Шкив бөлшегі үшін құйманы жасаудың технологиясын әзірлеу
Аңдатпа ... ... ... ... ...1
Нормативтік сілтемелер ... ... ... ..3
Анықтамалар ... ... ... ... ... ... ... ...4
Белгілер мен қысқартулар ... ... ... 5
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1. Құйылатын бөлшектің сипаттамасы немесе оның қызметтерінің шарты ... .7
2. Құйма материалы және оның қасиеттері ... ...8
3. Құйманың технологиялылығын талдау ... ..9
4. Қорамада құйманың орналасуын таңдау.11
5. Қорама және үлгінің ажырамасын таңдау
6.Әдіптерді, сыртпішін құру еңісін, ойыңды және өзектің санын есептеу ... ..13
7. Технологиялық есептер ... ... ... 14
7.1 Құюжол жүйесінің есебі ... ... ... ... ... 14
7.2 Қосылманың есебі ... ... ... ... ... ... ... ... .17
8. Опоканы таңдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
9. Пешті таңдау ... ... ... ... ... ... ...19
10. Қорама мен өзектерді дайындау, құрастыру және құю қалыптау, кесу, тазалау және құймаларды термиялық өңдеу ... ... ... 21
11. Құймалардың сапасын бақылау ... ... ... 25
12. Құймалардың ықтимал ақаулары және оларды алдын ала жою ... ... ... ... .26
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ..27
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... 28
Қосымшалар

Құю – металдар және бейметалдардан балқытылған күйде арнайы қалыптарға толтырып, қатқаннан кейін одан шығарып алу жолымен бұйымдар алу тәсілі. Құю өндірісі кәсіп ретінде Азия, Африка және Европаның әр түрлі аудандарында 5-7 мың жыл бұрын қалыптаса бастады. Құю өндірісі техникадан басқа, мүсіндеу өнерінде, әшекей бұйымдар ісі, стоматологияда қолданыс табуда.
Қазіргі кезеңде құю арқылы көптеген металл және олардың қорытпаларын, сол сияқты, көптеген металл емес материалдар, пластмассалар алынады. Техникалық тағайындалған құйылып алынатын бұйымдар үшін шойын мен болат және алюминий, мыс, цинк, магний, титан негізіндегі қорытпалар жиі қолданылады. Құю өндірісінің ғылыми негіздерін талқылау ХХ ғасырдың 20-жылдарында басталды. Қорытпалардың негізгі физикалық қасиеттері: қатты және сұйық күйдегі тығыздығы, термиялық ұлғаю және сығылу коэффициенті. Жылу физикалық қасиеттер: кристалданудың басталу және аяқталу температуралары (ликвидус және солидус), балқудың ( кристалданудың) жасырын жылуы, жылу өткізгіштік коэффициенті, меншіктіжылу сыйымдылығы. Қатты және сұйық күйдегі механикалық сиапаттамалар: серпімділік модулі, беріктік және аққыштық шегі , пластикалылық, тұтқырлық, беттіктаралу . Химиялық қасиеттер: қатты жәнесұйықкүйдегіактивтілік, газдардың ерігіштігі.
Құю өндірісі – металдарды өңдеу технологиялық әдістерінің бірі болып табылады. Құю өндірісінде алдын-ала дайындалған қалыпқа балқыған сұйық металды құю арқылы құйма деп аталатын өнім алынады. Құйма көп жағдайда одан әрі механикалық жону арқылы дайын бөлшекке айналатын дайындама есебіндегі өнім болып саналады.
Құю әдісі арқылы массасы бірнеше грамнан жұздеген тоннаға дейін тартатын, өлшемдері бірнеше сантиметрден ондаған метрге дейін жететін, қалындығы 0,5-500 мм шамасындағы пішіні өте күрделі құйма бөлшектер жасалады.
Құйма жасауға құюдың әртүрлі әдістері қолданылады. Олар – құм-балшық қалыпқа құю, қабыршақ қалыпқа құю, балқитын үлгі бойынша құю, кокильге құю, центрден тепкіш күшпен құю және т.б. әдістер. Осылардың әрқайсысын қолдану үшін өндіріс көлемін, құйманың өлшемдерінің дәлдігі мен бет тазалығына қойылатын талаптарды, экономикалық тиімділікті басшылыққа алу керек.

1. Гини Э.А. Специальные технологии литья.- М.: Изд-во МГТУ им. Н.Э.Баумана, 2010.- 367с.
2. Литейное производство / Под ред. А.М.Михайлова. - М.: Машиностроение, 2007.
3. Технология литейного производства. Учебник для вузов/ А.П. Трухов, Ю.А. Сорокин, М.Ю. Ершов и др.; под ред. А.П. Трухова.-М., 2005.
4. Жуковский С.С. Холоднотвердеющие связующие и смеси для литейных стержней и форм: справочник.- М., 2010.
5. Гуляев Б.Б. Теория литейных процессов. - М.: Машиностроение, 1984.
6. Балабин В.В. Модельное производство. - М.: Машиностроение, 1970.
7. Степанов Ю.А., Семенов В.И. Формовочные материалы. - М.: Машиностроение, 1969.

Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:
Аннотация
профессор, т.ғ.д., Сейтказенова Казира Камешовнаның жетекшілігімен ММГ-14-2кд студенті Шыныкул Жаркынбектың Шкив бөлшегі үшін құйманы жасаудың технологиясын әзірлеу тақырыбындағы курстық жұмысы.
Бұл курстық жұмыста техникалық шкив бөлшегі үшін құйманы жасаудың технологиясын әзірледім . Курстық жұмыс кіріспеден және 12 тараудан тұрады.
Жұмыстың Кіріспе бөлімінде құю өндірісінің технологиясы жайында қарастырдым.
Қалған 12 тарауда құйылатын бөлшектің сипаттамасы мен оның қызметтерінің шарттарын, құйма материалы мен оның қасиеттерін, құйманың технологиялығын, қорамада құйманың орналасуын, қорама және үлгінің ажырамасын талдадым. Әдіптерді, сыртпішін құру еңісін, ойыңды және өзектің санын және технологиялық есептер, оның ішінде құюжол жүйесінің және қосылманың есебін есептедім. Құйманы жасау үшін опоканы және пешті таңдадым. Ең соңғы тарауында қорама мен өзектерді дайындауды, құрастыру және құюды, қалыптау, кесу, тазалау және құймаларды термиялық өңдеуді жасадым. Құймалардың сапасын бақылап, ықтимал ақауларды және олардың алдын ала жоюды қарастырдым.
Курстық жұмыс 28 беттен тұратын түсіндірме жазба жұмысынан және А4 және А3 форматтағы екі сызба жұмысынан тұрады. 1-ші А4 форматта құйманың дайындамасы сызылған.Ал 2-ші А3 форматта шкивтің құймасының қалыбы көрсетілген.
Мазмұны
Аңдатпа ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1
Нормативтік сілтемелер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
Анықтамалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
Белгілер мен қысқартулар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1. Құйылатын бөлшектің сипаттамасы немесе оның қызметтерінің шарты ... .7
2. Құйма материалы және оның қасиеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .8
3. Құйманың технологиялылығын талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 9
4. Қорамада құйманың орналасуын таңдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...11
5. Қорама және үлгінің ажырамасын таңдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .12
6.Әдіптерді, сыртпішін құру еңісін, ойыңды және өзектің санын есептеу ... ..13
7. Технологиялық есептер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
7.1 Құюжол жүйесінің есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
7.2 Қосылманың есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
8. Опоканы таңдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
9. Пешті таңдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
10. Қорама мен өзектерді дайындау, құрастыру және құю қалыптау, кесу, тазалау және құймаларды термиялық өңдеу ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... .21
11. Құймалардың сапасын бақылау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
12. Құймалардың ықтимал ақаулары және оларды алдын ала жою ... ... ... ... .26
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
Қосымшалар
Нормативтік сілтемелер
1. Техникалық регламенттер.
2. Мемлекеттік стандарттар (ҚР СТ).
3. Мемлекетаралық стандарттар ( МЕСТ).
4. Халықаралық стандарттар.
5. Техникалық шарттар, т.б.
6. МЕСТ 3.1125- 88. Құйма және құю қораманың элементтерінің сызбасын орындау ережелері.
7. МЕСТ 3606 - 80. Өзектің белгілері.
8. МЕСТ 26645 - 85. Механикалық өңдеудің әдіптері.
9. МЕСТ 3212 - 80. Қорамалы ойыңдар.
10. МЕСТ 1412 - 85. Құюға арналған сұр шойынның химиялық құрамы, физико - механикалық қасиеттері.
Анықтамалар
Құю өндірісі - металдарды өңдеу технологиялық әдістерінің бірі болып табылады. Құю өндірісінде алдын-ала дайындалған қалыпқа балқыған сұйық металды құю арқылы құйма деп аталатын өнім алынады.
Құйма қорамасы - құйма өндірісінде құйма жасау үшін пайдаланылатын қорама әбзел.
Қорамалау - құмды құю қорамаларын жасау үрдісі.
Опока - шойыннан, болаттан немесе алюминийден жасалған, ішіне қалып қоспасын салып тығыздауға арналған түпсіз жәшік түріндегі жабдық.
Қосылма - құйманы шапқанда жойылатын, ең соңғы қататын және қоректендіру торабының үстіне орнатылатын, құйманың бетіне арнайы құйылатын техникалық ағын.
Бір қолданбалы қалыптар - балшық араластырған құмнан жасалған, бір рет қолдануға арналған қалып.
Қоспа - бірнеше жай немесе күрделі заттардан құралатын жүйе. Мұндай қоспа физикалық, механикалық және химиялық (құраушы заттары әрекеттессе) деп аталады.
Өзек - бұл құймада тесіктер мен қуыстарды жасау үшін қолданылатын қораманың элементі.
Құюжол - қалыпқа құйылатын сұйық қорытпа қоректендіруші -- құюжол арқылы жеткізіледі. Құюжолдың атқаратын қызметі -- қалыпты қорытпамен тегіс толтыру.
Құюжол жүйесі - құю қораманың ішкі жұмыс қуысын балқытылған қорытпамен толтырып, құйма қатайған кезде оның шөгуі кезінде пайда болатын қуыстарын қоректендіріп, қождар мен қоқымдарды ұстап қалуға арналған арналардың (элементтердің) жиынтығы.
Құйма үлгісі - құйманы жасау үшін құйма қораманың жұмыс қуысын қалыптастыруға арналған айлабұйым.
Құю шөміші - балқыған металды немесе қожды уақытша сақтауға, тасымалдауға және таратып құюға арналған ішкі беті отқа төзімді қышпен қапталған болат немесе шойын ыдыс.
Құю тостағаны шөміштен құйылатын сұйық металл құйылатын ыдыс.Құю тостағанына құйғанда қож металмен араласпай жоғары шоғырланып, көтеріліп тұрады.
Құю машинасы -- құю өндірісінде балқыған металды қалыпқа құю процестерін атқаратын машиналардың жалпы аты.
Құйма - әр түрлі материалдардан (металдан, керамикадан, күмістен, пластмассадан, фарфордан және т. б.) протездерді жасау процесі.
Жарықшақтар - металдың дұрыс құйылмау себебінен пайда болатын ақау.
Белгілер мен қысқартулар
СЧ - сұр шойын
ҚЖ - құюжол жүйесі
МЕСТ - мемлекетаралық стандарттар
КҚ - кварцты құм
Т - төменгі
Ж - жоғары
Кіріспе
Құю - металдар және бейметалдардан балқытылған күйде арнайы қалыптарға толтырып, қатқаннан кейін одан шығарып алу жолымен бұйымдар алу тәсілі. Құю өндірісі кәсіп ретінде Азия, Африка және Европаның әр түрлі аудандарында 5-7 мың жыл бұрын қалыптаса бастады. Құю өндірісі техникадан басқа, мүсіндеу өнерінде, әшекей бұйымдар ісі, стоматологияда қолданыс табуда.
Қазіргі кезеңде құю арқылы көптеген металл және олардың қорытпаларын, сол сияқты, көптеген металл емес материалдар, пластмассалар алынады. Техникалық тағайындалған құйылып алынатын бұйымдар үшін шойын мен болат және алюминий, мыс, цинк, магний, титан негізіндегі қорытпалар жиі қолданылады. Құю өндірісінің ғылыми негіздерін талқылау ХХ ғасырдың 20-жылдарында басталды. Қорытпалардың негізгі физикалық қасиеттері: қатты және сұйық күйдегі тығыздығы, термиялық ұлғаю және сығылу коэффициенті. Жылу физикалық қасиеттер: кристалданудың басталу және аяқталу температуралары (ликвидус және солидус), балқудың ( кристалданудың) жасырын жылуы, жылу өткізгіштік коэффициенті, меншіктіжылу сыйымдылығы. Қатты және сұйық күйдегі механикалық сиапаттамалар: серпімділік модулі, беріктік және аққыштық шегі , пластикалылық, тұтқырлық, беттіктаралу . Химиялық қасиеттер: қатты жәнесұйықкүйдегіактивтілік, газдардың ерігіштігі.
Құю өндірісі - металдарды өңдеу технологиялық әдістерінің бірі болып табылады. Құю өндірісінде алдын-ала дайындалған қалыпқа балқыған сұйық металды құю арқылы құйма деп аталатын өнім алынады. Құйма көп жағдайда одан әрі механикалық жону арқылы дайын бөлшекке айналатын дайындама есебіндегі өнім болып саналады.
Құю әдісі арқылы массасы бірнеше грамнан жұздеген тоннаға дейін тартатын, өлшемдері бірнеше сантиметрден ондаған метрге дейін жететін, қалындығы 0,5-500 мм шамасындағы пішіні өте күрделі құйма бөлшектер жасалады.
Құйма жасауға құюдың әртүрлі әдістері қолданылады. Олар - құм-балшық қалыпқа құю, қабыршақ қалыпқа құю, балқитын үлгі бойынша құю, кокильге құю, центрден тепкіш күшпен құю және т.б. әдістер. Осылардың әрқайсысын қолдану үшін өндіріс көлемін, құйманың өлшемдерінің дәлдігі мен бет тазалығына қойылатын талаптарды, экономикалық тиімділікті басшылыққа алу керек.
Құю өндірісінің өнімі ретінде құйманың сапасы құю өндірісі технологиясының әр кезеңінде біртіндеп қалыптасады. Сол себепті құйма жасау технологиялық үрдісінің жекелеген амалдарын, оларда қолданылатын материалдар мен жабдықтарды жетік меңгеру құю өндірісін оқудағы басты мақсат.
1.Құйылған бөлшектің сипаттамасы мен оның қызметтерінің шарттары.
Шкив - тоғыны жалпақ, тұйықталған арқанды немесе белдікті орап жанасатын дөңгелек.
Шкив- екі шекті тұйықталған қайыс немесе арқан кигізілетін жиегі жалпақ доңғалақ, ол машиналардың біліктеріне кигізіледі және екінші бір тетікті айнылдыру үшін қызмет етеді.
1.1 - Сурет. Шкив.СЧ-20
Шкивтерді дайындау үшін материал таңдау кезінде оның үйкеліске,қызуға қабілеттілігін ескеру қажет.Құймаға геометриялық нысандары бойынша тұрақтылық,төзімділік сияқты талаптар қойылады.
Шкивтер үшін құйма алуға МЕСТ 1412-85 бойынша СЧ-20 маркалы сұр шойын қолданады.Көміртекті болаттармен салыстырғанда сұр шойын жоғары аққыштық,төмен температурада кристалдану арқылы ерекшеленеді.
Шкивтер дененің конустық жонып жөнделуі және гайкамен бекітілетін конустық төлкені қолдану есебінен тез ауысымды етіп орындалады.
2. Құйма материялы және оның қасиеттері
Сұр шойын (Чугун серый) -тілімшелі графит түріндегі көміртек едеуір дәрежеде немесе толық бос күйде болатын шойын;құрамында Мn, Р, S қосындысы бар Fe-C-Si қорытпасы. Сұр шойын құрамында 2,4 -- 3,8% көміртек пен 1,2 -- 3,5% кремний болады.
Шар тәрізді графитті беріктігі жоғары шойын (Чугун с шаровидным графитом (высоко-прочный)) -- беріктік көрсеткіштері жоғары шойын. Негізінен, шойын құрылымын магний, кальций, және т.б. элементтер қосып түрлендіру арқылы алынады. Әдеттегі сұр шойындай емес, мұнда графит тақташа түрінде болмай, шартәріздес болғандықтан мұндай шойын беріктігіне қоса илемді болып шығады.
Құйма материалы МЕСТ 1412-85 бойынша СЧ20 маркалы сұр шойын.
Маркасы:сұр шойын СЧ20.
Классы:сұр шойын.
Өңдірісте қолданылуы: құймаларды жасайды.
Металл беріктілігі: HB 10 -1 = 143 - 255 Мпа
Сұр шойын СЧ20 химиялық құрамы: Кесте-1.
C
Si
S
Mn
P
Fe
3,3-3,5
1,4-2,4
0,15 дейін
0,7-1
0,2 дейін
~93
СЧ20 сұр шойынның механикалық қасиеті Кесте-2
σб(МПа)
σа(МПа)
δ5 (%)
ψ %
KCU (кДж м2)
200
372
245
60
Шойын (Чугун) -жақсы құйылатын қасиеті бар темірмен көміртектің (2% жоғарғы) қорытпасы;темірдің көміртек (2%-дан астам, әдетте, 3 -- 4,5%), қайсыбір мөлшерде марганец (1,5%-ке дейін), кремний (4,5%-ке дейін), күкірт (0,08%-тен аспайды), фосфор (1,8%- ке дейін), ал кейде басқа да элементтер қосылған қорытпасы. Шойында көміртек темір карбиді Ғе3С түрінде байланысқан күйде болуы мүмкін (сұр Шойын). Шойын темір кендерін домна пештерінде балқыту арқылы алынатын өндеудің бастапқы өнімі; қолданылуы мен химиялық құрамына қарай шойын қолданбалы, яғни болат қорытуға арналған Шойын, құйма Шойын, арнаулы Шойын болып бөлінеді. Шойын құймалардың сапасын жақсарту үшін азғана мөлшерде түрленгіштер қосып түрлендіру және шойынды әр түрлі элементтермен қоспалау қолданылады.
Ақ шойын (Белый чугун) -карбид түрінде көміртек құрамына кіретін, ал омырық бетінің түсі күңгірт-ақшыл болатын шойын;құрамында көміртек темірмен химиялық қосылыс (цементит) түрінде болатын шойын. Ақ шойынның кристалдану процесі Fe-C диаграммасы бойынша жүреді. Қаттылық, беріктік, үйкеліске беріктік, морттық қасиеттері жоғары. Ақ шойын өндеуге келмейтіндіктен, одан қорытпалар гана алынады. Ақ шойынды соқаның тістерін, илем біліктерін, диірменнің шарларын құюға және соғылмалы шойын алу үшін пайдаланады.
Домна шойыны (Чугун доменный) -- домна пешінде балқытылып алынған шойын;темір және марганецті кендерден домна пештерінде балқытып алынатын сұйық шойын. Домна шойынының 80 -- 85%-інен болат өндіріледі.
Соғылмалы шойын (Чугун ковкий) -- құрамына жапалақ түрлес графит кіретін және ақ шойынды босаңдату нәтижесінде алынатын шойын.
Сұйық шойын (Чугун жидкий) -- домна пешінде немесе шойынпеште қорытылған шойын. Сұық шойын қатайған сон тасымалданып тұтынушыға жеткізіледі.белдігін, күпшектер, картерлер, фитингтер жасағанда соғылмалы шойын орнына қолданылады. Осының нәтижесінде құйма дайындамалардың массасы соғылмалы шойыннан құйылған дайындамалар массасынан шамамен екі еседей кем болады;құрылымында сфера түрлес графиттік кірме бар болатын, беріктігі жоғарғы шойын.
Шындалған шойын (Чугун ковкий) -- механикалық қасиеттері жағынан сүр шойын мен болат аралығына сәйкес келетін шойын. Шындалған шойынды кейде соғылмалы шойын деп те атайды. Шойынның технологиялық қасиеттері бойынша және оның тіпті соғылмайтындыгын ескере отырып, шындалған шойын атауының дүрыс екенін ескерген жөн. Тұтқырлығы жоғары, құйма ретінде ақ шойындар қатарына жатады, ақ шойын құймаларын жоғары температурада ұзақ уақыт қыздырып, жасыту арқылы алады.

3. Құйманың технологиялылығын талдау
Құйманың технологиялылығы деп құйма конструкциясының құю өндірісіне сәйкес келуін айтамыз. Құю технологиясының сонымен қатар механикалық өңдеу технологиясының барлық талаптарына жауап берген жағдайда ғана құю бөлшегі технологиялық болып табылады. Құйманың сапасы мен өндіріс шығындары құйылатын бөлшектің конструкциясының технологиялығына байланысты.
Технологиялықты бағалау төмендегідей жүргізіледі:
- құйманың барлық қимасындағы қабырға қалыңдығын тексеру;
- қабырғадан қабырғаға көшу;
- конструкцияның әртүрлі орындарындағы қимасының біркелкілігін тексеру;
- бөлшектің конструкциясын талдау;
Маған берілген шкив бөлшегінің қабырға қалындығы 54 мм басталып, 10 мм-ге дейін қалыңдыққа көшеді. Бөлшек негізгі бір тесіктен тұрады.
3.1 Құйылған бөлшекті өндіріс әдісіне негіздеу
Бұл курыстық жұмыста СЧ-20 маркалы шойыннан шкив бөлшегін құю талап етіледі.
Құю тәсілін таңдау бірқатар факторларға байланысты:
- құю материалына;
- құюманың салмағы, көлемі, құрылымына;
- дәлдік мөлшерлеріне және кедір - бұдырлығына;
- берілген зауыттағы өндіріс тәсіліне;
- экономикалық есептеулер нәтижесіне.
Құю материалы СЧ-20 көбіне аз жүктемеге ие материалдарды құюға арналған(жұдырықшалы жалғастырғыштар, төлкелер, шпиндельдер, бағыт- тауыш қабықшалар, плунжерлер, шлицелі біліктер және т.б бөлшектерді жасау үшін қолданылады). Өлшемдері мен салмағы орта . Элементтердің ішкі қуысына цилиндрлік беттерін, тесік және қабырғасының орташа күрделі конфигурациясы бар, қабырғасының қалыңдығы 54 мм. Өндіріс түрі жаппай өндіріс болып табылады. Құймаға қатысты технологиялық талаптарды ескере отырып, берілген құйманы құм балшық қалыпқа құямыз.
3.2 Технологиялық конструкцияны бағалау
Құмды-балшықты қалыпқа дайындаманы құюдың технологиялық үрдісін жасау өзіне бірнеше негізгі операцияларды қосады. Осы операциялардың негізгі болып мыналар саналады:
- құйма сызбасын жобалау;
- қалып моделінің және өзек жәшігінің сызбасын орындау;
- литник жүйесін есептеу;
- қосылманы жобалау;
- қорамжәшікті есептеу;
- жиналған қорама сызбасын орындау;
- қорама және өзекті жасайтын қоспаны таңдау;
Құймаларды бірқолданбалы құм-балшық қалыптарда құюдың
технологиялық процесі.
Кесте 3
Құймадан жасалған тетікті пайдаланғанда жауапты қызмет жасайтын және айтылған құйманы өңдегенде бетінің тазалығына үлкен талап қойылатын беттерді төмен қаратып, құю қорамасын орналастыру ұсынылады. Ішкі және сыртқы беттері өңделетін цилиндр пішінді құймаларды (айналдырықтар, атанақтар, цилиндрлер, т. б.) жасағанда, модельдің ажырама бетін көлденең орналастырып қарамалауды жүргізу керек, ал қорамаға сұйық металды құярдың алдында, оны тік жайға аудару керек. Осылай орналастырғанда металдағы бөтен қоспалар жеңіл жоғары көтеріліп, оңай алынып тасталады.
4. Қорамада құйманың орналасуын таңдау
Жасалынатын құйманың үлкен көлденең беттерін жоғары жаққа орналастырмау керек. Өйткені қож және газ қаяуы, қосылма, тартылма сияқты құйма ақаулары осы беттерде жинықталып қалуы мүмкін.
Негізінен қорамалар екі немесе одан көп жартықорамалардан (айтылып жатқан қораманы жасауды жеңілдету үшін және керекті сапаны қамтамасыз ету үшін) тұратын болғандықтан, қораманың ажырама жазықтығын таңдау қажет. Құймадан жасалған тетікті пайдаланғанда жауапты қызмет жасайтын және айтылған құйманы өңдегенде бетінің тазалығына үлкен талап қойылатын беттерді төмен қаратып, құю қорамасын орналастыру ұсынылады. Ішкі және сыртқы беттері өңделетін цилиндр пішінді құймаларды (айналдырықтар, атанақтар, цилиндрлер, т. б.) жасағанда, модельдің ажырама бетін көлденең орналастырып қарамалауды жүргізу керек, ал қорамаға сұйық металды құярдың алдында, оны тік жайға аудару керек. Осылай орналастырғанда металдағы бөтен қоспалар жеңіл жоғары көтеріліп, оңай алынып тасталады.
Құйманы қорамада орналастырғанда жауапты бөлігін төменгі бетке орналастыру қажет екенін ескере отырып, құйманы төменгі опокада орналастырамын. Жоғарғы опокаға құюжол жүйесін талапқа сай әзірлейміз.
5. Қорама және үлгінің ажырамасын таңдау
Металды құйып алу үшін қолданатын қалыптардың көп таралған және әмбебап түрі бір қолданбалы қалыптар болып есептеледі. Бір қолданбалы - деп аталатын себебі - ішіндегі құйманы шығарып алу үшін қалыпты бұзуға тура келеді. Демек, қалып бір - ақ мәрте қолданылады, ал келесі құйма үшін қалып қайта жасалу керек. Бір қолданбалы қалыптар балшық араластырған құмнан жасалады: кварц құмы(КҚ) - қалыпты отқа төзімді ету үшін, балшық - құм түйіршіктерін біріктіру үшін қосылады. Қалып қоспасын дайындар алдында балшықты су қосып езіп алады.
Қалып жасау үшін арнаулы құрал-жабдықтар қажет. Оларға үлгі, опока және әртүрлі саймандар жатады.
Үлгі металдан, ағаштан немесе пластмассадан жасалуы мүмкін. Үлгі құйма бойынша жасалады, себебі - үлгінің өлшемдері алдымен қалыпқа, одан кейін құйылған металға көшеді. Дұрыс жасалған үлгінің бойында құймаға қарағанда мынадай өзгешелігі болу керек. Біріншіден, металдың суығанда шөгіп көлемін азайтатын қасиетін ескеріп үлгіні сәл үлкен етіп жасайды. Мысалы, болатың шөгу коэфиценті - 1,8%, түсті металдардың көбінде - 1,5% шамасында болғандықтан үлгінің өлшемдерін құйманың өлшемдерінен 1 немесе 1,5%-ке (металына қарай) үлкейтіп алу керек. Екіншіден, тығыздалған қалыптан үлгіні тартып шығарып алғанда қалыптың ішкі қабырғасын зақымдап алмау үшін үлгінің тік қабырғаларын сәл көлбеу етіп жасайды. Көлбеулік шамасы үлгі қабырғаларының биіктігіне байланысты 0°30' - 3° аралығында болады.
Үшіншіден, құйманың жонып өңделетін беттері бар болса, онда үлгінің сол беттеріне әдіп қосып сәл қалың етіп жасайды. Бұл жердегі әдіп дегеніміз - құйманың жонып алынатын қабаты. Төртіншіден, жасалмақшы құйманың іші қуыс болып келсе, онда сол қуыстың тұсында үлгінің бүйірі шығынқы етіп жасалады. Үлгінің бұл шығыңқы бөлігін өзекшенің белгісі деп атайды.

Шағын және орташа құймаларды дайындау үшін қолмен қалыптау әдісі қолданылады. Құйманың күрделілігіне қарай екі, үш кейде одан да көп опока қолданып жүргізіледі.
Қалып қоспасын жүгірткі (бегун) деп аталатын араластырғыштың көмегімен дайындайды. Ол үшін араластырғышқа белгілі бір пропорцияда құм, су араластырған саз және басқа арнаулы шикізаттар салынады.
Үлгі жинағын жасау кезеңінде құйма үлгісін, үлгі тақтасын және өзекше жәшігін жасайды. Сонымен бірге опокалар, кептіргіш тақталар, шаблондар және т.б. құралдар дайындалады. Маған берілген құйманың екі опокада орналасатын болғандықтан менің үлгім ажырамалы ажырамалы етіп жасауды қажет етеді. Жоғарғы опокада құюжол жүйесі және қосылма каналы орналасады.
6.Әдіптерді, сыртпішін құру еңісін, ойыңды және өзектің санын есептеу
Əдіп дегеніміз материал қабатын, өңдеу процесі кезінде дайын бөлшек дайындамасынан алып тастайды.
Есептеу тəсілі: тəжірибелі-статикалық жəне есеп - аналитикалық. Материалдарды пайдалану коэффициенті əдіптердің техника-экономикалық мəндері: материал шығыны, бөлшектерді өңдеу бағалылығы.
Әдіптер əдетте жоғарыланып беріледі, себебі олар технологиялық процестің орындалу ерекшелігін ескереді жəне үлкен əдіп қажет болғандағы шартқа сəйкес келеді. əдіптің нормативті кестелері мен сериялы жəне дара өндірісте əдіпті тағайындау кезінде қолдануға болады. Ал жаппай жəне ірі сериялы өндірістерде тек цехтар мен зауыттарды жобалау кезінде ғана қолданады: ал қалған жағдайларда аналитикалық жолмен анықтау керек.
Əдіптердің аналитикалық əдіспен анықталуы.
Дайындамаларды өңделген əдіпті анықтау үшін В.Н.Кован əдісі бойынша шығарамын. Осы əдіс бойынша əрбір өту кезінде алдыңғы өту кезіндегі немесе дайындаманың қателіктерін жəне де өтеуде орындалатын өңделетін дайындаманы қондыру қателіктерін жойып отыру керек. Айтылған қателіктер дайындаманың өңдеуінің өтуінде орындалатын аралық əдіппен компенсациялануы керек.
Өтудің алдыңғы ауысу кезінле алынатын қателіктерге мыналар жатады:
а)өлшемдердің ауытқуы
б) пішіннің қателіктері
в) бет қыртысының биіктігі
г) өңделетін бет қателігінің орналасуы базалық бетке қатысты
Менің құймамда негізгі біркелкі бір ғана тесік болғандықтан, көлденең бір өзекті орналастырамын. Сонымен қатар ол сызбада конусты етіп белгіленеді.
7. Технологиялық есептер
7.1 Құюжол жүйесінің есебі
Құюжол жүйесі (ҚЖ) оңтайлы жылдамдықтағы құйылмадағы құйылмаған және металл емес қоспаларды қоспағанда берілген тығыздықта металдардың шөгуі кезеңіндегі құйылмаға балқытылған металдың қосымша құйылуын қамтамасыз ету үшін қызмет ететін жүйе.
Технологтар ретіндегі біздің басты міндетіміз балқыған металдың құюжол жүйенің арналарына минималды турбуленттікпен ағуын қамтамасыз ету. Құюжол жүйені тыныш толтыру үшін, кеңейтілген құю қалыптары қолданылады.
Сондай-ақ құюжол жүйесі үлгілерді, қалыптарды және құймаларды дайындау кезіндегі талаптарды қанағаттандыру керек.
Онымен қоса мүмкіндігінше құюжол жүйесін жинақы етіп жасауға ұмтылу керек.
Артық етіп жасау металдың артық жұмсалуына, еңбек шығынының төмендеуіне, жабдықтарды пайдалану тиімділігінің төмендеуіне алып келеді.
Құюжол жүйесінің конструкциясын таңдаған кезде мынадай ережелерді ескерген жөн:
1) балқытылған металдың қату бағытының принципін қамтамасыз ету қажет, ең бірінші және ең соңғы қататын орнына қай деңгейде, қай уақытта баруын ескеру керек;
2) ең ұзын қабырғалары мен жұқа жиектердің еркін әрі жақсы толуы үшін қалыпқа балқытылған металды вертикальді түрде құю керек;
3) экономикаландырылған және механикаландырылған өндірісте құймаларға жағдай жасау, оның ішінде : типті өлшемді литниктік қоректендіру жүйесінің унификациялануына үлес қосу.
Берілген технологиялық процесте горизонтальды және жоғарғы литниктік жүйе қолданылады. Төменгі құйма жүйесі жоғары дәрежеде тыныш толтырудықамтамасыз етеді.
Құюжол жүйесін дұрыс есептеу балқытылған металдың үздіксіз, әрі жылдам жолдармен жетуін қамтамасыз етуі керек. Құйылманың дұрыс қатаю құюжол жүйесін дұрыс таңдаумен тікелей байланысты.
Құюжол жүйесін есептеу қоректендіру қимасының жалпы ауданымен анықталады.
Қоректендіру қимасының жалпы ауданы Fп, келесі формула бойынша анықталады:
Мұндағы:
G- литник жүйенің құйманың әдіппен қоса салмағы, кг;
u- литник жүйенің шығын коэффициенті;
τ - құю уақыты;
HP-ағым жылдамдығы;
Сұйық металл құймасының салмағы анықталады:
G0-бірінші құймасының салмағы;
η -металды пайдалану коэффициенті;η=0,7
S-құйманың пішіні мен қабырғасымен байланыс коэффициенті;
S=1,3.Құйма қабырғасының орта қалыңдығы 13мм құрайды.
Н0-алғашқы номиналды напор;
Р-құйманың ең жоғары нүктесінен құю жүйесінің ең төменгі нүктесіне дейінгі қашықтық;
С-құйма биіктігі;
Шөміш көлемі:
vқ=Gτ (5)
vқ=8.766.72=1.3см∖сек
Тұрғы қиманың жоғарғы диаметрі:
Тостағанды есептеу мына формула бойынша:
Dв- тостағанның жоғарғы диаметрі;
Нв-тостағанның биіктігі;
7.2 Қосылманың есебі

Қосылманы қолданудағы ең негізгі нысана - шөгу раковиналары мен кеуектілігі жоқ жарамды құйма алу.
Құйма үшін қосылмалар келесідегідей бөлінеді:
- қалыптастыру тәсілі бойынша : ашық және жабық ;
- ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz