Дарабоз Дана


Дарабоз Дана
Ел басқару екінің бірінің қолынан келе бермейтін бірегей өнер екні әмбеге аян. Оның үстіне ел ұстаған екінің бірі есте қала бермейтіні де белгілі ғой. Жымысқы жолмен түлкі боп таққа отырып, халқына қасқыр боп тиген талайларды көне көз тарих білед. Бірақ олардың атын білгенімен, затын ілтипатқа ілмейді. Демек, ақыл парасатына, қажыр-қайраты сай, дегдарлығы мен білімдарлығы бірдей, мінезі маңғаз, жүрегі мейірбан жетекші ғана жұрттың жадында ұзақ сақталмақ. Міне, екі ғасырдан астам атақ даңқы аңыз әңгімелер -ақ ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, үдеп бара жатқан Абылай хан осындай қайраткер болса керек.
Рас, Абылай күні бүгінге дейін әділ бағасын ала алмай, тарихтан тиісті орнын таппай келген қайраткер. Әитпесе «ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламаданкейін көп ұзатпай қазақ халқының басын құрап, жоңғар басқыншыларына ойсырата соққы беруді ұйымдастыруы ерең еңбек емес пе. Сындарлы саятшы, сарабдал мәмлегер ретінде ол көрші мемлекеттердің бәрімен арақашытықты сақтай отырып, терезесі тең байланыс жасай білген көреген басшы.
Тек соңғы қой жылының той ауанымен Ғылым академиясы ғылыми теориялық конференция ұйымдастырып, оның сан-салалы қайраткерлік қызметін, қаһармандық ерлігін айшықтап көрсетер қыруар құжаттар мен деректерге жұртшылықтың көзін ашқандай болды. Бақсақ, Абылай парасатты елбасшы ғана емес, қабырғалы қолбасшы да екн. Қазақ халқының азаматтығы жолында қасық қаны қалғанша айқасқан аты аңызға айналған талай батырлар, басы Қанжығалы Бөгенбай мен Қаракерей Қабанбай болып соның ақыл кеңесіне жүгінген, қажет жерінде жігер күшіне сүйенген. Небір күрмеуі қиын күрделі мәселе тап келсе, ол дереу билер алқасына салып кеңінен кеңесіп, кемел байлам жасаған. Төле мен Әйтеке, Қаздауысты Қазыбек сияқты кең толғар кемеңгер билердің, Бұхар жырау сияқты от ауызды, орақ тілді, данагөй ақындардың ақылына жүгініп, болашақ ісіне бағдар алып отырған. Осының өзі-ақ оның халықтың қайнаған ортасынан шығып, соның мұңын мұдап, жоғын жоқтап, сойылын соққан қайраткер екендігін қапысыз аңғартса керек.
Асылы Абылайға бақта, тақ та оңайлықпен келген жоқ. Оның атасы атышулы Абылай Түркістан әмірі болған. Кемшілікке кеңшілігі жоқ, екіжүзділікке қаны қас ол досқа да дұшпанға да қатал ымырасыз кісі болған сияқты. Жоңғарларға қарсы отыз мың қолды бастап барып ұрысты ойдағыдай ойластыра алмай, жеңіліп қайтқан Қайып ханды да кінәсін кешіре алмай өлтіріп жіберген. Сол үшін өзі де қанішер атанып, елден аласталды деген сөз бар. Оның орнын ұлы Көркем Уәлі басады. Бірақ оның бақыты ұзағынан сүйіндірмей, Түркістанға тұтқиылдан басып кірген жау билеушінің отбасын түгел қырып тастайды. Бір төлеңгіттің тапқырлығы мен адалдығы арқасында он бір жасар ұлы Әбілмәнсүр аман қалып, қаладан қашып шығады.
Бала сол бетімен атақты Төле бидің аулынан бірақ шыққан тәрізді. Тегі, түбі беймәлім жетім баланың алғаш түйе баққаны, одан жылқышы болғаны да анық. Алғаш қауіп ойлап атын айтпай «сіз қалай атсаңыз есімім солай болсын»деген би шашы өскен, жүдеубас, шоқпыт шапан баланы Сабалақ атап кеткен. Бұхар жыраудың:
Ей, Абылай.
Мен сені көргенде
Тұрымтайдай ұл едің,
Түркістанда жүр дің,
Үйсін Төле билердің
Түйесін баққан құл едің, -деп қазбалайтыны оның өмірінің дәл осы тұсы.
Баланың жілік алмақ мінезінен емес пе, елгезек те әдепті, маңғаз да мейірбанжеткіншек ұзамай, осы үйдің туған ұлындай боп кетеді. Қойшы қолаңныңқойыртпағын ішпейтін, тақыр жерге отыра кетпей, астына күпісін төсеп алатын боз баланың бір дегдарлық барын алдымен бәйбіше байқады. Ол және жылқы күзетінен келіп боз баланың сәскеге қарай биге сәлем бергенінде отағасының селк ете қалатынын да аңғарды. Бір күні бұны жасырмай:
- Сабалақ келіп сәлем берген сайын селк ете қалатының не осы?- деп сұрайды.
- Қой, қайдағыны айтпай. Есікте жүрген жалшыдан шошып мені қара басты дейсің бе? - би оған сенбейді.
-Нанбасаң сынап көрші, көзің жетсін, - деп бәйбіше ертеңіне жылқышы келер кезде бидің етегіне тебен ине қадап қояды. Айтқандай-ақжігіт кіріп келгенде би селк ете түсіп, тебен сынып кетеді. Бірақ іш пікірін іште тоүйіп, Төле би тіс жарып ештеңе демейді.
Бірде биге кеп сәлем беріп, қона жатқан Қанжығалы Бөгенбайдың көзі жігітке түседі. Жанары ұшқын шашып, оттай жайнаған, тілі орамды, ойы айқын тұла бойы жалын атып тұрған жігіттің тегін жан емес екнін сезді де, қырағы қыр қыраны оны қалмақтардыбарлауға ерте кетеді. Одан аман оралып, елге қайтарында:
Шырағым, көзің отты бала екнсің,
Мінезің бөлек біткен хан екенсің.
Жазға салым қалмаққа аттанамыз,
Соған керек болар жан кенсің, -деп астындағы Нарқызыл атын беріп кетіпті.
Батырдың хабарлағанындай, келесі көктемде Әбілмәмбет хан қазақтан қол жиып, қалмақтан кек алуға аттанғалы жатыр деген хабар тарайды. Осыны естіген ер жігіт биге келіп, майданға жіберуін өтінеді.
- Балам, саған соғысқа барудан гөрі жылқы тбаққан жақсы емес пе?! - дейді Төле би.
- Желіккен дудан, жерқайысқан қолдан қалғанша ер азаматтың өлгені артық ғой, - дейді жігіт. Сөзден тосылған би рұқсат береді.
Жау тілеп екі көзі шоқтай жанған жылқышы келгенде қазақ пен қалмақ екі төбеге ошарылып, ортада Қалдан Сереннің жиені, әскербасы Қонтажының ұлы, Шарыш жекпе жекке батыр сұрап тұр екен. Іркіліп қалған елдің ішінен суырылып шыққан Сабалақ ханнан бата алады да, «абылайлап»
Шарышқа қарай тұра шабады. Әудемболмай қостай боп қоқиып тұрған қалмақ батыры төңкеріліп түседі. Қайтар жолда қазақ қаһарманы қарсыласының басын кесіп алып, «жау қашты»деп қалмақтарға қайтадан ат қояды. Не керек осы ұрыста ол «абылайлап» ұран сап, «кірегн жерін тесік қып, шыққан жерін есік қып» дұшпанның іргесін айрандай ірітіп, тозаңдай тоздырды. Жұрт ұранына қарап, оның төре тұқымы екнін біліп, төбеге көтеріп құрмет көрсетеді. Мән жайды білеген Әбілмәмбеттің ұсынысы мен үш жүздің тоқсанға тарта игі жақсылары жиылып, Әбілмәнсүрді Абылай атымен хан сайлайды. Бұл 1734 барыс жылы еді дейді шежіре. Ал, ақиқатына келсек, Абылай ағасының көзі тірісінде тағына отыруды ыңғай көріп, хандықтан бас тартқан сияқты. Әуелі ол орта жүздегі Атығай-Қарауылдың сұлтаны болса керек. Атығай Арыстан ақынның Кенесарыға:
Кене хан жақсы көрсең қара шыңмын,
Жек көрсең де өзіңнің алашыңмын.
Атаңа алты қатын алып берген
Атығай-Қарауылдың баласымын, -
дегені де осы ойды анықұтай түседі.
Ел ьаузында Абылайды алғаш Атығай-Қарауыл хан көтеріп, алты отау тігіп берген деген сөз бар. Оның қырық жыл бойы Көкшетаудан табан аудармай, әлгі екі тайпаның тұруы да тегін емес. Дегенмен ол тек осы екі руға ғана емес, исі орта жүзге билік жүргізіп тұрған. Яғни, ресми түрде Әбілмәмбет хан атанғанымен, бар билік Абылайдың қолында болған. Оны Нәйла Бекмаханованың «Көзбаушы келіншек» атты кітабындағы мына жолдары да нақтылай түседі:»Екі ірі шонжар Әбілмәмбет хан мен Абылай сұлтан бастаған, 1740 жылы Ресейдің бодандығын қабылдаған Орта жүз байларының арасында да әжәптәуір алауыздық бар еді. Патша үкіметі Орта жүз қоныстанған ұлан байтақ аймаққа Абылайдың ықпалы күшті екенін меңгіріп, оған хан боп ресми бекітілуін ұсынды. Алайда Абылай Әбілмәмбет ханмен және рубасыларымен ара қатынасын ұшықтырғысы келмей, әрі орыс үкіметіне тәуелді болмас үшін бұл ұрыныстан бас тартты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz