Алаш партиясы оның бағдарламасы туралы ақпарат



1 “Алаш” партиясы оның бағдарламасы
2 Патша өкіметінің құлатылуын Қазақстан еңбекшілері саяси және ұлттық азаттық алудың бастамасы
3 Уақытша үкімет
1917 жылдың басында Ресейдің революциялық жаңа толқыны көтерілді. Империалистік соғысты азамат соғысына айналдыру ұраны кеңінен насихатталды. Патша өкіметі бұқараның жаппай қарулануынан қатты сескене бастады. Революциялық дағдарыстың пісіп-жетіліп келе жатқандығы ұлт аймақтарында, оның ішінде Қазақстанда да сезілді. Өлке халқының арасында революциялық өрлеудің өрістеуіне бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде тұтқынға түсіп, Қазақстан жеріне айдалған Австрия-Венгрия мен Германия соғыс тұтқындары да елеулі әсер етті. 1917 жылы олардың жалпы саны 41285 әскери адамды құрады. Бұлардың басым көпшілігі Омбы, Ақмола, Павлодар, Семей уездерінде орналасты.
1917 жылы 27 ақпанда Петроградта буржуазиялық-демократиялық революция жеңіске жетті. Патша өкіметі құлатылып, министрлер мен көрнекті шенеуніктер тұтқынға алынды. Патша өкіметі құлатылғаннан кейін бүкіл Ресейдегі сияқты Қазақстанда да қос өкімет орнады. Бұрынғы патша шенеуніктері, әсерлер, меньшевиктер және ұлтшылдар басқарған буржуазиялық Уақытша үкімет органдарымен қатар халықтық өкіметтің жаңа органдары жұмысшылар, шаруа және солдат депутаттарының кеңестері құрылды.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
“Алаш” партиясы оның бағдарламасы
1917 жылдың басында Ресейдің революциялық жаңа толқыны көтерілді.
Империалистік соғысты азамат соғысына айналдыру ұраны кеңінен насихатталды.
Патша өкіметі бұқараның жаппай қарулануынан қатты сескене бастады.
Революциялық дағдарыстың пісіп-жетіліп келе жатқандығы ұлт аймақтарында,
оның ішінде Қазақстанда да сезілді. Өлке халқының арасында революциялық
өрлеудің өрістеуіне бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде тұтқынға түсіп,
Қазақстан жеріне айдалған Австрия-Венгрия мен Германия соғыс тұтқындары да
елеулі әсер етті. 1917 жылы олардың жалпы саны 41285 әскери адамды құрады.
Бұлардың басым көпшілігі Омбы, Ақмола, Павлодар, Семей уездерінде
орналасты.
1917 жылы 27 ақпанда Петроградта буржуазиялық-демократиялық революция
жеңіске жетті. Патша өкіметі құлатылып, министрлер мен көрнекті шенеуніктер
тұтқынға алынды. Патша өкіметі құлатылғаннан кейін бүкіл Ресейдегі сияқты
Қазақстанда да қос өкімет орнады. Бұрынғы патша шенеуніктері, әсерлер,
меньшевиктер және ұлтшылдар басқарған буржуазиялық Уақытша үкімет
органдарымен қатар халықтық өкіметтің жаңа органдары жұмысшылар, шаруа және
солдат депутаттарының кеңестері құрылды.
Патша өкіметінің құлатылуын Қазақстан еңбекшілері саяси және ұлттық
азаттық алудың бастамасы ретінде қабылдады. Революцияшыл халық бұқарасының
белсенді қимылдары нәтижесінде өлкеде бұрынғы өкімет өкілдері орындарынан
түсіріліп, тұтқынға алынды. Буржуазиялық-демократиялық ақпан төңкерісінің
жеңіске жетуі өлкедегі еңбекшілердің саяси белсенділігін арттырды.
Қазақстанда кеңестер 1917 жылы наурыз-мамыр айларында Семейде,
Әулиеатада, Петропавлда, Көкшетауда, Ақмолада, Павлодарда, Оралда,
Өскеменде, Атбасарда, Түркістан өлкесінде және т. б. жерлерде құрыла
бастады. Жұмысшы табы мен солдат депутаттарының кеңестерімен қатар сәуір-
мамыр айларында шаруа депутаттарының кеңестері құрылды. Бұл кеңестерде
көпшілік орынды меньшевиктер мен әсерлер алды. Сонымен бірге буржуазиялық
уақытша үкіметтің жергілікті органдары 1917 жылы наурыз-сәуір айларында
құрылды. Мәселен, Семейде қалалық думаның, офицерлердің өкілдерінен,
биржалық комитет пен кооперативтердің кулактық одағы мүшелерінен тұратын
қоғамдық ұйымдар мен армияның Семей атқару комитеті, Петропавлда, Өскеменде
қоғамдық қауіпсіздіктің т.б. бірлескен атқару комитеті жұмыс істей
бастады. Көкшетауда көпестер мен шенеуніктердің жиналысы уақытша
коалициялық комитет сайлады. Өскеменде де осындай атқару комитеті құрылды.
Уақытша үкіметті қолдаған Сібір, Орынбор, Орал және Жетісу казак әскерлері
мен казак-орыс станицалары қанаушы басшы топтары өкіметінің органдары -
казактық комитеттер құрды. Бұлардың басында бұрынғы патша өкіметінің
отарлаушы шенеуніктері, қанаушы таптардың өкілдері тұрды. Сонымен қатар
Қазақстанда казак интеллигенциясы басқарған қазақтардың ұлттық облыстық
және уездік комитеттері де ұйымдастырылды. Оларға комиссарлар болып ұлттық
интеллигенциянын өкілдері, атап айтқанда, Торғай облысында Ә. Бөкейханов,
Жетісу облысында М.Тынышбаев, Түркістанда М. Шоқаев, т.б. тағайындалды.
Бірақ олар шын мәнінде отарлық әкімшіліктің шенеуніктері болғандықтан
жергілікті қазақ халқының кекейкесті мәселелерін шеше алмады. Кейбір
жағдайда ұлттық иителлигенция өкілдері Ақпан төңкерісінен кейінгі қоғамдық-
саяси дамудың өте маңызды мәселелері бойынша Уақытша үкімет жағына шығып
кетті.
Уақытша үкіметтің Қазақстандағы жергілікті органдары кулактарға,
казактардың басшы топтарына, қазақ ауылдарының бай-манаптарына арқа сүйеді.
Олар жұмысшылар мен еңбекшілердің революцияшылдық шабытын әлсіретуге
тырысты, халықты тоиауларып жалғастыра берді, бұқараны империалистік
соғыстың ауыртпалықтарын өз мойындарымен көтеруге мәжбүр етті. Қазақтарды
саяси құқықтарынан айырған ескі заңдар күшінде қалды, орасан зор жер
иеліктері мен орыс-казак әскерінің сословиелік артықшылықтары сақталды,
қазақ халқының таңдаулы жерлерін тартып алушы Қоныс аудару басқармасы өз
қызметін өзгертпеді. Сөйтіп, Уақытша үкімет Қазақстанда бұрынғы патша
өкіметінің саясатын одан әрі жалғастырды. Өйткені бұл жаңа үкімет органдары
өзінің әлеуметтік құрамы, басқару әдістері жағынан революцияға дейінгі
патша әкімшілігінен айнымай, жергілікті халыққа олар қалай қараған болса,
солай карады.
Патша өкіметі құлатылғаннан соң, Қазақстан большевиктері астыртын
жағдайдан шықты. Орынборда және Торғайда - П. Кобезев, Ә.Жангельдин, А.
Коростелев, Ақтөбеде - В. Ф. Зинченко, Перовскіде - А.В. Черняхов, Оралда -
П. Парамонов, П. Дмитриев, Шымкентте - Н.Морозов, Семейде - П. Салов,
Петропавлда - К. Сүтішев т. б. партиялық ұйымдастыру жұмыстарын жүргізді.
Большевиктік партияның қатарына С.Сейфуллин, Б.Серікбаев, Т.Рысқұлов,
С.Арғыншиев және басқалары кірді. Олар Уақытша үкімет саясатының мәнін
халыққа ашып берді, революция жауларының арам пиғылдарын әшкереледі,
жұмысшылар мен шаруаларды, солдаттарды төңкерістің жеңісі жолындағы күреске
топтастырды.
Ақпан революциясы жеңгеннен кейінгі Қазақстан жұмысшы табының елеулі
табысы - кәсіпшілер одақтары ұйымдарының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Aлaш бaғдaрлaмaсы: өзектілігі мен тaрихнaмaсы
Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар, қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдар
Қазақстанда саяси партиялардың – қоғамдағы ролін, институционалды қалыптасуын зерттеу
Жер дауы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ САЯСИ ПАРТИЯЛАРДЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ - ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ
Қазақ мемелекетіндегі алғашқы ұйымдармен саяси партиялар
Партиялар мен қозғалыстар
Саяси партиялардың атқаратын қызметтері
1991-2002 жж аралығындағы Қазақстандағы саяси партиялар
Алаш партиясының бағдарламалық жобасының маңызы
Пәндер