Биогендік аминдер. МАО ингибиторлары. Антигистаминдік препараттар


Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті

Студенттің өзіндік жұмысы

Тақырыбы: Биогендік аминдер. МАО ингибиторлары. Антигистаминдік препараттар

Орындаған: Кинадина Г. С.

Тобы:208 «А»

Тексерген: Шəутенова Г. Ж

Ақтөбе 2017

ЖОСПАР

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

1. Биогенді аминдер

2. МАО ингибиторлары.

3. Антигистаминдік препараттар

ІІІ. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

КІРІСПЕ

Аминдер - молекуласындағы бір немесе бірнеше сутек атомы амин тобына (-NH 2 ) алмасқан көмірсутектердің туындылары. Амин тобымен байланысқан радикалдың табиғатына байланысты аминдер алифатты және ароматты болып бөлінеді. Аминдерді аммиактағы сутек атомдарының орнын радикал басқан аммиактың туындылары деп те қарастыруға болады. Молекуласындағы амин тобының санына байланысты аминдер: моноаминдер, диаминдер, полиаминдер болып бөлінеді. Аминдер радикалдық санына байланысты бірінші, екінші және үшінші Аминдер деп бөлінеді. Аминдердің алкиламиндер және ароматтық Аминдер (ариламиндер) деген түрлері бар. Алкиламиндер - күшті, ариламиндер - әлсіз негіздер. Алкиламиндер минералды қышқылдармен әрекеттескенде көп жағдайда суда жақсы еритін тұздар түзеді. Тас көмір қышқылдарымен, олардың ангидридтерімен, күрделі эфирлермен қыздырғанда бірінші және екінші Аминдердегі сутек атомы алмасқан амидтер түзіп ацилденеді. Аминдерді анықтау үшін олардың амидтерге ацилдену реакциясын пайдаланады. Аминдердің көпшілігі табиғатта кездеседі. Физиол. белсенділігі олардың сутекті, ковалентті, иондық байланыстар түзуіне негізделген. Аминдер өсімдіктер дүниесінде әр түрлі процестерде (метаболизм, т. б. ) маңызды рөл атқарады. Сондай-ақ синтетик. жолмен алынған Аминдердің емдік қасиеттері бар. Осыған байланысты Аминдер бактериялық құрт ауруларын емдеуде кеңінен қолданылады. Аминдер радикалдық санына байланысты біріншілік RNH2, екіншілік R2NH және үшіншілік R3N болып бөлінеді.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Биогенді аминдер - жануарлар мен өсімдіктердің құрамында аминқышқылының декорбоксилденуі арқылы декорбаксилаза ферментінен түзілетін және жоғары биологиялық белсенді заттар. Биогенді аминдерге дофамин, норадреналин, адреналин, серотонин, мелатонин және триптамин жатады. Көптеген жануарлардың организміндегі биогенді аминдер гормондар мен нейромедиаторлардың қызметін атқарады.

Серотонин - биогенді камин, қан иммунитетін қоздырушы медиатор. Фенилаланин-гидроксилаза және декарбоксилазаның көмегімен триптофаннан құралады. Серотинин әртүрлі органдарда кездеседі. Әсіресе мидың, ішектің әртүрлі торшаларында, кеміргіштердің тромобоциттердіде және мес торшалардың қүрамында өте көп болады.

Гистамин - физиологиялық белсенді зат. Биогенді аминдерге жатады, организмде гистидиннен жасалады. Гистамин өсіп келе жатқан тканьдерде (эмбриондық, қайта өсіп келетін) көп түзіледі, көп мөлшерде мес клеткаларда кездеседі. Гистамин қан иммунитетінің лимфокины болып есептелінеді. Аз ғана мөлшерде организмге тағаммен кіреді. Гистамин қан құрамында байламды түрде кездеседі. Гистамин үсақ, тамырлар өткізгіштігін жақсартады және микроциркуляцияның реттелуіне қатынасады, асқазан сөлінің бөлінуіне әсерін тигізеді. Гистамин медиатор есебінде аллергиялық реакцияға қатысады (есекжем, Квинке ісігі, бронхының тарылуы)

Мелатонин - эпифиз-дың негізгі гармоны, циркадалық ритм немесе циркадиандық ритмді ретке келтіреді (барлық жандыларда болатын ішкі сағат, яғни ағзадағы биологиялық үрдістердің циклдік ауысуын реттеп отыратын тәулік ішінде 24 сағаттық ұзақтықтағы ритм болады.

Бұл циркадалық ритмді сақтау генетикалық үрдіс, тіпті соқыр жануарлар да жарықтың өзгерісін терідегі фоторецепторлардың көмегімен біліп отырады. ) . Бұл гармон 1958 жылы А. Б. Лернер-мен табылған болатын. Қысқасы бұл гармон бөлінгенде ұйқыға тартады. Жұрттар ұйқыны реттеу үшін дәрі түрінде де пайдаланады.

МАО ингибиторлары.

2 МАО изоферменті белгілі А- типі-сератонин, адреналин мен норадреналинді дезаминирлеп тотықтырады.

В- типі- фенилэтиламинді және кейбір басқа биогенді аминдерді инактивациялайды. 2 изоферменттің субстраты- дофамин, тирамин және триптамин. МОА-А бауырда, ішек- кілегей қабатында, нейрондарда қызмет етеді. Ас қорыту трактісінің изоферменті, фениаланин, тирозин және тағам тирамнін тотықтырады. МАО-В-нің активтілігі астроциттерде анықталады. Антидепрессанттар-МАО ингибиторлары норадреналин мен серотонин инактивациясын төмендетіп, бұл нейромедиаторлардың жиналуына әкеледі және олардың ретулярлы фармациядағы, гипоталамустағы, лимбикалық жүйедегі рецепторларына қозу әсерін күшейтеді (потенциялайды) . МАО- ингибиторларын қайтарымды және қайтарымсыз әсерлі деп бөледі.

МАО қайтарымсыз әсерлі

Қазіргі кезде бұл топтан гидразин туындылары- ниаламид қолданылады. Ол флавиндік простетиктік тобы МАО тип А, В- қайтарымсыз тотықтырады. Ниаламид пессимистікті, супцидалды ойларды, қозуды, уайымды төмендетеді. Антидепрессивтік эффектісі курстық емнен 7-10 күннен өткен соң басталады. Депрессияның манияға өтуі мүмкін. Ол депрессияның астеникалық синдромында ем үшін қолданылады. Жанама әсерлері- «ірімшік кризі» (тираминдік синдром) - артериалды гипертензия, тахикардия, аритмия, миокард инфаркті, гипертермия, тырыспа, көз қысымыеның көтерілуі тирамин өнімдерін тамаққа көп қолданғанда (банандар, инжир, йогурт, кофе, кептірілген сельд, шоколад т. б) . Қалыпта, тамақпен келген және ішек микрофлорасынан пайда болған тирамин бауыр, ішек МАО- сымен инактивацияланады; МАО ингибирленгенде, тирамин жүйелі қапқа түсіп, адреномиметик сияқты әсер етеді. «Ірімшік кризісін» Емдеу гипотензивтік дәрілермен -фентоламин, тропафен, пенталамин, нифедипинмен жүргізіледі. Құрамында тирамині бар өнімдерді қолданбағанда ниаламид ортостатикалық гипотензияны шақырады. Ниаламидтен жедел улануда- делирия, рефлекстердің күшеюі, тырыспалар, гипертермия, артериалды гипертензия немесе гипотензия пайда болады. Ниаламид гидразин тобынан болған соң витамин В6- ның коферменттік түрге- пиридоксальфосфатқа айналуын бұзады. Бұл токсикалық гепатит және перифериялық нейропатияның дамуымен қауіпті.

Қарсы көрсеткіштері.

Жүрек, бауыр, бүйрек жетіспеушілігі, ми қан айналымының нашарлауы жүктілік, емізу кезінде.

МАО қайтымды әсерлі.

Қазіргі кездегі антидепрессанттар бас миындағы А типтегі МАО-ны қайтарымды ингибирлейді, перифериялық ұлпа ферменттеріне және МАО-ның В типіне әсер етпейді. Препараттарды доғарғанда МАО-ның активтілігі 24 сағаттан соң қалпына келеді. Пиразидол және инказан тетрациклдік құрылымды, моклобемид- морфолин туындысы. Пиразидол- 2-3 аптадан кейін тимоаналептикалық әсер етеді. Апатиялық, анергиялық депрессияда 75-125 тд дозада психостимулдық, ал апситирленген жағдайларда-200 мд дооада седативті эффект көрсетеді. Нооторпты және антиоксидантты әсері бар. М- холинорецепторларды блоктамайды, депрессияның жеңіл және орташа дәрежесінде, обсессивті- фобиялық, паликалық симптоматикада, Альцгеймер ауруында комплексті терапияда, психиканың инволюциялық бұзылыстарда қолданылады. Инказин және моклобемид- тимоаналептикалық және психостимулдау әсері бар. Гипо және анергиялық бұзылыстарда, депрессияда қолданылады. Қайтарымды МАОИ- науқастармен жақсы қабылданады, сирек жағдайда ғана пиразидол бас айналуды, тремор, тахикардияны, жүрек айну, тершеңдік шақырады, инказан-АҚ өзгеруі, брадикардияны; моклобемид М-холинорецепторларын әлсіз блоктайды.

Қарсы көрсеткіштері .

Бауырдың, бүйректің жедел қабынуы, эпилепсия, жүктілік, емізу, 12 жасқа дейінгі балалар, қан өндірілетін жүйе аурулары; Инказан мен моклобемидті депрессияның қозу көрінісімен болған жағдайында да қолданады. Сератонинді ұстау блокаторлары мен МАО ингибиторларын бірге тағайындау «Серотониндік кризге» диспепсиялық бұзылыстарға, делирияға, гипертермияға, артериалды гипертензия, бұлшық ет ригидтігіне, миокломуска, скелет еттерінің таралуына әкеледі. Бұл асқынулар леталды жағдайға соқтырады. Нейрональды ұстау блокаторларымен емдеуден МАОИ-ын қабылдауға өткенде 3-7 күн үзіліс жасалуы керек, ал қарсы бағытта ауысқанда 2 апта интервалды керек етеді, МАОИ-рын және нейроналды ұстау блокаторларын қосарланып қолдануға болмайды, өйткені Р450 бауыр цитохром активтілігін төмендетіп, препараттардың биотрансформациясы баяу жүреді. Атипиялық антидепрессанттар- серотонин және норадреналиннің нейрональды ұстамауын әлсіз блоктайды және МАО-ның активтілігін төмендетпейді. Тимоаналептикалық әсері рецепторларды тікелей активтеумен байланысты. Тразодон және оның метаболиті хлорфенилпиперазин 5-НТ, серотонин рецепторларына агонистік қасиетн көрсетеді. Тразодонға тимоаналептикалық, үрейге қарсы, седативтік эффектілер тән. Ол үрейдің психикалық (аффективті шаршау, ашушаңдық, қорқыныш, ұйқысыздық) және үрейдің соматикалық (тахикардия, бас және еттің ауыруы, тершеңдік, жиі зәр шығару) көрініс басады. Депрессияда ұйқыны қалыпқа келтіреді. Алкоголге деген қызығушылықты төмендетеді, бензодиазепиндік транквилизаторларды доғарғанда абстинетті синдромның ағымын жұмсартады. Тразадон ішекте жақсы сіңеді, жартылай элиминациясы 10-12 сағат. Үрейлі-депрессивті синдромда, созылмалы алкоголизмде, бензодиазепиндерге тәуелділікте қолданылады. Жанама әсерлері- бас айналу, ұйқышылдық, ортостатикалық гипотензия, диспепсия, лейкопения. Тианептин- үрейге қарсы және т имоаналептикалық әсер етеді. Тианептин қозу симптомынсыз энергия береді, жақсы сезінуді арттырып, өмірлік тонусты көтереді, оқу, есте сақтау қабілеттерін арттырады, ұйқыны қалыпқа келтіреді. Депрессияның соматикалық симптомдарын әлсіздейді- бас айналу, жүректің жиі соғуы, ыстықтың, еттің ауырсынуы- стрессте АКТГ және гидрокортизонның бөлінуін азайтады.

Тианептин 94%- ақуыздармен байланысады, бауырда β-тотығады және N-демителденеді. Жартылай элиминациясы- 2, 5-3, 5 сағат. Үрейлі депрессияда, созылмалы алкоголизмде қолданылады. Жанама әсерлері сирек кездеседі. Оларға бас айналу, бас ауруы, ұйқышылдық немесе ұйқысыздық, тремор, анорекция, ауыздың кебуі, іш қатуы, тахикардия, экстрасистолия, миртазапин. Мультирецепторлы әсер ету механизмі бар. Бұл тетрациклдік антидепрессант, пресинаптикалық α 2 - адренорецепторларды блоктайды, норадреналин мен серотониннің босатылуын көтереді. Серотониннің әсері 5-НТ 1 рецепторлары бойынша жүргізіледі, өйткені миртазапин екінші және үшінші типтің рецепторларына антогонист болып келеді. 5-НТ 1 серотонин рецепторларын стимулдау арқылы тимоаналептикалық, үрейге қарсы, ұйқы шақыратын эффект береді. Бұл препараттардың токсикалық әсерінің төмен болуы 5-НТ 2 және 5 НТ 3 рецепторларын әсер етпеуімен байланысты. Н 1 - гистамин рецепторларын блоктайды. Миртазапиннің биотиімділігі- 50%, плазма белоктарымен байланысы 85%. Бауырда 2Д 6 және 1А 2 Р 450 цитохром изоэнзимдерінің әсерімен гидроксилденеді, Р 450 . 3А 4 цитохромның қатысуымен деметилденген және N-тотыққан метаболитке айналады. Деметилмиртазапин миртазапинге қарағанда 10 есе әлсіз антидепрессивті әсер етеді. Метаболиттері глюкурон қышқылымен конъюгирленеді. 85% бүйрекпен элиминацияланады, 15%- ішек арқылы шығарылады. Жартылай элиминациясы -20-40 сағат. Бауыр және бүйрек ауруларында ол 40%-ға ұзарады. Миртазапин емнің 1-ші аптасында-ақ көңіл-күйді жақсартады, психомоторлы активтілікті, ойлауды, аппетитті, ұйқыны, ауыр меланхоликалық депрессиядағы науқастардың циркадтық биоритмдерді қалыпқа келтіреді. Жанама эффектілері- салмақтың көбеюі, аппетиттің көтерілуі, ұйқышылдық, әлсіздік, аллергиялық реакциялар. Сирек кездесетін жанама әсерлері тремор, миоклонус, ортостатикалық гипотензия, ісіну, қан өнімдері бұзылады.

Нормотимиялық дәрілер (литий тұздары)

1949 жылдан бастап литий тұздарын маниоколды күйлерді емдеу үшін қолдана бастады. 1970 жылы литий тұздарының көптеген кері әсерлерінің алдын-алу шаралары ұйымдастырылды. Маниаколды - депрессиялық психозда литий тұздарының орнына эпилепсияға қарсы дәрілер карбомазепин, клоназепам, вальпроаты, памотриджин, топирамат, габапентин, вигабатрин, атипті нейролептиктер оланзопин, кветиапин, рисперидон, арипипразол, кальций каналдарының блокаторлары верапамил, нифидипин, дилтиазем қолданылады. Сау адамдарда литий иондары терапевтік мөлшерлерінде психотропты әсер көрсетпейді. (тыныштандыратын әсер, депрессияны немесе эйфорияны болдырмайды. Маклаколды - депрессиялық психозбен ауыратын науқастар да литий антиманиаколды және нормотимиялық әсерлер береді (мания және депрессияда көңіл - күйді қалпына келтіреді) . Литий иондары тез натрий каналдарымен нейрондарға еніп бірдей потенциалдық әсер көрсетуі мүмкін. Бірақ литий жасушалардан Nа + , К + АТФ - азаның көмегімен шығарылмайды. Литийдің жасушаларда ұзақ сақталуы натрий және калий иондарының тромемембралды тасымалдануын өзгертеді. Бұл мембранадағы электрлік процесстерді бұзады. Орталық нерв жүйесінде литий кальций иондары және депомеризациямен жүретін дофаминнің және норадреналиннің бөлінуін тежейді, бұл нейромедиаторлардың пресинапстық қорлануын және нейронды ұстануын жоғарылатады, дофамин рецепторлы және адренорецепторларға әсерін тигізбейді: гипокампта серотонинның бөлінуін жоғарылатады: ацетилхолинның түзілуін стимулдайды. Литий каталитикалық белсенділігін тежейді. Бұл фосфолипаза С сияқты түзілуін төмендетеді. Литий аденилатциклаза және гуанилатуиклазаның белсенділігін төмендетеді. Ферменттердің блокадалары екіншілік мессенджерлердің - диацилглицерол, инозитолтрифосфат, УАМФ және ЦГМФ-тің өнімін бұзады. Литий тұздарын тағайындауға көрсетпелер - өткір монияны басуда және маниаколды - депрессивті психоздың рецидивінің алдын-алу болып табылады. Литиймен емдеу тек қана натрий иондарының жеткілікті болғанымен жүрек қантамыр жүйесі мен бүйректің қалыпты қызметінде жүргізіледі. Манияның өткір ұстамасында литий тұздары экспонсивті - эйфориялық көңіл-күйді және аса қозғыштықты төмендетеді. Литий тұздарының емдік әсерлері ақырын 8-10 күннен соң болады. Аурудың алдын - алу шаралары маниаколды - депрессиялық психоздың кезеңдері арасындағы ара-қашықтықты созу, маниаколды және депрессия кезеңдерін тежеу. Литий тұздарымен емдеуге тек қана 60-80% науқастар ғана сезімтал. Литийдің терапевтік әсерінің кеңдігі аз, сондықтан литийдің қандағы мөлшеріне бақылау жасау қажет (литийді соңғы рет қабылдағаннан соң 8-10 сағаттан кейін анализ жүргізеді) . Өткір манияның қауіпсіз және тиімді терапиясы үшін литийдің мөлшері 0, 9-1, 1 мэкв\л болуы тиіс, маниаколды - депрессиялық психоздың алдын-алу үшін литийдің концентрациясы 0, 6-1 мэкв\л болуы тиіс. Литиймен улану терапевтік мөлшерді 2-3 есе көбейткенде болуы мүмкін. Алғашқы рет литийдің мөлшерін емді бастағаннан кейінгі 5-ші күні анықтайды, себебі бұл кезеңде оның мөлшері тұрақты болады. Литийдің дозасын жоғарылатқанда оның мөлшерін тағы 5 күн өткеннен соң қайталап анықтайды. Литийдің оптималды терапевтік дозасын анықтағаннан соң омолиздерді сирек жүргізеді. Литиймен емдеуді тоқтату манияның қайталамасы мен суицидтті істерге алып келуі мүмкін. Литий тұздары депрессияның қайталама өршулері мен шизоаффективті бұзылыстарда, созылмалы алкоголизмде қолданылады. Литий препараттарын таблетка және капсула түрлерінде қабылдайды. Литий карбонаты бұл қазіргі таңдағы белгілі препараттардың бірі. Бұл тұз төмен дымқыл тартқыштығы және ішекке беретін әлсіз тітіркендіргіш әсерімен ерекшеленеді. Литий оксибутираты бұлшық етке енгізіледі. ГОМК анионы препаратқа агрессияға қарсы, ноотропты және гипооксияға қарсы әсер береді. Литийдің жанама әсерлері жүрек айну, құсу, диарея, ұйқышылдық, шеттік ісіктер, безеу тәрізді бөртпелер, аллергиялық реакциялар (дермотит, васкулит) . Сирек жағдайларда қалқанша безінің қатерсіз диффузды гиперплазиясы дамиды, мұнда гормондық функция бұзылмайды. Тиреотропты гормонның бөлінуі, қалқанша безінің Z 131 жұтуы жоғарылайды, йод байланыстырушы ақуыз бен тироксинның қандағы құрамы азаяды. Литийдің тирозинның йодталуын бұзу мүмкіндігі бар. Литий қалқанша маңы бездерінің гиперфункциясына және нефрогенді қантты емес диабетке алып келеді (бүйректің аденилатциклазасының вазопрессиннің әсеріне деген сезімталдылығы төмендейді, сусау, полиурия пайда болады. Литиймен ұзақ уақыт емдеу созылмалы интерстициолды нефриттің дамуына (бүйрек жетімсіздігі дамымайды) инсулин тәрізді әсері, ЭКГ - де Т тісшесінің жойылуына, лейкоцитозға, ерлерде жыныс дисфункциясына алып келеді. Литиймен жеңіл дәрежеде улану тыныштандыру әсерімен, тремормен, жүрек айну, құсу, іштің ауырсынуы, диареямен білінеді. Ауыр дәрежеде улануға ақыл-естің бұзылуы, гиперрефлексия, дизартрия, атаксия, құрысу, ошақты неврологиялық белгілер, аритмия, артериалды гипотензия, альбуминурия, діріл, тоқталмайтын құсу, прфузди диарея тән. Ауыр дәрежедегі улануда өлімге алып келетін кома дамиды. Литиймен уланудың терапиясының тиімді тәсілі - гемодиолиз. Литий тұзын жүктілік кезінде қабылдау ана мен іштегі нәресте үшін қауіпті, әсіресе зәр айдаушы дәрілер мен тұзсыз диета терапиясында. Жаңа туылған нәрестелерде қайтымды бұзылыстар - орталық нерв жүйесін тежелуі, бұлшық ет гипотониясы жүректе шулар анықталады. Жүкті әйелдердің жүктіліктің ерте кезеңінде литиймен емделуі нәрестелерде кордиоваскулярлы Эбштейн аномолиясының (үш нормалы қақпақтың деформациясы) дамуына алып келеді. Бұл аномолияның жиілігі - 20 000 нәрестелерде 1 жағдай, ол литий тұздарымен емдегенде 5000 нәрестелерге -1 рет жиілікте кездеседі. Бұл Эбштейн аномолиясын хирургиялық жолмен емдейді. Литий тұздарына қарағанда карбамазепин және вальпроаттардың фетотоксикалық әсерлері көп болады. Литий тұздарын жүрек-қантамыр жүйелері, бүйрек, бауыр, асқазан-ішектің жара ауруларында, қалқанша безінің функциясы бұзылғанда, катарактада, препаратқа жоғары сезімталдықта, жүктілікте беруге болмайды. Емдеу кезеңінде нәрестелерді емшек

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биогендік аминдердің инактивтелуі
Биогенді аминдердің рөлі және биологиялық қызметтері
Декарбоксилдену реакциялары
Қан биохимиясы. кинин жүйесі. қанның ұюы
Аллергияның диагностикасы және емдеу
Аллергия
Пиперидин-4-ондарды алу әдістері
Қорғасынмен уланудың патогенезі
Күкіртсутекті коррозия
Фармакотерапиялық топтың жалпы сипаттамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz