Бөлшек бетінің кедір-бұдырлығы


Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны:

1. Кіріспе
2
1. Кіріспе: 2. Бөлшек бетінің кедір-бұдырлығы
2: 3
1. Кіріспе: 3. База мен базалау түсініктері
2: 4
1. Кіріспе: 4. Қорытынды
2: 7
1. Кіріспе: Пайдаланылған әдебиет
2: 8

Кіріспе

Өндірісте өндірілетін бөлшектін яғни, өнделетін бөлшектін өзіне тән бетінің кедір-бұдырлығы болады олар - орнықтың ұзындығында қарастырылған беттің салыстырмалы кішкентай қадамды тегіссіздіктердің жиынтығы; негізгі ұзындықтағы салыстырмалы кішкентай адымды микро- іздер жиынтығы; беттің ұзын бойында орналасқан бір-біріне өте жақын жатқан ойыстар мен дөңестердің жиынтығы.

Жеке дара беттерді өңдеу және олардын дәлдіктерін жоғарлату үшін, кедір­- бұдырлықты азайту үшін және машиналардың бөлшектерінің жұмыс істеу сенімділігін жоғарлату үшін қажет болып саналады.

  1. Бөлшек бетінің кедір-бұдырлығы

Беттің кедір-бұдырлығы - орнықтың ұзындығында қарастырылған беттің салыстырмалы кішкентай қадамды тегіссіздіктердің жиынтығы; негізгі ұзындықтағы салыстырмалы кішкентай адымды микроіздер жиын- тығы; беттің ұзын бойында орналасқан бір-біріне өте жақын жатқан ойыстар мен дөңестердің жиынтығы.

Жеке дара беттерді өңдеу дәлдікті жоғарлату үшін, кедір­- бұдырлықты азайту үшін және машиналардың бөлшектерінің жұмыс істеу сенімділігін жоғарлату үшін қажет. Абразистік материалды өңдеу процесін тегістеу немесе ажарлату деп атайды. Абразистік материалдар еріксіз түрде (ұнтақтар) немесе байланысты түрде айналмалы, қайрақ, сигменттік пішінде бола алады. Тегістеу қажетті беттін кедір-бұдыр классын, аса жоғары дәлдікпен қамтамасыз ететін (0, 002 мм дейін) жеке дара операция. Тегістеу аса тереңдікті кесуде, өте жоғары жылдамдықпен, жұмсақ және ұсақдәнді айналыммен өндіреді. Тегістеу салқындатылған сұйықтың аса мол берілуімен жүргізіледі.

Жылтыратуды дайындау. Жылтырату беттердің кедір-бұдырлығың азайтады. Бұл әдіспен бөлшектердің негізгі болімдерінде немесе сәндік мақсатқа арналған бөлшектерде айнадай жылтырату алалды. Бұл үшін майлайтын материал аралас абразистік дән немесе жылтыратылатың бөліктер пайдаланылады. Бұған тез айналмалы илгіштік шеңбер немесе щеткалы материалдар жабыстырылады.

Жақсы нәтижелер жылтыратқыш тез қозғалғыш, шексіз абразистік ленталар береді. Ұнтақ важа қоспасынан, сала, парафин, керосиннен тұратын майлау материалымен араластырылады. Жылтырату процесі өте жоғары жылдадықпен жүргізіледі. Материалды дайындау шеңберге күшпен ығыстыру және өнделетін қабатын берілу қозғалысымен беріледі.

Беттерді ысқылау. Метал кесуші станоктарда өнделген машинаның бөлшектерінің жоғарғы қабаттары әр қашанда дұрыс геометриялық формадан және берілген өлшемдерден ауытқуы болады. Бұл ауытқулады ысқылау арқылы жоюға болады. Бұл әдіс өте жоғарғы дәлдікке және ең төменгі беттердің кедір бұдырлығына қол жеткізеді. Ысқылау арқылы қажетті формаға келтіруге болады. Хонингтеу беттердің жоғарғы дәлдігін және төмен кедір бұдырлықты, және де беттерден өңделген сетка тәріздес микропрофил дікті алу түзету үшін қолданылады, ал тазалық- беттердің ең аз кедір бұдырлықты алу үшін.

Жоғары қабаты арнайы басынды орналастырылған абразистік қайрақпен өңделеді. Болатты өңдеу кезінде электрокорундтан жасалған қайрақ, шойын өңдеулерді қолданғанда өте жақсы нәтиже алады. Абразистік қайрақтың пішіні мен өлшемі өңделетін дайындаманың өлшемі мен конфигурациясымен анықталады. Көбінесе супермәреде үлкен бөлшектерді өңдеу үшін екі қайрақ қолданылады. Жаңа конструкциялық материалдарды өңдеу кезінде және бөлшектердің сапалы өңдеуіне деген талабына байланысты ауыл шаруашылық машина жасау технологиялық проблемелеры электрофизикалық және электрохимиялық өңдеу әдістерін қолдану арқылы шешіледі. Осы әдістің артықшылығы өңдеуге аз күш жұмсалады және станоктардың қарапайым кинематикасында. Бұл - қаттылығы және беріктілігі жоғары материалдарды өңдеуге, өңдеудің қателігін кенет төмендетуге, күрделі пішінді сыртқы және ішкі бетті өңдеуге, диаметрлері кішкентай тесіктерді өңдеуге және т. с. с. рұқсат етеді.

Электрохимиялық өңдеу. Электрохимиялық өңдеу электролиз кезінде анодтың еруіне негізделген. Электролит арқылы тұрақты электрлік ток өткен кезде анод бетінде химиялық реакция өтеді, беттік қабат жаңа бір химиялық қосылысқа айналады, электролитке өтеді немесе түбіне шөгеді және механикалық әдіспен алыстатылады. Нәтижесінде, беттің кедір-бұдырлығы төмендейді, бет металдық жылтырлыққа ие болады, сонымен бет қабатының құрылымы өзгермейді.

  1. База мен базалау түсініктері

Тетіктерді білдектерде дайындау кезінде олар сондай-ақ, анықталған күйде кеңістікте білдек элементтеріне және кесу аспабының күйіне қатысты бағдарлануы қажет. Сондықтан өңдеу мен жинау дәлдігін қамтамасыз ету үшін базалау теориясына сәйкес анықталған ережелерді қолданады. МЕСТ-ке сәйкес базалау деп координаталардың қатысты анықталған жүйесінің талап етілетін күйін дайындамаға немесе бұйымға беруді түсінеді. Базалар - деп базалау кезінде қолданылатын беттерді, сызықтар мен нүктелерді атайды.

Білдектерде механикалық өңдеу кезінде базалау деп дайындамаға немесе тетікке қолданылатын аспаптың берілісті траекториясын анықтайтын білдек элементтеріне қатысты күйді санайды. Тетіктерді білдекке орнату кезінде тек дұрыс бағдарлау ғана емес, жылжымайтын жағдайды қамтамасыз ету үшін бекіту қажет. Қатты дененің кеңістіктегі жылжуын толық жою үшін оны бостандық деңгейінен: координата өстерінің бойымен түсетін үш қозғалыс пен берілген өстер айналасындағы үш айналудан айыру қажет.

Сондықтан базалау және орнату кезіндегі дәлдікті есептеуге байланысты көптеген тапсырмаларды «байланысты» орнату жолымен теоретикалық шешуге болады. Байланыс деп қарастырылатын дене (дайындама немесе тетік) нүктелердің қозғалысына қойылатын позициялық (геометриялық) немесе кинематикалық сипаттағы шектерді түсінеді.

Машинажасау технологиясында позициялық байланыстар екіжақты деп қарастырылады, яғни денені байланыс әрекетіне бағыттаған екі жаққа қозғалу мүмкіндігінен айыратындар. Бұл байланыстар уақытқа тәуелсіз, сондықтан оларды стационарлы және позициялық деп есептейді.

Айлабұйым тетігін металл кесу білдектерінде толық базалау үшін онда дайындама немесе тетіктің базалық беттеріне қатысты орналасқан 6 тірек нүктесін құру қажет және жеткілікті. База түйісуде болатын тірек нүктелерінің санына байланысты былай бөледі: А орнату базасы, үш тірек нүктесімен түйісуде болатын және денені үш бостандық деңгейінен айырады; В бағыттауыш базасы, екі тірек нүктесімен түйісуде болады және денені екі бостандық айырады; С тірек базасы, бір тірек нүктесімен түйіседі және денені бір бостандық деңгейінен айырады. Кеңістіктегі призмалық дайындаманың орналасу сұлбасы аталған базалардың әрқайсысы осы базаға перпендикуляр бағыттағы, яғни координата өстерінің біріне бағытталған координата жүйесінің жазықтықтарының біріне қатысты дайындаманың жағдайын анықтайды. Белгілі болғандай, дайындаманың айлабұйымдағы толық бағдарлану үшін үш базадан тұратын жиын қажет. Тәжірибеде көп жағдайда үш база жиынының барлығын қолданумен («базалаудың толық емес сұлбасы») толық бағдарлануының қажеттігі жоқ. Мәселен, жазықтықты өңдеу кезінде талап етілетін а өлшемін алу үшін координатаның горизонтал өсіне бағытталған білдекте дайындаманың бағдарлануы маңызды емес, сондықтан дайындаманың бүйір жақ беттері база мәндерін жоғалтады (бүйір жақ беттері бекіту үшін қолданылады және базалау үрдісінде қатыспайды) .

Білдекте дайындаманы өңдеу кезінде қолданылатын технологиялық база деп берілген орнатуда өңделетін дайындаманың бет сызығы немесе нүктесін атайды. Әдетте, дәл осы бетке тетік өңдеу кезінде тіреледі. Сонымен қатар, жасанды және табиғи технологиялық базалар болады. Мысалы, біліктегі центрлік тесіктерді білікті дайындау ыңғайлы болу үшін дайындайды, өйткені соңғылардың конфигурациясы сызбадағы дәлдікке жету кезінде оларды табанды және сенімді бағдарлар бекітуге мүмкіндік бермейді. Жабық база - елестетін жазықтық, өс немесе нүкте түріндегі база. Анық база - шынайы беті, өлшеу дискілері немесе дискілердің қиысу нүктелері түріндегі база. Мысалы, беті жабық техникалық база болып табылады. . Технологиялық база мысалы Бұл жағдайда базалау сұлбаларында таңдалған координата жүйесімен дайындама байланысын белгілейтін жабық базадағы өс, симметриялық жазықтықтағы тірек нүктелерінің орналасуы бейнеленеді.

Орнату базасы - дайындамаға немесе бұйымға байланыс орнату үшін қолданылатын база, байланыс оларды бостандық деңгейінен айырады: бір координаталық өс бойымен қозғалу және басқа өс айналасында бұрылу. Екі еселенген бағыттаушы база - дайындама немесе бұйымға байланысты орнатуға қолданылатын база, ол төрт бостандық деңгейінен айырады: екі координата өс бойымен қозғалу және осы өстер айналасында бұрылу.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бөлшектердің жұмыс сызбалары және эскиздері
Тозған бөлшекерді қалпына келтірудің тиімді әдісін тандау туралы
Тозған бөлшекерді қалпына келтірудің тиімді әдісін таңдау
Тісті беріліс бөлшектерін жөндеу
Орналасудан ауытқу
Қорапты жасаудың технологиясы
Сырғанау ұштіректеріне арналған стандартты саңылаулы қондыруды есептеу және таңдау
Тіліктер
Полимерлі материалдардың реологиясы және жылуфизикалық қасиеттерін зерттеу
Тұрқы бөлшегі үшін құйманы жасаудың технологиясын әзірлеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz