Әлемдегі таулардың зерттелу тарихы


Пән: География
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

1. Кіріспе . . . 3

1. Тарау Әлемдегі таулардың зерттелу тарихы . . .

1. 2 Қазақстандағы таулардың зерттелу тарихы . . .

2. Іле Алатауының зерттелу тарихы . . .

2, 1 Зерттелу нысандары мен әдістері . . .

  1. Зерттелу нысандарына сипаттама . . .
  2. Іле Алатауының климаттық жағдайлары . . .
  3. Іле Алатауының геологиясы мен геоморфологиясына сипаттама . . .
  4. Іле Алатауының топырақ жабындығы . . .
  5. Іле Алатауының өсімдіктері мен жануарлар әлемі
  6. Іле Алатауының қазіргі кездегі экологиялық жағдайлары . . .
  1. Нысандарды зертеу әдістері мен әдіснамалары . . .
  1. Биіктік белдеулік атауларының ғылыми негізі мен Халықтық

атаулардың сәйкестілігі . . .

  1. Биік таулардың орографиясы . . .
  2. Биіктік белдеулер мен зоналар туралы ұғым және олардың атауларының ғылыми негіздері . . .
  3. Биіктік белдеулердің орыс халқының атаулары . . .
  4. Биіктік белдеулерді қазақ халқының атаулары . . .
  5. Биіктік белдеулердің ғылыми негізделген және орыс пен қазақ халықтарының атаулары . . .

4. Қорытынды . . .

Кіріспе

Тау табиғаты қарама - қарсы және алуан түрлі. Таулар бұл қалың нулы орман, ашық гүлді кілем, шексіз тасты шөл, күнмен шағылысқан қарлар мен жанартаулар, көптеген шақырымға созылған мұздықтар, кең көлемді шатқалдар мен тегіс үстірттер, шыжыған күн көзі мен жаз ортасындағы қақаған аяз, сақырамалардың шуы, екпіні қатты ағындар мен үнсіз тұрған сатылы мұздықтар, мұзды бұлақтардың сылдырлаған үні мен дүрілдеген қар көшкіні. Таулар - бұл жайлымдар және сапалы тұщы су.

Таулы аймақ жер шарының шамамен 40 % алып жатыр. ТМД елінде 26% алса, соның 12 % биіктігі 1500 м-ден асатын биік таулар болса, ал қалғаны орташа таулар. ТМД халқының 20 % таулы аудандарда қоныстанған. Бұл жерлерде әр түрлі табиғи ресурстар - минералдар, өсімдіктер, ормандар, аңшаруашылығы, демалыс орындары мен рекрационды орындар кездеседі. Жазықтар мен салыстырғанда таулы облыстар айтарлықтай алуан түрлі табиғи жағдайлармен ерекшеленеді. Бұл зоналы биіктік ландшафтар мен, жоталардың түрлілігі мен геологиялық құрлымының қиындылығы мен анықталады.

“Тау” түсінігінің ішіне біз жер бетінің, мұхит деңгейінен жоғары және көршілес жазықтардан биік болып келетін дұрыс пішіні. Орыстың “Тау” сөзі немістің “gebirde” және ағылшынның “ mountains ” сөздерімен сәйкес келеді. И. С. Щукин ( 1964 ), “таулар” “тау” сөзінің көптік жалғауы емес деген сөзіне тура келеді. Бірақ, “тау” сөзінің мағынасында біз тек биіктіктер деп қана түсінбеуіміз қажет. Тіпті “тау” сөзін барлық дерлік географиялық көтеріңкі нысандарға ( жота, қырат ) жалпы түрде қолдану қабылданып кеткен.

Менің бакалавырлық жұмысымдағы мақсатым, биіктік белдеулердің ғылыми атуларын - халықтық атулармен салыстырыа отырып зерттеу, соның ішінде (Іле Алатауы бойынша) .

1. 2. Қазақстандағы тауларға физикалық-географиялық сипаттама

Алакөл ойпатынан Іле ойпатына дейін созылған Жоңғар Алатауы қатпарлы-жақпарлы таулы территория. Каледон және варисциялық қатпарлықтарда тектоникалық процестерге ұшыраған және мезо-кайнозой пенепленденуінен кейін альпілік орогенезден көтерілген. Ол кембрийге дейінгі және палеозойлық жыныстардан құралған, көптеген шыңдары кең гранит интрузияларының жер бетіндегі көрінісі болып табылады. Тау алды жоталары палеоген, неоген, төттік шөгінділерлен тұрады.

Батыс Жоңғар алатауына шөлейттік тау алды жоталары, таулы далалы аласа таулар, орманды далалы орта таулар және биік таулар-таулы-шалғынды және мәңгі қар басқан таулар кіреді. Жота ұзындығы 400 км, ені 100-250 км. Ол екі параллель басты солтүстік 4464 метр және оңтүстік 4359 метр (Мұзтау) жоталарынан құралған. Жотаның солтүстік беткейлерінде тегістелген бедердің ендік бағытта созылуымен ерекшеленеді. Батыс бөлігнде жұмсақ бедерлі және еңістелген тауалды жазықтарынан тұрады. Оңтүстік беткейлерде қатты тілімденген тауалды адырлары таралған. Солтүстік және оңтүстік жоталарында қазіргі мұздықтар бар, олардың басым бөлігі солтүстік беткейлерде таралған. Барлығы 996 км² ауданды алып жатқан 700 мұздық белгілі. Еңірі аңғарлық мұздықтары (Берг, Сатбаев, Калесник) Лепсі бастауларында орналасқан. Облыс шегінде жалпы жеті мұздық тобы немесе торабтары анықталған: Ырғайты, Тентек, Лепсі, Басқан, Сарқанд, Ақсу, Биен.

Батыс Жоңғар Алатауы Сібір және Тұран ауа массалары әсерінен қалыптасатын таулы Сібірліктен таулы Түркістандыққа дейін ауысатын климаты мен ерекшеленеді. Ылғалы мол солтүстік-батыс беткейлеріне 600-800 мм, ал оңтүстік, оңтүстік-шығыс беткейлерінде 300-400 мм жауын-шашын түседі. Тау етегіндегі жазықтарда және тау алды жоталарында суармалы және богарлы егіншілік дамыған дәнді және техникалық дақылдар өсіріледі (бидай, жүгері, қант қызылшасы, күнбағыс т. б. ), сонымен қатар бау-бақша шаруашылығы таралған. Орта және биік таулардың сапалы жаздық жайылымдары мал шаруашылығына қолданылады.

Батыс Жоңғар таулары. Қазақтан шегіне бұл провинция Сауыр мен Тарбағатай орналасқан батыс бөлігі мен кіреді. Жоталар ежелгі қатпарлықтан тұрады, олар тегістелеген және қазіргі биіктігіне неоген мен төрттік кезең басындағы жақпарлы неотектоникалық көтерілімдер нәтижесінде жеткен. Олар қатты тілімденген шөгінді палеозой жыныстары: тақтатас, әктас және құмтастардан құралған. Батыс Жоңғар таулары оңтістік Алтай климатына ұқсас, бірақ жауын-шашын аз континентальды климатымен сипатталады. Жоңғар Алатауы сияқты Сауыр-Тарбағатай таулы жүйесі ландшафтар сипатына қарай оңтүстік Сібір мен Орта Азия тауларының аралығын алып жатыр.

Тарбағатай таулы дала облысы Қазақстан территориясына тек батыс бөлігі мен кіріп, Хабар асуынан Аягөз өзеніне дейін 180 км-ге ендік бағытта созылып жатыр. Жота шыңдары тегістелген, ал беткейлер шатқалдар мен қатты тілімденген. Солтүстік беткей еңістелген және салыстырмалы аз тілімденген. Тарбағатай негізінен жоғарығы палеозой шөгінділерінен тұрады, олар сазды, кремнийлі құмтастар, әктас, кангломераттар түрінде көрініс береді. Альпі орогенезі қарқынды жүрмеген. Жотаның орта биіктігі 2000 м, ең биік жері 2991м, жалпы орта таулы сипат алады. Облыс климаты құрғақ континентальды өзен жүйесі әлсіз дамыған және қазіргі мұз басу мүлде жоқ. Тек қар сызықтары ғана бар. Шөлді далалы Монғолияға тән түрлері мен аласа қараған өскен дала өсімдік жамылғысы басым. Жотаның солтүстік беткейінде дала альпі шалғындарымен шектеседі. Оңтүстік беткейде бұталы далалар тараған, тек шатқалдарда алма ағашы, көктеректер өседі. Тарбағатайда марал тамыры мен су жинау алабы бар биік шөптесін шалғындар өсуі Алтайға ұқсастырады, сонымен қатар алма ағашы Түркістан арпасы, жоңғарлық түлкіқұйрық өскен шалғындар Тарбағатайды Тянь-Шаньмен ұштастырады. Оңтүстік беткейдің тау етегіндегі жазығы жусанды-дақылды, бұталы-жусанды дақылды өсімдігі таралған. Далалар жайылымға, ал ылғалды жылдары өнімділігі 1га 4-6 ц шабындық жерлері ретінде пайдалынады.

Тарбағатай тауалды жоталарында шаруа қожалықтарының жерлері орналасқан. 80 % территориясы егіншілікке игерілген. Богарлы дақылды егіншілік дамыған. Жотаның батыс бөлігінде бау-бақша өсіру және жүзім шаруашылығы дамыған. Солтүстік беткейінің етегіндегі жазық, суармалы егіншілікке пайдаланылады. Тау алды жоталарының тік беткейлері көктемгі- жазғы жайлым ретінде пайдаланылады. Аңғар шалғындары-шабындық, субальпілік, альпілік шалғындар-жаздық жайылымдар болып табылады.

Батыс Тянь-Шань Қырғыз және Талас Алатауынан батысқа орналасқан. Ол Тянь-Шанның басқа провинцияларына қарағанда солтүстік-батыс және оңтүстік-батысқа созылған жоталар жүйесі мен оларды бөліп жатқан депрессиялардан түзілген. Бұл виргациялық жоталар шоғыры - оңтүстік - батысқа қарай төмендеп, аяқталатын варисс антиклинорийлері. Провинция ландшафттары Тянь - Шанның басқа бөліктері мен салыстырғанда Шығыс пен Жерорта теңіздік елдермен тығыз байланысты. Бұл провинцияға солтүстік пен солтүстік-шығыстан келетін әлсіз суық ауа массаларының әсері тән. Жерорта теңіздік секторға тән атмосфералық процестер басым әсерін тигізеді. Сондықтан, жауын-шашын негізінен көктемгі-қысқы кезеңде түседі. Жоғары биіктіктерде жауын - шашын максиммумы жазға жылжиды. Климтатың бұл ерекшеліктері топырақ пен өсімдік жамылғысының сипатын анықтайды. Тау етегінде эфемерлік шөл мен шөлейт басым ( аласа шөптесін саванноид ), қалың бидайықты дала, ірі шөптесін шалғынды далалар (биік шөптесін саванноидтар), жемісті- жаңғақты ормандар, ағаш тәрізді аршалар. Қазақстан территориясында провинция үш облыстан тұрады: Қаратау шөлейттік және далалық аласа таулар - Тяньшанның шеткі солтүстік батыс сілемі блоып табылатын сұр және сұр - қоңыр топырақты Қаратау жотасынан тұрады. Оның солтүстік батыс бағытта созылуы протерозойлық гнейстік қабаттардың ежелгі Каледон қатпарлығы мен кейін төменгі палеозой кристалды тақтатастар мен әктастардың варисс қатпарлығы мен байланысты. Қаратау құрлымындарын аймақтық жарықтар бөлшектеген. Жер бедерінің басым типін біртұтас ежелгі тегістеліу беткейін құрайтын үстірт тәрізді суайрық үлескілері құрайды (420 км) . Бұл беткейден жоғары тік, жартасты беткейлері, қырқа тәріздес суайрықтары бар тілімденген таулы бедері бар, жеке массивтер көтеріледі. Жалпы сипатына қарай бұл қарқынды тілімденген орта таулы бедер типі. Ең биік жерлері орталық бөлігінде - Мыңжылқы (2176 м) мен Бессаз (2167 м) шыңдары. Терең өзен аңғарлары жотаға перпендикуляр орналасады. Кейбір жерлерде аңғарлар тар және жоғарғы бөлігінде каньон тәріздес. Тұрақсыз жыныстар басым жерлерде су эрозиясы орын алған. Ерте палеозой мен девон конгломераттары, құмтастары, тақта тастарынан құралған оңтүстік батыс экспозиция беткейлерінде денудация басым. Суайрықтар мен тік беткейлерде тас үйінділері кең таралған. Топырақ жамылғысы оңтүстік беткейде қалың емес және бөлшектеніп кездеседі. Климаты әртүрлі провинциялар шекарасында орналасып, жота беткейлеріндегі әр түрлі биіктік белдеу типтері мен ерекшеленеді. Солтүстік батыс беткейде тау етегіндегі сораңды - жусанды шөлден жоғары ашық сұр - қоңыр топырақтарға эфемерлі - дақылды, жусанды шөлейт, сұр - қоңыр топырақтарға, бетегелі - бозды дала, ал оңтүстік шығыс бөліктің үстірт тәрізді суайрықтарында ( жондарда ) қаратопырақты шөптесін - бозды дала таралған. Ал оңтүстік батыс беткейінің етегінде ашық сұр топырақтарға эфемерлі шөл, таулы сұр топырақтарға эфемерлі шөптесін - жусанды далалар орналасқан. Осы Түркістан аймағында сантонин өндірілетін бағалы емдік шикізат өседі. Болалдай қыраты аймағында, оңтүстік шығыста таулы қоңыр топырақта алма ағашы, алша, шие өседі.

Ұзын және биік тау жоталары бұл провинцияда (Іле Алатауы, Қырғыз Алатауы) тұйық, ірі тау аралық ойпаттармен (Кеген, Текес т. б) шектеледі. Альпілік бедер пішіндері бар биік тау жоталарымен қатар, тармақталған денудацияға қатты ұшырыған шеткі орта таулар Кетпен мен Шу - Іле, Кіндіктас, Сөгеті аласа таулар жатады. Солтүстік Тянь - Шань басқа провинциялармен салыстырғанда солтүстік, солтүстік - батыс ауа массалары басым әсерін тигізеді. Сондықтан сыртқы беткейлердің ылғалы мол. Климат шұғыл континентальды және бореальды сипат алады. Ылғалдану деңгейі батыстан шығысқа азаяды. Осы бағытта көктемгі - қысқы жауын - шашын максимумы көктемгі - жазғы кезеңге ауысады. Биіктік белдеулік өсімдік жамылғысының солтүстік типімен және орта таулы орманды - шалғынды далалы, шалғынды - субальпілік, шалғынды орманды белдеулермен ерекшеленеді. Провинцияның батыстан шығысқа ұзақ созылуы мен табиғи жағдайлардың алуан түрлілігі төрт облысты бөліп көрсетуге мүмкіндік береді.

Кетпен таулы үстірті далалы облысы 3000 м биіктіктегі Кетпен жотасымен қатар Кеген - Текес ойпаты мен қоршаған таулар беткейлерінен тұрады. Шарын мен Текестің жоғарғы ағыстарының алаптары орналасқан. Орта таулардың қатты тілімденген бедерімен қатар, тегіс толқынды ежелгі тау бетінің тегістелу беткейлері, жонды толқынды, жазықты ойпат бедерлері жақсы дамыған. Тегістелу беткейі Кетпен жотасының толқынды үстірт тәрізді шыңды құрайды. Баянқол шыңдарында қазіргі мұзбасу байқалады, ал Кетпен жотасын да ежелгі мұзбасу іздері мен қар сызықтары бар. Климат жағдайлары тау етегіндегі жазықтары мен ойпаттарда богарлы әдіспен дәнді дақылдарды, картопты жүгері және басқа да ауыл шаруашылық дақылдарды өңдеуге мүмкіндік береді. Жалпы алғанда егіншілік жүргізуді төмен температуралар шектейді. Обылыс шалғындар - кей жерлерде батпақтарға ауысатын саздар дамыған дала ландшафттарының басым болуымен сипатталады. Далалар Кеген мен Текес ойпаттарының жазық жерлерін алып жатыр. Кең тарлған сұр - қоңыр топырақтар обылыстың егіс қоры болып табылады. Кеген мен Текес аңғарларында аллювиальды - пролювиальды орта және ауыр құмайттарда өсімдік жамылғысына бай таулы шалғынды - сұр қоңыр топырақтар дамыған. Текес өзені бойында Тұзкөл қазаншұңқырларында саздар мен сорлар кең таралған. Кетпен жотасының солтүстік беткейінде Баянкөл алабында Тяньшань шыршасынан құралған шыршалы орманды белдеу жақсы дамыған. Бұл жерде шыршалы ормандардың бұталы - шөптесін, қыналы үш тобы ажыратылыды. Обылыстың оңтүстік бөлігінде субальпілік және альпілік өсімдік жамылғысы жеке белдеулерді құрайды. Шөптесін субальпілік және сарыкүйікті - шөптесін альпі шалғындары кең таралған. Обылыстың табиғи жағдайлары етті - сүтті мал шаруашылығы мен богарлы егіншілік дамуына қолайлы.

Шу-Іле шөлейтті және далалық аласа таулары, гранитті интрузиялар жарып шыққан протерозойлық және төменгі палеозойлық тақтатастар мен гнейстерден түзілген. Олар жақпарлар мен ойпаттарға жарықтар жүйесімен тілімденген. Тау беткейін ежелгі пенеплендену тегістген. Массивтің ең биік жері 1800 м (Сораң тауы) . Климаттың шұғыл континентальдығына байланысты солтүстік бөлікте аналық жыныстар көп бұзылған. Негізгі кеңістіктер шөлейттің биіктік белдеуінде орналасқан. Беткейлерде өсімдік жамылғысы жалаңаш жартастар мен үзіледі. Жусанды - эфемерлі, жусанды - сораңды ассоциациялары қиыршықтасты сұр топырақтарда өседі. Территория аз өнімді қысқа жайлымдар ретінде пайдаланылады. 1200-1300 м-дей жоғары тау үлескілерін, әсіресе үстіртті шыңдарды бетеге, боз, жусанды шөлдік бетеге өскен сұр - қоңыр топырақтардағы дақылды - шөптесін құрғақ далалар құрайды. Шатқалдарда бұталар кездеседі, ал тегіс сайлар түбінде шабындық ретінде пайдаланылатын шалғынды үлескілері бар. Облыс территориясында жайлымдық қой шаруашылығы мен богарлы егіншілік дамыған. Жеке өзендер бойында дәнді - дақылдар мен көкөніс - бақша дақылдары өсіріледі.

Қырғыз жотасы Қазақстанға тек тік солтүстік беткейдің батыс бөлігі кіреді. Батыс шетіндегі беткей әсіресе тік және қысқа (10 км) . Шығысқа жылжыған сайын жота 30 км кеңейеді, жұмсақ контурлы орта таулы бедер пайда болады. Абсолютті биіктіктері 3000 м - аспайды. Облыстың батыс бөлігіндегі тау алды сызығымен тау етегі климаты ылғалды. 200-300 мм жауын - шашын мөлшері шығысқа қарай ұлғаяды. Жотаның батыс бөлігінде шөлейттік және далалы ландшафтар басым. 800-1500 м -де сұр топырақтарға жусанды - эфемерлі басым жер ауданы су қорына кедей, тасты топыраққа, тік беткейлерге байланысты игерілмеген. Игерілмеген жерлер көктемгі, күзгі, қысқы жайылымдарға падаланылады.

Қырғыз жотасының орта тауларының төменгі бөліктерінде 1500-2500 м-де ұсақ шымдалған - дақылды далалар, сораңды, сораңды - бозды қауымдастықтар сұр - қоңыр топырақта өседі. Жоғары дақылды далалар таулы қара топырақтарға биік шөптесін шалғынды далаларға, бұталар арша ормандарына ауысады. Табиғи жағдайлар кешеніне қарай жотаның батыс бөлігі етті - сүтті мал шаруашылығына, егіншілікке қолайлы.

Тау етегінде богарлы дақылды егіншілік жүргізеді. Барлық жерлерде эрозия процестері дамыған.

2 тарау. Іле Алатауының зерттелу тарихы

Іле-Алатауы Тянь-Шань таулы жүйесінің солтүстік жоталарының бірі болып табылады. Ең алғашқы зерттеушілер бұл кең аймақты Іле өлкесі деп атаған. Солтүстігінде жота тау алды жазығымен, ал оңтүстігінде-Шелек және Шонкемен өзендерінің аңғарлары болып табылады. Батысында Қастек өзенімен, Шығысында Шарын өзенімен шектеледі. Жотаның ең биік нүктесі Талғар шыңы, оның биіктігі 4978 м жетеді. Биік таулар негізінен орталығында орналасқан. Климаты континентальдылығымен ерекшеленеді. Іле Алатауының геологиялық құрлымы өте күрделі. Мұнда интрузивтік магмалық жыныстар кездеседі. Сонымен қатар метаморфтық тау жыныстарыда кездеседі. Тау жотаның үлкен бөлігі палеозойлық жыныстардан құралған “сөрелер” пайда болды.

XÍX Ғасырдың екінші жартысында Европаның ғылыми әдебиетінде, тянь-шань таулы елі мүлде белгісіз қалды. Батыс Европа ғалымдарының тянь-шань табиғатымен танысуы өте қызық болды. Мысалы атақты неміс ғалымы Аленксандр Гумбольдт тянь-шань тауы қазіргі вулкандық аймақ екенін дәлелдеді.

Көрнекті қазақ ғалымы Шоқан Уалиханов Европалықтардың аяғы жетпеген, жұмбақ болып келген, Тянь-Шань таулы аймағын алғаш зертеген ол, 1956 жылды Іле Алатауының шығыс бөлігін Ыстық көлге дейінгі аймақты зерттеуге арнады. 1856 жылы бегілі Семенов Тянь - Шаньский екі рет саяхат жасады. Ыстық көлдің шығысына жасаған бірінші саяхатында ол Верный бекінісінен Уалиханов маршрутмен аттанды. Географ, әрі геолг, ботаник, әрі зоолог болған П. П. Тянь-Шаньский маршрут бойынша әр түрлі әсіресе Іле Алатауының геологиясын ғылыми тұрғыдан зерттеді. Ол жотаның релефі геологиясы және өсімдік жамылғысына ауқымды сипаттама берді. Биктік ландшафтық белдеулікті алғаш рет ұсынды. Оны бес зонаға: Далалық, мәдени және бақшалық, Қылқан жапырақты ормандар зонасы, альпілік және мәңгілік қар зонасы деп бөлді. 1902-1903 ж В. В. Сопожников неміс гелого Фридерхсен мен бірге Жетісуда геоботаникалық жұмыстар жүргізді. 1903 ж және одан кейінгі жылдары С. В. Димитрев Іле Алатау Мұздықтарын зерттеді. 1916-1920 жылы Іле Алатауының мұздықтарын В. Д. Городецкий зерттеді. Д. Н. Казанали 1946-1949 жылдары Іле Алатауының Сейсмикалық және тектоникасын зерттеді. Ол өзінің есеп беріу кезінде жотаның геологиялық картасын көрсетті. 1946-1948 жылдары Іле Алатауының тау алды лесстық түрімен, Ломонович айналысты.

Іле Алатауын зерттеген көрнекті орыс ғалымы, географ Семенов Тянь-Шанский. 1856-1857 жылдары ол Тянь-Шаньға жасаған атақты саяхатында, Европа ғалымдары бірінші рет географиялық тұрғыдан, сол аймақтың геологиясы мен өсімдіктеріне нақты мәлімет алды. Ол Іле Алатауының солтүстік беткейінің орталық бөлігіне, тік бағытта ландшафтық белдеу орналастырды. Ең бірінші Іле Алатауының топырақ жамылғысы, осы аймақта 1886 жылы геобатаникалық зерттеу жүргізген атақты ботаник әрі географ А. Н. Красновтың еңбегін еске түсіреді.

2. 1. 2. Іле Алатауының климаты

Бұл аймақтың климаты айқын көрсетілген континентальдылығымен ерекшеленеді. Тау етегі зонасында жаз өте ыстық, ал қысы жиі жылымықты қоңыржай жылы болып келеді. Тауға жоғарылаған сайын ауаның температурасы да төмендейді, қар мөлшері де көбейеді, ал биік таулы зонада қарлар қатты түседі және тұрақты қарлар мен мұздықтарды құрайды. Ауа температурасының көп тербелуі, нивальді белдеуде қарқынды үгілудің пайда болуына себеп болады. Сонымен қатар, солифлюкциялық құбылыстар және тау беткейлерімен қиыршық тастардың жаппай жылжуы тән. Тау етегі жазығында да, үгілу процестері белсенді байқалады: шаңды дауылдары, топырақ құрғақшылығы, құмдардың үрленуі мезгілімен тұрады, қойтасты-малтатасты материал біртіндеп ұшырайды. Геоморфологиялық жағынан алсақта, қысы теріс мағналы сипатына ие болады: қаланың солтүстік шеттерінде 420 мм түссе, Медеуде - 843 мм, Жоғарғы Горельникте - 881 мм. Одан жоғары, температураның төмендеуіне және ылғалдың азюына байланысты жауын-шашын мөлшері төмендейді. Мысалы, Мыңжылдыққа -734 мм. Максимальді жауын-шашын зонасы 1500-2300 м. Айлық жауын-шашынның ішкі жылдық таралуында екі минимум -жазда және қыста, сонымен қатар, екі максимум: негізгісі көктемде және қосымшасы күзде. Үш айда (сәуір, мамыр, шілде) 1000 метр биіктен жоғары орналасқан Іле Алатауының солтүстік беткейінде орналасқан барлық станцияларда, сонымен қатар Алматы маңында, жылдық жауын-шашынның шамамен жарты мөлшері түседі.

Іле Алатауының су балланысында қар жамылғысыда негізгі мәнге ие. Жергілікті климаттық және ораграфиялық жағдайлардың әртүрлілігі оның қалыптасыу, шөгу және бұзылу ерекшеліктерін анықтайды. Қар жамылғысының жазықтығы орташа биіктігі 20-30 см, ал тауларда 90 см дейін жетеді. Тау етегі жазығында жаз құрғақ және ыстық, ал қысы қоңыржай жылы, қары аз және айқын бейнеленген континентальдылығымен ерекшеленеді. Орта таулы белдеуде онша ыстық емес, максимальді жауын-шашын мөлшері осы белдеуде түседі, ал қысы жұмсақ және жылы болып келеді. Негізгі шығыны атмосфералық жауын-шашынның максимальді түсу кезеңіне мамыр - шілде айына келеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Таулы аймақтардың зерттелу тарихы
АНТАРКТИДАНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Африка құрлығын оқыту
Май өңірінде туризмді дамытуға арналған жобалар
Қазақтың ұсақ шоқыларына физикалық-географиялық сипаттама
Солтүстік Америка мен Еуразияның географиялық орны
Таулармен жазықтардағы өзен аңғарлары
Оңтүстік Америка
Қазақстанның Қызыл кітабына енген қызғалдақтар
Шығыс Еуропа және Сібір платформалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz