Кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдау


Мазмұны
Кіріспе . .
Бөлім 1 Кәсіпорынның техника-экономикалық көрсеткіштері . . .
1. 1 «Жамбыл-гипс» Акционерлік қоғамның даму тарихы . . .
1. 2 Кәсіпорынның өндірістік және басқару құрылымы…. . ……. .
1. 3 «Жамбыл-гипс» АҚ техника-экономикалық көрсеткіштері. . . . .
Бөлім 2. «Жамбыл-гипс» АҚ шаруашылық қызметін талдау . . .
2. 1. Өткізілген өнім көлемін талдау . . .
2. 2. Еңбек көрсеткіштерін талдау
2. 3. Негізгі қордың қолданылуын талдау. . .
2. 4. Өндіріс шығындарын және таза табысты (шығынды) талдау . .
2. 5. Кәсіпорынның қаржы жағдайын талдау. .
2. 6. Өткізілген өнім көлемін өсіру резервтері. . …….
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер . . . .
Кіріспе
Қазіргі кезде кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдамай оның осалқы жерлерін анықтау, болмаса оның ұзақ немесе қысқа мерзімдерге арналған жоспарын жасау мүмкін емес. Оның үстіне кәсіпорын банкроттық шегінде ме немесе оны осындай күйден шығарудың жолы барма деген сұраққа жауап беруде мүмкін болмайды. Ғылымда және тәжірибеде талдаудың әр түрі қолданылады: физикалық, химиялық, математикалық, статистикалық, экономикалық және т. б. Олар зерттеу нысаны, мақсаты және әдістері арқылы өзгешеленеді.
Өз кезегінде экономикалық талдау келесі түрлерге бөлінеді:
- салалық белгілері бойынша талдау (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік және т. б. ) ;
- талдауды жүргізетін басқару органдарына байланысты (технико-экономикалық талдау, қаржы-экономикалық талдау, аудиторлық немесе бухгалтерлік талдау, әлеуметтік-экономикалық талдау, маркетингтік талдау, экономикалық-статистикалық талдау және т. б. ) ;
- нысананы зерттеу әдістемесі бойынша талдау салыстырмалы, факторлық, диагностикалық (экспресс-талдау), экономика-математикалық талдау, функционалды-құндық талдау;
- талдау субъектісі бойынша ішкі және сыртқы болып бөлінеді;
- зерттеу нысанының ауқымы бойынша талдау кешенді және тематикалық болып бөлінеді.
Бізбен «Жабыл-гипс» Акционерлік қоғамының қызметіне талдау жасалды. Есеп екі бөлімнен тұрады. Бірінші тарауда талданатын кәсіпорынға қысқаша сипаттама берілген, оның өндіріс және басқару құрылымы және 2007-2008 жылдарға арналған техника-экономикалық көрсеткіштері келтірілген.
Екінші тарауда кәсіпорынның өндірістік шаруашылық қызметіне талдау жасалды. Мұнда өнімді өндіру және өткізу, негізгі қорды пайдалану, еңбек көрсеткіштерін қолдану, өндіріс ығындары, кәсіпорынның табысы, материалдық ресурстарды пайдалану талдауларының қорытындылары, кәсіпоырн қызметі нәтижелерінің қаржылық талдауы келтірілген.
Өнімді өндіру және өткізуді талдауға өнімді өндіру мен өткізудің динамикасын, өндірілетін өнімнің ассортиментін және құрылымын, кәсіпорын жұмысның ырғақтылығы мен өндірілетін өнімнің резервтерін анықтау кіреді.
Кәсіпорын негізгі қорларын талдауға негізгі қордың құрамы мен құрылымын талдау, негізгі қорды пайдаланудың тиімділігін талдау, кәсіпорынның негізгі қорларын ұтымды пайдалану есебінен тауарлы өнімнің өсімін анықтау кіреді.
Кәсіпорынның еңбек көрсеткіштерін талдауға жұмысшылардың еңбек өнімділігін талдау, оларды негізгі және көмекші топтарға бөлістіру, еңбек ақы қорын және еңбек өнімділігімен еңбек ақының арақатынасын талдау кіреді.
Өндіріс шығындарын және таза табысты талдауға өнім мен көрсетілетін қызметтің өзіндік құнының деңгейін бағалаудың жалпы талдауы және шығын сметасының талдауынан тұрады.
Екінші бөлімнің 2. 5 тарауында кәсіпорынның қаржылық жағдайының талдауы келтірілген. Бұл жерде аналитикалық баланс-нетто талдауы орындалған және кәсіпорынның ағымдағы ликвидтілігі мен қаржы тұрақтылығының көрсеткіштері есептелген.
Бөлім 1 Кәсіпорынның техника-экономикалық көрсеткіштері
- «Жамбыл-гипс» Акционерлік қоғамның даму тарихы
«Жабыл-гипс» Акционерлік қоғамның қызмет істеуіне 45 жыл болды. КСРО Министрлер Одағы Жамбылда 1957 жылы цементтік кәсіпорындарды гипстік таспен, ал құрылыс гипсімен бүкіл Қазақстан құрылыс индустриясын қамтамасыз ететін зауыт соғу туралы қаулы шығарды.
Жамбыл гипс зауытының құрылысы 1959 жылдан басталды, бұл №1792 1959 жылдың 31 желтоқсанынан Қазақ КСР - ң Өнеркәсіп құрылыс материалдар министрлігінің бұйрығымен басталды. Бұл зауыт 1960 жылы қолданысқа тапсырылды. Бұл жобада гипстік тасты, яғни цемент, құрылыс гипсін жасаудағы негізгі компонент ретінде шығару қарастырылды. Зауыттың қуаттылығы 18, 3 мың тонна құрылыс гипсін және 30 мың тонна гипстік тасты құрады. Гипс зауытының негізгі тұтынушылары Қазақ және Қырғыз КСР - ң, Орталық Ресейдің кәсіпорындары болып табылады. Гипс зауытының шикізат базасы ретінде сол уақытта зерттелінген екі «Восточный және Западный», қорында 50 млн. тонна гипсі бар «Үлкен - Бұрылтау» кен орнының қорлары қолданылды. «Жамбылгипс» АҚ - Орталық Азия аймағындағы гипс өнеркәсібіндегі бастапқы кәсіпорындарының бірі, ол Қазақстандағы «Үлкен - Бұрылтау» ірі кен орнында гипстік тастың өндіру және өңдеу жұмыстарымен айналысады, және де гипс қайнататын, таулы, өңдеу, механикалық дамыған инфрақұрылымдары, қоймалары бар. Темір жол саласы зауытты Қазақстан және ТМД аймақтарымен байланыстырады.
«Жамбылгипс» АҚ Қазақстандағы құрылыс материалдарын өндіретін үлкен болашақ мүмкіндіктері бар жалғыз өндірістік құрылым болып табылады. Мемлекетті бөлудегі Ұлттық бағдарламаға және ҚР мемлекеттік меншікті бөлуге байланысты 1993 - 1995 жылдар аралығында мемлекеттік меншіктегі Жамбыл шекаралық комитеттің № 4/24 1993 жылы 17 қыркүйекте «Гипс зауытын ашық Акционерлік Қоғам ретінде қайта құру» туралы қаулысы қабылданған. «Жамбылгипс» АҚ жарғылық капиталы 997400 теңге мөлшерінде көрсетілген болатын(номиналды құны 50 теңге тұратын 19948 дана акция) . Шаруашылық субъект 1993 жылы 28 желтоқсанда №10538 мемлекеттік тіркелді, төлқұжат ҚР министрлігімен берілді. 1998 жылдың мамыр айында «Жамбылгипс» ААҚ - ын ЖАҚ - ға қайта құру шешімі қабылданды. Жамбыл облысының Әділет басқармасымен 1998 жылдың 25 маусымында №2954 - 1919 - АҚ заңдық тұлғаға мемлекеттік қайта тіркелу құжаты берілді. 2002 жылдың қазан айында зауыт аймағында гипс күйдіретін цехта неміс өндірісіндегі жаңа ұнтақтайтын комплекс іске қосылды, бұл тауар ассортиментін кеңейтті және әлемдік стандартқа сәйкес оның сапасын жақсартты. Комплекстің қуаттылығы жылына 50 мың тонна құрылыстық және селективті гипс. 2003 жылы шілдеде құрғақ құрылыс қоспасын өндіретін цех іске қосылды. Цехтың қуаттылығы жылына 20 мың тонна құрғақ құрылыс қоспасы, әр түрлі жұмысқа арналған тақталы желім, сылақтау және тығындау қоспалар. Сол жылдың қараша айында акционерлердің жалпы жиналысында 13 мамыр 2003 жылғы «Акционерлік қоғамдар» туралы Заңының талабына сәйкес қоғамның құрылтай құжаттарын дайындау туралы, ал нақтылай кәсіпорынның ұйымдастыру - құқықтық формасын өзгерту және жарғылық капиталын талап етілетін мөлшерге дейін жоғарлату туралы шешім қабылданды. Жамбыл облысының Әділет Басқармасымен №2954 - 1919 - АҚ 2003 жылы 25 қарашада «Жамбылгипс» Акционерлік қоғамға мемлекеттік қайта тіркелу құжаты берілді. Жарғылық капитал 436 теңгені құрады.
2005 жылы 30 мамыр айында «Жамбылгипс» АҚ - ң жалпы акционерлік жиналысында кәсіпорын Жарғысына жай және пұрсатты акциялардың мөлшерін анықтауда біршама өзгерістер енгізу туралы, сонымен қатар жарғылық капиталдың көлемін 3 мың теңгеге бекіту және 59 дана жай және 1 дана пұрсатты акцияларға бөлу туралы шешім қабылданды. Кәсіпорын Жарғысына өзгерістер 5 шілдеде 2005 жылы Жамбыл облысының Әділет Департаментімен тіркелді.
2005 жылы шілде айында таулы цехы іске қосылды. Бұл таулы цех гипстік тас өндіретін қаладан 30 километр қашықытықта орналасқан. Таулы цехының қуаттылығы жылына 120 мың тонна гипстік тас. 2005 жылы сәуірде гипсокартон парақтарын өндіретін цехтың құылысы басталып, сол жылдың қыркүйек айында іске қосылды. Цехтың қуаттылығы жылына 5 млн. шаршы метр гипсокартон парақтары.
«Жамбылгипс» Акционерлік қоғамның өнімдері көптеген көрмелерде жоғары сапасы үшін дипломмен мараппатталған:
- Халықаралық көрме «Проминдустрия»Астана қаласы, 2001-2003ж.
- Республикалық көрме-жарысы. «Лучшие товары Казахстана»
Астана қаласы, 2003 жыл;
- Облыстық көрме «Высокое качество товаров и сферы обслуживания» Тараз қаласы, 2004 жыл;
- Республикалық көрме-жарыс. «Лучшие товары Казахстана» Астана қ. 2004ж
- Облыстық көрме «Лучшие товары области Тараз қаласы 2005 жыл;
- Халақаралық көрме «Проминдустрия»Астана қ. 2005 жыл, наурыз;
- «Астана Build 2005» көрмесі Астана қаласы, 2005 жыл, қараша.
Қазіргі заманға сай жаңа технологияларды және табиғи тасты өңдеу облысындағы соңғы жетістіктерді және гипсокартон парақтарын өндірудегі батыстың бірегей технологиясын қолдану әлемдік стандарттар деңгейінде өнімді өндіруге және жеткізуге мүмкіндік береді.
Қазақстанда өндірілетін гипсокартон парақтарын өткізудегі потенциалды нарықтар негізінен орталық-азия елдері, сонымен қатар Ауғанстан және Пәкістан болып табылады.
1993 жылы 17 қыркүйекте Жамбыл гипс зауыты ашық акционерлік қоғам «Жамбылгипс» болып ауысқаннан кейін жарғылық капиталы 997400 теңге мөлшерінде құралған болатын.
Кесте 3 - Акциялар келесі түрде бөлінген
Ал 1994 жылы мемлекеттік мүлік бойынша Жамбыл территориялық Комитеттің акциялары аукционда Инвестициялық жекешелендіру Қорларымен алынып және келесі түрде көрсетіледі.
Кесте 4 - Кәсіпорынның акцияларының бөлінуі
1995-1997 жылдар аралығында «Жамбылгипс» ААҚ акциялары бірнеше рет жеке және заңды тұлғалар арасында араласқан болатын.
Кесте 5 - Кәсіпорынның акцияларының бөлінуі
Акция
түрі
Инвестициялық жекешелендіру Қоры «Бутя - Капитал»,
Алматы қ .
Инвестициялық жекешелендіру Қоры «Восток -Мебель»,
Өскемен қ .
Инвестициялық жекешелендіру Қоры «Первый Промышленный»,
Павлодар қ .
Инвестициялық жекешелендіру Қоры «Алмас -Авто - Инвест»,
Тараз қ .
Кестенің жалғасы
Мемлекеттік Коммуналдық Шаруашылық «Құрылыс материалдары»,
Алматы қ .
- АК «Galore Investments Limited» «Жамбылгипс» АҚ - ң Чехия азаматына тиеслі акцияларды, Инвестициялық жекешелендіру Қоры «Бутя - Капитал» және Инвестициялық жекешелендіру Қоры «Первый Промышленный» ұстайтын акцияларды сатып алып, одан кейін бұл акциялар Қазақстан Республикасының азаматы М. Б. Доскариевқа сатылған. (Алматы қ . )
- Мемлекеттік Коммуналды Шаруашылық «Құрылыс материалдары» (Алматы қ . ) ұстайтын «Жамбылгипс» АҚ - ң акциялары ҚР азаматы Күлекеев Батырбек Абдрасиловичке сатылған болатын, «Жамбылгипс» АҚ - ң акцияларын ұстайтын Инвестициялық жекешелендіру Қоры «Алмас - Авто - Инвестпен» бірге өз акцияларын ҚР азаматы А. К. Құсаиновқа сатқан.
- Инвестициялық жекешелендіру Қоры «Восток Мебель» ұстайтын «Жамбылгипс» АҚ - ң акцияларын «Тенир - Групп» ЖШС - гі (Алматы қ . ) сатып алған.
- Құсаинов А. К. азаматы және «Тенир - Групп» ЖШС - гі «Жамбылгипс» АҚ - ң өздеріне тиеслі акцияларын аффилиирленген тұлғаларға сатты: Дакебаев Р. А. (Алматы) және «Финансовая компания «Greenwich Capital Management» ААҚ (Алматы) .
1998 жылдың 15 мамырына компанияның акционерлері келесі кестеде көрсетілген.
Кесте 6 - Кәсіпорын акцияларының иелері
Акция құны,
тг
Доскариев М. Б.
(Алматы)
Дакебаев Р. А.
(Алматы)
Кестенің жалғасы
Сол жылы акционерлердің жалпы жиналысында акциялардың бірінші эмиссиясын күшін жойып, жарғылық капиталды 10 есеге, яғни 9006500 теңгеге көтеріп екінші акция эмиссиясын шығарып, бірінші акция эмиссияларына ие болған Қоғам акционерлеріне өз үлестеріне сәйкес бөліп алуға құқық берді. 1998 жылы «Жамбылгипс» ЖАҚ бағалы қағаздар шығару туралы мемлекеттік тіркеу құжатын алды. Екінші эмиссясының акциялары келесідей болды:
- номиналды құны 500 теңге, 18013 дана және құны 9006500 теңге жай атаулы акциялар;
- номиналды құны 500 теңге, 1935 дана және 967500 теңге пұрсатты атаулы акциялар;
2000 жылы азамат М. Б. Доскариевқа тиеслі акцияларды А. К. Құсаинов (Р. А. Дакебаевтан акциялар сатып алған) және «Қаржылық компания «Greenwich Capital Management» ААҚ акционерлері жарғылық капиталда үлесі бойынша сатып алған. Ол келесі кестеде көрсетілген:
Кесте 7 - Кәсіпорын акцияларының иелері
А. К. Құсаинов өзіне тиеслі дауыс бере алатын акцияларын азамат Р. Н. Альтиевке берді. Одан кейін барлық акциялар Құсаинов Қайнарбек Қабыкенұлымен сатып алынды. 2002 жылы кәсіпорынның 1928 дана пұрсатты акциялары сатып алынды. Ал 2004 жылы кәсіпорынмен 1928 дана пұрсатты акциялар Қ. К. Құсаиновтан 16000 мың теңгеге сатып алынып, Дойче Инвестиционе унд Энтвиклунгсгезельшафт мбХ» кәсіпорынның қатысуымен «Кнауф Гипс Капчагай» ЖШС - не 306000 мың теңгеге сатылған. Келісім нәтижесінде эмиссиондық пайданың мөлшері 29 теңгені құрады. Жарғылық капиталдың 2, 21 % акциясына ие Дойче Инвестиционе унд Энтвиклунгсгезельшафт мбХ» кәсіпорынның қатысуымен «Кнауф Гипс Капчагай» ЖШС - гі - бұл Алматы облысындағы Қапшағай қаласына жақын Заречный ауылында орналасқан гипсокартон парақтарын және еуропалық сапалы металды профиль жасап шығаратын зауыт. Бұл кәсіпорынның иелері - «Кнауф» компаниясының өнеркәсіптік тобы, бұл гипс негізінде құрылыс материалдарын өндіретін ірі еуропалық мемлекеттік ұйым болып табылатын ДЭГ даму және инвестициялау неміс қоғамы. Кнауф компаниясының мүшелері 3, 5 жылда өндірісті кеңейтуге 25 млн. евро салып, сонымен қатар толық жаңа зауыт салынды. Қазіргі уақытта кәсіпорын жылына 2 млрд. теңгеге гипсокартон парақтарын және металды профильдер жасап шығарады, болашқта құрғақ құрылыс қоспаларын және басқа да металдарды шығару арқылы өндірілген өнімнің ассортиментін кеңейту жоспарлануда. Бұл зауыттың іске қосылуы Қазақстанға болашақта шетелден ұқсас өнімдерді әкелуден бас тартуға мүмкіндік береді.
Кәсіпорынның қызметі:
- Үлкен - Бұрылтау кен орнының солтүстік бөлігінде гипсті ашық тәсілмен өңдеу:
- құрылыс гипсін алу мақсатында алынған тасты өңдеу;
- мраморлы ұнтақты өндіру және өңдеу;
- гипсокартон парақтарын, жол жиек тақталарын, қаптайтын және басқа да құрылыс материалдар түрлерін дайындау.
Кәсіпорынның негізгі өнімі:
1. Гипстік тас және гипстік тасты өңдейтін өнімдер: ақ гипс, селективті гипс, құрылыс гипсі.
2. Мәрмәр ұнтағы және мәрмәр ұны.
3. Құрғақ құрылыс қоспалары және желім.
4. Гипсокартон парақтары.
Гипстік тас - цемент өндірісінің негізі болып табылады. 45 жыл қызмет барысында кәсіпорын Орта Азияны және Қазақстанды, Қырғыстанды және Батыс Сібірді гипстік таспен қамтамасыз еткен, және де экономикалық дағдарыс кезеңдерінде де зауыт рентабельді болып қала берді. Кәсіпорын қуатты инфрақұрылымы бар және қазіргі заманғы автотранспорттық жабдықтармен, гипс күйдіретін цехтың дамыған құрылымымен қамтылған. Мұнда қуатты өндірістік база, арнайы техника, жылына 1 млн. тонна гипстік тасты өндіруді және жылына 50 млн. тонна селективті және құрылыс гипсін шығаруды қамтамасыз етеді. Транспорттық коммуникациялар әрбір өндіріске маңызды фактордың бірі болып табылады. Зауыт Шайқорық станциясының темір жолымен, ол дайын өнімді зауыттан вагондармен шығаруға мүмкіндік береді. Автомашина кіріс жолдарын кәсіпорынды гтпстік тас шығаратын кен орнымен байланыс үшін, сонымен қатар зауытты Тараз қаласымен байланыстыру үшін қолданады. Қазақстанда цемент өндіретін зауыт бар, ол Өскеменде, Қарағандыда, Шымкентте және Семейде, жобалық қуаттылығы жылына 9 млн. тонна цемент. Ал Қырғыстанда «Кантский Цементно - шиферный завод» Акционерлік Қоғамының жобалық қуаттылығы жылына 1, 2 млн. тоннаны құрайды,
Жамбыл облысындағы Үлкен - Бұрылтау гипс кен орны Қазақстанда ең ірі барланған гипс қоры болып табылады, онда гипс 40 % - дан 100 % - ға дейін бар. Бұл кен орны Жамбыл облысы, Тараз қаласының Жуалы ауданынан 25 - 30 километр қашықтықта орналасқан.
Қазақстанда құрылыс үшін тасты өндірумен қазір белсенді түрде 54 кәсіпорын жұмыс істейді. Құрылыс қоспаларын өндіретін зауыт - 145, олардың белсенді қызмет істейтіні - 85. Лакпен сырлайтын өнім өндіретін зауыт (мәрмәр ұны сыр өндіруде қоспа болып табылады) - 44. Бұл зауыттар 120 микрон жұқа, тартылған мәрмәр ұнын қолданады. Кәсіпорын мәрмәр тас шикізатын сатып алып мәрмәр ұнын және мәрмәр ұнтағын жасайды. Ал сол мәрмәр тасын Тараз қаласындағы «Тараз - Мрамор» ЖШС - нен және «Кордай - Мрамор» ЖШС - нен сатып алады.
«Тараз - Мрамор» ЖШС - гі Қызылбастау кен орны Жамбыл облысы Талас ауданында Қаратау қаласынан 25 километр қашықтықта солтүстік - батыста орналасқан.
«Қордай - Мрамор» ЖШС - гі Жамбыл облысындағы, Қордай ауданындағы Молодежный кен орнында мәрмәрды барлау және өндіруге келісім жүргізілген.
Кәсіпорынның тартымдылығын анықтайтын маңызды фактор, ол көптеген құрылыс материалдарын, сонымен қатар құрғақ құрылыс қоспаларын пайдаланатын тұрғын үй құрылысының өсуі болып табылады.
Инвестиция тарту үшін кәсіпорынның тартымдылығы келесі қосымша факторлармен анықталынады:
- өндірілетін және өңделетін шикізаттың көлемін ұлғайту;
- шығарылатын дайын өнімнің ассортиментін кеңейту;
- өнімнің кейбір түрлеріне сұраныстың ұлғайтылуының мүмкіндігі.
2003 жылы кәсіпорын нарыққа гипс негізінде «Гипсополимер», «Glaber», ғимараттың ішкі бөлігін өңдеуге арналған құрамында экологиялық таза бөліктерден тұратын құрғақ құрылыс қоспаларын, сонымен қатар «Glaber» тақта желімін шығарады.
Кесте 8 - «Жамбылгипс» АҚ -ның негізгі тұтынушылары
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz