Қызамық инфекциясының жүктілікке әсер етуі


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:   

М А З М Ұ Н Ы

КІРІСПЕ . . . 3

1. ҚЫЗАМЫҚ ИНФЕКЦИЯСЫНЫҢ ЖҮКТІЛІККЕ ӘСЕР ЕТУІ

(ӘДЕБИЕТТЕР ЖИНАҒЫ) . . . 8

1. 1 ҚЫЗАМЫҚ ИНФЕКЦИЯСЫМЕН БОСАНУ ЖӘНЕ ЖҮКТІЛІК КЕЗЕҢІ . . . 8

1. 2 ҚЫЗАМЫҚ ИНФЕКЦИЯСЫ КЕЗІНДЕ ҰРЫҚТЫҢ ІШТЕН ТУА

ЗАҚЫМДАЛУЫ, АЛДЫН- АЛУ ШАРАЛАРЫ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ

ПРИНЦІПТЕРІ . . . 24

2. ІШТЕН ТУА ПАЙДА БОЛАТЫН ҚЫЗАМЫҚ СИНДРОМЫНЫҢ

ТАРАЛУЫН АНЫҚТАУ ҮШІН АУЫР АКУШЕРЛІК АНАМНЕЗІ БАР

ЖҮКТІ ӘЙЕЛДЕРГЕ ЖҮРГІЗІЛГЕН ЗЕРТТЕУЛЕР . . . 31

2. 1 ЗЕРТТЕЛГЕН ЖҮКТІ ӘЙЕЛДЕРГЕ СИПАТТАМА . . . 31

2. 2 ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ . . . 35

2. 3 СТАТИСТИКАЛЫҚ АНАЛИЗ . . . 37

2. 4 ЗЕРТТЕЛГЕН МАТЕРИАЛДАР МЕН ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДІСТЕР . . . 40

3. ҚЫЗАМЫҚ ИНФЕКЦИЯСЫНЫҢ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ЭПИДЕМИО-

ЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЖҮКТІ ӘЙЕЛДЕР

АРАСЫНДАҒЫ БЕЛГІЛЕРІ . . . 44

4. БАЛА ТУУ ЖАСЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР АРАСЫНДА ВАКЦИНАМЕН

АЛДЫН АЛУДЫҢ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ . . . 58

5. ЖҮКТІЛІК КЕЗІНДЕГІ ҚЫЗАМЫҚ ИНФЕКЦИЯСЫН АНЫҚТАУ . . . 75

6. ОСЫ ӘЙЕЛДЕРДЕН ТУҒАН НӘРЕСТЕЛЕРГЕ ІШТЕН ТУА ПАЙДА

БОЛАТЫН ҚЫЗАМЫҚ СИНДРОМЫ . . . 80

7. ЖҮРГІЗІЛГЕН ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ НӘТИЖЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАУ . . . 85 ҚОРЫТЫНДЫ . . . 101

ПРАКТИКАЛЫҚ ҰСЫНЫСТАР . . . 103

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 106

Зерттелген материалдар мен қолданылған әдістер

Қызамық Жер шарының қай түкпірінде болмасын жиі таралған өте жұқпалы ауру болғанымен соңғы мезгілге дейін оның алдын алуға жеткілікті мән берілмей келді. Себеп - ауру жеңіл әрі тез өтеді, адам болса жасында-ақ науқастанып үлгереді. Ғасырлар бойы қызамық бұрқетпелері мен эпидемияларын реттеуші күш табиғи, ауру салдарын дамитын иммунитет болып келді. Алайда N. Gregтің өткен ғасырда ашқан жаңалығы қызамық вирусының ана жатырындағы ұрыққа (балаға) аса қауіпті инфекция екендігін, бұлтартпастай етіп, көрсетті. Күтпеген жерден қызамық эпидемиологиясы балалар арасындағыдан гөрі олардың дүниеге келер алдындағы кезеңдегі эпидемиологиясы бой көтерді. Әрине, вирус ұрыққа қызамықпен ауырған жүкті әйелден ғана жұға алады. Қызамық эпидемиологиясы бағытының бұлай күрт өзгеруіне соңғы мезгілде кең көлемде қолданыла бастаған қызамыққа қарсы вакцинацияның да үлесі бар. Осы келтірілген жәйіттерді ескере отырып, қызамықтың жалпы халық, әйелдер, балалар және жаңа туылған нәрестелер арасында таралу ерекшеліктеріне эпидемиологиялық сипаттама беруді жөн санадық.

Эпидемиологиялық талдау барысында Қазақстан Республикалық санэпидстанциясында (РСЭС), Алматы қалалық және аудандық санэпидқадағалау департаментінде (СЭҚД) қызамыққа байланысты тіркелген ресми мәліметтермен қатар өзіміз жинаған деректер де пайдаланылды. Эпидемиологиялық талдаулар негізінен математикалық статистиканың бір саласы болып саналатын, медициналық мәліметтерге бейімделген санитарлық статистика әдістерімен жүргізілді. [ ] Талдауға кірісер алдында зерттелетін уақиғаның (көрсеткіштің) биноминальді (қалыпты) не пуассондық таралуына көңіл бөлінді. Әр топтағы қызамықпен сырқаттылықты уақыт мерзіміне сай өзара салыстыру үшін оның орта шамасы, қатыстық көрсеткіштері есептелді. Шығарылған шамалардың сенімділігі Стьюдент «t» - критерийімен және қатесіз болжам «р» - критерийлері арқылы анықталды. Зерттелуге тиісті топтың сенімділігін көрнектілік шамасының «m» орта қатесі мына формулаға сәйкес табылды:

[ ]

р - көрсеткіш (%, 100 мың халыққа), ал «t» сенімділігі мына формулаға сәйкес есептелінді:

[ ]

  • және - салыстырылатын көрсеткіштер (%, 100 мың адамға),

және - осы көрсеткіштердің орта қателері. Санитарлық статистикада қандай - да болмасын көрсеткіш қатесі 5% - дан р < 0, 05 аспауы қажет деп қабылданған. Осы талапқа орай салыстырылып отырған көрсеткіштер айырмасы 2 еседен асса ғана, ол мәнді деп есептелді, осы шамадан кем болса

р > 0, 05 кететіндіктен табылған айырма мәнсіз болады.

Эпидемия барысын бағалау үшін науқастанғандардың абсалюттік санынан гөрі сырқаттылық көрсеткіштері тиімдірек:

[ ]

Jфакт = сырқаттылық.

А - науқастардың абсалюттік саны.

N - халық (не оның жеке топтары) саны.

1- таңданылған көрсеткіштік сан,

ол 1, 1000, 100 болуы мүмкін,

жазылуы: ‰0, ‰, %.

Қызамық эпидемия барысының жалпы бағытын анығырақ байқату үшін көрсеткіштер график түрінде де берілді. Абсцисса осіне уақыттық мерзімдер (жыл, ай), ал ордината осіне көрсеткіштер орналастырылды.

Көрсеткіш мөлшеріне орай масштаб белгіленді (мысалы: 1см = 10 ‰00) .

Масштабтың ара қатынас - көрсеткіш: уақыт = 1:1, 5 тең деп алынды. Көрнектілікке қоса сырқаттылық динамикасын графикпен көрсетудің екінші міндеті бар - оған жай көзбен қарап-ақ тенденция бағытын шамалауға болады. Қандайда болмасын эпидемиологиялық талдаудан дұрыс нәтиже шығару үшін, ол эпидемия барысының көпжылдық динамикасына (құбылмасына) негізделуі тиіс. Сырқаттылықтың көпжылдық графигі тенденция бағытының бар екендігін шамалатқанмен оның сандық мөлшерін білдіре алмайды. Ол үшін әр жылдық сырқаттылық көрсеткішін ең аз квадраттар әдісі көмегімен оның теориялық мәні есептелді:

J теор = J орта + ВХ, [ ]

J теор - сырқаттылықтың теориялық мәні,

J орта - сырқаттылықтың орта арифметикалық мәні,

В - 2 іргелес жылдың J теор айырмасы,

Х - 0, 1, 2, 3, 4 . . . (егер барлық жыл саны тақ болса)

1, 3, 5, 7 . . . (егер барлық жыл саны жұп болса)

бастапқы «0» не «1»- ортада орналасқан жылға беріледі (мыс: барлық жыл саны 9 болса, ортадағы жыл - 0, егер 10 болса, ортадағы екі жыл -1, +1 болады) . Сырқаттылықтың тенденция бағытының төмендеу (не жоғарылау)

сандық қарқыны - Т мына формуламен анықталды:

[ ]

(мәндерін бұрынғы формуладан қара) .

Тенденция қарқынын бағалау [ ] сәйкес жүргізілді, егер Т :

- < 1 % төмен болса = сырқаттылық тұрақты;

- 1-5 % болса = сырқаттылық баяу төмендеуде;

- 5 %- тен жоғары болса = сырқаттылық айқын (анық) төмендеуде.

Сырқаттылық тенденциясының төмендеу (не жоғарылау) қарқынымен бірге оның абсалюттік мәні (Атөм) төмендеуін (не жоғарылауын) таптық.

[ ]

J¹- бірінші жыл көрсеткіші,

J - соңғы жыл көрсеткіші.

Бұдан кейін осы екі көрсеткіштің жоғарғы және төменгі сенім шектері анықталды:

Табылған сенім шектері графикке түсіріліп, салыстырылды. Егер бірінші жылдық Δ¹ - 2m мәні соңғы жылдың Δ - 2m мәнімен қилыспаса немесе қилысу мөлшері 1/3 - ден аспаса, сырқаттылық тенденциясының төмендеуі (не жоғарылауы) айқын деп саналды.

Келесі (жолдағы) жыл сырқаттылығына болжам былай жасалды:

Jболжам = Jтеор - (ВХкел), [ ]

Бұндағы Хкел - келесі жылдың реттік саны.

Табылған болжамдық көрсеткіштің де сенім шектері анықталып, оның күтілген мөлшеріне баға беруге пайдаланылды.

Қызамық эпидемия барысының жыл бойылық сырқаттылығын, оның маусымдылығын анықтау мақсатымен сырқаттылықтың жылдық динамикалары айлық интервал бойынша талданды. Жылдағы ауру саны 12 айға бөлектеліп, ай сайынғы көрсеткіштері шығарылды. Әр айдағы сырқаттылықтың арифметикалық ортасы және медианасына сүйеніп типтік графиктер сызылды.

Жылдық сырқат санын 12 айға бөлгенде көбінесе 50-ден аз сандар шығады, сондықтан Пуассон таралымына тән әдістер мен кестелер пайдаланылды. Сырқаттылықтың күрт көтерілуінің басталу және аяқталу мерзімдерін анықтау үшін жыл бойынғы сырқаттылық құбылмасының ең жоғарғы мөлшері (ЕЖМ) алынды. ЕЖМ-нің графикте сырқаттылықтың жыл бойғы деңгейімен қиылысқан екі нүктесінің арасындағы мерзім - сырқаттылық көтерілуінің басталуы мен аяқталуын көрсетеді.

Жыл бойынғы жалпы көрсеткіш:

[ ]

Σфакт - Jжбж - ға тең не одан кем көрсеткіштер қосындысы,

n - маусымаралық кезеңге кіретін айлар саны.

Екінші циклдің тағдыры басталмай жатып (2000 жылдың басы) тез арада аяқталумен тынды (2004ж), небәрі 4 жылға созылды. (еске сала өтелік - 2005ж егу басталды) . Осы себепті екінші циклді толық цикл ретінде қарауға болмайды. ҚР-дағы бірінші циклдің тағы бір ерекшелігі оның белсенді (аурудың тенденция сызығының жоғарғы жағы) бөлігі оның төмендеу бөлігінен әлдеқайда қысқа. Циклдің бұл бөлігі 1990-2000 жылдарды қамтиды - әлеуметтік жағдайдың тегіс құлдырауына, адамдар арасындағы қарым-қатынастың күрт төмендеуіне тұспа-тұс келіп тұр.

Иммунологиялық (серологиялық) зерттеулер

Қызамықтың көптеген басқа вирустық инфекциялардан бөлектеп тұратын айырмашылығы - клиникалық белгілерінің көріну тұрақсыздығы. Атап айтқанда дәлдігі өте жоғары, қызамыққа қарсы иммунизация басталмаған дәуірдегі мәліметтер бойынша [ ] қызамықтың манифестілік түрімен жасырын өтетін түрінің ара қатысы балалар арасында 1:1, 2 болса, ересектерде 2:1 мен 1:6 арасында болған. Яғни, ресми тіркеуге ілігетін қызамықпен науқас саны шын мәнінде вируспен инфекцияланғандардан әлдеқайда кем. Бұл орайда, қызамықтың манифестілік және жасырын түрлерін анықтауда тек иммунологиялық (серологиялық) әдістерге сүйенуден басқа амал жоқ.

Иммунологиялық әдістердің басқа лабораториялық тәсілдермен салыстырғанда артықшылығы мол: сезімділігі жоғарғы, ауру қоздырғышына қарсы арнайы түзілген антиденелерді айнытпай табу, қолдану жеңілділігі және арзандығы.

Иммуноферменттік ажырату (ИФА)

ИФА - этиологиялық диагнозды тапжылтпай қойдыратын, соңғы кезде медицина практикасында кеңінен қолданылып жүрген лабораториялық әдіс. Бұл әдістің көмегімен қызамық вирусының әсерімен адам ағзасында өткен уақытта болған және қазір дамып жатқан иммунологиялық өзгерістерді дәл анықтауға болады. Бұл реакцияда ер мен әйел, бала мен ұрық қанындағы қызамық вирусына қарсы түзілген IgG және IgM антиденелері табылады. Реакция бірнеше сатыда жүргізіледі:

Бірінші (ең жауапты) сатыда - жарты сфера түрінде ойылып, түбіне қозғалмастай етіп қызамық вирусының антигені (вирустың өлі денесі) жапсырылған планшеттің әр шұңқырына 90 мкл еріткіш сұйықпен зерттелуі тиіс, адам қанының сарысуы (алдын ала 1:10 сұйылтылған) құйылады. Нәтижесінде зерттелуі тиіс қан сары суы 1:100 дейін сұйылады. Құрамында антиденесі бар (концентрациясы белгілі) К+ және жоқ Кˉ стандартты сарысулар да реакцияға міндетті түрде қатыстырылады.

Планшет 37ºС ұстап тұратын ылғалды камераға 30 мин қойылады. Осы уақытта зерттелетін сарысуда вирусқа қарсы антиденелер болса, олар планшет шұңқырындағы антигенмен байланысады. Экспозиция мерзімі (30мин) біткесін байланысқа түспеген антиденелер бірнеше дүркін жуу арқылы аластатылады.

Екінші саты - антигенмен байланысқа түскен антиденелерді айқындау әр шұңқырға (А-1) басқа адам IgG-ге (не IgM-не) антиденелерді желкек пероксидазасымен біріктірілген 100 мкл коньюгат құю арқылы жүргізіледі. А-1 шұңқырына тек еріткіш құйылады. Экспозиция мерзімі мен температура және байланысқа түспеген коньюгаттан құтылу жолы жоғарыдағыдай.

Үшінші саты - байланысқа түскен коньюгатты анықтау - әр шұңқырға 100 мкл ТМБ (тетраметилбензидин) ерітіндісін қосып, планшетті (стрипті) 25 мин 18-25ºС қараңғы орынға қояды. Реакцияны тоқтату стоп-реагентін тез қосумен жүргізіледі.

Төртінші саты - әр шұңқырдағы қосындының (ерітіндінің) оптикалық тығыздығын бір мезетте спектрофотометрмен анықтау - реакция тоқтатылғаннан кейін 10-15 мин өткесін жасалады. Оптикалық тығыздық (ОТ) жарық сәулесі толқынының 450 нм ұзындығында өлшенді.

Соңғы саты - ОТ нәтижелерін хаттамалау және әрбір зерттелген қан сарысуындағы қызамық вирусына қарсы түзілген IgG, IgM спецификалық антиденелер мөлшерін есептеумен аяқталды. Өз зерттеулерімізде ИФА секілді сезімділігі өте жоғары реакцияны қою барысында төмендегідей шарттардың дұрыс орындалуын қадағаладық:

- реакция сатыларын сақтау,

- стандартталған реагенттерді (планшет оралатын пленкадан ерітінділерге дейін) пайдалану,

- экспозиция мерзімін, температуралық жағдайды, ылғалдылықты, жарық мөлшерін, байланысқа түспеген ингредиенттерден жуу арқылы толық тазарту,

- әр қан сарысуын жеке пипеткамен (ұштық) алу, араластыру,

- әр қойылымда К+, Кˉ сарысуларын үлгі ретінде пайдалану,

- ОТ көрсеткіштерін көзбен қарап салыстыру.

ИФА-ның стандарттылығын сақтау мақсатымен РФ, Новосибирь облысындағы ЗАО «Вектор-Бест» шығарған «ВекторРубелла-IgG стрип» және «ВекторРубелла- IgМ стрип» тест жүйелерін қолдандық (Рубелла-қызамық) . Егер тест-жүйе құрамындағы үлгілік теріс қан сарысуы Кˉ ОТ-0, 250-ден аспаса және үлгілік оң қан сарысуы К+ОТ-0, 700 о. е -ден кем болмаса ғана тест-жүйе көрсеткіштері дұрыс деп саналды. Тексеруден өткен қан сарысуының ОТ зерт ≤ 0, 9 · ОТ крит болған жағдайда нәтиже теріс (қанда IgG не IgМ жоқ) деп бағаланды.

Егер ОТ зерт 0, 9 · ОТ крит пен 1, 1 · ОТ крит аралығын көрсетсе, нәтиже күдікті ретінде бағаланды

Егер ОТ зерт > 1, 1 · ОТ крит көрсетсе, нәтиже оң яғни, қанда IgG не IgМ бар деп есептелді.

Жоғарыдағы ОТ крит спектрофотометрдің ізденістегі заттың (IgG, IgМ) ең аз мөлшерін тіркей алу (қабілетін) шегін көрсетеді. Қажетті жағдайларда бір әйелдің қанын екі не үш рет тексеруге тура келді. Бірінші және екінші рет алынған қан сарысуындағы өзгеріс (Рөзг) мына формула бойынша анықталды:

[ ]

бұндағы ОТ - қан сарысуын алу реттік нөмірі.

Қызамық вирусына қарсы IgG, IgМ антиденелердің мөлшерін (концентрациясын) мына формуламен анықтадық:

[ ]

бұндағы: С-реакцияда қолданылған IgG не IgМ сериясының К+ = МЕ\мл

(флаконда көрсетілген),

К- корреляция коэффициенті (нұсқамада келтірілген) .

Зерттелуге тиіс қанды әйелдің қар венасынан (шынтақ буыны) бір рет қолданылатын шприц арқылы 3-5 мл көлемінде алынды. Қаннан сарысу алу, өңдеу, зерттеу барысы тест-жүйе [ ] және «жұқпалы ауруларды клиника-лабораториялық анықтау» [ ] талаптарына сай жүргізілді.

ПЦР (Полимераздық тізбекті реакция)

Соңғы 30 - 40 жыл турасында медициналық практикада ПЦР әдісі кеңінен қолданыла бастады. ПЦР-дың берері әлі толық анықталмаса да эпидемиологиялық диагностикада маңызы өте зор. Ең бастысы осы әдіспен тез арада этиологиялық, яғни ең басты диагнозды анықтауға қол жеткізеді.

ПЦР-дың басқа диагностикалық реакциялармен салыстырғанда артықшылығы жеткілікті:

- кез келген биологиялық материалды зерттеуге болады,

- ауру қоздырғышын өте ерте - инкубациялық кезеңде де анықтауға мүмкіндік береді,

- созылмалы және реинфекциялар ажыратылады,

- көп жағдайда клиникалық белгілері атипті не жасырын өтетін инфекциялар мен вирус тасымалдаушылықты да ашып бере алады, т. б.

Қызамық инфекциясының манифестілік түріне қарағанда атиптік және симптомсыз формаларының анағұрлым басым екені белгілі. Ал, қызамықтың эпидемиясы кезіндегі оның реинфекциясын анықтауға иммунологиялық (серологиялық) реакциялардың мүмкіндігі жетпейді. Осындай жағдайлар бізді ПЦР-ға жүгінуге мәжбүрледі. Қызамық вирусы үшін ПЦР-дың негізгі сатылары:

- вирусспецификалық кері транскриптазаны алу,

- оны ажыратылған ДНК тінімен қосып, комплементарлық ДНК копияларын алу (30 -дан аса цикл жүргізіледі),

- зерттелетін материалға қосып, амплификаторда ПЦР продуктын шығару және оны дәл анықтау (детекциялау),

- Т. Шакировтың диагностикалық лабораториясында (PCR LabServise) жүкті не босанған қызамыққа күдікті әйелдердің қан плазмасын зерттедік.

2. 4. Зерттелген материалдар мен қолданылған әдістер көлемі

Қызамық инфекциясымен адам, сөзсіз жас кезінде, яғни балалық шағында

ауырып үлгереді. Ал, біздің зерттеулеріміз қызамық жұқпасына қатысты екі бірдей, эпидемиологиялық тұрғыдан ең аз көңіл бөлінетін күрделі обьектілер:

ана мен құрсақтағы ұрық (бала) болғандықтан әлбеттегі эпидемиологиялық әдістермен қатар, соңғы кезде кеңінен тарала бастаған соңғы әдістерді де (ИФА, ПЦР) қолдандық. Олардың көлемі жөніндегі мағлұмат 1 - кестеде беріліп отыр.

1 - кесте

Материалдар мен әдістер көлемі

Материалдар, әдістер
Мерзімі, көлемі
Материалдар, әдістер:

1. Алматы қаласы мен ҚР - да қалыптасқан қыза-

мықпен жалпы сырқаттылықтың эпидемиология-

лық көрсеткіштері Республикалық, Алматы қала-

лық, Алматы аудандық СЭС - терде жинақталған

ресми деректер және өзіміз жинаған эпиданам -

нездер бойынша талданды.

2. Бала туу жасындағы жүкті әйелдер мен жаңа

туылған нәрестелерден вена, жатыр, кіндік қан-

дары алынып, олар қызамыққа цитомегаловирус-

қа, листериозға, токсоплазмозға, ИФА әдісімен

JgM және JgG қарсы денелері анықталды.

3. JgM қорытындысы бойынша күдікті деп санал-

ған жүкті әйелдер мен олардан туылған нәресте -

лердің қан плазмасы ПЦР- да қызамық вирусына

тексерілді.

4. Осы көрсетілген лабораториялық зерттеулерді

жүргізу үшін 415 жүкті әйелден қан жиналды,

олардан сарысу бөлінді. Тәжірибелік топта 215,

бақылау тобында 200 әйел болды.

5. Барлық жиналған материалдар толықтай статис-

тикалық талдаудан өткізілді.

Мерзімі, көлемі:

1980 - 2007 жылдар ресми құжаттар - 120,

өзіміз жинаған эпид -

анамнез - 422.

ИФА - да қызамық JgM, JgG анықтау үшін 726, ал қалған қоздырғыштар үшін 32 реакция қойылды.

ПЦР - да 14 әйел мен нәресте.

2005 - 2007 жылдар

2005 - 2008 жылдар статистиканың 8 - ден астам әдісі пайдаланылды.

Қызамық инфекциясына Алматы қаласына тән кейбір

эпидемиологиялық ерекшеліктері

Көп уақытқа дейін қызамық инфекциясының көптеген клиникалық көріністері әртекті бөртпелер арқылы білінетіндіктен басқа инфекциялардан бөлінбей бірге қаралып келді. Мысал ретінде, қызамық бірқатар медициналық ғылыми және практикалық медициналық басылымдарда «коревая краснуха» деп аталып келді. Келтірілген атау, әрине, шындыққа жараспайды, аздаған клиникалық көріністерінде ұқсастық болғанмен қызамық- бір басқа, қызылша - бір басқа. Әр қайсысының өз қоздырғышы, бөлек патогенезі, біріктіруге не қосуға келмейтін дербес эпидемиологиясы бар.

Қызамық инфекциясының қоздырғышы вирус екенін 1938ж алғашқы дәлелдеген Hiro мен Tasaka ( ) болғанымен көп уақытқа дейін оны таза дақылда бөліп алу (1962ж) мүмкін болмады. 1965ж АҚШ-та басталған эпидемиядан кейін ғана қызамық инфекциясына қажетті көңіл бөліне бастады. Дегенмен Қазақстанда қызамықты дербес ауру ретінде міндетті түрде ресми тіркеу туралы бұйрық тек 1979ж ғана шықты, яғни статистикалық деректер 1980 жылдан бастап пайда болды. Осы моменттен өткен 28 жыл ішінде біз талдағалы отырған Алматы қаласы мен Қазақстан Республикасындағы қызамықтың эпидемия барысы синхронды емес 4 кезеңге бөлуге болады.

I - кесте

Қызамық эпидемия барысы кезеңдері

Кезең
Қазақстан Республикасы
Алматы
жылдар
сырқаттылық ‰ 00
жылдар

сырқаттылық

00

Кезең:

I

II

III

IV

Қазақстан Республикасы:

1980-1990

1991-2000

2001-2004

2005-2007

Алматы:

146, 8

76, 2

156, 2

16, 7

1980-1989

1990-1999

2000-2007

2005-2007

246, 0

100, 2

192, 6

60, 5

1- кестеде келтірілген кезеңдердің эпидемиологиялық ерекшеліктерін, атап айтқанда, қызамықпен сырқаттанушылықтың жылдық қарқындарына (серпініне) және медициналық - әлеуметтік көмектің көлемі мен сапасына орай берілді. Сырқаттылық деңгейі 100 мың адамға шаққандағы орташа интенсивті көрсеткішімен бейнеленді. 2005 жылға дейін қызамыққа тән эпидемиялық процесс өз бетімен, табиғи жағдайда дамығанын ескерсек, салыстырылып отырған екі аумақта қалыптасқан үрдістің айырмашылығын айқын көреміз:

ҚР-да Алматыда

I - кезең 1 : 1, 67

II - кезең 1 : 1, 31

III - кезең 1 : 1, 23

1 : 1, 40

Қызамықпен сырқаттылықтың таралу серпіні барлық 3-кезеңде, әлеуметтік жағдайдың өзгерістеріне қарамастан, табиғи жағдайда Алматы қаласында басым екені айқын - орта есеппен вирустың беріліс механизмі 1, 4 есе тезірек асып отырған.

Қызамықты тіркеу эпидемия барысының табиғи жағдайда (таралуына жасанды тосқауылсыз) өткенімен, оның таралу қарқынында едәуір айырмашылықтар байқалмай қалған жоқ. Эпидемиялық процесс серпіні, құбылмасы республика көлемінде біркелкі баяу дамыды: 100 мың адамға шаққанда ең үлкен көрсеткіш - 219, 4 1986 жылы, ал ең кіші көрсеткіш - 50, 2 1995 жылы байқалды. Алматыда қызамық таралымының жылдық амплитудалары кең және жоғары диапазонда өтіп жатты: ең үлкен сырқаттылық көрсеткіші - 423, 5 1986 жылы, ал ең кіші көрсеткіш - 28, 2 1993 жылы тіркелді. Жоғарыда көрсетілген ең шеткі жылдық көрсеткіштердің алдағы эпидемиологиялық талдауға кері әсерін тигізбеуі үшін қатардан шығарылуға жататын өрескел, ырғушы («выскакивающие») шамаларына әдейі статистикалық талдау жүргіздік. Бұл талдау біз ұсынған эпидемиологиялық кезеңдерге орай жасалды. Әр кезеңнің шеткі көрсеткіштерінің динамикалық қатардан шығарылуын анықтау үшін:

(υ - М) > δ·f

теңсіздігі пайдаланылды [ ] .

V - шеткі көрсеткіш.

М- кезеңдік арифметикалық орта көрсеткіш. δ- орта квадраттық ауытқу.

F- кестелік дайын шама.

Нәтижесінде амплитудалық толқымалары ірі Алматы қаласы бойынша:

кезең υ - М δ·f

I 197, 2 < 250, 6

II 87, 1 < 144, 2

III 60, 2 < 243, 0

барлық кезеңдерде сырқаттылықтың жылдық көрсеткіші динамикалық қатарда қалдырылды. Сырқаттылық көрсеткіштерінің айырмасы бәсең ҚР-да бұл орайда арнайы талдаудың қажеттілігі боған жоқ.

1- сурет

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қызылша инфекциясын емдеу
Неонатология – жаңа туылған нәрестелерді күту туралы ғылым
Балаларда АИТВ- инфекциясын және ЖИТС-ты диагностикалау және емдеудің ХАТТАМАСЫ
Ана құрсағындағы баланың дамуы
Экзантеманың белгілері
Адам онтогенезінің қауіпті кезеңдері, тератогенезді факторлар
Балалар жұқпалы ауруларына кіріспе
Медициналық қалдықтарды басқару
Құрсақішілік герпестік инфекция
Жүйке жүйесінің аурулары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz