Балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің эмоционалды-ерікті аумағының психологиялық ерекшеліктері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   

«Балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің эмоционалды-ерікті аумағының психологиялық ерекшеліктері» деген тақырыбындағы дипломдық зерттеу жұмысына

Аннотация

Дипломдық жұмыс кіріспеден, теориялық және эксперименталды бөлімнен, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады. Кіріспеде балалар үйінде тәрбиеленушілердің психологиялық жағдайының ғылыми-теориялық мәселелер бөлімі жинақталған.

Бірінші яғни теориялық бөлімінде балалар психологиясының қазіргі таңдағы дамуының психологиялық жағдайы берілген. Сонымен қатар, балалар үйіндегі жасөспірімдердің эмоционалды-еріктік ерекшеліктері және балалар үйіндегі тәрбиешілер мен қызметкерлердің эмоционалды өзара әрекеттестігі кеңінен талқыланады.

Екінші бөлімде балалар үйінде тәрбиеленген эмоционалды-еріктік ерекшеліктерін зерттеудің негізі қарастырылып, оның нәтижесі өңделген. Сонымен қатар, балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің эмоционалды-еріктік қасиеттерінің түзету бағдарламасы жайлы және сөз етіліп, бала үйінің қызметкерлері, ата-аналар, ересектер үшін практикалық әдістемелік нұсқаулар ұсынылады.

Қорытынды бөлімінде бүкіл жұмысшыларға тұжырымдамалар мен пікірлер келтірілген. Қосымшада әдістеме сұрақтары маңызды жоғары еңбектер қатарынан құралып, мәтіндегі ғылыми сілтемелер ретінде сай реттеліп берілген.

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 3

I БӨЛІМ. Балалар үйіндегі психологиялық жағдайдың ғылыми-теориялық мәселелері.

  1. Қазіргі таңдағы балалар психологиясы дамуының психологиялық мәселелері . . . 9Балалар үйіндегі жасөспірімдердің эмоционалды-еріктік ерекшеліктерін теориялық талдау . . . 23

1. 3 Балалар үйіндегі тәрбиешілер мен қызметкерлердің эмоционалды өзара әрекеттестігі . . . 29

I бөлім бойынша тұжырымдамасы . . . 32

II БӨЛІМ. Балалар үйінде тәрбиеленушілердің эмоционалды-еріктік ерекшеліктерін зерттеудің эксперименталды бөлімі.

2. 1 Эксперименталды зерттеу бөлімінің мақсат-міндеті, әдістемелер кешені . . . 34

2. 2 Балалар үйіндегі жасөспірімдердің эмоционалды-еріктік қасиеттерінің түзету бағдарламасы . . . 47

2. 3 Балалар үйінің қызметкерлері, ата-аналар, ересектер үшін практикалық-әдістемелік нұсқаулар . . . 56

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 60

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 61

ҚОСЫМШАЛАР . . . 66

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Еліміздегі жариялылық дәуірі қоршаған ортаның көптеген “қара дақтарын” айқындады. Солардың бірі: балалар үйінде тәрбиеленетін балалар мәселесі. Қазіргі таңда баспасөз беттерінде балалар үйі мен мектеп-интернаттардағы жағдай туралы, ондағы тәртіп пен материалдық жағдай жайлы ашық әрі көптеп жазылып жүр. Бірақ балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің мәселелері аса қиын жағдайда. Бұл жағдайға қатысты негізгі мәселелердің қомақтылары мыналар: жетім балалар денсаулығына деген әлеуметтік қамқорлықты күшейту, олардың құқығына қол сұқпау, қоғам өмірінің барлық салаларына толық орналасуына жағдай жасау, психикалық даму ерекшеліктерін жетілдіруді қамтамасыз ету.

Демек, балалар үйіндегі тәрбиеленушілер дамуының ерекшеліктері психология ғылымының маңызды да, қызықты мәселенің бірі болып отыр. Бұл мәселенің көкейкестілігі психология ғылымының отандық деңгейде қарастырылуымен, қаракөз жетімдер санының күннен-күнге қарқынды өсуімен және соған байланысты әртүрлі құрылымдағы балалар үйінің пайда болуымен өсе түсті. Балаланың әлеуметтік мәнді қатынастар жүйесіне енуіне даярлық ретінде жас дамуының түрлі кезеңдерінде психологиялық тұрғыдан дамуын басты орынға қою қажеттілігі туындап отыр. Психологиялық еңбектерді қарастыру баланың психикалық дамуын қамтамасыз ететін әртүрлі көзқарастардың бар екендігін көрсетеді.

Бала психикасының дұрыс қалыптасуында жанұяның ерекше орын алатыны белгілі. Жанұяның мәні баланың тәжірибе жинақтауға жасалатын жағдайларымен анықталады. Адам ерте балалық шағынан бастап, ересектерден тек жүру, сөйлеу, заттарды дұрыс қолдану, ойлану, білім алу, еңбек етуге ғана емес, сезімдерге, ойлауға, күйзеліске, өзіне және өзге адамдармен қарым-қатынас жасауға үйренеді. Жанұяда бала табиғи жағдайда өмірге бейімделе алады, себебі күнделікті, таңертеннен кешке дейін ата-аналары, аға-апайлары, апа-аталары баланың алдында мінез-құлық, жүріс-тұрыстың әртүрлі үлгілерін ұсынады: сөйлеу және ым-ишара мәселелері, еңбекке баулу, адамдармен қарым-қатынас жасау, саясатқа деген көзқарасын қалыптастыру т. б.

Жанұяда бала тек қалай өмір сүру керектігін ғана емес, нені білу керегі мен шын мәніндегі өмірді түсінуді естіп-біледі. : адамның өзара және өзге адамдармен қарым-қатынасы олардың бағалаулары мен пікірлері, күйзелістері мен ой толғаулары. т. б.

Жанұя тәрбиесінің ерекшелігі туыстық сезімге негізделген ата-ананың балаға деген сүйіспеншілігінен көрінетін эмоционалды мінез-құлық, жүріс-тұрыстан тұрады. Баланың туғаннан мектепке дейінгі кезеңді туыстық эмоционалды байланысқа сүйене отырып, бірінші кезекте ана мен бала байланысы қарастырылады. Мектепке дейінгі кезеңде баланың қарым-қатынасқа түсетін адамдары ортасының өзіндік ерекшеліктері бар. Психологтар мен педагогтардың пікірінше, сүйіспеншілікке, сенімге, өзара қызығушылыққа негізделген ересектермен жақын қарым-қатынас, жанұялық тәрбиені сипаттайтын басты көрсеткіш болып табылады. Олай болса, жеке адам дамуының негізгі шарты - баланың адамдармен қарым-қатынасқа түсуі болып табылады. Осындай пікірдің аясында, бұрынғы Кеңес Одағында алғашқы қарым-қатынасқа түсу болып табылады. Осындай пікірдің аясында қарым-қатынас мектебі ашылды. Онда А. Г Харчевтің (1974) тұжырымдамасы ұсталынды: «бала туғаннан бастап өз ортасы мен қоғамдық дәстүрлі мәдениетін, өнегеліктің біртұтас жүйесін жанұядан меңгереді. Дәл осы нәрестелік кезеңнен бастап балада адамдар мен қоршаған ортасына деген сенім, қоршаған орта мен өзге адамдардан қорқыныш сезімі мен мазасыздық қалыптаса бастайды. Осы кезеңде қалыптасқан сезімдер адамда өмір бойы сақталып, басқа адамдармен қарым-қатынастағы эмоционалды үндестігінен, ерекше стилінен көрініп, отыратындығын зерттеулер нәтижелері анықтаған».

Дүниежүзінің әр түкпірінде әртүрлі құрылымдағы балалар мекемелері ашылуда, олардың бірінде балалр тек 2-3 сағаттарын ғана осындай мекеде өткізіп, қалған уақытта жанұяда болса, екіншісінде аптаның бес күнін сонда өткізіп, сенбі-жексенбіде өз үйіне барып тұрады, ал үшіншісінде, балалрға тәрбие беру мекемелерінде тұрақтап тұрады да, жақын туыстары кездесуге келіп тұрады. Бұлардың біріншісі - күнделікті келетін мекемелер, екіншісі - тәуіліктік немесе апталық, үшіншісі жабық түрдегі мекеме деп аталады.

У. Денис пен П. Наджарьян Ливанда 100 жетімді зертей отырып, балалар үйінде тәрбиеленушілердің өмірінің бірінші жылының аяғында-ақ жанұяларда тәрбиеленуші өз қатарластарынан психикалық даму жағынан кейін қалатындығын анықтаған. Зерттеушілер бұндай ерекшеліктердің себебін ана мен бала қарым-қатынасының кемшілігінен деп тапқан.

Л. Ярроу анасымен және анасыз тәрбиеленген балалардың биологиялық және әлеуметтік жағынан дамуында ерекшеліктері болатындығын анықтаған. Дәл осындай қорытындыға М. Раттер жабық түрдегі мекемелерде тәрбиеленуші балалардың «кері» тәрбиеленуінің себебі анасымен жеткіліксіз эмоционалды қатынасы, сенсорлы және әлеуметтік стимуляциялардың адығынан деп түсіндіреді.

Егер Р. Заззо жазбаларына үңілетін болсақ (1967) . француздар бастапқыда, бала-бақшалардың құрылуына қарсы болған . Олар балалрын мұндай жалпылық мекемелерде «нақұрысқа» айналдырды деп есептеген және сондай жағдайдың пайда болуынан сақтаған.

Р. Спиц жазбаларынан анасынан бөлініп, жабық түрде гі мекемелерге келген сәбилердің бір жасқа деңгейінің 70% шегінетінін, ал қалған бөлігінің ақыл-ойлары артта қалатындығын көруімізге болады.

Ана бала үшін жалғыз ғана жақын адамы, қамқоршысы болады. Балалр үйінде де бірнеше қамқоршы-тәрбиешілер бар, олар сондағы балалардың туған анасын алмастыруға әрекеттер жасайды. Балалар үйі тәрбиешілерінің жұмысының тиімділігі, балалардың жеке адам болып қалыптасып, дамуы, мінез-құлқы, жүріс-тұрысына тигізетін әсері туралы мәселелерді көптеген психологтар жан-жақта қарастырған. Г. Х. Рейнгольд пен Н. Бейли (1959) көп аналардың балаға тигізер психологиялық әсерін сипаттады. Олар өз эксперименттерінде екі топтағы балаларды қарастырады. : бірінші топта - 6 айлық баланы 8-айының соңына дейін бір ғана тәрбиеші күткен, ал екінші топтағы балаға төрт тәрбиеші қамқор болған. 3 ай мерзімінде жүргізілген эксперимент нәтижесі бірінші топтағы баланың екінші топтағы балаларға қарағанда әлеуметтік реактивтіліктің жоғарылығын көрсетті, ал 1 жылдан соң, бұл эксперимент алдыңғы нәтижені қайталамады. Зертеушілер балаға бір немес бірнеше тәрбиешінің қамқорлығында болуы оның дамуына ерекше әсер етпейтіндігі туралы қорытындыға келеді. Осы мәселеге байланысты өзге зерттеулерде ғалымдар мынадай қорытындыға келеді: «Қанша адамның қамқор болуы бала үшін маңызды емес, аса маңыздысы әр баланың қамқорлық пен сүйіспеншілікті біліп, сезініп өсуінде», -дейді. Тәрбиешінің аздығы баланың дамуын етежейді, даму ең алдымен ересектермен қарым-қатынас процесінде, іс-әрекетте ілгері басады. Нәресте неғұрлым жас болса, соғұрлым ол әлсіз болады, сондықтан да қай ортада өмір сүрсе, соған тәуелді болады.

Жанұяда және жанұядан тыс тәрбиеленген балалардың психологиялық дамуы жөніндегі ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек, көп жағдайда жанұя тәрбиесіндегі балаларға қарағанда жанұядан тыс тәрбиеленушілердің даму барысының әлде қайда баяу екендігін көреміз. Вербалды емес функцияның қалыптасуының тоқырауға ұшырауы ерте жастағы ойлауға, балалардың айналадағы адамдармен қарым-қатынасына, сөйлеуіне, т. б іс-әрекеттері де із қалдырады.

Мектеп интернаттарында балалар дамуындағы шынайы қауіп - оларды «өзгелердің ақылымен» басқарыла отырып, өмір сүруінде. Үнемі қатарластарының ішінде жүруі, шулы уақытта бос өткізетін ортада жүруі, ересектердің оларға сирек көңіл аударуы, балалардың жүйкесінің шаршауына себепші болады. Бұл тәрбиенің жетіспеушілігі болып табылады.

Жалпы айтқанда балалар үйінде тәрбиеленушілер психикасы жағынан кейін қалып отырады және де ауытқулары да байқалады.

Сонымен балалар үйінде тәрбиеленушілердің психикалық дамуын қарастыра келіп, аталған мекеменің әр тәрбиешінің жеке даралық және жас ерекшеліктерін ескере отырып, арнайы ұйымдасқан психологиялық қызмет көрсетуді талап етіп, айтуымызға болады. Себебі, жабық түрдегі мекеме психологы балалардың психикалық дамуындағы өзгерістерінің орнын басуға мүмкіндік беретін дамытушы, психокоррекциялық бағдарламаларды құруы балалар үйінде тәрбиеленушілердің көптеген мәселелерін шешуге жол ашар еді.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Балалар үйінде тәрбиеленушілердің эмоционалды -еріктік аумағының психологиялық ерекшеліктерін зерттеу.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен пәніне орай келесі зерттеу міндеттері туындады:

  1. Балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің эмоционалды-еріктік ерекшеліктерін зерттеуге арналған әдебиеттерге (шетелдік, отандық, Ресейлік), толық теориялық талдау жүргізу;
  2. Балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің эмоциясы мен ерік аумағын дамытуға ықпал ететін факторларды анықтау;
  3. Балалар үйіндегі балалардың психологиялық даму ерекшеліктерін зерттеу;
  4. Балалар үйіндегі балалардың жеке тұлғалық қасиеттерін зерттеу;
  5. Осы балалардың эмоционалды-еріктік ерекшеліктерін дамытуға көмектесетін түзету шараларының кешенін анықтап зерттеу.

Зерттеу жұмысының обьектісі: Балалар үйінде тәрбиеленген жасөспірімдер.

Зерттеу жұмысының міндеттеріне орай, келесі зерттеу болжамы ұсынылады: Балалар үйіндегі балалармен түзету-дамыту жұмыстарын психологиялық тұрғыдан дұрыс өткізген жағдайда, олардың эмоционалды -еріктік ерекшеліктерін жетілдіруге қол жеткізуге болады.

Зерттеу жұмысының әдіснамалық негізін Л. С. Выготскийдің мәдени-тарихи даму тұжырымдамасы, А. Н. Леонтьевтің іс-әрекет теориясы,

С. Л. Рубинштейннің сана мен іс-әрекеттің бірлігі жайлы теориясы, Джеймс-Лангенің эмоцияның перифериялық теориясы.

Зерттеу әдістері мен әдістемелері:

  1. Эмоционалды-еріктік ерекшеліктерін зерттеу әдістемесі.

(Р. С Немовтың өңдеуі бойынша)

2. Эмоцияны бағалау шкаласы (Б. И. Додонов)

3. Бақылау.

4. Әңгімелесу.

5. Эмоционалды көңіл-күйді өзіндік бағалау әдісі. (Ағылшын психологтары А. Е Уэссман және Д. Рикс бойынша өңделген)

  1. Эмоционалды-еріктік ерекшеліктерін дамытуға бағытталған түзету тренингтері.

7. Эмоцияны басқару мен ерікті жұмсауға арналған ойындар, тесттер, тренингтер.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы: балалар үйіндегі балалардың эмоционалды-еріктік ерекшеліктеріне арналған қазақ тіліндегі теориялық материал толықтырылды.

Практикалық құндылығы: балалар үйіндегі балалардың эмоциясы мен ерік аумағын дамытудың жолдары, шараларын анықтау арқылы, қоршаған орта мен қарым-қатынасы мен осы орындардағы оқу-тәрбие процесін жақсартуға қол жеткізуге болады. Эмоционалды-еріктік әрекетін қалыпқа келтіруді көздейтін түзету-дамыту жұмыстарының кешені оқытушы-тәрбиешілердің бірден-бір негізгі құралдарының бірі болмақ.

Дипломдық зерттеу жұмысының құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады. Дипломдық зерттеу жұмысының жалпы көлемі 65 бет.

Дипломдық зерттеу жұмысының базасы: Облыстық жасөспірімдер үйі.

I БӨЛІМ Балалар үйіндегі психологиялық жағдайдың ғылыми-теориялық мәселелері

1. 1. Қазіргі таңдағы балалар психологиясы дамуының психологиялық мәселелері

Жетімдер мен жетімханалар жайлы алғашқы мәліметтер дәуіріміздің ΙΥ ғасырынан (335 жыл, Цареград) бастау алады, ал олардың көбею кезі Еуропада ΧΥΙΙ ғасырдың тұсы болып саналады. 1760 жылы испан елінің бір дін қызметкері “жетімханада бала көңілсіз күй кешеді және көбі қайғы-мұңнан өледі” деп жазған. Алайда жабық типтегі балалар мекемелерінде өмір сүрудің салдары ғылыми мәселе ретінде тек ХХ ғасырда ғана қарастырыла бастады.

Балалар үйі, интернаттар жағдайындағы «жабық» орта сенсорлық «аштық» тудыра отырып кез-келген жастағы адам баласына зиянды болып есептелінеді. Әсіресе, жаңа дамып, өсіп келе жатқан бала психикасы үшін оның зардаптары өте көп. Осы балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің мәселелері аса күрделі жағдайда. Бұл жағдайға қатысты өзекті мәселелердің негізгілері мыналар: жетім балалар денсаулығына деген әлеуметтік қамқорлықты күшейту, олардың құқығына қол сұқпау, қоғам өмірінің барлық салаларына толық араласуға жағдай жасау.

Осы мәселелерді шешуде негізгі екі көзқарас қалыптасқан. Бір жағынан, балалар үйі мен мектеп-интернаттың балалары отбасында тәрбиеленетін балалардан ерекшеленбейді және олардың мәселелерін тек материалдық жағдайда жақсарту және оқу-тәрбие процесіне бірқалыпты жағдай туғызу арқылы шешуге болады десе, екінші жағынан, қазіргі таңда балалар үйінде және интернаттардағы балалардың дені сау емес, барлығы ауыр тұқым қуалаушылыққа негізделген соматикалық және психикалық аурулармен ауырады деген көзқарас қалыптасқан. Осы екі көзқарастың да шындыққа жақындайтын жерлері бар сияқты. [ 1, 53 ]

Балалар үйі мен интернаттың тәрбиеленушілерінің ішінен жоғары оқу орындарына түсіп, түрлі салаларда қызмет атқарып, қоғамдық өмірге белесене араласып жатқандары бар екені белгілі. Дегенмен, қазіргі кездегі балалар үйіндегілердің барлығы бірдей жетім балалар емес. Мұндай мекемелерде ата-аналық құқынан айырылғандардың балалары, жалғызбасты ата-аналардың балалары, ата-аналары тастап кеткен балалар, ауруына байланысты әрекетке жарамсыз деп танылғандардың балалары, ата-анасы сотталып кеткендердің балалары, жетім және тастанды балалар тәрбиеленеді. Бұларды «әлеуметтік жетімдер» деп атайды.

А. М. Прихожан, Н. Н. Толстых зерттеулері бойынша мынадай мәліметтерді білуге қол жеткіздік.

Балалар үйінде тәрбиеленушілердің жиі жағдайда өздерінің жеке құндылықтары жайлы ұғымдарының әлеуметтік беку жағдайлары жиі жағдайда жоқ болады, бұл терең эмоционалды дискомфортқа әкеліп соғады, ал ол өз кезегінде агрессия мен мазасызданудың пайда болуына себепші болады. Мазасыздану дегеніміз, бұл болатын қауіп-қатерді күтуге орай эмоционалды дискомфортты бастан кешу жағдайы. [2, 23] .

Жалпы жетімдер үйінде, мектеп-интернаттарда оқыту процесімен қатар мазмұны бойынша түрліше тәрбие бағдарламасы жүзеге асады. бҰл тәрбие бағдарламасының негізгі міндеті - дене жағынан және адамгершілікке қабілетті, қазіргі таңдағы өмірге дербес түрде өмір сүре алатын адамды даярлау болып табылады.

Бұл міндеттің практикалық шешілуі өте ұзақ және ұзақ мерзімді процесс.

Балалар үйлеріндегі балалардың көбісі өмірдегі ең басты нәрсе - ата-аналар қамқорлығы мен махабатынан айырылғандар. Олардың көбісі «жанұя», «үй», «мама», «папа» деген ұғымдарды түсінбейді. Бұл ұғым-сөздерді білмеу интернат пен балалар үйі жағдайындағы ұйымдасқан тәрбие процесіне өте көп проблема тудырады.

Жетімдер үйі, мектеп-интернаттарда жүргізілетін түзету тәрбиелік жұмыстардағы ең басты фактор баланың әлеуметтік тәжірибесін қалыптастыруға көмектесетін гуманды, яғни адамгершілік ортасын құру факторы болып табылады.

Балалық әлемін жақсы біліп, түсінетін адам ғана нағыз тәрбиеші екендігі баршаға аян, ал оның педагогикалық тактісі тек қана педагогикалық біліммен ғана шектеліп қоймайды, әрі интуицияның болуымен, әрбір баланың жүрегіне шеберлікпен жол табуда ерекше әдістерді меңгеріп қолданумен де анықталады.

Баланың әділдігі, адамгершілігі, сыйластығы - дұрыс тәрбиенің негізгі шарттары осылар, әсіресе жетім-балаларда осы жеке және әлеуметтік қорғанссыздығы жас қосқан сайын өткір бола түседі.

Интернаттар мен балалар үйлері білім беру жүйесінде қажеттігі мен пайдалылығына орай, ондағы тәрбиеленушілерге бірқатар ерекшелік - сипаттарды дарытады. Ең бастысы, интернат, балалар үйі дегеніміз олар үшін - ұжымдық мекеме, онда балалар үшін «менің үйім», «менің бөлмем», «менің бұрышым», «менің ойыншықтарым», «менің ата-аналарым» тағы басқа осы сияқты ұғымдар жоқ. Үй болмай, үлкен ұжым үшін мекеме бола отырып, ереже бойынша бұл балалар үйлері балалардың бойындағы жеке-дара сұраныстар мен қажеттіліктерді қалыптастыра қоймайды және мұнда «мен» сезімі өз дәрежесінде дами қоймайды. Осыған орай, әрине жанұялық типтегі балалар үйлерінің жүйесі жеткілікті кемелденген болады. Жанұялық типтегі балалар үйлерінде педагогтар ата-аналар функциясын атқарады, ал 6-10 бала - соларға бала, қыз, бір-біріне апа, сіңлі, аға, іні рөлдерін атқарады.

Жанұялық үйлер, әрине, жетімдік проблемасын шешудің тиімді жолы, бірақ өкінішке орай, бұл экономикалық тұрғыдан қымбат мекеме, сондықтан да әлі де ұзақ ууақыт бойына дәстүрлі интернаттық типтегі балалар үйлері сақтала бермек. Ол мекемелердегі тәрбиелік процесс ұжымдық өмір принциптеріне негізделген регламенттік сипатта болады.

Дегенмен бұл жағдайларда да балалардың өмірін едәуір дәрежеде жанұялық үй үлгісіне жақындатуға болады.

Қазіргі таңда көптеген интернат, балалар үйлері мекемелерінің басшылары соңғы жылдары балалар топтарын жүйелеп-топтастыруда басқаша әдіс-тәсілдерді қолдануда. Яғни, олар топты құрауда түрлі жастағы балаларды бір топқа біріктіруді қолға алған. Бұл топтарда ересек балалар, кіші балаларға көмектеседі, әрі әрбір топта өз қолданыстарында бірнеше бөлмелердің болатындығы маңызды. Ол бөлмелер: жатын бөлме, ойын бөлмесі, демалыс және сабақ бөлмелері, санитарлы-гигиеналық блок, асхана - буфет. Демалыс күндері бұл асхана-буфетте балалар өздеріне ұнайтын асты, өздері даярлауға, қажет кезде шәй ішуге, мереке және туған күндерге қонақтар-достарын шақыруға мүмкіндік алады.

Бұл жоғарыда аталған үлгілер балалар үйлері, интернаттардағы сақталған дәстүрлі өмір салтын бұзуға, автономды тұрмыс салтын құруға көмектеседі. Мұндай автономды дербес тұрмыс салты психологиялық комфортты сезінуге көмектеседі және балалардың бойында қажетті дәрежеде тұрмыстық дағды-іскерліктердің қалыптасуына себепші болады.

Түрлі жастағы балалар топтарында ересек және кіші тәрбиеленушілер арасында өзара қарым-қатынастар жеңіл әрі оңай қалыптасады, яғни ересектер кішілерге қамқор болу арқылы және жатақхананың түрлі жағдайларында тәрбиеші көмек бере отырып, әрі өмір сүрудің кейбір автономдығына орай, балалар үйлерінің барлық топтары өмірдің жалпы ритмін ұстау, сақтау арқылы бірігулері тиіс. Онда күн бойына оқу іс-әрекетімен қатар басқаша да түрлі жұмыс түрлері қолдану қажет. Ол жұмыс түрлері: спорт, үйірмелік, шығармашылық жұмыс тағы басқалар.

Соңғы жылдардағы экономикалық қиындықтар сөзсіз, білім беру мекемелерінің материалдық жағынан қамтамасыз етілуінен көрінуде. Дегенмен, балалар үйлері мемлекет, қайырымдылық қорлары, демеушілер тарапынан назардан тыс қалып тұрған жоқ.

Балалар үйлерінің кейбір жетекшілері жоғары материалдық шараларға қол жеткізе отырып, оларды саналы жұмсай алмайды, яғни орасан көп жиһаз, кілемдер, қымбат теледидар, музыкалық аспаптарды, компьютер тағы басқаларды үйіп алып, ақыр соңында дүние тәрбиелік емес декоративті функция атқаратын болады.

Нәтижесінде, жанұядағы сияқты қолайлылықтың негізгі критерийі ретінде материалды жетістік бірінші жоспарға шығады да, балалар өмірге икемсіз, әрі суық, қайырымсыз болып өсетін болады.

Әрине, кедейлік үйлесімді адамның қалыптасуына көмектесе қоймайды, сондықтан да жанұялық, әсіресе балалар үйінің материалды камтамасыздығы ерекше маңызды жағдай, ол бірақ ең алдымен балалардың бойында өмір сүруге аса қажетті қадір-қасиет, сапаларды қалыптастыруға бағытталуы тиіс.

Тұрмысты ұйымдастыру ең алдымен гигиеналық, эстетикалық талаптарға жауап бергені жөн, және тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктеріне сай бола отырып, олардың бойында материалды ұмтылыс-қажеттіліктерге шама-шарық сезім білдіруге ұмтылуы тиіс.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейiнгi жетім балалардың психологиялық ерекшелiктерi
Жалпы сөйлеу қабілетінің дамымауы бар мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорын дамыту ерекшеліктері
Бала психикасының онтогенездегі даму ерекшеліктері
Жетім балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау - әлеуметтену құралы ретінде
Жеткіншектер қарым-қатынасы: балалар үйі жағдайында
Тәрбиеленушілердің зияткерлік дамуының мәселелері
Жетім балалар мен ата - аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында баланы ортаға қалыптастыру
Тастанды балалар үйіндегі балаларға әлеуметтік сипаттама
Балалар үйіндегі тәрбиеленушілерді әлеуметтендіру мәселесі
Жасөспірімдердің психикалық денсаулық көрсеткіштерінің мәні
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz