Оқушылардың құқықтық тәрбиелеп қарастырудың көкейтесті мәселелерін ашу


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
ТАРАУ І. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- Құқықтық тәрбиенің мәні, міндеттері мен мазмұны . . . 6
- Оқушыға құқықтық тәрбие берудің формалары мен әдістері . . . 15
ТАРАУ ІІ. МЕКТЕПТЕГІ ОҚУ-ТӘРБИЕ ПРОЦЕССІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
2. 1. Мектептегі сынаптан тыс жұмыстардың оқушыларға құқықтық тәрбие берудегі мүмкіндіктері . . . 20
2. 2. Қазіргі мектептің оқу-тәрбие процесінде оқушыға құқықтық тәрбие берудің тиімді жолдары . . . 21
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 29
ҚОСЫМША . . . 30
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздікке ие болғаннан кейін елімізде азаматтардың өміріне тірек болатын құқықтық жүйе қалыптасуда. Алға қойып отырған мақсат-құқықтық мемлекет, демократиялық қоғам құру, азаматтылық татулық пен ұлтаралық келісімді баянды ету, адам құқықтары мен бостандықтарына шынайы кепілдік беру. Осы мақсатқа жетуде құқықтық мәдениеттілікті, әдептілік, құқықтық сана-сезімді қалыптастыру қажет. Ол үшін жас өспірімдеден бастап ересектерге дейін елімізде қабылданып жатқан құқық жүйесінің принциптерімен, заңдарымен, халықаралық құқықтық құжаттарымен таныстырып, оларды жеке адамдардың ой-санысына, іс-әрекетіне бағдар ету ерекше рол атқарады. Бұл мақсатты іске асыру үшін заң білімін насихаттаудың, халықты құқықтық тұрғыдан тәрбиелеудің үлкен маңызы бар.
Әдеп пен құқықтың тығыз байланысты екенін түсіндіріп, ізгілік, әдеттілік, ар-ұят, жаман-жақсы, жауаптылық, намыс, қайырымдылық, адамгершілік, өнегелік ұғымдарының мән-жайын оқушылардың санасына жеткізу қажет.
Құқықтар мен міндеттердің тұтастығына оқушылардың көзін жеткізіп, міндеттерді орындау жеке тұлғаның игілігіне, қоғамға қажетті екенін түсіндіру керек.
Оқушыларға құқықтық білім берудің жаңа мазмұны тоталитаризмнен азаттық алған, демократиялық даму жолына енген Қазақстан Республикасында болып жатқан өзгерістерді ескере отырып анықталады. Мұнда Қазақстан азаматының жағдайы, мемлекет пен тұлға арасындағы қатынастың сипатына қарай, түбірінен өзгереді. Ол шын мәніндегі демократиялық бостандық алады. Ол өзін тұлға ретінде экономикалық, саяси салада көрсете алады және оның өз тағдыры мен өмір жағдайы үшін жауапкершілігі артады.
Нарықтық қатынастың даму барысында индивид заңды бұзбай, өз құқығын қорғай отырып, әлеуметтік-экономикалық жүйеде іскерлікпен дұрыс бағдар алып, өзін өмірлік табыспен қамтамасыз етуді анықтау керек.
Қазақстанның саяси-экономикалық қайта құруларының барысында адамдардың өміріне, қоғамға қауіп төндіріп отырған жағымсыз құбылыс-қылмыстық әрекеттердің өсуі болып табылады.
Қазақстан азаматтарының құқықтық мәдениеттілігін қалыптастыруды мектеп жасынан бастау қажет. Ол үшін 1-сыныптан 11-сыныпқа дейін оқушыларға өнегелілік-құқықтық тәрбие, азаматтық білім берудің тұтас жүйесін жасау қажет.
Қазақстан Респуликасының Конституциясында көрсетілген білім беруді ізгілендіру бағыты қоғам мен жеке адам мүддесіне сәйкес мектепті жаңаша құрудың өзегі болады.
Білімді ізгілендіру жеке адам мен мемлекет мүддесін ұштастыратынын ескере отырып, мектепте құқықтық білім беруді жаңаша құрудың тұжырымын ұсынып отырмыз.
Білім беру жеке адамның толық дамуына бағытталуы және адам құқықтары мен бостандығын сыйлауды арттыру керек. Білім беру халықтар, әр түрлі діни сенімдегі топтар мен нәсілдер арасындағы өзара түсіністік пен достықтың артуына ықпал етуі керек.
Гуманистік бағдар алған, еркіндік пен демократияның бағалығын ұғынған, азаматтық тұрғыдан белсенді, заңды тыңдаушы, адам бостандығы мен құқығын сыйлайтын және оны қорғайтын, заңгерлік білімді меңгерген, өзін қоршаған дүниеге өміршең жоспар енгізетін жеке тұлға тәрбиелеу мектеп оқушыларына құқықтық білім беру жүйесінің өзекті мәселесі болып табылады.
Құқықтық мәдениет екі тұрғыдан қаралады. Біріншісі кең мәнінде. Бұл құқықтық межелер, құқықтық қатынастар, құқықтық мекемелер әрекетінің ауқымын қамтиды. Екіншісі, тұлғалық, педагогикалық және психологиялық мәніне қарау.
Құқықтық мәдениеттің тұлғалық мәнінде-бұл тұлғаның күрделі, кешенді қасиеттері. Негізінен тұлғаның құқықтық мазмұны бар әрекеттер мен қылықтарының орынды бағытын анықтайды.
Адамның құқықтық мәдениеті -күрделі. Әңгіме адам, оның санасы, мінез-құлқы, жүріс-тұрысы туралы болғанда көптеген сұрақтар туындайды. Шындығына келсек бұл сұрақтарға педагогика, психология, социология, медицина, заң т. б. ғылымдар әлі толық жауап бере алмай отыр.
Дегенмен, қоғам болашағын құқықтық мемлекет тағдыры мен байланыстыра қарап отырған шағымызда аға ұрпақ іс-тәжірибесі мен қарым-қатынасы тәжірибесін негізге ала отырып жас ұрпақтың құқықтық тәрбиесі мәселесін педагогика ғылымы мазмұнында қарастырғанымыз жөн.
Қоғамда өмір сүруші әрбір оқушы сол қоғамның іс-әрекеті межелер, мәдени дәстүрлерінің құрсауында болады. Ол мұны сезіне ме, сезінбей ме, бұл оның еркінен тыс жүреді. Қоршаған ортаның өмір талаптарынан қоғамның еш жерінде жасырынын қалуға болмайды.
Өкінішке орай, күнделікті күйден тіршіліктің құрығына түсіп, өз ар-ожданын, ұятын, намысын бір сәттік дүниенің жалған қызығына айырбастап, сатып жүргендер де аз емес. Осының өзі мектептің алдына жас ұрпақтың шынайы құқықтық тәрбиесін зор міндет етіп қойып отыр.
Курстық жұмыстың мақсаты- зерттеу барысында оқушылардың құқықтық тәрбиелеп қарастырудың көкейтесті мәселелерін ашу, «құқықтық тәрбие беру» түсінігін жан-жақты зерттеп, ашу болып табылады.
Курстық жұмыстың міндеттері:
-Құқықтық тәрбиенің мәнін, міндеттері мен мазмұнын зерттеу;
-Оқушыға құқықтық тәрбие берудің формалары мен әдістерін қарастыру;
-Мектептегі сынаптан тыс жұмыстардың оқушыларға құқықтық тәрбие берудің мүмкіндіктерін зерттеу;
-Қазіргі мектептің оқу-тәрбие процесінде оқушыға құқықтық тәрбие берудің тиімді жолдарын жан-жақты қарастыру.
Зерттеу пәні. Жалпы педагогика негіздері.
Зерттеу объектісі. Оқушылардың құқықтық тәрбиелеп қарастырудың көкейтесті мәселесі.
Жұмыстың әдіснамалық және теориялық негізі. Зерттеу барысында көптеген еңбектер мен ғылыми мақалалалардан кеңінен пайданылды. Осыларды саралай отырып бірнеше бөлімге бөліп қарастырайық:
Бірінші бөлім зерттеулеріне: оқулықтар мен ғылыми еңбектер қолданылды. «Құқықтық тәрбиелеудің» мәнін ашу үшін Ш. Дүйсембекованың «Тәрбие үрдісінің ерекшеліктері», Б. С. Бабаевтың «Жалпы педагогика» еңбектерінен, сондай-ақ Ғ. Сапарғалиевтің «Қазақстан мемлекеті мен құқығының негіздері» еңбектерінен кеңінен қолданылды.
Екінші бөлімдегі еңбектерге: ғылыми мақақалалар, педагогикалық ой-тұжырымдар пайдаланылды. А. Жаңғарованың: «Жас ерекшелік кезеңдерін саралау арқылы орта мектепте құқықтық тәрбие беру мәселесін жетілдіру» атты мақаласы («Мектептегі психология»-ғылыми-педагогикалық, танымдық журналы), Б. Ш. Тұрғанбаеваның «Отбасында құқықтық тәрбиенің педагогикалық негіздері» атты («Қаз ҰУ-нің Хабаршысынан») мақалалары пайдаланылды.
Курс жұмысының құрылымы. Курс жұмысы-кіріспеден екі тарау мен тараушалардан, қорытынды бөлім мен пайдаланылған әдебиеттер тізімі бөлімдерінен құралған. Жалпы көлемі 30 бет (1 интервал) .
ТАРАУ І. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- Құқықтық тәрбиенің мәні, міндеттері мен мазмұны
Адамдар жаратылысында тең жаратылған, белгілі, бұлжымас құқықты иеленген, олар: өмір суру құқығы, бостаңдық және батылдылыққа ұмтылу. Бұлар табиғи азаматтық қоғам орнағанда да жойылмайды, оларды қоғам да, үкімет те ала алмайды. Қазақстан Республикасының Конституциясында: «Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады» делінген (12-бап) .
Бұлжымас құқықтар: сөз және өз ойын айту, ар-ождан және діни наным, жиналыс, бірлесу, т. б. бостандықтары. Бұл құқықтар үкіметтен тыс өмір сүретіндіктен, оларды ешқандай заңмен жоюға болмайды, олар демократиялық қоғамда ешбір билік иелерінің құрбаны да бола алмайды.
Адамның осы құқықтарына байланысты заңдар мен оның орындалу ережелері қоғамнан-қоғамға өткенде міндетті түрде өзгеріп отырады, бірақ кез келген демократия конституциялық құқықтық және әлеуметтік құрылымдарды қорғайтын кепілділік жасау міндетін жүктейді.
Сөз және өз пікірін айту бостандығы кез келген демократияның өмірлік күшінің қайнар бұлағы болып есептеледі.
Демократиялық қоғамның азаматтары ашық пікір алысу арқылы шындыққа жету нәтижесінде жалғандықты, өтірікті жеңеді, басқа да құндылықтар жақсы, оңай түсініледі, прогресске жол ашылады деген сеніммен өмір сүреді [1] .
Демократиялық мемлекеттің авторитарлық мемлекеттен айырмашылығы - үкімет азаматтардың жазбаша және ауызша айтқандарының мазмұнын бақыламайды, ұнатады, қош көреді. Демократия кең көлемді ақпаратқа рұқсаты бар сауатты, білімді азаматтардың қоғам өміріне жан-жақты қатысуына мүмкіндік жасайды.
Тұлғаны жан-жақты үйлесімді тәрбиелеу саласының бірі-құқықтық тәрбие. Ол қоғамның әрбір азаматының мемлекеттік заңдарды аса жауапкершілікпен орындап отыруы талаптарымен тығыз байланысты. Әсіресе, оның елімізде жүріп жатқан жариялық, құқықтық және зайырлы қоғам орнату процесімен тығыз байланысының маңызы ерекше. Ол үшін адамзаттың сан ғасыр уақытта жасап шығарған жалпы адамзаттық негіздегі моральдық нормаларын қоғамның әрбір өскелең жастарының сана-сезімімен, күнделікті мінез-құлықтарына қалыптастыру қажет. Бұл талапты іс жүзінде асыру, әсіресе елдің әлеуметтік -экономикалық жағдайын дамыту кезеңінде ең бірінші кезекте құқықтық сананы тәрбиелеу мен мемлекеттік заңдарды жетілдіру процесінде жандандыру айырықша міндетті іс.
Бүгінгі оқушылармен жүргізетін құқықтық тәрбиенің мамұнын анықтауда А. С. Макаренко, В. А. Сухомлинскийдің «қандай да бір құқықтық тәрбие болмасын, егер ол белгілі бір мақсатпен ұйымдастырылып, жеке адамның мұқтаждығына негізделсе, екіншіден, ұжымдық жұмыстарға оқушылар шығармашылықпен қатысса, соғұрлым алдыңғы буын ағаларының әлеуметтік-құқықтық жетістіктерін, тәжірибелерін қабылдап, өз мінез-құлықтарына қалыптастырады» деп осы мәселегі қатысты айтқан пікірлеріне идеялық маңыз беріп, мектеп тәжірибесінде кең түрде басшылыққа алудың маңызы ерекше.
Сондықтан, бүгінгі қоғамның талабына сай ақушыларды жан-жақты тәрбиелеу процесінде мектеп алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі-оқу-тәрбие жұмысының барлық құрылымында құқықтық тәрбиеге айрықша мән беріп, оны ұйымдастырудың тиімді жолдары мен тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру қажет. Себебі, мектеп-өскелең ұрпақты қоғамға даярлау процесіндегі негізгі бір әлеуметтік мекеме. Сол үшін де, ол бүгінгі жаңарған қоғамның құқықтық тәрбиеге қатысты талаптарын айқындап, соған сай баланың алғашқы мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап сана-сезімдерін қалыптастыру, мінез-құлық ережелерін меңгерту, адамгершілік қасиеттерін дамыту және келеңсіз жат-қылықтардан аулақ болуына, салауатты әрі дені сау өмір сүруіне қызмет етуі тиіс.
Құқық-қоғамдағы ең негізгі және маңызды қатынастарды реттейтін, қоғамға пайдалы, қажетті қатынастардың дамуына жол ашып, қорғап, ал қоғамға зиынды қатынастарды шектеп, тыйым салатын құрал. Сонымен бірге, құқық азаматтардың бостандығын, қоғам алдындағы міндеттерін жариялап және оларды жүзеге асыруда заң жүзінде кепілдікті қамтамасыз етеді.
Құқық нормалары мен ережелері адамдардың іс-әрекеттері мен мінез-құлықтарының қоғамдық мүддеге, белгіленген тәртіпке, қабылданған заңдарға сай келуін талап етеді. Сондықтанда осы талаптарға сай өмір сүру, еңбек ету және т. б. әрекеттерге бару үшін, оларды білу әрбір азаматтың борышы, міндеті.
Олай болса. Оқушы жастарға құқықтық білім беріп, олардың жеке тұлғасын қалыптастыруда метептегі құқықтық тәрбиенің мақсаты:
- Өскелең жас ұрпақты қоғамның заңдары мен нормаларын бұлжытпай орындау және оларды сыйлау рухында тәрбиелеу.
- Мемлекет пен қоғам ісіне саналы түрде белсенділікпен қатысып, өз Отанын қорғауға әрқашанда дайын болға жаттықтыру.
- Өз елінің материалдық және рухани байлығын сақтап, оны молайтуға қабілетті, іскер адамдарды тәрбиелеу.
Міндеттері:
- Оқушыларға мемлекет, мемлекеттік құрылым және құқық, құқықтық нормалар жайында жан-жақты білімдерді меңгерту.
Бұл бағытта мектеп Жарғысы, оқушыларға арналған мінез-құлық ережелері құқықтық тәрбие мен білімнің алғашқы негізін қалайды. Онда оқушылардың құқықтары мен міндеттері туралы нормалар бар. Міне, осы қарапайым құқықтық нормалар төменгі сыныптан бастап жоғары сыныптарға дейін оқу-тәрбие процесінің барлық құрылымында түсіндіруден, білім беруден, оқытудан басталады.
2. Мемлекет пен мемлекеттік заңдарға құрметпен қарау сезімдерін тәрбиелеу. Мұндағы маңызды мәселе-бүгінгі таңдағы елімізді қайта құру кезеңінде парламентте қабылданып жатқан заңдарды таныстыру, олардың қоғамдағы демократияны дамытып, әділдікті баянды етуде атқаратын қызметі мен ерекшеліктеріне көңіл бөлу, соның негізінде оқушылардың сана-сезімдерін және қоғам, заң алдындағы жауапкершіліктерін тәрбиелеу [2] .
3. Жеткіншектердің мінез-құлықтары мен жүріс-тұрыстарын заң талаптарына сай қалыптастырып, адамгершілікті әдет-дағдыға тәрбиелеу. Демек, құқықтық тәрбие арқылы оқушыларды күнделікті өмірде өздерінің жүріс-тұрысына басшылық жасауына дайындауға тиіс. Еліміздің өндіріс құралдары мен қорын қоғамдық меншік ретінде көздің қарашығындай сақтап, Отанымыздың қуатын арттырып, залықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарта түсуге талпынатын талапкерді тәрбиелеу.
4. Біздің қоғамымыз гуманист-ұжымшыл, ол халық үшін қызмет жасайтын жан болуы керек. Ата-заңның 14-бабында «Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең» деп атап көрсетілген. Олай болса, адам баласы Қазақстан Республикасының азаматы болған жерде бір-біріне қамқор болып, ел байлығын халық игілігіне жұмсауға ат салысуы тиіс. Ол үшін құқықтық тәрбиенің міндеті-жасөспірімдердің азаматтық белсенділігін қалыптастыру, заңды бұзушылыққа қарсы күресу. Әр түрлі әлеуметтік-құқықтық маңызы бар жұмыстарға қатыстыру.
Жоғарыда аталған міндеттер (талаптар), біріншіден, мектеп практикасында іске асырылған жағдайда ғана құқықтық тәрбие дұрыс жолға қойылады деп атауға болады.
Сонымен қатар, екіншіден, жалпы білім беретін мектеп әлеуметтік мекемелердің бірі ретінде оқушыларға заман талабына сай, лайықты құқықтық білім беру, олардың құқықтық сана-сезімін қалыптастыруда шынайы ағартушылық орны болған жағдайда ғана іс жүзіне асады. Себебі, балалардың мектепте оқитын шағы-адамның сана сезімінің қалыптасуының ең бір нәтижелі кезеңі. Сондықтан, мектеп оқушыға алғашқы күннен бастап қоғамның қатаң және шүбәсіз талаптарын қойып, оны лайықты мінез-құлық ережелерімен ұштастыру қажет.
Бұл жұмыс қоғамдық сананың қол жеткен табыстарын, оқушылардың жас ерекшеліктерін, ой-саналарының дәрежесін т. б. жағдайларды ескеріп жүргізілуі керек.
Қазіргі жағдайда жас ұрпақтардың сана-сезіміне, әрекет-қылығына әсер ететін жағдайлар сан алуан. Сондықтан да, құқықтық тәрбие жұмысын жүргізгенде оның түрлерін, амал-тәсілдерін, ұйымдастыру жолдарын алдын-ала анықтап, белгілеп алу қажет.
Оқушылардың құқықтық сана-сезімін қалыптастыру, тек қана құқықтық тәрбие жұмысы арқылы ғана жүзеге асырылмайды. Мектепте күнделікті жүріп жатқан барлық оқу-тәрбие қызметін ұйымдастыру жұмысының да тікелей немесе жанамалап қатысы бар.
Оқушының мектептегі өмірі тұлғаның азаматтық қалыптасуының шешуші кезеңі болып табылады. Осы жылдағы адамгершіліктің дүниетынымы, сенімдері, ұжымшылдығы, тәртіптілігі, өзіне және басқаға талап қоюы, адалдығы мен шыншылдығы, қайырымдылығы мен ұстамдылығы, жігерлігі мен батылдығы қалыптасады.
Бұлардың мазмұнына мемлекет заңдарын және қоғамдағы өмір сүру ерекшеліктерін құрметтеу, қоғам заңдылықтарын бұзуға төзімсіздік, қоғамдық тәртіпті сақтау да енеді. Тұлғаның осы сапалары болашақ еңбек қоғамы азаматының құқықтық мәдениетінің мәнін құрайды. Жоғары дамыған құқықтық мәдениет болмай қоғам алдындағы міндеттерді орынды шешу мүмкін емес.
Құқықтық мәдениет екі тұрғыдан қаралады. Біріншісі кең мәнінде. Бұл құқықтық межелер, құқықтық қатынастар, құқықтық мекемелер әрекетінің ауқымын қамтиды. Екіншісі, тұлғалық, педагогикалық және психологиялық мәніне қарау.
Құқықтық мәдениеттің тұлғалық мәнінде-бұл тұлғаның күрделі, кешенді қасиеттері. Негізінен тұлғаның құқықтық мазмұны бар әрекеттер мен қылықтарының орынды бағытын анықтайды.
Адамның құқықтық мәдениеті -күрделі. Әңгіме адам, оның санасы, мінез-құлқы, жүріс-тұрысы туралы болғанда көптеген сұрақтар туындайды. Шындығына келсек бұл сұрақтарға педагогика, психология, социология, медицина, заң т. б. ғылымдар әлі толық жауап бере алмай отыр [3] .
Дегенмен, қоғам болашағын құқықтық мемлекет тағдыры мен байланыс-тыра қарап отырған шағымызда аға ұрнақ іс-тәжірибесі мен қарым-қатынасы тәжірибесін негізге ала отырып жас ұрпақтың құқықтық тәрбиесі мәселесін педагогика ғылымы мазмұнында қарастырғанымыз жөн.
Қоғамда өмір сүруші әрбір оқушы сол қоғамның іс-әрекеті межелер, мәдени дәстүрлерінің құрсауында болады. Ол мұны сезіне ме, сезінбей ме, бұл оның еркінен тыс жүреді. Қоршаған ортаның өмір талаптарынан қоғамның еш жерінде жасырынын қалуға болмайды.
Өкінішке орай, күнделікті күйден тіршіліктің құрығына түсіп, өз ар-ожданын, ұятын, намысын бір сәттік дүниенің жалған қызығына айырбастап, сатып жүргендер де аз емес. Осының өзі мектептің алдына жас ұрпақтың шынайы құқықтық тәрбиесін зор міндет етіп қойып отыр.
Құқықтық қоғам демократиялық принциптерге сүйене отырып, әр адамның шығармашылық күштерін, ниетін, ойын, сезімін, ұмтылысын толық және еркін жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Демократияны жетілдіру мемлекеттің және қоғамдық өмірдің құқықтық негізін бекітуге тікелей тәуелді. Мемлекет және қ оғам өмірінің құқықтық негізін бекіту процесі төмендегідей маңызды шараларды жүзеге асыруды қажет етеді:
- заңдылықтарды үздіксіз жетілдіру; заңның орындалуын бекіту; қоғамдық тәртіп орнатуға әрбір азамат, бүкіл халық қатынасуы қажет; жеке адамның, бүкіл жұртшылықтың мәдениетін көтеру; заң қызметкерінің сөз бен ісінің бірлігі, тұлғасының кіршіксіз таза болуы.
Бұдан зандылық пен құқықтық тәрбиенің бекітілуіне қамқорлық тікелей мемлекет мойнында болу қажеттігі шығады. Қоғамның қандай қоғам екендігіне баға беру көп жағдайда адам тұлғасының құқықтық мәдениетінің деңгейімен айқындалады.
Талантты педагог В. Л. Сухомлинскийдің «қоғамды мазасыздандырып отырған құбылыстардың басты себебі мектептегі оқу жылдарындағы зиялылық мұраттарының бишаралығы және қуыс кеуделілігінің негізінде дамып отырған жас өспірімдер мен жастар арасындағы маскүнемдік, бұзақылық, уақытты ма-ғынасыз өткізу деген тұжырымымен толық келісуге болады.
Адамның жалпы мәдениеті мен оның құқықтану мәдениетінің арасында тығыз байланыс бар. Құқықтық мәдениет мазмұны жалпы адамзаттың рухани мәдениет мазмұнына енеді, бірақ өзіндік ерекшеліктерін сақтайды. Сондықтан да құқықтық тәрбиені адамгершілікті адам тәрбиелеу теориясының құрамды бөлігі ретінде қарастырамыз.
Қоғамды қайта құру кезенінде құқықтық мәдениетті қалыптастыру барысындағы кемшіліктерді жеңу ерекше орын алады. Бұл жұмыс нәтижелі жүріп және көздеген мақсатқа жету үшін ол кемшіліктерді жақсы біліп, олардың жеке адамның және қоғамға қандай зиян келтіретінін білу керек.
Күнделікті өмірде көптеген жарамсыз құбылыстар болып жатады. Ол құбылыстарға қатынастардың көмескілігі, бағалаудың анық болмауы олармен күресті қиындатады. Мысалы, мектеп оқушыларының арасында жеке немесе топ болып төбелесу көп кездесетін жай. Нәтижесі кейде қайғылы уақиғаларға да душар етеді. Осы туралы оқушылар арасында пікір жинай қалсаң неше түрлі бағалаулардың куәсі боласыз. Біреулер бұл шиеленістің әділетті өз ережесі барлығын дәлелдейді, кейбіреулер мұны дәстүр деңгейіне көтереді, ал қайсы біреулер мейірімсіз қылық деп бағалайды. Тіпті, кейде бұл туралы оқушылар пікірінтеп алу қиын [4] .
Бірақ көп жағдайда мұндай мінез-құлық және жүріс-тұрыс тәртібі әкімшілік немесе тіпті қылмысты іс ретінде жазаламуы керек екендігін ойланбайды. Дөрекіліктің түрі көп. Мінез-құлық тәрбиесендегі көп жағдайда сырт көзге бүркемеленіп тұрады, ал оның негізінде заңдылық пен құқықтық тәртіпті терең түсінбеушілік жатады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz