Техникалық комитеттердің үйлестіруші органдармен өзара әрекеттесуі


Кіріспе
Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер мемлекеттік органдармен мүдделі жақтардың ұсыныстары бойынша салааралық деңгейде стандарттау жөніндегі жұмыстарды өткізу үшін құрылған. Техникалық комитет стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі өкілетті органның бұйрығымен бекітіледі. Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің қызметін үйлестіру стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі өкілетті органмен анықталып мемілекеттік кәсіпорындар жұмыстарын жүзеге асырады.
Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер орындалатын жұмыс деңгейіне байланысты Қазақстан Республикасының техникалық комитеттеріне, мемлекетаралық техникалық комитеттерге және Халықаралық ұйымының техникалық комитеттеріне бөлінеді.
Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттің атауы «Стандарттау жөніндегі техникалық комитет» сөздерінен және қызмет саласының атынан (стандартау объектісінен) тұрады. Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттің қысқартылған аты «ТК», «МТК» немесе «ИСО ТК» әріптерінен және бір, екі немесе үш мәнді тіркеу нөмірінен тұрады, мысалы: ТК 48, МТК 504, ИСО ТК. Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің құрамына мемлекеттік органдардың және мүдделі жақтардың өкілдері қосылады.
Мазмұны:
Кіріспе
- Техникалық комитеттердің үйлестіруші органдармен өзара әрекеттесу тетігі, олардың құрылымы және құрамы3
- ТК қызыметі . . . 4
- МТК құрылу және жұмыс жасау тәртібі . . . 5
- ИСО ТК құрылу және жұмыс істеу тәртібі . . . 5
- Қорытынды7
- Пайдалынылған әдебиет . . . 8
- Техникалық комитеттердің үйлестіруші органдармен өзара әрекеттесу тетігі, олардың құрылымы және құрамы
Техникалық комитеттердің үйлестіруші органдармен өзара әрекеттесу механизмі, олардың құрылымы және құрамы қосымшасында берілген. МАС стандарттары жөніндегі Бюромен хат жазысу және ИСО өзара әрекеттесуді стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі өкілетті органмен анықталған кәсіпорын жүргізеді. Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттің құрылымында мемлекеттік, мемлекетаралық және халықаралық стнадарттаудың (қызмет салалары) жеке объектілері бойынша жұмыстардың анықталған бөлігін өткізу үшін стандарттау жөніндегі техникалық комитетке бекітілген, құзіреті сәйкес шектелген қосымша комитеттер құрыла алады.
- ТК хатшылығын жүргізуге келісім берген ТК құруға негіз болатын заңды тұлғаның, оның қызметі және ТК жұмысына жағдайлар жасау мүмкіндіктері
туралы толық ақпараты бар толық және қысқартылған аты. Келісім еркін ны-
санда жазбаша ресімделеді;
- ТК бекітілген стандарттау объектілерінің тізімі немесе ТК қызметінің са-
ласы;
- Ағымдағы жылдағы және(немесе) болашақтағы болжалданған жұмыс бағдарламасы;
- ТК жұмысына қатысуға жазбаша келіскен ТК мүше ұйымдардың бол-
жалды тізімі.
- ТК қызметі
ТК қызметі мемлекеттік стандарттардың сапалық деңгейін жоғарылатуға, оны отандық өнімнің ішкі және сыртқы нарықтағы бәсеке қабілеттілігін жоғарылату үшін, сондай-ақ шет елдермен өніммен (технологиямен, қызметтермен) саудалық айырбас жасасу кезінде техникалық кедергілерді жою үшін халықаралық стандарттармен үйлестіруге бағытталуы тиіс.
Мемлекеттік стандарттау саласында ТК мынадай жұмыстарды ұйым- дастырады және жүргізеді:
- ТК бекітілген объектілер бойынша мемлекеттік стандарттаудың негізгі даму бағыттарын анықтау және стандарттау, метрология және сертификаттау
жөніндегі өкілетті органға ұсыныстар беру;
- мемлекеттік стандарттардың жобаларын (ҚР СТ), техника-экономикалық
ақпараттың мемлекеттік жіктеуіштерін, стандарттау жөніндегі ережелер мен
ұсыныстарды және ТК бекітілген объектілер бойынша техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді әзірлеу, қарастыру, келісу және бекітуге дайындау;
- ұйымдардың стандарттарын, ТК бекітілген объектілер бойынша Қазақстан Республикасын стандарттау жөніндегі ұсыныстарын әзірлеу, қарастыру, келісу;
- стандарттау жөніндегі қолданыстағы нормативтік құжаттарға өзгертулерді қайта қарау және дайындау;
- ТК бекітілген объектілер бойынша стандарттау жөніндегі республикада қолданыстағы нормативтік құжаттарды жою туралы ұсыныстарды дайындау;
- республикада қолданылатын нормативтік құжаттарды мемлекетаралық, халықаралық, аймақтық және ұлттық стандарттары мен шет елдердің құжат- тарымен сәйкестендіру және үйлестіру жөніндегі ұсыныстарды дайындау және жұмыстарды жүргізу;
- техникалық деңгейді және ТК бекітілген объектілер бойынша стандарттаудың қол жеткізілген деңгейін бағалау;
- техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық келсімдердің жобаларын, мемлекеттік стандарттарды және нарықтық экономикасы дамыған елдердің техника-экономикалық ақпаратының сыныптауыштарын баламалы және (немесе) өзара байланысты стандарттау объектілерін Қазақстан Республикасында қолдану мақсатымен әзірлеуге және(немесе) қарастыруға қатысу;
- Қазақстан Республикасында қолданыстағы стандарттау жөніндегі стандарттар мен құжаттарды қайта қарау және өзгертулер енгізу, жаңадан әзірлеу жөніндегі мемелекеттік стандарттау бағдарламаларына және жоспарларына ұсыныстарды дайындау және қажеттілікті анықтау;
- стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі өкілетті органға ТК ағымдағы және болашақтағы жұмыс жоспарларын және оның жасаған жұмысы туралы жыл сайынғы есебін ұсыну. ТК жұмыс жоспары жоспарланатын жұмыстардың орындалу жылының
алдындағы жылдың 1 шілдесіне дейін республикалық мемлекеттік кәсіпорынға ұсынылады.
- МТК құрылу және жұмыс жасау тәртібі
МТК құру немесе стандарттау жөніндегі мемлекетаралық техникалық комитетінің жұмысына қатысу туралы негізделген ұсыныстар ұйымдар мен кәсіпорындармен өкілетті органға жіберіледі.
Ұсыныс мыналардан тұрады:
- МТК құрылуына негіз болуға немесе оның жұмысы туралы толық ақпаратпен МТК хатшылығын жүргізуге келіскен және МТК жұмысына жағдайлар жасауға арналған мүмкіндіктер туралы жұмыс істеп жатқан МТК жұмысына қатысуға ұсынылатын заңды тұлғаның толық және қысқартылған атауы. Келісім еркін түрде жазбаша ресімделеді (келісім ретінде МТК құру жөніндегі Бұйрыққа қол қойылу санала алады) ;
- МТК бекітілген стандарттау объектілерінің тізімі немесе МТК қызметінің саласы;
- ағымдағы жылдағы және(немесе) болашақтағы жұмыстардың болжалды бағдарламасы;
- МТК жұмысына қатысуға жазбаша келісімімен МТК мүше ұйымдардың болжалды тізімі;
- МТК құрылымының және ережелерінің жобасы.
- ИСО ТК құрылу және жұмыс істеу тәртібі
Халықаралық техникалық комитеттің құрамына кіруге тілек білдірген стандарттау жөніндегі техникалық комитет өкілетті органға ұсынылған жұмыстардың көлемі мен болжалды қатысу мәртебесі (толық құқылы мүше немесе сырттан бақылаушы) баяндалған осы техникалық комитеттің жұмыстарына белсенді қатысу немесе құрамына оның жұмыстарын сырттан бақылаушылар ретінде кіру тілегі бар түсіндірме жазбасы бар мәлімдеме жібереді. Қандай да бір техникалық саладағы стандарттау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге мәлімдеме бір немесе бірнеше ұйымдармен және/немесе ТК немесе МТК ұсынылуы керек.
Халықаралық стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымның Техникалық басқару бюросымен құрылады (бұдан әрі - ТББ) және жұмысты оның жетекшілігімен жүргізеді.
Көрсетілген құжаттар өкілетті органмен қарастырылады, мақұлданған және оң шешім қабылданған жағдайда құжаттар ИСО белгіленген тәртіпте өкілетті органмен ИСО стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымға ұсынылады, теріс шешім қабылданған жағдайда мәлімдеме толықтырылуға қайтарылапды немесе қабылданбайды.
Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттің мүшелігі туралы ақырғы шешімі, мәлімденген саласы және халықаралық тізілімде тіркелу ИСО белгіленген тәртіпте қабылданады. ИСО бас хатшысы мүше комитеттермен осы техникалық комитеттің құрылуын ұсынылған жұмыстарды жүргізу үшін келіседі және оң шешім жағдайында Техникалық басқару бюросына (бұдан әрі - ТББ) мүше комитеттерден алынған жауаптарды сәйкес ақпаратпен
бірге ұсынады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz