Тұрқы бөлшегі үшін құйманы жасаудың технологиясын әзірлеу
Аңдатпа
Нормативтік сілтемелер
Анықтамалар
Белгілер мен қысқартулар
Кіріспе
1. Құйылатын бөлшектің сипаттамасы немесе оның қызметтерінің шарты
2. Құйма материалы және оның қасиеттері
3. Құйманың технологиялылығын талдау
4. Қорамада құйманың орналасуын таңдау
5. Қорама және үлгінің ажырамасын таңдау
6. Әдіптерді, сыртпішін құру еңісін, ойыңды және өзектің санын есептеу
7. Технологиялық есептер
7.1Құюжол жүйесінің есебі
7.2Қосылманың есебі
8. Опоканы таңдау
9. Пешті таңдау
10. Қорама мен өзектерді дайындау, құрастыру және құю қалыптау, кесу,тазалау және құймаларды термиялық өңдеу
11. Құймалардың сапасын бақылау
12. Құймалардың ықтимал ақаулары және оларды алдын ала жою
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар

Машина жасау өндірісінің металдар мен түрлі қорытпаларды балқытып, ішкі қуысы қажетті пішінді қалыпқа балқыманы құю арқылы әр түрлі бұйымдар мен дайындамаларды жасау саласын құю өндірісі деп атайды. Қалыпқа құйылғаннан кейін қорытпа қатайып құймаға айналады. Өндірілген дайындама кесіп өңдеуден өткеннен кейін мөлшерлері мен беттерінің кедір-бұдырлығы қажетті түрді қамтамасыз етіліп машинаның бөлшегіне айналады.
Құю әдісі арқылы, басқа тәсілдермен жасауға болмайтын күрделі пішінді бұйымдар мен детальдарды жасауға болады. Ол бұйымдар мен детальдардың салмақтары бірнеше граммнан жүздеген тоннаға, мөлшерлері бірнеше сантиметрден 20 метрге, қалыңдығы 0,5-500мм дейін жетеді.
Құю өндірісі келесі процесстерден тұрады:
1. өндірілетін бұйымның немесе дайындаманың үлгісін жасау;
2. қалып және өзекшелер жасалатын қоспалар дайындау;
3. өзекшелер жасау;
4. өндірілетін бұйымның не детальдың үлгісі бойынша қалып жасау;
5. қорытпаны балқыту;
6. қалыпқа балқыма құю;
7. құйманы қатайғаннан кейін қалыптан шығарып алу;
8. құйманы тазарту;
9. қажет болған жағдайда құйманы термиялық өңдеулерден өткізу;
10. сапасын анықтау мен қатар ақауы бар құймаларды жөндеу.
Қалып пайдалануына байланысты бер рет, бірнеше, немесе көн рет (тұрақты) құйма құйылатын болып жасалады. Бір рет құйылатын қалып құм мен балшықтан, сұйық шынысынан, байланыстырушы заттардан т.б. қоспаларынан жасалады. Бірнеше немесе көп рет құйма құюға арналған қалыптар төзімді материалдардан немесе металл қорытпаларынан жасалады.
Қалыпты жасау әдістеріне байланысты құю жолдары мынадай болып бөлінеді:
1) бір рет қолданылатын құм балшықтан жасалған қалыпқа құю;
2) центрден тепкіш машиналар арқылы қалыпқа құю;
3) кокильді құю (металл қалып);
4) қысыммен құю, т.б.
Белгілі бір детальды өндіру үшін алдымен ағаштан немесе металдан, гипстен, пластмассадан оның үлгісі жасалады. Оның ішкі қуысын қалыптастыру үшін қуыспен пішіндес өзекше даярланады. Қалып ажырамалы екі бөліктен құралып, сыртынан опока деп аталатын жәшікпен құрсауланады. Қалыпқа балқыма құю арнайы аспаптар жүйесі пайдаланылады. Балқыманы пештен шөмішке онан қалыпқа құюға арналған резервуар мен науашалар жиынтығын құю аспапбы дейді.

1. Гини Э.А. Специальные технологии литья.- М.: Изд-во МГТУ им. Н.Э.Баумана, 2010.- 367с.
2. Литейное производство / Под ред. А.М.Михайлова. - М.: Машиностроение, 2007.
3. Технология литейного производства. Учебник для вузов/ А.П. Трухов, Ю.А. Сорокин, М.Ю. Ершов и др.; под ред. А.П. Трухова.-М., 2005.
4. Жуковский С.С. Холоднотвердеющие связующие и смеси для литейных стержней и форм: справочник.- М., 2010.
5. Гуляев Б.Б. Теория литейных процессов. - М.: Машиностроение, 1984.
6. Балабин В.В. Модельное производство. - М.: Машиностроение, 1970.
7. Степанов Ю.А., Семенов В.И. Формовочные материалы. - М.: Машино-строение, 1969.

Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:
Аңдатпа
т.ғ.д., профессор Сейтказенова Казира Камешовнаның жетекшілігімен ММГ-14-2кд студенті Нәрік Әділбидің Тұрқы бөлшегі үшін құйманы жасаудың технологиясын әзірлеу тақырыбындағы курстық жұмысы.
Бұл курстық жұмыста тұрқы бөлшегі үшін құйманы жасаудың технологиясын әзірледім . Курстық жұмыс кіріспеден және 12 тараудан тұрады. Жұмыстың Кіріспе бөлімінде құю өндірісінің технологиясы жайында мәлімет келтірдім.
Негізгі бөлімінде құйылатын бөлшектің сипаттамасы мен оның қызметтерінің шарттарын, құйма материалы мен қасиеттерін, құйманың технологиялығын, қорамада құйманың орналасуын, қорама және үлгінің ажырамасын талдадым. Әдіптерді, сыртпішін құру еңісін, ойыңды және өзектің санын және технологиялық есептер, оның ішінде құюжол жүйесінің және қосылманың есебін есептедім. Құйманы жасау үшін опоканы және пешті таңдадым. Ең соңғы тарауында қорама мен өзектерді дайындауды, құрастыру және құюды, қалыптау, кесу, тазалау және құймаларды термиялық өңдеуді жасадым. Құймалардың сапасын бақылап, ықтимал ақауларды және олардың алдын ала жоюды қарастырдым.
Курстық жұмыс 26 беттен тұратын түсіндірме жазба жұмысынан және А4 форматтағы құйманың және А3 форматтағы құйманың қорамамен қоса алғандағы жалпы көрінісі сызбасынан тұрады. Сонымен қатар иллюс- трациялық материалдардан (2 суреттен, 2 кестеден) және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
Мазмұны
Аңдатпа
Нормативтік сілтемелер
3
Анықтамалар
4
Белгілер мен қысқартулар
5
Кіріспе
6
1. Құйылатын бөлшектің сипаттамасы немесе оның қызметтерінің шарты
7
2. Құйма материалы және оның қасиеттері
8
3. Құйманың технологиялылығын талдау
9
4. Қорамада құйманың орналасуын таңдау
10
5. Қорама және үлгінің ажырамасын таңдау
11
6. Әдіптерді, сыртпішін құру еңісін, ойыңды және өзектің санын есептеу
12
7. Технологиялық есептер
13
7.1Құюжол жүйесінің есебі
13
7.2Қосылманың есебі
15
8. Опоканы таңдау
17
9. Пешті таңдау
19
10. Қорама мен өзектерді дайындау, құрастыру және құю қалыптау, кесу,тазалау және құймаларды термиялық өңдеу
20
11. Құймалардың сапасын бақылау
23
12. Құймалардың ықтимал ақаулары және оларды алдын ала жою
24
Қорытынды
25
Қолданылған әдебиеттер тізімі
26
Қосымшалар
Нормативтік сілтемелер
1. Мемлекеттік стандарттар (ҚР СТ).
2. Мемлекетаралық стандарттар ( МЕСТ).
3. МЕСТ 3.1125- 88. Құйма және құю қораманың элементтерінің сызбасын орындау ережелері.
4. МЕСТ 3606 - 80. Өзектік белгілері.
5. МЕСТ 26645 - 85. Механикалық өңдеудің әдіптері.
6. МЕСТ 3212 - 80. Қорамалы ойыңдар.
7. МЕСТ 28177-89. Құм-балшық қоспасына қойылатын талаптар.
Анықтамалар
Қоспа - бірнеше жай немесе күрделі заттардан құралатын жүйе. Мұндай қоспа физикалық, механикалық және химиялық (құраушы заттары әрекеттессе) деп аталады.
Өзек - бұл құймада тесіктер мен қуыстарды жасау үшін қолданылатын қораманың элементі.
Опока - шойыннан, болаттан немесе алюминийден жасалған, ішіне қалып қоспасын салып тығыздауға арналған түпсіз жәшік түріндегі жабдық.
Қосылма - құйманы шапқанда жойылатын, ең соңғы қататын және қоректендіру торабының үстіне орнатылатын, құйманың бетіне арнайы құйылатын техникалық ағын.
Құю өндірісі - металдарды өңдеу технологиялық әдістерінің бірі болып табылады. Құю өндірісінде алдын-ала дайындалған қалыпқа балқыған сұйық металды құю арқылы құйма деп аталатын өнім алынады.
Құю тостағаны шөміштен құйылатын сұйық металл құйылатын ыдыс.Құю тостағанына құйғанда қож металмен араласпай жоғары шоғырланып, көтеріліп тұрады.
Құю машинасы -- құю өндірісінде балқыған металды қалыпқа құю процестерін атқаратын машиналардың жалпы аты.
Құйма - әр түрлі материалдардан (металдан, керамикадан, күмістен, пластмассадан, фарфордан және т. б.) протездерді жасау процесі.
Жарықшақтар - металдың дұрыс құйылмау себебінен пайда болатын ақау.
Болат - темірдің көміртекпен (2,14% дейін), кремниймен, марганецпен, күкіртпен және фосформен қорытпасы.
Құйма қорамасы - құйма өндірісінде құйма жасау үшін пайдаланылатын қорама әбзел.
Қорамалау - құмды құю қорамаларын жасау үрдісі.
Бір қолданбалы қалыптар - балшық араластырған құмнан жасалған, бір рет қолдануға арналған қалып.
Құюжол - қалыпқа құйылатын сұйық қорытпа қоректендіруші -- құюжол арқылы жеткізіледі. Құюжолдың атқаратын қызметі -- қалыпты қорытпамен тегіс толтыру.
Құюжол жүйесі - құю қораманың ішкі жұмыс қуысын балқытылған қорытпамен толтырып, құйма қатайған кезде оның шөгуі кезінде пайда болатын қуыстарын қоректендіріп, қождар мен қоқымдарды ұстап қалуға арналған арналардың (элементтердің) жиынтығы.
Құйма үлгісі - құйманы жасау үшін құйма қораманың жұмыс қуысын қалыптастыруға арналған айлабұйым.
Құю шөміші - балқыған металды немесе қожды уақытша сақтауға, тасымалдауға және таратып құюға арналған ішкі беті отқа төзімді қышпен қапталған болат немесе шойын ыдыс.
Белгілер мен қысқартулар
Ст - болат
ҚЖ - құюжол жүйесі
МЕСТ - мемлекетаралық стандарттар
КҚ - кварцты құм
Т - төменгі
Ж - жоғары
Кіріспе
Машина жасау өндірісінің металдар мен түрлі қорытпаларды балқытып, ішкі қуысы қажетті пішінді қалыпқа балқыманы құю арқылы әр түрлі бұйымдар мен дайындамаларды жасау саласын құю өндірісі деп атайды. Қалыпқа құйылғаннан кейін қорытпа қатайып құймаға айналады. Өндірілген дайындама кесіп өңдеуден өткеннен кейін мөлшерлері мен беттерінің кедір-бұдырлығы қажетті түрді қамтамасыз етіліп машинаның бөлшегіне айналады.
Құю әдісі арқылы, басқа тәсілдермен жасауға болмайтын күрделі пішінді бұйымдар мен детальдарды жасауға болады. Ол бұйымдар мен детальдардың салмақтары бірнеше граммнан жүздеген тоннаға, мөлшерлері бірнеше сантиметрден 20 метрге, қалыңдығы 0,5-500мм дейін жетеді.
Құю өндірісі келесі процесстерден тұрады:
1. өндірілетін бұйымның немесе дайындаманың үлгісін жасау;
2. қалып және өзекшелер жасалатын қоспалар дайындау;
3. өзекшелер жасау;
4. өндірілетін бұйымның не детальдың үлгісі бойынша қалып жасау;
5. қорытпаны балқыту;
6. қалыпқа балқыма құю;
7. құйманы қатайғаннан кейін қалыптан шығарып алу;
8. құйманы тазарту;
9. қажет болған жағдайда құйманы термиялық өңдеулерден өткізу;
10. сапасын анықтау мен қатар ақауы бар құймаларды жөндеу.
Қалып пайдалануына байланысты бер рет, бірнеше, немесе көн рет (тұрақты) құйма құйылатын болып жасалады. Бір рет құйылатын қалып құм мен балшықтан, сұйық шынысынан, байланыстырушы заттардан т.б. қоспаларынан жасалады. Бірнеше немесе көп рет құйма құюға арналған қалыптар төзімді материалдардан немесе металл қорытпаларынан жасалады.
Қалыпты жасау әдістеріне байланысты құю жолдары мынадай болып бөлінеді:
1) бір рет қолданылатын құм балшықтан жасалған қалыпқа құю;
2) центрден тепкіш машиналар арқылы қалыпқа құю;
3) кокильді құю (металл қалып);
4) қысыммен құю, т.б.
Белгілі бір детальды өндіру үшін алдымен ағаштан немесе металдан, гипстен, пластмассадан оның үлгісі жасалады. Оның ішкі қуысын қалыптастыру үшін қуыспен пішіндес өзекше даярланады. Қалып ажырамалы екі бөліктен құралып, сыртынан опока деп аталатын жәшікпен құрсауланады. Қалыпқа балқыма құю арнайы аспаптар жүйесі пайдаланылады. Балқыманы пештен шөмішке онан қалыпқа құюға арналған резервуар мен науашалар жиынтығын құю аспапбы дейді.
1. Құйылатын бөлшектің сипаттамасы немесе оның қызметтерінің шарты
Маған берілген тұрқы бөлшегі цилиндрлі болып келеді. Құйма материалының маркасы Ст20Х- (Болат20Х). Сонымен қатар бөлшек бекітпе тесіктері мен білік орналасатын негізгі тесіктен тұрады.
Тұрқы - машиналардың, механизмдердің және аспаптардың барлық түзілімдері мен тетіктерін ұстап тұратын негізгі бөлшек болып саналады.
1.1- сурет. Тұрқы Болат(Сталь) 20х
Тұрқылардың үлкен мөлшерлеріне, пошымдарының әр түрлігіне және өндеу дәлдіктеріне қойылатын талаптарына қарамай оларды өндеу,типтік нобаймен жасалады. Өндеу үшін қойылатын технологиялық шарттар орнататын бөліктерге байланысты болады. Жалпы жағдайда олардың негізгі тесіктерін 7 квалитетпен жасайды, бетінің кедір - бұдырлығы Ra = 0,4 - 1,6 мкм болуы керек. Тесіктерінің осьтерінің сәйкес келмеулігі, ең кіші шеңберінің шектерінің жартысына тең болуы керек және шеңберінің домалақтықтан ауытқулары шеңбердің шектерінен 0,3-0,5 аралығында болуы керек. Тұрақты бөлшектерді жасау үшін ең көп тараған дайындық мәдделер, сұр шойыннан және болаттан құйылған бөлшектер. Типтік өндеу бойынша барлық тұрақты бөлшектерге , бірінші екі операция жасалу керек: базалық бетті өндеу кезінде оның пошымына байланысты құйылған, деректі бетті база етіп алуға болады. Ары қарай өндеуде келесі ғамалиялар болады: фрезерлеу, сүргілеу және тарту (бір немесе екі өтуден тұрады), негізгі тесіктерді үлгілеп өндеу, кейбір кіші беттерді, көмекші беттерді фрезерлеу, тесу, зеңкерлеу, бұранда кесу, кейбір кіші тесіктерді кеңейту, тұйықтарды, тесіктерді ажарлау. Бұл кездерде база ретінде тесіктерді және орнатқы базаларды қолданады.
Тұрқылардың салмағы кейбір жағдайда олардың бөлшектерінің жалпы салмағының 70 - 90 % құрайды. Сондықтан тұрқы құрылымын тиімді етіп жасап, қажет материалдарды үнемдеуге болады.
2. Құйма материалы және оның қасиеттері
Құйма болаттары шойындар сияқты көпкомпонентті теміркөміртекті қорытпалар болып табылады. Көміртегінің мөлшері 2,14% - ға дейін. Алайда, өндірістегі болаттардың басым көпшілігінде көміртегі мөлшері пайыздың ондық немесе жүздік бөлігіндей ғана болады.
Болат құймаларды химиялық құрамы, құрылымы, қолданысы және балқыту тәсілі бойынша жіктейді.
Болаттардың жоғары құю температурасы (1550 - 1650 оС) қалып пен өзекшеге қолданатын қоспалардың отқа төзімділігін көтеруді талап етеді.
Ұсақ және орташа құймалардың құю жүйесі бүйірден немесе үстінен, ал ірі құймаларға астынан (сифонмен) құятын етіп келтіреді. Болаттың сұйықаққыштығы төмен болғандықтан сұр шойынды құйғандағыдан көрі қоректендіргіш қимасы 1,5 - 2 есе үлкен болып тағайындалады.
Көміртекті құю болаттарының құрамында 0,12...0,6 % көміртегі бар және оларды таңбалағанда таңбаның соңында Л әрпін қояды. Болаттан жасалған құймаларды жасағанда құю ақаулары пайда болуы мүмкін. Өйткені болаттың құю қасиеттері шойынның және басқа құю қорытпаларының қасиеттерімен салыстырғанда төмен. Шөгу 2,5 % дейін жетеді. Осындай да төмен көміртегілі болаттар құюдың жоғары температурасын қолданғанда ыстық жарықтың пайда болуына бейім екендігімен сипатталады. Жоғары көміртегілі болаттарда илемділік және жылуөткізгіштік төмен болғандықтан ішкі кернеулер пайда болады.
Болат 20х маркалы болаттың химиялық құрамы мен механикалық қасиеттері туралы ақпарат 1,2 - кестелерде ұсынылған.
Болат 20Х химиялық құрамы Кесте 1
C
Si
Mn
Ni
S
P
Cr
Cu
As
Fe
0,42-0,5
0,17-0,37
0,5-0,8
0,25 дейін
0,04 дейін
0,035
дейін
0,25
дейін
0,25
дейін
0,08 дейін
~97
Болат 20Х Механикалық қасиеттері Кесте 2
σ0,2 (МПа)
σв(МПа)
δ5 (%)
ψ %
KCU (кДжм2)
НВ
245
470
17
34
34
143-179
3. Құйманың технологиялылығын талдау
Құймамның технологиялылығын жазу үшін алдымен түсініктеме берейін, құйма технологиясы деп құйма конструкциясының құю өндірісіне сәйкес келуін айтамыз. Құю технологиясының сонымен қатар механикалық өңдеу технологиясының барлық талаптарына жауап берген жағдайда ғана құю бөлшегі технологиялық болып табылады. Құйманың сапасы мен өндіріс шығындары құйылатын бөлшектің конструкциясының технологиялығына байланысты. Менің құймам өндірісте көп сериялы болғандықтан тиімді әрі арзан құю әдісін таңдап алу керек. Мен құмбалшықта құюды дұрыс деп шештім. Маған берілген тұрқы бөлшегінің қабырға қалындығы 44 мм басталып, 12 мм-ге дейін қалыңдыққа көшеді және бөлшек негізгі бір тесіктен тұрады, жалпы салмағы 5,5кг құрайды.
Бөлшегімді ең жоғарғы дәлдікпен алу үшін оған 3мм әдіп бердім және құймамның өнделуі күрделі бетіне 4.5мм әдіп бердім. Себебі еңіс жерлерді алу үлкен жауапкершілікті талап ететін болғандықтан және дәлдігі жоғары болуына байлансты бердім. Қуыстарды толық әрі тығыз құйылуы үшін R= 5
-та галтельді орналастырды осы МЕСТ 3212 - 80 бойынша галтельдер мен әдіптерді бердім. Бұл курыстық жұмыста Ст20Х маркалы болат- тан тұрқы бөлшегін құю талап етілді. Сондықтан құю тәсілін таңдау бірқатар факторларға байланысты:
- құю материалына;- құюманың салмағы, көлемі, құрылымына;- дәлдік мөлшерлеріне және кедір - бұдырлығына;- берілген зауыттағы өндіріс тәсіліне;- экономикалық есептеулер нәтижесіне байланысты.
Құю материалы Ст20Х көбіне аз жүктемеге ие материалдарды құюға арналған(жұдырықшалы жалғастырғыштар, төлкелер, шпиндельдер, бағыт- тауыш қабықшалар, плунжерлер, шлицелі біліктер және т.б бөлшектерді жасау үшін қолданылады). Өндіріс түрі жаппай өндіріс болып табылады. Құймаға қатысты технологиялық талаптарды ескере отырып, берілген құйманы құм балшық қалыпқа құямыз.
Құмды-балшықты қалыпқа дайындаманы құюдың технологиялық үрдісін жасау өзіне бірнеше негізгі операцияларды қосады. Осы операциялардың негізгі болып мыналар саналады:
- құйма сызбасын жобалау;- қалып моделінің және өзек жәшігінің сызбасын орындау;- литник жүйесін есептеу;- қосылманы жобалау;- қорамжәшікті есептеу;- жиналған қорама сызбасын орындау;- қорама және өзекті жасайтын қоспаны таңдау;
Құймадан жасалған бөлшегім пайдаланғанда жауапты қызмет жасайтын болғандықтан құймамды өңдегенде бетінің тазалығына үлкен талап қойылатын беттерді төмен қаратып, құю қорамасын орналастырк қажет. Ішкі және сыртқы беттері өңделетін болғандықтан бөлшегім цилиндр пішінді болып келгендіктен, модельдің ажырама бетін көлденең орналастырып қарамалауды жүргізу керек, ал қорамаға сұйық металды құярдың алдында, оны тік жайға аудару керек. Осылай орналастырғанда металдағы бөтен қоспалар жеңіл жоғары көтеріліп, оңай алынып тасталады.
4. Қорамада құйманың орналасуын таңдау
Менің қалыбымның габариттік өлшемдері 197х234х210 болып келеді. Қалыптан құймамның арасындағы жызықтық МЕСТ 3.1125- 88 бойынша алдым. Құймам қалыптан 50мм аралықта орналасақан қалыптын биіктігі 197мм, ұзындығы 234мм ал ені 210мм болып жасалынды. Сонықтан жаса- лынатын құйманың үлкен көлденең беттерін жоғары жаққа орналастырмау керек. Өйткені қож және газ қаяуы, қосылма, тартылма сияқты құйма ақаулары осы беттерде жинықталып қалуы мүмкін.
Құймамның салмағы жеңіл болғандықтан және көп сериялы бөлшекке жататын болғандықтан машинамен қалыптау дұрыс болып саналады. Негізінен қорамалар екі немесе одан көп жартықорамалардан (айтылып жатқан қораманы жасауды жеңілдету үшін және керекті сапаны қамтамасыз ету үшін) тұратын болғандықтан, қораманың ажырама жазықтығын таңдау қажет. Құймадан жасалған тетікті пайдаланғанда жауапты қызмет жасайтын және айтылған құйманы өңдегенде бетінің тазалығына үлкен талап қойылатын беттерді төмен қаратып, құю қорамасын орналастыру ұсынылады. Ішкі және сыртқы беттері өңделетін цилиндр пішінді құймаларды (айналдырықтар, атанақтар, цилиндрлер, т.б.) жасағанда, модельдің ажырама бетін көлденең орналастырып қарамалауды жүргізу керек, ал қорамаға сұйық металды құярдың алдында, оны тік жайға аудару керек. Осылай орналастырғанда металдағы бөтен қоспалар жеңіл жоғары көтеріліп, оңай алынып тасталады.
Құйманы құйып жасап алу үшін қолданатын қалыптардың көп таралған және әмбебап түрі бір қолданбалы қалыптар болып есептеледі. Бір қолданбалы - деп аталатын себебі - ішіндегі құйманы шығарып алу үшін қалыпты бұзуға тура келеді. Демек, қалып бір - ақ мәрте қолданылады, ал келесі құйма үшін қалып қайта жасалу керек. Бір қолданбалы қалыптар балшық араластырған құмнан жасалады: құм (кварц құмы) - қалыпты отқа төзімді ету үшін, балшық - құм түйіршіктерін біріктіру үшін қосылады. Қалып қоспасын дайындар алдында балшықты су қосып езіп алады.
Құйманы қорамада орналастырғанда жауапты бөлігін төменгі бетке орналастыру қажет емес екенің ескере отырып, құйманы төменгі және жоғарғы опокада орналастырамын. Жоғарғы опокаға құюжол жүйесін талапқа сай етіп әзірледім және қалыптан үлгіні алу жеңіл болып келеді.

Қорама мен үлгінің ажырамасын таңдау ол бөлшекке содан соң үлгіге қарап ажырамалы немесе біртұтас етіп жасайды. Менің бөлшегімді есекере отырып екі ажырамалы қалып және ажырамалы үлгі жасау керек екенін ескердім. Құю өндірісінде құйма қалыбы қолмен және машинамен жасалады. Қолмен жасау әдісі аз сериялы, ал машинамен қалып жасау әдісі көп сериялы құймалар өндірісінде қолданылады. Ажырамалы қораманың құрастырылуы төмендегі процес бойынша жүргіземіз(жиналған қорама қосымшалар бөліміндегі А3 - форматтағы парақта көрсеттім).
1. Үлгі жазық бетімен плитаның үстіне қойылады
2. Бетіне немесе графит ұнтағы себілген үлгі ортасында орналасатындай етіп опока қойылады.
3. Үлгінің үстіне қабырдан өткізілген тыстама қоспасы қалыңдығы 15-20 мм-ге дейін себіліп опоканың қалған көлемі бетіне дейін толықтырғыш қоспамен толықтырылады.
4. Құю қоспасының әрбір қабаты қол немесе пневматикалық таптағышпен опоканың жиегінен бастап ортасына қарай нығыздалады.
5. Қалып қоспасының артығын сызғышпен сыдырады.(Бізбен желдеткіш тесіктер теседі . Бұл тесіктер үлгінің бетіне 15-20 мм жетпеуі тиіс.
6. Опоканы 1800-қа бұрып оның астыңғы жағын үстіне келтіріп ажырату жазықтығына құм себіліп, оның артқа сығылған ауамен үріледі.
7. Астыңғы опоканың үстіне екінші опока қойылады, ажырау жазықтығына графит немесе тальк ұнтағы себіледі.
8. Құю жүйесінің үлгісі мен желдеткіш тесіктің үлгілері қойылып 3,4,5 пунктердегі операциялар қайталанылады.
9. Екінші опокада құю жүйесімен желдеткіш тесігінің үлгісі алынады. Құю жүйесінің жоғарғы жағы балқыма құюға ыңғайлы болуы үшін кеңітіледі.
10. Екінші опоканы ажыратып 1800-қа бұрып бірінші опоканың жанына қояды, үлгінің жанына ланцеттен қоректендіру каналы қазылады
11. Үлгі таңбасының жиектерін су немесе жер майымен ылғалдандырып көтергіш аспаппен үлгіні алады.
12. Үлгі таңбасына түскен қоспа, құм қалдықтары қосылған ауамен үріліп таңба тазартылады.
13. Қалыптың бетіне жабыстырмайтын заттар жағады (сыр, графит, көмір ұнтақтары). Қалып қажет болса кептіріледі.
14. Екінші опоканы үстіңгі опоканың үстіне қойып оның жоғарғы бетіне ауыртпа жүк орналастырылған соң екі опока қаусырма немесе сынамен бір-біріне бекітіледі.
15. Қалыпқа балқыма құяды.
16. Құйма қалыптан ажыратылады.
17. Құйманың желдеткіш тесігімен құю жүйесін кесіп оны тазартқан соң техникалық бақылаудан өткізеді.
6.Әдіптерді, сыртпішін құру еңісін, ойыңды және өзектің санын есептеу
Əдіп дегеніміз материал қабатын, өңдеу процесі кезінде дайын бөлшек дайындамасынан алып тастайды.
Есептеу тəсілі: тəжірибелі-статикалық жəне есеп - аналитикалық. Материалдарды пайдалану коэффициенті əдіптердің техника-экономикалық мəндері: материал шығыны, бөлшектерді өңдеу бағалылығы.
Әдіптер əдетте жоғарыланып беріледі, себебі олар технологиялық процестің орындалу ерекшелігін ескереді жəне үлкен əдіп қажет болғандағы шартқа сəйкес келеді. əдіптің нормативті кестелері мен сериялы жəне дара өндірісте əдіпті тағайындау кезінде қолдануға болады. Ал жаппай жəне ірі сериялы өндірістерде тек цехтар мен зауыттарды жобалау кезінде ғана қолданады: ал қалған жағдайларда аналитикалық жолмен анықтау керек.
Əдіптердің аналитикалық əдіспен анықталуы.
Дайындамаларды өңделген əдіпті анықтау үшін В.Н.Кован əдісі бойынша шығарамын. Осы əдіс бойынша əрбір өту кезінде алдыңғы өту кезіндегі немесе дайындаманың қателіктерін жəне де өтеуде орындалатын өңделетін дайындаманы қондыру қателіктерін жойып отыру керек. Айтылған қателіктер дайындаманың өңдеуінің өтуінде орындалатын аралық əдіппен компенсациялануы керек.
Өтудің алдыңғы ауысу кезінле алынатын қателіктерге мыналар жатады:
а)өлшемдердің ауытқуы
б) пішіннің қателіктері
в) бет қыртысының биіктігі
г) өңделетін бет қателігінің орналасуы базалық бетке қатысты
Менің құймамда негізгі біркелкі бір ғана тесік болғандықтан, көлденең бір өзекті орналастырамын. Сонымен қатар ол сызбада(қосымшалар бөліміндегі А3 - форматтағы парақта көрсеттім)конусты етіп белгіленеді.
7. Технологиялық есептер
7.1 Құюжол жүйесінің есебі
Құюжол жүйесі (ҚЖ) оңтайлы жылдамдықтағы құйылмадағы құйылмаған және металл емес қоспаларды қоспағанда берілген тығыздықта металдардың шөгуі кезеңіндегі құйылмаға балқытылған металдың қосымша құйылуын қамтамасыз ету үшін қызмет ететін жүйе.
Технологтар ретіндегі біздің басты міндетіміз балқыған металдың құюжол жүйенің арналарына минималды турбуленттікпен ағуын қамтамасыз ету. Құюжол жүйені тыныш толтыру үшін, кеңейтілген құю қалыптары қолданылады.
Сондай-ақ құюжол жүйесі үлгілерді, қалыптарды және құймаларды дайындау кезіндегі талаптарды қанағаттандыру керек.
Онымен қоса мүмкіндігінше құюжол жүйесін жинақы етіп жасауға ұмтылу керек.
Артық етіп жасау металдың артық жұмсалуына, еңбек шығынының төмендеуіне, жабдықтарды пайдалану тиімділігінің төмендеуіне алып келеді.
Құюжол жүйесінің конструкциясын таңдаған кезде мынадай ережелерді ескерген жөн:
1) балқытылған металдың қату бағытының принципін қамтамасыз ету қажет, ең бірінші және ең соңғы қататын орнына қай деңгейде, қай уақытта баруын ескеру керек;
2) ең ұзын қабырғалары мен жұқа жиектердің еркін әрі жақсы толуы үшін қалыпқа балқытылған металды вертикальді түрде құю керек;
3) экономикаландырылған және механикаландырылған өндірісте құймаларға жағдай жасау, оның ішінде : типті өлшемді литниктік қоректендіру жүйесінің унификациялануына үлес қосу.
Берілген технологиялық процесте горизонтальды және жоғарғы литниктік жүйе қолданылады.
Төменгі құйма жүйесі жоғары дәрежеде тыныш толтырудықамтамасыз етеді.
Құюжол жүйесін дұрыс есептеу балқытылған металдың үздіксіз, әрі жылдам жолдармен жетуін қамтамасыз етуі керек. Құйылманың дұрыс қатаю құюжол жүйесін дұрыс таңдаумен тікелей байланысты.
Құюжол жүйесін есептеу қоректендіру қимасының жалпы ауданымен анықталады.
Қоректендіру қимасының жалпы ауданы Fп, келесі формула бойынша анықталады:
, (7.1.1)
мұндағы: G - құю жүйенің және құйманың әдібі мен массасы, кг;
τ - құюдың уақыты, с;
L - болаттың сұйық аққыштығының түзетін коэффициенті,
L = 0,85 (Ст 20х);
Кy - құюдың меншікті жылдамдығы, Кy= 1,25;
Бұл құйманың тығыздығымен байланысты, ρ = 7,1гсм3 (болат үшін);
Құйма массасын келесі формуламен анықтаймыз:
G=Gдет∙k1+1кг, (7.1.2)
мұндағы k - құюжол жүйенің массасы мен әдіпті ескеретін коэффициент,
К = 0,04 - 0,1;
Ең алдымен Gдет анықталады.Gдет бізге берілген бөлшектің тығыздығы мен көлемінің көбейтіндісіне тең :
Gдет=ρ∙v кг, (7.1.3)
Тұрқы бөлшегінің көлемін цилиндр ретінде аламыз. Цилиндрлердің көлемі келесі формула бойынша анықталады:
(7.1.4)
Тұрқы бөлшегінің көлемі тіктөртбұрыштардың ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz