Экологиялық құқық бұзушылықтар салдарынан азаматтық жауапкершілікке тарту


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:
МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ
Тақырыбы : “ Экологиялық құқық бұзушылықтар салдарынан азаматтық жауапкершілікке тарту. ”
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 3
I -тарау. Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін жауапкершіліктің түсінігі және жалпы сипаттамасы
1. 1. Қоршаған ортаға келтірілген зиянның ұғымы мен ерекшеліктері . . . 11
1. 2. Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін жауапкершіліктің түсінігі және оның түрлері . . . 30
1. 3. Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін материалдық жауапкершілік және оның құрамы . . . 34
II - тарау . Экологиялық заңдарды бұзу салдарынан келтірілген материалдық зиянды өтеудің құқықтық негіздері
2. 1. Азаматтық құқықтарды қорғау мен залалдарды өтеу . . . 45
2. 2. Экологиялық зиянды өтеуді құқықтық реттеу тәсілдері мен олардың тиімділігін арттыру мәселелері . . . 52
Қорытынды . . . 61
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 65
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. ХХI ғасырдағы ғылымның ұлы жетістіктерінің бірі - технология жетістіктерін пайдалануға қол жеткізу болса, бұл бір жағынан адамзат баласының алдындағы көптеген күрделі мәселелердің шешілуіне, ғылым мен техниканың дамуы барысында үлкен бетбұрыс алуына мүмкіндік жасаса, екінші жағынан ол өзінің кері әсерін де тигізіп отыр.
Экологиялық тұрғыдан алғанда Қазақстан аумағы жағынан да, тұрғындардың жан басына шаққанда да әлемдегі ең лас аймақ болып табылады. Демек, ел аумағының экологиялық ластануы адамзаттың өмір сүруін тоқтататындай жағдайға таяуда. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалық етуімен Қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысында күн тәртібінде республикадағы экологиялық ахуалдың арнайы қаралуы осының айғағы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 6 ақпан 2008 жылғы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына жолдауында мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасына қатысты бірнеше бағыттағы өзгерістер енгізу қажеттігін атап көрсеткен. Соның ішіндегі төртінші бағытында - жеке меншік тұрғын үй құрылысында индустриялық, арзан және экологиялық таза технологияларды игеру басымдыққа ие болуға тиіс. Шет мемлекеттердің озық тәжірибелерін кеңінен қолдану керек деп атап өтті.
Үкімет осымен бір мезгілде өзінің күш- жігерін қуат жинақтаушы және экологиялық таза технологиялар енгізуге жұмылдыруы тиіс делінген. [1]
Яғни кез-келген салынып жатқан немесе болашақта салынатын құрылыс кешендері тек қана экологиялық стандартқа сай, қоршаған ортаға зияндарын тигізбейтіндей жан-жақты зерттеліп барып құрылысын жүргізуі тиіс.
Бүгінгі таңда Қазақстан аумағында баршаға мәлім болған деректердің негізінің өзінде, экологиялық мәселенің ең күрделі, әрі көкейтесті екендігіне көз жеткіземіз. Өткен ғасырдың алпысыншы жылдарының басына дейiн Арал теңiзi әлемдегi ішкі теңiздердiң аумағы бойынша төртінші орында болды. Оның аумағы 64, 5 мың шаршы километрге жетті, тереңдігі - 68 метрді құрады. 60-шы жылдардан бастап Арал теңiзiне құятын сулар лезде азайды. Теңiз аумағы теңiз түбінің үш миллионнан астам гектарын жалаңаштап екі есе қысқарды. Теңiз деңгейi 19 метрге төмендедi, көлемi 1064-тен 210 км 3 -қа қысқарды. Теңiз суының минералдануы 33, 3-тен 60 г/л-ға дейiн екі eceге жуық көтерiлдi. Арал өңiрiнде пайда болатын, тұзды-шаңды ағыстар ғарыштан түсiрiлген суреттердiң деректерi бойынша 150-300 және одан да үлкен километрлерге таралады. Шаңның таралу және шөгуi аймақтарының көлемi шамамен 25 млн. гектар құрайды. Арал теңiзi айдынының апатты қысқаруы аумағында 178 елдi мекен орналасқан, 186, 3 мың адам тұратын экологиялық апат аймағы деп, мәлiм болғандай, Арал өңiрiн жариялаудың себебi болды. Ауыз сумен қамтамасыз ету негізiнен, ашық су қоймалары мен әкелiнетін сулардың есебiнен, 25% құрайды. Қазiргi уақытта, Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2004 жылғы 7 мамырдағы №520 қаулысымен 2004-2006 жылдарға арналған Арал өңiрiнiң проблемаларын кешендi шешу жөнiндегi бағдарлама бекiтiлдi. [2]
Семей аймағы (Семей ядролық сынақ полигоны - СЯСП) полигон әсерiмен сипатталатын, денсаулық пен ауру жай-күйінің негiзгi көрсеткiшi бойынша ең қолайсыздың бiрi болып қалуда. СЯСП-та ядролық қаруды сынау нәтижесiнде Қазақстан халқының денсаулығына келтірiлген зиянды бағалау жүйесі түпкілікті анықталып әзiрленген жоқ және шаралардың тиiстi кешенiн жүргiзудi белгілейдi. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2003 жылғы 22 тамыздағы №182-ө өкiмімен құрылған Ведомстволық жұмыс тобы бұрынғы әскери-сынақ полигонын, оның iшiнде, СЯСП-ты зерттеу үшiн кешендi бағдарлама әзірлеуді жүргiзуде. Бағдарламада осы жерлердегі нақты радиациялық жағдайды анықтау үшiн жерлердi қайта өңдеу, оңалту iс-шараларының кешенін әзiрлеу және орындау жөнiндегі жұмыстарды одан кейінгі жүргiзумен iрi көлемдi ғылыми зерттеулер көзделетін болады. Толық көлемдi зерттеулерді полигонның өзінің жерлерінде ғана емес, сонымен, полигонға жақын аудандар аумақтарында да жүргiзу қажет.
Каспий теңізiнің көмірсутегi ресурстарын игеру бастылары балық аулауға кедергi келтіру, теңiз түбiндегі бұзушылықтары, балықтар миграциясының бұзылуы, айдынды шеттету, судың лайлылығын арттыру, өндiру және тасымалдау кезiнде технологиялық, авариялық төгiнділер, шығарындылар және жайылулар болып табылады. Каспий экожүйесiнiң бiрегейлігін ескере отырып, тиістi экологиялық талаптар мен стандарттармен шаруашылық жүргізудің ерекше шарттарын әзiрлеу қажет. Каспийдiң солтүстiк және солтүстік-шығыс тайыз қайраң аймағы негізін бентостық, планктондық жануарлар мен балдырлардың үлкен әртүрлiлiгi құрайтын балықтар мен (оның ішінде бекiре тұқымдастар) құстардың табиғи молаюының бай таралу аймағын бiлдiредi. Қайраң аймағының және Еділ мен Жайық өзендері атырауының аумағы 1974 жылдан бастап қорық аймағы болып жарияланған, бiрақ оны зоналауды қорық режимiмен учаскелердегі жұмыстарды толық тыйым салу үшін аяқтау талап етіледі. Теңiздiң солтүстiк шығыс бөлігiндегi аралдарда Каспий итбалығының негiзгі мекен ету ортасы, ал батпақты-сулы алқаптарда суда жүзетін құстарды, оның iшiнде көшiп-қонып жүретiн құстар мекен етедi. Каспий экожүйесiнiң бiрегейлігін ескере отырып, тиістi экологиялық талаптар мен стандарттармен шаруашылық жүргізудің ерекше шарттарын әзiрлеу қажет. [3]
Мұндай экологиялық ахуал тек қана Қазақстанда ғана емес, әлемнің көптеген елдерінде қалыптасқан жағдай.
Мұндай экологиялық тығырыққа келудің себебі не? Бұған берілетін түсініктер аз емес: ведомстволық бюрократизм, жетілдірілмеген заңдылық, нашар ғылыми техникалық база. Бірақ мұның барлығы тығырықтың пайда болуының негізгі себебі емес, салдары болып табылады. Яғни басты себеп емес.
Айналадағы табиғи ортаны қорғау - ең алдымен адамның өмірі мен денсаулығын, болашақ ұрпақтың мүдделерін қамтамасыз етуге, табиғи ортаға қарсы зиянды іс-әрекеттер жасауға жол бермеуге, табиғи тепе-теңдікті сақтау мен қоршаған ортаны тиімді пайдалану мақсатын көздейді.
Жалпы экология табиғат пен қоғам қатынастарын, адам мен табиғаттың тікелей байланысын, айналадағы табиғи ортаны қорғауды реттейтін құқық ережелерінің жиынтығы болып табылады .
Бүгінгі таңда ғылымның бір ағымы, қоғам талабы, адамзаттың күн көрісі үшін табиғат байлығын пайдалануды кеңейтуді қажет деп тапса, келесі бір ағым қоғам талабына, адамзат қажеттілігіне қарама-қарсы, яғни табиғат пен адам арасындағы тепе-теңдіктің сақталуы қажеттігін айтады. Демек өндірістік дамудың зиянды жерін азайта отырып, табиғатқа ешбір залал келтірмей, оның өзін-өзі реттеп отыру белсенділігін сақтау деген сөз.
Зерттеу жұмысында анықталғандай Қазақстанның бүкіл аумағының экологиялық жағдайы өте нашар. Бұл өз кезегінде азаматтардың құқықтары мен мүдделеріне нұқсан келтіреді Сондықтан да бүгін қоршаған ортаны, ондағы тіршілік иелерін оның залалынан қорғаудың мәселесі өткір тұр. Соған орай экология саласында құқықтық зерттеулерді жан-жақты жүргізу қажет.
Ата заңымыз негізінде азаматтардың қолайлы қоршаған ортада өмір сүру құқығы танылған. Қоршаған ортаның қолайсыздығынан келтірілген залалдың орнын толтыру құқығы да негізделген. Бірақ бұл өте күрделі теориялық та практикалық та маңызы зор мәселе.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Осы күрделі мәселені шешу көптеген ғылымдардың атсалысуын қажет етеді. Соның ішінде құқық ғылымының рөлі зор. Құқық - бұл саладағы туындаған қоғамдық қатынастарды реттеп, олардың дамуын қамтамасыз етеді.Заңгер-эколог ғалымдар соңғы жылдары қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық мәселелерінің кейбір аспектілерін зерттеді.
Ол ғалымдар Әбдірайымов Б. Ж., Бектұрғанов Ә. Е., Байсалов С., Байдельдинов Д. Л., Еренов А. Е., Мұхитдинов Н. Б., Сахипов М. С., Насырова Л. Р., Тукеев А. Ж., Мороз С. П., Стамқұлұлы Ә., Сүлейменов М. К., Әбдірайымов Б. Ж., Хаджиев А. Қ., Қосанов Ж. Х., Еркінбаева Л. Қ,, Қуандықов Қ. Ж. еңбектерінің маңызы зор.
Осы теориялық еңбектердің қорытындысының негізінде алғаш рет Қазақстанда нақты қоғамдық қатынастардың көрінісі бейнеленген, әрі сол қатынастарды өркениетті деңгейде реттеуге қабілетті заңдар мен нормативтік -құқықтық актілер қабылданды.
Қазақстан Республикасының «2005-2007 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау» бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 5 қыркүйектегі N 903 қаулысымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегi іс-шаралар жоспарының 7. 5. 1-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 3 ақпандағы №131 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауiпсiздiк тұжырымдамасын iске асыру жөнiндегі іс-шаралар жоспарының 1-тармағына сәйкес әзiрленген. Бағдарлама қоршаған ортаны ластау деңгейiн а зайтуды және оны тұрақтандыру жөніндегi іс-шаралар жоспарын әзiрлеудi көз дейтін 2004-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Экологиялық қауiпсiздігі тұжырымдамасының бiрiншi кезеңiн (2004-2007 жылдар) iске асырудың тетігі болып табылады. Бағдарламада Қазақстандағы барлық экологиялық проблемаларға талдау жүргiзiлген және қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесiн оңтайландыруды қоса, оларды шешу жөніндегі шаралар әзiрленген. Бағдарлама iс-шараларын iске асыру нәтижесiнде қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру жөніндегі мiндеттердi шешу үшін жағдай жасалатын болады және сәйкесiнше экологиялық ахуалдың бұдан әрi нашарлауының және Қазақстан Республикасы халқының денсаулығына оның әсер етуiнiң нақты және ықтимал қатерлерінің алдын алуға болады. [3]
Ормандардың биологиялық әртүрлілігіне қауiп төндiретiн факторларға өрт, өздігінен жаппай кесу, малды жаю жатады. Соңғы 10 жылда Шығыс Қазақстанда жолақты қарағайлы орман алаңы 0, 16 млн. га-ға немесе 20%-ке кемiдi. Осы проблемаларды реттеу үшін "Мемлекеттік орман қорының учаскесiнде қылқан және ceксеуіл екпе ағаштарын басты пайдаланудың кесуiне тыйым салу және оларды сақтау жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 23 сәуiрдегi №460 қаулысы қабылданды. Eгep өткен ғасырдың соңғы он жылдығының басына орман қалпына келтіру жұмыстарының жыл сайынғы көлемi республика бойынша орташа алғанда, шамамен 80 мың га құраса, онда 1997 жылы орманды қалпына келтiру көлемдері 8 есе қысқарды және қазiргi уақытқа дейiн іс жүзiнде осы деңгейде қалуда . Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 14 мамырдағы №542 қаулысымен «2004-2006 жылдарға арналған Қазақстан ормандары» бағдарламасы бекiтiлдi. Бағдарламаны iске асыру нәтижесiнде ормандардың сақталуы, орманмен көмкерілген жерлердiң біртіндеп ұлғаюы, өрттерден ормандарды қорғауды жақсарту, зиянкестер мен аурулардан оларды қорғау, ормандардың жастық құрылымын, сапалық құрамын және санитарлық жай-күйiн жақсарту қамтамасыз етіледi. [4] Қазақстанның жануарлар әлемi омыртқалы жануарлардың 835 түрiмен және омыртқасыздардың 100 мыңға жуық түрлерiмен берiлген. Қазақстан Республикасы Yкiметінің 2002 жылғы 10 сәуiрдегi №408 қаулысымен сүт қоректілердiң 40 түрі, құстардың 57 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 10 түрi, қос мекенділердiң 3 түрі, су жануарларының 19 түрі - сирек кездесетiн және жойылу қаупі төнген жануарлардың тiзбесi бекітілген. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 19 маусымдағы №573 қаулысымен Қызыл кiтапқа енгiзу үшін омыртқасыз жануарлар түрлерінің тiзбесi бекiтiлген. Барлығы 96 түр. Ормандарды жою, топырақтардың эрозиясы, iшкі және теңiз су қоймаларының ластануы, биологиялық ресурстардың шамадан тыс алу өсiмдiктер мен жануарлар түрлерiнің жойылуына, генетикалық деңгейде жоғалтуға және экожүйелерді тиiсті өзгерiстерге алып келедi. Соңғы уақытта Қазақстан экологиялық факторлары үшін нақты сыртқы қатердi әлемде кең таралған генетикалық өзгерiске ұшыраған организмдер мен өнiмдердi әкелу болып табылады. Өсімдіктер мен жануарлардың жат тектi түрлерiн интродукциялау биоәртүрліліктi жоғалту есептерінің бiрi және ғылыми зерттеулер жүргізуді талап етедi. Республиканың су ресурстарының жай-күйі жалпы жеткiлiксiздiкпен, жалғасып жатқан ластанумен және тозумен бағаланады. Қазақстандағы тұщы су ресурстары 524 км 3 құрайды, олардан 100, 5 км 3 өзен ағысына келедi. Жер асты суларының барланған қорлары (16 км 3 ) болжамды ресурстардың салыстырмалы шағын бөлiгiн - шамамен 27% бiлдiредi. Тұщы судың жер асты қорларына, стратегиялық pecуpc мәртебесін беру қажет. 2002 жылы шаруашылық-ауыз суын пайдалану көлемi 1995 жылмен салыстырғанда екі есе төмендедi. Халықтың жан басына шаққандағы eceпте шаруашылық-ауыз су мақсатындағы сулар орташа алғанда, шамамен тәулiгiне 150 литрден келеді. Республиканың ауыл халқы қала халқына қарағанда суды үш есе аз тұтынады. Жыл сайын шайынды сулардың төгінді көлемi 5 млрд. м 3 -ден артықты құрайды, Қарағанды, Оңтүстiк Қазақстан, Павлодар, Маңғыстау, Алматы, Қызылорда облыстары оған елеулі үлес қосады. [5]
Зерттеу пәні. Бұл ғылыми зерттеу еңбегінің мақсаты қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды бұзу салдарынан туындайтын азаматтық құқықтық жауапкершіліктің құқықтық негіздерінің теориялық мәселелеріне талдау жасап, оны қалыптастыру, бұл бағыттағы барлық нормативтік актілерді ғылыми тұрғыдан зерттеп, олардың тиімділігін арттырудың негіздерін ашу болып табылады. Зерттеу базасын қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды бұзу салдарынан туындайтын азаматтық құқықтық жауапкершіліктің құқықтық негізі болатын Қазақстан Республикасының нормативтік актілері, салыстырмалы түрдегі кейбір шет мемлекеттердің нормативтік актілері, халықаралық шарттар мен келісімдер құрайды. Сонымен бірге зерттеу жұмысын жүргізу барысында заңгер-ғалымдардың, құқық теоретиктерінің еңбектері, ондағы тұжырымдар назарға алынды.
Жұмыста ғылымдық танымның жалпы әдістері және салыстырмалы-құқықтық талдау, функционалды-құрылымдық талдау, жүйелі және тарихи амалдар сияқты арнайы ғылыми әдістер және т. б. қолданылған. 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздiк тұжырымдамасына сәйкес климат пен озон қабатының өзгеруiмен, биологиялық әралуантүрлілiктің қысқаруымен, шөлейттенумен, топырақ қабатының, судың, ауаның ластануымен, қалдықтардың жиналуымен және тағы басқаларымен байланысты елдiң неғұрлым күрделi экологиялық проблемалары болып табылады. БҰҰ-ның климаттың өзгеруi жөнiндегi үлгілік конвенциясын (1995 жыл) бекiткен және осы Конвенцияға Киото хаттамасына қол қойған Қазақстан көмiрсутегi отынын жағудан парник газдары көлемiнiң тұрақты ұлғаюымен байланысты жаһандық жылынудың алдын алу жөнiндегi жалпы әлемдiк қозғалысқа қосылды. [3]
Зерттеудің ғылыми жаңалығы.
Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін азаматтық құқықтық жауапкершілік құқықтық негіздерінің практикалық және теориялық мәселелеріне арналған зерттеу жұмысы маңызды ғылыми еңбек болып табылады.
Автор Қазақстандағы экологиялық мәселелерді шешу үшін қолданатын заңдарға талдау жасап, қоршаған ортаны экологиялық ластанудан қорғауға байланысты, құзыретті органдар қабылдаған нормативтік актілерді қарастырады. Магистрлік жұмыста қоршаған орта ұғымы, қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды бұзу салдарынан келтірілген зиян, қоршаған ортаны ластанудан құқықтық қорғаудың түсінігі кеңінен ашылып, оның негізгі айырымдылық белгілері көрсетіледі. Сонымен бірге бұл бағыттағы мемлекеттік басқарудың түсінігі, басқару органдарының қызметі, жүйесі ашылып көрсетіледі. Нормативтік актілердің мазмұндарына, құрылымы мен мәніне, жүйесіне талдау жасалып, олардың тиімділігін арттырудың бағыттарын айқындаған.
Егер Конституциялық принципті, яғни азаматтардың денсаулығын сақтауға құқылы екендігін (29 бап. 1 б. ), мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қоятындығын (31 бап. 1б. ), мемлекеттің ең қымбат қазынасы адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары (1 бап. 1 б. ) екендігін, және басқа да заңдық принциптерді, соның ішінде мәселен, экологиялық заңда көрсетілгендей, адамның өмірі мен денсаулығын қорғау басымдығы, халықтың өмірі, еңбегі мен демалысы үшін қолайлы қоршаған ортаны сақтау мен қалпына келтіру екендігін ескерсек, мұндағы барлық нормалардан нақты азаматтардың қолайлы қоршаған ортаға ие болу құқықтарының танылуын және оның сақталуының мемлекеттік кепілдігі берілетіндігін көре алмаймыз. [6] Сондықтан қолайлы қоршаған ортаға ие болу және экологиялық залалдарды өтеу құқығы конституциялық сипатта болуы қажет.
Зиян келтірушіні анықтау мүмкін болмаған жағдайда, немесе ол анықталып, сот шешімінің орындалуы жауапкердің төлем қабілетсіздігі салдарынан мүмкін болмаған жағдайда зиянды өтеу тетіктері қалыптастырылу қажет. Ол үшін арнайы экологиялық қор ұйымдастыру ұсынылады.
Жұмыстың тәжірибелік маңызы.
Магистрлік зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы сонда, жұмыстағы идеялар, қорытынды мен ұсыныстар қоршаған ортаны ластанудан қорғаудың құқықтық негіздерін одан әрі ғылыми зерттеуге негіз болады, оның теориялық қорын кеңейтеді. Бұл қоршаған ортаны ластанудан қорғауға, одан келген материалдық залалды өтеуге, сауықтыруға байланысты мәселелерді шешу барысында негізгі материалдар бола алады. Алынған нәтижелер ұйымдастырушылық құрылымдар мен нормативтік қорды жетілдіру мәселесін шешу барысында тиісті органдардың пайдалануына болады. Диссертациядағы ғылыми жұмыстың талдау қорытындысы жоғарғы оқу орындарындағы экологиялық-құқықтық пәндерді оқыту және қоршаған ортаны ластанудан қорғаудың және келтірілген залалды өтеудің құқықтық мәселесін одан әрі зерттеу барысында пайдаланылуы мүмкін.
Мысал ретінде алып қарайтын болсақ, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 2005 жылғы статистикалық есеп мәліметтеріне сай жалпы шығарынды 31 мың тоннаны құрайды. Бұл 2006 жылмен салыстырғанда 12 пайызға жоғары. Яғни кәсіпорын шығарындыларының жалпы көлемі келесі тенденцияда өседі:
- Мұнай өңдеу бойынша - мұнай өңдеудің артуына байланысты;
-Құрылыс материалдарын шығару бойынша - құрылыс индустриясының интенсивті дамуына байланысты;
-жылу энергетикасында, қаланың дамуына және жылу және электр энергияларының қажеттілігі артуына байланысты және өсімдік шикізатын өңдеуде, өсімдік шикізатын өңдеумен айналысатын кәсіпорындардың көбеюіне және шығарылатын өнім көлемі артуына байланысты.
Оңтүстік Қазақстан облысы атмосфералық ауасының ең ірі ластауыштары Шымкент қаласында шоғырланған, оларға келесі кәсіпорындар жатады:
-“Петро Казакстан Ойл Продактс” ААҚ - 14254, 4 тонна немесе 45, 8%;
-“Энергоорталық-3” ААҚ - 1568, 4 тонна немесе 5, 04%;
-“Южполиметалл” өндірістік Корпорациясы” АҚ - 5761, 7 тонна немесе 18, 5 %;
-“Шымкентцемент” ААҚ - 1650, 9 тонна немесе 5, 3 %. [7]
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz