Әлеуметтік топтағы жеке адамның ролі



1. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... .2
2. Әлеуметтік топтағы жеке адамның ролі ... .3
3. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .8
4. Пайдаланылған әдебиет ... ... ... ... ... 9
Жеке адамның әлеуметтенуі және оның әлеуметтік ұстанымы – жеке тұлға әлеуметтік контексттегі өмір сүруін, оның әлеуметтік тәжірибе мен оны іске асыруын ашып көрсетеді.
Әлеуметтік рөл – индивидтің өзіне сәйкес әлеуметтік мәртебесін адамның қоғамдығы іс-әрекетінде нақты ұйымдастаруды айтады. Сонымен, егер мәртебе адам қоғамындағы жай-күйін анықтаса, ал әлеуметтік рөл – сол бағыттағы атқаратын қызметі болып табылады.. Бұл қызметтер қоғамға жалпы танылған ережелермен анықталып, көбіне әр түрлі құжаттарда бекітіледі.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:

1. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2
2. Әлеуметтік топтағы жеке адамның ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
3. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
4. Пайдаланылған әдебиет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9

Кіріспе
Жеке адамның әлеуметтенуі және оның әлеуметтік ұстанымы - жеке тұлға әлеуметтік контексттегі өмір сүруін, оның әлеуметтік тәжірибе мен оны іске асыруын ашып көрсетеді.
Әлеуметтік рөл - индивидтің өзіне сәйкес әлеуметтік мәртебесін адамның қоғамдығы іс-әрекетінде нақты ұйымдастаруды айтады. Сонымен, егер мәртебе адам қоғамындағы жай-күйін анықтаса, ал әлеуметтік рөл - сол бағыттағы атқаратын қызметі болып табылады.. Бұл қызметтер қоғамға жалпы танылған ережелермен анықталып, көбіне әр түрлі құжаттарда бекітіледі.

5. Әлеуметтік топтағы жеке адамның ролі

Жеке адамның әлеуметтенуі және оның әлеуметтік ұстанымы - жеке тұлға әлеуметтік контексттегі өмір сүруін, оның әлеуметтік тәжірибе мен оны іске асыруын ашып көрсетеді. Енді осы көрсетілген 2 жақты анализдеп, топтағы адамның басқа адамдармен қарым-қатынасы негізінде оның шынайы мінез-құлқын анықтап алу керек. Әлеуметтік-психологиялық зерттеу негізінсіз жеке тұлғаны жан-жақты зерттеу мүмкін емес. Мұнда жеке адамды іс-әрекет немесе қарым-қатынас процесінде алып, қарастыруға болады. В.А.Петровский жеке адамды зерттеудің 3 аспектісін бөліп көрсетті. Мұнда жеке адам: 1) субъект өмірінің жекелік қасиеті ретінде; 2) кеңістікте өмір сүруші жеке адам аралық қасиет ретінде; 3) жекелік даму кеңістігінен бөлек қасиет ретінде қарастырылады.
Әлеуметтік жеке адамды әсер етуші субъект ретінде қарастырады. Әлеуметтену процесінде ие болған жекелік қасиеті, әлеуметтік бағдары бір орында тұрып, қатып қалған жоқ, бірақ жеке адам нақты топта, шынайы әлеуметтік ортада үнемі түзетулерге ұшырайды.Шынайы, нақты топтың ролі өте күшті, маңызды орын алады.
Жеке адамның жалпы объективтік қасиеттерінің негізі - қоғамдық қатынас болып табылады. Дәлірек, нақтылап айтсақ, оның әр түрлі әлеуметтік қоғамдық қатынастарға енуі және де осы қоғамдық қатынастардың әр түрлі деңгейінің реализациялануы. Мұндай мәселені талқылау әдістерінің бірі топтағы жеке адам немесе жеке адам және топ болып табылады. Ғылыми сипаттама бойынша топ мәселесі жеке тұлға жағынан қарастырылуы керек деп көрсетті. Мұндағы жеке адам топпен теңеседі ме?, мұнда қандай механизмдер көрінеді?, топта жеке адам нені игереді және де ол осы топты немен толықтырады? Бұл сұрақтарға жауапты тек ғана жеке адамның топта өмір сүруін, қалыптасуын бөлшектеп, жекелеп зерттеу нәтижесінде ғана алуға болады.
Жеке адам болып туылмайды, жеке адам болып қалыптасады деген принципті нақтылай келе: жеке адам болып қалыптасады, сондықтан да жеке тұлғаның қандай топта қалыптасуы, басқа жеке тұлғалармен әсерлесуі, т.б. бәрібір емес. Егер де мұнда лангитюдті зерттеуді іске асыра алсақ, жеке адамның бүкіл өмірін зерттей алсақ, онда бұл сұраққа нақтылы жауап табылар еді. Сол зерттеу нәтижелерде жеке адам үшін топтың маңызын, оның өмірінде алатын орнын жан-жақты айтуға болар еді.
Фундаментальді зерттеуде бұл мәселе былай сипатталады: әлеуметтену процесі жүретін топтарда адамның кейбір қасиеттерінің қалыптасуы мен топта кейбір қасиеттері қалыптасуы арасында қандай айырмашылық немесе ұқсастық бар?
Жеке адам сапаларын зерттеудің жалпы және әлеуметтік өзіндік дәстүрі бар. Жеке адамның әр түрлі сапасының құрылымен сипаттаудан әлеуметтік жеке адам сапалары жүйесін құру керек деген қорытындыға келді. Бірақ та мұндай жүйе құру принципі әлі де құрастырылған жоқ.
Топ жеке адам қасиеттерін толықтыратындығы туралы дәлел келтіруге болады: жеке адам белсенділігі, оның іс-әрекетінің өнімі топта қалыптасады. Жалпы бірлескен іс-әрекет негізінде адам басқа топ мүшелерімен бәсекеге түсіп, олармен бағаланады.
Тұлғааралық бағалаудың 3 процесін бөліп көрсетуге болады:
1) интериоризация
2) әлеуметтік салыстыру
3) өзіндік атрибуция
Осы көрсетілген процесс топты сипаттауда қалыптасады. Әрбір топ мүшесі өзін-өзі бағалауы топтық көзқарас, пікірге байланысты.
Адам баласының мінез-құлықтық айналасындағы адамдарының тұрмыс қалпы, іс-әрекет, қылықтарының көрінісі болып табылады. Өйткені қоғамда өмір сүрген индивид қай уақытта болса да физикалық жағынан басқа адамдармен қатынаста болады. Сол адамдар арасындағы қатынас уақыт пен кеңістік аралығында күрделі немесе көп қырлы болып келеді.
Әлеуметтендірудің тағы бір нәтижесі - адамдардың әр түрлі мәртебеге жетуі, қоғамда нақты орны болуы. Әлеуметтік мәртебе бұл индивидтің қоғамдағы жас шамасы, шығу тегі, меншікке қатынасы, білім дәрежесі, т.б.
Адамдар қандай да болмасын, әлеуметтік мәртебеге ие индивидтен өзіне тиісті міндет пен нақты мінез-құлықты күтеді. Мысалы: мұғалім мәртебесі - оған дәрісті жақсы ұйымдастыру, өз пәнін жақсы білуді, тындаушыларына сұрақ қоя отырып қызықтыруды, жастар үшін тәрбиенің үлгісі болуын, жоғарғы мәдениеттілікті , т.б. талап етеді.
Әлеуметтік рөл - индивидтің өзіне сәйкес әлеуметтік мәртебесін адамның қоғамдығы іс-әрекетінде нақты ұйымдастаруды айтады. Сонымен, егер мәртебе адам қоғамындағы жай-күйін анықтаса, ал әлеуметтік рөл - сол бағыттағы атқаратын қызметі болып табылады.. Бұл қызметтер қоғамға жалпы танылған ережелермен анықталып, көбіне әр түрлі құжаттарда бекітіледі.
Әлеуметтануда әлеуметтік қатынасының объектісі ретінде тұлға өзара байланысты 2 процестің бірлігінде қаралады. Олардың бірі әлеуметтендіру, екіншісі идентификация.
Әлеуметтік қатынасының объекті ретінде тұлға дамуының 2-ші процесі идентификацияны сөз етсек, мұның мәні мынада: басқа адамдармен, топпен, ұжыммен қарастыру процесі. Бұл процесс оған әлеуметтік қызметінің әр түрлерін меңгеруге, әлеуметтік ережелер мен құндылықтарды өзіне сіңіріп, әлеуметтік міндеттерді қабылдауға көмектеседі.
Әлеуметтік қатынасының объектісі ретінде тұлғаның өзін ұқсастыру процесінің 3 түрі бар:
1) Ойдан шығарылған адамға өзін ұқсату;
2) Өзін белгілі бір әлеуметтік топқа ендіру;
3) Нақтылы әлеуметтік топқа, ұжымға жатамын деген сезіммен өзін соларға қосу.
Әрбір тұлға қоғамда белгілі бір орынды иеленеді және нақты міндеттерді атқарады, ол үшін соған сәйкес оның құқықтары мен міндеттері, яғни, белгілі бір әлеуметтік мәртебесі болады. Әлеуметтік рөл адамның үлкен топтың өкілі ретінде қоғамдағы орны. Жеке мәртебе индивидтің шағын топтағы орнын айтады, бұл индивидті осы топ мүшелерінің бағалауы мен қабылдауына байланысты болады.
Индивидтің қоғамдағы немесе топтағы сыртқы жағдайы әрдайым
үйлесімді бола бермейді. Мұны мәртебелердің сәйкессіздігі деп атайды. Индивид көптеген әлеуметтік топтарға жатады, ал олардың қоғамдағы беделі бірдей емес.
Ешбір құжатта тіркелмеген, бірақ қоғамдық пікірде қалыптасып, ауыздан-ауызға беріліп, мойындалған мәртебелер мен топтардың иерархиясы бар. Бұл иерархия бойынша біреулерді басқаға қарағанда көбірек құрметтеу мен бағалау орын алған. Ол жоғары, ортаңғы, төменгі болып бөлінеді.
Адам жеке адам болып тек қоғамда, топта ғана қалыптасады. Жаңа туылған сәби индивид болып табылады. Ал, оның адам, жеке адам болып қалыптасуы кейін жүретін процесс. Алғашқы балалық шақтың өзінде индивид әр түрлі қоғамдық жүйелерге енеді. Болашақ өмірлік әрекетіне байланысты ол қалыптасып, оның жеке адам ретінде қалыптасуына септігін тигізеді. Жеке тұлғаның терең негіздері қарым -қатынас негізінде іске асады. Жеке адам қарым -қатынасқа түсе отырып, өзі өмірлік маңызды бағдарын анықтап, айналадағы күтілетін жағдайдан өз мінез-құлқын, көзқарастарын, сезімдерін, талаптарын салыстырады. Жеке адам белсенділігі оның өмірлік бағыт-бағдарынан көрінеді. Қайталанып келетін өмірлік жағдай жеке адамның әр түрлі формадағы белсенділігін көрсетеді. Топта жеке адам өз Менін басқа адамдармен салыстырып, өз-өзін бақылайды. Мысалы, топта Ерлан өзін-өзі тани отырып, Бауыржанға,оның жекелік сапаларына, әрекеттеріне мән бере отырады. Бұл оның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Топ аралық қарым - қатынас психологиясы
Әлеуметтік топтар мен ұжымдар туралы түсінік
Педагогика және психология 3 курс мамандығына арналған Әлеуметтік психология ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Үлкен әлеуметтік топтағы психология
Қарым – қатынас психологиясының теориялық мәселелері
Қарым-қатынастың вербалды және вербалды емес құралдары
Поли және моноэтностық ортадағы мәдениеттің психологиялық ерекшеліктерін эмпирикалық зерттеу
Мектеп жасына дейінгі балалардың тұлғааралық қатынастары
Ұжым психологиясы мәселесі
Жеке тұлға психологиясы
Пәндер