеу т. б. түрлерін істей білуге үйрету қажет) 7-12 жастағы балалар ұзақ уақыттық дене еңбегіне, күш түсетін жұмыстарға әлі қабілетсіз боладлы. Сондықтан бұл жағдайцдың ойын, дене еңбектерінің барысында еске алғаны жөн.

Тәрбие процесінде балалардың кейбір теріс қылықтарын байқауға болады. Мысалы, өзімшілдік, біреудің жақсы әдеттерімен істерін көре алмаушылық, түрлі болымсыз себептерді сылтау етіәп үй тапсырмасын орындаудан қашушылық т. б. Балалардың мұндай теріс қылықтарына жол бермеу тәрбиешілердің, ата-аналардың беделіне, біліміне, өмір тәжірибесіне байланысты.

Бұл жастағы балалрмен тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыру үшін олардың мынандай ерекешеліктерін еске алаған жөн: сөзбен істің сәйкесті болуын талап етеді; жөнсіз кінәлаудың жеркену сезімі туады; үлкен адамдардың жіберген қателерін тез байқайды; арманшыл, қиялшыл болады; ұйымшыл келеді; сенімді серік дейді; өз мүмкіндіктерін, күшін асыра бағалайды; түрлі спорт ойындарында өте ықыласты болады т. б.

Бұл ерекшеліктерді оқу, тәрбие жұмысының барысында сынып жетекшілері, мұғалімдер айрықша бақылайды, зерттейді, тиімді етіп іске асырудың әдістері мен тәсілдерін қарастырып, ата-аналарға дер кезінде көмек көрсетеді.

Жеткіншектік шақта балалардың бойының ұзындығы 134-135 сантиметр, денесі тез өседі, бұлшық еттері жетіліп дене қаңқасында кезеңдегі процесі жүреді. Бұл жастағы балаларды кейде өткінші кезеңдегі (бұл кезеңнің барысында балданың бастауыш сынып мектеп жағынан жеткіншектік шаққа көшу болады) немес қиын жастағы балалар деп атаудың өзі де кездейсоқтық емес. Өйткені Н. К. Крупская бұл ең тынымсыз, ең қиын, ең қызба (ұшқалақ) жас деп атап көрсетті.

Бұл жастағы балалардың ішкі дүниесінде, айналамен қарым-қатынас жасауында; үлкендер арасында өзнінің алатын орнын түсінуінде елеулі өзгерістер байқалады. Ағзаның тез дамуы - қаңқаның сүйектену процесінің нығаюынан жыныс мүшелерінің жетіле бастауы ( ер баланың жыгныс мүшесі 10-15 жаста, қыз баланікі 13-14 жаста жетіледі), сананың дамуы баланың тәуелсіз, өзбетімен талаптануын тудырады. Олар үйелменде, мектепте түрлді еңбек процесіне қатысады, күнделік өмірді байқайды, ой-өрісаі кеңейеді. Міне, осылардың негізінде бала өзін-өзі білімді тәжірибелі өз күшімен әрекет жасай алатын есейген адаммын деп есептейді. Мысалы, Ұлы Отан соғысы жылдарында (1941-1945ж. ж. ) Мен ер ждеттіп, естияр адам болдым, мені майданға жіберіңіз деп, қалалық комсомол комитеттерімен смоғыс коммисариаттарына арыз, өтініш жазған балалар да аз болған жоқ. Әрине, бұл жағдай балалардың өзінің мүмкіншіліктеріне сын көзімен қарамай асығыс шешім қадбылдап, соны орындауға талпынғанын көрсетеді. Сонымен бірге жаумен күресуді өте қажет екенідігін түсіне білген балалардың бойын патриоттық сезім билеген деп айтсақ артық болмайды.

Жеткіншек жастағы балалар намысқор болады. Үлкендердің бақылауын сүймейді, әкімшілік шаралармен жекіріп сөйлеуді, ұнатпайды. Сондықтан олар бұл жағдайда үлкендердің озбырлық жасауы деп түсінеді, өздерінше әбіржіп, наразылық білдіреді. Үлкендерге байланып, олардың мінезіндегі шындықпен жалғандықты байқауға тырысады. Сөйтіп, үлкендермен балалардың қатынасында түсініспеушілік, суықтық туады.

Балаларды үлкендер жайлы көзқарасын бір жақты түсініп қана, қоюға болмайды. Балалар өнегелі адамдардың, өндіріс озаттарының тамаша іс-әрекеттіне масаттанады, тәжім етеді. Мысалы, балалар Отан соғысы мен еңбек ерлері, космановтар, спортшы, ғылым мен көркемөнер қайраткерлері жайлы сөз етеді. Олардың ерлік істері мен табыстарын бас иіп, еліктейді. Осы тұрғыдан балалардың мінез-құлқын тәрбиелеу, ықыласы мен қабілетін дамыту, мұқтаждықтары мен тілектерін қамтамасыз етудұрыс педагогикалық ойларға негізделу керек.

Бұл жастағы балаларға болымды ықпал жасайтын мектептегі балалар ұйымдары. Осы ұйымдардың көмегімен балалрдлың қоғамдық белсенділігі дамиды, ой-өрісі кеңейеді. Өздерінің жауапкершіліктерін түсініп, терең білім алуға талпынады.

Жеткіншектік кезеңде балалардың кейбір ерекшеліктерін есепке алып, тәрбие жұмысын тиімді етіп ұйымдастырған жөн. Олар: ағза мүшелерінің тез жетіле бастауы; үлкендермен қарым-қатынас; мүмкіншіліктерін ескермей, ойланбай асығыс шешім қабылдау; қоғамға пайдалы істерге ықыласты; ұжымшыл, жолдастық, достық сезім нығаюда; кітап оқуға, кинофильмдерді көруге, ынталы, спортты ұнатады т. б.

Жасөспірімдік шақта жастардың ағзасы - қаңқасы мен бұлшықеттері, ішкі органдары тегіс дамиды. Бұлшықеттері мен жұмыс қабілеттері үлкендердің нормасына жақындайды. Бұл кезеңде жастар отан, қоғам алдында тұрған әлеуметтік-саяси және мемлекеттік міндеттерді шешудегі күреске белсене қатысады. Кәмелеттік жасқа жеткен балалар өміңр жолына көз жібереді, өзлдерінің келешек мамандығын саналы түрде таңдап алуға тырысады. Олардың мамандыққа ықыласының бірте-бірте қалыптасуы түрлі іс-әрекеттеріне жауапкершілігін арттырады.

Бұл кезеңде балалар үшін әкімшілік іс-шаралары өте қауіпті, оларды жиі қолдану жақсы нәтиже бермейді. Өйткені ата-ана немесе тәрбиеші жастарды өздеріне қарсы қоюы мүмкін. Сондықтан олардың түрлі іс-әрекеттерін бірігіп орындау, жолдасының кемшілігін айтып, жоюға жәрдемдесу т. б. Мұндай жолдастық қатынастар балаларды ұжымшылдыққа тәрбиелейді. Ал мектеп қабырғасынгада болған жолдастық қарым-қатынас кейбір жастардың санасында өмір бойы сақталады.

Бұл кезеңдегі балалардың мінез-құлқында түрлі өзгерістер пайда болады. Мысалы қыздар өздерінің сыртқа киімдеріне, шашын сәндеп ұстауға, және дене қимылына айрықша көңіл бөледі, өзіне басқа адамдардың назарын аударуға тырысады. Ал ер балалар әдемі киініп жүруді, ұнатады, қыздарға құрмет көрсетеді, оларды ұнату немесе оларға ұнау сезімі оянады. Жастар арасындағы қарым-қатынас дамиды, бір-бірімен кездесуді қажет етеді. Осының нәтижесінде өзара пікір алысады, әңгіме ең алдымен түрлі адамгершілік, әдеби және ғылыми салаларда айтылып бірте-бірте жолдастық, достық, махаббат сияқты ұғымдарды сөз етіп, көзқарастарын анықтауға тырысады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балалардың дербес және жас ерекшелік кезеңдері
Оқу-тәрбие процесінде оқушылардың жас ерекшелігін ескерудің маңызын анықтау
Оқу-тәрбие процесінде балалардың жас ерекшелігін ескеру
Жеткіншек балаларды дамыту және тәрбиелеу ерекшелігі
Бастауыш мектеп оқушыларының үлгермеушілік себептерін болдырмау
Тәрбие үрдісі
Балалардың жас және дара ерекшеліктері, оларды оқу-тәрбие процесстерінде есепке алу
Мұғалімнің қиын балалармен тәрбие жұмысын ұйымдастырудың ерекшеліктері
Инклюзивті білім беру жaғдaйындa есту қaбілеті зaқымдaлғaн мектепке дейінгі оқушылaрғa көмек көрсету жолдары
Педагогиканың жалпы мәселелері. Педагогика пәні, оның әдіснамалық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz