Өсімдіктер мен шөлдер



1. Фанерофиттер
2. Қандыгүл
3. Тайга
4. Флора
5. Өсімдіктер дүниесі
6. Қайыңдыдағы шыршалар.
7. Таулы аймақ өсімдіктері
8. Дала мен шөл өсімдіктері
9. Батыс Қазақстан даласы
10. Шөл
11. Иудея шөлі
12. Үй өсімдіктері
Фанерофиттер (грек. пһанерос — анық көрінетін, ашық және …фит) — өсімдіктердің тіршілік формасы. Фанерофиттерге ағаштар, бұталар, ағаштанып кеткен шырмауықтар жатады. Мұндай өсімдіктердің ауа райының қолайсыз жағдайларына (суық пен құрғақшылықты) төтеп беруін жерден біршама биік орналасатын бүршіктері атқарады. Сондықтан Фанерофиттердің көпшілік түрлері климаты жылы аймақтарда өседі.
Ал қоңыржай және суық белдеулерде, сондай-ақ қуаң жерлерде өсетін Фанерофиттердің бүршігінің сырты қабыршақтармен, кейде шайырмен қапталған. Биіктігіне қарай Фанерофиттер: микрофанерофиттер (2 — 8 м), мезофанерофиттер (8 — 30 м) және мегофанерофиттер (30 м-ден жоғары) болып бөлінеді. Өсімдіктердің тіршілігіне қарай Ф-ден басқа формалары да кездеседі. Мысалы, гемикриптофиттер (грек. һемі — жартылай, крyптос — жасырын және …фит) — бүршіктері жылдың қолайсыз вегетац. кезеңінде пайда болатын өсімдіктер. Мұндай бүршіктердің сыртын қабыршақтар қаптап немесе күзде түскен жапырақтардың, кейде қар жамылғысының астында жатады. Бұлардың негізгі өкілдері: сарғалдақтар, бақбақ, иісті шөптер.
Криптофиттер (грек. крyптос — жасырын және …фит) — бүршіктері тамырсабағында, түйнегінде, жуашығында жетіліп, топырақтың астында немесе су бетінде қалқып жүретін өсімдіктер.
Терофиттер (грек. тһерос — жаз және …фит) — жылдың қолайсыз жағдайларына тұқымы арқылы төтеп беретін өсімдіктер. Бұларға көбінесе шөл, шөлейтті аймақтарда өсетін өсімдіктер (мысалы, орамжапырақ тұқымдасы, көкнәрлер, т.б.) жатады.
Хамефиттер (грек. цһамаі — жерде және …фит) — бүршіктері жерден бірнеше м биіктікке дейін көтеріліп өсетін өсімдіктер. Мұндай бүршіктерді қар басып жатады. Бұларға тундрада, биік тау басында өсетін өсімдіктер (мүктер, фригана, томиллярлар, т.б.) жатады. Бұл жіктелімді даниялық ғалым К.Раункиер ұсынған (1905, 1907).

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Фанерофиттер

Фанерофиттер (грек. пһанерос -- анық көрінетін, ашық және ...фит) -- өсімдіктердің тіршілік формасы. Фанерофиттерге ағаштар, бұталар, ағаштанып кеткен шырмауықтар жатады. Мұндай өсімдіктердің ауа райының қолайсыз жағдайларына (суық пен құрғақшылықты) төтеп беруін жерден біршама биік орналасатын бүршіктері атқарады. Сондықтан Фанерофиттердің көпшілік түрлері климаты жылы аймақтарда өседі.
Ал қоңыржай және суық белдеулерде, сондай-ақ қуаң жерлерде өсетін Фанерофиттердің бүршігінің сырты қабыршақтармен, кейде шайырмен қапталған. Биіктігіне қарай Фанерофиттер: микрофанерофиттер (2 -- 8 м), мезофанерофиттер (8 -- 30 м) және мегофанерофиттер (30 м-ден жоғары) болып бөлінеді. Өсімдіктердің тіршілігіне қарай Ф-ден басқа формалары да кездеседі. Мысалы, гемикриптофиттер (грек. һемі -- жартылай, крyптос -- жасырын және ...фит) -- бүршіктері жылдың қолайсыз вегетац. кезеңінде пайда болатын өсімдіктер. Мұндай бүршіктердің сыртын қабыршақтар қаптап немесе күзде түскен жапырақтардың, кейде қар жамылғысының астында жатады. Бұлардың негізгі өкілдері: сарғалдақтар, бақбақ, иісті шөптер.
Криптофиттер (грек. крyптос -- жасырын және ...фит) -- бүршіктері тамырсабағында, түйнегінде, жуашығында жетіліп, топырақтың астында немесе су бетінде қалқып жүретін өсімдіктер.
Терофиттер (грек. тһерос -- жаз және ...фит) -- жылдың қолайсыз жағдайларына тұқымы арқылы төтеп беретін өсімдіктер. Бұларға көбінесе шөл, шөлейтті аймақтарда өсетін өсімдіктер (мысалы, орамжапырақ тұқымдасы, көкнәрлер, т.б.) жатады.
Хамефиттер (грек. цһамаі -- жерде және ...фит) -- бүршіктері жерден бірнеше м биіктікке дейін көтеріліп өсетін өсімдіктер. Мұндай бүршіктерді қар басып жатады. Бұларға тундрада, биік тау басында өсетін өсімдіктер (мүктер, фригана, томиллярлар, т.б.) жатады. Бұл жіктелімді даниялық ғалым К.Раункиер ұсынған (1905, 1907).

Қандыгүл

Қандыгүл.
Қандыгүл, қансигек) - сабынкөктер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Кейде бір не екі жылдық түрлері де кездеседі. Жер шарында кең тараған 600-дей түрі белгілі. Қазақстанның жазықты жерлеріндегі ылғалды шабындықтарда, батпақты және сазды жерлерде, таулы аудандағы субальпілік, альпілік белдеулердің төменгі бөліктерінде өсетін 47 түрі (оның 9-ы - эндемиктер) бар. Қандыгүлдің биіктігі 10 - 50 см, кейде 80 см-дей болады. Жапырақтары кезектесіп, топтасып немесе қарамауылықарсы орналасқан. Тостағанша жапырақшасы қоңырау немесе түтік тәрізді. Күлтесі қос ерінді болады. Аталығы - 4, аналығы - біреу. Гүлшоғыры масақ тәрізді. Мамырдан тамызға дейін гүлдеп, маусым - тамыз айларында жеміс береді. Жемісі - екі ұялы қорапша. Қандыгүл - жартылай паразиттік өсімдік. Бұлар әр түрлі өсімдіктердің тамырына жабысып алып, ондағы су мен минералды заттарды сорады. Осының нәтижесінде өсімдік қурап қалады. Қандыгүлдің кейбір түрлері - улы. Тундрада өсетін түрлерімен бұғылар қоректенеді. Кей жағдайда Қандыгүлді халық медицинасы мен ветеринарияда инсектицидтер жасауда пайдаланылады.

Тайга

Тайга жердің солтүстік белдеуүрінде тундра мен дала арасында кең тараған.
Тайга (түркі-моңғ сөзі - қылқан жапырақты орман) -- солтүстік жарты шардың қоңыржай белдеуіндегі қылқан жапырақты Сібір орманының аты. Тайга термині бүкіл Еуразия мен Солтүстік Америка бойынша созылып жатқан қылқан жапырақты орман аймағының өсімдігі мен қоңыржай белдеудің ландшафтық орман зонасын да атауға қолданылады. Европалың тайга көбінесе шырша мен қарағайдан тұрады. Оралға жақындағанда Батыс Сібір тайгасында Сібір балқарағайы, қарасамырсын, Сібір самырсыны кездесе бастайды. Енисейден шығысқа қарай Сибирь бал қарағайы басым, бірақ ол даур бал қарағайымен араласады да, ал таулар мен таулы үстірттердің бас жақтарында теселме самырсындар жыңғылдары пайда бола бастайды. қиыр Шығыс тайгасында аян шыршасы мен қарасамырсынның ерекше түрі тараған.

Орналасқан жері
Тайга Еуразия мен Солтүстік Американың орасан зор алқаптарын қамтиды. Еуропаның солтүстік-батысында солтүстік полюс шеңберінен асып, Скандинавия с.е-ке дейін түседі. Сібірдіңтауларына дейін көтеріліп, оңтүстігінде 58 с.е. және оған керісіншеконтиненттік климатына байланысты солтүстігінде 72 Азияның шығыс жағалауында с.е. дейін)мұхиттық климат жағдайында оңтүстік-шығысқа (Жапон аралдарында 42 өтеді. Солтүстік Америкада Аляска тауларының шығыс беткейінен Лабрадор жағалауына дейін жетеді. Тайга тауларда биіктік ландшафты белдеуді құрайды. Солтүстік Еуропаның, Сібір мен Қиыр Шығыстың, Жапон аралдарының, Солтүстік Американың Тынық мұхит жағалауының тауларында таралған. Тайга солтүстікте орманды тундра белдемі, оңтүстікте аралас орман мен орманды дала белдемдерінің аралығын алып жатыр. Белдемнің жазы салқын, қысы аязды, ұзақ. Қаңтардың орташа темп-расы С. Жылдық жауын-шашын мөлшемі 300 - 600С-қа дейін, шілдеде 12 - 20С-тан 50 - 20 мм. Суайрықтар күшті батпақтанған. Көп жылдық тоң кең таралған. Өзендері мол сулы.
Флора
Өсімдік түрлерінің құрамына қарай шырша, майқарағай, самырсыннан тұратын қанық жасыл қылқанды және балқарағай мен қарағайдан тұратын солғын жасыл қылқанды ормандарға ажыратылады. Кейде оларға ұсақ жапырақты ағаш түрлерінен қайың мен көктерек араласады. Қою қанық жасыл қылқанды орман ағаштары саздақты күлгін топырақта бір-біріне жақын, тығыз өсетіндіктен күн түспей, орман іші қара көлеңкелі келеді. Жапырақты ағаштардан орманның кесілген және өртелген жерлерінде өсетін қайың мен көк терек, ал олардың етектерінде қарақат, шетен және тал кездеседі. Солғын жасыл қылқанды орман ағаштары Тайганың тоң топырағы (даур балқарағайы) мен құмды грунтта (қарағай) сирек таралғандықтан, орман асты шілігі (жатаған самырсын, бұта түріндегі қайың) мен шөптесін өсімдіктер қаулап шығады. Тайгада орасан зор ағаш байлығы шоғырланғандықтан орман шаруашылығы, мал шаруашылығы, соның ішінде бұғы шаруашылығы дамыған; бағалы аң терісі көп дайындалады. Оңтүстігінде дәмді дақылдар, зығыр және картоп өсіріледі. Батыс Сібір тайгасында мұнай мен газдың ірі кен орындары бар.

Өсімдіктер дүниесі
Қазақстан өсімдіктері жамылғысының қалыптасуы
Қазақстан өсімдіктері жамылғысының қалыптаса бастауы аумағының негізгі бөлігін су басып жатқан кезден, бор дәуірінің аяғы мен палеоген дәуірінің бас кезінен басталады. Палеогенде бүкіл Тұран ойпатын теңіз басып жатқан. Ол Торғай бұғазы арқылы Батыс Сібір теңізімен жалғасқан. Теңіз Қазақстанға қараған құрлықты екіге бөлген. Торғай бұғазынан шығыста Алтай, Сарыарқа аймақтарында, негізінен жалпақ жапырақтылары мен мәңгі жасыл қылқан жапырақты өсімдік түрлері (ангара флорасы) тараған. Ал Торғай бұғазынан батысқа қарай (Мұғалжар, Жалпы Сырт, Жем үстірті) мәңгі жасыл субтропиктік түрлер (полтава флорасы) дамыған.
Неогенде Торғай бұғазының суы тартылып, құрғағаннан кейін екі жағы қосылған. Осы кезде полтава флорасы шығысқа қарай тарап, Жайсан көліне дейін жеткен. Керісінше, шығыста өскен өсімдіктер батысқа ауысқан. Соның нәтижесінде Қазақстанда торғай флорасы деп аталатын өсімдік түрлері қалыптасқан. Оған платан, грек жаңғағы, емен, шамшат, терек, т.б. жатады.
Теңіздің шегініп, құрлық көлемінің ұлғаюы арта бастаған кезден (палеоген дәуірден) бастап, Иран арқылы Африка флорасы кірген. Олардың ішінде эфемерлі өсімдіктер, жоңышқа, қараған бұталары мен ағаштардың кейбір түрлері болған.
Палеоген дәуірінің алғашқы жартысында жазық ойпаңдарды теңіз басып жатқан тұста, оның жағалауындағы қыраттар мен тауларға субтропиктік жалпақ жапырақты ормандар тараған. Палеоген дәуірінің екінші жартысында, теңіз суы тартылып, құрғап, орнына осы күнгі ірілі- ұсақты көлдер пайда болған.
Неоген дәуірінде климат суып, таулы аудандарды мұз басқан кезде жылу сүйгіш өсімдіктер жойылып кетіп, қазіргі орман типтері қалыптасқан, грек жаңғағы, өрік, алма сияқты өсімдіктер сақталып калған. Сібір жақтан ауысып, арктикалық, альпілік өсімдіктер тараған. Қазақстанның осы күнгі өсімдіктер жамылғысы осылай біртіндеп ұзақ кезеңді басынан өткізіп қалыптасқан. Қазіргі өсімдіктердің қалыптасуына жергілікті өсімдіктер мен қоса сырттан келген түрлер де едәуір әсер еткен.
Қазіргі Қазақстанның өсімдік жамылғысы

Қайыңдыдағы шыршалар.
Қазіргі Қазақстанның өсімдік жамылғысы 6000-дай өсімдік түрлерінен тұрады. Басқа көрші елдермен (Ресей, Орта Азия, Кавказ) салыстырғанда бұл онша көп емес. Оған Қазақстан жерінде шөлді, шөлейтті аймақтардың көптігі, топырақ пен климат әсер етеді. Екіншіден, Қазақстанның едәуір бөлігі геологиялық тарихы жағынан жас. Каспий маңы ойпаты мен Тұран ойпаты теңіз астынан неоген дәуірінде ғана босаған. Үстірт пен Бетпакдаланың босауы одан сәл ғана ертерек. Сол себептен бұл өлкелердің өсімдік жамылғысы әлі толық қалыптасып үлгірмеген.
Таулы аймақ өсімдіктері
Өсімдігі жағынан бай өлке Қазақстанның таулы аймақтары болып саналады. Әсіресе, Батыс Тянь-Шаньда Орта Азия мен Жерорта теңізінің бай флорасы сақталған. Онда палеоген дәуірінен қалған грек жаңгағы, платан, бадам, түркістан үйеңкісі, алмұрт және т.б. түрлері кездеседі. Сырдария- Қаратау флорасы бұдан да бай. Онда 1000-нан асатын өсімдік түрі, оның 150 түрі тек осы ауданға ғана тән, басқа жерде ұшыраспайтын өсімдіктер. Тянь-Шаньның, Алтайдың, Жетісу Алатауының тау беткейлерінде қылқан жапырақты ормандар таралған. Оларда шыршалардан, май қарағай, бал қарағай, самырсын түрлері өседі. Биік таулы белдеу шымды-шалғынды, бұталы шалғынды болып келеді. Тау алды мен аласа таулы белдеулерде дала зонасына тән өсімдіктер өседі. Алтайдың таулы даласында итмұрын, долана, бөріжидек бұталары мол. Жетісу Алатауы мен Тянь-Шань тау жүйесінің тау алды жазықтары шөлге ұқсайды. Оларда эфемерлер мен эфемер тәріздес өсімдіктер (қияқөлең, қоңырбас, көкнәр, қызғалдақ және т.б.) кең тараған. Аласа таулы белдеулер теректі, қайыңды, жабайы ағашты, алма, өрікті, доланалы ормандардан тұрады.

Дала мен шөл өсімдіктері

Шөл дала өсімдігі.

Дала қызғалдағы.
Солтүстіктен оңтүстікке дейін 1600 км- ге созылып жатқан Қазақстанның кең жазиралы жазығында дала мен шөл өсімдіктері басым. Шөлді аймақтарда (Сарыесік Атырау, Мойынқұм, Бетпақдала, т.б.) сексеуіл, өзендер бойында жыңғыл, жиде, тораңғы тоғайлары кездеседі.
Ормандар мен жасыл өсімдіктер
Қазақстанда өсімдік дүниесінің 303 түрі Қызыл кітапқа енген және оның сақталуына мемлекеттік қорықтар қамқорлық жасайды. Өйткені шөп қоры мал жайылымы есебінде бағалы, ал орман өндіріс үшін керекті материал болып саналады.
Қазақстан дүние жүзі бойынша орманы аз елдердің қатарына жатады. Бүкіл аумағының 11,4 мля гектар жерін (4,2%) ғана ормандар алып жатыр. Ол табиғатты тазартуда, топырақты эрозийдан сақтап, оның тамырын бекітуде, егіндік-шабындық жерлерді қорғау мен құм көшкіндерін бөгеуде аса маңызды рөл атқарады. Ауаны шаң-тозаңнан тазартып, аңызақ желден, құрғақшылықтан сақтауда да ормандар мен жасыл өсімдіктер пайдалы.
Қазақстандағы қазіргі өсімдіктер түрлері
Қазақстандағы қазіргі өсімдіктер түрлері қылқанжапырақты ормандар, ұсақ жапырақты орман-тоғайлар, бұталы тоғайлар, даланың бұталы өсімдіктері, сексеуіл, шөлдің бұталы өсімдіктері, дала өсімдіктері, субтропиктік өсімдіктер, шалғындар, тақырлар, шөлдің бір жылдық өсімдіктері болып бөлінеді. Оларға геоботаникалық жағынан Еуразияның қылқан жапырақты орманы (Оңтүстік Алтай), Еуропа, Сібірдің орманды даласы (Солтүстік Қазақстан), Еуразия даласы ( Еділ- Жайық, Мұғалжар-Торғай, Есіл-Нұра, Қарағанды, Ұлытау- Сарысу, Жайсан бойы), Азияның шөлді аудандары (Тұран ойпаты, Солтүстік Тянь-Шань, Қаратау) кіреді.
Дала

Батыс Қазақстан даласы
Дала - Жер бетіндегі, негізінен, шөптесін өсімдіктер, оның ішінде шым топырақтық астық тұқымдастары (селеу, қау,боз, бетеге, қоңырбас, т.б.) өсетін ландшафтық-белдемдік өңірлердің жалпы атауы. Дала жер шарының қоңыржай белдеулеріне, қара және қоңыр топырақты аймақтарға тән. Жауын-шашын мөлшеріне байланысты даланың өсімдік жамылғысы тез өзгеріп, түрленіп отырады. Дала климаты негізінен қуаң, жазда ыстық әрі құрғақ, қыста суық және желді болады. Астық тұқымдастары аралас шөптердің ара қатысына қарай дала бірнеше типтерге ажыратылады: астық тұқымдастары басым шымтопырақты кәдімгі дала; шалғынды немесе аралас шөпті дала және шөлдің шала бұтасы (көбінесе жусан) басым өсетін шөл дала. Жер бедеріне қарай ойпатты, қыратты, үстіртті және таулық жазық дала болып жіктеледі.
Солтүстік Америкада даланы прерия, Оңтүстік Америкада - пампас, Оңтүстік Азияның (Иран, Пәкстан, Ауғанстан) үстіртті жерлеріндегі даланы - дешт деп атайды. Еуразия құрлығының оңтүстік-батысынан (Пиреней түбегі) Манчжурияға дейін (солтүстік-шығыс Қытай) далалық өңірлер жиі кездеседі. Құрлықтың батысы мен шығысындағы далалардың аумағы шағын. Даланың климат жағдайы (буланудың көп болуы, жауын-шашынның аз түсуі), топырағының физикалық-химиялық құрамы, тұздылығы ағаштардың өсуіне қолайсыз келеді. Дала өсімдіктері са н алуан (кейде бір шаршы метр жерде елуден астам түрі кездеседі) және көп сатылы болып келеді. Өсімдік түрі маусым ішінде де өзгеріп отырады. Көктем мен күз аралығында селеу, көде, қоңырбас, бидайық,сұлыбас және көп жылдық шөптесін дақылдар, эфемерлер (қызғалдақ, шытыр, т.б.) мен эфемероидтер (бір жылдық жуа тұқымдас өсімдіктер) мүк, қына өседі. Кейбір далаларда ешкісабақ, қараған, тобылғы, жабайы шие сияқты бұталар кездеседі. Қара топырақты шалғын далада қуаңшылыққа біршама төзімді өсімдіктер (өлеңшөп, боз, т.б.) және мүк өседі. Шөл далада бетеге, боз, қылқан селеу жартылай бұталармен (жусан, изен, шытыр, қараған) аралас кездеседі. Қына көп тараған. Еуразияда климаттық ерекшеліктерге байланысты батыстан шығысқа қарай дала өсімдіктерінің құрамында айырмашылық байқалады. Осыған байланысты Еуразиядағы дала төмендегідей бөліктерге ажыратылады: 1) Дунайдың төменгі ағысы мен Алтай-Сауыр таулары аралығын қамтитын Қара теңіз - Қазақстан бөлігі. Бұл аймақ шығыс еуропалық орманды дала, Қара теңіз маңындағы дала, Қазақ даласы алқаптарына бөлінеді; 2) Орталық Азия немесе ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бірлестіктер мен экожүйелердің экологиясы (синэкология)
Галофитті өсімдіктер және олардың биологиялық екрешеліктері
Шөлдер
Қазақстанда шөлдену мәселесі
Қазақстанның табиғат зонасы
Қазақстан өсімдік жамылғысының картасын құрастыру
Тұран ойпатының климаты, ішкі сулары, органикалық дүниесі
Қазақстан Республикасы, топырағы, өсімдіктері, жануарлары туралы
Гоби шөлінің климаты
Қазақстанның табиғи зона ерекшеліктері
Пәндер