Кітапхананың анықтамалық библиографиялық аппаратын ұйымдастыру



1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім:
2.1Кітапхананың анықтамалық
библиографиялық аппаратын ұйымдастыру.
2.2 Библиографиялық қызмет көрсету.
2.3 Библиографиялық хабарлама беру.
2.4 Анықтамалық.библиографиялық қызмет
(АБҚ) көрсету.
3. Қортынды
4. Пайданылған әдебиеттер
5. Глоссарий
Елбасы Н.А.Назарбаевтың Қазқстан халқының әл-ауқатын арттыру-мемлекеттік саясаттың басты мақсаты Қазақстан ұшін бәсекеге қабілетті эканомика үшін, бәсекеге қабілетті халық ұшін Жолдауында мемлекеттік деңгейде білім беру жүйесінің кітапханаларында кітаппен қамтамасыз ету жағдайына оқулықтарды толықтыру және пайдалану мәселеріне жетік назар аударылды.
Қазіргі заман талабына сай білімгерлердің сапалы білім алуына үлкен қолғабыс жасайтын университет профилінің ерекшеліктері мен алатын мамандықтарына сәйкес дұрыс уйымдастырылған кітап қорының маңызы зор. Сондықтан ғылыми кітапханада кітап қорының осы жағдайларды негізге ала отырып сапалы және көлемді толықтырылуына аса зор коңіл бөлінуде.
Мынадай бір қағида тегін айтылмаса керек: « Жақсы кітапхана болмаса, жақсы университет болуы мүмкін емес». Ғылыми кітапхана өзінің дәстүрлі жұмыс түрлерін төмендегідей қызметтерімен байыта түсіп, кітапхананы пайдаланушыларға қызмет көрсетуде. Оқырмандарымыздың қоғамдық санасының, рухани ахуалының қалыптасуына, ғылыми және әдеби аиналымдағы құнды кітаптарды жинастыру, кітапхана қорындағы бай мұраларды білімгерлерге жүйелі турде жеткізу, әр кітапханашының парызы тарапына берілетін қаржыны кітапхана қорын сапалы түрде нығайтуға, оқытушылармен бірлесе отырып сараптауға коніл болу кітапхананың негізгі міндеті. Кітапхананың атқарып отырған қызметі ұшан-теңіз. Бұл жұмыстар өте күрделі істер және бір кундік шаруа емес, әрі баяулықты да көтермейтін игі істер. Кітапхана қабырғасында болып жатқан іс-шаралардан ешуқытта тыс қалмайды. Кітап қоры жаңадан ашылып жатқан әрбір мамандық, әрбір білім саласында сәйкес, кафедра оқытушыларының тапсырысы бойынша толықтырылды.
Ғылыми кітапханасы ақпараттық үрдістерге сапа менеджменті жүйесінің талабына сай кітапхана қызметін пайданашылардың талап-тілектерін маниторингтік зерттеу, талдау аркылы олардын өскелен, интелектуалдық сұраныстарын сапалы ақпаратпен қамтамасыз етуге бағытталған. Күнделікті бақылауды қарастыратын оқытудың несиелік жүйесін жузеге асыру мақсатында, кәсіби біліктілігі жоғары жастарды тәрбиелеуде кітапхана білімін индикаторы деп санауға болады.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім:
2.1Кітапхананың анықтамалық
библиографиялық аппаратын ұйымдастыру.
2.2 Библиографиялық қызмет көрсету.
2.3 Библиографиялық хабарлама беру.
2.4 Анықтамалық-библиографиялық қызмет
(АБҚ) көрсету.
3. Қортынды
4. Пайданылған әдебиеттер
5. Глоссарий

КІРІСПЕ

Елбасы Н.А.Назарбаевтың Қазқстан халқының әл-ауқатын арттыру-
мемлекеттік саясаттың басты мақсаты Қазақстан ұшін бәсекеге қабілетті
эканомика үшін, бәсекеге қабілетті халық ұшін Жолдауында мемлекеттік
деңгейде білім беру жүйесінің кітапханаларында кітаппен қамтамасыз ету
жағдайына оқулықтарды толықтыру және пайдалану мәселеріне жетік назар
аударылды.
Қазіргі заман талабына сай білімгерлердің сапалы білім алуына үлкен
қолғабыс жасайтын университет профилінің ерекшеліктері мен алатын
мамандықтарына сәйкес дұрыс уйымдастырылған кітап қорының маңызы зор.
Сондықтан ғылыми кітапханада кітап қорының осы жағдайларды негізге ала
отырып сапалы және көлемді толықтырылуына аса зор коңіл бөлінуде.
Мынадай бір қағида тегін айтылмаса керек: Жақсы кітапхана болмаса,
жақсы университет болуы мүмкін емес. Ғылыми кітапхана өзінің дәстүрлі
жұмыс түрлерін төмендегідей қызметтерімен байыта түсіп, кітапхананы
пайдаланушыларға қызмет көрсетуде. Оқырмандарымыздың қоғамдық санасының,
рухани ахуалының қалыптасуына, ғылыми және әдеби аиналымдағы құнды
кітаптарды жинастыру, кітапхана қорындағы бай мұраларды білімгерлерге
жүйелі турде жеткізу, әр кітапханашының парызы тарапына берілетін қаржыны
кітапхана қорын сапалы түрде нығайтуға, оқытушылармен бірлесе отырып
сараптауға коніл болу кітапхананың негізгі міндеті. Кітапхананың атқарып
отырған қызметі ұшан-теңіз. Бұл жұмыстар өте күрделі істер және бір кундік
шаруа емес, әрі баяулықты да көтермейтін игі істер. Кітапхана қабырғасында
болып жатқан іс-шаралардан ешуқытта тыс қалмайды. Кітап қоры жаңадан ашылып
жатқан әрбір мамандық, әрбір білім саласында сәйкес, кафедра оқытушыларының
тапсырысы бойынша толықтырылды.
Ғылыми кітапханасы ақпараттық үрдістерге сапа менеджменті жүйесінің
талабына сай кітапхана қызметін пайданашылардың талап-тілектерін
маниторингтік зерттеу, талдау аркылы олардын өскелен, интелектуалдық
сұраныстарын сапалы ақпаратпен қамтамасыз етуге бағытталған. Күнделікті
бақылауды қарастыратын оқытудың несиелік жүйесін жузеге асыру мақсатында,
кәсіби біліктілігі жоғары жастарды тәрбиелеуде кітапхана білімін индикаторы
деп санауға болады.
Кітапхана қазір құжаттарды электронды түрде жеткізу қызметін, қордағы
мерзімді басылымдар мен жинақ беттеріндегі мақалалардың көшірмесін толықтай
жеткізу кызыметін жетілдіру кезеңінде тұр. Яғни, паидаланушылар шет
тіліндегі ғылыми мақалаларының, жана түскен әдебиеттер бюллетенімен және
т.б. танысуға мүмкіндік алады.
Жаңа ғасырда уақыт біздің ғасырға сай терен білімді, ғылыми жетістікті
талап етіп отыр.
Адамға қызмет ету, оның коңілінен шығу, іздегенін тез және толықтай
тауып беру кітапханашыға жүктелген үлкен психологиялық ауыр жүк. Әсіресе,
қазіргі ақпараттық жедел даму кезеңінде кез-келген адамның кітапханада
істей беруі мүмкін емес. Бүгінгі кітапханашы кітап сақтаушы роліне ғана ие
болмауы қажет, ақпаратты жүйелеу, оны оқырмандарға ұсынудың біріңғай
технологиясын жасауға ұмтылу, Интернетпен жұмыс істеу білу сияқтылар әрбір
кітапханашының кәсіптік шеберлігіне үлкен сын. Сол себептен кітапхана
қызметкерлерінің кәсіби жетістіктерінің жоғары деңгейде болуы бігінгі
күннің көкейкесті талабы.
Ақпарт кеңістігі мен оның мүмкіндігі қандай шексіз болса,
пайдаланушылардың оған деген мұқтажы мен сұранысыда шексіз.
Ақпарт қоғамындағы кітапханалардың көрсететін дәстүрлі қызметтерінің
бірі ақпарт кеңістігіне жол ашу, білімді қалыптастыру, озық тәжірбиелерімен
алмасу болып отыр. Осы қызметке жаңаша көзқараспен қарап, әлемдік ақпарт
жүйесіне сәйкес, оны жаңа мазмұнмен толықтырсақ, кітапхананың көрсететін
қызметтеріне деген әлемдік сұраныс деңгейіне қол жеткізуге болар еді.
Кітапхана жұмысының нәтижелілігі оның библиографиялық іс-әрекетінің
дұрыс жолға қойылуына тікелей байланысты. Оның бүгінгі күн талабына сай
ұйымдастырылуы тек өзінің ғана болашағын емес, сонымен қатар кітапхананың
да болашағын анықтайды.
Біздің еліміздегі болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер
білім беру жүйесіне, соның ішінде жоғары білім берудің оқыту үрдісіне
жаңа талаптар қоюда.
Бүгінгі күні кітапхана қызметін пайдаланушылардың интеллектуалдық
деңгейі мен сұраныстары күрделі, мазмұны өзгерген, сондықтан да олардың
қажетті талап-тілектерін орындап, жаңа ақпарат көздерін дер кезінде, жедел
хабарлап отыруы қажет.
Ақпараттық іс-әрекеттің сапасын белсенді арттырып, мәліметтер қорын
ұйымдастыруда, электрондық тасымалдағыш құралдары-ақпарт қорын қалыптастыру
ақылы пайдаланушылардың мол мүмкіншілікке қол жеткізуіне, жаңа электронды
ресурстар мен заңдықнормативті құжаттары, ҚР Білім және ғылым министрлігің
бұйрықтары, жоғары оқу орындарының статистикалық бюллетені, жаңа түскен
басылымдар бюллетенін т.б. мағлұматтарды пайдалануға жолашылуда.

КІТАПХАНАНЫҢ АНЫҚТАМАЛЫҚ БИБЛИОГРАФИЯЛЫҚ
АППАРАТЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ.

Кітапханалардағы библиографиялық қызметтің негізгі бағыттары мыналар:
-анықтамалық библиографиялық аппарт жасау;
-мазмұны мен мақсаты әр түрлі библиографялық материалдар құрастыру;
-анықтамалық библиографиялық қызмет көрсету;
-информациялық библиогрфиялық қызмет көрсету;
-ұсыныстық библиографиялық қызмет көрсету;
-консультациялық және методикалық жұмыс;
-библиографиялық білімдерді насихаттау(оқырмандарға библиографияны
оқыту).
Аталған бағыттарды ойдағыдай жүзеге асыруға мыналар жәрдемдеседі:
-ғылыми негізделген жоспарлау, есепке алу мен есеп беру;
-библиографиялық қызмет көрсету ісін оқырмандардың кәсіптік, жалпы
біліміне, жас және басқа да ерекшеліктеріне қарамастан, олардың барлық
категорияларын қамтитындай етіп ұйымдастыру:
-кітапханада кадрларды дұрыс орналастыру, әрбір библиографқа жүктелген
міндеттерді дәл белгілеп беру;
-кітапхананың библиографиялық жұмысты жүргізетін әр түрлі бөлімдері
арасындағы міндеттері ұтымды бөлу;
-библиографиялық жұмысты басқа да кітапханалармен, ғылыми
ұйымдастыруды, прогресшіл жаңа әдістердіенгізу, библиографиялық процестерді
механикаландыру құралдарын пайдалану үшін қажетті жағдайлар жасау;
-библиографиялық жұмыстың жекелеген түрлеріне нормалар белгілеужәне
олардың орындалуын бақылау;
-библиографиялық қызметпен шұғылданатын қызметкерлердің мамандығын
көрсету;
-социалистік жарыс ұйымдастыру, оның қорытындыларын үнемі шығарып
отыру, таңдаулы қызметкерлерді көтермелеу, озат тәжірибені тарату.
Библиографиялық жұмыстың мазмұны мен міндеттері кітапхананың типі мен
оның аймақтық ерекшеліктеріне байланысты. Принципті негіздері жөнінен
барлық кітапханалар үшін ортақ міндет СССР Жоғарғы Советі президиумының
1984 жылы 13 марттағы Указында бекітілген СССР-дегі кітапхана ісі туралы
ережеде айқын тұжырымдалған. Онда былай деп жазылған: Кітапханалар
маңызды әлеуметтік міндет атқарады –СССР азаматтарының білім алу, мәдениет
жетістіктерін падайлану, дем алу жөніндегі конституциялық праволарын,
ғылыми техникалық және көркем творчество бостандығын жүзеге асыруға
жәрдемдеседі; совет адамдарының саяси саналығын арттыру мен белсенді
өмірлік позициясын қалыптастыруға, олардың еңбекке коммунистік көзқарас,
идеялық сенімділік.Кітапханалар ғылыми техникалық білімдерді кеңінен
таратуға ғылым мен техниканың жетістіктерін қоғамдық практикаға енгізу
жәрдемдеседі.
Бұл міндеттер кітапхананың жұмыс істейтін жағдайларына байланысты
олардың әрбір типіне арналып нақтыландырылуы тиіс.Библиографиялық жұмыстың
жағдайына, оның мазмұны мен көлеміне Мемлекеттік ғылыми және техникалық
информация жүйесіндегі кітапхананың алатын орны тікелей әсер етеді. Сонымен
қатар кітапхананың қай ведомствоға қарайтындығы, механикаландыру мен
автоматтандыру дәрежесі, салақ немесе аймақтық кітапхана жүйесінің
шеңберінде тиісті міндеттерді бөлісу тағы да бақа факторлар елеулі ықпал
жасайды.
Универсалды ғылыми кітапханалар. Қазіргі уақытта облыстық, өлкелік,
республикалық универсалды ғылыми кітапханалардың (УНБ) құрамы функционалдық
және салалық бөлімдердің комплексі болып табылады.60-жылдарды универсалды
ғылыми кітапханалардың көпшілігінде техникалық әдебиет пен патенттер, нота-
музыка, шетел, ауыл шаруашылық әдебиеті бөлімдері құрылды. Бірқатар
облыстық кітапханаларда(мысалы, Өскемен, Семей, Қарағанды, Шымкент облыстық
кітапханаларда)қосымша өлкетану, қоғамдық саяси әдебиет бөлімдері, өнер
бөлімдері (нота –музыка бөлімдерінің негізінде) құрылған. Осының
нәтижесінде кітапханалардағы библиографтар саны көбейді. Библиографтар
санының көбеюі, тұтас алғанда, кітапхананың библиографиялық жұмысын сапасы
жағынан жетілдіруге ықпал жасайтыны сөзсіз.
Жаңа жағдайларда библиографиялық бөлім мен библиографиялық жұмыс
жүргізетін басқа да бөлімдердің арасында неғұрлым ұтымды өзара байланыс
орнату мен міндеттер бөлудің ерекше маңызы бар. Библиографиялық практикада
дағдылы еңбек бөлінісіқалыптасты. Анықтамалық библиографиялық қызмет
әдетте библиографиялық бөлімге шоғырланады. Өйткені салалық бөлімдер
негізінен алғанда ауызша анықтамалар берумен ғана шектеледі ғой. Салалық
бөлімдердің негізгі жұмыс бағыттарының бірі-мамандарға информациялық
–библиографиялық қызмет көрсету. Бұл орайда информациялық қызметке
библиографиялық бөлім бағдар беріп отырады, көптеген шаралар
библиографиялық бөлім библиографтарының қатысуымен өткізілді.
Универсалды ғылыми кітапханалардың көпшілігінің іс тәжірибесі мынаны
көрсетті: біріншіден, библиографиялық қызметіне орталықтандыру принципі
негіз етіп алынса, екіншіден бұл принцип анықтамалық библиографиялық
аппараттың бірлігін қамтамасыз етуге тиіс және оны библиографиялық
бөлімдердің библиографиялық жұмысының жүйесіндегі орталық буын ретінде
сақтауға мүмкіндік береді. Әрбір универсалды ғылыми кітапханада талап
жасалған Библиографиялық жұмыс туралы ережеге сәйкес библиографиялық
бөлім басқа бөлімдердің жоспарларын қадағалайды және сол жоспарлардың
негізінде кітапханалардың библиографиялық жұмысының біртұтас жиынтық
жоспарын жасайды; анықтамалық библиографиялық аппараттың жай- күйіне
бақылау жасауды жүзеге асырады; анықтамалық библиографиялық және
информациялық библиографиялық жұмыстың есебін жүргізеді; құралдар
құрастыруға түрлі бөлімдер қызметкерлерінің қатысуын ұйымдастырады. Сөйтіп,
библиографиялық бөлім кітапхананың басқа бөлімдеріне библиографиялық
қызметтің барлық бағыттарыбойынша ұйымдастырушылық және методикалық
басшылықты жүзеге асыратын орын болып есептеледі.
Библиографиялық бөлімнің ішнде жұмыстың неғұрлым ірі комплекстерін
жүргізетін арнаулы секторлар болуға тиіс. Универсалды ғылыми
кітапханалардың типтік құрылымына сәйкес, кітапханалардың көпшілігінде
өлкетану библиографиясының секторы бөлінген. Қалған библиографтар салалық
мамандауға сәйкес жұмыс істейді. Олар сала бойынша жұмыстың барлық түрлерін
атқарады ( библиографиялық құралдар құрастырды, әдебиет шолуларын өткізеді,
анықтамалық библиографиялық және информациялық библиографиялық қызмет
көрсетумен және т.т. шұғылданады). Демек, қазіргі кезеңде универсалды
ғылыми кіттапханаларда библиографтың функционалдық және салалық
мамандануын ұштастыру орын алып отыр деген сөз.
Универсалды ғылыми кітапхана библиографтары аймақтың бұқаралық
кітапханалардың библиографиялық жұмысына методикалық басшылықты жүзеге
асырады. Орталықтандырылған кітапхана жүйелеріне методикалық көмек көрсету
ерекше маңызды жұмыстардың бірі болап табылады. Осы мақсатпен библиографтар
методикалық консультациялар, семинарлардың жоспарларын әзірлейді,
библиографиялық жұмыс жөніндегі озат тәжірбие мектептерін құрады, ғылыми
практикалық конференциялар ұйымдастырады. Методистермен бірге олар
кітапханалардың қызметін тексеруге, озат тәжірибені қорытуға қатысады,
кітапханалардың библиографиялық құралдармен толықтыру процесіне бақылау
жасайды.
Универсалды ғылыми кітапханалардағы библиографиялық бөлімнің
ұйымдастырушылық жұмысының маңызды учаскесі-барлық дәрежедегі
библиографиялық қызметті кітапханалар арлық үйлестіру ісіне қатысу. Қала
мен облыс көлеміндегі үйлестіру әрбір облыста болатын Библиографиялық
жұмысты үйлестіру туралы ереже сәйкес жүргізіледі. Бұл жұмысты облыстық
атқару камитеттері жанындағы ведомствоарлық советтер бсақарады, ол
советтердің құрамына барлық ведомствоның кітапханалары мен ғылыми және
техникалық информация органдарының өкілдері енеді.
Универсалды ғылыми кітапхананың библиографиялық жұмысын кең көлемде
тиімді орындауға библиографиялық бөлім жанынан актив құру жәрдемдеседі,
бірқатар кітапханаларда актив бөлімнің қоғамдық советі ретінде ұйымдық
қалыптасқан. Совет мүшелері библиографтарға библиографиялық құралдар
құрастырғанда, карточкаларды редакциялағанда ақыл-кеңес береді, мамандар
алдында өз салалары бойынша кітаптарды библиографиялық жағынан насихатау
ісін ұйымдастыруда көмек көрсетеді .
Универсалды ғылыми кітапхана библиографты еліміздің аса ірі
кітапханалары ұйымдастырған зерттулерді жүргізуге қатысып қана қоймай,
сонымен қатар өз күштерімен мамандардың информациялық қажеттерін,
библиографиялық құралдарды, анықтамалық-библиографиялық аппараттың түрлі
бөлімдерін пайдаланудың тиімділігін дәлелдейтін дербес зерттеулер де
жүргізеді. Облыстық кітапханаларда ғылыми жұмысты әдетте неғұрлым білікті
мамандардан уақытша құрылған творчестволық топтар жүзеге асырады.
Анықтамалық библиографиялық аппарат әрбір кітапханада жүргізіледі.
Оған оқулықтардың, практикалық және методикалық құралдардың жеке тараулары
арналған, бірақ таяу араға дейін бұл ұғымның қолайлы анықтамасы болмай
келді. Анықтамалық библиографиялық аппарат деген терминнің пайда болуы,
сөз жоқ, анықтамалық библиографиялық жұмыспен баланысты.
Бірінші рет ГОСТ 7.26-80 Кітапхана ісі. Негізгі терминдер мен
анықтаиаларда анықтамалық библиографиялық басылымдардың, кітапхана
каталогтарының және баспа шығарлары мен басқа да документтері насихаттуға,
оқуға нысаланы басшылық етуге арналған картотекалардың жиынтығы деген
анықтама берілді. Одан кейін ғылыми методикалық әдебиетте анықтамалық
библиографиялық аппараттың библиографиялық, кітапханалық және
фактографиялық информацияны насихаттауды, іздестіру мен беруді жақсарту
мақсатындағы документтік информациялық іздестіру жүйесі деген басқа
нұсқалары да ұсынылды.
Бұл анықтамалар қаншалықты алуан түрлі болғанымен анықтамалық
библиографиялық аппарат дегеніміз анықтамалық библиографиялық жұмыстың
негізгі әрі құралы екнін білген жөн, өйткені анықтамалардың басым көпшілігі
( 99% және одан да көбі ) анықтамалық библиографиялық аппараттың көмегімен
атқарылады.
Ғылыми негізде ұйымдастырылған анықтамалық библиографиялық аппарат-
кітапхананың бүкіл библиографиялық қызметінің қажетті негізі. Сол арқылы
оқушыларға анықтама беру, информациялық библиографиялық және ұсыныстық
библиографиялық қызмат көрсету жүзеге асырылады, кітапхана библиография
білімдері насихатталады, құрастырылатын библиографиялық құралдар үшін
әдебиет іріктеледі.
Анықтамылық библиографиялық аппаратқа қойылатын маңызды талаптардың
бірі-кітапхана қорының мазмұнын толық бейнеле, жан-жақты ашып көрсету.
Анықтамалық библиографиялық аппараттың жекелкген құрылымдық компонеттері
өзара тығыз байланысты болып, бірін-бірі толықтыруға тиіс өйткені
анықтамалық библиографиялық аппаратты кітапхананың түрлі бөлімдері бойынша
бөлшектеп жіберу оның бірлігін бұзады және библиографиялық қызмет көрсетуді
қындатады. Анықтамалық библиографиялық аппараттың негізгі бөлімге тікелей
жақын орналастырады. Салалық бөлімдерде тиісті салалар бойынша қосалқы
анықтама қорлары, котолактар мен картотекалар жасалады, олар кітапхананың
біріңғай анықтамалық библиографиялық аппаратына енеді.

Библиографиялық қызмет көрсету.

Библиографиялық қызмет көрсету -бұл библиографиялық ақппаратты тұтынушыға
жеткізуді, оның нақты және болашақтағы қажеттіліктері мен сұраныстарына
сәйкес болатын процестердің жиынтығы.
Библиографиялық қызмет көрсету- кітапхананың, оның ақпараттық мекеме
ретіндегі жұмыстың маңызды бөлігі.
Кітапханада жүргізілетін библиографиялық қызмет көрсетудің негізгі түрлері
–библиографиялық хабарлама беру және анықтамалық библиографиялық қызмет
көрсету.
Библиографиялық хабарлама беру.

ГОСТ 7. 0-99 бойынша библиографиялық хабарлама беру-ұзақ уқыт
қолдалынатын сауалдарға сәйкес және ( немесе) ондай сауалдарсыз
библиографиялық хабарламамен үнемі қамтамасыз етіп отыру деп анықталған.
Библиографиялық хабарлама беруді: сараланған (жеке, топтық) және
сараланбаған( жаппай) түрлеріне бөлуге болады.
Саралаудың негізінде кітапхананың қалыптасқан жұмыс тәжірбиесіне сай
келетін сан белгісі алынған. Жеке библиографиялық хабарлама беру нақты
тұтынушыға оның қажеттілерін ескере отырып, хабарлама беруді, ал топтық
библиографиялық хабарлама беру хабарламаны тұтынушылардың қайсыбір
белгілері бойынша бөлінетін және мазмұны жағынан хабарламалық қажеттері
жақын белгілі бір топтарына хабарлама беруді көздейді. Екінің бірінде
оларды бір кәсіптік топта болу немесе әр түрлі кәсіп мамандары атқаратын
ортақ тапсырма(мысалы, ғылыми-зерттеу жұмыстары, қайсыбір объектіні жобалау
және т.б.)біріктіреді.
Жаппай библиографиялық қызмет көрсету тұтынушылардың белгілі бір
тобына бағдарланбаған және олардың хабарламалық қажеттерін ескермейді.
Сараланбаған библиографиялық хабарламалардың топтық және жеке түрі
болады. Топтық қызмет көрсету ұқсас ақпараттар жиынтығына мұқтаж топтық
тұтынушыларға ұдайы және анда-санда библиографиялық хабарламалар беріп
тұрады. Ол ұжымдық абонент немесе тұрақты не уақытша қоғамдық және кәсіби
кішігірім бірлестік болуы мүмкін. Ұжымдық абонентер әдетте, ағымдық
ақппарттармен қамтамасыз етіледі.
Тұрақты немесе уақытша қоғамдық топтар ұдайы немесе анда-санда болатын
шаралар кезінде ұйымдастырылады. Библиографиялық ақпараттардың ішінде
жаңадан шыққан әдебиеттер жөніндегі абонеттерді ұдайы хабарлап тұру маңызды
орын алады. Көріністік библиографиялық ақпарат әр түрлі аудиторияда
библтографиялық хабарламаларды ауызша шолу түрінде береді де,
кітапханалардың көшілік және топтық шараларының құрамдас бөлігі болып
табылады. Көрмелердегі библиографиялық ақпарат уақытша жоқ құжаттардың
орнына жұмсалады. Мұндай жағдайда қажетті тапсырыс қабылдау үшін, құжаттың
қай жерде бар екені туралы деректер жазылады.
Берілетін ақппараттардың көпшілігі әдетте, әр айлық жазбаша хабарлар
түрінде іске асатын жекелей библиографиялық мәлімдеу жүйесінде жеткізіледі.
Кейде мәлімет телефон немесе басқада байланыс түрлері арқылы беріледі.
Мәлімдеу абоненттік таңдау оның мәнділігімен анықталады.
Библиографиялық ақпарттаудың маңызды түрлері:
а) ақпаратты іріктеп тарату(АIT);
б) басшылықтарға сараланған қызмет көрсету(БСҚК).
Қызмет көрсету алғашқы және қошымша келген құжаттарды жүйелік
библиографиялық іздеу негізінде іске асырылады.
Ақпаратты іріктеп таратудың ерекше белсі:
-қызмет көрсеткен кезде тек жаңадан шыққан ғана емес, барлық
құжаттардан хабары болуы;
-абоненттің қажеттіліктерін ұдайы анықтап отыру үшін кері байланыстың
карталарының болуы;
-екінұсқалық, алдымен библиографиялық хабарлар беру,ал егер ол өте
жақсы бағаланып, арнайы талаптары болсақұжаттардың толық мәтіндерін беру
болып табылады.
Егер де AIT жүйесі бойынша қызметті кітапханалар іске асырса, онда AIT-
ің жұмысы ақпраттық қажеттіліктердің өзекті таралуын жасаудан басталады. Ол
үшін мкемелердің құрылымы, жекеше бөлімшілер істерінің бағыттары,жоспарлы-
есептік құжаттар, қызметкерлердің шығарған еңбектерінің тақырыбы т.б.
талдалынады.
Абоненттерден өздерін қызықтыратын тақырыпты көрсетуін сұраған, өз
бетінше басылымдарды жүйелі қарайтын ортадан осы бағыт бойынша жетекші
авторларды атаған анкета пайдаланды.
Басшылықтарға сараланған қызмет көрсету (БСҚК)жүйесі нәтижесінде
тұтыныушыларға тақырыптық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Анықтамалық библиографиялық аппаратың қызметі
Кітапхананың библиографиялық қызметі
КІТАПХАНАНЫҢ ӨЛКЕТАНУШЫЛЫҚ АНЫҚТАМАЛЫҚ- БИБЛИОГРАФИЯЛЫҚ АППАРАТЫ
АБҚ Ақпараттық библиографиялық қызмет
Кітапханалардағы өнер саласы бойынша ақпараттар технологиясының даму жолындағы жұмыстар
Библиографиялық қызметтің процестері
Құжаттың библиографиялық суреттемесі
Ұлттық кітапхана
Жаңа әлеуметтік – мәдени жағдайда оқырмандарға қызмет көрсету
Қазақстан Республикасында ұлттық республикалық автоматтандырылған кітапханалық-ақпараттық жүйе (РАБИС) программасын құру және оны таратудың мәселелері
Пәндер