Қазақстан аумағындағы Ұлы Жібек жолы


І. Кіріспе
ІІ. Неізгі бөлім
І .тарау. Ұлы Жібек жолының ... ... ... ..
1.1 Қазақстан аумағындағы Ұлы Жібек жолы
1.2 Ұлы Жібек жолының бағыттары мен тармақтары
ІІ . тарау. Сауда және товар алмасу
2.2 Ұлы Жібек жолының орта ғасырлық ... ... ... байланысы
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
«Жібек Жолы» деген не, ол қашан пайда болып, жұмыс істей бастады, қай жерден өткен — әркімнің көкейіне алғаш ұялайтын сұрақтар міне осылар. Жауап қайтару үшін тарихи фактілерге жүгінейік.
629 жылы буддалық тауап етуші Сюань-Цзян «Будданың қасиетті сүйектерін көріп, дін ілімін тыңғылықты зерттеу үшін» Қытайдан Үндістанға аттанды. Ол Қытайды Батыспен жалғастырып жатқан және техника жаңалықтарын, діни идеялар мен мәдениет жетістіктерін жеткізуші болған халыкаралық жолмен жүрді.
Чаньаннан шыққан көпестер керуенімен бірге қоспақ түйемен Дунхуан арқылы ұлы Гоби шөлінің шетімен жүріп, «Ұлы Айдаһар шағылдары» деген атпен мәлім тұзды шедден, Хами және Тұрфан жазирасынан, Тянь-Шанның солтүстік беткейлерін бойлай өтіп, сірә, Музур-Ола жотасы болуы мүмкін деп саналатын мұзды таулардан шыққан Сюань-Цзян мен оның серіктері «Мөлдіреген Көгілдір келге» жеткен. Оны «Қайнаған көл» деп те атаған, сондықтан оның Ыстықкөл екенін білу қиын емес. Келді айналып өткен тауап етуші Суяб қаласына келіп, онда Батыста шекарасы Қара теңізге дейін созылып жатқан орасан зор империяның әміршісі түрік қағанымен кездескен. Сюань-Цзян түріктердің қағаны мен оның маңындағыларды былайша суреттейді: «Бұл жатжерліктердің жылқьшары тамаша екен. Қаған жасыл жібек шапан киген; оның басы жалаңаш, тек ұзындығы бір чжаннан (3,2 м) астам жібек шүберекпен орап, ұштары артына салбыратып жіберілген. Оның ізіне зерлі шапан киіп, шаштарын бұрым етіп ерген екі жүзден астам тархан еріп жүр. Аң терісімен әдіптелген киім және жұмсак бас киім киген өзге жауынгерлер айбалталар, тулар мен садақтар ұстаған. Түйелер мен атқа мініп келе жатқандардың көп екені сонша, көзбен шолып шығу мүмкін емес».

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Көлемі: 10 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 300 теңге
Таңдаулыға:   




Ж о с п а р
І. Кіріспе
ІІ. Неізгі бөлім
І –тарау. Ұлы Жібек жолының --------------
1.1 Қазақстан аумағындағы Ұлы Жібек жолы
1.2 Ұлы Жібек жолының бағыттары мен тармақтары
ІІ – тарау. Сауда және товар алмасу
2.2 Ұлы Жібек жолының орта ғасырлық ------------ байланысы
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Қазақстан аумағындағы Ұлы Жібек Жолы
Жібек Жолы деген не, ол қашан пайда болып, жұмыс істей бастады, қай
жерден өткен — әркімнің көкейіне алғаш ұялайтын сұрақтар міне осылар. Жауап
қайтару үшін тарихи фактілерге жүгінейік.
629 жылы буддалық тауап етуші Сюань-Цзян Будданың қасиетті
сүйектерін көріп, дін ілімін тыңғылықты зерттеу үшін Қытайдан Үндістанға
аттанды. Ол Қытайды Батыспен жалғастырып жатқан және техника жаңалықтарын,
діни идеялар мен мәдениет жетістіктерін жеткізуші болған халыкаралық жолмен
жүрді.
Чаньаннан шыққан көпестер керуенімен бірге қоспақ түйемен Дунхуан
арқылы ұлы Гоби шөлінің шетімен жүріп, Ұлы Айдаһар шағылдары деген атпен
мәлім тұзды шедден, Хами және Тұрфан жазирасынан, Тянь-Шанның солтүстік
беткейлерін бойлай өтіп, сірә, Музур-Ола жотасы болуы мүмкін деп саналатын
мұзды таулардан шыққан Сюань-Цзян мен оның серіктері Мөлдіреген Көгілдір
келге жеткен. Оны Қайнаған көл деп те атаған, сондықтан оның Ыстықкөл
екенін білу қиын емес. Келді айналып өткен тауап етуші Суяб қаласына келіп,
онда Батыста шекарасы Қара теңізге дейін созылып жатқан орасан зор
империяның әміршісі түрік қағанымен кездескен. Сюань-Цзян түріктердің
қағаны мен оның маңындағыларды былайша суреттейді: Бұл жатжерліктердің
жылқьшары тамаша екен. Қаған жасыл жібек шапан киген; оның басы жалаңаш,
тек ұзындығы бір чжаннан (3,2 м) астам жібек шүберекпен орап, ұштары артына
салбыратып жіберілген. Оның ізіне зерлі шапан киіп, шаштарын бұрым етіп
ерген екі жүзден астам тархан еріп жүр. Аң терісімен әдіптелген киім және
жұмсак бас киім киген өзге жауынгерлер айбалталар, тулар мен садақтар
ұстаған. Түйелер мен атқа мініп келе жатқандардың көп екені сонша, көзбен
шолып шығу мүмкін емес.
Өзіне қаған жасаған қабылдауды суреттей келіп, Сюань-Цзян түрік
ақсүйектерінің жібек киімдерінің сән-салтанатын талай рет атап көрсетеді
және өзінің сыйлыққа қызыл күрең сәтеннен тігілген толып жатқан киім
жиынтығы мен елу тай жібек алғанын да хабарлаңды. Бұл көріністе Шығыс пен
Батыс саудасының негізгі енімі, ертедегі және орта ғасырлардағы
құрлықаралық ұлы жолға атын берген жібек ерікті болсын, еріксіз болсын
бірнеше рет айтылады. Бұл жолдың қашан іске қосылғаны туралы сұраққа осы
кезге дейіи түрлі жауап қайтарылады. Егер Жібек жолының жекелеген
учаскелердің түп-негізі туралы айтар болсақ, қарым-қатынастар мен айырбас
байланыстарының басы уақыты жағынан б. з. б. III—II мыңжылдықтарға барып
тіреледі. Бұл байланыстар Бадахшан тауларында көктас және Жаркентдария
өзенінің жоғарғы ағысында, Хотан аудандарында нефрит кеніштерінен кен
қазылуы себепті жолға қойылған еді. Бадахшанда өндірілген көктас Иранға,
Месопотамияға, Анадолға, Мысыр мен Сирияға шығарылды. I мыңжылдықтың орта
шенінде Бадахшанның көктасы Қытайға апарылады.
Орта Азия мен Орта Шығысты Жерорта теңізімен және Үндістанмен жалғастырған
Көктас жолымен қатар Шығыс Түркістанды Қытаймен байланыстырған Нефрит
жолы да болды.
Б. з. б. I мыңжылдықтың орта шенінде Дала жолы жандана бастады, егер
тарихтың атасы Геродоттын суреттеуіне ден қойсак, оның мынадай бағыты айкын
болады: ол Қара теңіз өңірінен Дон жағалауына, содан соң Оңтустік Орал
өңіріндегі савроматгар жеріне, Ертіске қарай, одан әрі Алтайға, Жоғарғы
Ертіс пен Зайсан көлі маңын мекендеген агриппейлер еліне шыққан. Бұл жолмен
аң және мал терілері, иран кілемдері, қымбат бағалы металдардан жасалған
бұйымдар таралған.
Таяудағы кездің өзінде жібектің ойлап табылуы және онымен сауда жасау
б. з. б. I мыңжылдық кезіне жатады деп саналып келген еді. Алайда Тайху
көліне жақын жерде, Чжецзян провинциясында қазба жұмыстарын жүргізген қытай
археологтары неолит дәуіріне жататын жібек маталар, белдік пен тоға тапты.
Матаның мезгілі — б. з. б. 2750+100 жж. Оған жасалған талдау сол кезге
қарай-ақ яғни осыдан бес мың жылдай бұрын жібек тоқу қарапайым сатыдан
шыққанын дәлелдейді. Б. з. б. VI—V ғасырларда қытай жібегі баска елдерге,
соның ішінде Батысқа да шығарыла бастаған. Алтайдағы Пазырық патшалық
обаларының б. з. б. V ғасырдағы деп саналатын біреуін қазған кезде феникс
кестеленген жібек көрпе табыдды. Оңтүстік және Батыс Европа аудандарында б.
з. б. VI—V ғасырлардағы қабірлерден жүннен жасалған бұйымдарға тігілген
жібек маталар мен шашақтар шықты.
Қымбат тұратын жібектердің таралуына сақтар мен скифтердің кешпелі
тайпалары қатысқан, сол кездегі ғажайып товар Орталық Азия мен Жерорта
теңізі өңіріне солар арқылы жеткен.
Алайда, VI—IV ғасырлардағы Жібек жолы туралы айтуға бола қоймас,
қымбат товарлар дала өнірі арқылы жеткізілген, ол 40-параллель маңынан
еткен және Хуанхэ өзенінің үлкен иіндерінен басталып, Алтайдың шығыс және
солтүстік сілемдерін, Қазақстан мен Қара теңіз өңірі далаларын кесіп өткен
де, гректер мен этрускілер жеріне жеткен деп шамалау дұрысырақ боллды.
Жібек Үндістанға сол кезде барған, мұны сина патго - қытай жібегі
деген сөз дәлелдейді.
Б. з. б. I ғасырдың ортасында ғана Жібек жолы тұрақты дипломатиялық
және сауда жолы ретінде пайдаланыла бастайды. Ал бәрі 138 жылы, император У-
ди Батыстың беймәлім елдеріне жіберген Чжан-Цзянға ерген елші керуені Хань
астанасынан шыққан кезде басталган еді. Чжан-Цзян 13 жылдан кейін қайтып
орадды. Ол қазіргі Ауғанстан аудандарына дейін жетіп, Қытайдың ішкі
аудандарынан Орталық Азияға бірінші болып тура жолмен жүріп етті. Осының
ізінше Батысқа - жібек артқан керуендер аттанып, ал Қытайға Жерорта теңізі
жағасынан, Таяу және Орта Шығыстан, Орта Азиядан товарлар әкеліне бастады.
Көп кешікпей халықаралық сауда Орта Азиядағы Зеравшан және Қашқадария
аңғарларында орналасқан ел — Соғдыдан шыққан саудагерлердің қолына көшті.
Соғдылардың Шығыс Түркістандағы Тохарлық калаларда және Қытайдың Ланчжоу,
Дунхуан, Чаньан сияқты қалаларында сауда колониялары болды. Мысалы,
Дунхуанда мыңға тарта соғдылар тұрған. Соғдылар Жапонияға өткен, жібек жолы
жапондардың ертедегі астанасы Нараға жетіп аяқталған. Осындағы бір
ғибадатханада соғды тілінде жазылған қолжазба сақтаулы.
Қазақстанның батысын Қиыр Шығыспен, Амур бойымен керуен жолдары
байланыстырып жатты. Бұлғын жолы дейтін жол белгілі, ол арқылы
Византияның, Иранның, түрік қағанаттары мен соғды княздіктерінің Бохай
мемлекеггерімен және Жапониямен байланыстары жузеге асырылған. VI ғасырда
Бұлғын жолының теңіздегі белігі Жапонияға баратын жол деп аталған. II-V
ғасырларда Жібек жолы, егер Шығыстан бастасақ Чаньаннан басталып, Ланчжоу
ауданында Хуанхэ арқылы өтетін өткелге, одан әрі Нань-Шанның солтүстік
сілемдерін жағалап, Ұлы Қытай қорғанының батыс шеті мен Яшма қақпалары
бекетіне беттеген. Осы арада бір жол айрылып, Такла-Макан шөлінің
солтүстігі мен оңтүстігін жағалап кеткен. Солтүстік жол Хами, Тұрфан,
Бесбалық Шихо жазиралары арқылы Іле өзенінің аңғарына; ортаңғы жол
Чаочаннан Қашқарға, Ақсуға және Бедел асуы арқылы Ыстықкөлдің оңтүстік
жағасына; оңтүстік жол Дунху-ан, Хотан, Жаркент арқылы Бактрияға, Үндістан
мен Жерорта теңізіне шыққан, бұл — оңтүстік жол деп аталатын жол;
солтүстік жол Қашғардан Ферғанаға және одан әрі Самарқанд, Бұхара, Мерв
арқылы Хамаданға, Сирияға барған.
VI—VII ғасырларда, Ферғана арқылы ететін бүрынғы жол төте және қолайлы
болғанымен, Қытайдан батысқа Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан арқылы өтетін
жол мейлінше жандана түседі. Жоддың ауыстырылуын мынадай себептермен
түсіндіруге болады. Біріншіден, Жетісуда түрік қағандарының ордалары болды,
Орта Азия арқылы өтетін сауда жолдарын солар бақылап отырды. Екіншіден,
Ферғана аркылы өтетін жол өзара қырқыс салдарынан VII ғасырда қауіпті
бодды. Үшіншіден, түріктердің бай қағандары мен олардың төңірегіндегілер
теңіздің арғы жағының товарларын ірі мөлшерде тұтынушылар болатын.

Ұлы Жібек жолының бағыттары мен тармақтары.
Егер Жібек жолымен батыстан шығысқа қарай жүрсек, оның Қазақстандағы
учаскесі Шаштан (Ташкент) шығып. Тұрбат асуы арқылы Исфиджабқа, Сайрам
(Сарьямға) келеді. Ежелгі қаланың аты осы күнге дейін сақталған. Шымкент
түбіндегі бір қыстақ тап осылай аталады, оның дәл кіндік тұсында Жібек
жолындағы бір ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан жеріндегі Ұлы жібек жолы
Ұлы Жiбек Жолы жайлы
Ұлы Жібек жолы туралы
Ұлы Жібек жолы тарихы
Ұлы жібек жолы Қазақстан жерінде
Ұлы жібек жолы жөнінде
Ұлы жібек жолы сораптары
Ұлы жібек жолы жайында
Ұлы Жібек жолы
Ұлы Жібек жолы тарихы туралы
Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.



WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь