Ежелгі дэуір



1. Ежелгі дэуір
2. Орта гасыр
3. Монгол дэуірі
4. XIV.XV гасыр
5. Казак хандыгы
6. Ресей курамында
7. Казiргi Казакстан
Тас дәуірі палеолит, мезолит және неолит болып үшке бөлінеді. Әуелгі палеолиттің өзі үш дәуірге бөлінеді. Олар олдувай (2,6 млн.-700 мың жыл бұрын), ашель (700 мың -150-120 мың жыл бұрын) және мустье (150-120 мың -31-30 мың жыл бұрын) дәуірлері. Тас құралдарының мынадай түрлері болды: шапқылар, қырғыштар, үшкір тастар, пышақтар.

Ауыр салмақты, тік бұрышты, ұсақ шақпақ тастар ең ежелгі еңбек құралдарына жатады. Олар Қаратаудан табылды. Бөріқазған мен Тәңірқазған деген жерден табылған құралдар - ашельдік кезеңге жатады. Олар шапқылар, ауыр тас сынықтар, нуклевстар. Төменгі палеолитте адам тасты сындыру үшін басқа тасты пайдаланып, біріне-бірін ұрған. Мұндай техника "малта тас мәдениеті" (өзеннің малта тастарын пайдаланған) деп аталады. Мұны тапқан археолог халел Алпысбаев (Памятники нижнего палеолита Южнего Казахстана А. 1979). Ашель уақытының ескерткіштері Орталық Қазақстанда Құдайкөл, Жаман айбат, Обалысай тұрақтары, батыс Қазақстанда -Маңғыстауда Шақпақата, Сарытас.

Мустье кезінде тас өңдеудің жаңа техникасы табылды. Ол оңтүстік Қазақстанда Ш.Уәлиханов атындағы тұрақ деп аталынады. Адамдар бизон, жылқы аулаған.

Қазақстанның ежелгі тұрғындары эволюциялық даму жағынан хомо сапиенс (саналы адам) сатысына сай келеді.

Соңғы палеолит -б.з.б. 40-35 мың жылдық аяқталады. Адамдар жер бетінің барлық аймағында өмір сүрді. Ру пайда болды. Ана жағынан (экзогамия-аналық ру). Дүниетанымы өсті. Өнер шықты, жануарлар суреттерін жартасқа салу пайда болды.

О дүниеге сену болды. Мәдениеті - Шығыс Қазақстанда- Қанай, Свинчатка, Пещера, Шүлбі тұрақтары.

Мезолит - Қазақстанда аз зерттелді. Тек 80-90 жылдары Батыс және оңтүстік Қазақстанда археологиялық жұмыстар жүргізілді. Мезолит (орта) кезінде садақ пен жебе пайда болды. Тұрақтар өзен-көлдерге жақын болды. Мезолит тұрақтары -Қарағандыда - Әлімбек, Көкшетауда - Виноградовка, Қостанай маңында - Дачная, Маңғыстауда - Қызылсу және т.б.

Жаңа тас ғасыры - неолит - бұл дәуірдің басы шамамен б.з.б. 7 мыңжылдық-2 мың жылдық басы. Тас өңдеудің тегістеу, бұрғылау түрі пайда болды. Басты белгісі - табиғаттың дайын өнімдерін пайдалану орнына, өндіретін шаруашылық, яғни мал шаруашылығы мен егін егу пайда болды. Қыш құмыра, тоқымашылық пайда болды. Қазақстанда 600-ден астам неолиттік, энеолиттік ескерткіш бар. Неолиттік тұрақтар орналасу сипатына қарай бұлақтық, өзендік, көлдік, үңгірлік болып 4-ке бөлінеді. Бұлақтық тұрақ көп тарады. Үй малдары пайда болды. Жылқы. От жағу пайда болды. Ескерткіштері -солтүстік Қазақстанда, Есіл өңірінде - Атбасар мен Торғай үстірті -маханжар неолиттік мәдениет; оңтүстік Қазақстанда - Қараүңгір үңгірінің неолиттік тұрағы. Атырауда Шатпакөл; Құлсары 1-5; Маңғыстауда Бозащы түбегі (Шебір), орталық Маңғыстауда Түйесу (Сенек 1,4).

Энеолит - адамдар өміріне мыс құралдар енген дәуір. Ботай мәдениеті (Көкшетау облысы, Ботай бекеті жанындағы қоныстың аты. Б.з.б. 3-2 мыңжылдық. Ботай мәдениетін зерттеген Зайберт В.В. (Энеолит. Урало-Иртышского междуречья, Петропавл,1993). Қазір 158 тұрғын үй жұрты табылды, сазбалшық, сүйектен жасалған ыдыстар, әшекейлер табылды. 70.000 жылқының сүйегі табылды. Маңғыстауда ең елеулі тұрақ Бозащыда, Шебірде табылды. Шақпақ тас, керамика, кішкене метал, біз табылды. Жылжымалы мал шаруашылығы пайда болды.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   
Ежелгі дэуір

Тас дәуірі палеолит, мезолит және неолит болып үшке бөлінеді. Әуелгі
палеолиттің өзі үш дәуірге бөлінеді. Олар олдувай (2,6 млн.-700 мың жыл
бұрын), ашель (700 мың -150-120 мың жыл бұрын) және мустье (150-120 мың -31-
30 мың жыл бұрын) дәуірлері. Тас құралдарының мынадай түрлері болды:
шапқылар, қырғыштар, үшкір тастар, пышақтар.

Ауыр салмақты, тік бұрышты, ұсақ шақпақ тастар ең ежелгі еңбек құралдарына
жатады. Олар Қаратаудан табылды. Бөріқазған мен Тәңірқазған деген жерден
табылған құралдар - ашельдік кезеңге жатады. Олар шапқылар, ауыр тас
сынықтар, нуклевстар. Төменгі палеолитте адам тасты сындыру үшін басқа
тасты пайдаланып, біріне-бірін ұрған. Мұндай техника "малта тас мәдениеті"
(өзеннің малта тастарын пайдаланған) деп аталады. Мұны тапқан археолог
халел Алпысбаев (Памятники нижнего палеолита Южнего Казахстана А. 1979).
Ашель уақытының ескерткіштері Орталық Қазақстанда Құдайкөл, Жаман айбат,
Обалысай тұрақтары, батыс Қазақстанда -Маңғыстауда Шақпақата, Сарытас.

Мустье кезінде тас өңдеудің жаңа техникасы табылды. Ол оңтүстік Қазақстанда
Ш.Уәлиханов атындағы тұрақ деп аталынады. Адамдар бизон, жылқы аулаған.

Қазақстанның ежелгі тұрғындары эволюциялық даму жағынан хомо сапиенс
(саналы адам) сатысына сай келеді.

Соңғы палеолит -б.з.б. 40-35 мың жылдық аяқталады. Адамдар жер бетінің
барлық аймағында өмір сүрді. Ру пайда болды. Ана жағынан (экзогамия-аналық
ру). Дүниетанымы өсті. Өнер шықты, жануарлар суреттерін жартасқа салу пайда
болды.

О дүниеге сену болды. Мәдениеті - Шығыс Қазақстанда- Қанай, Свинчатка,
Пещера, Шүлбі тұрақтары.

Мезолит - Қазақстанда аз зерттелді. Тек 80-90 жылдары Батыс және оңтүстік
Қазақстанда археологиялық жұмыстар жүргізілді. Мезолит (орта) кезінде садақ
пен жебе пайда болды. Тұрақтар өзен-көлдерге жақын болды. Мезолит тұрақтары
-Қарағандыда - Әлімбек, Көкшетауда - Виноградовка, Қостанай маңында -
Дачная, Маңғыстауда - Қызылсу және т.б.

Жаңа тас ғасыры - неолит - бұл дәуірдің басы шамамен б.з.б. 7 мыңжылдық-2
мың жылдық басы. Тас өңдеудің тегістеу, бұрғылау түрі пайда болды. Басты
белгісі - табиғаттың дайын өнімдерін пайдалану орнына, өндіретін
шаруашылық, яғни мал шаруашылығы мен егін егу пайда болды. Қыш құмыра,
тоқымашылық пайда болды. Қазақстанда 600-ден астам неолиттік, энеолиттік
ескерткіш бар. Неолиттік тұрақтар орналасу сипатына қарай бұлақтық,
өзендік, көлдік, үңгірлік болып 4-ке бөлінеді. Бұлақтық тұрақ көп тарады.
Үй малдары пайда болды. Жылқы. От жағу пайда болды. Ескерткіштері
-солтүстік Қазақстанда, Есіл өңірінде - Атбасар мен Торғай үстірті
-маханжар неолиттік мәдениет; оңтүстік Қазақстанда - Қараүңгір үңгірінің
неолиттік тұрағы. Атырауда Шатпакөл; Құлсары 1-5; Маңғыстауда Бозащы түбегі
(Шебір), орталық Маңғыстауда Түйесу (Сенек 1,4).

Энеолит - адамдар өміріне мыс құралдар енген дәуір. Ботай мәдениеті
(Көкшетау облысы, Ботай бекеті жанындағы қоныстың аты. Б.з.б. 3-2
мыңжылдық. Ботай мәдениетін зерттеген Зайберт В.В. (Энеолит. Урало-
Иртышского междуречья, Петропавл,1993). Қазір 158 тұрғын үй жұрты табылды,
сазбалшық, сүйектен жасалған ыдыстар, әшекейлер табылды. 70.000 жылқының
сүйегі табылды. Маңғыстауда ең елеулі тұрақ Бозащыда, Шебірде табылды.
Шақпақ тас, керамика, кішкене метал, біз табылды. Жылжымалы мал шаруашылығы
пайда болды.

Қола дәуіріндегі Қазақстан тайпалары. Б.з.д. 2 мыңжылдықтың алғашқы ширегі
бітер кезде Волга мен Алтай арасында мал шаруашылығымен айналасқан адамдар
қола жасауды меңгерді. Мыс пен қалайының қосындысы қола. Оңтүстік Сібірдегі
Ачинск қаласы маңындағы Андроново селосынан қола дәуірі ескерткіштері алғаш
рет табылды. Оны 1913 ж. Б.В.Грязнов ашты. Ғылымда шартты түрде қола дәуірі
ескерткіштерін Андронов ескерткіштері деп атайды.1927 жылы археолог
М.П.Грязнов осындай қорымды Батыс Қазақстаннан да тапты. Андронов
ескерткіштері Қазақстан, Орта Азия, Сібірден табылып отыр.

Жалпы, Қазақстанда Андронов мәдениетімен бірге, қима мәдениет ескерткіштері
Батыс Қазақстанда табылған. Қима мәдениетінің бас ерекшелігі - қайтыс
болған адамдарды қиылған ағаштың арасына салуы. Андронов мәдениетінің
ескерткіштері Казақстанда мол кездесетін болғандықтан, осы хронологиялық
кезеңді Андронов мәдениеті арқылы қарастырады.

Андронов мәдениеті шартты түрде үш кезеңге бөлінеді. Ерте қола -б.з.д. 18-
16 ғғ, орта қола б.з.д.15-12 ғғ., кейінгі қола б.з.д. 12-8 ғ.б. Андронов
мәдениеті 8-9 ғасырға созылады (б.э.д. 17-9 ғасырлар).

Орталық Қазақстандағы андронов мәдениеті. Бұл өңірден көптеген мекендер,
қорымдар, көне рудниктер, құрбандық орындары, петроглифтер. Орталық
Қазақстанның андронов мәдениетіне тән сипаты-оның мазарларының күрделілігі,
тас өңдеумен байланысты құрылыс техникасының жетіле түскендігі.

Ертедегі Нұра кезеңі -жерлев салтында кремация (мәйітті өртев) басым
болған. Мәйтті табытқа салып қою рәсімімен де жерлев кездеседі. Керамика
ыдыстар жоғары жағы ғана әсемделеді. Қабір ішінде мәйітпен қатар үй
жануарларының сүйектері де табылған.

Келесі -Атасу кезеңінде жерді игеру, оның ішінде шөлейт аудандарды да игеру
кеңінен жүргізіледі. Тау-кен жұмыстарының көлемі күрт өседі. Мәйіттерді бір
жамбасына бүк түсіріп жатқызып жерлев жиірек ұшырасады.

Кейінгі кезеңі- Бегазы-Дәндібай мәдениеті. Оның ерекшелігі - мәйіттерді
шалқасынан жатқызып қою. Мысалы: Ақсу-Аюлы -2 қабыры. Жер бетіне тастан
қалап қабырғалы тұрғын үйлер салу рәсімі кең жайылады. Сондай-ақ ағаш та
қолданылған.

Солтүстік және Батыс Қазақстанда Алексеев қонысы мен Тасты-бұтақ қорымы
кеңінен мәлім болды. Топырағы төбешік болып үйілген, дөңгелек және
тікбұрышты қоршаулары бар қорымдар көп кездеседі. Челябинск және Қостанай
облыстарының шекарасынан Арқайым қонысы ежелгі қалалардың мысалы болады.

Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу. Ескерткіштері - Таңбалы, Қаратау сияқты
тастағы суреттер, Таутары қорымы. Сырдарияның төменгі жағынан Арал
алқабынан -Тегіскен кесенесі ашылды.

Шаруашылығы. Андроновшылар қоныстары дала өзендері мен оның жағаларына
егін, бау-бақша салып қоныстанған.

Тары ботқасы күйген құмыралар табылды. Қоныстардың бәрінен табылған ортақ
олжалар: дәнүккіштер, келсаптар, орақтар мен тас кетпендер.

Мал өсіру маңызды роль атқарды. Негізгі тамағы сүт болды, сүзбе, ірімшік
жасаған. Ет өте аз болған, оны мейрамдарда ғана, құдай жолына құрбандық
жасағанда ғана пайдаланған. Негізгі мал қой, сиыр, жылқы. Жылқының үш
тұқымы болды: биіктігі 128-136 см., басы үлкен, қалың жалды жатаған жылқы.
Қазіргі монғол жылқысына ұқсас. 2). Шоқтығы орташа не биік 136-152 см-ге
дейін салмағы 350 килоға дейін жететін жылқылар. 3). Асыл тұқымды биіктігі
152-160 см., аяқтары жіңішке, сымбатты, қой мойынды жылқылар. Олар соғыс
арбасына жегілетін болған. Андроновшылар мал бағудың қыр-сырын жетік
меңгергендер болды. Олар дүние жүзінде алғаш рет малды қолда ұстауды
енгізді. Қыста төлді жылы жерде ұстаған, ол үшін үйдің бір жағын қоршап
бөліп тастаған. Тұрғын үйлерге жалғаса мал қора салды.

Андроновшылар қос өркешті бактриан түйелерін өсірді.

Ерте және орта қола кезеңдерінде, яғни б.з.д. 1 мыңжылдық басында
андроновшылар отырықшы болды. Аралас шаруашылықпен айналысқан. Малды үй
іргесіне бағу нәтижесінде жайылым тез тозған. Сондықтан жайлаулық тәсілді
ойлап табады. Бұл көктем, жаз айларында жастар мен ер адамдар алыс
жайылымға малды айдап әкетсе, отбасылары егін өсірумен айналысты.

Ежелгі кеншілер. Кен өндіру б.з.-дан үш мың жыл бұрын пайда болды. Мысалы,
Жезқазған осы кезде-ақ кен өндіріле бастады. Олар кенді тотықтандыру,
қайлалау, отпен өндіру әдістерін меңгерді. Сондай-ақ әрбір отбасы өз ыдыс-
аяқтарын өздері жасады. Әйелдер саз балшықты әзірлеп, одан ыдыс-аяқ істеп,
оларды ошақтағы отқа, кейде таспен қоршалған шұңқырға алаулатып күйдірген.
Ыдыстар әртүрлі сызықтармен, геометриялық ою-өрнектермен әсемделген.

Үй кәсіптері Андроновшылар үй тіршілігіне қажетті нәрсені өздері жасады.
Жіп иіру, тоқу, теріні өңдеу, киімді түрлі-түсті жіппен әдіптев бәрін
игерген. Матаға қажетті жіпті мал жүнінен игерген. Тоқыма станогы, ұршық
болды. Олар өкшесіз аяқкиім киген, жүннен тоқыған, теріден тіккен құлақшын
киген. Әйелдер көбіне ұзын жеңді етегі жер сызған жүн көйлек киіп жүрді.
Әшкейлік бұйымдар сырға, салпыншақтар, моншақтар таққан. Ерлері қоладан
үшкірлеп жасалған садақтармен қаруланды.

Халық, қоғам, әдет-ғұрып. Олар үлкен үйде отбасылық қауым болып өмір сүрді.
Ағайын-туыстар шаруаны бірге атқарды. Обалар, қабырлар қазу ісінде
өзгешеліктер болған. Бұл андронов қоғамының біртекті болмағандығын
көрсетеді. Байлар, текті адамдар өлгенде олар ерекше құлпытас орнатылған
мазарларға жерленді. Жауынгерлер, патшалар абыздар тәрізді әлеуметтік жік
болған.

Діні мен өнері. Өліктер қабырда бастары батысқа немесе оңтүстік-батысқа
қаратылып қойылды. Бұл о дүниемен байланыс жасайтын құдайға қарату деген
мағынаны білдірді. Мәйіт бүктей жатқызылды. Сондай-ақ мәйітті өртеп жіберу
де болды. Ол отқа табынудан шықса керек. Үй құрылысы да құрбандық шалудан
басталған. Оған сүт толы ыдыстар, бұқа не бағлан шалынған. Тіпті балаларды
да құрбандыққа шалған, оны үй едені астына көмген. Үйдің ошағы отбасының ең
қасиетті жері болды.

Тастағы суреттер. Қола дәуірінің жартастар бетіне салынып, кілегей қоңыр
қабыршақпен жабылып қалған суреттерінің өзіндік ерекшелгі бар. Бұл суреттер
- жануарлар, күн бейнелі адамдар, соғыс арбалары, шайқас көріністері туралы
тасқа салынған суреттер олардың дүние-танымын көрсетеді. Жартастағы
суреттер-петроглифтер Қазақстанда Таңбалы, Ешкіөлмес, Қарату мен Маймақ,
Тарбағатай мен Бөкентауда табылды.

Темір дәуіріндегі тайпалық одақтар және ерте мемлекеттік құрылымдар. Б.э.д.
1 мыңжылдықта Қазақстан және Орта Азияны мекендеген сақ тайпалары темірден
заттар жасауды меңгерді. Олар қуатты тайпалық одақтар құрған. Сақтардың
тайпалық одақтары массагеттер, исседондар, аландар, каспийшілер,
сарматтардан тұрған. Оларды гректер скифтер деп атаған. Ол туралы грек
тарихшысы Геродот өзінің "Тарих" деген еңбегінде, 5 томында, географ
Страбон "Географиясында" жазып қалдырған. Парсы патшасы Дарийдің
Накширустамдағы Персопольға жақын тас жазуларында сақтарды үш топқа бөліп
көрсеткен.: парадария (теңіздің арғы бетіндегі сақтар-европалық скифтер
немесе Арал теңізі, Сырдарияның арғы жағындағылар), хаомаварга (хаома
сусынын жасайтын сақтар-Ферғана жерін мекендевшілер), тиграхауд сақтар
(шошақ бөрікті сақтар-Сырдарияның орта аймағы және Жетісуды мекендевшілер).

Сақ әулетінің негізін қалаушы Алып Ер Тоңға (Афрасиаб) деген дерек бар.
Сақтар көк тәңіріне табынды. Оларды матриархаттық ел билеу дәстүрі
сақталған. Мысалы, Зарина, Томирис.

Сақтардың саяси тарихы. Парсылардың патшасы Кир, Мидия патшасы Крезбен
б.з.б. 558-529 жж. соғысқанда, сақтармен одақтасқан. Кейін Кир сақтарды,
массагеттерді өзіне бағындаруды ұйғарды. Кир сөйтіп, Сақ жеріне басып
кірді. Алайда парсылар сақтарды жеңдік деген кезде, сақ жауынгерлері
тұтқиылдан бас салады. Кир де, әскерлері де өлтіріледі. Томирис туралы аңыз
осы кезде шықты

Кирдің Орта Азиядағы басқыншылық жорықтарын 1 Дарий б.з.б. 521-486 жж
жалғастырды. Парсылар сақтарды аз уақыт бағындырады. Б.з.б. 6 ғ. соңы 5 ғ.
басында (500-449 жж) ежелгі Шығыстағы грек-парсы соғысында сақ тайпалары
парсылар жағында болды. Б.з.б. 490 жылғы грек-парсы әскерінің Марафон
жерінде болған соғысында сақтар парсылармен бірге гректерге қарсы соғысты

Б.з.б. 4-ғ. 30-ж. Александр Македонскийдің грек әскерлері соңғы Ахеменид, 3
Дарий Кодоманның армиясын талқандап, Орта Азияға басып кіреді. Олар
Маракандты (Самарқанд) алып, Сырдарияға келеді. Сыр бойына бекіну үшін,
Шеткі Александр деген қала салады. Алайда гректер жеңгенімен , ыстық
табиғатқа шыдамаулары, Александрдың аурып қалуы гректерді Самарқанға
шегінуге мәжбүр етті. Александр б.з.б.323 ж. сүзектен өлді. Оның ала-құла
империясы ыдырап кетті.

Археологиялық ескерткіштері. Бұлар қорымдар, жартастағы суреттер, сақ
бұйымдарының көмбелері.

Орталық Қазақстан. Бұл жерден Тасмола мәдениеті (б.з.д. 7-3 ғғ.) ашылды.
Зерттеуді археологтар Ә.Марғұлан, М.Қадырбаев жүргізді. Бұл обалардың
ерекшелігі - оларда тас жалы, "мұрты" болады. Бірнеше варианттардан тұрады.
Негізгі обаға жанаса немесе оның шығыс бетінде, иек астында кіші оба
тұрады, одан шығысқа қарай доғаша иіліп, ені 1,5-2 м, ал ұзындығы 2-200 м
дейін кейде одан ұзыныда болады, екі жал кетеді. Үлкен обаға үйілген төбе
астында жерден қазылған қабырда өлген кісінің мәйіті жатады, ал кіші
қорғанда үйінді астындағы қабырға ат пен ағаш ыдыс-аяқтар қойылады.

Батыс және солтүстік Қазақстан. Еділ мен Жайық арасындағы аймақтан
қорымдардың көп шоғырланған жері - Үлкен және Кіші өзеннің бойлары, Қамыс-
Самар көлдерінің өңірлері, Елек, Шаған, Ембі жағалаулары. Обалардың көбінде
үйінділері бар, ал олардың аса үлкендері орлармен қоршалған. Тас үйінділері
немесе топырақ пен уақ тастар араластырылған үйінділері бар обалар сирек
кездеседі. Қабырлар шығыстан батысқа қарай ыңғайлай қазылады, ал өлгендер
молаларда емес, обалар үйінділері астындағы арнайы дайындалған алаңдарға
қойылады.

Шығыс Қазақстан. Алтай аясынан, Шыңғыстау мен Тарбағатай бөктерлерінен
кездеседі. Үлкен патша обалары бар. Ол Шілікті алқабында шоғырланған. Бұл
өңірдің мәдениеті үш кезеңнен тұрады. Мәйемір кезеңі (б.з.д. 7-6 ғғ), берел
кезеңі (б.з.д. 5-4 ғғ.), құлажүргін кезеңі (б.з.д. 3-1 ғғ.). Мәйемір
кезеңінің соңында салт кісіні атымен бірге қоятын қабырлар пайда болады.

Жетісу мен оңтүстік Қазақстан. Бұл сақ тайпалары мекендеген аса көлемді
аймақ: тиграхаудтар - Жетісуда, ал массагеттер Арал өңірі мен Сыр бойында.
іле алқабында Бесшатыр, Есік, Түрген, Кеген, Алексеев обалары осы алқаптан
табылды.

Жетісудағы сақ мәдениеті екі кезеңді: ерте кезеңі (б.з.д. 8-6 ғғ) және
кейінгі кезең (б.з.д. 5-3 ғғ.). Соңғы кезеңдегі патша обасына Бесшатыр
қорымы мен Есік обасы жатады. Бесшатыр қорымы Іле өзенінің оң жағалауындағы
Шылбыр деген жерде, ол 31 обадан тұрады. Қорымның барша обалары екі топқа
бөлінеді, үлкен обалар - диаметрі 45 м-105 м-ге дейін. Биіктігі 6-18 м.
Салынған уақыты б.з.д. 5 ғ.

Есік обасы Алматының шығысында 50 км жерде. 1969-1970 жж. зерттелінді. Іле
Алатауы баурайында. Обаның диаметрі 60, биіктігі 6 м. Топырақ үйіндісінің
астында екі қабыр - орталықтағы және бүйірдегісі бар. Орталық қабыр
тоналған. Бүйірдегісі аман жетті. Жерленген 18 жасар ханзада. Ол
киіндіріліп, қару-жарақ таққан күйінде жерленген. Ыдыс-аяқтар, бүйіріне 26
таңбадан тұратын екі жол сөз жазылған күміс тостаған жатыр. Өліктің басына
биік былғары қалпақ-дулыға кигізілген, оның сыртына алтын бұтақтарына
құстар қонған, сирек ағашты тау бейнеленген. Дулығаның төбесіне тәж ретінде
титімдей арқар бейнесін қойған. Марқұмның мойнына ұшы барыс бастарымен
безендірілген алтын өңіржиек салынған, құлағына бирюзадан салпыншағы бар
сырға тағылыпты. Екі саусағында алтын жүзіктері бар. Белбевінің оң жағына
қызыл түсті ағаш қынапты, ұзын сессер ілініпті. Семсер темірден, оралмалы-
орам бедері бар сабы имектев. Сол жағына ақинақ-қанжар ілінген. Есік
обасының салынған кезі б.з.д. 6 ғ. деп есептеледі. Оны зерттеген археолог
К.Ақышев (Курган Иссык. М., 1973г).

Арал өңірі сақтары мәдениеті Тегіскен, Ұйғарақ, Оңтүстік Тегіскен
қорымдары.

Шаруашылығы мен қоғамы. Мал шаруашылығымен де егін өсірумен де айналысқан.
Жылқы өсірген. Екі тұқымы болғаны анықталды. Оның біревІ басы үлкен, аяғы
жуан, денесі шомбал, жатаған жылқы, ал екіншісі шоқтығы биік бойшаң,
сымбатты жылқы, оны қарулы жауынгерлер мінетін болған. Қой бағумен де
айналысқан. Сақтарда маңдай алды дөңестев ірі қойлар көп тараған. Олар
қазақтың кәзіргі құйрықты қойлары тұқымына жақын болған. Түйе шаруашылығы
да кең дамыды. Ал сиырдың көшпелі тіршілікке бейімделген мұндай тұқымының
өзгеден айырмасы - өнімділігі төмен, тірілей салмағы аз, жемшөпті көп
талғамайтын. Суықта сыр бермейтін, жүні қалың, тебін малы болды.

Егіншілік пен суару. Қыстау маңындағы егін сақтарды астықпен қамтамасыз
еткен. Олар тары, арпа, бидай еккен. Оңтүстік Сырдарья алқабында сақтардың
Шірік Рабат, Бәбіш-молла, Баланды секілді қоңыстарында табылған.

Кәсіптері мен сауда. Сақ тайпалары арасында металл өндіру және оны өндев,
әсіресе қола құюға байланысты кәсіпшіліктері дамыған. Темір мен мыс, қалайы
мен қорғасын, алтын мен күміс өндіру жоғары дәрежеде дамыған. Мәселен,
Имантау кен орнында 3 млн. Пұт мыс рудасы, ал Жезқазған мен Успенскден 10
мың және 26 мың пұт руда өндірілген, сонда сол руданың көбісі сақтар
заманында өндірілгені анықталды.

Сақ зергерлері қоладан қанжарлар, оқ жебелері мен сүңгі ұштарын, аттың
қайыс әбзелдерін, әшекейлер мен айна, қазандар мен құрбандық ыдыстарын
жасаған.

Сауда. Еуразия далаларын сақтар билеген кезде Батыс пен шығысты, Жерорта
теңізі мен Қытайды байланыстырған халықаралық өтпелі сауда басталады.
Б.з.д. 1 мыңжылдықтың орта кезінде дала жолы пайда болады. Геродот жазуына
қарағанда, дала жолы Қаратеңіз өңірімен жүріп, Дон жағалауына сосын
Оңтүстік Орал өңіріндегі савроматтар жерінен Ертіс бойына, одан әрі
Алтайдағы аргиппейлер еліне жеткен, содан әрі Моңғолия мен Қытайға қарай
кететін болған. Осы жолдың бір бөлігі Қазақстан жерімен өтті.

Сақтар қоғамы. Сақ қоғамында халықтың үш тобы болды деген болжам бар. Ол
рим тарихшысы Квинт Курций Руф айтқан аңызға сүйеніп айтылады. Бұлар
жауынгерлер - сүңгі мен оқ ( "ратайштар-арбада тұрғандар"), абыздар -
құрбандық табағы және айрықша бас киімі бар, қауымшыл сақтар, яғни
"сегізаяқтар" (соқаға жегетін екі өгізі барлар). Осы үш жіктің өзіне тән
дәстүрлі түсі болған. Жауынгерлерге -қызыл, сары-қызыл; абыздарға-ақ;
қауымшылдарға-сары мен көк түстер. Сондай-ақ көсемдер мен патшалар да
болды. Олар әскери жіктердің өкілдері болды. Гректер оларды басилевс -патша
деп атаған. Патшаның белгісі жебелі садақ.

Өнері мен мифологиясы. Сақтар аң стилін Алдыңғы Азия мен Иранға жорық
жасаған кезінде қабылдаған. Бұл өнер б.д,д. 7-6 ғасырда қалыптасқан. Аң
стилі дегеніміз түрлі жануарлардың бейнелерін дыс-аяққа, киімге, тұрмыс
заттарына, түрлі әшекейлерге, қару-жараққа салған. Сақтар күнге,
найзағайға, жел-дауылға табынған. Сақтар мифологиясында сәйгүлік ат күнмен,
отпен байланысты болған. Дүниені жаратқан көк тәңірісі Митра, жердікі
Варуна, жер астыныкі Индира секілді құдайлар болған.

Үйсіндер. Б.д.д. 3 ғасырда Қазақстанды мекендеген тайпаларда мемлекеттіктің
алғашқы белгілері болды. Бұлар сақтардың этномәдени мұрагерлері үйсіндер
болатын.

Үйсіндер Орталық Азиядан келді. Олардың негізгі территориясы Іле алқабында
болды, батыс шекарасы Шу мен Талас арқылы өтіп, Қаңлылармен шектесті,
солтүстігі Балқашқа дейін жетті. Астанасы Чигучен (Қызыл алқап) Ыстықкөлдің
жағасына орналасты.

Үйсіндер туралы жазба деректі қытайлар қалдырды. Б.д.д.2 ғасырда Жетісуға
Чжан Цянь бастапан елші келді. Ол көптеген мәліметтер әкелді. Үйсіндер
туралы (усунь-го) "уйсін мемлекеті" деп айтты. Мемлекетте 630 мың адам, 188
әскер барын да көрсетті. Үйсін патшасы гуньмо деп аталды. Б.з.б. 73 жылға
дейін үйсіндердің жері үш бөлікке: сол (шығыс) бөлікке, оң)батыс) бөлікке
және гуньмоның өзіне қарайтын орталыққа бөлінген. Бұлар өзара қақтығысқа
толы болдыҚытай ханшалары үйсін гуньмоларына ұзатылған. Олар Қытайдың Орта
Азия, Батыс Азия және Европамен сауда байланысында маңызды роль атқарды.
Б.Д.д. 2 ғасырда пайда болған Ұлы Жібек жолын ұстап тұрған осы үйсіндер
болды. Үйсіндер туралы қытай деректерінде б.з. 3 ғасырына дейін айтылады.

Археологиялық ескерткіштері. Жетісу жерінде үйсіндердің обалары, қорымдары
мекенжайлары зерттелді. Обалардың көбісі диаметрі 6-20 және биіктігі 0,5-
1,5 м. Топырақ, тас қиыршық немесе топырақ-тас аралас үйінділер болып
келеді. Қорымдары б.з.д.3-2 ғғ. Жататындары ерте кезеңі.-Қапшағай 3, Өтеген
3, Қызыл еспе. Оларға ортақ сипат қорымдар теріскейден түстікке қарай,
әрқайсысында 5-6-дан обасы бар тізбек болып, созылып жататындай
жоспарланған. Орта кезеңге жататындар б.з.б. 1 ғ-б.з. 1 ғ. деп есептеледі.
Бұған Өтеген 1,2, Тайғақ 1, Қарлақ 1, Алтын Емел қорымдары. Олар жүйесіз
түрде, үш обадан тізбектеліп орналасқан.

Соңғы кезеңі 2-3 ғғ. Деп саналатын кейінгі кезеңге Қапшағай 2, Шолақ Жиде
1,2, Гүр қора 2, Қалқан 4 қорымдары жатады. Бұлардағы обалар жүйесіз,
ретсіз жасалған, қабырлар жерден қазылған, үстері ағашпен бастырылмаған.

Үйсіндердің алғашқы қонысы Шу алқабынан, Луговое аулынан табылды.
Қабырғалары қам кірпіштен жасалған, едендері балшықпен сыланған, ортасынад
жер ошақ болған.

Үйсіндер шаруашылығы. Олар көшпелілер болғанымен, үй маңында егін де
салған. Оған дән дақылдары салынған ыдыс-аяқтар, дәнүккіштер тас кетпендер
табылуы дәлел. Киімдері байлары жібек пен биязы жүн матадан, кедейлері жай
қалың жүннен, былғары, қой терісінен тіктірген. Үйсін қоғамында байлар,
жасауылдар, абыздар, кедейлер болған. Әскер басылары мен шенеуніктердің
қолында мөрі болған. Жеке меншік те өскен. Ол малға, жер-суға тараған.

Қаңлы мемлекеті. Қытай жазба деректерінде канцзюй деген атпен, б.з.д. 2 ғ.
айтылады. Сыр,Талас өзендері бойында орналасты. Олар да орталық Азиядан
келді. Саны 600 мың адам, 120 мың әскері болды. Астанасы Битян қаласы

Археологиялық ескеткіштері. Қауыншы және Отырар-Қаратау мәдениеті деп
археологтар атайтын үлкен ескерткіштері сақталған. Бұлардың біріншісі
Ташкент аумағында, екіншісі Сырдың орта ағысысы мен Қаратаудан Таласқа
дейінгі аралықта. Қауыншы мәдениетіне жататын Ақтөбе мекені көбірек
зерттелді. Табылған ескерткіш- сарай крест тәрізді салынған бес үйден, екі
дәлізден тұрады. Отырар-Қаратау мәдениетіне жататын ескерткіш Отырар өңірі.
Қазылған үйлер бір бөлмелі, екінші бөлме қойма болған. Ортада тікбұрышты
жер ошақ жасалған.

Шаруашылығы, кәсібі. Керамика ыдыстар, құмыралар, табалар табылған.
Қаңлылар темірді балқытып орақ, пышақ, жебе ұштарын жасаған. Егін
шаруашылығы, мал өсіру, аң аулаумен айналысқан.

Ғұндар. Б.з.б. 1 мыңжылдықтың 2-жартысынан бастап Еуразияның этникалық-
саяси тарихында Орталық Азияның көшпелі тайпалары ролі артты. Б.з.д. 4-3
ғғ. Қытайдың солтүстігі мен Орталық Азияда ғұндар деген тайпалар бірлестігі
(сюнну, дунху) пайда болды. Нақты айтқанда, б.з.д. 209 жылы бой көтеріп,
б.з. 216 ж. дейін дәурен сүрді. Шаңырағын көтерген әйгілі Мөде (Модэ)
батыр. Б.д.д. 209 жылы Модэ әкесін өлтіріп, таққа ие болады. Осы заманнан
бастап, ғұн мемлекеті күшейе бастады (атап айтсақ, б.з.д 188 ж. ғұндар
өзіне қытай императоры Гао-Диды бағындырады, хань династиясы ғұндарға салық
төлеп тұрғаны белгілі. Юечжи, ловфань, байянь, үйсүн тағы да басқа
тайпалардың жерін тартып алады.)

Ғұндар Байкалдан Тибетке, Шығыс Түркістаннан хуанхэ өзеніне дейінгі жерде
мемлекет құрды. Оның әскері 300-400 мың болды. Моде кайтыс болғаннан кейін
өзара қырқыс басталды. Хулагу кезінде, б.д.д. 47 жылы ғұндар оңтүстік және
солтүстік болып екіге бөлінді. Оңтүстік ғұндар Қытай бодандығын қабылдады,
ал солтүстігіндегілер орталық азиялық тайпалармен одақтасып батысқа кетіп,
өз тәуелсіздіктерін сақтады. Алайда, үнемі Қытайдың қысымына түскендіктен
Тянь-Шаньды асып өтіп, қаңлыларға келді. Бұл ғұндардың Орта Азия мен
Қазақстанға алғашқы қоныс аударуы болды. Екінші қоныс аудару б.д. 1
ғасырында болды. 93 жылы Қытайлар ығыстырған солтүстік ғұндар тағы да
батысқа қарай жылжыды. Олар Қазақстан территориясы арқылы батысқа бет алды.
Бұл көшпенділердің Қазақстанға енуіне байланысты шығыс иранның қаңлы
тайпаларының түріктенуі басталады. Б.з. 1 мыңжылдығы басында Жетісу,
оңтүстік қазақстан тайпаларының кескін-келбеті монғолдана бастады. Ғұндар
жергілікті тайпаларды бағындырып, Сырдария бойымен Арал өңіріне, орталық
және батыс Қазақстан аймақтарына барып енеді.Ғұндардың б.з.4 ғ. Шығыс және
орталық Еуропа жеріне келуіне үш ғасыр уақыт керек болды.

Ғұндар Рим империясына қауіп төндірді. 5 ғ. 30-ж. ғұндардың басшысы Аттила
Еуропа халқының үрейін ұшырды. 375-376 жж. вестготтардың Қазақстан
даласынан келген ғұндармен күресі ежелгі Рим империясының құлауына әкелді.

Шаруашылық-мәдени типінің негізі - көшпелі мал шаруашылығы. Мал өсіру,
әсіресе жылқы өсіру басты роль атқарды. Сондай-ақ қой өсіру, аң
аулау,егіншілік дамыды.

Ғұндар тәңірілік дінді ұстанып, түркі жазуын тұтынған. Сөйлев тілі де түркі
тілі болған.

Ғұндардың қол өнер кәсібі күшті дамыған (металдан, сүйек пен мүйізден, тас
пен саздан, ағаштан, керамикадан жасалды). Сауда дамығандығын жібек
маталар, айналар, нефриттен істелген бұйымдар көрсетеді.

Ғұндардың қоғамы. Патриархалды-рулық қарым-қатынастардың белгілері өте
күшті болған. Ғұндар 24 руға бөлінген.Олардың басында ағамандар тұрған.
Ағамандар кеңесі мен халық жиналысы жұмыс істеген. Әскери тұтқындардан
құралған құлдар да болған. Жазба деректр ғұндар қоғамындағы өкімет белгісі
туралы мәлімет те қалдырған. Елді шаньюй басқарған. Одан кейін түменбасылар
болды. Ғұндар қоғамында мал мен жерге жеке меншіктің пайда болуы, тұрпайы
бюрократтық аппараттың құрылуы, алым-салық, жазу-сызудың болуы таптық қоғам
мен мемлекеттің пайда болуын туғызды.

Сарматтар. "Сармат" этнонимі ежелгі деректерде б.з.д. 3 ғасырдан бастап
қолданылып келеді. Осы кезден бастап сарматтардың Скифияны жаулауы басталды
Бұл сарматтар Аралдың оңтүстігіндегі тайпалармен туыс болған. Сондай-ақ
олардың савроматтармен этникалық туыстығы да күмән тудырмайды. Сарматтардың
бір тайпасы - роксоландар б.з. 1-ғ. Мидияның шекарасына жетіп, Риммен
соғысқан.

Сарматтар өздері басып алған елдің саяси өміріне мықтап араласқан. Мыс.
Б.з.д. 2 ғ. соңында Понтия патшасы Митридаттың қолбасшысы Диафантпен болған
соғыста роксоландар скифтерге қосылды. Б.з.д. 1 ғ. Митридат Римге қарсы
күрескенде сарматтар оның жағында болған. Б.з.д. 49-ж. римдіктер мен
сарматтар бірлесіп, Боспор патшасының одақтастары сирактарды (сармат
тайпасы) жеңеді. Аландар (Оралдың оңтүстік өңірінен шыққандар, сармат
тармен туыстас тайпалар) Қара теңіздің солтүстік өңірінен дейін жетеді.
Кейін ғұндарға қосылып, Испаниядан бір шығады

Археологиялық ескерткіштері. Б.з.б. 4 ғ. басында савроматтар Доннан Ембіге
дейінгі территорияны алып жатты. Осы кезде олардың екі мәдениеті
қалыптасты. Олар: Батыс Болғар-Дон мәдениеті, және Шығыс-Орал мәдениеті.
Сармат тайпалары (ерте -Прохоров мәдениеті) өлген адамның қабырын балшықпен
сылап не таптап, өлген адамды басын түскейге қаратып, шалқасынан жатқызып
қоятын болған. Екінші кезеңде (орта -Суслов мәдениеті) б.з.д. 2-ғ. соңынан
б.з. 1-ғ. басына дейін қабыр құрылысының түрлері өзгермейді. Бірақ іші
көмкермелі молалар саны кемиді. Жасанды үңгірлер жоғалады. Әктастан
жасалып, обалар астындағы қабырға қойылатын антропоморфты - адам бейнелі
мүсіндер табыну бұйымдарына жатады. Үстірттегі Бәйіт табыну кешені белгілі.
Ол обалар мен скульптура сынықтарынан тұратын үш топ ескерткіш. Мұндағы
мүсіндер әктастан қашалып жасалған. Олардың кескін-келбеттері, қару-
жарақтары ойылып жасалынған.

Кейінгі сарматтар Орал, Еділ, Дон өңірін, Орал сыртындағы даладан Буг
өзеніне дейінгі аралыққа тараған. Бұл б.з. 2-4 ғғ. Өлген адамдары іші
көмкерілетін тар қабырларға жерленген.

Шаруашылығы. Көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан. Жылқы мен қой өсірген.
Иран тілдес болған.

Зергерлік өнер. 3-5 ғғ. "полихромдық өнер" дамыды. Тек алтын қолданылды.
Полихромдық өнерге әшекейлевдің түрлі техникасы тән. Жиі кездесетіндері
түрлі-түсті тастармен безендіру (инкрустация), зерлев, оқа жүргізу, жалату
т.б. Бұл өнер Моңғолиядан, Орта Азиядан ғұндардың келуімен байланысты Бұл
әшекейлер Ертістің жоғары жағынан (Шілікті), Орталық (Жыланды), Батыс
Қазақстан (Бесоба) қорғандарынан табылды

К.Алимгазинов, Г.Жугенбаева
Айтпаса сөздің АТАсс өледі, жазбаса ӘКЕсс өледі!!!

Esmurat Мерзімі: 31.12.2007, 09:18 Жазу №2

Талайды көрген
Қолданушы №: 73
Жазулар: 569

Орта гасыр

Түркі қағанаты.Түркі қағанаттың саяси-әскери бірлестік ретінде қалыптасқан
мекені - Жетісу. Жетісу мен Шығыс Қазақстан жужан мемлекеттің шет аймақтары
болатын. Осы аймақтарда орналысқан тайпалар - теле - 492 ж. жужаньдарға
қарсы шығып, тәуелсіздік мемлекет құрады. Дегенмен де, 516 ж. жужаньдар
жаңа құрылған мемлекетті тағы да өздеріне бағындырады. 545 ж. теле тайпаның
Ашина руы жужаньдарға қарсы қүресті басқарады. 551 ж. ашина руының батыры
Бумын, Қытаймен бірігіп, жужань мемлекетінің талқандайды.

Сонымен, түркі тілдес тайпаларының ішіннен шыққан теле тайпа Жетісуда
мемлекетінің негізін құрып, көрші мекендерді өзіне бағындыру үшін саясат
жүргізеді.

1 мыңжылдықта Евразияның аймағында этникалық өзгерістер болады. Түркі
тілдес тайпалар басымдық алды. "Түрік" атауының тұңғыш рет аталуы қытай
шежірелерінде кездеседі және ол 542 жылға жатады. Қытайлар түріктерді сюнну-
ғұндар деп атаған. Ерте Түркі мемлекеті -Түркі қағанаты 552 жылы құрылды.
Оның негізін салған - Бумын қаған 553 жылы қайтыс болады. Оның мұрагері -
Қара-Ыстық-хан - билігі бір жылға толмай, қайтыс болады. Мұқан-қаған (553-
572) билік құрған жылдарда Түркі қағанаты Орта Азияда саяси үстемдікке ие
болады. Олар Маньчжуриядағы қидандарды, Енисейдегі қырғыздарды бағындырады,
бұларға Солтүстік Қытай алым-салық төлеп тұрады. 563-567жж. эфталит
патшалыпын басып алады. Міне, осыдан кейін олардың жері Каспий теңізінен
Солтүстік Индияға дейін және Шығыс Түркістанға дейін созылып жатқан.

Түркілер Орта Азияны жаулап алғаннан кейін Жерорта теңізіне дейін баратын
Жібек жолына иелік етті. Олар өздерінің жаулап алу жорықтарын жүргізуде
Иранға қарсы Византиямен одақтасты, 571 жылы түріктердің әскери қолбасшысы
Естеми Солтүстік Кавказды басып алады, сөйтіп Керчь түбегіне (Боспорға)
шықты. Оның баласы Түріксанф Керчьті басып алып, 576 жылы Қырымға шабуыл
жасады. Бірақ Естеми өлгеннен кейін 582-593 жылдары билік үшін қырқыс
басталды. Өзара қырқыс пен әлеуметтік қайшылықтар қағанатты қатты
әлсіретті. Күшейіп алған Иран 588 ж. Герат түбінде түріктерді жеңіп шығады.
Византия 590 жылы Боспорды қайтадан жаулап алады. Өзара қырқыстар,
әлеуметтік қарама-қайшылықтар қағанатты әлсіретіп, оның 603 жылы Шығыс және
Батыс түркі қағанаттарына бөлінуіне әкелді. Шығыс Түркістаннан Амударияға,
Еділ өңірі мен Терістік Кавказ далаларына дейінгі жер Қағанат қарауына
көшеді.

Түркі мемлекетінің басында - қаған тұратын, оның оң қолы (көмекшісі) -
"ягбу" титулымен аталатын. 568 ж. бастап Түркі қағанаты 4 болысқа
бөлінетін. Қағанның ордасы (ставкасы) - Алтайда болған. Халық 3 әлеуметтік
топқа бөлінген - бектер, қара-будундар (жалпы халық), татылар (құлдар).
Түріктерге бағынатын тайпалырдың барлығы - оғыз деп аталатын.

581 ж. Қытайда Чжов династияның орнына Суй династия келгеннен кейін, жаңа
патша түріктермен барлық сауда қарым-қаныстарды үзді. Енді Қытайдан жібек
маталары Орта Азияға келмейтің болғандықтан, түрік қағандарының Ұлы Жибек
жолындағы ролі азаюға бастады. Тобо-хан қайтыс болғаннан кейін, түркі
қағанатта өзара қырқыс басталады. Суй династияның патшалары осы ішкі
өзгерістерді сезіп, түркі қағанатты ыдыратуға, әлсіретуге тырысады. Осы
саясаттың нәтижесінде, 602-603 жж. қарай, түркі қағанаты екіге бөлініп
кетеді.

604 ж. Батыс Түркі қағанатының қағаны болып Таман сайланды. Ал Шығыс Түркі
қағанатының қағаны болып Жанғар.

Батыс түркі қағанаты (603-704 жж.). Батыс Түркі қағанатының Қағанаттың
этникалық саяси өзегі "он тайпа" (он оқ будун) болды, олар Қаратау
баурайынан Жоңғарияға дейінгі аралықта жатқан ежелгі үйсін жерін жайлайды.
Шу өзенінің шығыс жағында дулының бес тайпасы, ал оның батыс жағында бес
тайпалы нушебилер (басқаша он-шадпыт) жайлады. Суяб қаласы (Қырғыстанның
Тоқмақ қаласы маңында) ел астанасы болды, ал қағанның жазғы ордасы Мың
бұлақ (Түркістан қаласы жанында) еді. 610-618 жж. Жегуй қаған мен оның
інісі Түн жабғы қаған (618-630 жж.) билеген кезде қағанат күшейді. Мемлекет
шекерасы Үндістанның солтүстік-батысына дейін жылжыды.

Қағанат шаруашылықтың көшпелі және жартылай көшпелі, отырықшы-егіншілік
әдісімен де айналысты. Елдің халқы түркілер де, соғдылар да сауда-
саттықпен, мал бағумен, қолөнермен, егіншілікпен қатар айналысты.
Қағанаттағы бірінші тұлға - жердің қожасы, әскери билеуші - қаған болды.
Қағанаттағы жоғары лауазымдар - жабғы, шад, елтебер, қаған әулетіне ғана
лайық атақтар болды. Сот қызметтерін бұйырықтар мен тархандар атқарды.
Қағанаттың негізгі халқы - мал өсіретін ерікті ұсақ қауым мүшелері болған,
оларды "қара будун"(қара халық) деп атаған. Әлеуметтік жағынан тайпалар -
ақ сүйек және вассал (бағынышты) тайпалар болып бөлінген. Бағыныштылар алым-
салық төледі. Соғыс тұтқындары құлға айналды.

Жібек жолы бойында үстемдік орнату үшін мемлекеттердің арасында жие соғыс
болып тұрған. Сауда жолы үшін талас 7 ғ. 20-ж. барлық ортағасырлық
мемлекеттерді екі коалиция бөлді. Бұлар - бір жағынан - Батыс Түркі
қағанаты, Византия, Қытай, екінші жақтан - Шығыс Түркі қағанаты, Иран және
Ауар (Авар) қағанаты. Екі коалицияның арасындағы шайқас, мемлекеттерді
әлсіретіп, ешқайсына да жеңіс әкелген жоқ. Дегенмен де, осы соғыстардың
нәтижесінде, дулы тайпалары (он оқ будун тайпа бірлігіне кірген тайпаның
бірі), 630 ж. түркі қағанаттің патшасың өлтіріп, оның орнына дулының
арасынан шыққан Сібір-ханды таққа отырғызады. Осы кезден басталған, дулы
мен он-шадпы тайпаларының арасындағы билікке күрес ұзаққа созылады.
Сонымен, қарауындағы халықты ұстап тұруға, бағындыруға Батыс түркі
қағанаттың орталық үкіметінің шамасы жетпейтін болғандықтан, Батыс Түркі
қағанаты өзінің саяси және әскери күшін жоғалтуға мәжбүр болды. Осыны
қытайдағы Тан империсы пайдаланып, Батыс Түркі қағанатқа қарсы соғыс
жариялайды. Өзара (640-648, 656-657, 658-659 жж.) соғыстар, қырқыстар
Жетісуға қытай әскерінің баса-көктеп кіруіне әкеп соқты. Олар өздері
қалаған адамдарын Батыс Түркі қағанатын билетуге тырысты. Барлық Батыс
Түркі қағанаттың аймақтары екі губернаторлыққа бөлінді. Жаулап алынған
жерлерде қаған орынбасарлары - тудундар алым-салықтың алынуын қадағалады.

679 ж. қытай саясатына қарсы Монголия мен Жетісуда шамамен бір уақытта
көтерілістер болады. Монголиядағы көтерілісінің нәтижесі - Шығыс түркі
қағанатың қайта орнату. Ал Жетісудағы көтерілісті қытай әскері күшпен
басады. Енді барлық шаманы Шығыс Түркі қағанатың қайта бағындыруға салған
кезде, Жетісудағы түркеш тайпалары халықты басқарып, 699 ж. (басқа деректер
бойынша - 704 ж.) Батыс Түркі қанағатын қайта тәуелсіз мемлекет ретінде
орнатады. Сонымен, қарсы тынымсыз соғыстардың нәтижесінде түргештер
күшейіп, Жетісуда саяси жетекші күш болып шығады.

Түргеш қағанаты (704-756 жж.) Түргештер дулы тайпа құрамының ішіне жатады,
түргештердің өзі - қара және сары түргеш болып бөлінгені белгілі. (Кейбір
тарихи деректер бойынша, "сары" және "қара" деген тайпа бөліктері этниқалық
емес, саяси жағынан қарастырғаны жөн. Демек, Сақал қаған болған кезде
түргеш кағанаты екіге бөлініп кетеді. Біревінде Сақал өзі қаған болған, ал
екіншісінде халықты басқарған Сулық. Сақалға бағынатын халықты "сары
түргеш" деп атаған, ал Сулыққа бағынған халықты - "қара түргеш".)

Түргеш қағанаттың саяси өмірі тарихта Орта Азияға шапқыншылық жасаған
арабтармен тығыз байланыстырады. 7-ғ. бас кезінде Араб түбегінде Араб
мемлекеті қалыптасты. Ислам мемлекеттік дінге айналады. Осы дінді таратушы
Мұхаммед 632 ж. қайтыс болғаннан кейін, арабтар ислам дінін тарату үшін
жаулаушылық соғыстар бастады.

Арабтар Орта Азияға жаулауы басталған кезде, Қазақстан мен Орта Азияның
басым бөлігі Батыс Түркі қағанаты қол астында болды. Арабтарға қарсы
күресте Жетісуда өкімет басына келген түргештер болды. Оның негізін салған
Үш-еліг қаған (699-706 жж.). Оның ордасы Шу бойындағы Суяб қаласы болды.
Екінші (кіші) ордасы Іле өзені жағасындағы Күнгіт қаласында орналасты. Үш-
еліг-қаған елді 20 түтіктікке (еншілікке) бөлді, оның әрқайсысының 7 мыңнан
әскері болды. Үш-еліг-қаған Қытай империясымен және Согд мемлекетімен саяси
бірлестік құрып, арабтарға қарсы күреседі.

Түргеш қағанатында Үш-елігтен кейін оның мұрагері болып, баласы Сақал-қаған
(706-711) таққа отырады. Оның кезіңде Түргеш мемлекетінде ішкі бірлік
болмайды және қағанат үнемі арабтармен, қытайлармен күрес жүргізіп отырды.
Түргеш қағанаты Сулық қаған (715-738) тұсында күшейді. Оның тұсында
түргештер екі майданда күрес жүргізді. Батыстан арабтар, шығыстан Тан
әулеті кұш көрсетті. Елшілік жолымен (неке байланысы) және әскери шаралар
арқылы Сулық шығыстан келетін қатерді болдырмады. Бұл жағдай түргештердің
батыста белсенді әрекет етуіне мүмкіндік туғызды. 723 жылы Ферғана
қарлұқтарымен және Шаш тұрғындарымен тізе қосып, түргештер арабтарды
жеңеді. Сулықты арабтар Абу Мұзахим (Сүзеген) деп атайды. 737 жылы Сулықты
өз қолбасшысы Баға-Тархан өлтіреді. Оның қазасынан кейін "сары" түргештер
мен "қара" түргештер арасында өкімет билігін алу үшін күрес басталды. 746
жылы Жетісуға Алтай мен Тарбағатайдан қарлұқтар келіп қоныстанады.
Арабтармен, сондай-ақ өзара қырқыстардан әлсіреген түргештер қарлұқтарға
белсенді қарсылық көрсете алмайды. Мұны Қытай империясы пайдаланды. Оның
Шығыс Түркістандағы уәлилары 748 жылы өз әскерін Суяб қаласына аттандырады
да, оны басып алады. Шаштың иесі дарға асылады. Оның баласы арабтардан
көмек сұрап келеді. 751 ж. Тараз жанындағы Атлах қаласы маңында арабтар мен
қытай әскері арасында зор шайқас болады. Шайқас бес күнге созылады. Шешуші
сәтте қытайлардың ту сыртындағы қарлұқтар көтеріліс жасап, арабтар жағына
шығады. Қытайлар толық жеңіледі. Тан әскері Жетісуды, Шығыс Түркістанды
тастап кейін шегініп кетеді. Арабтар Шашқа қарай кетеді. Бірақ ішкі қырқыс
Түргеш мемлекетін әбден тұралатып тастады. 756 жылы түрік тілді қарлұқ
тайпаларының әрекетінен түргеш мемлекеті құлады.

Түркі тілді көшпелі, жартылай көшпелі тайпалар Батыс түркі қағанаты орнына
4 бірдей құдыретті мемлекет орнатады. Хазар қағанатын қоспағанда, Төменгі
Еділ өңірі мен Солтүстік Кавказда, Қазақстан жерінде үш этникалық-
әлеуметтік бірлестік пайда болды: Сырдың бойын, Арал өңірін Оғыз мемлекеті,
ал Қазақстанның солтүстік, шығыс және орталық аймақтарында, астанасы орта
ертісте болған Қимақ мемлекеті дүниеге келді. Батыс түркі қағанаты орны
Жетісуда - қарлұқтар қалды.

Қарлұқ мемлекеті (756-940 жж.). Қарлұқ тайпаларынын мекені - Алтай манында
орналысқан. 8 ғ. бастап қарлұқтар Жетісуға қоныс аударады. Қарлұқтардың
арқасында 751 ж. арабтар Талас бойында түріктермен болған шайқасты жеңеді.
Осы кезден бастап қарлұқ тайпалары күшейіп, олардың патшасы өз билігін
Алтайда орнатады. 755 ж. қарлұқтар Жетісуда түргештерді женеді.
Түргештердің жартысы қарлұқтарға бағынады, ал қалғаны шығысқа таман көшуге
мәжбүр болды.

Қарлұқтар туралы деректер 5 ғасырға жатады. Ол "бұлақ" деген атпен белгілі.
Түркі руна ескерткіштерінде "үш қарлұқ" атын алтай тауы мен Балқаш көлінің
шығыс жағалауы арасын қоныс еткен көшпелі тайпалар бірлестігіне айтады. 7
ғ. ортасында қарлұқ бірлестігі құрамына бұлақ, шігіл мен ташлық кірген.
Көсемдері Елтабар деп аталған. 766 жылы түргеш қағандарының қос ордасы
Тараз бен Суябты қоса, бүкіл Жетісу қарлұқ жабғысының қоластына көшеді.
Олар ерте феодалдық мемлекет құрады. Араф географы Әл-Марвази (12 ғ.)
қарлұқтар құрамында 9 тайпа болғанын айтады. Қарлұқ конфедерациясына Жетісу
мен оңтүстік Қазақстанның тухси, шігілдер, әзкіштер, халаджылар, чаруктер,
барысхандар, т.б. түркі тілдес тайпалар кірген. 8-10 ғғ. Қарлұқ тайпалары
Қазақстанның Жоңғар Алатауынан бастап, Сырдың орта ағысына дейінгі көсіліп
жатқан территорияны қоныс етеді. Балқаш пен Ыстықкөл арасы, Шу, Іле, Талас
өзендері бойында, Отырарға дейін көшіп жүреді. Олардың билеушісі джабғу,
840 жылдан бастап каған атағын алды. Көшпелі тайпалардың билеуші ақсүйек
топтарының қолында жайылымдар мен құнарлы жер ғана емес, қала орталықтары
да болды. Қарлұқтар елінде 25 қала мен қыстақ болған. Олардың ішінде Тараз,
Құлан, Мерке, Атлалық, Тұзын, Балық, Барысқан және т.б. Қарлұқ қалалары Ұлы
Жібек жолы бойында орналасты.

Қарлұқ қағанаты ішкі қырқыс, өкіметті алу жолындағы, қоныс-өрісті иемдену
жолындағы талас-тартыс мемлекетті ыдыратты.

940 (942) ж. қарлұқ мемлекетінің астанасын - Баласағұнды - Шығыс
түркістандағы түріктер - Тянь-Шянь жағынан қоныс аударған чығыл және ягма
тайпалары - жаулап алады. Осыдан кейін Жетісуда билік қараханидтерге тап
болады. Сонымен, 940 жылы қарлұқ мемлекеті өмір сүруін тоқтатты.

Қарахан Әулетінің мемлекеті (942-1210 жж.). Негізін салған Сатұқ Боғра хан
(915-955). 940 (942) ж. Сатуқ Баласағұн билеушісін құлатып, өзін жоғарғы
қағанмын деп жариялайды. Осы кезден бастап Қарахандар мемлекеті тарихы
басталады. Қарахан мемлекетінің құрылуы мен оның ерте тарихында басты
рольді Қарлұқ конфедерациясының тайпалары атқарды. 10 ғ. сонына таман
Қарахандар иелігі Батыста Амудария мен Сырдария арасындағы Мәуереннахрдан
бастап, Шығыста Жетісу мен Қашғарға дейін созылды.

Қарахан мемлекеті шекаралары тұрақты, толып жатқан еншіліктерге бөлінетін.
Еншілік иелерінің құқтары зор болатын. Олар өз атымен теңгелер шығаруға
дейін, кейде тіпті лауазымдарын өзгерте алатын. 11 ғ. 30-ж. соңында Ибрахим
ибн Насырдың тұсында мемлекет екіге бөлінеді: біріншісі, орталыпы Бұқарда
болған, қарауына ходжентке дейінгі Мәуереннахрды қосып алған Батыс хандығы,
екіншісі - қарамағына Тараз, Исфиджаб, Шаш, Ферғана, Жетісу мен Қашғар
кіретін Шығыс хандығы. Оның астанасы Баласағұн қаласы. Осымен Қарахан
мемлекетінің еншіліктерге бөлінуі заңды түрде бекітілді.

Арслан-хан кезіңде қарахан мемлекеті одан сайін бөлініп кетеді: әрбір
еншілік өз тәуелсіздігін құру үшін таласады.

1056 ж. Қадырханның ұлы Йинал-тегін өкімет мұралыпы жолындағы күресте інісі
Сүлейменнің иелігін басып алады. Бірақ ұзамай ол у беріліп өлтіріледі. Тәж-
таққа Йинал-тегіннің баласы Ибрахим ие болады, бірақ ол да біраздан кейін
Барысхан әміршісімен болған соғыста қаза табады. Осыдан кейін Шығыс
қағанатын 15 жыл бойы (1059-1074) Қадырханның балалары Юсуф Тоғрулхан мен
Бограхан харун басқарады. Олардың тұсында Ферғана Шығыс қағанатқа күшпен
қосылады. Екі қағанат арасындағы шекара Сырдарияны бойлай өтеді. Тоғрұл
қайтыс болғаннан кейін оның еншілігі Бограхан харунның (1075-1102)- Қашғар,
Баласағұн мен хотан қожасының қоластына көшеді. 1089 ж. бастап ол Салжұқ
сұлтаны Мәлікшахтың кіріптар вассалына айналады. 1102 ж. Бограхан қайтыс
болғаннан кейін, көп ұзамай Мәуереннахрға Баласағұн мен Таластың иесі
Қадырхан Жабраил шабуыл жасап, Амударияға дейінгі жердің бәрін басып алады,
тіпті Салжықтардан Термезді тартып алмақшы болады, бірақ олардан жеңіліп
қалады. Сұлтан Санжардың басқаруы кезінде (1118-1157) салжықтар
Мәуереннахрда шексіз билігін жүргізеді, бірақ бұл кезде Қарахан әулетінің
саяси құлдырауының белгісі біліне бастады.

Бұған бас себебі - қидан мемлекетінің құрылуы және оның жүргізген сыртқы
әскери саясаты болып табылады.

12 ғ. екінші жартысында қидандар Батыс Түркі қағанатына қауіп төндіре
бастайды. 1141 ж. Қарахан-Салжықтың әскерін талқандағаннан кейін Қарахандар
мемлекеті екі хандығының билігі де қарақытайлар қолына көшеді. 1210 ж.
шығыс Қарахандар әулеті наймандармен соғыста жеңіледі. Ал 1212 ж. Хорезм
шах Мұхаммед батыс қағанаттың соңғы қағаны самарқандық Османды өлтіреді,
ұзамай Қарахандардың Ферғана тармағы да жоқ болады. Қарахан әулетінің
мемлекеті тарихы осылай аяқталды.

Қарахан әулеті мемлекетінде аса маңызды әлеуметтік-саяси институт әскери-
мұралық жүйе болды. Хандар өз туыстарына белгілі бір территорияның, сол
уақытқа дейін мемлекет пайдасына деп алынған салықты өздері жинап алу құқын
берді. Мұндай салық "икта" деп аталады, ал оны жинаушыны "мукта", немесе
"иктадар" деп атаған. Халық көшпелі, жартылай көшпелі болды. Мемлекеттік
дін ретінде - ислам діні болды. Исламның (960 ж. Мұса жариялады) енуіне
байланысты, араб әрпіне негізделген жаңа түркі жазуы қалыптасады. Түрік
этносының ой-санасы өседі. Жүсіп Баласағұн есімі кең мәлім болды.

Қара қытайлар мемлекеті (1128-1213). Қара қытайлар. Олардың құрылуы Орталық
Азияның қидан тайпаларымен тығыз байланысты. Қидандар (цидань, кита, хита)
б.з. 4 ғ. жазба деректерде монғол тілді тайпалар ретінде аталады. Олар
Қытайдың солтүстік жағында Маньчжурия мен Уссури өлкесінің территориясын
мекендеген. 924 ж. Алтайдан бастап, Тынық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өнер кереметі
Египет пирамидалары
Ежелгі Месопотамия және Иран мәдениеті
Ежелгі Месопотамия мэдениеті
Ежелгі Қытай мәдениеті жайлы
Тәрбие заңдылықтары туралы тусінік
Бейнелеу өнеріндегі кескіндеме туралы ұғым
Тарихи жырлар
Дайын өнімнің мінездемесі
Д. Ысқақұлы әдебиет сыншысы
Пәндер