Озық стандарттау


Мазмұны:
- Кіріспе . . . 1
- Озық стандарттау . . . 3
- Қортынды . . . 4
- Пайдаланылған әдебиеттер . . . 5
Кіріспе
Стандарттау саладағы мемлекеттік басқару органдарын, шаруашылық субьектілерін стандарттау мен қатынастарының құқықтық негіздерін «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы айқындайды.
« . . . стандарттау дегеніміз тұтынушыға ең жақсы өнімді жеткілікті мөлшерде және анағұрлым қолайлы бағамен ұсыну үшін өнімнің ең жақсы сапасы мен өндірістің ең жақсы тәсілін үйлестіру болып табылады». Стандарттаусыз өркендеу болмайды.
Стандарттау бәсекелестік, жаңалық енгізу, сауда тосқауылдарын жою,
сауданы кеңейту, тұтынушылардың мүддесін қорғау, қоршаған ортаны
қорғау және т. б. сияқты мемлекеттік саясат бағыттарын түйінді қуаттау
факторы болып табылады.
Озық стандарттау
ХХ ғ. ғылыми-техникалық революцияның қарқыны ғылыми идеяның пайда болуы және оны жүзеге асыру арасындағы уақыттың жылдам қысқаруына әкелді. Сонымен, радио үшін идеяның іс жүзіне асу кезеңі 35 жылға тең болды (1867-1902ж. ж. ), теледидар үшін - 14 жыл (1922-1936ж. ж. ), транзистор үшін бар болғаны 5 жыл (1948-1953ж. ж. ) . Бұл жылдам даму үрдісі машина және басқа бұйымдар құрылымына да, сондай-ақ өндіріс құралдары, әдістері, жаңа материалдарға да қатысты. Жабдықтардың, аспаптардың және механизмдердің моральдық ескіру мерзімі қысқарды, бұл оларды тез алмастыруға әкелді. Өндірістен бұйымды алып тастау белгісі болып сол міндетті атқаратын жаңа бұйым шығарудың экономикалық артықшылығы, оның зор техникалық мүмкіндігі, өте жақсы көрсеткіштері болып табылады. Осындай даму кезінде жүйелі түрде жаңаланбайтын стандарттар ҒТП тежегіші болуы мүмкін. Стандарттарды даярлағанда сәйкес салалардың дамуын талдау және болжау қажет, яғни стандарттар озыңқы болуы қажет.
Стандарттау ғылыми және техникалық жаңалықтарды басып оза алмайды, бірақ ол оларды өнеркәсіпке кеңінен енгізу үрдісін жылдамдатып, соларға негізделген болуы қажет. Озық стандарттау идеясы 1929 жылы КСРО-да ұсынылды. Ақырғы жылдары тәжірибеде қолдану кеңінен өріс алды. Озық стандарттау - келесі жоспарланған уақытта болжамға сәйкес оңтайлы болатын, стандарттау объектілерінің іс жүзінде жеткен деңгейінен артық талаптар мен нормалар қоятын стандарттау. Басып озу бұйымға толығымен, сондай-ақ оның маңызды сапа көрсеткіштері мен параметрлеріне де, өндіріс, сынау және бақылау әдістері мен құралдарына да қатысты болуы мүмкін.
Озық стандарттаудың объектілері стандарттарды қолдану мерзімі кезінде оларға қалыпты қажеттілікте және олардың өзгеру мүмкіндігінде өнімдердің маңызды түрлері және процестер (нормалар, сипаттамалар, талаптар) болып табылады. Нормалар мен талаптар, қойылған мақсатқа аз шығындармен жететіндей оңтайлы болуы қажет, яғни өнімді жобалау, өндіру және пайдалануды есепке ала отырып ең жоғарғы ғылыми-экономикалық тиімділік алынады. Озық стандарттар мемлекеттік, фирмалық және аймақтық болуы мүмкін.
Кешенді және озық стандарттарды даярлағанда соңғы бұйымның сапа көрсеткішіне дайындама материалдың, технологиялық және басқа факторлардың сапа көрсеткіштерінің сандық байланыс және әсер ету дәрежесін белгілеу көп қиындық әкеледі. Бұл жерде функционалдық өзара алмастыру әдісі өте тиімді. Бұл мәселені екі кезеңмен шешеді: толығымен соңғы бұйымның талап етілетін сапа көрсеткішімен соңғы бұйымға кіретін тораптар және жеке агрегаттардың сапа көрсеткіштерінің байланысы мен әсер ету дәрежесі, сандық байланысты белгілеу; сол параметрлерді өндіріс және бақылау құралдарының дәлдігіне қойылатын талаптармен байланыстыру және байланысын белгілеу. Кешенді және озыңқы стандарттау бағдарламасын даярлаушылар белгілеген сатып алынатын бұйымдар және материалдардың талап етілетін сапасына жету әдістерін оларды шығаратын зауыт белгілейді.
Озық стандарттау тәжірибеде қол жеткізген нормалар мен талаптардың деңгейіне қарағанда көтермелі деңгейін стандарттау объектілеріне енгізу. Стандарттар кейде техникалық прогресстің тежегіші болады. Стандарттар ғылым мен техника дамуының қол жеткізген деңгейін бірқалыпты ете алмайды. Бұл жағдайларды болдырмау үшін өндірістерде олардың орындау мезгілін, перспективті сапа көрсеткіштерін орнату керек. 70 - 90 жылдарда озық стандарттар сатылы стандарттар түрінде қолданылатын. Бұл стандарттар бірнеше сатыдан тұратын, олар сапа көрсеткіштеріне өсу талаптарын орнататын.
Стандарттарда 2-3 техникалық деңгейі және сапа сатылары болады:
1. Талаптарға сәйкес осыған дейін меңгерілмеген өнімдер шығарылады;
2. Жаңадан өндірілетін өнімдерге қойылатын талаптар;
3. Әлемнің жоғары деңгейлі перспективалық өнімдерге сәйкес талаптар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz