XX ғасырдың басындығы Маңғыстаудың қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени өмірі


Кіріспе
Ғылыми жоба тақырыбының өзектілігі. Қандай ел, қандай халық болмасын өзінің Отанына, атамекеніне, туған өлкесіне, кіндік қаны тамған жеріне деген сүйіспеншілігі өзгеше ыстық болатыны анық. Осыдан болар дейміз өз еліміздің басынан өткен өмірге көз жіберсек, ойыңа әр қилы оқиғалар елестейді. Соның ішінде атамекенінің басынан кешірген қасіреттері, оның тәуелсіздігі үшін аянбай еңбек етіп, тер төгіп шейіт болған ата-бабалардың аруағын еске алу кейінгі ұрпақтың міндеті екені белгілі. Осы ретте Маңғыстау өлкесі қазақтарының көрген қасіреті жөнінде бір азғантай тарихи ақтаңдақтарының бетін ашамыз ба деген үмітпен осы еңбекті сіздердің алдарыңызға тартуды жөн көрдік.
Қорлық пен зорлықты ғасырлар бойы басынан кешірген Маңғыстау елі Қазан төңкерісі келіп, оның үгітшілері мен басшыларының көпірме өтірігіне, алдау-арбауына қалай түскенін білмей қалды. Кеңес үкіметі Маңыстауда Қазан төңкерісінен 15 күннен кейін орнады. Халық бостандық алдық, тәуелсіз ел болдық деп бөріктерін аспанға лақтырып, бұл үкіметті шын ниетпен қарсы алып, оны орнықтыруға белсенді түрде ат салысты.
Маңғыстау елінің қасіреті жөніндегі мәліметтер қағаз бетіне толық түспей, көбі енді ғана зерттеліп, жариялана бастады. Бұл материалдар толық зерттелсе, Маңғыстау тарихы үшін ғана емес, ғылым үшін маңызы өте зор болар еді деп ойлаймыз.
Ғылыми жобаның мақсаты мен міндеті. 1917 жылдың Қазан төңкерісінен бері халқымыздың тарихында мәні зор, өмірге өзіндік із іалдырған жылдар өтті. Бірнеше ұрпақтар өзгерді. Халқымыздың басындағы қасіретті күндер мен түндер де тарихқа өз белгісін қалдырмай қойған жоқ. ХХ ғасырдың басындағы Маңғыстау өмірінің белгісіз жақтарын ашу, ол туралы деректерді жинақтап, оны оқушы қауымға жеткізу, таныстыру біздің мақсатымыз. Себебі, ол фактілер мен дектердің артында тұрған жергілікті халықтың қиын тағдыры бұрын көпшілік назарына ілікпеді. Осындай құжаттар мен деректерді жинақтай отырып, оны зерттеу және дамыту біздің міндетіміз деп санаймыз.
Ғылыми жоба кіріспе, зерттеу бөлімі, қорытындыдан тұрады. Зерттеу бөлімінде XX ғасырдың басындығы Маңғыстаудың қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени өмірі, Маңғыстаудың қазақ жеріне қосылуының алғышарттары, Маңғыстаудағы Кеңестік жүйеге өту кезіндегі өзгерістер, Адай көтерілісі және оның зардаптары, Отан соғысы қарсаңындағы Маңғыстау туралы айтылады.
Ғылыми жобаның хронологиялық шеңбері 1917 жылдан бастап Ұлы Отан соғысына дейінгі кезеңді қамтиды.
Ғылыми жобаның деректемелік негізіне бұрын жарияланған І. Сариевтың, Ғ. Теміртасовтың еңбектерімен қатар мұрағаттан мол мәлімет жинақталды.
2. 1. XX ғасырдың басындығы Маңғыстаудың қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени өмірі.
Адай уезі бастығының 1905 жылғы есебінде 1 млн 438 мың 37 бас қой-ешкі 92170 бас жылқы, 80403 бас түйе, 1370 бас мүізді ірі қара малға уездегі 69821 жан иелік еткен.
Табиғат апаты Маңғыстау өңірін мекендеген халықты талай рет қыспаққа алып, жұтқа ұшыратып, тағдырларын өмір мен өлімнің таразысына салған. Маңғыстау өңірінде 1905-1906, 1910-1911 жылдары болған жұт пен 1911-1912 жылдардағы ашаршылық бұл ел халқының тоз-тозын шығарды. 1905 жылы бір ғана Адай уезінен 4846 отбасы, 1912 жылы 3000 отбасы (немесе 15 мың жан) аштыққа ұшырады.
1909-1910 жылдары Маңғыстау түбегінде жұт болған. Жұттың салдарынан 1910 жылы жазда ашаршылық басталды. 1910 жылы патша әкімшілігі халықтың малы қыстың қатаңдығынан жұтқа ұшырағанда, елге аз да болса көмек көрсетіп, елдің өлімнен құтқарған. Ашыққан елге үкімет көмегін ұйымдастыру және басқару жұмысы Форт-Александровск қаласының азаматы Ораз Оңғалбайұлына жүктелді.
Аудан халқын жаппай сауатсыз, мектеп көрмеген деп айту шындыққа жанаспайды. Бұл өңірде сауат ашу жұмыстары мұсылман мектептерінен басталған, бұдан 2 ғасырдан астам уақыт бұрын Пір Бекет ағартушылық жұмыс бастап, балалардың сауатын ашуға бағытталған мешіт ашқаны белгілі. Одан бергі әртүрлі кезеңдерінде Маңғыстау жерінде әрбір рудың өзіндік білім беру медреселері болған. 1909 жылғы дерек бойынша Бәли ауылында 2 медресе, онда 50 бала оқыған, Жаманадай ауылында 1 медреседе 50 бала, Шалбар ауылында 40, Тәңірберген ауылында 40, Қараш ауылында 40 бала оқитын медреселер болған.
1911 жылы уездің 44 медресесінде 507 шәкірт, 72 бастауыш дін мектептерінде 784 оқушы оның 34-і қыздар болды. Маңғыстаудың Мырзайыр, Басқұдық, Тұщықұдық, Қызылсу жерлеріндегі мешіттерде дәріс берген ғалымдар сәйкес Әбді ахун, Шегем Қайырша, Қараш Байқұл, Тұрмағамбет ахун (кейін баласы Оразмағамбет жалғастырған), Айдар Шайхысламұлы, Ержан Төлегенұлы, Бас жерінде Төлеу халифа оның баласы Бекмағамбет т. б. есімдері тарихи-шежірелерге жазылуы. Бұл діні мектептерде тек құран емес тарих, жағрапия, есеп т. б. пәндер де оқытылған, жазуға дағдыландырылған.
1911 жылы Каспий жағалауында Маңғышлақ уезінде 4 орыс поселкелері: Николаевск, Дапий, Заворот және Құлалы болды. Поселкелер тұрғындары балық аулау және итбалық соғумен айналысты. Поселкелерде 356 үй болып, 1804 адам өмір сүрді, 10 орындық 1емдеу орны, 3 училище болды. Оларда 199 адам оқыды.
2. 2. Маңғыстаудың қазақ жеріне қосылудың алғышарттары
1917 жылғы Қазан төңкерісінен кейін адай көшпенділерінің өмірінде 1918 жылғы тамыздың 25-де Дала өлкесінің төтенше комиссары Әліби Жангелдин басқарған жауынгерлік, интернационалдық отрядтың Бозашы түбегіне келіп тоқтағаны тарихта зор із қалдырды.
Ә. Жангелдиннің интернационалдық отряды туралы жазылды да. 1918 жылы қоршауда қалған Ақтөбе майданына Ресейден көмек жеткізу үшін өтетін жолдар- Красноводск пен Ашхабад қызыл гвардияшылардың қолында, Гурьев пен Орал ақ гвардияшылардың қолында болғандықтан, жалғыз ашық жол Форт-Александровск арқылы еді. [1]
Ә. Жангелдиннің Халық Комиссарлар Кеңесіне берген есепте « бұл өңірде шамамен әрқайсысында 10 мыңдай адамы бар, адайлардың 12 болысы, не бары 100 мыңдай тұрғыны бар екен. Келгенімізді хабарлап, ақсақалдар кеңесін шақыру үшін, болыстарға өкілдер жібердік. Алғашқыда тұрғындар жіберген адамдарымызға сенімсіздікпен қарайды. Себебі, уезд қазақтары Кеңес өкіметінің бар екеніне толықтай бейхабар болғандықтан, оған ешқандай құлшыныс танытпайды. »[2] Жангелдин отряды Ресейден келе жатқан қару- жарақ, дәрі-дәрмекті Ақтөбе майданына жеткізу үшін жергілікті халықтың қолдауына сүйенеді. Тек екі күнге созылған ақсақалдар кеңесі, олар Кеңес өкіметінің сипаты мен мақсаттарын түсіндірген соң отрядтың ұсынысына келісім беріп, әрбір болыс 50 түйе, 100 жылқыдан беруге тапсырма алады.
Бұл отряд бір айдан астам уақыт бойы Маңғыстау жерінде болып, уезд қазақтарына Кеңестерді ұйымдастыруға көмектеседі. 25-қыркүйекте Қаратөбе деген жерде өлке қазақтарының съезін өткізіп, мұнда Ә. Жангелдин сөз сөйлеп, кеңес өкіметінің қарапайым халықтың өкіметі екенін түсіндіріп, оның міндеттерін тайға таңба басқандай етіп, жатық түсіндіргенде, жиналған халық Кеңес өкіметін мойындайтындығын білдіреді. Тобанияз Әлниязұлы бастаған Төңкеріс Комитетін тағайындап, Комитетке Кеңес өкіметін ақ гвардияшылардан қорғау жүктеледі. Тобаниязды Дала өлкесі Төтенше Комиссарының Маңғыстау уезі бойынша орынбасары ретінде тағайындайды.
Жангелдин отрядына жергілікті халық 700 жылқы және 600 түйе, адайдың жүздеген жігіттері жолбасшы болып, жем-шөп, азық-түлік тиеп жолға шығады. [3]
Ал, халықтың мұның жоқтаушы, Қазақстанның терреториялық тұтастығы үшін кұресуші айтулы азамат Т. Әлниязұлы болса, халық бұқарасының мүддесіне шын берілгендігін көрсетіп, уезде Кеңес өкіметін ұйымдастыруға, Маңғыстау жерін Қазақ жеріне қосуға, ұлан -ғайыр аймақты сақтап, қорғауға, халықтың мәдени және экономикалық жағдайын көтеру істеріне бар жан тәнімен кіріседі.
Кеңес өкіметінің орнатылуынан соң іле-шала басталған азамат соғысы барлық Қазақстан аумағын, оның ішінде Маңғыстауды да, шарпыған болатын. Бұл кез -билік біресе ақтар, біресе қызылдар қолына көшкен, қарапайым халықты тонауға ұшыратқан аласапыран уақыт болатын. Осы кезде Гурьевте уақытша билігін орнатқан ақ генерал Толстов қызылдардан жеңіліп, 1919 жылы желтоқсанда Гурьевті тастап шығып, Маңғыстауға бет бұрады. Ондағы ойы - Форт арқылы Красноводскіге жету. Бір бөлігі -Хиуаға, екінші бөлігі Үстірт арқылы Маңғыстауға жеткен ақтармен бірге көршілес түрікмендер де Адай ауылдарын тонап, Маңғыстау үстінде соғыс өрті өршіген кезең болатын.
1920 жылы наурыз айында Т. Әлниязұлы басқарған адай қазақтарының делегаттары Орынборға келді. Олардың бұл сапардағы қызметі Қазақ өлкесін басқару бойынша революциялық комитеттің 1920 жылғы 24 наурыздағы №16 хаттамасында баяндалған. [4]
Дала өлкесі төтенше комиссары Ә. Жангелдиннің бұрынғы орынбасары, адай руының өкілі Т. Әлниязұлының келгені туралы Мюрат (Түркістан майданы революциялық майдан өкілі) баяндама жасап, Форт-Александровскідегі Толстов армиясының қалдықтары мен түркімендер бірігіп, адайларды тонауда, олардың малын талайды, ауылдарын шабады, соған қарулы әскер жіберуді, адайлардың өздерінен әскер бөлімдерін ұйымдастыру үшін қару -жарақ, басқа да керек заттарды беруді сұрайды. Ал адайлар өз кезегінде әскер үшін жігіттерді ат, түйе, көлікпен, ет басқа да тағамдармен қамтамасыз етуге дайын екендігі баяндалады.
Әскери экспедиция туралы мәселені шешу үшін, келген делегациямен Мюрат жолдасты, Қаратаевты 1-армияның революциялық кеңесіне, Сидоровты өлкелік әскери комиссариатқа келіссөз жүргізуге жіберу туралы қаулы қабылданды.
Келген делегаттармен революциялық комитеттің мәжілісінде Закаспий облысынан келген адай өкілдерінің өтініші -адайларды Қырғыз (Қазақ) өлкесіне қосу туралы, адайларды басқару туралы, әскери мәселе, жабдықтау мәселелері қаралып, мынадай қаулы қабылданады [5] :
-Адайлар Түркістан Республикасы құрамындағы Маңғышлақ және Красноводск уездерінде тұратынына қарамастан, жылдың көп уақытында Орал және Торғай облыстарының жерін жайлады. Осылайша, Қырғыз (Қазақ) өлкесінің аумағында болған кезінің бәрінде революциялық комитеттің қарауында болады және адайлар шаруашылық жағынан алғанда Орал облысымен, Ойылмен тығыз қарым-қатынаста, яғни өздерінің артық заттарын сатып, секер т. б. азық-түлікпен қамтамасыз етеді. Оралдан да адайларды жабдықтау үшін көп көлемде қажетті заттар жіберіледі, сондықтан да Түркістан республикасының Орталық Атқару комитетінің алдында адайларды тұратын жерлерімен қоса Қырғыз (Қазақ) өлкесінің аумағына қосу туралы мәселені көтеру керек деген қаулы қабылданады. Бұл мәселенің күтпей-ақ, адайлар арасында Кеңес үкіметін орнату және шаруашылық қатынастарды орнату сияқты істерге кірісу керек. Сонымен қатар:
- әскери мәселеге ерекше назар аударылған;
- адайлар арасында халықтық кеңес органдарын бірден ұйымдастырудың мүмкіндігі болмағандықтан, революциялық комитеттің арнайы өкілін жағдаймен танысу үшін және сол жерде қажетті шаралар қолдану үшін іссапармен адайлар арасына жіберу қажет;
- революциялық комитет атынан адайларға үндеу жариялау;
- революциялық комитеттің экономикалық бөлімі адайлармен шаруашылық байланыстарын орнату жұмыстарымен айналыссын.
1920 жылдың 16 қазанында АССР-і, Закаспий облысы Маңғышлақ уезі, Красноводск уезінің қазақ болыстары Қырғыз (Қазақ) АССР-іне қосылады.
20 наурыздағы (28 немесе 29 болуы мүмкін Р. С) №18 хаттамада адайлардың өтініші тыңдалып, мынадай қаулы қабылданғаны туралы жазылған [6] :
- революциялық комитет атынан адайларға арнайы үндеу арқылы шығару;
- адайларға жіберу үшін ерекше комиссияға адамдар бөлу және адай ісі жөнінде арнайы өкіл сайлау. Бөлінген жолдастар адайлардың беделді адамдарымен, топтарымен келісімге келу арқылы жергілікті жағдайды анықтау мақсатында шұғыл жолға шығулары қажет дей келіп, Дала өлкесі төтенше комиссары Жангелдиннің бұрынғы көмекшісі Әлниязовтың адайлар арасындағы ролі мен қызметін анықтау туралы тапсырма берілді;
- егер мүмкін болып жатса, адайларды басқарудың уақытша органын құру керек. Барлық даулы мәселелерді бейбіт жолмен шешу және барлық жиналған құжаттарды революциялық комитетке баяндау, ол жерде басқару органдарының қызметін бақылап, бағыттап отыратын революциялық комитеттің арнайы өкілін қалдыру керек;
- адайлармен сақтықпен қарым-қатынас жасау, алдын-ала сақтық шараларын қабылдау туралы Өлкелік әскери комиссар Сидоровқа әскери билік басындағылармен келісімге келу тапсырылды;
- Орал жәрмеңкесінің ірі маңызына байланысты Орал революциялық комитетіне Ойылға жауапты қызметкерлер жіберілу ұсынылады.
- Өлкелік төтенше комитетке адайлардың көшіп-қонып жүретін жерлеріне жауапты өкіл мен сенімді қызметкерлер жіберу ұсынылады;
- комиссия құрамына Өлкелік әскери комиссариаттың төрағасын кіргізу ұсынылады;
- Келген делегаттарды адайлар арасында ревком комиссиясының жұмысына қолайлы жағдайлар даярлау үшін қажетті құжаттар (адайларға үндеу т. т) беріп, елге қайтару. Үндеуді жазу А. Байтұрсынов, Мюрат, Седельниковке тапсырылады.
Қазақ өлкесін басқару бойынша революциялық комитеттің 1920 жылдың 20 сәуірінде болған мәжілістің №23 хаттамасында адайлармен дұрыс, қалыпты қарым-қатынас жасаудың құралы- съезд шақыру болып табылады деп көрсетілген, және адай съезін 1-10 маусым аралығында адайлар Ойылға көшкен кезде шақыру мәселесі қаралған. Ол үшін Түркістан республика келісімін алу қажет. Ойлыға жүретін комиссияның алдындағы мақсаты мен міндеттері белгіленіп, адайлар арасында және олармен қатар көшіп- қонып жүрген табын сияқты рулар арасындағы кеңес үкіметін орнату жұмысы тапсырылады. [7] Қажет болса көшпелі ревком құрып, адайларды Қызыл Армия қатарына алу мәселесімен де айналысады. Орал, Жымпиты арқылы Ойылға баратын комиссия 5 күнде жолға шығуы қажет. [8]
Ойыл бекінісінен оңтүстікке 100 шақырымдай жерде, 1-Бозашы болысының жайлауы, Буракөл деген жерде 1920 жылы 11- маусым күні кешкі сағат 6-да адай, табын сияқты қатар көшіп жүрген рулардың және Темір, Красноводск уездерінің кейбір болыстары өкілдерінің (делегаттарының) I-съезі өзінің 1-отырысын бастағандығы жөніндегі құжат Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағаттың 14-қорында сақталған. [9] Съезге адайлар мен көшпелілер жөніндегі Ерекше Комиссияның мүшелерімен қоса, 1000-ға жуық адам жиналды. Съезге қатысушылардың өкілеттілігін Ерекше комиссия тексерді. Съезді Ерекше комиссияның төрағасы Г. Алибеков ашып, сөз сөйлеп, съездің төрағасын, оның үш орынбасарын, съезд хаттамасын жазатын 2 хатшы(біреуі орысша жазатын) сайлауды ұсынды. Съезд бірауыздан құрметті төраға етіп Г. Алибековты, төраға етіп бұрынғы Төтенше Дала комиссарының орынбасары Тубанияз Альниязовты, төраға көмекшілеріне Садык Джубаевты, Есенгул Байгуреновты, Избасар Кожебаевты хатшылыққа Қырғыз Өлкесі әскери комиссариатының өкілі Некрасов пен Канатовты сайлады.
Құрметті төраға Алибеков өзіне көрсеткен құрметі үшін, съезге қатысқандарға алғыс айта отырып, Ерекше комиссия бекіткен съездің күн тәртібін ұсынып, ол бірауыздан қабылдады. Қосымша пунктер балса, съезд барысында қаралатын болып шешілді.
2. 3. Маңғыстау Кеңестік жүйеге өту кезінде.
а) Ауыл шаруашылығы
Маңғыстаудың негізгі экономикасы- мал шаруашылығы.
Мал шаруашылығы талай жұтты басынан өткерді. Мал санының құрып кете жаздаған жылдары да болды. 1924-1925, 1927-1928 жылдардағы жұттың салдарынан мал басынан көп шығын болып, тек малмен күнелтіп отырған халық ашаршылыққа ұшырады. Енді әрмен қарай тіршілік етудің қамымен бірігіп күнелтіс жасаудың жолдары қарастырылды, отырықшылық жағдайда тіршілік қамымен 1926 жылы шаруалардың алғашқы «Қосшы» одағы ұйымдастырылды. Бұл одақтың алғашқы кездерде-ақ тиімділігі ескеріліп, оның мүшелері күн санап арта бастады. Оның негізгі бағыты - бірігіп еңбек етіп, күнелтіс жасау болатын. 1927 жылдың наурыз айында оның мүшелері 7492 болса, қазан айының басында 8830-ға жетті. 1927 жылғы жұт 17 болысты, яғни бар 28622 қожалықтың 43 пайыздан астамын қамтыды. 87832 бас ірі қара, 507301 ұсақ мал шығын болды. [10] 1928 жылы Маңғыстау өңірінде аштық, жалаңаштық жайлады. Бағар малынан айырылған халық басының ауған жағына босып көшті. Күйзеліс зардабынан көршілес Хорезм республикасына, Өзбекстан, Түрікменстан, Қарақалпақ жерлерінен жұмыс іздеп, босқындық жағдайға тап болды.
1929-1930 жылдары байлардың малдарын тәркілеу жолымен бір орталыққа жинақтау арқылы ұйымдық жұмыстар жүргізілді. Әуелі бірігіп жер өңдеу, шаруаны бірігіп жасау, т. б. құрылымдар ұйымдастырылды. 1930 жылы 4 шаруашылық ұйымдастырылды.
1920-1930 жылдары ауа райының қолайлы болуына байланысты және малды жұмсап-жаратуға тиырымдылық жағдайға сәйкес мал басы аудан бойынша жедел өсті. 1930 жылғы салықшылар жүргізген есеп бойынша мал басы жеке түліктер бойынша: жылқы 20029 бас, сиыр 1320 бас, түйе 28456, қой 195059 бас, ешкі 73711 басқа жетті. Жалпы аудан бойынша мал шаруашылығының дамуы үшін су көздерінің болмауы, мал азығының жеткіліксіздігі жыл айналып соғатын жұттарға соқтырып отырды.
1931 жылы 1932 жылдан бастап аудан аумағында 14 ауыл шаруашылық артельдерімен қатар 6 балық аулайтын ұжымдық шаруашылық болды. 1927 жылы «Бірлік күш», 1928 жылы «Еңбек», «Талап», «Қарасай», «Жыңғылды» ұжымдықтар шаруашылықтары, 1931 жылы «Ақырап», «Алғабас», «Голощекин», 1932 жылы «Қызыл қорған», 1933 жылы «Екпінді», 1934 жылы «Ақорпа», Сталин атындағы 1936 жылы «Жаңа жол», «Ұшқын», 1937 жылы «Қарқын», «Ұланақ», 1938 жылы «Тұщыбек» ұжымдық шаруашылықтары ұйымдастырылды.
ә) Білім беру саласы
Маңғыстау ауданындағы сауат ашу жұмысы Кеңес үкіметі орнасымен бірден қолға алынды. Бұл саясат өте орынды болатын. Сауат ашу мектептері дала қостарында, киіз үйлеріде, жертөлелерде жұмыс жасап, оларға мұғалімдік қысқа курстардан өткен, мұғалімдік семинариялар бітірген азаматтар дәріс берді. Олардың қатарында - Отарбай Тұржанов, О. Шағырбаев, Ташкенбаев, Базаржан Шымыров, Алпысбай Құлшаров, Х. Мұхамедиев, Валиев Ғали, Жанқұлов Баймұхан, Д. С. Рюмков, Ө. Қарабалаев, курстардан өткен Басбаев Тұраш, Корлус Анна, Т. Самалықов, Н. Байтілеуов, Әбілхан Әбдіразақов, Сәду Нұрриязов, Әбу Қожанов, Тумыш Сарғожаев т. б. еңбек етті. 1924 жылы Адай уезі бойынша 11 мектеп болды, оның 4-уі орысша, 7 қазақ мектептері. Николаевск селосында 1 балабақша, 1 балалар үйі жұмыс жасады.
Маңғыстау ауданынада сауат ашу мектебі алғаш рет 1928 жылы Ақмыш жерінде ашылып, 15-20 қарашада сабақ бастаған. Онда Жұмағали Айдошев пен Байтілеуов Нұрлан ұстаздық еткен. [11] Бұл мектеп 1930-1931 жылы балалар коммунасы болып қайта құрылды. Мұнда жетім, жартылай жетім, мүжәлсіз отбасы балалары оқыды. 1927/1928 қаржы жылында Форт-Шевченко қаласынан жеті жылдық, Ханғаба, Ақмыш жерлерінен бастауыш мектеп құрылыстары басталды. [12] Бұл мектептердің барлығы да ыңғайлы деп табылған орындарда ашылды. Ақмыштағы мектеп құрылысы төмен болды, санитарлық ережелердің бірде-бірі қанағаттандыра алмайтын болғандықтан 1930 жылдың қаңтарынан бастап жабылады.
Соңынан Жыңғылды, Торыш, Шетпе, Теппе, Ұланақ жерлерінде мектептер ашылды. Теппе мектебінде ұстаздық еткен Молдаш Нұрманов.
1929 жылы аудан бойынша бірінші сатыда 9 мектеп болды. Оның бесеуі қазақ, үшеуі орыс, біреуі аз ұлт өкілдеріне арналған. Олардағы барлық бала саны 637, онда 27 мұғлім қызмет етті. Оның 16-сы қазақ ұлтынан.
Аудан бойынша оқу ағарту жүйесіне айрықша мән берілді. Оны мынадай деректерден аңғаруға болады. 1935 жылы 47 мектеп, 2 интернат, оларда 3667 бала оқып, 85 мұғалім ұстаздық етті. 1937 жылы мектептер саны 50-ге жетті, оның екеуі орта, 4 орталау, 44 бастауыш мектептер. Бұларда 4933 бала оқып, 93 мұғалім ұстаздық етіп, мұғалімдердің бесеуінің жоғары білімі болған. Бірақ осы мектептердің қалыпты жұмыс жасауы үшін тиісті қаражаттың бөлінбей, қиындығын көрсетіп Халық ағарту Комиссариаты мен Қаржы Халық комиссариатына аудандық кеңес атқару комитетінің төрағасы Ермұхамбетов пен аудандық оқу бөлімінің меңгерушісі Гумаровтың қолдауымен мұғалімдердің жылдық еңбекақы қорына қаралған қаржыны екі есеге жуық көбейтуді сұраған жеделхат жолдайды. Жеделхатта көптеген дала мектептірінің жертөлелерде жұмыс жасайтыны, сыныптарда балалардың толымдылығын талапқа сай ұстау мүмкіндіктерінің жоқтығы атап көрсетілген. Аудан мектептері мен оған ұстаздық еткен мұғалімдер осындай қиын жағдайларды басынан өткерді. 1932 жылы аудан аумағында ұжымдық шаруашылықтар құрылып, елдің отырықшылыққа біртіндеп бейімделе бастауының нәтижесінде селолар пайда болып, осыған орай мектеп салу ісі де дами бастады. Селолық мектептер Қаршағардың Түрлен жерінде, Қызанда, Тұщықұдықта, Шайыр, Тұщыбекте, Жармыш, Онды, Үштағанда, Орта еспеде мектеп үйлерінің құрылыстары пайдалануға берілді. Мектептерге жаңа буын ұстаздар - Жүзбай Қошанов, А. Шабаев, Ү. Қазақбаев, Әбу Қожанов, Бекқожа Еділханов т. б. қызмет жасай бастады. 1938-1939 оқу жылында Форт Александровск қаласындағы С. Киров атындағы орта мектеп жоғарғы сыныптарға бала қабылдай бастады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz