Оқу-тәрбие процесінде балалардың жас ерекшелігін ескеру


Тақырыбы: Оқу-тәрбие процесінде балалардың жас ерекшелігін ескеру
Мазмұны:
КІРІСПЕ . . . 3
І Бөлім Қазіргі кездегі оқу -тәрбие процесінде балалардың жас ерекшелігін ескерудің маңызы
1. 1. Жас ерекшелік туралы түсінік . . . 7
1. 2. Педагогикалық процесте жасөспірім кезеңінің ерекшеліктері-
нің ескерілудің дидактикалық шарттары . . . 10
1. 3. Жеткіншек кезеңдегі балаларды оқу-тәрбие процесінде жас
ерекшелігін ескере отырып дамыту мен қалыптастырудың
негіздері . . . 15
ІІ Бөлім Оқу-тәрбие процесінде балалардың жас ерекшелігін ескеруді қолдану әдістемесі
2. 1 Оқу -тәрбие процесінде оқушылардың жас ерекшелігін ескеруді
ұйымдастырудың жолдары . . . 18
2. 2. Оқыту және тәрбиелеу процесінде бастауыш сынып оқушы-
сының жас ерекшелігін ескерудің формалары . . . 23
2. 3. Орта және жоғары сынып оқушыларының жас
ерекшеліктерін ескерудің әдіс-тәсілдері . . . 29
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 34
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 36
КІРІСПЕ
Зерттеу көкейкестілігі: Адамның белгілі сипаты мен сапасын қалыптастырудағы тәрбиешілердің мақсат тәрбие белгілі бір жас мөлшеріндегі топқа бағытталған, осы арқылы сол топтың мүмкіндіктері мен міндеттері тәрбиенің әдістемелері қолданылады. Адам өмірінің мектепке дейінгі кезінде, жасөспірім шақта және әлеуметтік ортада қалыптасқан есейген шақ кезеңдеріндегі мінез-құлқы ерекшеленеді.
Жас мөлшерінің психологиясы курсында оқылатын жоғарыда айтылған жас мөлшерлік топтардың әрқайсысының сипаттамасын бұл тұста нақтылап қарастырмай-ақ, педагогтың әрбір жас мөлшері тобымен жүргізетін оқу-тәрбие жұмысында ескерілуі тиісті кейбір тәрбие ерекшеліктеріне тоқталамыз.
Жастарды өмірге және ұжымдық еңбекке тәрбиелеудің, әрбір жас адамның жеке тұлғасының өмірлік бағыт-бағдарын анықтайтын дүниетанымын қалыптастырудың қоғам алдындағы зор міндеттері мектепке жүктелген.
Тәрбие, шын мәнінде, жеке тұлғаның дамуы мен жалпы қоғамның негізгі мақсаты болып табылады және ол қоғамның әрбір мүшесінің жан-жақты дамуына жағдай жасауға бағытталған.
Белгілі бір жастағы балалардың жас мөлшері дегенде олардың көпшілігіне тән ерекшеліктер мен сипаттарды айтамыз. Бұл ерекшеліктерді педагогикалық процесте ескеру қажет және соған сәйкес оқыту, тәрбие берудің тиісті түрін, әдістемесін және тәсілін пайдалану керек.
Әрбір оқушының танымдық іс-әрекетінің, әсерленушілігінің, ерік-жігерінің, мінезінің, жүріс-тұрысының тек өзіне ғана тән сапалық ерекшеліктері болады. Демек, жеке ерекшелік - бұл, адамның өз басындағы қасиеттерінің бір-бірімен сәйкестікпен түйісуі, оның басқа адамдардан өзгешелігі осы қасиеттері арқылы көрініс табады. Әркім өзінің жеке даму жолын бастан кешіреді, ал ол оның бойына табиғат берген қасиеттерге және тіршілігінің жағжайына байланысты болады.
Мектеп оқушысының жеке ерекшелігі дегеніміз - оның жас мөлшеріне, жыныстық және рухани дамуына, жан-жақты тұтас жетілген жеке тұлғалық қасиетінің қалыптасуына органикалық жағынан байланысты өзіне тән ерекшелігі. Осыған орай олармен жеке жұмыс жүргізу педагогикалық процестің маңызды бөлігі болып табылады. Жеке жұмыс - бұл педагогикалық жұмыстағы бос сөзділікті жеңу және оның алдын ала іс-әрекет ұйымдастыру.
Жеке ерекшеліктерді есепке алу - бұл әрбір жеке тұлғаның қызығушылығын, бейімділігін, сапасын, қасиетін, талабын және мүмкіншілігін ескере отырып, өскелең ұрпақтың әлеуметтік қалыптасу процесінде сәтсіздіктер мен қателіктерді барынша кеміте отырып тәрбиелеуде педагогикалық құралдардың, әдістемелердің және түрлердің барлығын пайдалану.
Мектеп оқушыларының жеке ерекшеліктерін есепке алуда нерв жүйесінің қызметі, адамның темпераменті көп жағдайда ескеріле бермейді. Темперамент - бұл адамның психикалық қызметі мен мінез-құлқының қуатын анықтайтын жеке ерекшелігі. Сангвинник - еті тірі; флегматик - жәй, салмақты; холерик - қызба, шапшаң; меланхолик - ойлы, терең толғанысты.
Курстық жұмыстың мақсаты: оқу-тәрбие процесінде оқушылардың жас ерекшелігін ескерудің маңызын анықтау.
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі: оқу-тәрбие процесінде оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеруді ұйымдастыру жүйесі.
Курстық жұмыстың зерттеу пәні: оқу-тәрбие процесінде оқушылардың жас ерекшелігін ескерудің әдістері мен түрлерін пайдаланудың тиімділігі.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Жас ерекшелік туралы түсінік;
- Педагогикалық процесте жасөспірім кезеңінің ерекшеліктерінің ескерілудің дидактикалық шарттары;
- Жеткіншек кезеңдегі балаларды оқу-тәрбие процесінде жас
ерекшелігін ескере отырып дамыту мен қалыптастырудың негіздері;
- Оқу -тәрбие процесінде оқушылардың жас ерекшелігін ескеруді
ұйымдастырудың жолдары;
- Оқыту және тәрбиелеу процесінде бастауыш сынып оқушысы-ның жас ерекшелігін ескерудің формалары;
- Орта және жоғары сынып оқушыларының жас ерекшеліктерін ескерудің әдіс-тәсілдері.
Зерттеу көздері: Зерттеу мәселесі бойынша педагог -ғалымдардың әлеуметтанушылардың, психологтардың еңбектері; ҚР «Білім беру туралы» Заңы; Елбасшысының халыққа жолдаған «Қазақстан - 2030» үндеуі; «Кәусар бұлақ» бағдарламасы; «Атамекен» бағдарламасы; Қазақстан Республикасында жалпы орта білім беру тұжырымдамасы; ҚР 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы теориялары, ұлттық тәлім-тәрбие туралы ғылыми зерттеулер мен теориялық әдебиеттері негіздеріне сүйеніп жасалған.
Зерттеу әдістері: тақырыпты зерттеу барысында қолданылған педагогикалық және психологиялық әдебиеттерге, ғылыми мерзімді басылымдарға ғылыми талдау жасау, педагогикалық эксперимент өткізу, анкета және интервью әдістері қолданылды.
Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
Кіріспе бөлімінде осы тақырыптың көкейкестілігі, қоғамдағы ақыл-ой тәрбиесінің бірізділігі, оны зерттеуге ат салысқан ғалымдардың еңбектерінің құндылығы қарастырылды. Зерттеу жұмысының ғылыми аппараты, мақсаты, міндеттері әдістері объектісі мен пәні көрсетілді.
«Қазіргі кездегі оқу -тәрбие процесінде балалардың жас ерекшелігін ескерудің маңызы» деп аталатын бөлімде жас ерекшелік туралы түсінік, педагогикалық процесте жасөспірім кезеңінің ерекшеліктерінің ескерілудің дидактикалық шарттары мен жеткіншек кезеңдегі балаларды оқу-тәрбие процесінде жас ерекшелігін ескере отырып дамыту мен қалыптастырудың негіздері қарастырылады.
«Оқу-тәрбие процесінде балалардың жас ерекшелігін ескеруді қолдану әдістемесі» деп аталатын бөлімде оқу -тәрбие процесінде оқушылардың жас ерекшелігін ескеруді ұйымдастырудың жолдары, оқыту және тәрбиелеу процесінде бастауыш сынып оқушысы-ның жас ерекшелігін ескерудің формалары мен орта және жоғары сынып оқушыларының жас ерекшеліктерін ескерудің әдіс-тәсілдер қарастырылады.
І Бөлім Қазіргі кездегі оқу -тәрбие процесінде балалардың жас ерекшелігін ескерудің маңызы
1. 1. Жас ерекшелік туралы түсінік
Жас ұрпақты өмірге және ұжымдық еңбекке тәрбиелеудің, әрбір жас адамның жеке тұлғасының өмірлік бағыт-бағдарын анықтайтын дүниетанымын қалыптастырудың қоғам алдындағы зор міндеттері мектепке жүктелген. Тәрбие шын мәнінде, жеке тұлғаның дамуы мен жалпы қоғамның негізгі мақсаты болып табылады және ол қоғамның әрбір мүшесінің жан-жақты дамуына жағдай жасауға бағытталған.
Белгілі бір жастағы балалардың жас мөлшері дегенде олардың көпшілігіне тән ерекшеліктері мен сипаттарды айтамыз. Бұл ерекшеліктерді педагогикалық процесте ескеру қажет және соған сәйкес оқыту, тәрбие берудің тиісті түрін, әдістемесін және тәсілін пайдалану керек.
Белгілі бір шақтық кезеңге тән анатомиялық-физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерді әдетте жас ерекшеліктері деп атайды. Сондықтан педагогика балалардың жас ерекшеліктеріндегі ширақтықты, өзгерімпаздықты айқындайды, тәрбиеленушінің және қоршаған ортамен жасайтын қарым-қатынастар жүйесіне тәуелді болатынын атап көрсетеді. Балалардың өсіп-жетілуінің бір сатысынан екіншісіне көшуі кездейсоқ емес. Әр жастағы кезеңге тән психологиялық ерекшеліктердің ұштасуын жиі байқауға болады.
Сана-сезімнің, дене күш-қуаттарының дамуы адамдардың жас ерекшеліктеріне байланысты. Баланың жасы өскен сайын бойлары өсіп, денелері тұлғаланып, ақыл-саналары дамып, білімдері тереңдей бастайды.
Балалардың жас ерекшелігін есепке алу, оқыту мен тәрбие жүйесіндегі негізгі пинциптердің бірі. Қоғамда атқаратын рөлі, белгілі құқығы бар адамды жеке адам деп түсінеміз. Ал, қалыптасу дегеніміз - адамның жеке басының дамуы мен тәрбиенің нәтижесінде жетілуі, саналы өмір сүруге дайын болу.
Тәрбие ісінде балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп отыру қажеттігін педагогика ғылымы ерте кезде-ақ көрсеткен еді. Ал, белгілі педагогтер Я. Коменский, Ж. Руссо тәрбие беру кезінде бала табиғатын, оның қабылдау, ойлау ерекшеліктерін еске алып отыруға үндеген болатын.
Қазіргі педагогика және психология ғылымдары балалар мен жеткіншектердің дамуындағы биологиялық фактордың рөлін айрықша көрсетеді. Педагогика ғылымы жас ерекшеліктерін анықтауға баланың дамуын үнемі қозғалыс үрдісі ретінде қарастыра отырып, бұл қозғалыстан сан жағынан жинақталу, ал сапа жағынан елеулі өзгерістер болатынын алға тартады. Мәселеге бұлайша қарау балалардың дене және психикалық дамуынан бірқатар кезеңдерін белгілеуге мүмкіндік береді. Осының негізіндегі мектеп жасындағы балалар мен жасөспірімдердің өсіп-жетілуін мынадай кезеңдерге бөлу қабылданды:
1. Төменгі сынып шағындағы кезең (7 жастан 11 жасқа дейін) ;
2. Негізгі мектеп шағындағы жеткіншектік кезең (12 жастан 15 жасқа дейін) ;
3. Орта мектеп шағындағы жасөспірімдік кезең (15 жастан 18 жасқа дейін) :
Белгілі бір шақтық кезеңге тән анатомиялық-физиологиялық және
психологиялық ерекшеліктерді әдетте жас ерекшеліктері деп атайды. Сондықтан, педагогика және психология балалардың жас ерекшеліктеріндегі ширақтылықты, өзгерімпаздықты, тәрбиеленушінің іс-әрекеті және өзін қоршаған адамдармен жасайтын қарым-қатынастар жүйесіне олардың тәуелді болатынын атап көрсетеді. Балалардың өсіп-жетілуінің бір сатысынан екіншісіне көшуі кездейсоқ емес. Әр жастағы кезеңге тән психологиялық жиі байқауға болады. Жасөспірімдік шақтағы байыптылық жеңілтектікпен, табандылық ойнақылықпен қатар жүреді. Парасатты педагогтер өсудің осы қайшылықтарын талдап, балалардың өсіп-жетілуінің жаңа белгілерін атап, оларды жетілдіруге жан-жақты көмектеседі. Әр жастағы, оның ішінде төменгі мектеп жасындағы баланың бұдан бұрынғы дамуында жинақталып, оны өз кезегімен дамудың келесі сатысына көшуге дайындап отырады. Сондықтан бастауыш мектеп мұғалімі сынып оқушыларының ерекшеліктерін зерттей отырып, сол ерекшеліктерді мектепке дейінгі шағында қалыптасқан ерекшеліктерден
бөлек алып қарай алмайды.
Мектепте баланы оқыта бастау оның бүкіл өміріне түбегейлі, сапалы өзгерістер енгізеді. Алаңсыз балалық шақ аяқталып, жеті жасар баланың өміріне іс-әрекеттің жаңа түрі - оқу енеді. Оқу міндетті іс болып табылғандықтан, ол баладан белгілі бір жауапкершілік пен еңбек етуді талап етеді. Мектепке бару баланың қоғамдағы және отбасындағы жағдайын өзгертеді, оған тұтас бірқатар жаңа міндеттер жүктейді, сондай-ақ оған бірқатар құқықтар береді. Осының бәрі баланың қоғамдағы жағдайын өзгертеді де, ол бұл өзгерісті біртіндеп сезінеді.
1. 2. Педагогикалық процесте жасөспірім кезеңінің
ерекшеліктерінің ескерілудің дидактикалық
шарттары
Педагогикалық тәжірибеде баланың жан-жақты дамуы мен мінез-құлқы жағынан қалыптасуының жасөспірімдік шағы (10-15 жас) ең қиын кез болып есептеледі. Балалардың тәртібі нашарлап, сабаққа үлгерімі төмендейді, қыздар мен ұлдар арасындағы қарым-қатынас та қалыпты болмайды. Кейбір балаларда тіпті қоғамдық жатсыну әдеті пайда болады.
Жасөспірімдердің мінезіндегі мұндай қылықтардың негізі осы жастағы соматикалық және психикалық дамуда жатыр. Бұл кезде баланың бойы тез өседі. Жасөспірім шақтағы бойдың өсуі бұрынғыға қарағанда бір жылда екі есе шапшаңдықпен өсетін болады. Баланың бойының шапшаң өсуіне әртүрлі жағдайлар әсер етеді, мысалы, баланың ішетін тағамы, еңбек, спорт. Алайда, әсер ететін осы жағдайлардың өзінде де белгілі бір заңдылықтар болады, мысалы, баланың аяғы кеудесіне қарағанда жылдам өседі де ерекше ұзын сияқты болып көрінеді. Бала денесінің өсуіндегі осындай әркелкілік дененің басқа мүшелері мен органдарында да көрініс береді, мысалы, сүйек етке қарағанда тез өседі. Сүйектің өте тез өсуі кейде жанға батарлықтай ауыратыны байқалады, денесі құрысып, қатты мазасызданып, баланың берекесі кетеді. Соның әсерімен баланың мінезінде ашушаңдық, қызбалық пайда болады.
Жүректің көлемінің өсуі бойдың өсуін қуып жете алмайды, сондықтан да қан жүретін тамырлар әлдеқайда жіңішке болады, қан қысымы артады. Өсудегі морфологиялық тепе-теңдіктің болмауынан тамырдың соғуы да, жүректің жұмысы да қалыпты болмайды, басы ауырады, қаны аздылықтан тез шаршайтын болады.
Бала жасөспірім шаққа өткен кезде оның нерв жүйесінің құрылымы морфологиялық жағынан жетіліп болады. Оның одан әрі қарай дамуы ағзаның барлық қызметіне және екінші сигналды жүйенің жетілуіне бақылау жасауды күшейтеді. Балалық жастан өту нерв жүйесіне де оңайлыққа түспейді. Ағзаның тез өсуі әрі оның өсуінің бір қалыпты болмауы нерв жүйесінің өзара байланысы мен өзара қарым-қатынасының қайта құрылуына мәжбүр етеді.
Бастауыш сынып жасындағы бала әлемге ерекше қызығушылықпен, балалық аңғалдықпен қарайды, жасөспірім өзін қоршаған әлемге баға береді және оған деген өзінің қарым-қатынасын орнықтырады. Ол өмірдің тұрмыстық қарым-қатынастарына еніп, енді тек өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыру бойынша ғана емес, сонымен бірге өзі теориялық жағынан игерген қағидалар бойынша қарым-қатынасқа түседі және адамдардың мінез-құлқын, қоғамдық құбылыстарды бағалауда ешкіммен ымыраға келмейтін, өз дегенім болсын дейтін әдет табады. Ол- айналадағының бәрінің сыншысы. Ол өзі жақсы көретін адамдардың кемшілігін де көргіш болады және сол үшін қиналады. Кез-келген жалғандық оның ызасын тудырады және көңілін қалдырады.
Біз өз алдына жеке қарастыратын әлеуметтендіру факторларының ішіндегі аса маңызды әрі ықпал ету күші басымы - қоғамның алғашқы ұжымы болатын - отбасы, бала оның ықпалын бәрінен бұрын, тез қабылдағыш қасиеті артып тұрған кішкентай кезінде ерекше сезінеді. Отбасы жағдайы, оның әлеуметтік деңгейі, ата-аналарының айналысатын кәсіптері, материалдық жағдайы және олардың білім деңгейі баланың өмірлік жолын айқындайды. Балаға ата-аналар беретін саналы және мақсатты тәрбиемен қатар, отбасының жағдайы да ықпал етеді және бұл ықпал өскен сайын, ол тіпті баланың тұлғалық қалыптасуында көрініс табады. Жасөспірімдік өтпелі кезеңнің ең басты үрдісінің бірі - жасөспірімнің бірі өз ата - аналарымен, мұғалімдерімен және жалпы үлкендермен, құрбыларымен, барлық жағдайы бойынша өзіне тең немесе тең еместерімен қарым - қатынасында қайта бейімделу байқалады. Бұл қайта бейімделу жағдайы бірте - бірте болуы мүмкін немесе аяқ астынан мінез көрсетеді. Жас өспірім үшін үлкендер мен өз қатарластары мәртебесінің деңгейі бірдей болмайтындығынан қайта бейімделу процесі әртүрлі көрініс береді.
Өз құрбыларымен қарым - қатынаста болуға деген қажеттіліктің орнын ата - аналары толтыра алмайды, ол баланың бойында 4-5 жасында басталады да, жасы өскен сайын дамиды. Құрбы - құрдстарымен қарым - қатынастың болмауы мектеп жасына дейінгі балалардың жеке тұлғалық коммуникативті мүмкіншіліктері мен ақыл ойының дамуының кешеуілдеуіне айтарлықтай әсерін тигізеді. Жасөспірімдердің мінез - құлықтары мен іс - әрекеттері өз мәні жағынан ұжымдық - топтық болып табылады.
Жасөспірімдерді өмір ортасының қарама - қайшылықтары қызықтырады, бұл жастағылардың қажеттілігі - өздерінің айналадағы адамдарға деген қарым - қатынасын, әлемдегі өзінің орнын табу. Ал бұл қажеттілік басқа адамдармен қарым - қатынастары қанағаттандырады. Бұл қажеттілікті қанағаттандыруда әдебиет пен өнердің атқаратын рөлі ерекше. Әдебиет жасөспірімнің алдына қойған адамзаттық қарым - қатынастардың, мінез - құлықтардың, сезімдердің аса бай да күрделі мәнін ашып береді: ол әрбір кейіпкерден өзін көретін болады, өзінің сезімдері мен құмарлық - құштарлықтарының дұрыстығына жауап іздейді. Ал музыка - адамның сезімдерінің әміршісі. Оның тілі толқу үстіндегі адамға түсінікті. Сондықтан да жасөспірімнің тыңдайтын музыкасына қатты көңіл бөлу керек.
Жасөспірімдер қоғамдық - өндірістік еңбекке қатысады. Ол тек еңбек арқылы ғана қоғамда өз орнын таба алады, өзін бекітеді. Білім жасөспірім үшін еңбектің басты ісі болып табылады. Өкінішке орай, кейбір жасөспірімдердің оқу пәндеріне деген ықыласының төмендеуінің әсерінен сабақ үлгерімі нашарлайды. Ғылым мен мәдениеттің әртүрлі саласымен қызыға айналысу негізінен жасөспірімдерге тән.
Жасөспірім өзіне дос болатын адамды өз ұжымындағы жолдастарының арасынан табады. Жасөспірімнің досы - ол тек бірге ойнайтын, жанжалдасып қалатын, татуласатын, бірге сапарға шығатын жолдас қана емес. Ол - жасөспірімнің екінші өзі, ол оның ойын білетін қызығушылықтары мен сезімдерінің куәгері және жақсы ниеттегі сыншысы. Ал жасөспірімдік шақтың орта тұсында қыз балалардың бойында ер балалардың арасынан, ер балалардың бойында қыз балалар арасынан дос табуға деген қажеттілік оянады. Осылайша ақылға салынған мақсатты қарым - қатынастағы достық қалыптасады, осыдан келіп жастық шақтың алғашқы махаббаты да оянуы мүмкін.
Жасөспірімдермен жұмыстағы негізгі педагогикалық идея: іс - әрекет түрлеріндегі жетістікке жағдай жасау, бұл сынып ұжымы алдында өзін - өзі сенімді ұстауына мүмкіндік береді; құндылықтарын қалыптастыру; мінез құлқы мен рухани дамуына қарым - қатынастарын ұлғайтады.
Жасөспірімдер тәрбиесі, бірінші кезекге, олардың физиологиялық дамуына байланысты белгілі бір қиындықтар туғызады, бұл олардың танымдық процесіне және тәрбиесіне ықпал етеді . Жасөспірімдердің физиологиялық даму ерекшеліктерін және бұл ерекшеліктердң баланың жетілуіне көрініс табуын, жақсы ортаның, мектеп ұжымындағы достары мен жолдастарының болуын ескере отырып дұрыс ұйымдастырылған тәрбие арқылы және отбасындағы жағдайы арқылы жасөспірімнің жеке тұлғасын қалыптастыруға педогогикалық басшылықтың шамасы жетеді.
Демек, осы жастағы оқушылармен жүргізілетін жұмыстың маңызды міндеті тәрбиешілердің мектептегі және мектептен тыс кездегі балалардың әрқайсысымен жеке жұмыс жүргізіп, қажетті әдептілікті сақтай отырып, педогокикалық ұстамдылық пен шыдамдылыққа негізделген қызметтерін дұрыс ұйымдастыру болып табылады. Жасөспірімдер өмірінде, әсіресе, 9 сыныпта, яғни, толық орта білім беру жолына таңдау жасайтын кезде, олардың бойында әртүрлі мамандықтарға, мектеп пәндерінің ішіндегі белгілі бір пәнге деген қызығушылығы пайда болады.
1. 3. Жеткіншек кезеңдегі балаларды оқу-тәрбие процесінде жас
ерекшелігін ескере отырып дамыту мен қалыптастырудың
негіздері
Жеткіншектік кезеңнің шектері шамамен балалардың орта мектептің V-VШ сыныптарда оқитын кезеңіне сәйкес келеді де, 11-12 жастан 14-15 жасқа дейінгі аралықты қамтиды. Бірақ, жеткіншектік жастың іс жүзінде басталуы У сыныпқа көшумен тура келмей, бір жыл ерте немесе кеш болуы мүмкін. Жеткіншектік кензеңнің баланың дамуындағы ерекше орны, оның «өтпелі», «бетбұрыс», «қиын», «сыналатын» кезең деген атауларында бейнеленген
Жеткіншектің жеке басы дамуының аса маңызды факторы - оның өзінің ауқымды әлеуметтік белсенділігі, ол белгілі бір үлгілер мен игіліктерді игеруге, үлкендермен, жолдастарымен қарым-қатынас орнатуға бағытталады.
Жеткіншектік кезеңнің маңыздылығы адамның жеке басының моральдік, әлеуметтік негіздерін қолданады және олардың қалыптасуының жалпы бағыты белгіленеді. Бұл кезеңдегі дамудың сыналу көріністерінің пайда болуында биологиялық және әлеуметтік жағдайлардың ролі туралы теориялық талас жарты ғасырдан астам уақыттан бері болып келеді.
Жеткіншектер ерекшеліктері мен дамуының сыналу құбылыстарының биологиялық шарттастығы әртүрлі теорияларға негіз болды. Жеткіншектік шақтың басында балалар сырт пішіні жағынан да, мінез - құлқы жағынан да ересектерге ұқсамайды. Олар әлі де көп ойнап, көп жүгіреді, алысып-жұлысып, тентектіктер жасайды, көп жағынан әлі де бала болып жүріп, елеусіз есейеді.
Жеткіншектің жеке басындағы басты, өзіне тән жаңа құрылым оның өзі туралы «енді бала емеспін» деген түсініктің пайда болуы. Ол өзін ересекпін деп сезіне бастайды, ересек болуға және өзіне жұрттың осылай деп қарауына ұмтылады.
Мектеп пен оқу жеткіншектердің өмірінде үлкен орын алады. Оқу қызметіндегі олқылықтардың сырттай көріну дәрежесі әр түрлі болуы мүмкін. Жеткіншектер білімді, қатал, әділ, мейірімді де әдепті, сабақта жұмысты қарқынды ұйымдастырып, оған оқушыларды тарта білетін, барлық балалар үшін нәтижелі ете алатын мұғалімдерді бағалайды.
Жеткіншектік шақ - болашақ туралы балалық армандардың орнына өзінің мүмкіндіктері мен өмір жағдайларын ескере отырып, ол туралы ойлану басталатын, өз ниеті, іс-әрекетін жүзеге асыруға ұмтылу келіп шығатын кезең екендігін үнемі қаперде ұстауымыз қажет.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz