Дәлелдемелердің түсінігі және белгілері



КІРІСПЕ 3.5
1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТЕГІ ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕРДІҢ 6
ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ МАҢЫЗЫ
1.1 Дәлелдемелердің түсінігі және маңызы 6.17
1.2 Дәлелдеме теориясы 18.23
2 ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕРДІҢ БЕЛГІЛЕРІ 24
2.1 Дәлелдеменің іске қатыстылығы 24.32
2.2 Дәлелдемелердің жарамдылығы
2.3 Дәлелдемелердің дұрыстылығы және жеткіліктілігі 33.39
3 ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕРДІ САРАЛАУ 43
3.1 Өзіндік және заттай дәлелдемелер 43.44
3.2 Бастапқы және туынды дәлелдемелер 45.46
3.3 Тура және жанама дәлелдемелер 47.52
3.4 Дәлелдеу заты және дәлелдеу шегі 53.60
Қорытынды 61.62
Қолданылған әдебиет тізімі 63.65
Дипломдық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмыста дәлелдемелердің түсінігі мен маңызы, сондай–ақ дәлелдемелердің белгілері, саралау тәртібі мәселелері қарастырылған.
Жұмыстың жалпы өзектілігі. Бүгінгі таңдағы әрбір азаматтың өмір сүріп отырған қоғамының басты бағыты – құқықтық мемлект құру. Құқықтық мемлекетте заңның үстем болатындығы баршамызға белгілі. Конституцияның 14–бабында көрсетілгендей, әрбір адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын, өмірі мен заңды мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз етуде заң үстемдігінің қосар үлесі шексіз [1].
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың « Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты 2009 жылдың 6 нурыздағы халыққа жолдауында «Қылмыспен, сыбайлас жемқорлықпен, алаяқтықпен, заңдардың бұзылуымен табанды да қатал күрес жүргізу керек. Осы қиын кезде біздің азаматтардың, бүкіл қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бәрін де істеу керек», - деп баса көрсетуі кездейсоқтық емес [2]. Осыған орай, қазіргі бүкіл әлемдік экономикалық дағдарыс барысында мемлекеттің беріктігі сынаққа салынып, табанды шаралардың, қылмыстылықпен күрес жүргізу үшін, терең теориялық қажетттілігі айқын болды.
Мемлекеттің ең маңызды міндеті - мемлекеттің азамат алдындағы, ал азаматтың мемлекет алдындағы міндетін қамтамасыз ету. Мемлекеттің алдында тұрған маңызды міндеттері болып қоғамдық және құқықтық тәртіпті сақтау, сот органдарының жұмысын, прокурордың бақылауын, юстиция және ішкі істер жұмысын жақсарту. Еңбек ұжымдарды, қоғамдық ұйымдарды қолдау, қуаттауын пайдалана отырып, мемлекеттік органдар мемлекеттік меншікті, жеке адамның меншігін сақтау үшін барлық күш жігерін салу қажет. Қылмыспен қатаң күрес жүргізе отырып, құқықты бұздырмау үшін алдын-алу қажет.
Қылмысты ізге түсу органдары мен соттың қылмыстық іс жүргізу барысындағы міндеттеріне қылмысты тез арада және толық ашу, қылмыс жасаған адамды анықтап, оны әшкерелеу, кінәлі адамды қылмыстық жауапкершілікке тарту, заңның дұрыс қолданылуын қамтамасыз ету, қылмыстың алдын алу жатады.
Қылмыстық істің мән-жайын жетік білу шарт, әйтпесе әрбір істің соңында адам тағдыры тұр. Дұрыс шешімін таппаған үкім, кінәсіз адамның жанын жазалап, орны толмас өкінішке ұсындырары хақ.
Қылмысты ашу және тергеу барысында, сотта іс қарау барысында дәлелдемелер жинақталып, олар обьективті түрде, толық және жан-жақты зерттеліп, бағаланудың негізінде соттың үкімінің негізіне салынады.
Сондықтан дәлелдемелер мәселесі, дәлелдемелердің белгілері мен түрлері мәселелері қылмыстық іс жүргізудің негізгі мәселелерінің қатарына жатады және де бұл таңдалған тақырыптың өзектілігін айқындайды.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы: “ Жеті Жарғы ” 2008 – 37 бет
2. “Дағдарыстан жаңару мен дамуға” атты ҚР- нің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауы, 6 наурыз 2009 жыл. // Справочная правовая система “Юрист”
3. Философский энциклопедический словарь. М., 1983. С. 580
4. Трусов А. И. Основы теории судебных доказательств. М., 1960. С. 430.
5. Белкин Р. С. Собирание, исследование и оценка доказательств. М., 1966. С. 240.
6. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі Алматы Юрист 2007 ж 49 б.
7. Төлеубекова Б.Қ. Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу құқығы. Жалпы бөлім. – Алматы, Жеті Жарғы 2000. 48 бет
8. Словарь основных уголовно-процессуальных понятий и терминов. Ка-раганда, 1992. С. 128
9. Молдабаев С.С. Концептуальные, материальные и процессуальные основания преодоления воинской преступности в Республике Казахстан. – СПб.: Издательство С.-Петербургского университета, 2004. с 257
10. Строгович М. С. Курс советского уголовного процесса. М., 1968. Т. 1. С. 288-289.
11. Фаткуллин Ф. Н. Общие проблемы процессуального доказывания. Казань, 1976. С. 320
12. Матвиенко Е. А, Уголовный процесс Белорусской ССР. Минск, 1979. С. 132.
13. Карнеева Л. М. Доказательства и доказывание при производстве рас-следование. Горький, 1977. С. 240.
14. С.С.Алексеев, теоретические проблемы системы советского права, М., 1966. С 171
15. Горский Д.П, Проблемы общей методологии наук и диалектической логики, М.,1966 С 11
16. Курылев С.В. Основы теории доказывания в советском правасудии, Минс 1969. С 98
17. Недбайло П.Е. Применение советских правовых норм. М., 1960, С 97
18. “ Общая теория советского права ” М., 1966 С 170
19. Селиванов Н. А. Вещесгвенные доказательява. М., 1971. С. 212.
20. Дорохов В. Я. Протоколы следственных и судебных действий как ввды доказательств //Сов. гос. и право. 1979. №13. С. 120.
21. Арсеньев В. Д. Вопросы общей теории судебных доказательств. М., 1964. С. 104.
22. Мотовиловкер Я. О. "О допуспшости средств доказывания и достоверносги доказательств в советском уголовном процессе//Актуальные проблемы доказывания в оов. уголовном процессе. М., 1981. С. 120.
23. Трусов А. И. О допустимости и относимости доказательсгв //Сов. юспщии. 1990. № 14. С. 120
24. Каз Ц. М. Доказательства в советском уголовном процессе. Саратов, 1960. С. 120.
25. Михайловская И. Б. Относимость доказательств в советском уголов-ном процессе//Сов. гос. иправо, 1958. №12. С. 120.
26. Шейфер С. А. Супщость и способы собирания доказательств в советском уголовном процессе. М., 1972. С. 256
27. Орлов Ю. К. Спорные вопросы классификации доказательств // Акту-альные проблемы доказывания в советском уголовном процессе. М., 1981. С 120
28. С.И. Ожегов, словарь русского языка, М., 1952, стр. 149-150
29. И.Д. Перлов, Судебное следствие в советском уголовнои процессе, М., 1955, стр.51
30. Г.М. Резник автореферат кандидатской диссертации “ Оценка доказательств по внутреннему убеждению в советском уголовном процессе” М., 1969, стр. 5
31. Р.С. Белкин и А.И. Винберг ( Кримналистика и доказывание, М., 1969, стр. 181)
32. УПК РСФСР 1932 г.
33. “ Научно-практический комментарий УПК РСФСР ” М., 1970, стр. 108
34. “ Бюллетень Верховного Суда СССР” 1967,№ 4, стр.11
35. С.П. Голубятников, М., 1965, стр.5
36. Ф.М. Кудин , Свердловск 1967, стр 14
37. Р.Д. Рахунов “Ученые записки ВИЮН” вып. 10 М., 1959, стр. 236
38. В.Д. Попытка “вопросы борьбы с преступностью по советскому законодадельству ” , Иркутск 1969, стр. 92-94
39. Хмыров А. А. О классификации косвенных доказательств //Вопросы борьбы с пресгупносіъю. Вып. 32.М., 1980. С. 220.
40. Кокарев Л.Д., Кузнецов А.И., Уголовный процесс: доказательства и доказывание В., 1995г- 420 с
41. Евгеньев М. Е. Методика и техника расследования преступлений. Киев., 1940. С.120
42. Миньковский Г. М. К вопросу о понятии косвенных доказательств в со-ветскомуголовномпроцессе.//УченыезапискиВИЮН, вып. 4. М., 1955. С. 107.
43. Горский Г. Ф., Кокорев Л. Д., Элькивд П. С. Проблемы доказательств в советском уголовном процессе. Воровеж, 1978. С. 240
44. Ожегов С. И. Словарь русского языка. М., 1983. С.820
45. Вышинский А. Я. Теория судебных доказательств в советскбм праве. М., 1946. С. 229.
46. Горский Г. Ф., Кокорев Л. Д., Элькинд П. С. Проблемы доказательств. СПб. С- 104.
47. Горский Г. Ф., Кокорев Л. Д., Элькинд П. С. Воровеж, 1978 стр. 240
48. Кобликов А. С. Актуальные проблемы доказывания в советском уго-ловномпроцессе. М., 1981. С. 126
49. Банин В. А. Предмет доказывания в советском уголовном процессе.
Саратов, 1981. С. 226
50. Михеенко М. М. Доказывание в советском уголовном судопроизвод-стае. Киев, 1984. С. 399.
51. Халиков К. X. Проблемы судебной власти в Республике Казахстан
(теоретическое и уголовно-процессуальное исследование): Дис. д-ра юрид. наук. — Алматы, 1998. 319 с.
52. Ерешов Е Қылмыстық істер жүргізу құқығы Алмты Жеті жарғы 2000 ж 420 б
53. Банин В. А. Предмет доказывания в советском уголовном процессе. стр. 155
54. Новиков А,И, Теория доказательств в уголвном процессе Алматы данекер 2002. 420 стр
55. Ахпанов Л. Н. Проблемы уголовно-процессуального принуждения в
стадии предварительного расследования. — Алматы, 1997. 176 с.
56. Б.Х.Толеубекова. Уголовно-процессуальное право РК Алматы, 1998 стр. 420

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Заң факультеті

Сот билігі және қылмыстық іс жүргізу кафедрасы

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Дәлелдемелердің түсінігі және белгілері

Орындаушы
күндізгі бөлімнің
4-курс студенті

Ғылыми жетекші
з.ғ.к, доцент
Нуралиева А.С.

Нормабақылаушы
з.ғ.к, доцент
Шарипов Ш.М.

Қорғауға жіберілді

кафедра меңгерушісі
з.ғ.д., профессор
Алауханов Е.О.

Алматы, 2009

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
3-5

1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТЕГІ ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕРДІҢ 6
ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ МАҢЫЗЫ

1. Дәлелдемелердің түсінігі және маңызы
6-17
1.2 Дәлелдеме теориясы
18-23

2 ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕРДІҢ БЕЛГІЛЕРІ
24

2.1 Дәлелдеменің іске қатыстылығы
24-32
2.2 Дәлелдемелердің жарамдылығы
2.3 Дәлелдемелердің дұрыстылығы және жеткіліктілігі
33-39

3 ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕРДІ САРАЛАУ
43

3.1 Өзіндік және заттай дәлелдемелер
43-44
3.2 Бастапқы және туынды дәлелдемелер
45-46
3.3 Тура және жанама дәлелдемелер
47-52
3.4 Дәлелдеу заты және дәлелдеу шегі
53-60

Қорытынды
61-62

Қолданылған әдебиет тізімі
63-65

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмыста дәлелдемелердің
түсінігі мен маңызы, сондай–ақ дәлелдемелердің белгілері, саралау тәртібі
мәселелері қарастырылған.
Жұмыстың жалпы өзектілігі. Бүгінгі таңдағы әрбір азаматтың өмір сүріп
отырған қоғамының басты бағыты – құқықтық мемлект құру. Құқықтық мемлекетте
заңның үстем болатындығы баршамызға белгілі. Конституцияның 14–бабында
көрсетілгендей, әрбір адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының
сақталуын, өмірі мен заңды мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз етуде заң
үстемдігінің қосар үлесі шексіз [1].
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Дағдарыстан
жаңару мен дамуға атты 2009 жылдың 6 нурыздағы халыққа жолдауында
Қылмыспен, сыбайлас жемқорлықпен, алаяқтықпен, заңдардың бұзылуымен
табанды да қатал күрес жүргізу керек. Осы қиын кезде біздің азаматтардың,
бүкіл қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бәрін де істеу керек, -
деп баса көрсетуі кездейсоқтық емес [2]. Осыған орай, қазіргі бүкіл әлемдік
экономикалық дағдарыс барысында мемлекеттің беріктігі сынаққа салынып,
табанды шаралардың, қылмыстылықпен күрес жүргізу үшін, терең теориялық
қажетттілігі айқын болды.
Мемлекеттің ең маңызды міндеті - мемлекеттің азамат алдындағы, ал
азаматтың мемлекет алдындағы міндетін қамтамасыз ету. Мемлекеттің алдында
тұрған маңызды міндеттері болып қоғамдық және құқықтық тәртіпті сақтау, сот
органдарының жұмысын, прокурордың бақылауын, юстиция және ішкі істер
жұмысын жақсарту. Еңбек ұжымдарды, қоғамдық ұйымдарды қолдау, қуаттауын
пайдалана отырып, мемлекеттік органдар мемлекеттік меншікті, жеке адамның
меншігін сақтау үшін барлық күш жігерін салу қажет. Қылмыспен қатаң күрес
жүргізе отырып, құқықты бұздырмау үшін алдын-алу қажет.
Қылмысты ізге түсу органдары мен соттың қылмыстық іс жүргізу барысындағы
міндеттеріне қылмысты тез арада және толық ашу, қылмыс жасаған адамды
анықтап, оны әшкерелеу, кінәлі адамды қылмыстық жауапкершілікке тарту,
заңның дұрыс қолданылуын қамтамасыз ету, қылмыстың алдын алу жатады.
Қылмыстық істің мән-жайын жетік білу шарт, әйтпесе әрбір істің соңында
адам тағдыры тұр. Дұрыс шешімін таппаған үкім, кінәсіз адамның жанын
жазалап, орны толмас өкінішке ұсындырары хақ.
Қылмысты ашу және тергеу барысында, сотта іс қарау барысында дәлелдемелер
жинақталып, олар обьективті түрде, толық және жан-жақты зерттеліп,
бағаланудың негізінде соттың үкімінің негізіне салынады.
Сондықтан дәлелдемелер мәселесі, дәлелдемелердің белгілері мен түрлері
мәселелері қылмыстық іс жүргізудің негізгі мәселелерінің қатарына жатады
және де бұл таңдалған тақырыптың өзектілігін айқындайды.
Тақырыптың өзектілігі, сонымен қатар, 1997-жылдың 13-желтоқсанында
қабылданған Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде
дәлелдемелер және дәлелдеу мәселелерінің жаңаша көрініс табуымен де
байланысты.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Дипломдық жұмысты орындау барысында заң
ғылымы саласындағы белгiлi ғалымдардың – Арсеньев В.Д., Алексеев Н.С.,
Белкин Р.С., Дорохов В.Я., Кокорев Л.Д., Трусов А.И., Новиков А.И., Лузгина
И.М., Строгович М.С., Төлеубекова Б.Қ., Карнеева Л.М., Ерешев Е.Е.,
Кенжебекова Э.П. және т.б. ғалымдардың еңбектері қолданылды.
Жұмыстың мақсаты – қылмыстық іс жүргізудегі дәлелдемелердің маңызын,
мәнін анықтау.
Жұмыстың міндеттері :
• Дәлелдемелердің түсінігі және белгілерін жан–жақты зерттеу;
• Дәлелдемелерді саралау мәселесін қарастыру ;
• Дәлелдеу заты және дәлелдеу шегін анықтау.
Зерттеу объектісі. Қылмыстық іс жүргізудегі дәлелдемелердің алатын орны,
дәлелдемелердің түсінігі мен белгілері, дәлелдемелердің түрлеріне
байланысты теориялық зерттеулер, дәлелдемелер, олардың қайнар көздері,
дәлелденуге тиіс мән-жайлар және дәлелдеу процесі ережелеріен қамтитын
қылмыстық іс жүргізу құқығының нормалары, дәлелдемелерді жинауды,
зерттеуді, бағалауды және пайдалануды жүзеге асыратын қылмыстық ізгее түсу
органдары мен соттың қызметі дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі болып
табылады.
Зерттеудің ғылыми-әдістемелік базасын жалпы философиялық әдістер,
статистикалық, логикалық, салыстырмалы-құқықтық және басқа арнайы құқықтық
әдістер құрайды.
Зерттеудің тәжірибелік маңызы. Бұл дипломдық жұмыста зерттеліп отырған
мәселелердің теориялық та, тәжірибелік те маңызы өте зор. Дәлелдемелерді
заң талаптарына сай жинау және зерттеу, оларды қолдану барысында
азаматтардың осы тұрғыдағы құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын
қамтамасыз ету қазіргі заманғы Қазақстан Ресрубликасының құқық қорғау
органдарының алдында тұрған міндетеріне жатады.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Диплом жұмысының құрылымы зерттеудің
мақсатына және алдына қойылған міндеттеріне сәйкес келеді.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, тоғыз тараушаны қамтитын үш тараудан,
қорытындыдан және қолданрылған әдебиет тізімінен тұрады. Бірінші тарауда
дәлелдемелердің түсінігі мен маңызы ашып көрсетілген. Екінші тарауда
дәлелдемелердің белгілері анықталып, дәлелдеменің әр бәр белгісіне
сипаттама берілген. Мұнда дәлелдемелердің іске қатыстылығы, дәлелдемелердің
жарамдылығы, дәлелдемелердің дұрыстылығы мәселелері қарастырылған. Жұмыстың
үшінші бөлімі дәлелдемелерді саралау тәртібі мен дәлелдеу заты және
дәлелдеу шегіне арналған.
Дипломдық жұмыстың қорытындысында жүргізілген зерттеудің нәтижелері
тұжырымдалған.

1 Қылмыстық процестегі дәлелдемелердің түсінігі
және маңызы

1. Дәлелдемелердің түсінігі және маңызы

Дәлелдеме ұғымының екі жақты сипаты болады: а)тектік сипаты (философиялық
ұғым); ә) түрлік сипаты (процессуалдық ұғым).
Философия көзқарасы тұрғысынан дәлелдеме дегеніміз — шындықты анықтаудың
процесі, пайымдаудың шынайылығын негіздеу. Кең мағынасындағы "дәлелдеме"
қандай да бір пайымдаудың шынайылығын айқындайтын кез келген рәсім, бұл
кейбір қисынды анықтау, сондай-ақ кейбір табиғи құбылыстар мен заттарды
сезім арқылы қабылдау жолымен жүзеге асады. Тар мағынасында — бұл шынайы
алғы шарттардан дәлелденетін тезистерге бастайтын дұрыс ой
қорытындыларының тізбегі [3.C.580].
Сонымен, философиялык түсінік дәлелдемені екі мағынада камтиды:
а) дәлелдеме - шыңдықты анықтаудың процесіндегі әдіс;
ә) дәлелдеме — тану мен бағалаудың статистикалық объектісі.
Қылмыстық іс жүргізу құқығы үшін статистикалық объект деген дәлелдеме
ұғымының екінші мағынасына тән, қылмыстық сот ісін жүргізу шеңберіндегі
өзгеше қызмет түрі ретінде шындықты анықтау процесінің өзі "дәлелдеу"
терминімен белгіленеді, оның мақсаты туралы дербес тарауда айтылады.
"Дәлелдеме" ұғымының қылмыстық іс жүргізуінің мәнін формальды қисынмен
жұмыс істейтін анықтаудан ажырата отырып, А. И. Трусов былай деп жазды:
"...Сот дәлелдеуде жалаң ойлармен ғана емес, ең әуелі фактілермен жұмыс
істейді" [4.C.430].
Әрі қарай А. И. Трусов соттық дәлелдемелердің мынадай негізгі белгілерін
негіздейді:
1) соттық дәлелдер іс жүзіндегі деректерді білдіреді;
2) жалпы кез келген іс жүзіндегі деректер сотгық дәлелдемелер болып
танылмайды, нақты көмегімен жағдайды айқындауға септігі, қылмыстык істі
дұрыс шешу үшін маңызы барлары ғана соттық дәлелдемелер бола алады;
3) соттық дәлелдемелер арқылы заңда көзделген кылмыстық іс жүргізушілік
нысандарда, яғни белгілі бір тәртіптен фактілер анықталады немесе жокқа
шығарылады .
Р. С. Белкиннің пікірі бойынша "жинақталған, зерттелген және бағаланған
дәлелдемелер дәлелдеудің, яғни шындықты анықтаудың мақсатына қол жеткізудің
құралы ретінде қызмет етеді [5.C.240].
Қылмыс бойынша алдын ала тергеуді жүзеге асырушы субъектілер (№ 1-ші
кесте): анықтаушы, тергеуші, прокурор, сот ҚР ҚІЖК-де белгіленген
тәртіппен ҚР Қылмыстық кодексінде көзделген әрекеттердің болғандығын немесе
болмағандығын, айыпталушының бұл әрекетті жасағандығын немесе
жасамағандығын және айыпталушының кінәлілігін не кінәлі емес екендігін,
сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін маңызы бар өзге де мән-жайларды анықтайтын
заңды түрде алынған іс жүзіндегі деректер қылмыстық іс бойынша дәлелдемелер
болып табылады [6.C.49].
Қылмыстық істі дұрыс шешу үшін маңызы бар іс жүзіндегі деректер
сезіктінің, айыпталушының, жәбірленушінің, куәнің жауаптарымен; сарапшының
қорытындысымен; заттай дәлелдемелермен; іс жүргізу әрекеттерінің
хаттамаларымен және өзге де құжаттармен анықталады.
Іс жүзіндегі деректер, егер олар ҚР ҚІЖК-де беогіленген талаптарды бұза
отырып, процеске қатысушыларды олардың заңмен кепілдік берілген
құқықтарынан айыру немесе оларды қысу жолымен немесе қылмыстық процестің
өзге де ережелерін бұзумен, оның ішінде:
1) қинау, күш қолдану, қорқыту, алдау, сонымен бірге өзге де заңсыз іс-
әрекеттер арқылы;
2) оларға түсіндірмеудің, толық немесе дұрыс түсіндірмеудің салдарынан
туындаған қылмыстық процеске қатысушы адамдардың өз құқықтары мен
міндеттеріне қатысты жаңылуын пайдалану арқылы;
3) Іс жүргізу іс-әрекетін осы қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді жүзеге
асыруға құқығы жоқ адамның жүргізуіне байланысты;
4) Іс жүргізу іс-әрекетіне қарсылық білдіруге жататын адамның қатысуына
байланысты;
5) белгісіз көзден, не сот отырысында анықтама алмайтын көзден;
6) дәлелдеу барысында осы заманғы ғылыми білімге қайшы келетін әдістерді
қолдану арқылы алынып, олар істі тергеу немесе сотта қарау кезінде алынған
іс жүзіндегі деректердің дұрыстығына ықпал етсе немесе ықпал ету мүмкінді
болса, дәлел ретінде пайдалануға жол берілмейді деп танылуы тиіс.
Қылмыстық іс бойынша іс жүргізу кезінде іс жүзіндегі деректерді
дәлелдеме ретінде пайдалануға жол бермеушілікті, сондай-ақ оларды шектеп
пайдаланудың мүмкіндігін өз бастамашылығы бойынша немесе тараптардың
өтініші бойынша процесті жүргізуші орган белгілейді [7,48].
Егер бұлар қылмыстык іс материалдарының түгендеу тізіміне кіргізілмесе,
сезіктінің, айыпталушының, жәбірленушінің және куәнің жауаптарын,
сарапшының қорытындысын, заттай айғақтарды, тергеу және сот іс-
әрекеттерінің хаттамаларын және өзге де құжаттарды айыптаудың негізіне
жатқызуға болмайды. Куә ретінде алдын ала жауап алу барысында сезікті,
айыпталушы берген айғақтар дәлелдер ретінде танылмайды және айыптау негізі
алынбайды.
Заңды бұзу арқылы алынған дәлелдемелер заңдық күші жоқ деп танылады
және айыптаудың негізіне жатқызыла алмайды.
Қылмыстық іс бойынша дәлелдеуге :
1) оқиға мен қылмыстық заңда көзделген қылмыс құрамының белгілері (қылмыс
жасалу уақыты, болған жері, әдісі және басқа да мән-жайлары);
2) қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекетті кімнің жасағандығы;
3) адамның қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекетті жасаудағы кінәлілігі,
оның кінәсінің нысаны, жасалған әрекеттің себеп-дәлелдері, заңдық және іс
жүзіндегі қателіктер;
4) айыпталушының жауаптылығының дәрежесі мен сипатына әсер ететін мән-
жайлар;
5) айыпталушының жеке басын сипаттайтын мән-жайлар;
6) жасалған қылмыстың зардаптары;
7) қылмыспен келтірілген зиянның сипаты мен мөлшері;
8) әрекеттің қылмыстылығын жоққа шығаратын мән-жайлар;
9) қылмыстық жауаптылық пен жазадан босатуға әкеп соқтыратын мән-жайлар
жатады.
Кәмелетке толмаған адам жасаған қылмыстар туралы іс бойынша
дәлелдеуге жататын қосымша мән-жайлар :
1) кәмелетке толмағанның жасы (туған күні, айы, жылы);
2) кәмелетке толмағанның тұрмысы мен тәрбие жағдайы;
3) интеллектуалдық, ерік-жігерінің және психикалық даму дәрежесі, мінезі
мен тегеу ерекшеліктері, мұқтаждары мен мүдделері;
4) кәмелетке толмағандарға ересек адамдар мен басқа да кәмелетке толмаған
ықпалы анықталуға тиіс.
Қылмыс жасауға ықпал етуші мән-жайлар да қылмыстық іс бойынша
анықтауға жатады.
Егер тиісті құқықтық рәсімдердің шеңберінде керісінше дәлелденбесе,
мына мән-жайлар:
1) жалпыға белгілі фактілер;
2) осы заманғы ғылымда, техникада өнерде, кәсіпте жалпы қабылданған
зерттеу әдістерінің дұрыстығы;
3) заңды күшіне енген соттың шешімімен белгіленген мән-жайлар;
4) адамның заңды білуі;
5) адамның өзінің қызметтік және кәсіби міндеттерін білуі;
6) олардың бар екендігін растайтын құжатты ұсынбаған және ол арнаулы
даярлы немесе білім алған оқу орнын немесе басқа да мекемені көрсетпеген
адамда арнаулы даярлықтың немесе білімнің болмауы дәлелсіз анықталған болып
саналады.
Сезіктінің, айыпталушының, жәбірленушінің, куәнің жауаптары — ҚР ҚІЖК-
нің 26-тарауында белгіленген тәртіппен анықтау немесе алдын ала тергеу
процесінде жауап алуда олар жазбаша немесе ауызша нысанда хабарланған
мәліметтер (Кесте № 2).
Сезікті өзіне қарсы туып отырған сезік жөнінде, сондай-ақ іс бойынша
маңызы бар өзіне белгілі өзге де мән-жайлар мен дәлелдемелер туралы
айғақтар беруге құқылы.
Айыпталушы өзіне тағылған айыптау бойынша, сонымен бірге іс бойынша
маңызы бар, өзіне белгілі өзге де мән-жайлар мен дәлелдемелер жөнінде
айғактар беруге құқылы.
Айыпталушының қылмыс жасаудағы өзінің кінәсін мойындауы оның кінәлілігі
балама дәлелдемелердің жиынтығымен расталған кезде қана айыптау негізіне
жатқызылуы мүмкін
Жәбірленушіден іс бойынша дәлелдеуге жататын кез келген мән-жайлар
туралы сондай-ақ сезіктімен, айыпталушымен, басқада жәбірленушілермен,
куәлермен өзінің өзара қарым-қатынасы туралы жауап алынуы мүмкін. Егер ол
өзінің хабардарлығының көзін көрсете алмаса, жәбірленуші хабарлаған мәлімет
дәлелдеме бола алмайды [8.C.78].
Куәдан кез келген іске қатысты мән-жайлар туралы, оның ішінде
айыпталушынының жәбірленушінің жеке басы туралы, өзінің олармен және басқа
да куәлармен өзара қатынасы туралы жауап алынуы мүмкін. Егер ол өзінің
хабардарлығының көзін көрсете алмаса, куә хабарлаған мәлімет дәлел бола
алмайды. Куә ретінде жауап алуға жатпайтын адамдарды хабарлауы дәлел болып
табылмайды.
Айыпталушының жеке басына сипаттама беретін деректер туралы айғақтар
айыптаудың негізіне жатқызыла алмайды және дәлел ретінде жаза тағайындаумен
немесе жазадан босатумен байланысты мәселелерді шешу үшін ғана
пайдаланылады.
ҚР ҚІЖК-де белгіленген тәртіппен жауап алу кезінде қылмыстық іс үшін
маңызы бар мән-жайларды дұрыс қабылдауға немесе ұғынуға қабілетсіз деп
танылған адамның айғақтары дәлелдеме болмайды [6.C.85].
Сарапшының қорытындысы — ҚР ҚІЖК-те көзделген жазбаша нысанда ұсына
алған, қылмыстық процесті жүргізуші орган немесе тараптар сарапшының алдына
қойған мәселелер бойынша ҚР ҚІЖК-тің 248-бабына сәйкес, заттай дәлелдер,
құжаттар, адамның денесі психикалық ахуалы, мәйіттер, жануарлар, үлгілер,
сондай-ақ қылмыстық іс материалдарындағы сараптама нысанасына жататын
мәліметтер сараптама объектілері болып табылады. Сараптамалық зерттеу
объектілерінің дәлдігі мен оларға жол берілетініне сараптаманы тағайындаған
орган кепілдік береді. Сараптамалық зерттеу объектілері, егер олардың
көлемі мен қасиеттері мүмкіндік берсе, сарапшыға буып-түйілген және мөрмен
бекітілген күйінде беріледі. Басқа жағдайларда сараптаманы тағайындаған
адам сарапшыны зерттеу объектілері орналасқан жерге жеткізуді, оларға
бөгетсіз қол жеткізуді және зерттеу жүргізу үшін қажетті шарттарды
қамтамасыз етуге тиіс. Көрсетілген объектілерді зерттеуде арнайы ғылыми
білімін пайдалана отырып жүргізілген нәтижелерге негізделген қорытындылар.
Қорытындыда сарапшы зерттеу кезінде қолданған әдістер, қойылған
мәселелерге жауаптардың негіздемесі, сондай-ақ іс үшін маңызы бар және
сарапшының өз бастамашылығы бойынша анықталған мән-жайлар көрсетіледі.
Сарапшының ауызша түсініктемесі ол бұрын берген қорытындыны түсіндіруі
бөлігінді ғана дәлел болып табылады. Сарапшының қорытындысы қылмыстық
процесті жүргізуші орган үшін міндеті болып табылмайды, алайда оның
қорытындымен келіспеушілігі дәлелді болуы тиіс.
Егер оларға қылмыс қаруы болды деп ойлауға негіз болса, немесе өзінде
қылмыстық ізі сақталып қалса, немесе қылмыстық әрекеттің объектісі болса,
сондай-ақ ақша мен өзге де бағалы заттар, қылмысты анықтауға, істің іс
жүзіндегі мән-жайын белгілеуге, кінәлілер: табуға не айыпты жоққа шығаруға
немесе жауаптылығы жеңілдетуге құрал болуы мүмкін басқа да заттар мен
құжаттар заттай дәлелдемелер деп танылады.
ҚР ҚІЖК-нің көзделген жағдайлар бойынша заттай дәлелдерді тексеру және
сақтау негіздері.
Оқиға болған жерді тексеру кезінде жерді немесе үй-жайды тінту, шығарып
алу, тергеу эксперименті немесе басқа тергеу іс-әрекеті кезінде алынған не
тергеушінің талап етуі бойынша ұйымдар және азаматтар берген заттар
міндетті түрде тексеру жүргізіледі. Тексеру бұған қажеттілік пайда болған
кезде, әдетте, кейінге қалдырылмай жүргізіледі. Қылмысты ашу үшін тергеу
талап етілетін қылмыс туралы арыз немесе хабар алғаннан кейін тергеуші
оқиға болған жерге дереу келіп, тексеру жүргізуге тиіс [9.C.257].

Тергеуші уақытында келе алмайтын жағдайда тексеруді анықгаушы немесе арыз
немесе хабар келіп түскен анықтау органының лауазымы жағынан жоғары
қызметкері жүргізеді. Анықтау органының қызметкерлері тексеру жүргізген
кезде жәрдемдесуге және тергеушінің тапсырмасы бойынша оқиға болған жерді
күзету, көрген адамдарды анықтау, қылмыс жасаған адамдарды анықтау және
ұстау, зардап шеккендерді көшіру, қаза болғанарды тасымалдау, жалғасып
жатқан қылмыстардың жолын кесу және олардың қайталануының алдын алу,
оқиғаның өзге зардаптарын жою жөніндегі қажетті шараларды жүргізуге
міндетті. Тексеру куәларды қатыстыра отырып жүргізіледі. Айрықша
жағдайларда (баруы қиын жерлерде, тиісті қатынас құралдары болмағанда
немесе басқа объективті себептерге байланысты азаматтарды куә ретінде тарту
мүмкін болмаған кезде, сондай-ақ тексеру жүргізу адамдардың өмірі мен
денсаулығына қауіп төндірумен байланысты болса) тексеру куәлерді
қатыстырмай, бірақ бұл ретте, әдетте, оның барысы мен нәтижелерін бекітудің
техникалық құралдарын қолдану арқылы жүргізілуі мүмкін.Қажет болған
жағдайда тексеру сезіктінің, айыпталушының, жәбірленушінің, куәнің, сондай-
ақ маманның қатысуымен жүргізіледі. Байқалған іздерді және өзге де
материалдық объектілерді тексеру тергеу іс-әрекеті жүргізілетін жерде
өтеді. Егер тексеруге ұзақ уақыт қажет болса немесе қылмыс анықталған жерде
тексеру елеулі түрде қиын болса, объектілер ол жерден алынып, буып-түйіліп,
мөрмен бекітіліп және бүлінбеген күйде тексеруге ыңғайлы басқа жерге
жеткізілуге тиіс. Тексеру кезінде анықталғанның және алынғанның бәрі
куәгерлерге басқа да тексеруге қатысушыларға көрсетілуі тиіс, бұл туралы
хаттамада белгі жасалады. Іске қатысы бар объектілер ғана алынуға жатады.
Алынған объектілер буып-түйіледі, мөрмен бекітіледі және тергеуші мен
куәгерлердің қол қоюы арқылы расталады. Тексеруге қатысушы адамдар
тергеушінің назарын өз пікірлерінше істің мән-жайын анықтауға ықпал ететін
жәйттің бәріне аударуға құқылы. Қажет болған жағдайларда тексерілетін
объектілерге өлшеу жүргізіліп, олардың жоспарлары мен схемалары жасалады,
сондай-ақ суретке түсіру және өзге құралдармен бейнелеу жүргізіледі, бұл
туралы хаттамада белгі қойылып, оған аталған материалдар қоса
тігіледі.Тұрғын үйді тексеру тек онда тұратын кәмелетке толған адамдардың
келісімімен немесе прокурордың санкциясымен ғана жүргізіледі. Егер онда
тұратын адамдар кәмелетке толмағандар болса немесе психикалық немесе өзге
ауыр науқастан зардап шегетіні белгігі болса немесе тексеруге қарсы болса,
тергеуші прокурордың санкциясы алынуға тиіс мәжбүрлеп тексеру туралы қаулы
шығарады.
Егер оқиға тұрғын үйде болса және оны тексеруді кейінге қалдыруға
болмаса, онда тұрғын үйді тексеру тергеушінің қаулысы бойынша жүргізілуі
мүмкін, бірақ кейін оның заңды екенін тексеру үшін жүргізілген тексеру
туралы бір тәулік мерзімде прокурорға хабарланады. Аталған хабарды алғаннан
кейін прокурор тексерудің заңды екенін тексереді және оның заңды немесе
заңсыз екені туралы қаулы шығарады. Тексерудің заңсыз екені туралы шешім
қабылданған жағдайда бұл іс-әрекет іс бойынша дәлел ретінде жіберіле
алмайды. Тұрғын үйді тексеру кезінде онда тұратын кәмелетке толған адамның
болуы қамтамасыз етілуге тиіс. Оның қатысуы мүмкін болмаған жағдайда
жергілікті атқарушы органның өкілдері шақырылады. Ұйымның үй-жайлары мен
аумағындағы тексеру олардың әкімшілік өкілдерінің көзінше жүргізіледі.
Дипломатиялық өкілдіктер орналасқан үй-жайлардағы, сондай-ақ дипломатиялық
өкілдіктердің мүшелері мен олардың отбасылары тұратын үй-жайларды тексеру
тек дипломатиялық өкілдік басшысының немесе оның орнындағы адамның өтініші
бойынша немесе олардың келісімімен және олардың көзінше жүргізіледі.
Дипломатиялық өкілдің келісіміне Қазақстан Республикасының Сыртқы істер
министрлігі арқылы сұрау салынады. Тексеру жүргізілген кезде прокурордың
және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі өкілінің қатысуы
міндетті. Егер әлде бір себептер бойынша бірінші тексеруге объектінің
бөліктері зерттелмеген болса, оларды қосымша тексеру жүргізілуі мүмкін. Бір
объектіні қайталап тексеру:
1) бастапқы тексерудің жағдайы объектіні тиімді тану үшін қолайсыз болған
жағдайда;
2) бастапқы тексеруден кейін жаңа мәліметтер алынуы мүмкін болған
жағдайда;
3) бастапқы тексеру сапасыз жүргізілген жағдайда жүргізіледі.
Қылмыс ізін, өзге материалдық объектілерді анықтау, сондай-ақ іс үшін
маңызы бар жағдайларды айқындау мақсатында тергеуші, ал ол жоқ болған
жағдайда анықтаушы немесе қылмыс туралы арыз немесе хабар түскен анықтау
органының лауазымы жағынан жоғары қызметкері жерді, үй-жайларды, заттарды,
құжаттарды, көзі тірі адамдарды, мәйіттерді, жануарларды тексереді.
Тексеруді жүзеге асыратын адамның нұсқаулары сол тергеу іс-әрекетіне
қатысушылардың барлығы үшін міндетті. Қылмыстық істі қозғау туралы шешім
шығару тексеруді жүргізбейінше мүмкін болмайтын жағдайларда ол қылмыстық іс
қозғалғанға дейін жүргізілуі мүмкін.
Затты тергеуші заттай дәлел ретінде тану және оны іске қосып тіркеу
туралы қаулы шығарады. Осы қаулыда заттай дәлелді іспен бірге қалдыру
немесе оны иесіне немесе өзге адамдар мен ұйымдарға сақтауға өткізу туралы
мәселе шешілуге тиіс. Егер заттар ауқымды болуына немесе өзге де себептерге
байланысты қылмыстық іспен бірге сақтауға келмесе, олар фотосурет немесе
бейне жазба құралдарымен түсіріп алынуға, мүмкіндігінше мөрмен бекітілуге
және тергеуші көрсеткен орында сақталуға тиіс. Іске заттай дәлелдің үлгісі
қоса тіркелуі мүмкін. Заттай дәлелдің жатқан жері туралы істе тиісті
анықтама болуы тиіс. Тергеу және анықтау органдары алып қойған ұлттық және
шетел валютасы түріндегі ақшалай қаражат қылмыстық процесті жүргізуші
органның депозиттік шотына салынады.
Үкім шығару немесе істі қысқарту кезінде заттай дәлелдемелер туралы
мәселе шешілуі тиіс. Бұл ретте:
1) қылмыс қаруы тәркіленуге жатады немесе оны белгілі бір адам тиісті
мекемеге береді немесе жойылады;
2) ұстауға тыйым салынған заттар тиісті мекемеге беруге жатады немесе
жойылады;
3) құндылығы жоқ және пайдалануға келмейтін заттар жойылуға жатады, ал
мүдделі адамдар немесе мекемелер өтінген жағдайда оларға берілуі мүмкін;
4) қылмыстық жолмен жиналған ақша мен өзге де құндылықтар, сондай-ақ
заңсыз кәсіпкерлік және контрабандалық заттар соттың үкімі бойынша
мемлекеттің кірісіне тартылуға жатады; қалған заттар заңды иелеріне
беріледі, ал соңғылары анықталмаған кезде мемлекеттің меншігіне көшеді. Бұл
заттардың тиесілілігі туралы дау туған жағдайда бұл азаматтық сот ісін
жүргізу тәртібімен шешуге жатады;
5) заттай дәлелдеме болып табылатын құжаттар істің бүкіл сақталу
мерзімінің ішінде онымен бірге қалады не ҚР ҚІЖК-де көрсетілген тәртіппен
мүдделі ұйымдарға немесе азаматтарға беріледі.
ҚР ҚІЖК-тің тиісті ережелеріне сәйкес жасалған, тексеру, көзін
жеткізу, алу, тінту ұстау, мүлікке тыйым салу, хат-хабарларға тыйым салу,
хабарларды ұстап алу, телефон мен және басқа да сөйлесулерді тыңдау және
жазып алу, үлгілерді алу, мәйітті эксгумация жасау, айғақтарды қылмыс
болған жерде тексеру, қылмыс болған жерде тергеу экспериментінде, тергеу
әрекеттерінің барысында маман жүргізген заттай айғактарды зерттеу кезінде
анықталған, қылмыстық процесті жүргізуші адам тікелей түсінген мән-жайларды
куәландыратын тергеу іс-әрекеттерінің хаттамаларында бар іс жүзіндегі
деректер, сондай-ақ сот іс-әрекеттерінің барысы мен олардың нәтижелерін
көрсететін сот отырысының хаттамасында бар қылмыстық іс бойынша
дәлелдемелер болып табылады.
Дәлелдеме ретінде қылмыс туралы, табыс етілген заттар мен құжаттар
туралы айыбын мойындап келуі туралы ауызша мәлімдеу кезінде жасалған
хаттамаларда, адамда рға олардың құқықтары мен оларға жүктелген міндеттерді
түсіндірулерде қамтылған жүзіндегі деректер пайдаланылуы мүмкін.
Дәлелдеме — шындыққа көз жеткізудің құралы. Сонымен бірге "дәлелдеме
шындықты жасаудың құралы емес" [5.C.26]. Қылмыстық процестегі
дәлелдемелердің мәні туралы жалпы түсінік шындықты тану процесімен өзара
байланысқа түскен кезде дәлелдеме — қылмыстық іс жүргізу құқығының аса
маңызды сипаттарының бірі болып табылады деп айта аламыз. Дәлелдеме сот
әділдігінің басты сипаты. Сот ісін жүргізуді жүзеге асыратын адамдар мен
органдардың бүкіл қызметі іс бойынша шындықты анықтауға және осы арқылы
істі әділетті шешуге бағытталған. Дәлелдемесіз нақты адамға үкім шығаруға
кұқықтық негіз жоқ.
Келтірілген түйінді жағдайлар қылмыстық процесте дәлелдеме ұғымын
заңды түрде бекітудің негізіне алынған болатын. Қылмыс бойынша алдын ала
тергеуді жүзеге асырушы субъектілер: анықтаушы, тергеуші, прокурор, сот ҚР
ҚІЖК-те белгіленген тәртіппен ҚР ҚК-де көзделген әрекеттердің болғандығын
немесе болмағандығын, айыпталушының бұл әрекетті жасағандығын немесе
жасамағандығын және айыпталушының кінәлілігін не кінәлі емес екендігін,
сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін маңызы бар өзге де мән-жайларды анықтайтын
заңды тұрде алынған іс жүзіндегі деректер қылмыстық іс бойынша дәлелдемелер
болып табылады. Кесте №1.
Қылмыстық істі дұрыс шешу үшін маңызы бар іс жүзіндегі деректер
сезіктінің, айыпталушының, жәбірленушінің, куәнің көрсетулерімен;
сарапшының қорытындысымен; заттай айғақтармен; іс жүргізу әрекеттерінің
хаттамаларымен және өзге де құжаттармен анықталады. Кесте № 2.
Сонымен, дәлелдеменің белгілері мыналар болып табылады:
1. дәлелдемелердін ҚІЖК-не сәйкес жолмен алынуы;
2. дәлелдемелерде анықталатын жағдайларға қатысы бар іс жүзіндегі
деректердің болуы;
3. дәлелдемелерді жинақтау жөне солардың негізінде қылмыстық жазаға жататын
әрекетгің бар екендігін немесе болма-ғандығын анықтау;
4. мұндай анықтауды анықтаушының, тергеушінің, прокурордың және соттың ғана
құқығына беру;
5. жасады деп айып тағылып отырған әрекетте адамның кінәлі екендігін не
кінәсіздігін анықтау.
Заң іс үшін маңызы бар іс жүзіндегі дерек көздерінін толық тізбесін
белгілейді. Мұндай көздер қатарына сезіктінің, айыпталушының,
жәбірленушінің, куәнің жауаптары; сарапшының қорытындысы; заттай
дәлелдемелер; іс жүргізудің хаттамалары және өзге де құжаттар жатады.
Бұл тізбені кеңейтіп түсіндіруге болмайды.
Қылмыстық іс жүргізу құқығы ғылымында соңғы уақытқа дейін дәлелдемені
құқықтық категория ретінде түсінуде бірлік болмады. Төмендегідей үш
көзқарас айқын аңғарылды.
Дәлелдеме екі жақты табиғаты бар категория. Бір жағынан бұл фактілер, ал
екінші жағынан фактілердің көздері. Бұл ілім "дәлелдемені екі жақты түсіну"
деген атақ алады.
Осы көзқарасты негіздей отырып М. С. Строгович былай деп жазды:
"Дәлелдеме ұғымының екі мағынасы бар. Дәлелдеме, бұл, біріншіден, қылмыстың
болғандығы немесе болмағандығы, оны жасаудағы белгілі бір адамның
кінәлілігі немесе осы адамның жауапкершілік деңгейіне байланысты болатын
істің басқа да жағдайлары анықталатын фактілердің бір тобы ". Екіншіден,
заңда қарастырылған көздер дәлелдемелер болып табылады, олардан тергеу мен
сот іс үшін маңызы бар фактілер туралы мәліметтер алады және сол арқылы осы
фактілер анықталады" [10.C.288-289].
Негізінен М.С. Строговичтің көзқарасы өзінен бұрынғы А. Ривлин, С.
Альперт және М. Бажановтың еңбектерімен үндес, олар фактілерді ғана
дәлелдемелер деп тану екі тарапты негізсіз қарама-қарсы қоюға әкеліп соғады
деп тұжырымдады: "дәлелдеменің күрделі және сонымен бірге біртұтас ұғымын:
іс жүзіндегі деректер мен осы іс жүзіндегі деректерді дәлелдеудің айла-
амалдары арқылы алуды" айтып отыр [10.C.40].
Демек, екінші көзқарас іс жүзіндегі деректерді және олардың іс жүргізу
көздерінің бірлігіне сүйенді. Бұл көзқарасты М. К. Треушников, В. Я.
Дорохов, М. А. Чельцов, П. А. Лупинская және басқа зерттеушілер қолдады.
Іс жүргізу дәлелдемелерінің мәнісін ғылыми пайымдаудағы үшінші
бағыты—дәлелдемелерді қылмыстық іс жүргізу заңдары белгілеген көздерден
алған іс жүзіндегі деректерді дәлелдемелер ретінде танудан тұрады.
Дәлелдемелер мен олардың көздері өзара байланысты, бірақ сәйкес келмейді.
Ф. Н. Фаткулиннің пікірі бойынша: "іс жүзіндегі фактілерді олардың
көздерінен ажыратуға, оларды бір-біріне қарсы қоюға болмайды. Олар табиғи
түрде өзара байланысқан, өзара тығыз байланыста болады. Бірақ бұл аталған
категориялардың әрқайсысының дербестігін жоққа шығармайтын диалектикалық
байланыс" [11,6]. Бұл ой көптеген ғалымдардың еңбектерінен қолдау табады.
Ішінара Е. А. Матвиенко былай деп жазды: "Заңда көзделген көздерден
дәлелдеме деректерін алу — осы деректерді дәлелдеме ретінде пайдаланудың
қажетті шарты. Бірақ бұдан дәлелдемелік мәлімет көзінің өзі дәлелдемеге
айналмайды, оның табиғи құрамдас бөлігі бола алмайды" [12.C.132].
Үшінші көзқарасты нақтылай отырып П. М. Карнеева былай деп атап өтті:
"фактілердің өзі емес, фактілер туралы мәліметтер дәлелдемелер болып
табылады. Дәлелдеуге қатыссыз, қарапайым жалпы түрдегі іс жүзіндегі
деректер — объективті болмыстың фактілері, объективті шындық". Әрі қарай ол
былай деп жазады: "Объективті болмыстың тергеушінің, судьяның, куәгердің
немесе сарапшының, айыпталушының немесе сезіктінің санасынан көрініс тапқан
фактілер дәлелдемелер болып табылады. Олар процесс барысында фактілер
түрінде емес, фактілер түріндегі мәліметтер сипатында көрінеді, өйткені
санада көрініс тапқан факті объективті шындық емес, пайымдаулар мен
мәліметтер түріндегі бейне ғана" [13.C.240].
П. М. Карнееваның, Ф. М. Фаткулиннің және басқаларының көзқарастары
мынадай түсініктер бойынша дұрыс деп ойлаймыз.
Дәлелдемелерді олардың көздерімен теңестіру:
• қылмыстық іс жүргізу заңына қайшы келеді;
• мазмұны бойынша (іске қатысы, сенімділігі және т.б.) дәлелдемелерді
жіктеуге мүмкіндік қалдырмайды, мұның өзі істің мән-жайын дәлелдеу
кезінде елеулі рөл атқарады.
• көздердің өзі олардың мазмұны мен ақпараттың құндылығын есепке алмастан
адамды айыптау үшін негіз қызметін атқара алмайды, өйткені айыптау туралы
шешім қабылдау үшін іс жүзіндегі негіз белгіленген көздерден алынған
тікелей мәліметтер болып табылады.
Әділеттілік үшін мынаны айта кету керек: өз кезінде Жоғарғы Сот Пленумы
"Сот үкімі туралы" 1969 жылғы 30 маусымдағы жөне "Қылмыстық істер бойынша
сот сараптамасы туралы" 1971 жылғы 16 наурыздағы қаулыларында соттардан
қабылданатын шешімдерде олардың көздерін санамалап негіздеуді түсіндірді
және талап етті. [13.C.59]
Сонымен, "дәлелдеме" категориясының мазмұны іс жүргізу мағынасында екі
жағдайдан қалыптасады: 1) дәлелдеме—бұл іс жүзіндегі деректер; 2) іс
жүзіндегі деректер өздерінің көздерімен тығыз байланыста болады, бірақ
олармен сәйкес келмейді және дербес сипаты болады.
Л. М. Карнееваның пікіріне қайта оралсақ, дәлелдеме ретінде "іс жүзіндегі
деректер" мәнін түсіну де бір ауыздылығымен ерекшеленбейді. Әдебиетте үш
бағытты байқаймыз.
М А Чельцов, М. С. Строгович, Р. Г. Домбровский жақтайтын бірінші бағыт
іс жүзіндегі деректерді фактілер ретінде ғана түсіндіреді.
Бұл түсінікке қарама-қайшы Л. Д. Кокорев, П. С. Элькинд, Ф. Н. Фаткуллин
фактілер туралы мәліметтерді де тергеуші және сот тікелей қабылдайтын
дәлелдемелік фактілерді де іс жүзіндегі деректердің мазмұнына қосады.
Және ақырында, біз жоғарыда атап өткендей, П. М. Карнеева фактілердің
өзін емес, фактілер туралы мәліметтерді ғана іс жүзіндегі деректер деп
түсінуді ұсынады.
Соңғы көзқарас мынадай түсініктер бойынша қабылдауды дұрыс санадым.
1. Қылмыстық сот ісін жүргізу шектерінен тыс қарапайым, жалпы түрдегі іс
жүзіндегі деректер өткен уақытта шын мәнінде орын алған оқиғалар туралы
ақпарат, яғни бұл объективті түрдегі шындықтың өзіне тән көрінісі.
Мәселен, қылмыскер мүлік ұрлады делік. Факт ретінде ұрлық, біздің еркіміз
бен санамыздан тыс өз алдына жеке түрады.
Осы факті туралы тергеу органдарына белгілі болған сәттен бастап
тергеушінің алдында, сез жоқ. өткен уақыт бейнесін қалпына келтіру және оны
іс жүргізушілік жолмен бекіту міндеті туындайды.
Өткен уақыттың бейнесі таным, яғни адам санасында көрініс табу жолымен
қалпына келуі мүмкін. Бірақ осы өткен уақыт бейнесін тергеуші де сот та
тікелей қабылдай алмайды. Бұл жерде ойша елестету ғана орын алуы мүмкін.
2. Заттық айғақтар фактілер болып табылады деген пікір қате. Мәселе
мынада, олар заттық әлемнің буйымдары болып табылатындықтан қандай да бір
фактінің орнына жүрмейді, бар болғаны өткен уақытта орын алған әрекеттің
іздерін сақтайды.
3. Қылмысқа байланысты фактілерді қабылдаған адамдардың жауаптары басқа
ештеңе де емес, олар өздері қабылдаған оқиға туралы мәліметтерді хабарлау
ғана. Бул жерде субъективті фактор да аз рөл ойнамайды (құлағының нашар
естуі, көз жанарының әлсіздігі, мінез-құлқының ырықсыздығы, қорқыныш,
қиялға берілу бейімділігі жөне т.т.). Мұның бәрі олар хабарлайтын
мәліметтердің мазмұнына өз ізін қалдырады. Субъективтік факторлардың
ықпалы, сондай-ақ бірыңғай фактілер және фактілер туралы мәліметтер ретінде
түсінуге мүмкіндік бермейді (фактілер туралы мәліметтер фактілердің
өздерімен сәйкес келмеуі мүмкін).

1.2. Дәлелдеме теориясы

Бұрын атап көрсетілгендей, ғылыми білімнің тәртіпке келтіру
жүйесін түзуші, дәлелдеме теориясы мен қылмыстық үрдіс ғылымы тұтас
және бөлім ретінде және де іштей ұйымдастырылған тұтас ретінде
байланысты. Қылмыстық үрдісті және оның кезеңдерін ғылыми сипаттау
осы кезеңдерде жалпы түсініктен және дәлелдеу ерекшеліктерінен
бөлініп берілуі мүмкін емес; екінші жағынан дәлелдемелерді жинау
әдістерін негіздеу, сот ісін жүргізуге қатысушылардың арасында
қалыптасатын құқықтық қатынастардың сипаттамасымен және олардың
функцияларымен келісілуі керек. Дәлелдеме теориясы, қоғамдық ғылыми
пәндерге жататын құқықтық ғылымдардың шеңберіне және ақырында,
ғылымның бар саласын қамтитын ғылыми білімнің біртұтас жүйесіне
кіреді. Әрине, дәлелдеме теориясы мен басқа салалардың арасындағы
байланыс сипаты әртүрлі болып келеді. Ол айырмашылықтар жақындық
дәрежесіне, субординацияның бар болуы немесе болмауына, жақтардың өзара
байланысның маңыздылығына қатысты болып келеді.
Кеңестік қылмыстық үрдісте дәлелдеме теориясының әдістемелік
негізі маркстік – лениндік философия - диалектикалық материализм болып
табылады.
Ғылыми идеяларды басқарушы, негізгі концепциялар – шындық
туралы, обьективті шындықты тану әдістері және жолдары туралы, практиканың
критерииі, зерттеу үрдісі және басқаларындағы логикалық және тарихтық
үйлесутіру туралы ілім – дәлелдеме теориясы диалектикалық
материализмнен алады және осы мағынада нақты затты зерделеуде марксизм
–ленинизмнің жалпы әдістемесіне берілген жеке қосымша болып
табылады.
Субординацияның қатынасы құқықтың жалпы теориясы мен дәлелдеме
теориясының арасында да болады. Дәлелдеме үрдісінің құқықтық реттеу
әдістері мен құралдарын зерттей отырып, дәлелдеу теориясы құқықтық
нормалар туралы, олардың құрылымы және жіктелуі туралы, құқықтың
құрылу сипаты туралы ғылымды және құқықтық үлгілердің ішкі
заңдылықтары туралы жалпы түсініктемелерді қолданады. Олар, жалпы
құқықтық теориямен берілетін, осы анықтамалар мен түсініктерден
туындайтын құқықтық қатынастар, құқықтың көздері оның институттары
және жүйелері түсініктерімен қолданылады [14.C.71].
Қылмыстық үрдістің ғылымының құрамындағы дәлелдеме теориясының
салалық құқықтық пәндермен қатынасының басқаша сипаты бар, атап
айтқанда, бірдей біртұтастық деңгейдегі үйлестіру және өзара байланыс
сипаты.
Бәрінен бұрын бұндай байланыс қылмыстық-процессуальдық ғылымның
дәлелдеме теориясы мен қ ы л м ы с т ы қ қ ұ қ ы қ т ы ң ғ ы л ы м ы
арасында анықталған.
Қылмыстық құқық ғылымы мен қылмыстық үрдістің қабылданған
жіктеулік жүйелері, осы екі ғылыммен зерттелетіін, тиісті құқықтық
салаларда құқықтық реттеу заттарының және әдістерінің айырмашылығына
қарай әртүрлі топтарға жатады [14.C.135].
Аталған жағдайда реттеу заттары мен әдістерінің айырмашылығы
шынында күдік туғызбайды. Бірақ, басқа кез—келген жіктеу
жүйесіндегідей, бұл жерде айырмашылық, қашан басқа қатынастардағы
бірліктен басқаша көңіл аударатыны атап көрсетіледі [15.C.11]. Солай
бола тұра, қылмыстық құқық және қылмыстық – процесуалдық құқық әртүрлі
қатынастарды реттегенімен, бірақ байланысты, себебі бір ортақ
салаға қатысты - қылмыспен күресу саласын реттейді. Қылмыс жасауына
байланысты, қылмыстық-құқықтық қатынастардың туындауы, процессуалдық
қатынастардың туындауына алып келеді, ал соңғысы біріншісіне
бойланысты болуы мүмкін. Сондай-ақ қылмыстық құқық пен үрдістің
мақсаттары да ортақ болып табылады [10.C.85].
Бұл саланың және реттеу мақсаттарының бірлігі дәлелдемелердің
теориясының қылмыстық құқық ғылымымен көптеген жанасу нүктелерінің
болуы барысында байқалады.
Қылмыстық құқық ғылымында әзірленген қылмыстың құрамы жайлы,
қылмыстың құрамның кінәлері және сипаттамалары туралы жалпы
түсініктің қылмыстық істердің жекеленген категориясы бойынша жалпы
түсініктегі дәлелдеме теориясы мен дәлелдеу затының ерекшеліктерін
әзірлеу барысында айтарлықтай маңызы бар.
Өз кезегінде аталған дәлелдеме теориясы жекеленген
мәселелері бойынша қалыптасқан қылмыстық-құқықтық түсініктерді
өзгертуге және нақтылауға ықпал етеді. Мысалы, дәлелдеме теориясында
тергеулік, соттық материалдар негізінде, сараптамалық практикада
өзінің қоғамдық қауіпті әрекеттерінің маңызын сезінуінің мүмкін
болмауы жайлы мәселе қойылуы, психикалық бұзылыстарымен байланысты
емес жастық дамуының кейіндеуі салдарынан болуы мүмкін.
Дәлелдеме теориясы, адам қай сәттен бастап белгілі жасқа жетті
деп
есептелетін және т.б. анықтады .
Кейбір мәселелер дәлелдеме теориясы мен қылмыстық құқық
ғылымының мәліметтерін пайдаланып бірлесіп әзірлеуді талап етеді,
мысалы, қолданылған қару, қылмыс жасау арқылы келген зиян, бұзу құралы
сияқты түсініктерді және қылмысты жасауға ықпал еткен жағдайлар және
т.б.
Қылмыстық және азаматтық үрдістер үшін ортақ дәлелдік құқықтар
болмайды, себебі міндеттері, тергеу заттары, әдістері, дәлелдеу
субьектілері әртүрлі болады. Осыған сәйкес бірыңғай дәлелдеме
теориясы да жоқ. Дегенмен қылмыстық және азаматтық үрдістердің кейбір
бөлімдері өзара тығыз байланысты, сол себепті де қылмыстық үрдістегі
дәлелдеме теориясы мен азаматтық үрдістегі дәлелдеме теориясы
байланысты болады. Қылмыстық және азаматтық үрдістердегі дәлелдеменің
әдістемелік негіздерінің бірлігі бірқатар басқарушы прициптер мен
анықтамалардың бірлігін, сол сияқты қарау, сараптау, құжаттарды бірлестіу
және т.б. жолдармен нақты ақпараттарды жинау және зерттеудің
біртиптігі екі дәледеме теориясында да көптеген түсініктер мен
концепциялардың сәйкес келуін байланыстырады.
Қылмыстық және азаматтық үрдістерде біріктіріліген бір теорияның
шеңберінде неше қайтара дәлелдеме мәселесін қайта қарау бойынша
талпыныстар болғанын атап өту керек [16.C.98]. Дегенмен оның өтпелі
жағдайын негіздеу көп емес, анағұрлым ортақ проблемаларын зерттеу
барысында мүмкін болады; дәлелдеменің негізгі мазмұны бөлек тексеруді
талап етеді. Жалпы қылмыстық және азаматтық үрдістерде дәлелдеме
теориясын зерделеудің айырмашылығы күдік туғызбайды (жекелеп
алғанда, олардың әрқайысында дәлелдеме құқығының жеке негіздері және
практикасы бар).
Сот істерін жүргізуді жүзеге асыратын ұйымдардың ұйымдастыруы мен
құрылымын анықтайтын, қылмыстық-процессуальдық құқықты реттеуі мен
нормаларды реттеуіне қатынасы тиісті нормативтік жүйелердің өзара
байланысын, осыған орай, ғылыми білімнің тиісті салаларының
байланысын тудырады. Білімнің осы салаларындағы мамандарының
бірлескен күштері соттық және тергеулік органдары жүйесін (мысалы,
сараптаушы және тергеуші, тергеуші және оперативтік аппараттардың
бағыныштылығына байланысты қатынастарымен; тергеушілерді, соттарды,
халық заседательдерін мамандандыруға және т,б,) әрі қарай жетілдірудің
кейбір теориялық мәселелерін шешу үшін қажет болып табылады. Сонымен
қатар, сот құрылымы саласындағы ғылыми зерттеулердің нәтижелері,
әсіресе соттық және тергеулік органдар жүйесінің ұйымдастыру
принципіне қатысты, қылмыстық істі жүргізуде процессуальдық
кепілдігі, дәлелдеу барысында әртүрлі органдардың құзырлығы туралы
мәселелерді әзірлеу барысында айтарлықтай маңызы бар.
Дәлелдеме теориясы үшін танымдық зат процессуальдық ғылым
саласы ретінде бәрінен бұрын, осы нормалардың туындауы және дамуы,
және де олардың институтттарының және жүйелерінің негізінде жататын
процессуальдық нормалар, процессуальдық қызметтер және заңдылықтар болып
табылады.
Құқықтық нормалар және оның ішінде қылмыстық үрдістер нормалары,
дәлелдемелердің үрдісі кезінде қалыптасатын типтік қатынастарды
реттейтін, жалпы ережелерді ұсынады.
Құқықтық нормалардың ерекше белгілері оның жалпы абстракттық
сипаты болып табылады. Жалпы бірлігінің осы жоғарғы дәрежесі,
құқықтық қатынастардың анағұрлым мәнді, мағыналы жақтары мен
элементтерін реттейтіндігімен байланысты болады [17.C.97]. Сол себепті
де, нормалар дәлелдену үрдісінің жалпы және анағұрлым маңызды
жақтарын сипаттайды, оларға міндетті, спецификалық құқықтық сипат
беріледі [18.C.170].
Осыған сәйкес, дәлелдеме теориясымен әзірленетін ұсынымдар
нормативтік реттеу мәселелеріне және осыған орай құқықтық
қолданылатын практиканың анағұрлым маңызды жалпы мәселелеріне
жатады.
Былайша айтқанда, дәлелдеме теориясы қылмыстық үрдіс шеңберінде
құқықтық реттеу деңгейінде дәлелдеу үрдісінің стратегиясын
қарастырады.
Дәлелдеме жалпы міндеттерінің жүзеге асыратын тактикалық,
әдістемелік және техникалық ерекшеліктер деңгейіне жататын осы
ерекшеліктерді зерттеу, практикалық жұмысты тездетуі, нақтылығы және
тиімділігі жағынан алғанда криминалистикаға қосымша саланы құрайды.
Осылайша, дәлелдеме теориясы дәлелдеулік ақпаратты қалыптастырудың,
оны сақтаудың және өңдеудің анықтаушы жағдайларының жалпы
заңдылықтарын зерттейді. Осы негізде теория дәлелдеме көздерінің
түрлерін және құралдарын заңмен тиісті нормативтік анықтамаларды және
ұсынымдарды қалыптастыратын деңгейде суреттейді және түсіндіреді.
Дәлелдеме көздері немесе дәлелдеу тәсілдері ҚІЖК-нің 115-бабының
2-бөлігінде егжей-тегжейлі тізбеленген және мыналарды қамтиды: куәгердің
жауап беруі, жәбірленушінің жауап беруі, сезіктінің жауап беруі,
айыпталушының жауап беруі, сарапшының қорытындысы, заттық айғақтар,
процессуалдык іс-қимыл хаттамалары және өзге де құжаттар.
Кең ауқымды мағынасында, дәлелдеудің көздері деп деректердің тікелей
көздерін, сондай-ақ оларды алудың әдістерін, дәлелдеу барысында тексеру мен
пайдалануды түсіну керек [4.C.49].
"Көз" ұғымын кең ауқымды мағынада түсіндірудің құқықтық негізі бар.
Мәселен, ҚІЖК-нің 116-бабында былай деп белгіленген: көзі белгісіз немесе
сот мәжілісінде анықталуы мүмкін емес көздің мәліметтеріне негізделген
куәгердің және жәбірленушінің жауаптары дәлелдемелер сипатында қызмет ете
алмайды. Бұл ереже көз фактілер туралы мәлімет сақтаушы деп есептеуге
мүмкіндік береді. Дәлелдемелер сипатында сақтаушьшар емес, оларда негізі
қаланған ақпарат есептеледі.
Дәлелдемелер көздерінің тізбесіне қатысты ғылыми әдебиетте әр түрлі
көзқарастар қалыптасты, олардың мәні негізінен тізбені кеңейту
қажеттілігіне сүйенеді. Мәселен, П. П. Якимов дәлелдемелердің дербес
көздері ретінде азаматтық талапкердің жауаптарын, азаматтық жауапкердің
жауаптарын, олардың өздерінің жауаптарын қарауды ұсынады. А. С. Ландо
осыған ұқсас көзқарасты білдіреді, ол көздер тізбесін кәмелетке толмаған
айыпталушының заңды өкілінің жауаптарымен толықтыруды орынды деп есептейді.
В. Д. Арсеньевтің пікірі бойынша заттық айғақтар көздер бола алмайды,
өйткені олар дәлелдеу тәсілдері мен дәлелдеме фактілер арасындағы аралық
жағдайда орналаскан. Ол сондай-ақ заттық айғақтарға қатысты олардың
"алғашқы көздері", яғни олар табылған жөне алынған орын туралы айтуды
орынды санайды.
Дәлелдеме көздері түрлерінің мәні туралы көзқарастарға талдау жасау П.
П. Якимов пен А.С. Ландоның ұсыныстары ғылыми және практикалық мүдделілік
туғызады және заң шығарушы қабылдап алуға тұрады деп есептеуге мүмкіндік
береді. В. Д. Арсеньев көзқарасының жақтастары да, қарсыластары да бар. Іс
жүргізушілік мағынада дәлелдеме көздері заттың өзі емес, іс үшін маңызы бар
іс жүзіндегі деректермен ұсынылған, яғни дәлелдеме бола алатындай заттың
қасиеттері деген Р. С. Белкин мен А. И. Винбергтің пайымдауы да дұрыс
көрінеді.
Сараптамалық зерттеуге арналған үлгілерге қатысты айтатын болсақ, онда М.
М. Михеенконың пікірі бойынша олар заттық айтақтар да, ерекше түрдегі
дәлелдемелер де, дәлелдеудің тәсілдері де болып табылмайды. Бұл көзқарас Н.
А. Селивановтың шығаруымен сәйкес келеді, ол былай деп жазды: "Затты заттай
айғақ деп тану осы зат пен істің анықталған мән-жайы арасындағы байланыстын
болуын көздейді [19.C.78].
Ал салыстырмалы үлгілерге қатысты мұндай байланыс туралы айтудың өзі
артық. Олар тергеліп жатқан оқиғамен емес, тергеумен байланысты және оны
қылмыстық іске қатысыуына қарамастан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дәлелдемелер теориясындағы дәлелдемелер және дәлелдемелердің қайнар көздерінің түсініктемелерінің ара қатынасы
Кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы істер бойынша дәлелдеуге жататын мән-жайлар
Қылмыстық іс жүргізудегі дәлелдемелер туралы
Қылмыстық процестегі дәлелдемелер
Қылмыстық іс жүргізудегі дәлелдемелердің түсінігі, маңызы және жіктелуі
Азаматық іс жүргізу құқығының пәні, әдісі, жүйесі және қағидалары
Тәуелсіз Қазақстанның Жаңарған қоғамдық-экономикалық құрылысы
Азаматық іс жүргізу құқығы
Қылмыстық іс жүргізу
Қылмыстық іс жүргізудегі жанама дәлелдемелер
Пәндер