Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеуде халық ауыз ертегілердің орны мен ролін анықтау


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

кіріспе . . . 3-5

ТАРАУ І. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА ОҚЫЛАТЫН ЕРТЕГІЛЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ МЕН ОҚЫЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

  1. Ертегілердің түрлеріне сипаттама . . . 6-19
  2. Мектепке дейінгі балаларға ертегілердің ішіндегі кейіпкерлермен таныстырудың маңыздылығы . . . 19-26

ТАРАУ ІІ. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА ОҚЫЛАТЫН ЕРТЕГІЛЕРДІҢ БАСТАЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2. 1. Балаларды ертегі оқытуға үйрету әдісі . . . 27-30

2. 2. Балаларға халық ертегілерін оқыту және кейіпкерлермен сомдау арқылы тілін дамыту . . . 30-32

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 33-34

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 37-45

«Нағыз - тұрмыс - салт ертегілері жас ұрпақты көксеген арманына жетелейді, қайырымдылыққа қосқыштықты, еңбекқорлыққа жан ашырын, толыққанды, жетелеген адам тәрбиесіне өз үлесін қосады».

М. Әуезов

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қазақ халқының жас ұрпаққа тәрбие берудегі тиімді құралдарының бірі - ертегі. Ертегілердің мазмұнында халықтың тыныс-тіршілігі, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлері, бақыт жолындағы күресі, адамдардың өзара қарым-қатынастары мен мінез-құлықтары, адамдардың еңбексүйгіштігі, өз халқына, Отанға, туып-өскен табиғатқа деген сүйіспеншіліктері бейнеленген. Т. Барласұлы ертегінің адам баласына тәлім-тәрбиелік, рухани маңызы жөнінде айта келіп: "Ертегі - рухани тәрбиенің мәні аса зор, көзіміз көріп, құлағымыз ести алмайтын, тек ақылмен ажыратып, жүрекпен ғана түйсіне алатын материалдық әлеммен бірге шегі жоқ рухани әлем болмысының біртұтас түсінікті баян етілген көрінісі", - деп анықтама береді.

А. Байтұрсынов «ертегінің қадірі қанша деп сұрағанда, керегіне қарай жауап беріледі » деп ой қорытады. Ертегі халықтың қиялынан пайда болған. Сондықтан оның авторы халық. Бертін келе ауыздан - ауызға тарап, келешек ұрпаққа жетіп отырған. Ертек айтушыларды - ертекшілер деп атаған. Ертегі туралы анықтаманы М. Әуезов былай деген: Ертегі деп баяғы замандағы елдің дүниеге көзқарасын білдіретін, я сол көзқарастың белгілі ізін көрсететін, онан соң елдің белгілі салтын білдіретін, арнаулы үлгі айтатын, жамандықты жерлеп, жақсылықты көтеріп айтқан, ойдан шығарған көтерме әңгімені айтады. Бұл анықтамада шыншыл ертегі жайында еш сөз айтылмаған. Ертедегі көзқарас деп көрсеткен.

Ертегілердің негізгі тарихы адам баласының сөйлеу тілі, ойлау қабілеті пайда болғаннан басталады. Алғашқы уақытта өте ақылға сыймайтын ертегілер пайда болды. Онда көбінесе жан - жануарлар тіршіліктің барлығында сөйлейді, ұғады деген адамдарда пікір қалыптасқан. Бұл ертегінің қиал ғажайып түрі. Одан кейін XV- ғасырларда қазақ хандығында құрылуымен тұспа - тұс келеді. Ертегілер батырлар мен небір шешен, ел билеген көсемдер жайлы өрбейді. Олардың халыққа еткен еңбектері, қанаушы топ шонжарлар мен байлардың тепкісіне шыдамай қарсы әрекеттері, айламен түрлі тәсілдермен сабасына келтіріп отырған көріністері бейнеленеді .

Кейінгі жылдары XIX - ғасырдан бастап халық білімге, ғылымға жол салды. Онда ұлы тұлғалардың Ш. Уәлихановтың, Ы. Алтынсариннің, А. Байтұрсыновтың алар орны зор. Олар өз шығармашылығын бұхара халыққа арнады. Солардың тәрбиелілігін, ұғуға ынталылығын, адамгершілік қасиеттерін көрсетті .

Ертегілердің ең алғаш зерттелуі қазақ ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы, әрі оны өзге халықтарға танытушы Ә. Диваевтың есімімен тікелей байланысты. Ол 1883 жылы ертегілер жинауды бастаған. Ең алғаш Әулиеата уезі болды. Кейін ол қызметіне байланысты ел аралап, Шымкент, Сыр бойында болып, көне құлақ қарттардан ертегілер жинайды.

Диваев әңгімелер мен ертегілерді жазып алып, хат арқылы сұрап отырған. Ертекшілер мен орындаушылармен кездесіп, фольклорлық мұралар жазып алып отырған . Ол ерекше әдіс қолданған : бір ертегіні бірнеше елді мекеннен, бірнеше кісінің аузынан тыңдауды әдетке айландырып, сол шығарманың нағыз халықтық нұсқасын айқындауды мақсат еткен. Ең соңында нұсқаның толығырақ айтылған түрін баспа бетіне бірнеше рет құрастырып жазып алады да, соның толымды нұсқасын жасайды. Сөйтіп барып ол аңыз-ертегі жайлы ойын қоытындылай-ды .

Ә. Диваевтің тағы бір ерекшелігі ол ертегілерді жинауда сөзге мұқият қарап, баспа сөз бетінде жариялауда кейбір түсініксіз сөздерге коминтарийлер жазып, әрі сол ертегі, дастанның қанша варианты бар екендігінен мәлімет те беріп, отырған және ол материалдарды екі тілде яғни орыс, қазақ тілдерінде жариялауды принципке алған.

Ж. Аймауытов ең алдымен бала тәрбиесіндегі отбасының роліне ерекше тоқталды. «Баланы бұзуға яки түзетуге себеп болатын бір шарт рас күнде көрген өнеге. Ол өнеге әке - шешенің тәрбиесі арқылы қалыптасады. Балаға қайырымдылықты, кішіпейілділікті, шыншылдықты, адамгершілікті беретін ата - ана». Баланың бойына сіңген мінезді қайта түзету қиындық келтіреді. Ол бала мінезін жас шыбыққа теңейді.

Сөз соңында айтарымыз «Ертегі - соңғы қазақ ескілігін жинаушы адамдар арасында бұл жөнінде В. Радловтан ынталы, ұқыптылық көрсеткен оқымысты жоқ деуге болады. » - деп ғалым М. Әуезов жоғары бағалай, белгілі төңкеріліске дейінгі қазақ фолькорына арналған жинақтардың ішіндегі ең толыққанды, жүйелі, озық үлгісі болып табылатындығын еңбектерінің қайта басылып, көпшілікке ұсынылатындығына берік сенімдіміз.

«Алтын сандық» жинағында «Түлкінің алдағаны», «Дудар қыз», «Молданың үйінде оқыған бала», «Тазша», «Хан Шентай», «Қаракөз сұлу», «Қармақ салған жігіт», «Желкілдек», «Еркем Айдар», «Ханның қызы», «Жақсылықпен жамандық жолдас болған», «Үш ұл» ертегілерін қамтиды.

Ертегі - ауыз әдебиетінің ықылым заманынан келе жатқан көне де мол мұрасы. Оның ертегі деп аталуының өзінен де, сол сияқты ертегілердің «Бұрынғы өткен заманда, ерте-ерте, ертеде» деп басталуынан да оның атам заман туындысы екенін аңғару қиын емес. Ертегілерде халық басынан кешкен, ғасырлар ізі жатыр. Оларда еңбекші халықтың тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрпы, елдік тарихы, қилы-қилы асулары, арман-мұраты бейнеленген.

Курстық жұмыстың мақсаты- мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеуде халық ауыз ертегілердің орны мен ролін анықтау. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін төмендегідей міндеттерді орындауымыз қажет:

-Ертегілердің түрлеріне сипаттама беру;

-Мектепке дейінгі балаларға ертегілердің ішіндегі кейіпкерлермен таныстырудың маңыздылығын ашып көрсету;

-Балаларды ертегі оқытуға үйрету әдістерін талдау;

-Балаларға халық ертегілерін оқыту және кейіпкерлермен сомдау арқылы тілін дамыту жолдарын зерттеу.

ТАРАУ І. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА ОҚЫЛАТЫН ЕРТЕГІЛЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ МЕН ОҚЫЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

  1. Ертегілердің түрлеріне сипаттама

Қазақ ертегілерін тақырыбына қарай бірнеше топқа бөлуге болады. Олар: 1) мифологиялық ( қиял - ғажайып) ертегілер

2) хайуанаттар ( жан - жануарлар) жайындағы ертегілер

3) реалистік (тұрмыс-салт) ертегілер.

Енді осы ертегілер түрлеріне кеңірек тоқталсақ:

Мифологиялық ертегілер. Бұл ертегілер тым ерте замандарда, адам табиғат сырын толық түсініп болмаған кезде туған. Мұнда өмір көрінісі аздау болады. Ол дәуірдегі адамдардың топ-топ болып орман, тау-тастықта жүрген кезеңнен бастап туса да ғажап емес. Ол дәуірдегі адамдардың нанымдары, ойлау дәрежесі өте анайы болған. Күн, ай, от, судың жойқын күштерінің сырын түсінбеген алғашқы қауым адамдары табиғатқа сиынып, табынған: бірінен қорықса, бірін қастерлеген. Оларды адамша ойлап, әрекет жасайтын құбылыстар деп ұққан. Мұндай сәби мифология тарихы үнді, грек, араб елдерінде көбірек сақталған. Кейбір елдерде киелі аңдарға сиыну дәстүрі де болған.

Қазақтың мифологиялық ертегілері бұдан кештеу, матриархат пен патриархат дәуірінің ауысу кезеңдерінде туса керек. Аңшылық салты өмір сахнасынан шыққан кезде адамдар аң, құстардың сырын танып біліп, олар жайында сан-салалы образдар тудырған. Жалмауыз, мыстан кемпір, жезтырнақтар матриархат дәуірінің ұғым - нанымдары болмақ.

Патриархат дәуірінде адамды ең басты киелі күш деп ұғыну үстем болған. Табиғаттың тілсіз күштерін мифтік ойлаумен образдап, соған адам әрекетін қарсы қоятын қиял-ғажайып ертегілері осы ізде туған. Мұндай ертегілерде реальдық адам образдары мен мифтік образдар қаз-қатар суреттеледі. Ондай сюжеттердің қазақ ертегілеріндегі үлгілері "Ер Төстік", "Еділ- Жайық", "Құла мерген", "Аламан мен Жоламен", "Күн астындағы Күнекей қыз", "Алтын сақа", "Керқұла атты Кендебай" т. б.

Қазақтың қиял-ғажайып ертегілерінде адамға жамандық ойлап жүретін мифтік образдардың бірі - жалмауыз кемпір. Сонымен, мифтік образдар табиғатында адам ойының сәби, жетілмеген кезіндегі ой - нанымдарының таңбасы басым дейміз. Оны бірде ертегі мазмұндағы қайшылық десек, бірде образдық ойдың фольклорға тән желісі деп білеміз. М. Горький сөзімен айтар болсақ, халық қиялы сан-алуан мифтік образдарды ойлап шығарып, солар арқылы табиғат сырын өмір мақсатын танып білуге тырысқан.

Матриархат пен патриархат арасындағы қайшылықты білдіретін қазақтың мифтік (қиял-ғажайып) ертегілеріне: "Алтын сақа", Күн астындағы Күнекей қыз", "Жерден шыққан Желім батыр", "Ұшар ханның баласы", "Аламан мен Жоламан" т. б. жатады.

Хайуанаттар туралы ертегілер: Хайуанаттар туралы ертегілер өте ерте кезде туындаған. Бастапқыда олар алғашқы қауым адамдарының бүкіл өмірі мен тағдыры өзінің аң аулаудан тапқан олжасына тәуелді балықшылар мен аңшылардың қам қаракетіне байланысты болды. Мұндай ертегілердің қаһармандары - хайуанаттар еді, ал ертегілердің өзінде алғашқы қауымдық сенімдердің іздері, атап айтқанда, адам мен хайуанаттардың етене байланыстарына сенімге негізделген тотоизм іздері сақталып қалды. Алғашқы адам төңірегіндегінің бәрін рухтандырып, өзінің қабілеті мен қасиеттерін бірдей бөліскен, аңдарды "адам" еткен. Сөйтіп, олар ертегілерде өзара бір-бірімен әңгімелесіп, адамның сөйлеген сөздерін түсінеді.

Көптеген аңыз-әңгіме желісіндегі ертегілер де сақталған. Олар әрине ертегі түрінде аңдармен ұрыс-жанжалды және достасуды, сан алуан жайларды, қызықты оқиғаларды - хайуанаттар денесінің кейбір мүшелерінің неліктен жоқтығын, мысалы олардың құйрығының, танауының формасы неліктен өзгеше болатындығын, олардың неліктен соншалық боялатынын және т. с. с. түсіндіреді.

Көптеген ертегілерде үлкен де күштірек хайуанаттар мен кішкентай, әлсіздеу жануарлардың арасындағы ұрыс-кіріс пен жарыстар туралы баяндалады. Мұндай ертегілер, әлбетте әлеуметтік әділетке талпынысты өзек етеді.

Хайуанаттар туралы кейбір ертегілерге адам образы қосыла бастайды. Мысалға: "Мақта қыз бен мысық" пен "Қотыр торғай" оқиғалары еңбек процесімен тікелей байланысын жатыр. Қотырын ауыртқан шеңгелді торғай ешкіге шығады, шеңгелді ешкі жейді. Тілін алмаған ешкіне қасқырға шағады, сөйтіп торғай екеш торғай да өзінің кегін жоқтайды. Мұның айтары - нашарға қиянат жасама, өзіңнен зор шықса, көзің шығар деген әділет иесі болмақ.

Әрине, хайуанаттар да ертегі кейіпкерлері - өздерінің сөзімен де тәртібімен де осы ертегілер өмір сүріп отырған елдің адамдарын еске түсіреді. Өйтпеске амалы жоқ, өйткені ертегі халық тіршілігінің серпінідегі оның әрдайым бейнесі, халықтың сана-сезімнің өзіндік айнасы болады.

Халықтың меңзеп отырғаны бір ғана аңдар арасындағы жайлар емес, әлеумет өміріндегі теңсіздіктер, содан құтылу - күнкөріс, өмір сүрудің шарты дейтін мәже болмақ .

Реалистік (тұрмыс-салт) ертегілер. Бұл ертегілер - өмір шындығына жақын, ішінде реалдық адам бейнелері басым. Олар кейде өмір шындығынан алынып, бас қаһармандары патша, уәзір, хан болып келеді. Ал, қазақ халқының шыншыл - реалистік ертегілердің қазақ өмірінен алынған нұсқалары мәндірек. Мұндай ертегілердің бас қаһармандары ақылды қарт, тапқыр жігіт, қаңбақ шал. Көптеген ертегілердің рухани сын-сықақ сарыны бар. Олардағы жамандық пен жақсылықтың аңғарғанын біз түрліше реалдық адам мінездерін ғана емес, қоғам өміріндегі теңсіздік суретін, халықтың әділет, жақсы өмірді іздеген арман-мүдделерін де жақсы байқаймыз.

"Жақсылық пен жамандық" "Үш ауыз сөз" ертегілері мінез, мораль тақырыптарына құралған жамандық жаяу келе жатып, жақсылықтың атын мініп өзін жаяу қалдырып кетеді. Бірақ табиғатынан ақылды Жақсылық бай қызын иемденіп, мұратына жетсе, ал ақылсыз жамандық қасқыр мен арыстанға жем болады.

Шыншыл - реалистік ертегілерде ең әділ, ең ақылды адам халық ортасынан шығады. Мұның ғажап үлгісі - Аяз би.

Салт ертегісінің бір түрі- мысқыл, мазақ ертегілер. Бұдан да ұрыстық пен терістіктің тартысы көрсетілетін болады. Бірақ жамандық иесі мазақ, күлкі болып көрсетіледі. Мысалы: қу шал мен жалмауыз диюлар әңгімелері бұлай болғанда ертегі деп баяғы замандағы елдің көз қарасын білдіретін, я сол көз қарастың белгілі бір ізін көрсететін, онан соң белгілі бір елдің салтын білдіріп, арнаулы үлгі айтатын, жамандықты жерлеп, жақсылықты көтеріп айтатын, ойдан шығарған көтерме әңгімені айтады.

Тұрмыс-салт ертегілерінен басқа кейде өзінің сипаты жөнінен ертегіге; жақындай түсетін новеллалық ертегілер, авантюристік ертегілер (оқиғалар туралы) және авантюристік - новеллалық ертегілер түрлері де болады.

Негізінен ертегіде сюжет жұмыр болады. Онын мәнісі - ертегі әңгімелеп айтуға негізделген эпикалық жанрдың бірінен саналады. Қазақ фольклорындағы эпизм формаларында ертегі, аңыз, эпос, ал лиро-эпостық үлгілерге ғашықтық жырлары жатады. Ертегі образдары мифтік, аллегориялық және реалистік болып келеді. Ертегіде типтендіру жоқ. Образдары өзгермейді. Мысалы: біреу туа батыр, біреу туа жауыз, біреу туа қу. Олардың кәсібі, жас ерекшеліктері де өзгермейді.

А. Кенжеғұлованың "Қазақ балалар әдебиеті" деген әдістемелік еңбегінде осы ертегілердің түрлеріне кеңірек тоқталған.

Енді, осы ертегілердің түрлеріндегі ерекшелікке мән беретін болсақ, қиял-ғажайып ертегілерді ертекші айтқан кезде мына ерекшеліктерді сақтап айту керек.

Бірінші ерекшілік: Ертектің басталуы, яғни құлағы. "Ерте, ерте, ерте екен, ешкі жүні бөрте екен", " Қырғауылы қызыл екен, құйрық жүні ұзын екен", "Баяғы ерте заманда, дін мұсылман аманда" немесе "Есте жоқ, ескі заманда" деп келеді.

Екінші ерекшелік: Ертегі ортасында құбыжық пішінді жат жандар туралы айтарда "Абалақтай анам-ай, қайдан келдің балам-ай?" немесе "Адамзат иесі шығады!" деген сөздер айтылады.

Үшінші ерекшелік: Ерте бітер кезде "Барша мұрат басына жетіп, сақалы, сирағына жетіп, бір жан өтіпті" деген тәрізді сөздермен аяқталады.

Хайуанаттар жайындағы ертегілердің екі түрі бар. Бірінде хайуан мінез -құлықтарын дәл хайуанның өзін суреттеу үшін айтпай, адамдағы мінез-құлыққа мысқыл ретінде қолданған. Екінішісінде хайуанды анық хайуанның өзі ретінде суреттейді.

Қиял-ғажайып ертегілері мен хайуанаттар жайындағы ертегілерден шыншыл ертегілер мүлде басқаша, ерекше болып келеді.

Бұл еретегілерді оқи отырып, пайдалы өсиет, ақыл үйренесің. Кейіпкерлерді ақылды жігіт, асыл қыз, елін асырайтын шебер, әке мен бала болып келеді.

Сонымен қатар батырлық ертегілер бар. Ол ертегілер екі топқа бөлінеді:

  1. Көне заманда пайда болған ертегілер. Мысалы, ондай ертегілерге "Ер Төстік", "Керқұла атты Кендебай" ертегілері жатады.
  2. Батырлар жырларынан туған ертегілер. Мұндай ертегілерге "Қамбар батыр", "Алпамыс батыр" туралы жырлардан шыққан ертегілер жатады. [23. 23]

Осы ертегілер арқылы адам өзінің әрбір ойына, әрбір ісіне баға беріп отырады. Ізгі ойы, ізгі ісі адамды жағымды мінез тудырады. Адам осы сезімі арқылы жауыздықтан безу, қайырымдылыққа, кішіпейілділікке, ізгілікке ұмтылу керек екенін тұсінеді.

Халық әдептілік пен адамгершілікті, ақылдылық пен батырлықты ертеден-ақ өте жоғары бағалап, әңгімеге, ән жырға арқау етіп отырған. Халықтың ауыздан-ауызға тарап, бізге жеткен ертегі, аңыз әңгімелерінің барлығында ақылдылық пен ақымақтық, арамзалық пен адалдық, жақсылық пен жауыздық қатар көрсетіледі.

Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеуде ертегілердің түрлерін қарастырсақ, атақты әдебиетші М. Әуезов ертегіні үш түрге бөліп қарастырған. Олар: қиял - ғажайып, тұрмыс - салт, шыншыл ертегілері болып табылады. Алайда қазіргі зерттеулер нәтижесіне қарағанда ертегіні төрт түрге бөледі. С. Қасқабасов ертегідегі қияли идеялық қызмет атқарады, бірақ сюжеттен гөрі композицияның рөлі күшті болады деп есептейді. Ол ертегіні: хайуанаттар жайындағы, қиял - ғажайып, батырлық, новеллалық және сатиралық деп бөледі.

М. Әуезовтың ертегі түрлерін талдасақ қиял - ғажайып ертегілерінде «Керқұла атты Кендебай», «Аңшы бай», «Ұшқыш кілем» жатады деп есептейді. Сәби осындай ғажайып достарының көмегімен мейірімді, адал дос адамын ардақтайды, оның күшіне мол сенім білдіреді. Бала барлық заттарға көзқарасы өзгеріп, кішіпейілдікке, мейірімділікке, дос болуға ішінен ой қорытады.

С. Қасқабасовтың пайымдауынша, қиял - ғажайып ертегілер - шығу тегі жағынан ертелік прозаның ең көнесі. Алғашқы қауымда пайда болған, жанрлық жанынан біркелкі емес. Бас қаhармандары: аңшы, мерген, кенже бала, тазша бала, жауынгер, батыр, т. б. бұқара халық өкілдері. Ертедегі табиғаттың дүлей күштерімен алысып, күнделікті өмір үшін аң - хайуанаттармен күрескен кезде халықтың арманы соларды жеңетін күшті батыр, балуан, мерген болды. Ал кейінгі дәуірде рулық қоғам тұсында халықтың арманы- өз елін бөтен елден, жаудан қорғайтын батыр болды. Ол қазақ өміріндегі қара шаңырақ иесі-кенже бала болды.

Қиял-ғажайып ертегілеріндегі басты тақырып-сиқырлы заттардың көмегімен бас кейіпкердің неше түрлі қиындықтарды жеңіп, мұратына жетуі. Егер қаhарман бар күшін пайдаланып, керемет қиындықтарды жеңсе, ол батыр атағына ие болады да, мұндай кейіпкері бар ертегі өз ерекшелігімен дараланып, «Батырлық ертегі» деп аталады. Біздің пікірімізше, батыр тұлға тек ерлігімен ғана емес, алыл-парасатымен де, айласымен де жауын жеңіп отырған.

Қиял-ғажайып ертегілердің бір жағында жалмауыз кемпірлер, дәулер, түрліше тотемдер, екінші жағында солармен күреске түсіп жүретін мергендер, аты жоқ балалар, Ер Төстік, оның Желаяқ, Таусоғар, Көлтаусар сияқты достары жүреді. Бұлардың ғашық қыздары көбіне пері болып келеді. Кенжекей ақ қасқыр қызындай сәуегей, ол мыстан, Бекторы, Шойынқұлақ жамандығын күн бұрын сезеді. Қыз біткеннің сиқыры, олардың әлеуметтік типі көп жағдайда бұлдыр.

Тылсымдау, сиқырлау, жәділеу, самұрықпен ұшу, теңіз кешу, айдаһармен алысу, жеті басты жалмауыз, адам етін жейтін кемпірлер үнді ертегілерінен алынған ба дейміз. Жамандық пен жақсылық, жеті пәле Иран елінің ұғымдарынан да көрініс тапқан. Ол замандарда политеистік наным бүкіл Азияға ортақ болған. Мысалы, «Қорқыт ата кітабы» сюжетіндегі Төбекөз дәу «Одиссеядағы» Полифемге ұқсас. Скиф-сақ дәуірінен қалған Желаяқ (Ветрогон) . Көлтаусар (Опивало яки Объедало), Таусоғар (Горокат) шығыс-батысқа бірдей ортақ. Жабайылық, аңшылық, бақташылық өмір сатыларын, космолгия, тотемизм, зороастризм, дуализм, моно-теизм нанымдарын басынан өткермеген елдер кемде-кем.

Ертегінің тағы бір түрі- тұрмыс-салт және хайуанаттар туралы ертегі-лер. Тұрмыс-салт ертегілерінде бақташылық тұрмыс-тіршіліктері суреттеледі. Бұл М. Әуезовтің зерттеуі бойынша көрсетілген. Ал С. Қасқабасовтың айтуынша ертегілердің ішінде хайуанат ертегілерінің алатын орны зор. Жануарлар туралы мифтер мен әнгімелердің жануарлар туралы ертегіден айырмашылығы тура мағына мен ауыспалы мағынаның, шын образ бен оның тұспалы арасында болады. Ертегіде адамдар мен олардың әрекеттерді тұспалдап көрсетеді. Оларда таптық қоғамның көрінісі байқалады. Жануарлар жайындағы ертегілерді 3 топқа бөлуге болады:

1. Мифтік қасиетін жоғалткан этиологиялық ертегілер.

2. Дүние жүзі халықтарының жануарлар жөніндегі эпосын құрайтын классикалық ертегілер.

3. Мысал ертегілер.

Этиологиялық ертегілерде синкреттік қасиет басым, тұрақты компо-зициялық құрылым жоқ. Олар этиологиялық мазмұны жағынан мифке жақын. Оған айтушы да, тыңдаушы да сенбейді. Бірақ адамгершілік тәрбиесі сақта-лады. Жануар-кейіпкерді суреттеу, мінез-құлқын бағалау жағынан ертегілік қасиеті байқалады. Жануарға берілетін меніздеме көбіне құбылмалы болып табылады. Сол арқылы әр түрлі адамдық проблемаларды айдаhар, дию тағы басқа суреттеле береді. Мәселен, «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?», «Маса неге ызыңдайтын болып қалған ?» деген сияқты үш сұрақ бірдей жауап беріледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеуде халық ауыз ертегілердің орны мен ролі
Балабақшада мектепке даярлық тобындағы балаларды қазақ халық ауыз әдебиеті арқылы ұлтжандылыққа тәрбиелеу әдістемесі
Бастауыш сынып оқушыларын ертегілер негізінде тәрбиелеу
АДАМГЕРШІЛІК ҚАСИЕТТЕР МЕН ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МЕН БАЛА ТІЛІН ДАМЫТУДАҒЫ АУЫЗ ӘДЕБИЕТНІҢ МАҢЫЗЫ
Мектепке дейінгі мекемелерде ертегілер арқылы елжандылық сезімдерін дамыту
Мектеп жасына дейінгі балалардың адамгершілік қасиеті
Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда қолданылатын халық ауыз әдебиет түрлері
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА ХАЛЫҚ ЕРТЕГІЛЕРІ АРҚЫЛЫ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
МЕКТЕПКЕ ДАЯРЛЫҚ ТОП БАЛАЛАРЫН ХАЛЫҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ АРҚЫЛЫ ҰЛТЖАНДЫЛЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Мектепке дейінгі мекемелерде халық ертегілері негізінде елжандылық сезімдеріне тәрбиелеудің ғылыми-педагогикалық негіздері жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz