Қазақстан Компартиясы ОК-нің V Пленумы өтуі


Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

1986 жылы 16 желтоқсан күні таңертең Қазақстан Компартиясы ОК-нің V Пленумы болып өтті. Күн тәртібіне бір ғана үйымдастыру мәселесі қойылды. Пленум бар-жоғы 18 минутқа созылды. Осындай қысқа мерзім ішінде аса маңызды мәселелердің бірі-республиканы ширек ғасырдай басқарған саяси қайраткерді ауыстыру мәслесі шешілді. Д. А. Қонаевтың орнына бұған дейін республикада еңбек етпеген, халыққа мүлдем бейтаныс, КОКП-ның Ульяновск обкомының бірінші хатшысы болып істеген Г. В. Колбин тағайындалды. Орталықтың мұндай волюнтаристік шешімімен Қазақстан бірінші рет кездесіп отырған жоқ еді. Д. А. Қонаев «Өтті дәурен осылай»атты кітабында өзінің басшылық қызметтен кетуі жайлы былай деп жазды: «Бұл жолы мен Бас хатшыға жеке мәселемен бардым. Амандасқаннан соң, әңгімені созбастан, мен оның үстелінің үстіне өз өтінішімді қойдым. Горбачев, менің ойымша, мұндай әңгімегі дайындалған тәрізді . . . Іштей Бас хатшының менің орныма кімді ұсынатынымды сұрайтынына үміттнгенімді мойындаймын. Ол сұраған жоқ. Сол кезде оған өзім сұрақ қойдым».

Горбачев барына қатқылдау сөйледі: «Бұл мәселені шешуді бізге қалдыр. Республикаға жақсы коммунист жіберіледі. «Жақсы коммунист» Геннадий Колбин болып шықты». Бұл хабар Қазақстан жұртшылығына тез тарады. Тарихта- «Желтоқсан оқиғасы», «Желтоқсан қозғалысы», «Желтоқсан көтерілісі» деп аталып жүрген қазақстандық демократ жастардың толқуы дәл осы кезде басталды. Ол-ғасырдан ғасырға созылған отаршылдақ езгіге, қазақ халқының төл мәдениетін, тілін, тарихын жоюға бағытталған саясатқа наразылықтан туындайды. Орталық билік ұлттық кадрларды назардан тыс қалдырды. Шын мәнінде республика бодан елге айналған еді.

1986 жылы 17 желтоқсан күні таңертен Алматыда жаппай толқу басталып, кейінірек ол республиканың басқа да қалаларына тарады. Г. В. Колбиннің республиканың жоғарғы басшылығына тағайындалуы толқу үшін тек сылтау еді. Оның басталуына жылдар бойы қордаланған себептер әсер етті. Халықты ашындарған Орталықтың дәстүрлі өктемдік әрекеттері мен қайта құру жарияланған демократиялық принциптер арасындағы ушыққан қарама-қайшылықтар болды.

1986 жылғы желтоқсандағы қазақ жастарының бой көрсетуі ұлтшылдық сипатта болған жоқ. ОК Пленумының шешіміне алғаш қарсы шыққан Алматы қаласының жұмысшы және оқушы жастарының тобы еді. Шеру бейбіт, саяси сипатта болып, мемлекеттік құрылысты жо мен басқа халықтарға қарсы әрекеттер жасау деген үндеулер болған жоқ.

Қазақ жастары халық намысы тапталған сол күні көп жылдар бойы үстемдік еткен тоталитарлық режимге қарсы тұрды. Сөйтіп КСРО кеңістігінде ұлттық-демократиялық қозғалысты дамытуға үлес қосты. Оқиға басқа халықтарға бағыталмады.

Желтоқсан көтерілісі елдегі буыны қаптаған демократия мен әкімшіл-әміршіл жүйесінң тұңғыш қақтығысуы болды. Желтоқсан көтерілісінң басында Қ. Рысқұлбеков, Е. Айнақұлов, Қ. Айтмұрзаев, Б. Иманғожаев, О. Сейтембеков, А. Қаметов, Е. Көбесбаев, Е. Сыпатаев, Л. Асанова, С. Мұхамеджанова, И. Дәуренов және т. б. тұрды.

Әміршіл әдістерге үйреніп қалған республика басшылығы әу баста-ақ жастармен тең құқылы келісімге бармады және олардың пікірін тындағысы келмеді. Саяси наразылықты өкімет билігіне төнген қауіп ретінде бағалаған басшылық Алматы гарнизонын жауынгерлерік дайындаққа келтіріп, алаңды шеруге қатысушылардың санынан артық күшпен қоршауға бұйрық берді.

КОКП ОК-не Г. Колбиннің қысымымен оқиғалардың өңі айналдырылып көрсетілген хабар жіберілді. Республика басшылығының үсті-үстіне сұраған өтінішінен соң, КСРО Ішкі істер әскерлерінің арнайы бөлімдерін жіберуге шешім қабылдады.

Шеруді қуып тарату кезінде саперлік күректер, үйретілген иттер мен сройылдар, су шашатын машиналар қолданылды. 1990 жылғы 24 қыркүйектегі Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумның қаулысында бейбіт және аз санды наразылық шеруінің жаппай тәртіпсіздіктерге ұласуы республика басшыларының саяси дәрменсіздігінен, олардың шиеленіскен жағдайдан бйбіт жолмен шыға алмағандығынан және олардың ақыл-ой мен ізгі ниетке емес, күшке арқа сүйеуінен болғандығы атап көрсетілді. Шеруге қатысушылардың бір бөлігінің әрекеттері заңды тәртіп шеңберінен шығып, тәртіп қорғау күштеріне бағынбай, қоғамдық тәртіпті бұзғанын да атап өткен жөн. Ұкімет орындарының қалыптасқан жағдайды реттеуге қабілетсіздігі қайғылы зардаптарға әкеп соқты. Шеруге қатысушыларды ұстау кезінде партия комиттері мен кеңестік өкімет орындары заңдылықты өрескел бұзуға жол берді. Уақытша ұстау бөлмелеріне, арнай бөлімдерге, тергеу бөлімдеріне жеткізілген, қала сыртын әкетілген адамдардың саны 8, 5 мыңға жетті.

Оқиғаларға қатысушыларға қарсы қозғалған қылмыстық істерде сот-терргеушілік жұмыстары кезінде дөрекі заңсыздарға орын берілді. Тергеулер асығыс, ойдан шығарылған және тек айыптау түрінде жүргізілді.

Қ. Рысқұлбеков, Е. Сыпатаев, М. Әбдіқұлов т. б. жастар қатаң жазаланды. Сотталған 99 адамның 46-сы біраз уақыт өткен соң ақталды. Аз уақыттың ішінде 1986 жылғы желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін 787 адам комсомол қатарынан шығарылды, 1138 адамға комсомолдық жазалар қолданылды, 271 адам оқу орындарынан, жүздеген адам жұмыстан қуылды. Денсаулық сақтау және Көлік министрліктерінен 309 адам, Ішкі істер министрлігінен 1200 адам жұмыстан шығарылды.

Жоғары оқу орындарының 12 ректоры қызметінен алынды. 1987 жылы шілдеде КОКП ОК қабылданған «Қазақ республикалық партия ұйымдарының еңбекшілерге интернационалдық және патриоттық тәрбие берудегі жұмыстары туралы» қаулыда 1986 жылғы Алматы қаласындағы желтоқсан оқиғасы «қазақ ұлтшылдығының көрінісі» ретінде бағаланады. Партия комитеттерінің нұсқауымен бұқаралық насихат құралдарында «ұлтшылдық» іздеу жөніндегі тұтас бір науқан өрістеді. Төрешіл, коммунистік ақпарат тағы да өзін ақтап шығып, кезекті «кіналіні» тапты. Алайда көпшіліктің талап етуінен кейін КОКП Орталық Комитетінің қаулысындағы қазақ Ұлтшылдығы деген кінәлау қате деп танылды.

Республикада жариялық пен демократия нығая түскен сайын желтоқсан оқиғаларына өзіндік мораторий жарияланды. Көптеген кінәсіз адамдар бұл кезде түрмелерде еді, ал заңсыздықтарға жол бергендер өз орындарында отырды. Желтоқсан оқиғасы ақиқатын ашуға қозғау салған КСРО халық депутаты М. Шахановтың КСРО халық депутаттарының І съезінде сөйлеген сөзі болды. Әділеттіліктің салтанат құруы үшін одан кейін де көп уақыт өтті. Желтоқсан оқиғалары адамдар көп жылдық үнсіздіктен соң өз ойларын ашық білдірген, демократияға қарай жасалған алғашқы қадам болды.

Желтоқсан қозғалысы ұлттық мүдде жолында қайсарлық танытқан Қ. Рысқұлбеков, Т. Тәшенов, Ж. Тайжұманов, Қ. Күзембаев және т. б. да қазақтың жас демократтарын танымал етті. Өлім жазасына кесілген Қайрат Рысқұлбеков, Мырзағұл Әбдіқұлов, т. б. азаматтардың Отанына шынайы берілген тұлғалы жандар екенін қазақ елі білді.

Қорытынды

1986 жылғы желтоқсанның 17-18 жұлдызында бүкiл елдi дүр сiлкiндiрген ғаламат көтеріліс болды. Совет өкiметi тұсында бұрын-соңды кездеспеген құбылыс Алматыда демонстрация «Брежнев алаңында қаптаған жұрт”, «Көшелерде сап түзеп бара жатқан жастар” деген лебiздер ескен желдей гулеп тарап жатты. Елеңдеген ел түсiне алмай дал болды. Демонстрация, алды-артымызды бағамдағанша, ес жиып ой қорытқанша болмай, аяусыз басылды. Артынша бұл оқиға 1825 жылғы орыс декабристерiнiң iс-қимылымен салыстырылып, желтоқсан қаһармандары «қазақ декабристерi” аталып, бiрден-бiрге айбыны асқақтай түстi. ”Жалын атқан жастар арандап қалды-ау” деп жанашырлық ниет-пейiл бiлдiргендер де болмай қалған жоқ. Бiрақ ол сөздер ашық айтылмай, «аузы күйген үрiп iшедiнiң” кебi келiп, жасырын үрке қарап, бiр-жар адамдардың басы қосылып шүйiркелескенде, сыр шертiскенде ғана айтылып жүрдi. Жалпы үрей, қорқыныш билеген жұрт сең соққандай күйде едi.

«Қазақ» деген қаным бар деп бастап, «Еркек тоқты құрбандық, атам десең атыңдар» деп аяқтаған қайсар Қайраттың даусы да тым жақында естіліп еді ғой?! Осы азаттық үшін үнемі күрескен халықтың еншісіне тиген қайғы-қасіретті көре жүріп, көтере білген халық нағыз қайсар халық емес пе?! Бордай тозып, жоқ болып кетпей «тағдырдың тезінен, тозақтың өзінен аман-сау қалған халық» нағыз ұлы халық екенін таныта білді. Көрген ауыр хикметінен кейін де «бас шұлғып, үнсіз көнетін» әдетті бойларына жұқтырған жоқ. Қанына намыс дарыған, рухына кие енген халық үнемі тәуелсіздікке ұмтылды. Көксеген тәуелсіздігін алды. Терезі тең, байрағы желбіреген ұлттар санатына ілігу үшін талай ауыртпалық бастан өтті. Енді мұхиттың арғы жағындағы Біріккен Ұлттар Ұйымында көк байрағы, алтын зерімен күнге шағылыса желбірейді. Саяси қуғын-сүргін көргендерді ақтады, басына ескерткіш орнатты. 70 жыл сананы улаған қызыл заманның солақай саясатының күлпаршасын шығарды.

Қазақ хандарының, билерінің, батырларының рухы халқына кие болып оралды. Ұлттық діл мен дін жүрегімізге еніп, алпыс екі тамырға қуат таратты. Иә, өткенге салауат… Өткен күндер өксік кернеп өкінсе де, болашаққа батыл қараймыз.

Қазақстандағы 1986 жылғы қазақ халқы жастарының серпілісі азаттық қозғалысы шежіресіндегі ең бір жарқын белес болып табылады.

«Желтоқсан көтерілісі - ғасырлар бойы жиналған ашу-ыза жарылысы.

Яғни біздің халқымыздың тіл мүддесі, рух мүддесі - осының бәрінің қосындысы ашу-ыза тудырғаны шындық.

Қазақ халқы орыстардың қол астында бола отырып азаттық пен тәуелсіздікті аңсау кезінде әр түрлі деңгейдегі 300-ден астам ұлт-азаттық көтерілісін өткізді.

Соның қорытындылаушысы, егемендікке бастаған көтеріліс - Желтоқсан көтерілісі», - деді ақиық ақынымыз Мұхтар Шаханов. Демек бұл әншейін ауыз толтырып айтуға қана жарайтын оқиға емес, бұл шын мәніндегі елді, бүкіл Кеңестер Одағын елең еткізген, күш қолданып басуға мәжбүр еткен көтеріліс екендігінде дау болмаса керек.

Қазіргі таңда 16-17 желтоқсанды тәуелсіздік мейрамы етіп жариялады. Сондықтан 16 желтоқсанның қасыретті күн екендігін жадымызда сақтап әрі Тәуелсіздікке қол жеткізу жолындағы талпыныстардың ақталған күні екендігін сезінуіміз қажет.

Бұл күні қара жамылып отыру орынсыз. Сол себепті де әрі арманға қол жеткізген күн деп шаттық ретінде атап өтіп, екінші жағынан Желтоқсан құрбандарына да тағзым ете жүруіміз керек.

Кіріспе

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тың эпопеясы
СОКП Орталық Комитетінің мүшесі
Қазақстан КСРО-ның құрамдас бір бөлігі. Қазақстандағы Коммунистік партияның қызметі
60-жылдардың екінші жартысында қазақстан дамуында болған өзгерістер
Қазақстанның 1960 ж. екінші жартысы мен 1980 жылдардың бірінші жартысында әлеуметтік-экономикалық дамуының тенденциялары
Л. Брежнев бастаған номенклатуралық топтың билікке келуі
Демократиялық қалыптасу кезеңі
Қонаев Дінмұхамед Ахметұлы
Қазақстан терең дағдарыс жолында (1965-1991 жж.)
1970-1980 жж Қазақстан
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz