Тотықұс пен орманшы


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:
Тотықұс пен орманшы
Қарағайы сыңсыған, үйрек ұшып, қаз қонған, таудан тас бұлақтары құлаған әсем өлкеде тұратын бір орманшы, орманнан көрсе көз тоймайтын тотықұс ұстап алыпты. Тотықұстың қырық құбылған қауырсыны күннің нұрымен түрленіп, ерекше түске боялады. Осындай сұлулыққа қатты таңданған орманшы тотықұсқа арнап алтын тор жасайды. Оған күмістен бау тағады. Орманның жұпар самалы есетін биік терезенің алдына әкеліп орнатады. Тотықұсқа арнап раушан гүлдің жұқа қабығын, мойылдың жұмсақ дәнін, таңқурайдың жаңа көктеген шырын жемісін теріп әкеледі. Қаншама ай осылай бағып қағады. Бірақ тотықұс күні-түні «отаным, отаным, отаным» деп зарлай береді. Содан бір күні орманшы ойлайды: бұл құстың отаны бұдан да керемет жерде шығар. Босатып жіберіп, артынан еріп отырайын да, сол бір жер жәннәтін тауып алайын.
Осылай жоспар құрған орманшы тотықұсты босатып қоя береді. Алтын тордан босаған бейшара құс еркіндікке шығып, үйді айнала ұшады. Бір заманда тіке көкке көтеріліп, ауылдың қарсы алдындағы Бозтауға қарай бет алады. Бұл таудың бір ерекшелігі - ел қонбайтын жайсыз, мал жайылмайтын таза-тақыр, бауырында тамшы бұлағы жоқ, етегінде тіс шұқитын талы жоқ мекен екен.
Орманшы Бозтауға қарай қалықтап ұшқан тотықұсқа ілесіп, қалмай еріп отырады. Бір мезеттер болғанда шырылдап ұшқан тотықұс сауыры күнге күйіп, желге мүжілген, бетіне қына да шықпаған жақпар тастан асып барып, әбден қураған сексеуілдің бұтағына қонады. Одан кейін сұлу қанаттарын керіп, ұлпасын мың құбылтып, түсін түрлендіріп, әнге басады. Орманшы тұра қалып тыңдаса: «ғаламнан сенен артық жер таппадым» деп сайрап тұр дейді.
Сөйтcе, жаңағы кәрі сексеуілдің бұтағында тотықұстың ұясы бар екен.
Австралияның солтүстігіндегі Палмерстон қаласының көшелерінде кенеттен бір мезгілде шала мас лори тотықұстары пайда болған.
Тұрғындарды таң қалдырғаны бұл тотықұстардың мастықтан аяқтарын әрпіл-тәрпіл басқаны болды. Тотықұстар ағаштың басынан жерге құлап түскен және кері ұша алмаған. Жергілікті құс дәрігерлері қанаттылардың бұл оғаш қылықтарын неге жорырын білмей отыр.
Мас тотықұстар неше түрлі ерсі қылықтар көрсеткен. Олар өз денелеріне өздері ие бола алмай, естерінен айрылып, теректің басынан төмен құлай бастаған. Оянғаннан соң бүрісіп, үздіксіз арақ ішуден кейінгі бас ауруын басынан кешіргендей күйде болған. Мастықтан тырайған тотықұстарды құс дәрігерлері жинап алып жергілікті емханаға жеткізген. Дәл қазіргі уақытта емханада 30 тотықұс бар және де олардың саны күн санап көбейіп келеді. Дәрігерлер құстарға тәтті ботқа мен жемістер беруде. Зерттеушілердің айтуынша, құстар ашыған жеміс жеп уланған сыңайлы. Құрамында ішімдік бар жемісті жесе құстар ғана емес маймылдар да мас болатын көрінеді.
Қылмыскерлердің хабаршысы болған тотықұс қолға түсті
Бірі естіген адамды еріксіз күлдіріп, екіншісі көрген кісінің жағасын ұстатын екі бірдей айрықша оқиға тіркелді. Колумбияда полицияны көрген бетте есірткі қылмыскерлеріне «Қашыңдар, әйтпесе сендерді ұстап алады!» деп дабыл қағуға үйретілген тотықұс қолға түсті. Ал, АҚШ-та 2 жастағы қызын марихуана шегуге үйреткен әйел қамауға алынды. Тілшіміз әңгімелейді.
Қылмыскерлерді полицияның құрығынан құтқарып жіберетін тотықұсты арнайы рейд кезінде қолға түсірген. Лоренсо деп аталатын құс тәртіп сақшыларын көрген бетте испан тілінде безілдей бастайды.
Лоренсо - тотықұс
«Қашыңдар, әйтпесе сендерді ұстап алады!»
Колумбия полицейлері мұндай жағдайдың бірінші рет тіркеліп тұрмағандығын айтады. Қазір бүкіл ел бойынша есірткі қылмыскерлері ескерту жасауға үйретіп қойған 1700 құс анықталған екен.
Фредди Велоса - полиция қызметкері
«Тотықұс сенсация жасады. Жаттап алған сөздерін таң атқанша жағы сембей қайталап шықты. Оны енді қоршаған орта өкілдеріне тапсырамыз».
Ал, АҚШ-тың Огайо штатының полициясы кішкентай қыз марихуананы құшырлана шегіп тұрған бейнежазбаны қолға түсірді. Тексеріс барысында, тәртіп сақшылары бұл роликті 2 жастағы қыздың анасы Джессика Гэмбл түсіргенін анықтаған. Отбасы мәселелерімен айналысатын арнайы мекеме 21 жастағы әйелді аналық құқынан айырды. Қазір тергеу амалдары жалғасуда.
Тотықұс
Мен жануарлардың ішіндегі ақылды тоты құспын. Сендерге біраз өзім жайлы айтып берейін. Тоты құстар 350 -ге жуық түрлерімізбен дүние жүзінде ең көп таралған құстардың біріміз. Адамдарға еліктеп сөйлей аламыз. Кейбіреулеріміз сөйлем де құрай аламыз. Өмір жасымыз да ұзақ. 70 жыл өмір сұреміз. Ұзақ жыл өмір сүріп, адамдармен де жақсы қарым-қатынас құра аламыз.
Жалпы тропикалық аймақтарда, табиғи жаңбырлы орманды жерлерде мекендейміз. Алайда, кейбір түрлеріміз дүниенің барлық өлкесінде тордың ішінде де өмір сүре алады. Бізді тану өте оңай.
Ашық қанық түсті қауырсындар
мен
имек тұмсықтарымыз
арқылы бірден көзге түсеміз. Басымыз үлкен, мойнымыз қысқа және әр түрлі түрлеріміз бар.
Біз үш топқа бөлінеміз: тозаң, жеміс шырындарымен қоректенетін етті тілінде өте жіңішке қылшықтардан тұратын щеткасы бар
лорилер
, төбесінде айдары бар, қысқа тілді
какадулар
, қасық ұшты, етті тілді
паракиттер
. Ең кішкентай
тоқылдақ тәрізді
тотылардың дене тұрқы 8 см, ең үлкен
нағыз
тотылардың дене тұрқы 1 метр. Жалпы ұрғашыларға қарағанда еркек тотылар ірі болады.
Бізді өзге құстардан ажыратып тұратын ең басты ерекше қасиет - адамдарға еліктеп сөйлеу. Арамыздағы ең жақсы сойлейтініміз
жако (сұр)
тотысы. Жалпы қораздар да мекендерге қарағанда жақсы сөйлейді. Қалай сөйлейтінімізге келетін болсақ, ең маңыздысы - есте сақтау қабілетіміздің өте жақсы дамуында. Адамдар бізді торда асырағанды жақсы көреді. Біз де адамнан естіген сөздеріміздің мағынасын білмесек те қайталаймыз. Африканың сұр тотысы ретінде танылған жако тотысы ең зерек тоты болып табылады. Тотылар
1000-ға жуық сөздерді
жаттай алу қабілетімен ең тартымды құс болып саналады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz