Мемлекеттік бюджет жүйесі және оның теориялық негіздері


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.
1 Мемлекеттік бюджет жүйесі және оның теориялық негіздері
1. 1 Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен ролі
1. 2 Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы
1. 3 Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы
2 Қазақстан Республикасының бюджет процесін ұйымдастыру
2. 1 Қазақстан Республикасы бюджет процессі және оның Қатысушылар
2. 2 Қазақстан Республикасының бюджетінің атқарылуын талдау
3 Бюджет процесінің құқықтық негіздерін жетілдіру және жүзеге асыру механизмдері
3. 1 Бюджет процесінің құқықтық негіздерін кеңейту және жетілдіру
3. 2 Қазақстан Республикасының бюджет процесін жүзеге асыру механизмі
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Кіріспе
Әрбір елде мелекеттік қаржылардың ең бірінші маңызды компонеті мемлекеттің міндеттері мен қызметтерін қаржымен қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақшалай қор -бюджет болып саналады, яғни бюджет жүйесі- елдің экономикалық қатынастарына және мелекеттік қүрлысына негізделеді.
Бюджет жүйесі әртүрлі деңгейдегі бюджеттердің өзара байланысындағы белгіленген табыс көздерін реттеу арқылы мақсатты және аймақты бюджеттік қорларды, олардың бөлінуіне негізделеді. Осы маңызды жағдай жүзеге асырылғанда, салық және салықтық емес жүйе арқылы мемлекет территориясындағы барлық деңгейлердегі басқаруда қаржылық ресурстар түсімінің көлемін реттейді. Орталық және аймақтар арасындағы бюджет түсімдерін қайта бөлудің қажеттілігі кейбір аймақтардың қаржылық қамтамасыз етілуіндегі объективті себептермен экономикалық дамуы, географиялық жағдайға байланысты. Көп жағдайда бюджет жүйесінің қүрылымы, елдің мемлекеттік қүрлысымен анықталады. Мысалы, федералдық қүлыстағы ел- үш деңгейлі бюджет жүйесіне, ал унитарлық мелекеттер- екі деңгейлі (орталы және жергілікті бюджеттер) болды.
Экономикалық дамыған елдің бюджет жүйесі- өздерінің бюджет жүйесін қүруда белгілі нәтижелерге қол жеткізді, ал олардың тәжірбиесі республика экономикалық өсімге жету үшін мемлекеттік ресурстарды қолдану бөлігінде оңтайлы үлгі болады.
Қоғамдық қатынастардың даму деңгейіне сәйкес, Қазақстан Республикасының бюджет заңдылығы да үнемі жетілдіріп отырады.
1996 жылы «Бюджет заңы туралы» Қазақстан Республикасының заңы қабылданды. 1996-1997 жылы мемлекеттің қаржылар статистикасының халықаралық стандартына сәйкес жасалаған жақа бірыңғай бюджет сипаттамасымен өтті. Бюджет реформасының нәтижесінде:
- бюджет саласының шекаралары нақты анықталды;
- орталық органдар және де орталық пен жергілікті өкімет
- органдары арасында функциялар бөлінді;
- мемлекеттік бюджет шеңберінде барлық мелекеттік қаржылық
- ресурстардың мерзімдері үзартылды;
- республикалық және жергілікті бюджеттер арасында түрақты нормативті бөліністер белгіленеді.
Соның өзінде ескертіп жағдай, Қазақстан Республикасы бюджет зандылықтары реформалау шетел тәжірбиесін есепке алмай жүргізу күрделі болды. Соның өзінде ескеретін жағдай, Қазақстан Республиксының бюджет заңдылықтарын реформалау шетел тәжірбиесін есепке алмай жүргізу күрделі болады. Сондықтанда бірнеше шет мемлекеттердің Венгрия, Швеция, Ресей тағы басқа да елдердің бюджет жүйелері зерттелуі.
Қазақстан Республикасының өкімет бюджет жүйесін реформалауды әлі жалғастыру үстінде перспективалық бюджеттік жоспарлау жүзеге асырылды.
Орталық пен аймақтардың өзара қатынастары, орта мерзімді түрақты көрсеткіштер принципіне ауысты, мемлекеттік шығындарды басқару нормативтік базасының қалыптастыру мен жетілдіру негізінде жасап, бюджет процессі сыртқы қарыздар стратегиясының әдістерін жетілдіріп, соңғы бюджет қарыз алушысының бюджет қаражаттарын қайтаруды қалыптастырып мемлекеттік бюджет тапшылығын қысқарту жолдары қаралды.
Бюджет саясатының басым бағыттары анықталды:
- бюджеттің негізгі көлемін, кірістер көлемін анықтауды, шығындар мен несиелеуді және де бюджет тапшылығының өлшемін бағалауды қоса алғанда орта мерзімді жоспарлауға өтуді бекіті; бюджетті қаржыландырудың басымдылықтарын талдауды бюджет бағдарламаларының қаржылық шығындарын олардың орындалу нәтижелерімен салыстыру негізінде жетілдіру;
- негізгі бюджет бағдарламалары бойынша, бюджет шығындарын үнемдеу үшін кейбір сәйкес нормаларды енгізуді қолға алғанда, шығындарды жоспарлаудың нормативтік әдістерін жетілдіру;
- республикалық және жергілікті бюджет бағдарламаларын қаржыландыруда орталықтың және аймақтардың жауапкершілік процессін бөлу және мемлекет қызметтерінің орталықтанбау саясатын жалғастыру;
- жиналған несиелік қарыздарды қысқарту және бюджеттің жаңа борыштарының өсуіне кедергі болатын, қаржылық міндеттемелерді тіркеу механизмін жетілдіру.
Өкімет тарапынан мемлекеттік бюджеттің несиелік қарыздарын қысқарту іс-шаралары жүргізіледі. Осы мәселелерді шешудің нақты тіркеуге қол жеткізілді.
Жалпы, диплом жүмысының негізгі мақсаты- Қазақстан Республикасы бюджет жүйесін үйымдастырудағы бюджет процессін, оның негізгі тәртібі, кезеңдері және қатысушылары арасындағы өкілеттіліктерімен оны қүру және жүргізу, бекіту, орындау процесстерін және мемлекеттің бюджет процессіне басқару және оны ыңғайлы тәсілдері мен жолдарын зерттеу осы мақсатқа сәйкес келесі міндеттер қаралды:
- бюджет жүйесінің қызметі мен оның орындалу мерзімдерін анықтау, мемлекеттік бюджетке қатысушылар арасында функциональды жауапкершілік пен өкіметтіліктердің нақтылануы;
- бюджет жүйесін басқару мен жүргізудің факторларын анықтау арқылы, оны шешу жолдарын үстау.
Зерттеу объектілері- Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджет пен оның облыстық деңгейлеріндегі бюджет қаражаттарының қолданылуы және қозғалысы.
Диплом жүмысы - кіріспе, үш бөлімнен және қорытындыдан түрады.
- Мемлекеттік бюджет жүйесі жӘне оның теориялық негіздері
1. 1 Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мӘні мен рӨлі
Қаржылық байланыстардың орасан зор әр алуандылығында жеке ортақ ерекшеліктерімен көзге түсетін оқшауланған сфераларды бөліп көрсетуге болады. Мәселен, мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субьектілермен және халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары жалпы қоғамдық өнімді қүндық бөлудің ерекше саласын қүрайды және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болады. Қаржы қатынастарының бүл жиынтығы „мемлекеттік бюджет" үғымының экономикалық мазмүнын қүрайды.
Экономикалық қатынастардың жиынтығы ретіндегі мемлекеттік бюджеттің обьективті сипаты бар. Бөлудің дербес сферасы ретіндегі оның өмір сүруінің объективті қажеттігі үлғаймалы үдайы өндірістің қажеттіліктерімен, мемлекеттің табиғатымен және функциясымен байланысты. Бүл тиісті орталықтандырылған ресурстарды қажет етеді. Ақша қаражаттарын орталықтандыру бүкіл үлттық шаруашылық ауқымында үздіксіз ауыспалы айналымды ұйымдастыру үшін, жалпы экономиканың жүмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажет.
Экономика дамуының қазіргі кезеңіндегі орталықтандырылған қаржы ресурстары мемлекетке қоғамдық өндірістің қажетті қарқыны мен үйлесімін қамтамасыз етуге, оның салалық және аумақтық құрылымын жетілдіруге жетуге, экономиканың салаларын дамытудың бірінші кезекті бағдарламасы үшін қажетті көлемде қаражаттарды қалыптастыруға, ірі әлеуметтік өзгерістерді жүрпзуге мүмкіндік береді.
Қаржының орталықтандырудың арқасында ақша қаражаттары, мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатын табысты іске асыру үшін жағдайларды дайындай отырып, экономикалық және әлеуметтік дамудың шешуші учаскелеріне шоғырландырылған.
Сөйтіп, обьективті бөлгіштік қатынастардың экономикалық нысаны бола отырып, қүндық бөліністің ерекше бөлігі ретінде мемлекеттік бюджет айрықшалықты қоғамдық арналымды орындайды- жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыруға қызмет етеді, экономикалық категория ретінде көрінеді.
Қаржы қатынастарының белгілі бір жиынтығы ретіндегі мемлекеттік бюджетке ең алдымен жалпы қаржы категориясынан ажырататын өзгеше белгілер тән: бюджет қатынастарының бөлгіштік сипаты бар, әрқашан ақша нысанында жүзеге асырылады, мақсатты ақша қорларын қалыптастырумен және пайдаланумен қосарлана жүреді. Сонымен бірге, бюджет қатынастарына белгілі бір өзіндік ерекшелік тән, алайда ол қаржымен ортақ өзгеше белгілердің шеңберінен шықпайды.
Қүндық бөліністің айрықшалықты сферасы ретінде мемлекеттік бюджет мына өзгеше белгілерменг сипатталады:
1) мемлекетен жалпы қоғамдық өнімнің бір бөлігін оқшауландырумен және оны қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты бөлгіштік қатынастардың айрықша экономикалық нысаны болып табылады;
2) қүнды жасау және оны түтыну процесін шарттастыратын материалдық өндіріс қаржысынан және қүнды түтынуға қызмет ететінөндірістік емес сфера қаржысынан мемлекеттік бюджеттің айырмашылығы ол үлттық шаруашылықтың салалары, аумақтар, экономиканың секторлары, қоғамдық қызметтің сфералары рарсында қүнды қайта бөлуге арналған;
3) қоғамдық өнімнің оның тауар нысанындағы қозғалысымен тікелей байланысты емес қүндық бөліністің стадиясында білдіреді және одан белгілі бір үзілісте жүзеге асырылады, ал қаржы қатынастары материалдық өндірісте де, өндірістік емес сферада да тауар-ақша қатынастарымен тығыз тоқайласып жатады.
Мемлекеттік бюджет, кез келген басқа экономикалық категория сияқты, өндірістік қатынастарды білдіреді және оларға сәйкес келетін нақты материалдық - заттық түрінде болады: бюджет қатынастары мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорында - бюджеттік қорында затталынады. Мүның нәтижесінде қоғамда болып жатқан нақты экономикалық прцестер мемлекеттің жүмылдыратын және пайдаланатын ақша қаражаттарының ағымында өзінің көрінісін табады. Бюджеттік қор - бүл қоғамдық өнім мен үлттық табыстың қүндық бөліністің белгілі стадияларын өткен және үлғаймалы үдайы өндіріс, халыққа әлеуметтік - мәдени қызмет көрсету, қорғаныс және басқару жөніндегі қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мемлекетке түсетін бөлігі қозғалысының обьективті шарттасылған экономикалық нысаны. Бюджеттік қордың қалыптасуы мен пайдалануы қүнды бөлу және бөлумен байланысты оның қозғалыс процесін білдіреді.
Экономикалық категория ретінде мемлекеттік бюджет мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны үдайы өндіріс пен қоғамдық қезметкерлерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің қүнын бөлу және қайта бөлу процесінде мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын ақша қатынастарын білдіреді.
Мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде жалпы қаржы категориясына сай келетін бөлу және бақылау функцияларын орындайды. Бүл функциялардың іс - қимыл, мазмүны, мәні мен маңызы бюджет қатынастарының қаралған айрықшалығымен айқындалады. Сонымен бірге мемлекет қаржысының негізгі буыны ретінде мемлекеттік бюджет бөлгіштік функция шеңберінде қосалқы функцияларды, атап айтқанда: үлттық табыс пен жалпы ішкі өнімді қайта бөлу; экономиканы мемлекеттік реттеу және ынталандыру; әлеуметтік саясатты қаржымен қамтамасыз ету; ақша қаражаттарының орталықтандырылған қорын жасау және пайдалануға бақылау жасау сияқты сипатты функцияларды орындайды.
Бюджеттің басқа жанамалық категориялар арқылы экономикалық мәні, оның қызметтерінде көрінеді. Бюджеттік қатынастардың қоғамдық арналымы мынандай:
Негізгі жалпы мемлекеттік ақшалай қаражат қорларының қалыптасуы (бүл қызметті жүзеге асыру барысында орталықтандырылған қаржылық ресурстардың негізгі бөлігі мемлекеттік бюджет жүйесінде шоғырлануы қамтамасыз етіледі) . Негізгі жалпы мемлекеттік ақшалай қор қаражаттарын қолдану (бүл қызмет бюджеттік қаражаттардың мақсатты жүмсалуы процессінде жүзеге асырылады) .
Бюджеттік ресурстардың қозғалысында бақылауды жүзеге асыру, бүл ьнегізд, жанамалық даму динпмикасы және әлеуметтік -экономикалық процесстер барысын толығымен бақылау.
Бюджеттік қатынастардың сыртқы формасы өкімет пен жергілікті өзін өзі басқару органдарының жасалған қоғамдық өнім құнының бір бөлігін басқаруда көрінеді. Олар қоғамдық өмір қүбылысы сапасында, оның мәнін жасыратын, бюджеттің субьективті жағын көрсетеді. Бүл жағдайда бюджеттік қор қаражаттарының қозғалысындағы, оның қажеттілігін көлемі мен қүрылымы бойынша нақтылауда мемлекетпен әртүрлі формалар мен әдістерді жүйелі түрде қолдануы, ақшалай ресурстарды бюджет арқылы қайта бөлуді көрсететін қоғамның қаржылық қүжаты - обьективтік қажеттілікті туындатады.
Мемлекеттік бюджетте қоғамдағы барлық экономикалық процестер бейнеленетіндіктен, сондай-ақ барлық негізгі қаржы институттары - салықтар, мемлекеттің шығыстары, мемлекеттік кредит, мемлекеттік қарыздар және т. т. өзінің шоғырланған көрінісін табатындықтан бюджет мемлекеттің негізгі қаржы жоспары ретінде сипатталады. Ол нақты кезеңге, әдетте, бір жылға жасалынады, бюджеттің кірістерін, шығыстарын, орталықтандырылған қаржы ресурстарының шешуші бөлігінің қозғалысын анықтайды. Бюджетті негізгі қаржы жоспары деп мойындау оның үлттыү табысты қайта бөлудегі маңызды орнын, қаржы жопарларының жүйесіндегі басымдық жағдайын, сондай-ақ қоғамдық үдайы өндірістегі айрықша рөлін айқындайды.
Негізгі қаржы жоспары мемлекеттің қаржылық қызметінің жемісі болып табылады. Елдің негізгі қаржы жоспарының көрсеткіштері республика Парламентінің жыл сайын қабылдайтын Республикалық бюджет туралы заңына сәйкес сөзсіз орындауға жатады.
Мемлекеттік бюджет үлттық экономиканы басқарудың басты механизмдерінің бірі. Ол экономикаға мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау мен пайдаланудың нысандары мен әдістерінің жиынтығы болып табылатын бюджеттік механизм арқылы ықпал етеді. Жалпы экономикаға ықпал етудің қүралы ретіндегі бюджеттің рөлі осында көрінеді. Экономиканы реттеу орталықтандырылған ақша қорының сандық көлемін анықтау, оны жасау мен бөлудің нысандары мен әдістерін реттеу, бюджеттің атқарылу процесінде қаржы ресурстарын қаиш жолымен жүзеге асырылады.
Ақырында, мемлекеттік бюджет мемлекет заңдарының бірі болып табылыды (мысалы, келесі қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң) .
Сөйтіп, бюджеттің сан қырлы маңызын ескере отырып, оны осы жоғарыда айтылғандардың жиынтығы ретінде қараған жөн
Мемлекеттік бюджет - ұлттық табыс пен жалпы ішкі өнімді қайта бөлудің негізгі қүралы. Мемлекеттік бюджеттің (шығыс бөлігінің) көмегімен үлттық табыстың 30%, жалпы ішкі өнімнің 20%, жалпы қоғамдық өнімнің 10% бөлінеді және қайта бөлінеді. Бюджет Қазақстанның бүкіл аумағында өндірістік күштерді неғүрлым үтымды орналастырудың, экономика және мәдениетті көтерудің талаптарын ескере отырып салааралық және аумақтық қайта бөлу үшін пайдаланылады.
Нарықтық механизмге өту жағдайында мемлекеттік бюджеттің қаражаттары ең алдымен экономиканың қүрылымын қайта қүруды, кешенді мақсаты бюджеттік бағдарламаларды қаржылавдыруға, ғылыми- техникалық әулетті арттыруға, әлеуметтік дамуды тездетуге және халықтың ең аз қамтылған жігін әлеуметтік қорғауға бағытталуы тиіс.
Шығыстар мен салықтар арқылы бюджет экономика мен инвестицияларды реттеудің және ынталандырудың, өндіріс тиімділігін арттырудың маңызды қүралы болып табылады.
Бюджет қаражаттарының әлеуметтік бағыттылығының зор маңызы бар. Әлеуметтік саясаттағы басымдықтар - халықтың табысы аз жіктерін (зейнеткерлерді, мүгедектерді, аз қамытылған от бастарын) қолда, сондай-ақ денсаулық сақтау, білім беру және мәдениет мекемелерінің жүмыс істеп түруы.
Қаржылық жоспарлау порцесінде бюджет үлттық шаруашылықтың салаларына және өндірістік емес сфераның мекемелеріне айтарлықтай ықпал етеді. Мемлекеттің ақша қорын жасау және пайдаланудың негізгі қаржы жоспары бола отырып, бюджет барлық кәсіпорындармен және үжымдармен етене байланысқан.
Бюджеттік жоспарлау мен бюджеттің атқарылуы процесінде үлттық шаруашылықтың қаржы- шаруашылық қызметіне қызмет жасалынады. Нарықтық қатынастарға көшу жағдайында ресурстарды жүмылдыру және оларды пайдалану процесінде бюджеттік бақылаудың маңызы күшейе түсуде.
1. 2 Бюджет жүйесі жӘне бюджет қүрылысы
Мемлекеттік органдардың өздерінің функцияларын орындауы үшін басқарудың барлық деңгейлерінде тиісті қаржы базасы болуы тиіс. Осы мақсатпен әр елде аймақтардың шаруашылығын, әлеуметтік сферасын, әрбір әкімшілік-аумақтық бірліктерді абаттандыруды, заң шығарушы биліктің, басқару аппараттарын үстауды және басқа да шараларды қаржыландыру үшін олардың ақша ресурстарын жүмылдыруды қамтамасыз ететін бюджеттер тармақтарының желісі қүралады. Бюджеттердің жекелеген түрлерінің кірістері мен шығыстарын қалыптастыру, оларды теңдестіру процесінде заңмен реттеліп отыратын белгілі бір қаржылық өзара қарым-қатынастар пайда болады. Осы элементтердің барлығы-бюджет жүйесін үйымдастыру мен қүрудың қағидаттары, оның буындарының өзара қатынастары мен байланыстарының үйымдық нысандары бюджет қүқықтарының жиынтығы- бюджет қүрылысын қүрайды.
Дүние жүзінің әр түрлі елдерінде бюджет қүрлысы мемлекеттің қүрылысына, аумақтық- әкімшілік бірлігіне, экономиканың даму деңгейіне және нақтылы мемлекеттің басқа айрықша белгілеріне байланысты өзгешеліктермен ерекшеленеді.
Бюджет қүрылысында басты орынды бюджет жүйесі алады, ол экономикалық қатынастарға және қүқықтық нормаларға негізделген түрлі деңгейдегі бюджеттердің жиынтығын білдіреді.
Әр түрлі елдердің бюджет жүйелері өзінің қүрылымы, бюджеттердің жекелеген түрлерінің саны жағынан түрлінше болып келеді, өйткені олардың аумақтық қүрылысы мен оның аумақтық бөлінісіне байланысты болады.
Бюджет жүйесінің қүрамы елдің үлттық -мелекеттік қүрылымымен анықталады. Мемлекеттің федеративтік және унитарлық қүрылымы болуы мүмкін.
Федеративті мемлекеттерде бюджет жүйесі үш буыннан түрады:
мемлекеттік бюджет немесе федералдық бюджет немесе орталық мемлекеттің бюджеті;
федерация мүшелерінің бюджеттері (АҚШ-та - штаттардың, ГФР-да- жерлердің (ландтардың, ) Канадада- провинциялардың, Ресей- ферерация субъектілерінің бюдженттері) ;
жергілікті бюджеттер.
Унитарлық (біркелкі) мемлекеттерде екі буынды бюджет жүйесі қолданылады: орталық бюджет және толып жатқан жергілікті бюджеттер. Екі жағдайда да бюджеттердің оқшалану мен дербестігінің түрлі дәрежесі болуы мүмкін, бірақ, әдеттегідей, әлеуметтік - экономикалық процестерді басқаруды орталықтандыру деңгейіне байланысты төменднгі бюджеттерге қатынасы бойынша белгілі бір реттеуші рөл орталық бюджетте сақталады.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі бюджет қүрылымының унитарлық типімен анықталады, өйткені Қазақстан - федералдық емес, басқарудың Президенттік нысаны және сайланатын Парламенті бар унитарлық мемлекет.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі экономикалық қатынастарға және тиісті қүқықтық нормаларға негізделген әр түрлі деңгейлердегі бюджеттерді қамтиды.
Қазақстанда жиынтығында мемлекеттік бюджетті қүрайтын Республикалық бюджет пен жергілікті бюджеттер дербес жүмыс істейді.
1991 жылы Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі түбірлі өзгерістерге үшырады. Бүған дейін Қазақстанның мемлекеттік бюджеті, басқа одақтас республикалардың мемлекеттік бюджеттері сияқты, КСРО - ның мемлекеттік бюджетіне кірді, онда ел аумағының барлық бюджеттері, соның ішінде ауылдық және поселкалық бюджеттер де қамтылып көрсетілді. Ол одақатақ бюджеттен, 15 одақтас республиканың мемлекеттік бюджеттерінен және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру бюджетінен түрды. Одақтық бюджетке 1970 - 1990 жж. Мемлекеттік бюджет ресурстарының жалпы ауқымының 52 - 50( тиді, оның 35( республкалардың республикалық және 15% жергілікті бюджеттердің қарамағында болды.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің басты бөлігі республикалық бюджетте шоғырланған.
Республикалық бюджет - бүл түсімдер мен бюджет тапшылығының қаржыландыру (профицитті пайдалану) есебінен қалыптастыратын және өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамалық актілер жүктеген міндеттерді жүзеге асыру үшін Үкімет анықтайтын республикалық бюджет бағдарламаларын қаржыландыруға араналған Қазақстан Республикасының заңымен бекітілген орталықтандырылған ақша қоры.
Жергілікті бюджеттер (әкімшілік - аймақтық бірліктердің бюджеттері) - облыстық бюджеттер, қалалардың (аудандық маңызы бар қалалардан басқасы), аудандардың (қаладағы аудандарды қоспағанда) бюджеттері.
Қаржы жылына арналған республикалық бюдже Қазақстан Республикасының заңымен, жергілікті бюджеттер маслихаттарыдың шешімдерімен бекітіледі.
Бюджет жүйесінің жүмыс істеуі бюджеттердің әр түрлі деңгейлерінің өзара байланысына негізделеді және оларды әзірлеу, қарау, бекіту, атқару, бақылау тәртібімен, сондай- ақ республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есеппен қамтамасыз етіледі.
Бюджеттің бірлігі бюджет жүйеісін үйымдық - экономикалық орталықтандырудың дәрежесін білдіреді. Бірлік қағидаты КСРО - ның бюджет жүйесінде неғүрлым толық көрінді. Қазіргі кезде биліктің жергілікті органдарының дербестік алуымен және оларға қаржы ресурстарын иелену жөніндегі қүқықтардың берілуімен байланысты бүл қағидат әлсіреді. Бюджеттердің бірлігі ел аумағында қолданылып жүрген мемелекет кірістерінің жалпы жүйесінің өмір сүруінде, мемлекет шығыстарының біркелкілігінде көрінеді. Бүл қағидат бюджеттік жоспарлаудың әдіснамасы мен ұйымдастырылуының бірлігіне, оның әлеуметтік - экономикалық болжаумен өзара байланысына кепілдік береді. Бюджет бірлігі қағидатының міндеті Парламент тарапының бюдеттік қаражаттардың қозғалысына тиімді бақылауды белгілеу болып табылады. Бюджет жүцесінің бірлігі бірыңғай қаржы саясатын қамтамасыз етуге бағытталған және ең алдымен Қазақстан Республикасы егеменді мемлекетінің жалпы экономикалық және саяси негізін тірек етеді. Ол реттеуші кіріс көздерін пайдалану арқылы барлық деңгейдегі бюджеттердің өз ара іс- қимылына, төменгі деңгейдегі бюджеттердің теңгерімділігі үшін оларды қаржылық қолдауға, сондай - ақ ішінара қайта бөлудің мақсатты және аумақтық бюджет қорларын жасауға да негізделген.
Бюджеттердің бірлігі бірыңғай қүқықтық негізбен, Қаржы министрлігі бекіткен бірыңғай бюджеттік сыныптаманы пайдаланумен, бюджеттің бір деңгейінен басқа деңгейіне беріліп отыратын мемлекеттік қаржы статистикасы нысанының бірлігімен, бюджет рәсімінің қағидаттарымен, ақша жүйесінің бірлігімен қамтамасыз етіледі. Бюджет жүйесінің бірлігі салық саясатын қоса бірыңғай әлеуметтік экономикалық саясат арқылы іске асырылады.
Алайда бюджеттердің бірлігі бюджет жүйесінің қүрудың маңызды қағидаты болып отырған оның жеке буындарының дербестігін жоққа шығармайды. Бюджеттің дербестігі әр түрлі деңгейдегі бюджеттердің арасындағы кірістерді бөлудің түрақты нормативтерін орнықтыру және бюджет қаражатының жүмсалу бағыттарын белгілеу қүығы арқылы қамтамасыз етіледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz