Нарықтық экономика жағдайында өнеркәсіп салаларында сапаны қамтамасыз етудің теориялық негіздері



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4

I. НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА ӨНЕРКӘСІП САЛАЛАРЫНДА САПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
І.І.Өнеркәсіп түсінігінің мәні, түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.2. Бәсекеге қабілеттілікті арттырудағы сапаның ролі ... ... ... ... ... ... ... ... .11
І.3.Сапаны қамтамасыз ету облысындағы ИСО қызметі ... ... ... ... ... ... ... ...18
1.4.Өнім сапасын арттырудың шетелдік тәжірибесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24

II. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӨНЕРКӘСІП САЛАЛАРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ МЕН ОНЫҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ
2.1.Қазақстан Республикасы өнеркәсіп салаларының қазіргі
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
2.2.Оңтүстік Қазақстан облысындағы өнеркәсіп салаларының жағдайы мен оның республикадағы алатын орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 40
2.3.Қазақстандағы сүт өнеркәсібінде "ФудМастер" компаниясының алатын орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 45

III. ӨНЕРКӘСІП САЛАЛАРЫН ДАМЫТУ МЕН ӨНІМНІҢ САПАСЫН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 48

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .54

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...56
КІРІСПЕ

Елімізде нарықтық экономиканың қалыптасуы өнім сапасын арттыру мәселесін отандық өнім өндірушілердің үйреншікті ыңғайларын толығымен өзгертті. Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуы, нарықтық экономикаға кіру болашағы республика экономикасының бәсекеге қабілеттілікке жетуінің обьективті қажеттілігін негіздейді. Әкімшілдік әміршілдік экономикада бәсекеге қабілеттілік мәселесі ішкі нарықта туындамады, себебі өнімді өткізу сұрақтарын әкімшілдік шаруашылықты бұзып, өндірістік звенолар санының өсуіне алып келеді. Қазіргі уақытта Қазақстан экономикасына төніп тұрған қауіп нығайып өсіп бара жатқан халықаралық экономикалық бәсекелестік. Бұл қауіпті алдын алу ұлттық экономикамыздың бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы қол жеткізуге болады. жалпы менің бұл дипломдық жұмысымның мақсаты болып-өнеркәсіп салалардың қазіргі таңдағы жағдайын талдау. Сонымен қатар осы салалардың ішіндегі өңдеу өнеркәсібі бойынша сүт пен сүт өнімдерінің қазіргі жағдайы оның дамуын қамтамасыз ететін іс шараларды жән өнім сапасын басқаруды жетілдіру жолдарын қарастыру болып табылады. Биылғы жылғы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты жолдауында «Біз жалпы ішкі өнімді екі есе ұлғайтып, бірлесіп тағы да бір Қазақстан орнататындай межеге жақындадық» - онда 2008 жылы (жан басына шаққандағы) жалпы ішкі өнім Еуропа елдерінің терезесіне тең келетініне сеніміміз мол екендігі және экономикаға 30 миллиярд $ тікелей шетел инвестициясы тартылғаны үлкен көрсеткіш. Бұл біздің Қазақстанды барша инвесторларға тұрақты, сенімді әріптес екенін мойындатқанымыз болып табылатындығы айтып өтіліп, отандық тауар өндірушілерді толығымен қолдауымыз қажет екендігін айтты. Міне осыған байланысты былтырғы жылдың 19 наурыз айындағы ел осыған байланысты былтырғы жылдығы 19 наурыз айындағы ел басымыздың Қазақстан бәсекеге қабілеттілігі туралы, біздің экономикамыздың бәсекеге қабілеттілігі туралы және бұл міндетті шешу үшін біздің экономикалық, сондай–ақ әлеуметтік салаларда еуропалық стандарттарға жету стратегиясын әзірлеуге кірісу керек екендігі айтылған. Сондықтан қазіргі нарықтық экономикада өндірілетін өнімнің сапасына принципалды басқаша талаптар қойылады.
Өнеркәсіп дамуының тиімділігінен республика халқы мен табысы-ның хал – ахуалы тәуелді және өнеркәсіп салаларында жалпы ұлттық өнімнің жартысына жуығы жасалынды., сонымен бірге өнеркәсіптің материалдық өндіріс саласы ретіндегі басыңқы рөлі – онің халық шаруашылығының басқа салаларын индустрияландыру-дың шешуші факторы екендігіне байланысты өнеркәсіп секторының дамуының маңызы жоғары. Бүгінгі күні өнеркәсіптің басты міндеті импорт алмастырушы және экспортқа бағытталған өнім өндірісінің көлемін арттыру, толық қуатын қамтамасыз ету болып табылады. Бұл қазіргі уақытта кез келген кәсіпорынның өмір сүруі мен оның нарықтығы тұрақтылығы бәсекеге қабілеттілік деңгейімен байланысты. Бәсекеге қабілеттілік деңгейінің жоғары болуы бірінші кезекте өнім сапасымен анықталады. Бәсекелестік экономиканың қозғаушы күші, ол өндірушіні тұтыну үшін күресуге, өнім сапасын жақсартуға, өндіріс пен өткізуді арттыруға, өндіріс шығындарын қысқартуға алып келеді. Сондай–ақ бәсекелестік тек қана тұрақтандыру факторы ғана емес кәсіпорынның өмір сүру шарты болып табылады. Сондықтан сапаны басқару кәсіпорынды басқару жүйесінің негізгі міндеті болып табылады. Ол бәсекелестердің іс әрекетін жан жақты талдаудан, өнімнің бәсекеге қабілеттілік мінез құлқының стратегиясын талқылаудан өтуі қажет.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Қазақстан Президентінің халықка жолдауы - «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» //Егеменді Қазақстан 2004жыл. 14 наурыз
2. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсултан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы-«Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында»//Алматы: Атамұра, 2005. 18 ақпан - 48бет
3. Қазақстан Президентінің еліне халкына жолдауы-«Қазақстан -2030»//Егеменді Қазакстан 1997 ж. 11 караша
4. Қазақстан Республикасының ндустриалды-инновациялық даму стратегиясы//Астана 2003ж
5. Мейірбеков А.Қ. Кәсіпорын экономикасын оқу құралы /А.Қ.Мейірбеков.Д.Ә. Әлімбетов - Алматы: Экономика. - 2003. -252 бет.
6. Жолдасбаеа Г.Ө Кәсіпорын экономикасы: Оқу құралы/Г.Ө Жолдасбаева -Алматы: Экономика, 2002. - 109 бет.
7. В.Я. Горфинкель.Экономика предприятия. /Москва :Экономика, 2003г.
8. А.И. Архипова/Экономика Москва, 1999г
9. Ж.О. Ихданов., Э.О Орманбеков. Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері. /Алматы: Экономика ,2002.-218 бет
10.Жұмасұлтанов Т. Бүгінгі Қазакстан. /Анықтамалық-статистикалық
жинақ. Алматы, 1991
11.0.В. Василенко., СВ. Донсков Экономика пищевой промышленности/Москва: ВО Агропромиздат, 1989. - 389 бет
12.Организация планирование и управление промышленными предприятием/Под. ред. Д.М. Крука .- Москва: Экономика, 1982 - 374 бет
13.Шогенов А.М управление качеством продукций //Пищевая
промышленность Москва 2004 №1 - стр 68
14. А.Ю. Золотин, В.П. Тиенко, Е.В. Малышева Формирование молока/ЛМолочная промышленность 2003 №1 стр- 41
15. Компания "ФудМастер"- лидер молочной промышленности Казакстана /Аль Пари 2003, №2 - стр-127
16. Қазақстан және оның өңірлері/ 2005, №1 стр-9
17. Промышленность Казакстана и его регионов., 2000-2003гг стат. сборник. Агенство РК по статистике; под. ред. К. Абдиева.- Алматы: ТОО "Казстатинформ" 2004-212 стр
18. Промышленность -стат. ежегодник Казакстана., / под ред. К.Абдиева.-Алматы: Агенсто РК по статистике, 2004
19. Оңтүстік Қазакстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы //Шымкент, 2005№1
20. Оңтүстік Қазакстан облысының әлеуметтік- экономикалық жағдайы оператиті мәләметтер каңтар- желтоқсан 2002жыл/Оңтүстік Қазақстан облысының статистикасын басқару. - Шымкент, 2002. - 148бет
21."ФудМастер": ставка на качество!// Панорама Шымкент 24 октября 2002 года
22.//Стандарты и качество// Москва 2004 №10
23.//Экономика сельскохозяйственных и перерабатывающих предприятии//Москва, 2005№2
24. Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының корытындысы, Шымкент 2004 №1 және 2003 №1
25. Плушевский М,. Методика системного мониторинга качества продукций //Стандарты и качество/Москва 2004 №12
26. Пищевая и перерабатыаюая промышленность Казахстана /2004 №5
27. Контроль качеста и сертификация продукций/ 3.Токаева, Н.Кох,Б.Мустафин//Промышленность Казакстана. - Алматы, 2003 - №3 стр. 58-59
28. Абенова Д., Зарубежный опыт повышения конкурентно способности промышленности продукций //Транзитная экономика.-2004 №5-стр. 15
29. 3.3айкешова «Обеспечение конкурентно способности сервиса
потребителей» //Стандарты и качества, 2003г. №2 стр. 46
30.Ю. Кравченко «Качество - движуая сила развития//Стандарты и качества, 2003г. №1 стр. 4

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
I. НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА ӨНЕРКӘСІП САЛАЛАРЫНДА САПАНЫ
ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
І.І.Өнеркәсіп түсінігінің мәні,
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2. Бәсекеге қабілеттілікті арттырудағы сапаның
ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
І.3.Сапаны қамтамасыз ету облысындағы ИСО
қызметі ... ... ... ... ... ... ... ...18
1.4.Өнім сапасын арттырудың шетелдік
тәжірибесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .24
II. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӨНЕРКӘСІП
САЛАЛАРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ МЕН ОНЫҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ
2.1.Қазақстан Республикасы өнеркәсіп салаларының қазіргі
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
2.2.Оңтүстік Қазақстан облысындағы өнеркәсіп салаларының жағдайы мен оның
республикадағы алатын
орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ..40
2.3.Қазақстандағы сүт өнеркәсібінде "ФудМастер" компаниясының алатын
орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ..45
III. ӨНЕРКӘСІП САЛАЛАРЫН ДАМЫТУ МЕН ӨНІМНІҢ САПАСЫН АРТТЫРУ
ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ..48
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ...54
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ..56

КІРІСПЕ

Елімізде нарықтық экономиканың қалыптасуы өнім сапасын арттыру
мәселесін отандық өнім өндірушілердің үйреншікті ыңғайларын толығымен
өзгертті. Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуы,
нарықтық экономикаға кіру болашағы республика экономикасының бәсекеге
қабілеттілікке жетуінің обьективті қажеттілігін негіздейді. Әкімшілдік
әміршілдік экономикада бәсекеге қабілеттілік мәселесі ішкі нарықта
туындамады, себебі өнімді өткізу сұрақтарын әкімшілдік шаруашылықты бұзып,
өндірістік звенолар санының өсуіне алып келеді. Қазіргі уақытта Қазақстан
экономикасына төніп тұрған қауіп нығайып өсіп бара жатқан халықаралық
экономикалық бәсекелестік. Бұл қауіпті алдын алу ұлттық экономикамыздың
бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы қол жеткізуге болады. жалпы менің
бұл дипломдық жұмысымның мақсаты болып-өнеркәсіп салалардың қазіргі таңдағы
жағдайын талдау. Сонымен қатар осы салалардың ішіндегі өңдеу өнеркәсібі
бойынша сүт пен сүт өнімдерінің қазіргі жағдайы оның дамуын қамтамасыз
ететін іс шараларды жән өнім сапасын басқаруды жетілдіру жолдарын қарастыру
болып табылады. Биылғы жылғы Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және
саяси жедел жаңару жолында атты жолдауында Біз жалпы ішкі өнімді екі есе
ұлғайтып, бірлесіп тағы да бір Қазақстан орнататындай межеге жақындадық -
онда 2008 жылы (жан басына шаққандағы) жалпы ішкі өнім Еуропа елдерінің
терезесіне тең келетініне сеніміміз мол екендігі және экономикаға 30
миллиярд $ тікелей шетел инвестициясы тартылғаны үлкен көрсеткіш. Бұл
біздің Қазақстанды барша инвесторларға тұрақты, сенімді әріптес екенін
мойындатқанымыз болып табылатындығы айтып өтіліп, отандық тауар
өндірушілерді толығымен қолдауымыз қажет екендігін айтты. Міне осыған
байланысты былтырғы жылдың 19 наурыз айындағы ел осыған байланысты былтырғы
жылдығы 19 наурыз айындағы ел басымыздың Қазақстан бәсекеге қабілеттілігі
туралы, біздің экономикамыздың бәсекеге қабілеттілігі туралы және бұл
міндетті шешу үшін біздің экономикалық, сондай–ақ әлеуметтік салаларда
еуропалық стандарттарға жету стратегиясын әзірлеуге кірісу керек екендігі
айтылған. Сондықтан қазіргі нарықтық экономикада өндірілетін өнімнің
сапасына принципалды басқаша талаптар қойылады.
Өнеркәсіп дамуының тиімділігінен республика халқы мен табысы-ның хал –
ахуалы тәуелді және өнеркәсіп салаларында жалпы ұлттық өнімнің жартысына
жуығы жасалынды., сонымен бірге өнеркәсіптің материалдық өндіріс саласы
ретіндегі басыңқы рөлі – онің халық шаруашылығының басқа салаларын
индустрияландыру-дың шешуші факторы екендігіне байланысты өнеркәсіп
секторының дамуының маңызы жоғары. Бүгінгі күні өнеркәсіптің басты міндеті
импорт алмастырушы және экспортқа бағытталған өнім өндірісінің көлемін
арттыру, толық қуатын қамтамасыз ету болып табылады. Бұл қазіргі уақытта
кез келген кәсіпорынның өмір сүруі мен оның нарықтығы тұрақтылығы бәсекеге
қабілеттілік деңгейімен байланысты. Бәсекеге қабілеттілік деңгейінің
жоғары болуы бірінші кезекте өнім сапасымен анықталады. Бәсекелестік
экономиканың қозғаушы күші, ол өндірушіні тұтыну үшін күресуге, өнім
сапасын жақсартуға, өндіріс пен өткізуді арттыруға, өндіріс шығындарын
қысқартуға алып келеді. Сондай–ақ бәсекелестік тек қана тұрақтандыру
факторы ғана емес кәсіпорынның өмір сүру шарты болып табылады. Сондықтан
сапаны басқару кәсіпорынды басқару жүйесінің негізгі міндеті болып
табылады. Ол бәсекелестердің іс әрекетін жан жақты талдаудан, өнімнің
бәсекеге қабілеттілік мінез құлқының стратегиясын талқылаудан өтуі қажет.

І НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА ӨНЕРКӘСІП САЛАЛАРЫНДА САПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ
ЕТУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1. Өнеркәсіп түсінігінің мәні, түрлері

Өнеркәсіп – бұл халық шаруашылығының маңызды құраушысы болып табылады.
Немесе толықтай атап кететін болсам, өнеркәсіп бұл – ұлттық тұтыну
заттарының бір бөлігіне ие болатын және өндірістің еңбек заттары пайда
болатын фабрика, зауыттар, акционерлік қоғамдар өнеркәсіптік
кәсіпорындардың жиынтығы болып табылатын халық шаруашылық салаларының бірі.
Халық шаруашылығы салаларында жетекші рөлді алатын - өнеркәсіп. Өнеркәсіп
еңбек құралын, жеке тұтыну заттарын өндіреді, табиғи шикізаттарды, сондай –
ақ ауыл шаруашылық шикізаттарын қайта өңдеуді қамтамасыз етеді. Қуатты
өнеркәсіп еліміздің қауіпсіздігінің негізі болып табылады. Өз кезегінде
өнеркәсіп, мамандандырылған салалардың күрделі кешені болып табылады.
Өндіріс дегеніміз не? Деген сұраққа жауап көрейік, қоғамның өмірі сан қырлы
болуы әр алуан салалардағы адам қызметінің түрі көп болғандығының нәтижесі.
Бірақ мұның барлығы қоғамда материалдық игілік өндіру қызметтерінің
болуының арқасында ғана болуы мүмкін. Адамды қоршаған табиғат оның ең
қарапайым қажетін өтеуге керек нәрсені дайын күйінде бере қоймайды, осыдан
да адамдар өздерінің күш жігерлерін өздеріне қажет заттар жасауға жұмсауға
яғни өндіруге тиісті ал мұндай қажеттілікті ешкім өзгерте алмайды. Өндіріс
қоғам өмірінің маңызды өзге де салалары келіп шығатын негізгі саласы
ретінде көрінеді. Осылайша, өндіріс дегеніміз адамдардың табиғат пен қарым
қатынасын, олардың табиғат затын жаңарта отырып, оны өз қажеттіліктерін
қанағаттандыру үшін бейімдеп алуын білдіретін ерекше процесс. Өндірісті
сызба жүзінде кіретін жағы және шығатын жағы бар тік үшбұрыш ретінде
бейнелеуге болады.

Кіретін жағы Шығатын жағы

ресурстар → Өндіріс → игілік

Кіретін жағында өндіріс ресурстары орналасқан. Олар адам-ның
өндірістік қызметінің қажетті шартын құрайды, қоғамның өз дамуының сол
кезеңіндегі күш қуат, мүмкіндіктерінің көрінісі болып табылады.
Өндірісте пайдаланылатын ресурстарды экономикалық теорияда мынандай
түрлері бойынша: табиғи, еңбек, материалдық, қаржылық, ақпараттық деп
ажырату қалыптасқан. Өндіріс қол еңбегіне негізделген кезде еңбек және
табиғи ресурстар басым болады. машиналы өндіріс материалдық ресурстарды
бірінші орынға шығарады. Ғылыми – техникалық революция ақпаратты өмірге
әкелді және маңызды ресурсына айналдырды.
Қоғамдық пайдалы еңбекке қабілетті тұрғын халық еңбек ресурстарын
құрайды. Бұл ресурстардың ерекше түрі сөзсіз өндірістің белсенді әрі
жасампаз негізі жөнінде болып отыр. Еңбекке қабілетті тұрғын халық нақты
әлеуметтік – эконмикалық, мәдени, саяси және басқада қоғамдық жағдайлардың
ықпалымен екі топқа бөлінеді: Экономикалық белсенді және экономикалық
сылбыр тұрындарға бөлінеді. Ал өндірісті жүзеге асыруға көмектесетін
заттардың жиынтығы қоғамның материалдық ресурстарын құрайды. Егер табиғи
ресурстардың табиғи негізі болса, материалдық ресурстар адам қолымен
жасалынады, өндірістің нәтижесі де болып табылады.
Материалдық ресурстар қоғамның өндірістік күш – қуатының негізгі бөлігін
құрайды. Олар: ғимараттар, құрал-жабдықтар, машиналар, станоктар,
механизмдер, жолдар, көпірлер, байланыс құралдары және тағы басқалары.
Өндірістің қарапайым сызбалармен бейнелеуін: кіретін және шығатын
белгілері бар тік үш бұрышты еске түсірейік. Мұның алғашқысын түсіндіріп
өттік. Олар - өндірістік ресурстар. Енді тік үшбұрыштың ішінде нендей
нәрселер өтетіндігін анықтаудың кезегі келді. Өндірістің ресурстардан
көрініс тапқан мүмкіндіктері тікелей өндіріс процестерінде жүзеге
асырылады. Міне, өндіріс процесі шеңберінде ресурстар материалдық
игіліктерді жасаған кезде белгілі қызмет атқаратын өндіріс факторларына
айналады. Демек, өндіріс факторлары – бұл қимыл әрекетке келтірілген
ресурстар. Ресурстардың жекелеген түрлері бір – біріне тәуелсіз өмір сүре
алады. Өндіріс факторлары бір – бірінен дербес өмір сүре алмайды. Олар
өзара бірлескен әрекетке, бір бірімен бірігу арқылы маңызды. Осы бірігу
арқылы ғана қажетті игіліктерді жасайтын өндіріс пайда болады.
Кез – келген өндірістің алдында үш негізгі міндет тұр. Оларды мынандай
сұрақтармен бейнелеуге болады:
1. Нені өндіру қажет?
2. Қалай өндірген жөн?
3. Кім үшін өндірілуі тиіс немесе өндіріс нәтижелерін қалай бөлу
керек?
Осы міндеттерді табыспен шешу үшін өндіріс ұйымдастырылуы қажет.
Өндірісті ұйымдастыру – оған қатысушылардың іс - әрекеттерін қажетті
нәтижеге қол жеткізуге бағындыру, бір жүйеге келтіру деген сөз. Өндірісті
ұйымдастырудың екі негізгі деңгейі болады. бірінші деңгейі өндіргіш
бірлік ретіндегі жеке кәсіпорынның қызметінен көрініс табады. Әр бір
кәсіпорын тұтастық шеңберінде ерекше міндеттерді (функцияларды) орындайтын
құрамдас бөліктері бар күрделі организм болып табылады. Кәсіпорындар
арасындағы байланыстан өндірісті ұйымдастырудың екінші деңгейі өз көрінісін
табады. Оны қоғамның деңгейі деп атайды. Онда өндіріс жаңа қорларға ие
болады. оларды зерттеу аталған құбылысты жақсы түсінуге мүмкіндік береді.
Ал халық шаруашылығы өз кезегінде материалды өндіріс және өндірістік емес
сферасына бөлінеді. материалдық өндіріс сферасы материалдық игіліктер
өндіретін барлық өндірістік іс әрекеттер түрлерінің жиынтығын қамтиды.
Оларға: еңбек құралдары (машиналар, аппараттар, құрылғылар), еңбек заттары
(материалдар, шикізаттар, жартылай фабрикаттар, тамақ өнімдері, маталар,
киім және т.б.) және энергия түрлерінің барлығы жатады. Сонымен қатар
матеиалдық өндіріске жүк тасымалдау, өнімді сақтау оны сорттау және
қораптау жатады. Материалды өндірістің маңызды құраушысы болып – бұл қазба
байлықтарды, табиғи және ауыл шаруашылық материалдарын өндіруді жүзеге
асыратын және оны дайын өнімге дейінгі процесті қамтамасыз ететін өнеркәсіп
жатады. Әдетте өнеркәсіпте еңбек құралдары мен жұмыс күшінің бірігуі
байқалады. Ал еңбек құралдары мен жұмыс күшінің бірігуінің мақсаты болып -
өнеркәсіп өнімдерін шығару болып табылады. Өнеркәсіп екі үлкен сала
топтарына бөлінеді: өндіру өнеркәсібі және өңдеу өнеркәсібі. Өндіру
өнеркәсібіне мұнай және газ өндіру, тау-кен өндіру, көмір өндіру, қара және
түсті металлдарды өндіру, энергетикаға арналған материалдарды өндіру,
энергетикаға арналған материалдарды өндіруден басқа кен өндіру жатса, өңдеу
өнеркәсібіне жеңіл өнеркәсіп бұйымдары мен тамақ өнімдерін, құрылыс
материалдарын өңдеумен айналысатын, машина жасау, қара және түсті
металлдарды өңдеумен айналыстаны кәсіпорындарды жатқызамыз.
Сонымен қатар өнеркәсіп өндіріс заттарын өндіру (А тобы) және тұтыну
заттарын өндіру (б тобы) деп те жіктелуі мүмкін. Кейбір өнеркәсіп өнім
түрлерінің барлығы А тобына жатса (станоктар құрылғылар және т.б.),
біреулері түгелмен Б тобына жатады (тігін бұйымдары, аяқ киім, тамақ
өнімдері және т.б.). Өнеркәсіп түрлерінің бірқатары өндірістік мақсатта
жұмсалса, сондай – ақ өндірістік емес мақсаттарға бағытталуы мүмкін
(электроэнергия, көмір, маталар, бензин). А тобының өнімдері еңбек
заттары және еңбек құралдары деп жіктеледі.
Қазақстан Республикасының өнеркәсібінде келесідей салаларын қарастыруға
болады:
● Тау кен өнеркәсібі;
● Энергетикаға арналған материалдарды өңдеу;
● Энергетикаға арналған материалдарды өндіруден басқа кен
өндіру;
● Өңдеу өнеркәсібі;
● Темекі бұйымдар өндірісі;
● Сусындарды қоса алғандағы азық – түлік өнімдерін өндіру;
● Тоқыма және тігін өнеркәсібі;
● Былтырғы өндірісі, былтырғыдан жасалынған бұйымдар және
аяқ киім өндірісі;
● Ағаш және ағаш бұйымдары өндірісі;
● Қағаз және қатырма өндірісі, баспа ісі;
● Кокс өндірісі, мұнай айдау, ядролық материалдарды өндіру
және қайта өңдеу;
● Химия өнеркәсібі;
● Мұнай айдау;
● Пластмасса, резіңке бұйымдарын өндірумен қоса металлға
жатпайтын өзге де минералдық өнімдер өндірісі;
● Металлургия өнеркәсібі және металдар өңдеу;
● Металлургия өнеркәсібі;
● Түсті металл өндірісі;
● Дайын металл бұйымдарын өндіру;
● Машина жасау.

1.2. Бәсекеге қабілеттілікті арттырудағы сапаның рөлі

Халық шаруашылығы салаларында жетекші рөлді - өнеркәсіп. Өнеркәсіп
еңбек құралын, жеке тұтыну заттарын өндіреді, табиғи шикізаттарды, сондай –
ақ ауыл шаруашылық шикізаттарын қайта өңдеуді қамтамасыз етеді. Қуатты
өнеркәсіп еліміздің қауіпсіздігінің негізі болып табылады. Өз кезегінде
өнеркәсіп, мамандандырылған салалардың күрделі кешені болып табылады, оның
ішінде негізгі орынды халық шаруашылығының барлық салалары үшін өндіріс
қорларын өндіретін ауыр өнеркәсіп алады. Сондай – ақ жеңіл және тамақ
өнеркәсіптері үшін жеке тұтынатын заттар дайындайды.
Өнеркәсіп саласы – бұл өнеркәсіптік және өндірістік бірлестік-тердің
жиынтығы. Сапа құрамына жаңа өнімді дайындайтын ғылыми зерттеу, жобалық
және жобалық конструкторлық ұйымдар да кіреді. Әрбір саланың өзінің
экономикада және ұйымда көрінетін спецификалық ерекшеліктері болады.
Өнеркәсіптің салалық құрылымы жекелеген салалардың меншікті үлесінің
арақатынасын көрсетеді және ол келесідей белгілері бойынша топталады:
1) Халық шаруашылығында өнімді нақты пайдалану қағидасы бойынша екі
бөлімге бөлінеді:
а) өндіріс құралдарын өндіру;
б) тұтыну заттарын өндіру.
2) Еңбек заттарына әсер ету қағидасы бойынша барлық салалар екі топқа
бөлінеді:
- минералды және табиғи шикізатты, жылуды өндірумен айналысатын өндіру
өнеркәсібі;
- өндіру өнеркәсіп салаларында және ауыл шаруашылығында өндірілетін
шикізаттар мен материалдарды қайта өңдеумен айналысатын өңдеу өнеркәсібі.
3) Өнімнің функционалды бағытына сәйкес кешенді салалар бөлінеді: жылу,
машина құрастыру, металлды өңдеу, қара металлургия, түсті металлургия,
химиялық және мұнай химиялық және т.б.
Қазақстан Республикасының өнеркәсібі үш негізгі саладан тұрады, атап
айтқанда:
● тау – кен өндіру өнеркәсібі;
● өңдеу өнеркәсібі;
● электр энергиясын, газ бен су өндіру мен бөлу.
Өңдеу өнеркәсібі келесідей салалардан тұрады:
● ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу;
● тоқыма және тігін өнеркәсібі;
● былтырғы өндірісі, былтырғыдан жасалынған бұйымдар мен
аяқ киім өндірісі;
● ағаш және ағаш бұйымдары өндірісі;
● кокс өндірісі, мұнай айдау, ядролық материалдар өндірісі;
● химиялық өнеркәсіп;
● металлургия өнеркәсібі;
● машина жасау.
Бүгінгі күні еліміздің глобализациялау процесіне белсенді қатынасуы,
әлемдік экономикадағы толық интеграцияның қажеттілігі отандық өнім
өндірушілер өнімнің әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті сапада болуын қажет
етеді. Эконмикалық әдебиеттерде сапа түсінігіне әр түрлі анықтамалар
беріледі. Соның бірнешеуін қарастырайық:
1. Сапа – бұл болжам жасалынған немесе негізделген қажеттілікті
қанағаттандыруға қабілетті тауардың сипаты мен қасиеттердің жиынтығы.
Тұтынушы тұтыну шартына жауап беретін өнімді сапалы деп есептейді.
Шынында да өнім қасиеттердің жиынтығы бұрынғыдай болуы мүмкін, бірақ
тұтынушы үшін бұл өнім пайдаланылмауы мүмкін.
Кез келген құжатта немесе үлгіде белгілі бір қасиеттер жиынтығы
қандайда бір уақыт кезеңінде қажеттілік үздіксіз өзгеріп отырады, сондықтан
кәсіпорын өнімді дайындай отырып, нормативті – техникалық құжатпен
сәйкестендіргенімен тұтынушыны қанағаттандырмайтын сапасыз өнімді өндіруге
тәуелді болады. сондықтан өнім сапасын бағалаудағы негізгі орынды тұтынушы
алады. Өндіруші мен тұтынушы сапасы - өзара байланысты түсінік. Әкімшіл
әміршіл экономика шартында сапа өндірушінің ыңғайымен қарастырылса, ал
нарықтық экономикада ол тұтыну ыңғайымен қарастырылады.
2. Сапа – бұл фирманың беделі, пайданың өсуі немесе фирмада сапаны
басқару бойынша жұмыстардың өсуі.
Өнім сапасы кәсіпорын іс әрекетінің негізгі көрсеткіші болып
табылатындықтан, өнім сапасын арттыру қандайда бір деңгейді кәсіпорынның
нарықтық жағдайда өмір сүруін ғылыми – техникалық прогрес қарқынын, өндіріс
тиімділігінің өсімін, барлық ресурстар түрлерінің үнемделуін анықтайды.
Қорыта айтқанда, сапа – бұл экономикалық категория ретінде тауарға
салынған қасиеттер жиынтығын тұтынудың нақты шартында, қажеттіліктің
қанағаттану деңгейін сипаттайтын қоғамдық бағалау.
Өнім сапасының өсуі - әлемдегі барлық жетекші жұмыстарының
тенденциясына сипатты. Өндірілетін өнім сапасы – фирмалар арасындағы
өндірілетін өнімнің сапасы бойынша болып отырғандығы туралы баршамызға
мәлім. Міне соған байланысты стндарттар, заңдар және ережелер сапа
облысындағы жинақталған тәжірбиені бекітеді.
Өндірілетін өнімнің сапасы – бұл кәсіпорын экономикасының бүгінгі
күнінің белгісі. Шетелдік менеджерлердің айтуы бойынша – бұл лозунг емес,
керісінше ол үлкен философия, онда еңбек өнімділігінің өсу шығындарының
төмендеуі өнім сапасының нығаюына алып келетіндігі атап өтілген. Әр түрлі
елдердегі фирмалар өнімнің әр түрлі ассортименттерін өндіре отырып, оның
сапасымен жұмыс істейді. Өнім сапасын арттыру бойынша жұмысқа жұмсалынатын
шығын мөлшерінің үлесі үлкен болады және тұрақты өсіп отырады. Өнім сапасы
– еңбек заттары, еңбек құралдары, технология, басқару, өндірістік орта
сапасының нәтижесі. Соңғы сапа әр кезеңдегі жұмыс сапасынан тәуелді болады.
Өнім сапасының қалыптасуы оны жобалау кезеңінен басталады. Зерттеу
фазасында техникалық және экономикалық қағидалар талқыланып, функционалды
үлгілер жасалынады. Конструктивті – технологиялық жұмыстар кезеңінде
өндіріске ендіру дайындалады. Нарықтық экономика шартында өндіру және
тұтыну процесінде сапаны қадағалауға ұйымдастыруға ұмтылады. Аралық өнім
сапасы өз кезегінде соңғы өнімнің сапасын қалыптастырады, ал соңғысы өмір
сапасына шығады.
Қазақстан Республикасындағы экономикалық реформаның даму шаралары
бойынша сапаға үлкен көңіл бөлінуде. Ал өз кезегінде яғни сапалы өнім – бұл
төлемге қабілетті батыс нарығына экспорттық жол ашады.
Өнеркәсіп өнімнің сапасын бағалау үшін екі топқа бөлінетін
көрсеткіштерді пайдалануға болады: дара және кешенді. Сапаның дара
көрсеткіштері өнімнің бір қасиетін сипаттайды, ал өнімнің сапасының кешенді
көрсеткіштері өнімнің бірнеше көрсеткішін сипаттайды.
Өнім сапасы тек қана бір көрсеткішпен шектеліп қана қоймайды, өнім
қажетті өнім көрсеткіштерімен өрнектеледі. Көрсеткіштерге сәйкес қасиеттер
келесідей топтарға бөлінеді:
1. Тауардың пайдаланылу көрсеткіштері, оның нақты нарықта бағыты
бойынша пайдаланудың қайтымдылығын сипаттайды. Өнімнің пайдаланылу
облысымен негізделеді.
2. Тауардың сенімділігі – тауардың ұзақ мерзімге жарамдылығынан,
қасиеттердің сақталуынан, жөндеуге жарамды-лығынан тәуелді болатын сапаның
күрделі қасиеті.
Кейбір бұйымдар үшін жоғарыда аталған қасиеттердің біреуі ғана тән
болуы мүмкін. Эклектроприборлардың, автомобильдердің кейбір механизмдердің
қайтымсыздығы өте маңызды. Ұзақ мерзімге сақтау – бұл бұйымның өз
көрсеткіштерін сақтау қасиеті, сақталуының орташа мерзімі, гамма –
проценттік мерзімі. Сақталу- бұл тамақ өнімдерінде маңызды рөл ойнайды.
Жөндеуге жарамдылық техникалық қызмет көрсетудің орташа құнын, берілген
уақтта жөндеуді орындау ықтималдылығын анықтайтын көрсеткіш.
3. Тауарды пайдаланудың қауіпсіздігінің экологиялық тазалығы. Тауардың
экологиялық көрсеткіштері – тауар сапасының деңгейін анықтайтын маңызды
қасиеттердің бірі. Мұндай көрсеткішетрге жататындар: суға, адам
денсаулығына, табиғатқа және жануарлар әлеміне әсерін тигізетін
көрсеткіштер жатады.
4. Сапаның экономикалық көрсеткіштері обьектінің экономика-лық
талаптарына сәйкестігін анықтау кезінде қолданылады.
5. Сапаның технологиялық көрсеткіштері – бұл көрсеткіш, бар
технологияның талаптарының қаншалықты көрілгендігін, өнімдерді шығарудағы
және жөндеудегі еңбек өнімділігін арттырудың конструкторлық технологиялық
шешімдердің тиімділігін көрсетеді.
6. Стандарттау және сәйкестендіру көрсеткішетері.
7. Тауардың эстетикалылығы.
8. Тасымалдауға шыдамдылық көрсеткіштері өнімнің тасымал-дауға
бейімділігін, шыдамдылығын көрсетеді.
9. Патенттік – құқықтық көрсеткіштері..
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келіп, өнім сапасының қалыптасуын
келесі сурет арқылы көрсетуге болады.
Экономикалық өсімніңбарынша жоғарғы қарқынына қол жеткізу еліміздің
негізгі міндеті. Бұған өз экономикамымыздың бәсекеге қабілеттілік қабілетін
арттыру арқылы қол жеткізуге болады. бәсекеге қабілеттілік тұтынушының
қажеттілігін қанағаттандыра алатын тауардың құндық және сапалық
ерекшеліктерінің жиынтығымен анықталады. Сапа - өткізу нарығындағы
күрестің маңызды құралы бола отырып, тауардың бәсекеге қабілеттілігін
қамтамасыз етеді. Егер сапаға көңіл аударылмаса, онда ақауларды жөндеуге
көп қаржы жұмсалады.
Сыртқы нарықта өнімнің бәсекеге қабілеттілігі оның сапасынан және
жоғарғы әлемдік стандартпен экологиялық және санитарлық талаптарға
сәйкестігінен тәуелді болады.Бәсекеге қабілеттілік-бір нарықта ұқсас
объектілерді салыстырғанда, оның біреуінің екіншіге қарағанда нақты
қажеттілікті қанағаттандыру деңгейін сипаттайтынн объект қасиеті. Сонымен
қатар бәсекеге қабілеттілік бұл нақты нарық жағдайында басқасымен қарсыласа
алу мүмкіндігі.
Тауардың бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы негізгі шаралар келесідей:
■ ағымдағы статистика есептемесінің негізінде бәсекеге қабілеттілік
облысында жүйелі зерттеулерді пайдалану және ұйымдастыру;
■ микродеңгейде маркетинг пен менеджментті жақсарту;
■ ішкі нарыққа бағытталған өндірісті несиелеуге мүмкіндік беретін
деңгейге дейін пайыз деңгейін төмендету;
■ тауар қозғалысын ақпараттық қолдау нарық, бәсеке және бәсекелестер
жөнінде білім және өнімді өткізу, материалдар мен шикізаттарды өткізу,
материалдар мен шикізаттарды жеткізу бойынша стратегиялық серіктестер мен
инвесторларды іздестіру;
■ табиғи монопология сферасында бағаны қатаң реттеу;
■ өндірістік технологиялық және техникалық деңгейін арттыру мақсатында
тауарлардың жекелеген өндірісіне шетел инфесторларын тарту.
Көптеген дамыған елдерде ХХ-ғасырдың екінші жартысынан бастап, сапа
кәсіпорындардың мәселесі емес, сондай – ақ жалпы мемлекеттік маштабтағы
міндеттердің бірі болуда.Сапаны реттеу облысындағы мемлекеттің есте
қаларлық қадамдарының бірі ретінде энергетика, индустрия және сауда
министрлігінің бастамасымен қазіргі таңда ұйымдастырылған және өткізілетін
ХХІ ғасырға республикалық байқауды атауға болады. Осы аталған байқаудың
жеңімпаздары болып атанған отандық кәсіпорындар мемлекет тарапынан
берілетін бірінші кезекті инфестицияға үміттіне алады. Сонымен қатар
Республикалық сапа ассоцияциясы Қазақстандық кәсіпорындардың арасындағы
сапаны басқарудағы ең үздік жүйесіне арналған байқауда жеңімпаз атанған
отандық кәсіпорындар тауарларына Халық маркасы деген белгі бере алуына
мүмкіндік алады. Мұндай шаралар кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін
арттырады. Қазіргі таңда сапа мәселесі - кешенді яғни экономикалық
заңдылық, техника, білім беру салаларында, сондай – ақ өндірушілер мен
процестердің және қызмет көрсетулердің сапа мәселелерінде мемлекет пен
тұтынушылардың ғылыми және инженерлік құрылымдар, заңды және атқарушы
басқару органдар жұмыстарын үйлестіру негізінде жүргізіліп жатыр.Нарықтық
экономика жағдайында сыртқы және ішкі нарықтағы тұтынушылар үшін күрес
нағыз бәсекеге қабілетті өнімдерді шығаруды және өндіруді талап етеді.
Осыған байланысты екі мәселе туады. Олар:
- тауардың бәсекеге қабілеттілігінің экономикалық рационалды
деңгейлерін іздеу;
- оларды жүзеге асырудағы шығындарды анықтау;
Мұның бәрі сапаға әсер етуге бағытталғанбасқарудың рөлін жоғарылатады,
осының нәтижесінде өнімнің бәсекеге қабілеттілігі көтеріледі. Тауардың
бәсекеге қабілеттілігі – бәсекелік нарықтағы дамудың, табысқа жетудің
шешуші факторы болып табылады. Мұны көп аспектілі мағынада көрсетуге
болады. мысалы, нарықтық жағдайға тауардың сай келуі, тұтынушылардың нақты
талаптарына сапалық, техникалық, экономикалық, эстетикалық сипаттамалары
ғана емес, сонымен қатар коммерциялық талаптарға сай келуі тиіс.Сондықтан
да ішкі нарықтағы тұтынушылардың белгілі және ұсынылған талаптарын тұрақты
қанағаттандыруды қамтамасыз ететін өнім сапасын тұрақты деңгейде ұстап тұру
және жетілдіру мәселелерін шешу қазіргі кезде қиынға соғып отыр. Сондықтан
ИСО-9000 стандартына сәйкес кәсіпорында сапа жүйесінің болуы бүгінгі күннің
қажетті шарты.
1.3. Сапаны қамтамасыз ету облысындағы ИСО қызметі

Стандартизациялау бойынша Халықаралық ұйым ИСО (The international
Organization for standartization, ISO), әлемдегі стандарттар рөлінің
артуына және стандартизациялаудың дамуына қатынасады. Оның негізгі міндеті
болып интеллектуалды, ғылыми, техникалық және экономикалық іс әрекеттер
сферасында бірлесу және халықаралық айырбас жасау. 1947 жылы бекітілген бұл
мекеме қазіргі уақытта 140 елдің өкілдерін біріктіріп отыр.
Стандартизациялау бойынша Халықаралық ұйымды құру кезінде мағынасы тең
дегенді білдіретін грек сөзі ISOS негізге алынған.
Отандық өнеркәсіп өнімдерінің бәсекеге қабілетілігін арттыруға
қабілетті ететін кәсіпорындарда сапаны қамтамасыз ететін жүйені құруға
халықаралық стандартты қолдану стандартизациялау жүйесін жетілдірудің
маңызы зор. Бұл жағдайда сертификациялау-дың көмегімен қол жеткізуге
болады.
Өнімді сертификациялау тауардың стандарт талаптарына сәйкестігін
тексеруге мүмкіндік береді. Сертификация тауардың сыналғандығын, объективті
тексергендігін бекітеді.
Сертификация – тауардың стандарт талаптарына сәйкестігін растау
мақсатындағы процедуралар мен іс әрекеттер жиынтығы. Қазіргі жағдайда ол
ИСО – 9000 және оған сәйкес мемлекеттік стандарттар бойынша жүзеге
асырылады.
ИСО – 9000 халықаралық стандарттар әлемдік экономиканың маңызды құралы.
Әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті өнім шығаруды оның стандарт талаптарына
сәйкестігінің қажетті шарттарының бірі болып табылады.
ИСО – 9000 Халықаралық стандарт сериясының негізгі мақсаттары:
● саудаға техникалық кедергілерді жою;
● сертификациялаудың көп реттілігін жою;
● сәйкестігін бағалау нәтижесін өзара мойындау;
● тұтынушы - жеткізуші қатынасын реттеудің жалпы механизмін құру.
ИСО – 9000 халықаралық стандартын ендіру – бұл республиканың әлемдік
тұрақты өсуі. Сапаны басқару облысындағы мемлекеттік стандарттарының
талаптарына сәйкес келетін сапа жүйесін кәсіпорындарға ендіру арқылы
отандық тауар өндірушілерге көмектесуді қарастырады. Бұл орган мемлекеттік
стандарттар талаптарының орындалуын мемлекеттік қадағалау және бақылауды
жүзеге асырады.
Өнімнің сапасын реттеуге Стандарттау туралы және Сертификаттау
туралы заңдардың рөлі өте ерекше. Осы аталған заңдарға сәйкес стандарттау
саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеу, мемлекеттік стандарттау
жүйесінің құқықтық негіздерін және стандарттау жөніндегі нормативтік
құжаттарды реттеу, әзірлеу мен қолдану арқылы өнімнің тұтынушылардың
мүдделерін қорғау шараларын белгілейді.
Қазақстан Республикасының заңдылығына сәйкес стандарттаудың мақсаттары
болып:
● өнімдермен процестерге және қызмет көрсетулерге мөлшер-лерді,
ережелермен сипаттамаларды бекіту;
● адамдардың өмірі мен денсаулығы, қоршаған ортаны қорғау үшін өнімдер,
процестер, қызмет көрсетулердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
● саудадағы техникалық кедергілерді болдырмау, ішкі және сыртқы
нарықтарды бәсекеге қабілетті өнімдермен қамтамасыз ету.
Халықаралық стандартты практикалық көмек көрсету мақсатында Қазақстан
Республикасының Үкіметімен қабылданған және өткізілген республикалық Сапа
басқару жүйесі құрылды. Осыдан бастап белгілі бір шеңбер ішінде практикалық
көмек көрсету кәсіпорындарға азық – түлік сертификациясынан өндірістегі
сертификатты басқару жүйесіне өтуі негізделген. Бұл стандарттар халықаралық
ИСО-9000 стандартына сәйкес.
Қазақстан Республикасының Премьер министрінің тапсыруы бойынша 2001
жылдың 29 сәуір айынан № 9 Қазақстан Республикасының өңдеу өнеркәсібінде
бәсекелестікті жоғарылату және импортты алмастыру концепсиясы дайындалды.
ИСО-9000 халықаралық стандарттар жүйесіне ширақ енуі отандық өндіріспен
тұтыну құрылымының өзгеруіне жағдай жасайды. Машина жасау өнеркәсіптерінің
даму стратегиясы 2002-2010 жылғы болжамы бойынша көліктерді импорттау және
құрылғыларды импорттау, өндірістік қуатты құру, өндіріс көлемін ұлғайту,
әсіресе импорт алмастыру кезінде халықаралық стандарт ИСО-9000 жүйесіне сай
өндірілуі, кәсіпорынның өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттырады.
Жаңа цехтарды ашу, қосалқы бөлшектерді шығару, жаңа машиналарды жасау
және өндірістің қарқынды дамуы онң өнім көлемінің ұлғаюы келесі
өнеркәсіптерде байқалды: ААҚ Карданвал және Экскаватор. Машина
жасаудағы негізгі бағыт өндірістегі және машина жасау құрылғылармен қосалқы
бөлшектер агроөнеркәсіптік кәсіпорындарда: ЮКМЗ ААҚ, Механикалық завод
ААҚ, Экскаватор ААҚ, Южмаш-К ЖШС, Түркістаннасос ААҚ.
Жеңіл және тоқыма өнеркәсібінің дамуы өнім көлемінің өсуі, кәсіпорынның
өнімге бәсекеге қабілеттілігін, мақта түтігін жаңа кәсіпорындар арқылы
өңдеу, кәсіпорындарды жұмысқа қою, модернизациялау, техникалық құрылғыларды
ауыстыу егілетін жер көлемін ұлғайту және мақта шикізатын ұлғайтудың
негізгі кәсіпорындары: Ақ-алтын ААҚ, Мырзакент ААҚ, Мақтарал ААҚ,
Жетісайлық филиал Нимэкс ЖШС.
Халықаралық стандарттар ИСО-9000 жоғарғы жұмыс процестер көмегімен
жүзеге асырылады. Бұл стандарттың негізгі мақсаты дүниежүзілік нарықтағы
стандарттарға сәйкес өнім шығару. 2001 жылдан бастап Оңтүстік Қазақстан
облысындағы кәсіпорындарға сапа жүйесі ендірілді, ол халықаралық стандарт
ИСО-9000 негізделген. Халықаралық стандартпен жұмыс істеу бойынша 2002-2006
жылдары кәсіпорындардың санын қарқынды түрде өсіру жоспарлануда. Жұмыс
істеуші кәсіпорындарды техникалық қайта құру бойынша:
● ИнтерКомШина ААҚ – жаңа жоба жасап шығарды, онда жаңа доңғалақтарды
шығару көзделген.
● Электроаппарат - жаңа импортты алмастыру жобасын жасап шығарды онда
итергіш элементтер, ваккумдық өлшегіштер жасап шығарады.
● ААҚ Трансформаторлық завод - жаңа трансформаторлық өндірістік
импортты алмастыру жобасын жасап шығарды.
Агроөнеркәсіптік кешен – бұл ауыл шаруашылық және өндірістік
кәсіпорындардың ортақ жүйесі, олар өзара тұрақты өндірістік және
коммерциялық қатынастармен тығыз байланысты жүйе болып табылады.
Елде қолданылатын агротехнологиялардың төмен деңгейі, ауыл шаруашылық
өнімдерін қайта өңдеу технологиялардың және өндірістің машина
механизмдердің төмен деңгейі айқын байқалады. Қазақстандық тұтынушылық
тауарлар сапасы еуропалық деңгеймен бірдей, бірақ төменгі баға нарығы
дамыған елдермен антидемпингтік шектеулер әсерінен бәсекеге төтеп бере
алмайды. Қазіргі кезде ішкі нарықтың бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату
бірінші кезекке қойылып отыр. Бәсекеге қабілеттілікті жоғырылатудың ең
бастысы – бұл тауардың бағасын төмендету. Қазақстандық тауарлардың бәсекеге
қабілеттігін арттырудың негізгі бағыттары:
● статистикалық берілгендерге қарай отырып бірлестіктер және
тексерулер жүйелердің бәсекеге қабілеттілігін анықтау;
● менеджмент пен маркетингті микродеңгейде жақсарту;
● пайыздық ставка деңгейін төмендету, ішкі нарыққа
бағытталуы;
● мемлекеттік деңгейде ішкі нарықтағы тауар айналасына
ақпараттық қолдау көрсету, бәсекелестерді білу,
инвесторларды табу және шикізат материалымен қамтамасыз
ететін стратегиялық серіктестерді табу;
● монополия сферасындағы қатаң бағаны реттеу;
● кейбір тұтыну тауарларын өндіруге және технологиялық,
техникалық деңгейде жоғарылату үшін шет ел инвесторларын
тарту. Кейбір өндірістік тұтынушылық тауарлары шетел
инвесторларына тиімді болуы мүмкін, оларды экспорттау
мүмкіндігі туындайды;
● жеңіл және тамақ өнеркәсіптерінің құрылуы немесе жылдам
дамуы;
● сапасы мен ассортиментін жоғарлата отырып бәсекеге
қабілеттігін анықтау;
● отандық экономиканың текстильді тоқыма және былғары аяқ
киім өнімдерінің тәуелділігі;
● шикізат және материалдар, дайын өнімді өндіру, ішкі нарықта
отандық тауарларды тарату және т.б.
Алға қойған мақсаттар келесіні көрсетеді:
● өндірістің техникалық деңгейін жоғарылату, отандық тауар
бағасын бәсекеге қабілетті етіп елдегі импорт тауарларын
ығыстыру;
● кәсіпорынның қаржылық – экономикалық жағдайының
жақсаруы;
● кәсіпкерлермен бірлестіктерге техникалық, технологиялық
әдістемелік қолдау жасау, бизнес жоспарын дайындау;
● несиені кәсіпорнның екінші деңгейлі банктермен
инвестицияны тартуға жағдай жасау.
Қорыта айтқанда ИСО – 9000 халықаралық стандарттар Қазақстан
Республикасындағы кәсіпорындарда енгізілген стандарттың негізгі
экономикалық тиімділігі – жоғарғы стандарт.
ИСО – 9000 стандарты елімізде отандық кәсіпорындардың өндірген
тауарларын шетелдерге шығаруға, бәсекеге қабілеттігін арттыруға жағдай
жасауы, елімізге шетел тауарлар импортына шек қоюы және отандық
кәсіпкерлердің тауарына сұраныстың өсуі, тауар бағасының төмендеуі әсер
етеді. Мысалыға, ЖШС Шымкентпиво 2004 жылы өнім өндіруді жаңа
технологиямен, техникамен тауар сапасын жақсартып өндіруді көздеген
болатын. Бұл тауар сапасы батыс елдерінің тауар сапасынан төмен емес. ААҚ
Шымкентмай өндірісті модернизациялаумен қатар технологияларды дамыту
арқылы бәсекеге қабілеттігін арттыруды 2006 жылға 29.8 мың тонна
жоғарылатуды көздеп отыр, жоғарылау қарқыны 2004 жылы 11.5.5% құрады. Елде
қолданылатын агротехникалардың төмен деңгейі, ауыл шаруашылық өнімдерін
қайта өңдеу технологиялардың және өндірістің машина механизмдерінің төмен
деңгейі айқын байқалады. Әлемдік стандарттар деңгейінде өнім сапасын
қамтамасыз ету үшін өнеркәсіптік кәсіпорындар сапаны бақылау жүйесін
өндіруі қажет. Бірақ бұл жұмыс біздің облысымызда төмен қарқынмен
жүргізілуде. Қазіргі кезде сапаның халықаралық жүйесімен облысымыздағы орта
және ірі кәсіпорындардың 8-9 пайызы ғана айналысуда.

1.4. Өнім сапасын арттырудың шетелдік тәжірбиесі

Қазақстандық кәсіпорындар мен ұйымдардың әлемдік нарықтағы отандық
өнеркәсіптердің бәсекеге қбілеттілігін арттыру мақсатында, нарықтық
экономикасы дамыған шет елдердің тәжірбиесін қарастырған жөн.
Нарықтық экономикаға өту жоғарғы сапаға жеткен әлемнің жетекші
фирмаларының тәжірбиесін зерттеу қажеттілігін негіздейді. Нарықтық
экономикасы дамыған елдердің жетекші фирмалары сапаға жету үшін барлық
қызмет алға қойылған белгілі бір мақсатқа бағытталуы керек деп есептейді.
Сапаны арттырудағы негізгі рөлді тұтынушылардың талаптары мен тұтынушының
бағалауларындағы қателіктері ақпараттар алады.
Бірқатар елдерде жүргізілген зерттеулер бойынша сапаға аз көңіл
аударған компаниялар уақыттың 60 пайызын ақауларды жөндеуге кетендігін
көрсеткен.
Сапаны арттырудың мәні Жапония мысалында жақсы көрінеді. Екінші
дүниежүзілік соғыстан кейін өнеркәсіптері артта қалған, техникасы тозған,
өндірген өнімнің сапасы өте төмен Жапония еліне ұлт ретінде жойылып кету
қауіпі туды. Өнеркәсіпшілер өнім сапасы мен өндіріс тиімділігін арттыру
жолдарын іздестірумен белсенді айналысып, Жапондық басқарушылар бүкіл әлем
бойынша тәжірбиелерді зерттеген. Сондай-ақ АҚШ және Еуропа елдеріндегі
жетекші өнеркәсіптік фирмалардың жетекшілерімен кездесіп, тиімді жақтарын
қарастырған. Жапондық басқарушылар сапаны статистикалық бақылау және сапаны
кешенді басқару ұғымдарына көп көңіл аударған сонымен қатар әр түрлі
елдердің тәжірбиесін зерттей оырып, өнім сапасы мен өз жұмыскерлеріне
жоғарғы талаптар қойылған.
Қорытындысында, Жапон елінде сапаның жапондық стандарттары және Сапа
мәдниеті деп аталатын түсінік пайда болған. Сапа мәдениеті - өндірістік
операциялардың орындалу сапасынан және қызмет көрсету сапасынан тұратын
кешенді түсінік. Осылайша Жапония кәсіпорынның іс - әрекетінің жаңа
әдістемесінің бастамасы болып, сапаны жалпылай басқаруға көшті. Бұл жаңа
жүйе микродеңгейден басқа өнім өткізу нарығын бақылау, нарықтық
коньюктураны талдау, сатудан кейінгі қызмет көрсетуден тұрады. Сапаны жалпы
басқару тұтынушылар сұранысының өнім сапасына ықыласын күшейтті және сапа
меннджер жұмысын бағалау критерилерінің санына кірді. Сондықтан компания
менеджерлері сапаға басқарудың бір кезеңі ретінде қарамай, үлкен мән берді.
1950 жылыдың соңында, АҚШ және Батыс Еуропа елдерінде сапаны бақылаудың
әр түрлі формалары пайда болды. Солардың бірі нөлдік дефекті немесе
дефектісіз еңбек аталған болатын. Мұндай қолданылған шаралар, материалды
және моральды ынталандырулар қызметкерлердің өз жұмысын ақаусыз, сапалы
орындауына алып келеді.
1950 жылдары Жапонияда сапа үйірмелері белсенді қызмет етті. Сапа
үйірмелері сапаны және қызметкерлерді басқарудың жапондық тәжірбиесі мен
тұжырымдамасынан пайда болды. Сапа үйірмесі іс әрекетінің маңызды формасы
шеберлер мен жұмыскерлерді оқыту болды. Шебер үшін сапаны бақылау деп
аталатын журнал шығарыла бастады. Бұл үйімелердің негізгі мақсаттары:
● Кәсіпорынның дамуына және өндірісті жетілдіруге үлес қосу;
● Адамға құрмет көрсету кезінде, жұмыс орнында қуанышты жағдай құру;
● Адам қабілетін оятуға және оның шексіз мүмкіндіктерін анықтауға
қолайлы жағдай жасау. Мұндай сапа үйірмелерінің саны Жапонияда 1965 жылы
3700-ге жетті. Жапондық сапаны басқару жүйесіндегі функцоналдаудың ерекше
сипаттамасы дефектісіз еңбек әдісімен кәсіпорын қызметкерлерін жан жақты
оқыту, технологияны сақтауды қатаң тексеру, өнім сапасын басқарудағы
жұмысшыларды сапаны жақсату іс – шараларына тарту болып табылады. Соңғы
жиырма жыл ішінде өнімнің сапасын жақсарту бойынша Жапонияны тәжірбиесіне
көңіл ауғаны белгілі. Олардың тауарлары жоғары сапалығымен, американдық
және батыс еуропалық тауарларынан анағұрлым төмен бағасымен ерекшеленеді.
Сонымен Жапонияда сапаға деген көз қарас келесідей:
● Басқару және технология облысындағы ғылыми өңдеулердің
кең қолданысы;
● Өз фирмасына деген патриоттық тәрбие;
● Барлық басқару операцияларында өндірісті талдау мен
бақылауда компьютеризацияның жоғарғы дәрежесі;
● Кооперативті рухтың дамуы.
Батыс Еуропа, Жапония, АҚШ фирмаларында өнім сапасын жалпы бақылау үш
міндетті шартты ұсынады:
1. Сапа іс-әрекетінің негізгі стратегиялық мақсаты ретінде, фирманың
жоғары жетекшілігімен мойындалуы. Сондықтан нақты міндеттер қойылып, оны
шешуге белгілі бір қор бөлінеді. себебі сапаға қойылатын талапты тұтынушы
аяқтайды. Өнім сапасы тұрақты өсіп отыруы қажет және бұл үздіксіз өзгеріп
отыратын мақсат.
2. Өнім сапасын арттыру бойынша шаралар кәсіпорынның барлық
бөлімшелеріне тиісті болуы қажет. Көбінесе өнім сапасын арттыруға, жаңа
бұйымды дайындау кезеңінде көп көңіл бөлінеді.
3. Белгілі бір жұмыс орнында үздіксіз оқу процесінің жүруі және
жұмыскерлерді ынталандыру.
Американдық экономист А.Фейгенбауманның пікірінше қатаң бәсекелестік
шартында, (АҚШ-та өндірілетін өнімнің 70% импорт өнімі тарапынан қатаң
бәсекелестікте) фирма жетістікпен дамуы, келесідей қағидалармен жетекшілік
етуінде:
● сапа фирма қызметінің бағыттарының бірі емес, ол
кәсіпорынның барлық функцияларына қатысты үздіксіз
процесс;
● сапаның артуы оның қалыптасуына әрбір фирма
қызметкерлерінің қатысу деңгейінен тәуелді;
● сапа өнімнің өзіндік құнын төмендетуде кедергі жасамайды,
керісінше жағдай жасайды;
● сапа жаңа техниканы және технологияны пайдалануды
білдіреді;
● сапаны тікелей және тиімді басқару қажет.
Бұйым сапасын арттыруға қойылатын талап, жыл сайы өсіп отырады,
қазіргі уақытта әлемдік нарықтың сипаттамаларының бірі. Жаңа бұйымды
талқылау жүйесі келесі шарттарды қанағаттандыруы тиіс:
● бұйымды талқылау кезінен бастап, барлық техникалық
жаңалықтармен қатар сапа қарастырылуы қажет;
● ғылыми зерттеу және тәжірбиелі – конструкторлық жұмысты
жоспарлау, сипаттамалары жоғары бұйым варианттарын
жобалауды шектемей ұйымдастырылуы қажет;
● бұйымды талқылауды жеделдету талқылау жүйесінің
тиіділігінің негізгі белгісі болуы қажет.
1980 жылдың соңында нарықтық экономикасы дамыған елдер сапа
менеждментін сертификациялау және ендіру, талқылаумен айналысты. Сапа
менеджментіне жүйелі ыңғай қалыптасты. Өнім сапасына ғана емес көрсетілетін
қызмет сапасына көңіл аударылды. АҚШ пен Жапония модельдерін жүзеге
асырудың басты ерекшелігі олардың тұтынушыға бағытталуы. Американдық
компанияларда өнім сапасының қалыптасуындағы негізгі элементі – тұтынушының
талаптарын талдау болып табылады. Сапаны реттеу процесінің соңғы элементі
де тұтынушының талабы болады, осылайша кері байланыс жүйесі құрылады.
таңдап алынған сапа көрсеткіштері жоспарланған өз мәніне өндіріс процесінде
жетеді. Эксплуатация, техникалық қызмет көрсету, жөндеуге кепілдік беру,
сол өнім түріне қажеттілікті қанағаттандыру деңгейі жөнінде қосымша
ақпараттар береді.
Сапаны басқарудың Жапондық жүйесінің қызмет етуінің ерекшелігі бұл
кәсіпорын қызметкерлерін технологияны сақтауды қатаң бақылау, өнім сапасын
басқаруға жұмыскерлерді тарту әдістері арқылы жан жақты оқыту болып
табылады. Еуропа, Америка және Жапонияның өнеркәсіптік
кәсіпорындардакелесідей екі тұжырымдама неғұрлым кеңінен таралған.
TQC тұжырымдамасы (Total Qualiti Control) және CWQC (Company Wide
Qualiti Control). TQC тұжырымдамасы сапа мәселесіне мамандандырылған
құрылымдық функционалды бөлімшелерді дұрыс құруды ұсынады. Өнім сапасының
жауапкершілігі фирманың жетекшілігінің жоғары деңгейіне ұсынылады. SWQC
тұжырымдамасы басқару функциясының орталықсыздандыруға негізделген және
сапаны басқаруға кәсіпорынның барлық қызметкерлерінің қатысуын ұсынады.
Бұл ыңғай тұтынушының талаптарын жан жақты қанағаттандырумен
байланысты. Жүйелі ыңғайға негізделе отырып, сапаны басқаруға негізгі
акцент сапаның тұрақты деңгейінен өлшемді өндіруге кепілдік беретін
шараларды жүзеге асырумен араласады, осылайша сапаны қамтамасыз ету
кәсіпкерлердің басты стратегиялық міндеті ретінде қарастырылады. Бұл қағида
сериясы ИСО стандартты тұжырымдамасымен жүзеге асты.
ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӨНЕРКӘСІП
САЛАЛАРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ МЕН ОНЫҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ

2.1. Қазақстан Республикасындағы өнеркәсіп салаларының
қазіргі жағдайы

Республикамыздың әлеуметтік экономикалық жағдайы облыс-ымыздың
өнеркәсіп потенциялы дамуының деңгейімен анықталады. Өнеркәсіптік секторды
одан әрі дамытудың басты міндеті тек қана өндірісті тұрақтандыру мен өсіру
емес, сондай – ақ оның қайта құрылуы бәсекеге қабілеттілігін арттыру,
шығарылатын өнімнің сапасын жақсарту, оның экспорттық әлеуетінің жоғарылауы
болып табылады. Қазақстан Республикасы бойынша өнеркәсіп өндірісінің 2000 –
2004 жылдың қаңтар – желтоқсан айлар аралығындағы жағдайын төмендегі №1
кестеден көруге болады. кестедегі өнеркәсіп өндірісінің бес жылының 2004
жылды 2003 жылмен салыстыратын болсам, 2004 жылдың қаңтар – желтоқсан
айларындағы өнеркәсіп өндірісінің қорытындылайтын болсам, 2004 жылы кен
өндіру өнеркәсібінде 4959,9 млрд теңгенің өнімі өндірілді, бұл 2003 жылғы
деңгейден 12,7% жоғары. Көлемнің өсуі негізінен газ конденсатын (45%), газ
түріндегі табиғи газ (тауарлы шығарылым) (25,3%), шикі мұнай (11,5%) темір
кенді шекемтастар (6,8%), темір кендерін (5,3%) тас көмір (2,3%) өндіруді
арттырумен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ құрамында алтыны бар кендер және
хром кендері, ескерткіштерге, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарықтық экономика жағдайында мемлекеттік реттеудің теориялық негіздері
Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін жетілдіру жолдары
Нарықтық қатынастар жағдайларында экономиканың сапасын көтеру механизмінің қызмет етуінің теориялық және әдіснамалық негіздерін зерттеу
Саланың бәсекеге қабілеттілігі
Экономикалық қатынастар жүйесіндегі инфрақұрылымның даму мәселелері
Өнім сапасын арттырудың шетелдік тәжірибесі
Кәсіпорыннын өндірістік құрылымы. Өндірістік кәсіпорынның материалдық өндірісі
Индустриалды даму
Экономикалық қатынастар жүйесіндегі инфрақұрылымның даму приоритеттері
Сапаның экономикалық маңызы
Пәндер