Несие жүйесі жайында



Кіріспе
І. Несие жүйесі туралы ұғым
1.1. Несие жүйесінің дамуы
1.2. Маманданған несие . қаржы институттары
ІІ. Несие жүйесінің ұғымы және оның құрылымы
2.1. Несиенің мәні және қажеттілігі.
2.2. Несиенің құрылымы
ІІІ. Қорытынды
Несиелік қатынастар қайтарымдылық, мерзімдік және төлемдік шарттарымен уақытша бос капиталды (ақшалай) жинақтау мен қайта бөлу бойынша несиелік мекемелер мен әр түрлі субъектілер арасындағы экономикалық байланыстарды білдіреді.
Несие жүйесі кең мағынада – бұл несиелік қатынастар, несие формалары мен несиелік мекемелер жиынтығы, ал тар мағынада – елдегі несиелік есеп айырысу қатынастарын ұйымдастырушы, ақша айнылысы реттеуші және басқа қаржылық қызметтер көрсетуші несиелік мекемелер торабы.
Несиелік жүйенің маңызды элементтері: Орталық банк, коммерциялық банктер және маманданған несиелік мекемелер болып табылады.
Банктік қызмет – бұл Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің лицензиясы бойынша банктік операцияларды жүзеге асыру.
Банк – Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің лицензиясы бойынша банктік операцияларды жүзеге асыру.
Банк – Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің лицензиясы бойынша банктік қызметті жүзеге асыратын коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға.
Тарихи даму барысында сегменттелген және әмбебап банктік құрылымдар пайда болды. Сегменттелген құрылым банктердің қызмет ету сфералары мен функцияларын қатаң заң жүзінде бөлінуін қарастырады. Әмбебап құрылым банктік қызметтің барлық түрлерін атқарады.
Эмиссиялық банк – бұл Қазақстан Республикасы Ұлттық банк, ал қалғандары – эмиссиялық еместер.
Функционалды жағынан маманданған банктерге: инвестициялық, ипотекалық, жинақ және т.б жатады.
Банктік емес несие – қаржылық мекемелерге: олардың көрсететін қызметтері мен операцияларын коммерциялық банктер атқармайтын қарыз – жинақ мекемелері, иныестициялық қорлар мен компаниялар, зейнетақы қорлары, сақтандыру фирмалары мен компаниялары, өзара көмек кассалары, ломбардттар, т.б жатады.
Несие жүйесін құрудың негізгі принциптері: елдегі банк ісін ұйымдастыруға мемлекеттік монополия, елдегі ақша – несие саясатының бірлігі, несиелік мекемелер торабын барынша дамыту, оларды қызмет көрсету орындарына жақындату, мемлекттік валюталық монополия, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің автономиясы болып табылады.
Қазіргі әлемдік несие жүйесі біршама өзгерістерге ұшырады, олар әр типті банктер арасында банктер мен банктік емес мекемелер арасындағы өзгерістердің жойылуы, несиелік институттардың әмбебаптануы, банктік қызметті бейреттеу, банк ісіне жаңа ақпараттық техниканы енгізу, алып банктердің тез өтуі.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Несиелік қатынастар қайтарымдылық, мерзімдік және төлемдік шарттарымен
уақытша бос капиталды (ақшалай) жинақтау мен қайта бөлу бойынша несиелік
мекемелер мен әр түрлі субъектілер арасындағы экономикалық байланыстарды
білдіреді.
Несие жүйесі кең мағынада – бұл несиелік қатынастар, несие формалары
мен несиелік мекемелер жиынтығы, ал тар мағынада – елдегі несиелік есеп
айырысу қатынастарын ұйымдастырушы, ақша айнылысы реттеуші және басқа
қаржылық қызметтер көрсетуші несиелік мекемелер торабы.
Несиелік жүйенің маңызды элементтері: Орталық банк, коммерциялық
банктер және маманданған несиелік мекемелер болып табылады.
Банктік қызмет – бұл Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің
лицензиясы бойынша банктік операцияларды жүзеге асыру.
Банк – Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің лицензиясы бойынша
банктік операцияларды жүзеге асыру.
Банк – Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің лицензиясы бойынша
банктік қызметті жүзеге асыратын коммерциялық ұйым болып табылатын заңды
тұлға.
Тарихи даму барысында сегменттелген және әмбебап банктік құрылымдар
пайда болды. Сегменттелген құрылым банктердің қызмет ету сфералары мен
функцияларын қатаң заң жүзінде бөлінуін қарастырады. Әмбебап құрылым
банктік қызметтің барлық түрлерін атқарады.
Эмиссиялық банк – бұл Қазақстан Республикасы Ұлттық банк, ал
қалғандары – эмиссиялық еместер.
Функционалды жағынан маманданған банктерге: инвестициялық,
ипотекалық, жинақ және т.б жатады.
Банктік емес несие – қаржылық мекемелерге: олардың көрсететін
қызметтері мен операцияларын коммерциялық банктер атқармайтын қарыз – жинақ
мекемелері, иныестициялық қорлар мен компаниялар, зейнетақы қорлары,
сақтандыру фирмалары мен компаниялары, өзара көмек кассалары, ломбардттар,
т.б жатады.
Несие жүйесін құрудың негізгі принциптері: елдегі банк ісін
ұйымдастыруға мемлекеттік монополия, елдегі ақша – несие саясатының
бірлігі, несиелік мекемелер торабын барынша дамыту, оларды қызмет көрсету
орындарына жақындату, мемлекттік валюталық монополия, Қазақстан
Республикасы Ұлттық банкінің автономиясы болып табылады.
Қазіргі әлемдік несие жүйесі біршама өзгерістерге ұшырады, олар әр
типті банктер арасында банктер мен банктік емес мекемелер арасындағы
өзгерістердің жойылуы, несиелік институттардың әмбебаптануы, банктік
қызметті бейреттеу, банк ісіне жаңа ақпараттық техниканы енгізу, алып
банктердің тез өтуі.

І. Несие жүйесі туралы ұғым

Өркениетті мемлекеттердің тәжірибесінде несие жүйесі туралы екі түрлі
ұғым қалыптасқан: біріншісі – несие – есеп қатынастары, оның түрлері мен
несиелеу әдістерінің жиынтығы; екіншісі – несие – қаржы институттарының
(мекемелерінің) жиынтығы. Несие қатынастары қарыз капиталының қалыптасуымен
оның жұмсалуынан туындап, несие – қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде жеке
және заңды тұлғалардың уақытша бос ақшаларын есепшоттарда шоғырландырып,
оларды кәсіпорындарға, үкіметке және халықтың әр түрлі топтарына қарызға
береді.
Несие жүйесінің қызметінен несие қатынастары туындайды. Несие
қатынастарының мазмұнын несие мекемелерінде әр түрлі субъектілердің уақытша
бос ақша капиталдарын шоғырландырып және оларды белгілі бір мерзімнен кейін
және белгілі бір төлем ақымен қайтару үшін бөліп беру анықтайды. Сонымен
бірге несие жүйесі мемлекеттің ақша айналымын реттеп, ақша қаражатының
экономиканың бір саласынан екінші саласына ауысуын қамтамасыз ету арқылы
өндірістің тиімділігін арттыруға ықпал етеді. Несие жүйесі арқылы
кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың ақшалы есеп айырысуы мен
төлемдері жүргізіліп, сондай – ақ түрлі несиелік, сақтандыру, делдалдық,
инвестициялық, сенімділік, кеңес беру және с.с көптеген операциялар өтеді.
Несие жүйесінің маңызы мен ел экономикасындағы ролі біраз
көрсеткіштермен; атап айтқанда: ақша салымдарының жалпы көлемімен,
кәсіпорындар мен мекемелердің негізгі және айналмалы капиталын
қалыптастырудағы банктік қарыздың үлесімен, жиынтық төлем айналымымен және
т.б. сипатталады. Мысалы, әрбір қоғамның даму тарихындағы белгілі кезеңге
және қоғамдық – экономикалық формацияның өзіне тән несие жүйесінің құрылымы
болады. Мысалы XX ғасырдың 20 – жылдарынан 90- жылдарының бас жағына дейін
КСРО – да жоспарлы – орталықтанған экономикаға сай келетін қатаң
орталықтанған несие жүйесі құрылды.
Несие қатынастарының даму дәрежесі, несие мекемелерінің көбеюі,
өндіріс пен тұтыну салаларының банк операцияларын пайдалануы жөнінен
дүниежүзіндегі дамыған мемлекеттердің ішінде АҚШ алдыңғы қатарда келеді.
Оған дәлел, ол елде ақша капиталының орташа алғанда 31 бөлігінің несие
жүйесі арқылы өтуі.

1.1. Несие жүйесінің дамуы

Қазіргі кзде экономикасы дамыған мемлекеттердің несие жүйесінде
көптеген өзгерістер кездеседі. Олар:
Біріншіден, банк капиталының шоғырлануы мен орталықтануы нәтижесінде
банк монополиясының пайда болуы: ХІХ-ғ. аяғы ХХ-ғ. басында әр мемлекеттерде
ақша капиталының көп бөлігін жинақтаған ірі банктер бөлініп шыға бастады.
Бұл ірі банктер қарыз капиталының нарығында үстемдік етті. Олардың
капиталының мөлшері ірі клиенттерді және жинақ салушыларды өзіне тартып,
нәтижесінде үлкен табыс табудан өсті. Несие жүйесінде ірі банктердің
үлесінің өсуі тек операция жүргізуменғана емес, сонымен қатар капиталдардың
бірігуінің интенсивті процесіне байланысты болады.
Капиталды шоғырландыру мен орталықтандырудың ашық және жасырын
түрлері кездеседі. Біріншісіне ұсақ банктердің күйреуі, олардың бір –
бірімен қосылуы, бөлімшелерінің дамуы, ал екіншісіне корреспонденттік
қатынастар мен көпбанктік жүйелердің дамуы жатады. Корреспонденттік
қатынастар деген несие мекемелері арасындағы келісім бойынша жүргізілетін
операциялар, олардың мақсаты – бір – бірінің тапсырмасы бойынша төлемдер
мен есеп айырысудыжүзеге асыру. Корреспонденттік шоттар: лоро - олардікі,
ностро - біздің қаржы деп бөлінеді. Оларда орасан ірі сома жинақталады.
Мысалы, АҚШ – тағы барлық коммерциялық банктердің арасынан бірнеше ірі
банктердің ресурстары басқа банктердің ресурстарының сомасынан шапшаң
өсуімен көзге түсуде. 1960-1970 жж.-да 50 ірі коммерциялық банктердің
депозиттік сомасы 88,8 млрд-тан 230,4 млрд долларға жетіп, яғни 2,5 есе
өсті, ал осы уақытта басқа коммерциялық банктердің депозиттік сомасы 141,7
млрд-тан 255,1 млрд долларға жетіп, яғни тек 1,8 есе ғана өсті. 1970 ж. осы
50 ірі банктер 13705 барлық коммерциялық банктердің депозиттік сомасының
47%-ін биледі.
Ірі коммерциялық банктерден азғана алып банктер – Бэнк оф Америка,
Ферст нейшнл сити бэнк оф Нью-Йорк және осындай бірнешеуі бөлініп шығып,
олар өнеркәсіп – қаржы топтарын басқарумен шұғылданады немесе оларда басты
роль атқарады. Олар – ірі банктердің өзара қосылып, банк холдингін құруының
көрінісі.
Екіншіден, әр түрлі несие мекемелері арасында бәсекенің күшеюі. Банк
монополиясы мен несие қатынастарының өркендеуі қарыз капиталының нарығында
бәсекені өршіте түсті. Бәсеке біртектес және әр түрлі несие мекемелерінің
арасында жүреді. Мысалы, коммерциялық банктер, немесе сақтандыру
компаниялары өзара бәсекеге түседі. Бәсеке нәтижесінде ірі компаниялар ірі
мөлшерде несиені оңай алып, кәсіпорындарды өз ықпалында ұстау үшін несиені
жеңілдікпен береді. Ондай жеңілдіктер несие алудың жағдайларына (яғни
пайдалану мезігіліне, мөлшеріне, қайтарылуына) жасалады. Бірақ банк
қызметіне бұрыңғысынша жоғары тарифтер мен проценттік төлем ақысы
сақталады. Сондай – ақ, клиенттерге банк қызметінің қосымша түрлері
көрсетіледі (мысалы, тәулік бойы төлем құжаттарын қабылдау, әр түрлі
сұрақтарға жауап беру, кеңес беру және т.с.с).
Бәсекенің келесі түрі - әр түрлі несие – қаржы институттарының
арасында туындайды. Мысалы, коммерциялық банктер мен жинақ мекемелерінің
арасында жинақты өздеріне тарту үшін; коммерциялық банктер, қаржы
компаниялары, несие одақтарының халыққа тұтыну тауарларына берген қарыздың
үлкен бөлігі үшін; ипотека нарығындағы сақтандыру компаниялары, өзара жинақ
және қарыз – жинақ банктерінің бәсекесі.
70 – 80 жж. несие мекемелерінің бәсекесі өрши түсті, оған себеп
болған негізгі факторлар: қаржылық қызметтерді шектеуді реттейтін бірсыпыра
заңдарды алып тастау; қаржылық иновацияның қарқынды өсуі, яғни несие – ақша
операцияларының жаңа түрлерінің және есеп айырысу мен қарыз капиталы
нарығының құралдарының пайда болуы; электронды – есептегіш машиналар мен
телекоммуникация құралдарын кең қолдану несие аясында монополистік
бақталастықтың мүмкіншілігін арттырады. Осы процестердің нәтижесінде
клиенттерге көрсетілетін қазметтердің көптеген түрлерін ұсынатын әмбебап
операциялар тенденциясы байқалып, көп бағытты несие мекемелері құрыла
бастады. Коммерциялық банктер бұрын шұғылданбайтын жаңа қызметпен, яғни
жылжымайтын мүлікпен операция жүргізу, лизинг, сақтандыру және с.с. қызмет
түрлерін кең қолдана бастады.
Бәсекені күшейтетін маңызды фактордың бірі қаржылық емес
корпорациялардың қаржылық қызмет түрлерін атқаруы. Бұл мекемелер банк
қызметінің тек кейбіреурін ғана орындайтындықтан, несие институттарына
таралатын заңды шектеулерге бағынбайды. АҚШ – та оларды банктік емес банк
деп атайды. Олар – ДЖенерал моторз, Форд, ИБМ, Америкен экспресс және т.б.
– көптеген операциялар жүргізумен шұғылданады: өнеркәсіптік және тұтыну
несиесін беру; жылжымайтын мүлікпен, сақтандыру, лизинг операцияларын
жүргізіп, қолма - қол ақшаны басқарады.
Қазіргі кезде банктер арасындағы бәсеке халықаралық дәрежеге
көтерілуде. Өндірістің мемлекетаралық мамандануы мен бірлесуі, сыртқы
сауданың дамуы, еуровалюта нырығының өсуі банк ісінің интернационалдануына
және банк операцияларының көп бөлігінің мемлекет шекарасынан шығуына әкеп
соқтырды. XX ғасырдың соңғы төрттен бір бөлігінде АҚШ, Жапония, ГФР,
Франция және басқа да бірсыпыра мемлекеттердің ірі банктері халықаралық
қаржы концерндеріне айналып әлемнің әр түрлі елдерінде көптеген несиелік,
есеп айырысу, инвестициялық операциялар жүргізеді. Көптеген банктердің
халықаралық операциялардан түсіретін табысы жиынтық пайданың 40 – 70 %
құрайды.
Халықаралық банктер – ұлтаралық және көп ұлттық банктер болып
бөлінеді. Ұлтаралық банктер – ол әмбебап үлгідегі ірі несие – қаржы
кешендері. Олар, әдетте, қолында шетелдік кәсіпорындардың кең желісі және
мемлекеттің қолдауымен дүниежүзілік нарықта валюта, несие операцияларын
бақылайтын жүйесі бар қарыз капиталының қозғалысындағы басты делдардар.
Ұлтаралық банктердің шетелдерде көптеген филиалдары, бөлімшелері қызмет
жасайды. Мысалы, 80 – жылдардың басына дүниежүзінде 84 ұлтаралық банктер
болса, оның 22–сі АҚШ – та, Ұлыбритания мен Жапонияның әрқайсысында –
10–ны, 7-і Франция, ал Германия мен Канаданың әрқайсысында 5-тен саналады.
Көп ұлттық банктер – ол бірсыпыра елдердің ірі банктердің үлестік
жарна төлеу арқылы құрылған хылықаралық банктер топтамасы. Олар әлемдік
нарықта ұлтаралық банктердің операцияларын іске асыруымен, сыртқы сауданы
несиелеумен, еуровалюта нарығын жүргізумен шұғылданады.
Үшіншіден, банк капиталы мен өнеркәсіп капиталының бірігіп қаржы
капиталын құруы. Өнеркәсіп пен банк ісінде монополиялардың пайда болуы және
олардың бірігіп жұмыс жүргізуі қаржы капиталының құрылуына негіз болды.
Себебі банктік несие - өнеркәсіпті несиелеудің басты көзі. Банктік несие
өнеркәсіп компанияларының тағдырын қаржы қажет болған кезде несие берумен
шешіп отырады. Сөйтіп, несие беруші мен қарыз алушының байланысы негізінен
төмендегідей тұрғыда жүргізіледі: өнеркәсіп компанияларына банктердің несие
беруі; ағымдағы және есеп айырысу операцияларын жүргізуі; эмиссиялық
құрылтайшы операциялары және акция иемдену жұмыстары.
Төртіншіден, несие жүйесіндегі құрылымдық өзгерістер. Арнаулы несие
– қаржы мекемелерінің дамуы мен олардың жұмыс масштабының ұлғаюы қаржы
капиталы нарығындағы банк ісінің кеңеюіне жол ашып, несие жүйесінің
құрылымдық өзгерістеріне әкеп соқтырады. Несие жүйесінде жаңа буындардың
пайда болуына байланысты ресурстар мен операциялардың жиынтық сомасында
коммерциялық банктердің үлесі төмендеді. Мысалы, XX ғ. басында АҚШ – та
несие мекемелерінің 7 түрі болса, 80 – жылдары олардың түрі 20 – дан асты.
1900 ж. активтердің 23-ін коммерциялық банктер, ал 13-ін сақтандыру және
жинақ мекемелері жүргізді. Ал 1987 ж. коммерциялық банктердің бұл
көрсеткіштегі үлесі шамамен 40% болса, жинақ мекемелерінің, инвестициялық,
ипотекалық, сақтандыру компанияларының үлесі анағұрлым көтерілді. Осындай
өзгерістер басқа өнеркәсібі өркендеген мемлекеттердің де несие жүйесінде
байқалды.
Капиталын иемденуіне қарай банктер және несие – қаржы мекемелері
мемлекеттік және жеке болып екіге бөлінеді. Бірсыпыра елдерде банкнота
шығаратын ерекше құқығы бар орталық банктер, сондай – ақ почта – жинақ
жүйесі және кейбір арнаулы несие – қаржы институттары (мысалы, американдық
федералды жер банкі, АҚШ-тың экспорт –импорт банкі) мемлекеттік несие
мекемесі болып саналады.Ал кейбір елдерде (мысалы, Францияда, Италияда және
т.б.) ірі коммерциялық банктер де мемлекеттік болып саналады.
Несие жүйесінде мемлекеттік сектордың көбеюі ел экономикасын
мемлекеттік реттеудің ұлғаюына байланысты. Мысалы, екінші дүниежүзілік
соғыстан кейінгі кездері отарлау жүйесінің құлауы нәтижесінде азат етілген
елдерде құрылған ұлттық несие жүйелерінде мемлекеттік несие институттарының
пайда болуына мүмкіндік туғызды. Бұл елдерде шетел банктерін мемлекет
меншігіне айналдыру жүргізілді. Сондай – ақ әлемде мемлекетаралық валюта –
несие және қаржы институттары да құрылуда: Халықаралық валюта қоры,
Халықаралық қайта құру және Даму банкі, аймақтық Даму банктері және т.с.с.
Дегенмен, экономикаға несие – қаржылық, ақша – есеп және т.б. қызмет
түрлерін көрсететін негізінен жеке несие мекемелері. Қазіргі несие жүйесі
күрделі, әрі көпбуынды құрылым. Егер несие мекемелерінің клиенттерге
көрсететін қызмет түрлерін негізге алғанда несие жүйесі үш элементтен
құрылады: орталық банк; коммерциялық банктер және маманданған несие – қаржы
институттары.
Шаруашылық буындарына көрсететін қаржы – несиелік қызметтерінің
санына, мөлшеріне және олардың көлеміне, сондай – ақ мамандануына қарай
несие жүйесінің өзегі – банк жүйесі, ал несие институттарының жұмысын
үйлестіретін бірыңғай орган – Орталық банк болып саналады. (Несие жүйесінің
екі элементті: орталық және коммерциялық банктер туралы бұл жерде қысқаша
сипаттама беріліп, олар туралы кеңінен келесі бөлімде айтылады).
Орталық банк – мемлекеттің банк жүйесінің бірінші деңгейіндегі басты
банк, басты эмиссиялық банк. Ол – банктердің банкісі. Ол заңды және жеке
тұлғалармен операция жүргібейді, оның клиенттері – коммерциялық банктер мен
басқа несие институттары, сонымен қатар үкімет мекемелері.
Коммерциялық банктер – банк жүйесінің екінші деңгейіндегі банк, олар
кез келген мемлекеттің несие жүйесінің негізгі буыны. Коммерциялық банктің
негізгі қызметі – кәсіпкерлерге, халыққа жан – жақты несие – қаржылық
қызмет көрсету.

1.2. Маманданған несие – қаржы институттары

Тарихи мамандаған несие – қаржы институттарының алғашқы мекемелері
қарыз капиталы нарығындағы кейбір сұраныстарды қанағаттандыру мақсатында
пайда болды. Мысалы, бұрынғы КСРО-да 20- жылдарда коммерциялық банктер
тұтыну несиесін берумен шұғылданбағандықтан, сол кездерде тұтыну несиесін
беретін көптеген мекемелер пайда болды. Олар қазіргі нарықтық экономикада
кез келген мемлекеттің несие жүйесінде нық орын алуда.
Маманданған несие – қаржы институттары (немесе оларды парабанктік
мекемелер деп те атайды) не белгілі бір клиенттерге қызмет көрсетеді немесе
бір – екі қызмет түрін меңгереді. Ол мекемелер бір жағынан клиентттердің
несие – есеп операцияларын жүргізіп Орталық банктің талаптарын орындаса,
екінші жағынан қаржы, сақтандыру, инвестициялық және т.с. операциялар
орындауымен сол салалардың бақылауымен қызмет жасайды. Олар әр түрлі
маманданған қаржы институттарының жиынтығы: несие – жинақтау мекемелері,
инвестициялық қорлар немесе компаниялар, зейнетақы қорлары, сақтандару
компаниялары, мекемелердегі өзара көмек кассалары, ломбардтар және т.б.
Өркендеген мемлекеттерде бұл институттар, яғни банктік емес мекемелер
коммерциялық банктермен қаржы нарығында бәсекеге түсіп, халыққа, фирмалар
мен компанияларға сан алуан қызмет көрсетуде. Қазақстан экономикасының
нарықтық қатынастарға өту шағында бұл мәселелер бойынша әлемдік тәжірибеге
қызығушылық болуда.
Маманданған несие – қаржы институттары кейбір шаруашылық аясында кең
түрде қызмет көрсетуде:
• халықтың ұсақ жинақтарын тартуда;
• ипотекалық несие беруде;
• тұтыну несиесін беруде;
• ауыл шаруашылық несиесін беруде;
• сыртқы сауда операцияларын қаржыландыру мен есеп айырысуда;
• өнеркәсіп компанияларының бағалы қағаздарын орналастыру мен
капитал инвестициялауда.
Айта кететін жәйіт, революцияға дейінгі Ресейде, одан соң КСРО-да
(оның құрамындағы Қазақстанда) және жаңа ұжымдастыру
(коллективтендіру) жылдарында несие институттарының кейбіреулері,
мысалы, несиелік одақтар серіктестіктер, өзара несиелеу қоғамдары,
несиелік одақтар және т.б. олардың түрлері болды. Қазірде банктік емес
мекемелерге кәсіпорындардағы өзара көмек кассаларын, ломбардтарыды,
шаруа қожалықтары ассоциацияларында (одақ) құрыл құрылған есеп айырысу
қаржылық орталықтарын кіргізуге болады.
Бірсыпыра мемлекеттерде маманданған несие – қаржы институттарына:
жинақ мекемелері, сақтандыру компаниялары, зейнетақы қорлары, инвестициялық
компаниялар, қаржы компаниялары, ақша нарығындағы өзара қорлар жатады.
Жинақ мекемелері несие жүйесінің көмегенсіз өз алдына капитал ретінде
пайдалануға болмайтын ұсақ жинақтар мен табыстарды өзінде жинақтайды.
Алғашқыда жинақ мекемелері жүйесі не жергілікті басқару органдары, не почта
ведомствосы ұйымдастырған мемлекеттік мекемелер түрінде, әсіресе, орталық
Еуропа елдерінде (Германия, Австрия) кең тараған. XX ғ. 30 – 40 жылдарынан
бастап жеке жинақ мекемелері түрінде кең өрістеуде. Жинақ мекемелерінің үш
типі бар: өзара – жинақтау банктері, несие – жинақтау ассоциациялары және
несиелік одақтар (кооперативтер).
Өзара – жинақтау банктері – ұсақ салымдарды белгілі бір мерзімге
қабылдайды. Бұндай салымды кері алуға формалды түрде 30 күнге дейінгі
мерзім көрсетіліп, куәлік беріледі, ал шындығында банктер ақшаны клиенттің
бірінші талабы бойынша қайтарады. Тартылған қаражат әр түрлі жағдайларға
және бағалы қағаздар сатып алуға, негізінен тұрғын үй салу кепілдігі үшін
ипотекаға, мемлекттік бағалы қағаздарға және жергілікті үкімет органдарының
облигацияларына жұмсалады.
Несие – жинақтау ассоциациялары – осы ұйым мүшелерінің төлеген
жарнасынан құралады, яғни клиенттерге олардың бірінші талаптары бойынша
номиналымен кері сатып алынатын және процент түрінде табыс түсіретін
айырықша сертификат сату арқылы капиталы құрылатын мекеме. Бұл
сертификаттар мерзімді салымдарға ұқсас. Ассоциация капиталының көп бөлгі
тұрғын үй салу кепілдігі үшін ипотека салынады.
Несиелік одақтар – кооперативтер түріндегі жинақ мекемесі, оны
кәсіподақтар, ірі кәспорындар, шіркеулер ұйымдастырады. Одақтың капиталы
мүшелік жарнаны ерекше акциялар сатып алу формасында төлеуден құрылады, ал
құрылған қаражат одақ мүшелеріне қысқа мерзімді несие беру үшін (транспорт
сатып алуға, үйді жөндеуге және с.с.) қолданылады. Несиелік одақтар АҚШ-та,
Ұлыбританияда, Канадада кең тараған.
Сақтандыру компаниялары сақтандыру полистерін сату арқылы қаражат
жинайды. Олардың пассиві сақтандыру жарналары мен актив операцияларынан
түскен табыстан құралады. Оларды сақтандыру полистерін төлеуге, сонымен
бірге ұзақ мерзімді бағалы қағаздарға және тұрғын үй құрылысы үшін
кепілдікке жұмсайды. Сақтандыру объектісіне қарай сақтандыру компаниялары
екі үлкен топқа бөлінеді. Олардың біреулері халықты аурудан, өлімнен, яғни
өмірді сақтандырса, басқалары мүлікті оттан, ұрлаудан стихиялы
құбылыстардан және т.б. жағдайлардан сақтандырады. Әсіресе, бірінші типті
сақтандыру кең тараған. Сөйтіп, сақтандыру полистерін сатудан компаниялар
өте үлкен қаржыны ұзақ мерзімге шоғырландырады. Мысалы, 1984 жылы АҚШ – та
5500 млн долларға 385 млн өмірді сақтандыру полисі берілген.
Несие операцияларын сақтандыру тәжірибесі де кең қолданылады.
Сақтандыру компаниясы несие мекемесіне (банкке) іс-әрекеті бір топ
операцияға жарайтын, яғни транспорт сатып алуға берілген несиеге және басқа
ұзақ қолданылатын тауарға, ипотекалық несиеге, несие карточкасына және т.б.
көптеген операцияларды қамтитын, сақтандыру полисін сатады. Ал банк қарыз
алушыға сақтандыру сертификатын беріп, олардан алған коммиссиялық ақының
бір бөлігін сақтандыру компаниясына төлейді. Мысалы, 1985 ж. АҚШ-та 190
млрд доллар құрайтын 66 млн несиені сақтандыру полистер болған.
Сақтандыру компанияларына жылма-жыл түсетін сақтандыру сыйлық ақысы
және активті операциялардан түскен табыс түріндегі қаражат легі полистерді
ұстаушыларға төлейтін сомадан әлдеқайда көп. Бұл оларға жоғары табысты ұзақ
мерзімді бағалы қағаздарға салынатын инвестицияны ұлғайтуға, негізінен,
өнекәсіп коспанияларының облигацияларына қаржы салуға мүмкіндік береді.
Зейнетақы қорлары жұмысшылар мен қызыметкерлерге белгіленген жасқа
толғанда зейнетақы төлеу үшін мемлекеттік және жеке мекемелер болып
құрылады.Олар жұмысшылар мен қызыметкерлердің жалақысының бір бөлігінен,
яғни қорға төлеген жарнасынан құрылады.
Қазақстан Республикасында жүргізілген зейнетақы реформасының
нәтижесінде мемлекеттік зейнетақы қоры құрылды. Ол 1993 ж. Әлеуметтік
қорғау министрлігінің қарамағында болып, мемлекеттік бюджеттің құрамына
кірді. Ал 1995 жылдан бюджеттен шығарылып, Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы
қоры өз алдына жұмыс істеуде, сонымен қатар бүгінгі республикада одан
бөлініп шыққан 15 жеке жинақтаушы зейнетақы қорлары бар.
Инвестициялық компаниялар өзінің шығарған акцияларын сатып, одан түскен
ақашаны әр түрлі салалардың бағалы қағаздарын сатып алуға жұмсайды. АҚШ-та
инвестициялық компаниялардың капиталы 2 мың корпорациялық компаниялардың
міндеттемелерін зор ынтамен алуда, себебі әр түрлі кәсіпорынға қаражат салу
қауіпті сейілтіп, кейбір фирмалар күйрегенде олардың акциясына жұмсаған
капиталдың шығыны азаяды.
Инвестициялық компаниялар ашық типті және жабық типті болып
бөлінеді. Ашық типті компаниялар акция ұстаушының талабы бойынша
акцияларды кері сатып алуға міндеттенеді, ал жабық типті ондай құқық
бермейді. Қазіргі кезде компаниялардың бірінші түрі кең тараған.
Қаржы компаниялары - олар тұтыну тауарларын қарызға сатуды несиелеуге
және коммерциялық несие беруге маманданған мекемелер. Бұл компаниялардың
қаржысы өздері шығарған қысқы мерзімді міндеттемелер мен коммерциялық
банктердің берген несиесінен құрылады.
Ақша нарығындағы өзара қорлар алғашқыда 70-жылдары пайда болды. Олар
өз акцияларын нарықта орналастырып, түскен ақшаға қысқа мерзімді бағалы
қағаздар сатып алады. Бағалы қағаздардан түскен табыс акцияонерлерге
төленеді. Қорлардың активінде – ақша нарығында қысқы мерзімді қаржы
құралдары: депозиттік сертификаттар, қазыналық вексельдер, банктік
акцепттер болады.
Қорыта айтқанда, маманданған несие-қаржы институттары кез келген
мемлекеттің несие жүйесінің құрамдас бөлігі. Бұл институттардың
коммеруиялық банктерден негізгі өзгешелігі – халықтың жинағын тарту арқылы
ресурс заңды тұлғалардың уақытша бос қаражатын тарту арқылы құрастырады.
Біздің мемлекетте Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі
туралы Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлығы бойынша
банк емес мекемелерге депозиттер қабылдауға қатаң тыйым салынған, [ 33.
3,5,6] сондықтан Қазақстанда тікелей халықтан депозит жинақтайтын, банк
емес институттардың кең тарауы мүмкін емес.

ІІ. Несие жүйесінің ұғымы және оның құрылымы

Нарықтық экономикада несие – банк жүйесі маңызды роль атқарады. Ол арқылы
кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың ақшалай есеп айырысулар мен
төлемдері жүргізіледі, ол уақытша бос ақшалай қаражаттарды, халықтың
жинақтары мен табыстарын жұмылдырады және белсенді түрде жұмыс жасайтын
капиталға айналдырады, сондай-ақ көптеген түрлі несиелік, сақтандыру,
делдалдық, инвестициялық, сенім, кеңес беру және басқа да
операциялардыорындайды.
Өндіріске қатысты алғанда, екінші кезекте саналатын несие жүйесі оған
тұрақты және елеулі ықпал етеді. Ол бірнеше дүркін ақшалай қорлардың
ауқымын кеңейтіп, өндіріс тиімділігінің өсуін қолдай отырып ақшалай
қаражаттардың бір саладан екіншісіне қайта құйылуын қамтамасыз етеді.
Несие жүйесінің ролі мен маңызы келесідей бірқатар көрсеткіштермен
сипатталады: несиелік жұмсалымдардың жалпы көлемі, кәсіпорындар мен
ұйымдардың негізгі және айналым капиталын қалыптастыруға банктегі
қарыздардың үлесі, жалпы төлем айналымы және т.б.
АҚШ несиелік қатынастардың даму дәрежесі бойынша, шаруашылық өндірістік
және өндірістік емес сферасын банк сферасының қамтуы, несиелік мекемелердің
көп түрлілігі мен көп тараптылығы жағынан, қаржы капиталыталаптарының
қуаттылығы бойынша әлемнің басқа да елдерін артқа қалдырады. Американдық
несие жүйесінің ауқымы туралы кейбір мәліметтер төмендегідей көрсеткіштерді
беруі мүмкін. Несиелік мекемелер арқылы қолма-қолсыз ақша жолымен жүзеге
асырылатын жылдық төлем айналымының басым бөлігі 80-жылдардың басында 60-65
трлн доллар сомасында бағаланған.
Американдық шаруашылықта пайдаланатын ақшалай капиталдың орта есеппен ¾
бөлігі несие жүйесі арқылы өтеді. Несиелік мекемелер арқылы жұмылдырылған
ақшалай қаражаттардың орташа жылдық саласы 1989 жылы 700 млрд долларды
құраған.
Несие жүйесінің өз қызыметтерінің орындауы барысында несиелік
қатынастар туындайды. Уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтап, оны
қайтару және ақы төлеу шартында қайта бөлуге байланысты несиелік
мекемелермен әр түрлі субъектілер арасындағы экономикалық байланыстар
несиелік қатынастардың мазмұнын анықтайды.
Бірақ, несиелік қатынастар мазмұны тек қана ақшалай капиталды
жинақтап, оны заңды және жеке тұлғаларға уақытша пайдалануға берумен ғана
тұрмайды. Несиедеу процесінде ұлғаймалы ұдайы өндірістік айналымы үшін
төлем құралдарының қосымша массасы құралады. Төлем айналымының аса ауқымды
ағыны төлем төлеушілер мен мекемелер және соңғылары мен алушылар арасында
экономикалық қатынастарды қалыптастырумен қатар, несиелік қатынастар
мазмұнын толықтыра отырып, несие жүйесі арқылы өтеді.
Несие жүйесінің елдегі ақша айналымын реттеудегі, заңды және жеке
тұлғаларға әр түрлі қызыметтер көрсету барысындағы қалыптасатын
экономикалық қатынастарды да несиелік қатынастар мазмұнына жатқызуға
болады.
Несиелік қатынастар екі жақты сипатқа ие және шаруашылық субъектілері
үшін де, сондай-ақ несие жүйесінің мекемелері үшін де, бірдей қажет. Ақшаны
несиелік мекемелерде сақтау – несиелік ресурстарды құруды білдірсе, ал
оларды экономика және халық қажеті үшін орналастыру – несие беруді
білдіреді.
Екі жақты қатынас: шарушылық ұйымдары мен несие жүйесі, несиелік мекемелер,
әр түрлі елдердің несиелік мекемелері арасында болуы мүмкін.
Жоғарыда түсіндіргеніміздей, несиелік қатынас негізінен ақшалай
формада несие экономикалық категориясының қызмет етуі барысында жүзеге
асырылады. Несиелік қатынастардың сыртықы көрінісі несие формасын
сипаттайды. Ол несиелік қатынастырдың мәні және ұйымдастырылуын
синтездейді. Несиелік қатынастар формасы мен мазмұны диалектикалық бірлікте
болады. Несиелік қатынастар формасы олардың мазмұнына сәйкес келіп және
оның дамуын ынталандыруы тиіс. Өндірістік қатынастардың өзгерісі несиелік
қатынастар мазмұны мен несие формасының өзгеруіне әкеледі.
Несие екі формада болады: тауарлық және ақшалай. Тауар несиесі
коммерциялық несиенің бірінші негізін білдіреді. Шаруашылық жүргізуші
субъектілердің бір – біріне қарыз беруі барысында, аталған несие ақшалай
формада қайтарылады. Өйткені, алушы субъект несие беруші тауар несиесін
алғанын куәландыратын вексельді, сондай – ақ салынған мүлік туралы парақты
немесе басқадай құжаттарды береді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Екінші деңгейлі банктерде есеп айырысу кассалық қызметі
Тұтыну несиесін алу
Банктік қызмет маркетингін жетілдіру жолдары («Банк Тұран Әлем» АҚ-ның мысалында)
«Темірбанк» АҚ
Қаржылық ағымдардың талдауы
Кәсіпорының банкротқа ұшырауының қаржылық мәселесі
Халықаралық несие - қаржы қатынастары
КӘСІПОРЫННЫҢ БАНКРОТҚА ҰШЫРАУЫНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ МӘСЕЛЕСІ
Міндеттемені бұзғандық үшін жауаптылық шарттары
ҚР банктік несиелеу жүйесі
Пәндер