Қазақстандық майдангерлердің ерліктері мен соғысқа қосқан үлесі



I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1.Қазақстандықтардың ерліктері
2.Сталинград түбіндегі шайқас
III.Қорытынды
Қазақстандықтардың майдандағы ерліктері 30-шы жылдардағы әлемдік дағдарыс көптеген мемлекеттердің экономикалық, әлеуметтік және халықаралық қатынастарын шиеленістірді. Бұл жағдай әлемдік билікке талпынған күштердің пайда болуына жол ашты. Осындай күштердің ішіндегі ең қауіптісі – Германияда орнаған фашистік тәртіп еді. Батыс мемлекеттері тарапынан ұйымдасқан қарсылықтың болмауы фашистік агрессияның күшеюіне жол ашты. 1937 жылы фашисттік мемлекеттер – Германия мен Италияның милитаристік Жапониямен әскери-саяси одақ құруы екінші дүниежүзілік соғыстың негізі болды. Екінші Дүниежүзілік соғыс 1939 жылы Германияның Польшаны жаулап алуымен басталды. Франция мен Англия Германияға қарсы соғыс ашқанын хабарласа, КСРО осы жылы Германиямен 10 жылдық бейбіт келісімге қол қойды. Бұл құжат тек 1989 жылы алғаш жарияланды. Құпия келісімге сай 1939 жылы Германия мен КСРО Еуропадағы билік жүргізу аймақтарын бөліп, жаулап алу шараларын бір мезгілде бастайды. Осының нәтижесінде Германия Польшаны басып алғаннан кейін, Кеңестер Одағына Польшаның 12 млн. халқы орналасқан 200 000 шаршы км. жері өтті. Кейінірек бұл территория Украина, Белоруссияға қосылды. 1940 жылы Германия Францияны басып алғаннан кейін Литва, Латвия, Эстониядағы мемлекеттік билікті Кеңестер Одағы иеленіп, Литва, Латвия, Эстония Кеңестік Социалистік Республикалары құрылды. Қызыл Армия Прибалтикаға кіргеннен кейін Кеңестер үкіметі Румынияға бұрын Ресей империясының құрамында болған Бессарабия территориясын қайтару туралы ультиматум жіберді. Нәтижесінде Буковина мен Бессарабияның жарты бөлігі Украина КСР-іне, Бессарабияның қалған бөлігі Молдавия КСР-не берілді. Англия мен Франция Германияға соғыс жариялағанымен батыс майданда белсенді іс-қимыл танытпады. Бұл жағдайды Германия өз мүддесіне пайдаланып, 1940 жылы Дания, Норвегия, Нидерланды, Люксенбург мемлекеттерін еш қарсылықсыз жаулап алды. Бельгияны жеңгеннен кейін негізгі күштер талқандалды. Нәтижесінде Франция Германиямен бейбіт келсімге қол қойса, Англия АҚШ-тан көмек сұрауға мәжбүр болды. Сонымен Батыс Еуропадағы әскери іс-қимылды аяқтаған фашистік Германия бастапқы міндеттерінен бас тартып, Кеңестер Одағын басып алуға дайындықты бастайды.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1.Қазақстандықтардың ерліктері
2.Сталинград түбіндегі шайқас
III.Қорытынды

Қазақстандықтардың майдандағы ерліктері 30-шы жылдардағы әлемдік дағдарыс көптеген мемлекеттердің экономикалық, әлеуметтік және халықаралық қатынастарын шиеленістірді. Бұл жағдай әлемдік билікке талпынған күштердің пайда болуына жол ашты. Осындай күштердің ішіндегі ең қауіптісі - Германияда орнаған фашистік тәртіп еді. Батыс мемлекеттері тарапынан ұйымдасқан қарсылықтың болмауы фашистік агрессияның күшеюіне жол ашты. 1937 жылы фашисттік мемлекеттер - Германия мен Италияның милитаристік Жапониямен әскери-саяси одақ құруы екінші дүниежүзілік соғыстың негізі болды. Екінші Дүниежүзілік соғыс 1939 жылы Германияның Польшаны жаулап алуымен басталды. Франция мен Англия Германияға қарсы соғыс ашқанын хабарласа, КСРО осы жылы Германиямен 10 жылдық бейбіт келісімге қол қойды. Бұл құжат тек 1989 жылы алғаш жарияланды. Құпия келісімге сай 1939 жылы Германия мен КСРО Еуропадағы билік жүргізу аймақтарын бөліп, жаулап алу шараларын бір мезгілде бастайды. Осының нәтижесінде Германия Польшаны басып алғаннан кейін, Кеңестер Одағына Польшаның 12 млн. халқы орналасқан 200 000 шаршы км. жері өтті. Кейінірек бұл территория Украина, Белоруссияға қосылды. 1940 жылы Германия Францияны басып алғаннан кейін Литва, Латвия, Эстониядағы мемлекеттік билікті Кеңестер Одағы иеленіп, Литва, Латвия, Эстония Кеңестік Социалистік Республикалары құрылды. Қызыл Армия Прибалтикаға кіргеннен кейін Кеңестер үкіметі Румынияға бұрын Ресей империясының құрамында болған Бессарабия территориясын қайтару туралы ультиматум жіберді. Нәтижесінде Буковина мен Бессарабияның жарты бөлігі Украина КСР-іне, Бессарабияның қалған бөлігі Молдавия КСР-не берілді. Англия мен Франция Германияға соғыс жариялағанымен батыс майданда белсенді іс-қимыл танытпады. Бұл жағдайды Германия өз мүддесіне пайдаланып, 1940 жылы Дания, Норвегия, Нидерланды, Люксенбург мемлекеттерін еш қарсылықсыз жаулап алды. Бельгияны жеңгеннен кейін негізгі күштер талқандалды. Нәтижесінде Франция Германиямен бейбіт келсімге қол қойса, Англия АҚШ-тан көмек сұрауға мәжбүр болды. Сонымен Батыс Еуропадағы әскери іс-қимылды аяқтаған фашистік Германия бастапқы міндеттерінен бас тартып, Кеңестер Одағын басып алуға дайындықты бастайды. Басып алған мемлекеттердің экономикалық, әскери ресурстарын өз мүдесіне пайдаланып, әбден күшейген фашистік Германия Кеңестер Одағына қарсы соғысты аз уақытта жеңіспен аяқтауына күмәнсіз сенді. Ал, Сталин және оның төңірегіндегілер 1939 жылғы келісімге сеніп, Германия тарапынан соғыс қаупін күтпеді. КСРО-ға қарсы соғыс жоспары "Барбаросса" деген атпен белгілі. "Барбаросса" жоспары 4 әскери топтың келісілген іс-қимылына негізделді. Финляндия фельдмаршалы Маннергейм мен генерал фон Дитла басқарған Финляндия тобы Мурманск, Беломорск, Ладогоға бағытталды.
"Солтүстік" тобына (басқарған генерал фельдмаршал фон Лееб) Ленинградты басып алу жүктелді. Генерал-фельдмаршал фон Бок басқарған ең күшті "Орталық тобы" Москваға бағытталды. Генерал-фельдмаршал фон Рундштенд бастаған "Онтүстік тобы" Украинаны басып алуға тиіс болды. Фашистік Германияның Кеңестер Одағын жаулап алу жоспарында Қазақстанға үлкен мән берілген. Осы мақсатпен Атлантикадан Сібірге дейін біртұтас Герман этнотерриториялық кеңістігін құру көзделді. Бұл территорияны славян халықтарынан тазарту және түрік-моңғол халықтарын жою көзделді. Сонымен қатар фашистік Германияға қызмет ететін Қарағанды, Новосибирск, Кузнецк индустриалды облыстарын құру жоспарланды. 1941 жылдың 22 маусымында фашистік Германия әскері Кеңес Одағына тұтқиылдан, соғыс жарияламастан басып кірді. Кеңес халқының Ұлы Отан соғысы, яғни Отанын шетел басқыншыларынан азат ету соғысы басталды. Кеңестік әскери күш бейбіт уақыт жоспарына сай орналасқандықтан соғыс қимылдары басталған территорияға тартылуы барысында, жау соғыстың алғашқы бес айында мемлекеттің 5% халқы тұратын аудандарын жаулап алды. Германия КСРО-ға қарсы барлық қарулы күшінін 70% - 5,5 млн адамнан тұратын 190 дивизия, 4300 танк, 5 мың ұшақ шоғырландырды. Батыс шекаралық округтердегі Қызыл Әскер күштерімен салыстырғанда Германия әскери күші адам ресурсінен екі есе, танктен үш есе, ұшақтан 3 есе, артиллериядан - 1,3 есе басым болды. Осыған қарамастан шекарашылар, олардың қатарында Брест қорғаушылары алғашқы ұрыстың өзінде теңдесі жоқ ерлік көрсетті. Брест шекаралық отряды жауынгерлердің құрамында жаудын алғашқы соққысына А.Мүсірепов, В.Лобанов, К.Абдрахманов, К.Иманқұлов, А.Наганов, Ғ.Жұматов, Ш.Шолтыров, Т.Деревянко, Қ.Батталов және басқа қазақстандық жауынгерлер қарсылық көрсетіп, айрықша ерлікпен көзге түсті. Соғыс жылдары Қазақстанда 12 атқыштар және 4 атты әскер дивизиясы, 7 атқыштар бригадасы және 50-ге жуық жеке полктер мен батальондар жасақталып, майданға аттандырылды. Қазақстан территориясында жасақталған әскери құрылымдар соғыстың алғашқы күндерінен бастап жаумен ерлікпен шайқасты. Әсіресе, Москва түбіндегі шайқаста қазақстандықтар үлкен құрметке ие болды. Москва бағытындағы негізгі жолдардың бірі - Волоколамск тас жолын қорғауда Алматыда жабдықталған 316-атқыштар дивизиясы генерал-майор И.В.Панфиловтың басшылығымен теңдесі жоқ ерлік танытты. Қысқа уақыт ішінде дивизия жауынгерлері жаудың танк, моторлы және екі жаяу әскер дивизияларын талқандады. Москва түбіндегі шайқаста әсіресе саяси жетекші В.Г. Клочков басқарған бөлімше - 28 панфиловшылар жаудың 50 танкісіне тойтарыс беріп, асқан ерлік көрсетті. 1941 ж. 17 қарашада дивизияға 8-ші гвардиялық деген атақ беріліп, кейінірек Қызыл Ту, Ленин ордендерімен, ал Риганы жаудан азат еткені үшін екінші дәрежелі Суворов орденімен марапатталды.
Бұл шайқаста ерлік танықтан 28 жауынгер Кеңес Одағының Батыры атағын иеленді. Сонымен бірге Волоколамск түбінде үлкен ерлік көрсетіп қаза тапқан талантты қолбасшы, қаһарман командир И.В.Панфиловке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Панфиловшы аға лейтенант Б.Момышұлы Москва түбіндегі шайқаста өз батальонымен жау қоршауын үш рет бұзып шықты. Соғысты Б.Момышұлы полковник лауазымымен, 9-шы гвардиялық атқыштар дивизиясының командирі болып жүріп аяқтады. Белгілі орыс жазушысы А.Бектің "Волоколамское шоссе" повесі Б.Момышұлының соғыс жылдарындағы ерлігіне арналды. Сөйтсе де, Б.Момышұлының соғыс жылдарындағы ерлігі өз дәрежесінде мойындалмай, тек 1990 жылы еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тікелей араласуымен оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. И.В.Панфилов дивизиясы құрамында жаумен шайқасқан М.Ғабдуллин 1943 ж. Кеңес Одағының Батыры атағын иеленді. М.Ғабдуллин бастаған жауынгерлер Бородино селосын жаудан тартып алып, 7 сағат бойында ерлікпен қорғады. Шайқас нәтижесінде немістер шегінуге мәжбүр болды. Москва түбіндегі шайқастарда Т.Тоқтаров, Р.Жанғозин, Р.Елебаев және т.б. қазақстандықтар асқан ерлік танытты. Бұл шайқасқа қазақстандық 238-ші дивизия, 19-шы атқыштар бригадасы да қатысты. "Барбаросса" жоспары жүзеге аспағаннан кейін 1942 жылы Германия Кеңестер Одағын басып алу мақсатында жаңа жоспар қабылдады. Бұл жоспар бойынша фашистер негізгі күшін Сталинград пен Кавказды басып алуға бағыттады. Сталинград пен Кавказды басып алу операциясына фашистер құпия дайындалып, оған "Блау" деген ат қойды. Фашистер бұл жерлерді жаулап алуға үлкен мән берді. Өйткені фашистерге басып алған мемлекеттер территорияларынан мұнай тасу қолайсыз болғандықтан, Кавказ мұнайына үлкен үміт артты.
Тағы бір себеп - фашистер Кеңестер Одағының Қара теңіздегі порттарын басып алып, одақтастары - Англия, АҚШ-пен байланысын үзуді көздеді. Сонымен қатар Сталинград қорғаныс өнеркәсіптері көп шоғырланған шикізат көзіне бай орталық болды. Сондықтан фашистер бұл бағыттағы соғыс қимылдарының сәтті аяқталуына үлкен мән берді. Жау 1942 жылдың шілде айында Сталинград бағытына 42 дивизия, тамызда - 69, ал қыркүйекте - 81 дивизия аттандырды. Күш тең болмады. Өйткені кеңестік қолбасшылар жау шабуылын Москва бағытында күтіп, негізгі әскери күшті осы бағытқа шоғырландырды. Өйткені "Блау" бойынша, Кеңес барлаушыларын жалған жолға түсіріп, шабуыл Москва бағытында қайта жанданады деген ақпарат таратылған еді.
Сталинград бағытындағы шайқастарға төмендегідей қазақстандық әскери құрылымдар қатысты: 292-ші атқыштар дивизиясы ретінде қайта құрылған 74-ші Аралдық атқыштар бригадасы, 387-ші атқыштар дивизиясы, 27-ші атқыштар кейінгі 72 гвардиялық дивизия, 75-ші атқыштар кейінгі 3-ші гвардиялық атқыштар бригадасы. 3-ші атқыштар бригадасы Сталинград түбідегі шайқаста 5 мың фашисті жойып, 3 мың фашист офицері мен жауынгерлерін тұтқынға алды. Сонымен бірге, бұл шайқасқа 81-ші атты әскер дивизиясы, 152-ші атқыштар бригадасы, 129-ші миномет полкі мен 196-ші жеке көпір құрылысы батальоны қатысты. 1942 жылдың 19 желтоқсанында Боковская-Пономаревка ауданында болған әуе шайқасында қарағандылық ұшқыш Н.Әбдіров өзінің оқ тиіп өртенген ұшағын жау танктері шоғырланған жерге бағыттап, экипажымен бірге ерлікпен қаза тапты. Н.Әбдіров, минометші К.Сыпатаев пен Р.Рамазанов Сталинградты қорғаудағы ерліктері үшін Ұлы Отан соғысы батыры атағына ие болды.
Сталинградта қаланы жаудан қорғауда ерлік танытқан қазақстандықтар құрметіне "Казахстанская" аталған көше бар. Бірнеше айға созылған Сталинград шайқасы 1943 жылдын басында жаудың жеңілуімен аяқталды. Сталинград шайқасы барысында Кеңес Армиясы екінші дүниежүзілік соғыстағы түбегейлі бетбұрысқа шешуші үлес қосты. 1943 жылы фашистер Кеңестер Одағын басып алу мақсатында жаңа операция жоспарлады. Бұл операцияға "Цитадель" деген ат беріп, жан-жақты дайындалды. Осы жылы Германияның әлсірегенін сезген бұрынғы одақтастары бастапқы міндеттерінен бас тартып, дүниежүзілік соғыстан шығу жолдарын іздеу үстінде болды. Сондықтан Германия бұл операцияның сәтті аяқталуына бар күшін салып, одақтастарын сақтап қалуға тырысты.
"Цитадель" операциясына фашистер 900000 әскер қатыстыруды жоспарлады. Шайқасқа іріктелген фашистік дивизиялар: "Рейх", "Ұлы Германия", "Фикинг", "Адольф Гитлер" және т.б., барлық танктердің 70%, барлық ұшақтардың 65% тартылды. 5-ші шілдеде басталған Курск шайқасы шілденің аяғында кеңестер әскерінің жеңісімен аяқталды. Курск иіні мен Днепр шайқастарына көптеген қазақтандық әскери құрылымдар қатысты. Тек Курск иініндегі шайқастағы ерлігі үшін 123 қазақстандық Ұлы Отан соғысы Батыры атағына ие болды. 1944 жылы Германияның жеңілетіні белгілі болғаннан кейін, ендігі жерде соғыс қимылдарын Кеңес Одағы бақылауға алды. Осы жылы Кеңес үкіметі "Берлин" операциясын бастайды. Бұл операцияның мақсаты - неміс фашистерін Кеңестер Одағы територриясынан қуып, Еуропа мемлекеттерін жаудан азат ету болды. "Достық көмек" идеологиясын жамылған Кеңестер Одағы болашақта азат еткен мемлекеттер саясатына араласуды, тіпті кейбір мемлекеттерді өз бақылауында ұстауды көздеді. Өйткені басты жауы - Германияны жеңгеннен кейін, Кеңестер Одағы әлемдік билікке талпынып, социалистік мемлекеттер жүйесін құруды жоспарлады. Шығыс Еропаны жаудан азат етуде қазақстандықтар үлкен ерлік көрсетті. Шығыс Пруссия территориясын азат етуде көрсеткен ерліктері үшін 20 қазақстандық жауынгер Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Олар - В.А.Андреев, Л.И.Беда, П.Т.Брилин, Т.К.Абилов, В.Г.Козенков, И.И.Корнев, И.В.Кутурга және т.б. Словакия территориясын жаудан азат етуге 4-ші Украина майданы құрамында қазақстандық 8-ші атқыштар дивизиясы қатысты.
Майданда көрсеткен ерліктері үшін 8-ші атқыштар дивизиясының құрамындағы 62-ші артиллериялық Карпат полкі Қызыл Ту орденімен, 151-ші Карпат полкі 3-ші дәрежелі Кутузов орденімен, 310-шы атқыштар полкі 3-ші дәрежелі Суворов орденімен марапатталды. 72-ші және 73-ші гвардиялық атқыштар дивизиялары Венгрия, Оңтүстік Чехия, Австрия территорияларын жаудан азат етуге қатысты. Австрия астанасын жаудан азат етуде алматылық Пупков М.А. Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Сонымен қатар Австрияны азат етуші 105-ші гвардиялық дивизия жауынгерлері: А.Мудрагель, Г.Сливных, Ж.Аминов қаһармандықтарымен көзге түсті. Прага операциясына 118, 88, 314, 8-ші атқыштар, 72-ші гвардиялық атқыштар дивизиясы қатысып, бұл операцияда 992-ші алматылық авиация полкі асқан ерлік көрсетті. Бұл полк екінші дәрежелі Б.Хмельницкий және 3-ші дәрежелі Суворов ордендерімен үш мәрте марапатталды. 992-ші полк 7642 рет жауға шабуыл жасап, 816 бомба тастап, 3 ұшақты, 19 зенитті батареяны, 1000 автомашина, 2 көпірді және т.б. жойды. Прага операциясы барысында 52-ші армия құрамындағы алматылық 556-ші эскадрилия ерлікпен көзге түсті. Бұл эскадрилия тұтқиылдан 4050 шабуыл жасап, 2350 мәрте жау территориясын бомбалаған. Құрамындағы 14 адамның 10-ы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлы отан соғысын қайта қарастыру-кейінгі ұрпақтың борышы
Менің семестрлік жұмысымның мақсаты - Ұлы Отан соғысы кезінде фашисттік аргессияға қарсы Қазақстандықтардың көрсеткен ерліктерін зерттеп, онды баға беру
Жеңіске рух берген әндер
Сталинград шайқасы және Қазақстан
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың ерен ерлігі
Ұлы Отан соғысы жыдарында марапатталған қазақстандық Совет одағының батырлары
Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды
ҚР Ұлы Отан соғысы кезеңінде
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы соғыс және еңбек майдандарындағы қазақстандықтар
Ұлы Отан соғысы кезіндегі халық шаруашылығы
Пәндер