Банктің ақша қаражаттарын заңсыз пайдаланудың қылмыстық-құқықтық және криминалистикалық сипаттамасы


Мазмұны

Бет.

КІРІСПЕ

І. БАНК ҚЫЗМЕТІНІҢ ТҮСІНІГІ МЕН ДАМУЫ

  1. Банк қызметінің түсінігі мен ҚР-да дамуы
  2. Банк қызметінің құқықтық негізі

ІІ. БАНКТІҢ АҚША ҚАРАЖАТТАРЫН ЗАҢСЫЗ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ КРИМИНАЛИСТИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

2. 1 Қылмыстық-құқықтық сипаттама

2. 2 Криминалистикалық сипаттама

ІІІ. БАНКТІҢ АҚША ҚАРАЖАТТАРЫН ЗАҢСЫЗ ПАЙДАЛАНУДЫ АШУ МЕН ТЕРГЕУ ӘДІСТЕМЕСІ

3. 1 Ақпарат көздері

3. 2 Ақша қаражаттарын заңсыз пайдалануды ашу мен тергеу барысында ЖІШ жүргізу

3. 3 Бастапқы тергеу әрекеттері

3. 4 Кейінгі тергеу әрекеттері

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ҚАЙНАР КӨЗДЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Қазіргі таңдағы еліміздегі әлеуметтік-саяси жағдай бірқатар теріс тенденциялармен сипатталады: олардың арасында қылмыстылықтың өсуі мен оның сапалық өзгерістерін анықтайтын факторлар ерекше шиеленісіп тұр. Солардың ішінде қылмыс элементтерінің криминалдық топтарға бірігуін, қылмыстылықты ұйымдастыру деңгейінің артуын, криминалдық қауымдастықтар мен коммерциялық құрылымдар арасында байланыстардың туындауын, мемлекеттік аппараттың сыбайласқан шенеуліктерімен қылмыс топтарының жетілу белгілерін ерекше атап өту қажет, бұл өз кезегінде криминалдық құрылулардың экономиканың әртүрлі салаларына, соның ішінде Қазақстан Республикасының банк жүйесіне енуіне қолайлы жағдай жасап, мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігі туралы мәселе тудыртады.

Банк жүйесі Қазақстан экономикасының аса маңызды элементтерінің бірі болып табылатындығы белгілі. ҚР-дағы экономикалық өзгерістер, нарықтық қарым-қатынастардың қалыптасу жағдайларында банк жүйесі қаржылық-шаруашылық саладағы жетекші және реттеуші роль орындауға ұмтылған.

Бұл қызметте ерекше орынды банктің негізгі функцияларының бірі - шаруашылық қызмет субъектілері мен азаматтарды несиелендіру иеленеді. Алайда, экономиканың дамуына оң әсер етудің жан-жақты үлкен мүмкіндіктеріне ие бола отырып, несиелік банк жүйесі де экономикалық концепциялардың жетілмегендігі, бірқатар құқықтық ережелердің реттелмегендігі, несие-банк технологияларының, құжатайналымының кемшіліктері, несие саласындағы қызметкерлердің жеткіліксіз кәсіби деңгейінің және несие-банк мекемелерінің жұмысшылары, сол секілді несиеленетін субъектілер тарапынан болатын бірқатар басқа теріс қылықтар салдарынан маңызды қарама-қайшылықтарды өзінің басынан кешеді.

Бұның бәрі банктердің несиелік ресурстарына қылмыстық қолсұғушылықтардың қаупі мен өсуін арттыратын кримогендік жағдайды тудыратын және қолдайтын қолайлы орта жасайды.

Несие-банк қылмыстарын тергеу мәселесіне келсек, қарастырылатын кезеңде несиелік қарым-қатынастар жеткілікті тиімді банкішілік бақылаудың болуы кезінде шектелген және қатаң реттелген сипатқа ие болғандықтан, бұндай криминалистикалық әдістемені әзірлеу мақсатында зерттеулер жүргізілген жоқ. Бұл жағдай, сондай-ақ несие-банктік қылмыстардың латенттілік факторы несие банктік ресурстарға қолсұғушылықтарды тергеу әдістемесін ғылыми зерттеуді толық дерлік жоқ қылды. Криминалистикада банктік қылмыстардың зерттеу әдістемесін әзірлеуде маңызды кемшілік қалыптасты деп айтуға болады. Қазақстан Республикасында экономикалық өзгерістер процесінің басталуымен несие-банктік саясаттың өзгерістері, коммерциялық банктерді құру, шиеленіскен криминалдық жағдай бұрындары белгісіз процестерге құқықтық зерттеулер жүргізуді талап етті.

Несие операцияларын жүзеге асыру кезінде жасалатын қылмыстардың механизмін зерттеумен байланысты мәселенің дайындалмағандығы, несиелеу саласындағы қылмыстарды тергеудің тиімді әдістемелерінің жоқтығы, құқыққорғау органдарының теориялық және ұйымдық-әдістемелік сипаттағы ғылыми ұсыныстармен қамтамасыз етуіне деген аса қажеттілік орындалған зерттеудің өзектілігі мен диссертация тақырыбын таңдауға септігін тигізді.

Зерттеу объектісі несиелік операцияларды жүзеге асыру кезінде орындалатын қылмыстық қызмет; несиелеу саласында жасалған қылмыстарды тергеу мен алдын алу бойынша қызмет; сондай-ақ банк мекемелерінің қызметі мен несие-банктік қарым-қатынастарды реттейтін заңнама болып табылады.

Зерттеу пәні несиелік операциялар саласында орындалатын қылмыстық қызмет механизмінің заңдылығын, аталған санаттың қылмыстарын тергеу процесінде қылмыстық қызмет іздерін (дәлелдерін) анықтау, зерттеу, бағалау мен қолдану заңдылығын құрайды.

Димломдық жұмыстың мақсаты : несиелік операцияларды жасау кезінде орындалатын қылмыстық қызмет механизмінің мазмұны мен функционалдық ролін анықтайтын, объективті ақиқатты танудан; қылмыстардың іздерінде қылмыстың қатысушылары мен оның маңызды мән-жайлары туралы ақпараттың туындауымен байланысты процестерді зертетуден тұрады.

Көрсетілген мақсаттар дипломдық жұмыстың келесі міндеттерін алдын ала анықтады:

  • банк қызметінің түсінігі мен ҚР-да дамуын зерттеу
  • банк қызметінің құқықтық негізін қарастыру
  • қылмыстық-құқықтық және криминалистикалық сипаттамасын ашу
  • ақпарат көздерін анықтау
  • ақша қаражаттарын заңсыз пайдалануды ашу мен тергеу барысында ЖІШ жүргізуді зерттеу
  • бастапқы және кейінгі тергеу әрекеттерін қарастыру.

Әдістемелік негізін сонымен қатар банк ісі, қылмыстық құқық және қылмыстық процесс, криминология, және, криминалистика саласындағы ғалымдардың жұмыстары, солардың ішінде Р. С. Белкиннің, В. В. Братковскийдің, В. Д. Ларионовтың, В. Г. Танасевичтің, А. А. Хмыровтың, ИЛ. Шрагидың, Н. П. Яблоковтың, және басқаларының еңбектері құрады.

І. БАНК ҚЫЗМЕТІНІҢ ТҮСІНІГІ МЕН МАЗМҰНЫ

  1. Банк қызметінің түсінігі мен ҚР-да дамуы

1995 жылдың 31 тамызынан Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасында банктер мен банк қызметі туралы” Заңға сәйкес банк қызметі банк операцияларын жүзеге асыру, сондай-ақ банктердің заңмен бекітілген өзге операцияларды жүргізуі болып табылады.

Банк операцияларына жатады:

  • заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банк шоттарын ашу мен жүргізу;
  • жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банк шоттарын ашу мен жүргізу;
  • банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденциялық шоттарын ашу мен жүргізу;
  • берілген тұлғаға тиесілі аффинирленген қымбат металдардың жеке саны көрінетін, заңды және жеке тұлғалардың металлдық шоттарын ашу мен жүргізу;
  • кассалық операциялар: банкноттар мен монеталарды қабылдау, беру, қайта есептеу, айырбастау, майдалау, іріктеу, орау мен сақтау;
  • аудару операциялары: ақша аудару бойынша заңды және жеке тұлғалардың тапсырмаларын орындау;
  • есептік операциялар: заңды және жеке тұлғалардың вексельдері мен басқа қарыздық міндеттемелерін есепке алу (дисконт) ;
  • қарыздық операциялар: төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарында ақшалай нысанда несиелерді ұсыну;
  • заңды және жеке тұлғалардың, соның ішінде банк-корреспонденттерінің, олардың банк шоттары бойынша тапсыруымен есеп айырысуларды жүзеге асыру;
  • сенімділік операциялар: сеніп тапсырушының мүддесінде және тапсыруымен ақшаларын және аффинирленген қымбат металдарын басқару;
  • банкаралық клиринг: төлемдерді жинау, салыстырып тексеру, іріктеу және растау, сондай-ақ оларды өзара жүргізу мен клиринг қатысушыларының таза позицияларын анықтау,
  • сейфтік операциялар: сейф жәшіктерін, шкафтарды және үй-жайларды жалға беруді қоса алғанда, клиенттердің құжаттамалық нысанда шығарылған бағалы қағаздарын, құжаттары мен құндылықтарын сақтау бойынша қызметтер;
  • ломбардтық операциялар: депонирленетін жеңіл өтілетін бағалы қағаздар мен жылжымалы мүліктің кепіліне қысқамерзімді несиелерді ұсыну;
  • төлем карточкаларын шығару;
  • банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау мен жіберу;
  • шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру;
  • икассоға төлем құжаттарын (вексельдерді қоспағанда) қабылдау;
  • чек кітапшаларын шығару;
  • аккредитивті ашу (қою) мен растау және ол бойынша міндеттемелерді орындау;
  • ақшалай нысанда орындалуын қарастыратын банк кепілдерін беру;
  • банк кепілділіктері мен ақшалай нысанда орындалуын қарастыратын үшінші тұлғалар үшін өзге міндеттемелерді беру.

Микронесиелік ұйымдар ретінде тіркелген, заңды тұлғалардың микронесиелерді беруі бойынша қызмет банк операцияларына жатпайды.

Барлық банк операцияларын банктер мен басқа заңды тұлғалар тек Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің лицензиясы болған кезде ғана жүзеге асыруға құқылы.

Банктер бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметтің келесі түрлерін жүзеге асыруға құқылы:

а) брокерлік - Қазақстан Республикасының және рейтингтік агенттіктердің бірінің талап етілетін минималды рейтингі бар елдердің мемлекеттік бағалы қағаздарымен, не болмаса бұндайсыз Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің шешімімен, негізгі активі шетел валютасы және (немесе) бекітілген тәртіпте екінші деңгейлі банктерге сатып алуға рұқсат етілген облигациялар болып табылатын туынды бағалы қағаздармен;

б) дилерлік - Қазақстан Республикасының және рейтингтік агенттіктердің бірінің талап етілетін минималды рейтингі бар елдердің мемлекеттік бағалы қағаздарымен, не болмаса бұндайсыз Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің шешімімен, сондай-ақ негізгі активі шетел валютасы және (немесе) бекітілген тәртіпте екінші деңгейлі банктерге сатып алуға рұқсат етілген облигациялар болып табылатын туынды бағалы қағаздармен, Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасында банктер мен банк қызметі туралы” Заңының 8 бабының 2 тармағымен анықталған жағдайларда өзге де бағалы қағаздармен;

б-1) инвестициялық потрфельді басқару;

в) кастодиалды.

Бағалы қағаздар нарығында жоғарыда аталған кәсіби қызметтің бір немесе бірнеше түрлерін банктердің бірлестіріп жүзеге асыруына лицензияны уәкілетті орган береді.

Рейтингтік агенттіктер мен минималды талап етілетін рейтингінің тізімін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекітеді.

Уәкілетті органның немесе Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерімен қызметтің жекелеген түрлеріне олардың лицензия алуымен байланысты жекелеген банк операцияларын жүзеге асыратын банктер мен ұйымдар үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасында банктер мен банк қызметі туралы” Заңына сәйкес ұйымдардың жарғылық капиталына қатысатын банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктер мен ұйымдар үшін қосымша талаптар анықталуы мүмкін.

Жоғарыда аталып өткендей, банктер мен жекелеген банк операцияларын жүзеге асыратын ұйымдар:

  • кесектерде аффинирленген қымбат металдарды (алтын, күміс, платина, платиналық топтың металдары), қымбат металдардан монеталарды сатып алу, кепілге қабылдау, есепке алу, сақтау және сату;
  • қымбат металдар мен қымбат тастары бар зергерлік бұйымдарды сатып алу, кепілге қабылдау, есепке алу, сақтау және сату;
  • вексельдермен операциялар: вексельдерді инкассоға қабылдау, төлеушінің вексельді төлеуі бойынша қызметтерді ұсыну, сондай-ақ домицилирленген вексельдерді төлеу, делдалдық тәртібінде вексельдерді акцепттеу;
  • лизингтік қызметті жүзеге асыру;
  • меншікті бағалы қағаздарды (акцияларды қоспағанда) эмиссиялау;
  • факторингтік операциялар: төлемеушілік тәуекелін қабылдаумен тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) сатып алушысынан төлеуді талап ету құқығына ие болу;
  • форфейтингтік операциялар (форфейттеу) : сатушыға айналымсыз вексельді сатып алу арқылы тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) сатып алушысының қарыздық міндеттемесін төлеу.

Барлық бұл операцияларды банктер уәкілетті орган беретін лицензиялар болған кезде ғана жүзеге асыруға құқылы.

Уәкілетті орган - қаржылық нарық пен қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган. 2003 ж. 4 шілдесінен Қазақстан Республикасының “Қаржылық нарық пен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы” Заңына сәйкес, Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынады және есеп береді және Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін ол туралы Ереже негізінде әрекет етеді.

Уәкілетті органды қаржыландыру Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің бюджет қаражаттары (шығындар сметасы) есебінен жүзеге асырылады.

Банк қызметіне реттеу мен қадағалауды жүзеге асыру мақсатында уәкілетті орган:

1) заңды және жеке тұлғаларға банктің және банк холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін алуына, банктердің еншілес ұйым құруына немесе сатып алуына рұқсат беру және беруден бас тарту тәртібін анықтайды, көрсетілген рұқсаттарды береді не беруден бас тартады;

2) банктердің меншікті капиталының минималды мөлшерін бекітеді;

3) банктердің қор капиталының қалыптасуы бойынша талаптарды бекітеді;

4) банк топтары үшін нормалар мен шектердің сақталуына пруденциалық нормативтер мен өзге міндеттемелерді бекітеді;

5) салымдарды (депозиттерді) міндетті ұжымдық кепілдеу (сақтандыру) тәртібін анықтайды;

6) активтерді және шартты міндеттемелерді жіктеу және оларға қарсы провизия құру тәртібін анықтайды. Активтерді және шартты міндеттемелерді сезіктілер мен сенімсіздер санатына жатқызу тәртібі мемлекет алдында салық міндеттемелерінің орындалуына салықтық бақылауды қамтамасыз ететін, мемлекеттік органмен келісім бойынша анықталады;

7) банктердің аудитін жүргізуге лицензиясы бар аудиторлық ұйымдар мен банктердің тіркелімін жүргізеді;

8) банктің аффинирленген тұлғаларына Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен қарастырылған мәжбүрлеу шараларын қолдану тәртібін анықтайды және қолдану туралы шешім қабылдайды;

9) Қазақстан Республикасының банк заңнамасымен қарастырылған жағдайларда, банкті консервациялау туралы шешім қабылдайды және уақытша әкімшілікті (уақытша банк басқарушысын) тағайындайды;

10) Қазақстан Республикасының банк заңнамасымен қарастырылған жағдайларда, барлық немесе Қазақстан Республикасының банк заңнамасымен қарастырылған жекелеген операцияларды жүргізу лицензияны кері қайтару туралы шешім қабылдайды, және уақытша әкімшілікті (уақытша банк басқарушысын) тағайындайды;

11) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес өзге функцияларды атқарады.

Банк қызметін жүзеге асыру кезінде банктер операцияларды өткізудің жалпы шарттарын анықтайтын ережелерді, және ішкі ережелерді ұстануы керек.

Банк операцияларын жүргізудің жалпы шарттары туралы ережелер банк директорлары кеңесімен бекітіледі. Оларда: қабылданатын депозиттер мен берілетін несиелердің шекті сомалары мен мерзімдері; депозиттер мен несиелер бойынша сыйақы төлеу шарттары; банктің қабылдайтын қамтамасыз етуіне талаптар; банк пен оның клиентінің құқықтары мен міндеттері, олардың жауапкершілігі, сондай-ақ банк директорлары кеңесі операцияларды жүргізудің жалпы шарттарына қосуды қажетті деп санайтын өзге шарттар, талаптар мен шектеулер көрсетіледі.

Банктің ішкі ережелері банк бөлімшелерінің құрылымын, міндеттерін және өкілеттіктерін, ішкі аудит қызметінің, несиелік комитеттің және басқа тұрақты жұмыс істейтін органдардың міндеттері, функциялары мен өкілеттіктерін; құрылымдық бөлімшелердің басшыларының құқықтары мен міндеттерін; банктің атынан және оның есебінен мәмілелерді жасау кезінде банктің лауазымды тұлғалары мен жұмысшыларының өкілеттіктерін анықтайды.

Операцияларды жүргізудің жалпы шарттары туралы ережелерді банк клиенттің бірінші талап етуі бойынша ұсынады. Банктер банк операциясын жүргізумен байланысты, ықтимал тәуекелдер туралы ақпаратты клиентке ұсынудан бас тартуға құқылы емес екендігін айтып өту керек.

1. 2 Банк қызметінің құқықтық негізі

Нарықтық экономиканың аса маңызды атрибуттарының бірі мемлекетті және қоғамның барлық мүшелерін қаржылық құралдармен жабдықтайтын және шоғырландыратын, генератор ретінде қызмет ететін банк жүйесі болып табылады. Тұрақты, тиімді және әсерлі банк инфрақұрылымын құру - Қазақстандағы экономикалық реформаның аса маңызды (және өте күрделі) тапсырмаларының бірі.

Қазақстанда нарықтық қарым-қатынастар жүйесі дамыған және банк маңызды болмаса да, аса маңызды құрылымдардың бірі болып келеді. Егер бұрын Қазақстанда банк ісінің дамуы, сол секілді оқу мекемелерінде бөлінетін көңіл бойынша да біршама төмен деңгейде болса, ал қазір бұл едәуір жоғар қарқындармен дамып келе жатқан ғылымдардың бірі.

Қазақстанда өз банк жүйесі егемендік алғаннан кейін, 1990 жылдың желтоқсанында пайда болды. 1991 жылдың қаңтарының өзінде “Қазақ СРО банктері мен банк қызметі туралы” Заң қабылданып, ол маңызы бойынша елдегі банк реформасының бастауы болды. Республикалық Мемлекеттік банк облыстық басқармаларымен және бөлімшелерімен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне өзгертілді. 1993 жылы акционерлік-коммерциялық банктер акционерлік банктер болып өзгертілді, ал Жинақбанк Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып қайта аталды.

Қазақстанда екідеңгейлі банк жүйесі бар.

Ұлттық Банк мемлекеттің орталық банкі болып табылады және банк жүйесінің жоғарғы деңгейін ұсынады. Барлық өзге банктер банк жүйесінің төменгі деңгейін ұсынады.

Отандық, сол секілді шетел сарапшыларының қорытындысы бойынша, Қазақстанның банк жүйесі жүргізілген реформаларының арқасында барлық посткеңестік мемлекеттерге қарағанда жақсырақ және прогрессивті.

Қазақстанда банк секторы қызметінің негізгі нормативтік базасы “Банктер мен банк қызметі туралы” Заң болып табылады.

Қазіргі таңда республиканың банк жүйесінде екінші деңгейлі 34 банк, соның ішінде банк-резиденттердің 9 еншілес банкін қоса алғанда, шетел қатысуымен 14 банк, сондай-ақ “Қазақстан Даму Банкі” мемлекеттік АҚ қызмет етеді. 26 банкте функционалдық желі бар, банктердің филиалдарының жалпы саны - 418.

Сонымен қатар банк секторында үш ірі банк басым болып тұрады - “Қазкоммерцбанк” (ҚКБ), “ТұраӘлем Банкі” (ТӘБ) және Халық банкі (ХБ), олардың үлесіне банк жүйесінің шамамен 60% келеді. Бұл банктер өздерінің еншілес және аффилирленген құрылымдары арқылы зейнетақы, сақтандыру және лизингтік нарықтарда да осындай үлесті бақылайды.

100% мемлекеттің қатысуымен 2001 жылы құрылған ҚДБ (Қазақстан Даму Банкі) 2015 жылға дейінгі кезеңге есептелген республиканың индустриалды-инновациялық даму стратегиясын, және дамудың басқа мембағдарламаларын жүзеге асыруға қатысады. Банк өндірістік салада және бестен жиырма жылға дейін іске асыру есептелген, экономиканың шикізаттық емес салаларында шағын- және ұзақмерзімді инвестициялық жобаларды іріктеу мен несиелеуді жүзеге асырады.

Коммерциялық банктердің қызметін реттейтін, қаржылық қадағалау мемагенттігінің (ҚҚА) соңғы деректеріне сәйкес, Қазақстанда 2007 жылы банк секторының таза пайдасы 73, 3 млрд теңгені құрады, бұл 2006 жылға қарағанда 2, 32 есе артық.

Бұнымен қоса көрсетілген жыл ішінде банктердің табыстарының жиынтық сомасы 2006 жылмен салыстырғанда 53, 7%-ға артып, 494, 6 млрд. теңгені, шығындар сомасы 421, 3 млрд, теңгені құрады, бұл сәйкесінше 45, 1%-ға артық.

Сонымен қатар республиканың банк секторының жиынтық есептік меншікті капиталы осы жылдың 1 қаңтарындағы күйі бойынша 586, 9 млрд. теңгені, жиынтық активтері - 4515, 1 млрд. теңгені құрады.

Банктердің қарыздық портфелі (банкаралық қарыздарды қоса есептегенде) 3062 млрд. теңгеге жетті.

Банктердің қарыздық портфелі құрылымында 2006 жылдың 1 қаңтарындағы күйі бойынша стандартты несиелердің үлесі 58, 2%, сезіктілер - 39, 5%, сенімсіздер - 2, 3% құрады.

Сарапшылардың пікірі бойынша, қазақстандық банктердің жағымды сәттері олардың біршама жақсы табыстылығы мен жоғары өтімділігі болып табылады.

Сонымен қатар, сарапшылар қазақстандық банк жүйесінде ТМД басқа елдерінің осындай секторларымен салыстырғанда нарықтық тәуекелдердің салыстырмалы төмен деңгейі туралы айтады, бұл республикада теңгенің жеткілікті тұрақты айырбас курсы мен инфляция деңгейінің салдары болып табылады.

Қазақстан банктерінің қызметіне сондай-ақ шетел капиталына салыстырмалы жақсы қол жетімділік те оң әсерін тигізеді, бұл туралы банктердің халықаралық деңгейде, соның ішінде еурооблигацияларды шығару арқылы шеттен алып пайдалану өсімі растайды.

Осылайша, 2007 жылдың 1 қыркүйегіндегі күйі бойынша банк секторының міндеттемелері 2006 жылдың осындай күніне $4631, 6 млннан $8805, 2 млнға дейін өсті.

Республиканың банк секторының едәуір жетістіктеріне қарамастан, банктердің несиеқабілеттілік деңгейі бұрынғысынша меншік құрылымының әлсіз айқындығымен, қызметтің шектелген әртараптануымен, салыстырмалы қайта құрылымданбаған корпоративтік сектормен, салалар мен жеке қарызданушылар бойынша жоғары қарыздың шоғырлану деңгейімен және шеьел валютасында несиелеудің едәуір үлесімен ұсталынады. Бұл барлық факторлар қарыздардың тез өсімімен үйлесіп банктерді экономикалық тұрақсыздық қаупіне, пайыздық қойылымдардың және валюта курсының волатильдігіне ұшыратады деп санайды сарапшылар.

Сонымен қатар аналитиктер бүгінде қазақстандық банктер ұшырсатын тәуекелдердің бастысы деп несиелік тәуекелдерді санайды. Бұл, негізінен, салыстырмалы жаңа және көбірек тәуекелді секторларды: құрылысты, жылжымайтын мүлікті, ауыл шаруашылығын, шағын жіне орта бизнес субъектілерін несиелеудің артуымен- сонымен қатар Қазақстан банктері үшін аздау түсінікті ТМД басқа елдерінде жобаларды қаржыландыруды кеңейтумен байланысты.

Осылайша, сарапшыларда Қазақстан банктерінің неғұрлым жоғары тәуекел деңгейімен ТМД елдерінің басқа нарықтарына, ең бастысы Ресейде күшейетін экспансиясы үрей тудырады. Шетелде банк операцияларының көлемі бұрынғысынша көп емес, бірақ тез өсуде дейді сарапшылар.

Қазақстандық банктердің ТМД елдерінің қаржылық нарықтарына экспансиясы.

Соған қарамастан Қазақстанның ҚҚА жақын уақытта республиканың коммерциялық банктерінің сыртқы нарықтарға экспансиясын ынталандыру, бірақ еншілес банктерді құру арқылы ғана бойынша шаралар дайындауды көздейді.

Бұл олар өз қызметін шектес мемлекеттердің нарықтарын ойдағыдай белсендіретіндерімен байланысты. Сонымен, егер 2007 жылдың 1 қаңтарына қазақстандық банктердің шетелдегі еншілес банктерінің, филиалдары мен өкілдіктерінің саны 16-ны құраса, ал 2008 жылдың 1 қаңтарына олардың саны 27-ге дейін өскен.

Бұнымен қоса қазіргі таңда республика банктерінің негізгі экспансиясы қандай да бір шаруашылық субъектілері- резидент еместерді тура несиелеу арқылы емес, осы еншілес және тәуелді банктер арқылы жүзеге асырады.

ҚҚА қазіргі жағдайларда банктердің бұндай саясатын қолайлы деп санайды, өйткені аналық банктің есептілігін құрастыруы кезінде, пруденциалды нормативтерді есептеу кезінде еншілес құрылымдардың капиталының бірігетіндігінен ол тәуекелдерді төмендетуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар ҚҚА шарсубъектілері- резидент еместерді тура несиелеу арқылы банктердің экспансиясы бойынша талаптарды жеңілдетуге әзірге дайын емес, өйткені қазіргі таңда бұндай операциялар бойынша тәуекел деңгейін бағалау өте қиын.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржы - несие саласындағы сыбайлас жемқорлықпен жасалған қылмыстарды тергеу әдістемесі
Компьютерлік қылмыстардың криминологиялық сипаттамасы
Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап етудің жалпы сипаттамасы
Экономикалық қылмыстарды зерттеу
Меншікке қарсы қылмыстарды тергеу әдістемесі
Парақорлықты тергеу әдістемесі
Алаяқтық қылмыс ұғымы
Ұрлық объектісі - меншік
Қылмыстың криминалистикалық сипаттамасы туралы
Криминалистикалық сипаттаманың мазмұны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz