Халықаралық құқықмирасқорлық институты



1. Кіріспе.

2. Халықаралық құқықмирасқорлық институты.

3. Қорытынды бөлім.

4. Қолданылған әдебиеттер.
Халықаралық құқық тарихынан екі диаметралдық қарама-қайшы теориялар белгілі. Әмбебап құқық мирасқорлық теориясы ХVІІ-ХІХ ғасырларда пайда болған. Бұл теорияның мәні субъект-мирасқордың барлық құқықтар мен міндеттерді толық көлемде мұраға алуынан көрінеді. Бұл теорияны Г.Гроций енгізген болатын. Ал келеңсіз теория XX ғасырдың басында пайда болды. Оның өкілі А.Кейтс болды, ол халықаралық құқықтың жаңа субъектісінің бұрынғы субъектісіне ешқандай қатысы жоқ деп есептейді. Осы теорияның бірқатар жүйесі де болды. Ол: tabula rasa теориясы - "таза тап теориясы" мен "мінсіз бедел теориясы" еді. Құқықмирасқорлықтың қазіргі жағдайында қарастырылып отырған теориялардың бірде-бірі дәлел таппай отыр.
1. Аваков М.М. Правопреемство освободившихся государств. – М., 1983.
2. Фельдман Д.И., Курдюков Г.И. Основные тенденции развития международной правосубъективности. Казань. 1984.
3. Черниченко С. Международное право: современные теоритические проблемы. – М., 1993.
4. Токаев К.К. Под стягом независимости. Очерки о внешней политике Казахстана. – Алматы қаласы 1997 ж.
5. Жанат Құлжабаева., Халықаралық жария құқық, Алматы қаласы – 2003 ж.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

1. Кіріспе.

2. Халықаралық құқықмирасқорлық институты.

3. Қорытынды бөлім.

4. Қолданылған әдебиеттер.

Кіріспе.

Халықаралық құқық тарихынан екі диаметралдық қарама-қайшы теориялар
белгілі. Әмбебап құқық мирасқорлық теориясы ХVІІ-ХІХ ғасырларда пайда
болған. Бұл теорияның мәні субъект-мирасқордың барлық құқықтар мен
міндеттерді толық көлемде мұраға алуынан көрінеді. Бұл теорияны Г.Гроций
енгізген болатын. Ал келеңсіз теория XX ғасырдың басында пайда болды. Оның
өкілі А.Кейтс болды, ол халықаралық құқықтың жаңа субъектісінің бұрынғы
субъектісіне ешқандай қатысы жоқ деп есептейді. Осы теорияның бірқатар
жүйесі де болды. Ол: tabula rasa теориясы - "таза тап теориясы" мен "мінсіз
бедел теориясы" еді. Құқықмирасқорлықтың қазіргі жағдайында қарастырылып
отырған теориялардың бірде-бірі дәлел таппай отыр.

1. Халықаралық құқықмирасқорлық институты.

Аталған институттың дамуына соңғы кезде халықаралық аренада болып
жатқан тарихи оқиғалар үлкен әсерін тигізуде.
Құқықмирасқорлық - бұл бір субъектінің құқықтары мен міндеттерінің
белгілі бір оқиғалар мен жағдайлардың туындауы нәтижесінде екінші біреуге
өтуі. Халықаралық құқықта қарастырылып отырған институт азаматтық құқықтағы
құқықмирасқорлықтан өзгешерек екені сөзсіз. Мұндай айырмашылықтардың болуы
халықаралық қүқықтың ерекшеліктеріне байланысты. Мысалы, субъектілік құрам,
құқықтар мен міндеттер көлемі, құқықмирасқорлық мәселелерін құқықтық реттеу
сияқты болып келеді.
Халықаралық бірлестік 1961 ж. осы институтты жүйелеу әрекетін жасап
көрді. БҰҰ Бас Ассамблеясының 1961 ж. 18- желтоқсандағы 1686 (XVI) қарары
құқықмирасқорлық туралы мәселені бірінші кезектегі тізімге енгізді.
Құқықмирасқорлықтың негізгі мәселелері мынадай әмбебаптық және аумақтық
көпжақты шарттармен реттеледі: 1971 ж. 23 тамызындағы мемлекеттердің
шарттарға қатысты құқықмирасқорлығы туралы Вена Конвенциясы, 1983 ж. 8
сәуіріндегі мемлекетгік меншік, мемлекеттік мұрағат және мемлекеттік
қарыздарға қатысты құқықмирасқорлық жөніндегі Вена Конвенциясы, КСРО-ның
сыртқы мемлекеттік қарыздары мен мұрағаттарының құқықмирасқорлығы туралы
1991 ж, 4-желтоқсандағы Шарт. КСРО таратылып, тәуелсіз мемлекеттер
құрылғаннан кейін, ТМД құқықмирасқорлық институтына қатысы бар мынадай
шарттарға қол қойды:
- ТМД мемлекет басшыларының "Бұрынғы КСРО-ның шетелдердегі меншігі
туралы" 1991 ж. 30 желтоқсандағы Келісімі.
- КСРО-ның сыртқы мемлекеттік қарыздары мен активтеріне қатысты
қүқықмирасқорлық туралы шартын толықтыру жөніндегі 1993 ж. 13 наурыздағы
Келісім.
- Бұрынғы КСРО-ның шетелдердегі барлық меншігін бөлу жөніндегі 1992
жылдың 6-шілдедегі Келісім.
- Бұрынғы КСРО-ның мемлекеттік мұрағаттарына қатысты кұқықмирасқорлық
туралы 1992 ж. 6-шілдедегі Келісім.
- Бұрынғы КСРО-ның шарттарына қатысты өзара мүдделерді керсететін
құқықмирасқорлық мәселелері жөнінде өзара түсінісу туралы Меморандум.
- Құқықтарды өзара мойындау және меншік қатынастарын реттеу туралы
1992 ж. 9 қазандағы Келісім.
- Бұрынғы КСРО-ның сыртқы мемлекеттік қарыздары мен активтеріне
катысты құқықмирасқорлық мәселелерін реттеу жөнінде Қазақстан Республикасы
мен Ресей Федерациясы арасындағы 1993 ж. 6-қыркүйектегі Келісім және
басқалары.
Халықаралық құқықта мемлекеттердің құқықмирасқорлығы туралы мәселелері
мынадай жағдайларда туындайды: а) әлеуметтік революцияларда;
б) отарлардан мемлекеттердін құрылуы кезінде;
в) мемлекеттердің бір бөлігінің бөлек шығуы; г) мемлекет аумағының бір
белігінің басқа мемлекетке өтуі кезінде.
а) Әлеуметтік революциялар кезінде.
- Мұндай тарихи мән-жайлар кезіндегі құқықмирасқорлық мағынасы
әлеуметтік революциялар нәтижесінде пайда болған жаңа мемлекетке бұрынғы
мемлекеттің бірқатар халықаралық құқықтары мен міндеттернің өтуімен
түсіндіріледі. Мұндай құқықмирасқорлыққа мысал ретінде XVIII ғ. аяғындағы
Ұлы француз революциясын, 1917 ж. Ұлы Қазан социалистік революциясын айтып
өтуге болады. Әлеуметтік революциялар кезіндегі қүқықмирасқорлық мынадай
мәселелерді қозғайды:
- аумақтық – жаңа мемлекет бұрынғы мемлекеттің аумағында қалады;
- халыққа қатысты мәселелер – мемлекеттің қол астындағы бұрынғы
азаматтар жаңа мемлекеттің азаматтары болып қалады, ал шетелдегі адамдар
мұндай жағдайда өздері туралы хабарлауы тиіс;
- шарттық міндеттемелер жаңа мемлекет, әдетте бұрынғы
әділетсізшарттар жүйесінқайта қарайды;
- меншік мәселелері - бұрынғы мемлекеттің активтері мен пассивтері
жаңа мемлекетке берілуі тиіс;
- халықаралық ұйымдарға мүшелік мәселелері - әлеуметтік революциялар
халықаралық ұйымдардағы мүшелікке әсер етпейді –
мысалы, Куба бұрынғыдай БҰҰ-ның мүшесі болып қала берді.
б) Мемлекеттердің отарлардан бірігуі кезінде
- жаңа мемлекет бұрынғы отар аумағында қалыптасады.
- шарттық міндеттемелердің, әдетте, кейбір ескертпелері болады. Бұл
бұрынғы метрополийлардың (отарлап, билеуші мемлекеттердің) халықаралық
міндеттемелерді өздеріне толық көлемде ала алмауына байланысты. Мысалы,
Танганьика мемлекетті 1961 ж., ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттердің құқық мирасқорлығы
Қазақстан Республикасы- халықаралық құқық субъектісі
Құқық мирасқорлық теориясының пайда болуы
Азаматтық процесстегі катысушылардың арасындағы тараптардың орны
Мемлекеттік меншікті жекешелендіру
Мемлекеттік меншік құқығы ұғымы
Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша мұрагерлік қатынастар мәселесі.
Жеке меншік құқығы
Мұрагерлік құқық туралы ақпарат
Мемлекеттердің дербестеңдік қағидасы
Пәндер