Тақуалыққа толы ғұмыр немесе “өзі өзгеріп, әлемді өзгерткен адам”



І.Кіріспе.
ІІ.Негізгі бөлім
2.1.Махатма Гандидің өмірбаяны
2.2.Тақуалыққа толы ғұмыр немесе “өзі өзгеріп, әлемді өзгерткен адам”.
2.3.Гандиді Черчилльдің қабылдауы.
2.4. Махатма Ганди ұстанған бағыт және оның өмірлік мызғымас көзқарасы
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
ХХ ғасырдың тарихына шолу жүргізетін болсақ, ғасырдың басы ұлт-азаттық қозғалыстар, күрестер мен революцияларға толы болды. Ұлт-азаттық қозғалыс қашанда және қандай жерде болмасын елдің саяси, экономикалық, идеологиялық, мәдени-рухани дамуына қарсы бағытталған зорлық-зомбылық пен әділетсіздіктен азаттық алу жолындағы күрестен басталады. Ал күресудің формалары мен тәсілдері әр елде әртүрлі. Мысалы, Шығыс елдерінде жүрген ұлт-азаттық күрес кезеңі әлемдік тарихта «Азияның оянуы» деген атпен белгілі. Бұл кезеңде отарлаудың классикалық «бөліп ал да, билей бер!» деген ұраны жұмыс істеп тұрған аймақтарда байырғы халық саяси, экономикалық, территориялық туыстастығынан айрылды, олардың біртұтас ақпараттық кеңістігі де болмады. Ол халықтар табиғи даму мүмкіндіктерін жоғалтып, шикізат көзіне айналды. Ең өкініштісі отар ел болып дамудан артта қалды. Міне, осы кезде отарлық тәуелділіктен азат етіліп, ұлтының бостандығы мен елінің егемендігі үшін күрескен ұлт көсемдері тарих сахнасына шықты. Олардың басты мақсаты мен ұстанымы – бейбіт жолмен күресе отырып, ел тәуелсіздігіне қол жеткізу, өз халқының болашақ даму бағдарын айқындау. Адамзат тарихының бейнесі мен ағымына өзгеріс енгізген, Махатма Ганди атымен белгілі Мохандас Карамчанд Ганди, сол заманда халықаралық сахна төрінен өз орнын алған болатын. Үндістан Ұлы Британия империясының «тәж жауһары» болып саналып келгендіктен, халықаралық қатынастар жүйесіне Махатма Гандидің тигізген әсері зор болды. 1947 жылы Үндістан тәуелсіздігінен бастау алған деколонизацияның алтын ғасырында, Гандидің әкелген жаңа лекпіні, халқының саны көп Үндістанға ғана емес, егемендігіне қол жеткізуді арман еткен, көптеген бодандаулы елдер үшін де үлкен үлгі - өнеге болған еді.
1. Ганди М. Таңдамалы хаттар мен сөздер. – Алматы: Үнді мәдени орталығы, 2016. –162 б.
2. Ыбыраева С. Махатма Ганди: Бақыт – бұл іс пен сөздің сәйкес келуі. – А., 2008, 8-10 б.
3. Горев А.В. Махатма Ганди. – М., 1984. – 320 с.
Www.blogtime.kz

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
І.Кіріспе

Алдымен олар сені байқамайды, сосын сені мазақ етіп күледі,

одан кейін сенімен күреседі. Ал содан соң сен жеңіске жетесің.

         Махатма Ганди

ХХ ғасырдың тарихына шолу жүргізетін болсақ, ғасырдың басы ұлт-
азаттық қозғалыстар, күрестер мен революцияларға толы болды. Ұлт-азаттық
қозғалыс қашанда және қандай жерде болмасын елдің саяси, экономикалық,
идеологиялық, мәдени-рухани дамуына қарсы бағытталған зорлық-зомбылық пен
әділетсіздіктен азаттық алу жолындағы күрестен басталады. Ал күресудің
формалары мен тәсілдері әр елде әртүрлі. Мысалы, Шығыс елдерінде жүрген ұлт-
азаттық күрес кезеңі әлемдік тарихта Азияның оянуы деген атпен белгілі.
Бұл кезеңде отарлаудың классикалық бөліп ал да, билей бер! деген ұраны
жұмыс істеп тұрған аймақтарда байырғы халық саяси, экономикалық,
территориялық туыстастығынан айрылды, олардың біртұтас ақпараттық кеңістігі
де болмады. Ол халықтар табиғи даму мүмкіндіктерін жоғалтып, шикізат көзіне
айналды. Ең өкініштісі отар ел болып дамудан артта қалды. Міне, осы кезде
отарлық тәуелділіктен азат етіліп, ұлтының бостандығы мен елінің егемендігі
үшін күрескен ұлт көсемдері тарих сахнасына шықты. Олардың басты мақсаты
мен ұстанымы – бейбіт жолмен күресе отырып, ел тәуелсіздігіне қол жеткізу,
өз халқының болашақ даму бағдарын айқындау.      
Адамзат тарихының бейнесі мен ағымына өзгеріс енгізген, Махатма Ганди
атымен белгілі Мохандас Карамчанд Ганди, сол заманда халықаралық сахна
төрінен өз орнын алған болатын. Үндістан Ұлы Британия империясының тәж
жауһары болып саналып келгендіктен, халықаралық қатынастар жүйесіне
Махатма Гандидің тигізген әсері зор болды. 1947 жылы  Үндістан
тәуелсіздігінен бастау алған деколонизацияның алтын ғасырында, Гандидің
әкелген жаңа лекпіні, халқының саны көп Үндістанға ғана емес, егемендігіне
қол жеткізуді арман еткен, көптеген бодандаулы елдер үшін де үлкен үлгі -
өнеге болған еді.

ІІ.Негізгі бөлім

2.1.Махатма Гандидің өмірбаяны

Карамчанд ГАНДИ (02.10.1869-30.01.1948 ж.ж.) — Үндістан ұлт-азаттық
қозғалысының қайраткері.
М.Ганди Оңтүстік Африкада жүргенде бейбіт жолмен қарсыласудың
теориясы мен тактикасын белгілеп, оны сатьяграха (Шындық үшін тайсалма) деп
атады. Адамның адами болмысының қалыптасуына отбасында алған тәрбиесінің
әсері мол болатыны белгілі. Махатма діндар отбасында дүниеге келді. Өз
естелігінде әкесі туралы: “Оның діни білімі таяз еді, әйтсе де
ғибадатханаға жиі барып тұруы және діни уағыздарды тыңдауы арқасында
көптеген индустарға тән өзіндік діни мәдениеті болды”, – десе, анасы
жайында: “Анам менің жадымда киелі, қасиетті әйел ретінде сақталып қалды.
Ол өте діндар адам болатын және дұға оқуын аяқтамайынша тамақ ішу жайын
ойламайтын да. Анам ақылды адам еді және мемлекеттік істерден әркез
хабардар болып отыратын”, – деп еске алады. Махатманың бала кезінен
жамандық атаулыдан аулақ жүруіне осы діндар анасының ықпалы көбірек болған
секілді. Өйткені, мектеп бітіріп, Бомбейде оқып жүргенінде, онда берілетін
білімге көңілі толмаған Махатма досын ертіп, Ұлыбританияға оқуға кетпек
болады. Сонда анасы шыр-пыр болып: Балам-ау, онда өлім-жітім көп дейді,
сені ет жеуге үйретеді, спирттік ішімдіксіз ас іше алмайды екен. Осының
бәріне қалай төзбексің?” – деп, алып қалуға барын салады. Бірақ алған
бетінен қайтпаған Махатма ішімдік ішпеуге, ет жемеуге, әйелдерге жоламауға
сөз беріп: “Сізді алдаған жерім болды ма, өтірік айтқан кезім есіңізде ме?”
– дей келіп, анасының алдында ант ішеді. Айтса айтқанындай, Махатма сөзінде
тұрды. Адвокаттық оқу барысында мұсылмандар үшін харам саналатын ішімдікке
де, доңыз етіне де, зинаға да жолаған жоқ. Және Пайғамбарымыз (с.а.у.):
“Кімде-кімнің бойынан мына үш сипат табылса, ораза ұстап, намаз оқып және
өзін мұсылманмын деп айтса да, ол екіжүзді болады: егер сөйлесе жалған
айтады, уәде берсе бұзады және аманатқа қиянат жасайды”, – деп сақтандырған
жағымсыз қасиеттерден аулақ болды. Махатма – өмірінде бір рет болсын,
өтірік айтпаған адам екен. Оны өзінің жазғандары да, айналасындағы
адамдардың естеліктері де растайды. Міне, Исламды білмесе де, мұсылмандық,
адамдық қағидаларынан аттап өтпеген Махатманың бұл әрекеті екі сөзінің бірі
өтірік, өсек талай адамға үлгі болар.1899-1902 және 1906 жылғы ағылшын-
зулус соғыстары кезінде М.Ганди сол жақта тұрып жатқан үнділерден
ағылшындарға көмек көрсететін санитарлық жасақтар құрады. Бурлар мен
зулустардың күресін әділ күрес деп есептегенімен, ол үнділердің
ағылшындарға жәрдемі Үндістанға өзін өзі басқару құқығын беруге септігін
тигізеді деп үміттенді. М.Ганди осы тәсілдің арқасында өз халқын ағылшындық
отаршылдық езгіден аман сақтап қаламын деп те ойлады. Ол заманда үнді
халқын аман сақтап қалудың бірден бір жолы осы тәсіл екені де даусыз
еді.
1915 жылы қаңтарда Үндістанға қайтып оралғаннан кейін М.Ганди
Үндістан ұлт-азаттық Конгресі партиясымен жақындасып, 1916 жылы оған мүше
болып кіреді. 1917-1918 жылдардан бастап ол ұлт-азаттық қозғалысында
неғұрлым көрнекті қызметтер атқарады. Бұл тұста елде ағылшындарға қарсы
бұқаралық қозғалыс кеңінен етек алған болатын. Сол жылдары М.Ганди өзі
редакторы болған Жас Үндістан газеті мен жетісіне бір рет шығатын
Навадживан журналы арқылы өз идеясын насихаттап отырды.
Алайда М.Ганди күресті қару күшімен емес, бейбіт жолмен жүргізуге тырысты,
ұлы мақсат жолында қандай да бір күш қолдануға жан-тәнімен қарсы болды.
Кейбір солшыл топтар оның бұл көзқарасын қолдамағанымен, тұтастай Үндістан
халқы Махатма жағында еді. 1919-1948 жылдары Махатма Ганди Үндістан ұлт-
азаттық Конгресі партиясының идеялық жетекшісі және беделді саяси басшысы,
үл көсемі бола білді.
М.Гандидей ұлы тұлғаның арқасында Ұлттық халық Конгресі партиясы
Үндістан халқының зор қолдауына ие болды. Үндістанның кемеңгер ақыны
Рабиндранат Тагор қойған Махатма (Ұлы адам) деген құрметті атақ —
М.Гандидің елі сүйген есімі.
Ағылшын отаршыларына қарсы күресте М.Ганди талай рет айдалып (1922-
1924, 1930-1931, 1942-1944 ж.ж.), неше қайтара сотталып, абақтыларға
отырғызылды. Отаршылардың бұл әрекеті күрескер азаматты жасыта алмады,
қайта шыңдай түсті. Ағылшындарға "Үндістаннан тайып тұрыңдар!" деп алғаш
ұран тастаған да М.Ганди болатын. Бір қызығы ұлы тұлға 1946 жылғы үнді
моряктарының көтерілісін айыптады. Себебі, М.Гандидің ойынша Үнді халқы
тәуелсіздікке тек бейбіт жолмен ғана жете алатынынына имандай сенуінде еді
және өзі осы жолды мықтап ұстанды. Шын мәніндегі ұлт көсемі дәрежесіне
көтерілген ол ұлы мұрат жолында титтей де солқылдақтық танытпады, таңдап
алған жолына адал болды.
Ағылшындардың құйтырқы саясатының нәтижесінде 1947 жылы Үндістан-
Пәкстан болып екі мемлекетке бөлінген тұста да ол үнділер мен мұсылмандарды
бірлікке шақырды. 1948 жылы 30 қаңтарда Махатма Ганди Үнді реакцияшыл
ұйымдарының мұшесі Натхурам Годзе дегеннің қолынан салтанатты митингі
кезінде қастандықпен өлтіріледі.
Міне XX ғасырдың атақты перзенті Махатма Гандидің энциклопедиялық қысқаша
ғұмырнамасы осындай.

2.2.Тақуалыққа толы ғұмыр немесе “өзі өзгеріп,
әлемді өзгерткен адам”
 Махатма Ганди 1891 жылы Англиядағы оқуын бітіріп келіп, Бомбейде
адвокаттық қызмет атқарады. Ал 1893 жылы Африкаға аттанады. Ганди Африкаға
барғанда ақ нәсілділердің қара нәсілділерді қатты кемітіп, үнділерді қара
нәсілділерден сәл ғана жоғары бағалайтын кез еді. Отандастары мен қара
нәсілділердің құқығын қорғау жолында Гандидың көрмеген құқайы болмады. Оны
көшеде талай сабады, көліктерге отырғызбады, небір қорлық көрсетті, түрмеге
де қамалды. Бірде соққының астында қалғанын байқаған журналистер: “Оларды
сотқа беріңіз. Біз сізді қолдаймыз”, – дегенде, алған бетінен қайтпаған
Ганди: “Жоқ, сотқа бермеймін. Бірақ күресті жалғастыра беремін”, – деп
жауап берген еді. Ол қолына қару алып қарсы шығуды емес, бейбіт күресті
таңдады. Және солай да жеңіске жетуге болатынын әлемге дәлелдеді.
Махатманың “Қанға - қан” деген ұстаным бүкіл әлемді қансыратады” дегені
кейін қанатты сөзге айналды. Оңтүстік Африкада Ганди құрған ферма
белгілі орыс жазушысы Лев Толстойдың идеялары негізінде жұмыс істеді. Онда
қарапайым адамдармен араласу, басшылардың бөлінбеуі, олардың жұмысшылармен
бірге тамақ ішуі алға қойылған еді. Толстойдың “зұлымдыққа күшпен қарсы
шығуға болмайды” деген идеясын Ганди жақсы түсінді. Және 1909-1910 жылдар
аралығында Толстой мен Ганди хат жазысып тұрған деген дерек бар. Толстой
Ганди туралы: “Ол – ерекше адам. Оның ұсынған жолы – дұрыс жол. Ганди –
Үндістанның жүрегі” деген сөздерді айтқан.  
Ал 1906 жылдан бастап Махатма Ганди тақуалық
жолына түсті. Ауыз бекітті, еуропалық киімінен бас тартты. Біздің қажылыққа
барған адамдарымыз киетін ихрам секілді, үстіне екі метр матаны ғана орап,
аяғына жеңіл сүйретпе аяқ киім киді. Өзі: “Құдайды бетпе-бет көргім келіп
30 жыл ұмтылдым, бірақ кездестіре алмадым. Жаратушының сырын кейінірек
түсіндім, түсіндім де, одан әрі табына түстім. Мектепте маған діннен
басқаның барлығын үйретті. “Дін” терминін мен бұл жерде ең кең мағынасында
өзіңді-өзің тану ретінде қолданып отырмын. Әкемнің достары арасында
мұсылмандар да, парсылар да болатын. Олар әкеммен өз діни наным-сенімдері
жайында әңгімелесетін. Осының бәрі, тұтастай алғанда, менде үлкен діни
төзімділікті қалыптастырды. Менің санамда “барлық нәрсенің негізі –
адамгершілік, ал ақиқат – адамгершіліктің болмысы” деген сенім терең тамыр
жайды. Ақиқат менің жалғыз мақсатыма айналды. Менің бұл ойым күн санап беки
түсті және ақиқат жайлы түсінігім де біртіндеп кеңи берді”, – деп жазды.  
Тамақ ішуді шектеген
Ганди аптаның екі-үш күнінде ораза ұстап, қалған уақытында бірнеше тал таза
жеміс-жидек жеп, таза су ғана ішіп, үй ішін де осыған көшіреді. “Құмарлықты
тыю үшін ораза ұстау, сөз жоқ, пайдалы” деген Ганди мұны өзінің өмір сүру
салтына айналдырады. Ата-бабасынан келе жатқан үйіндегі барлық асыл затты,
қарсылығына қарамастан әйелінің алтын-күмісін сыпырып алып, банкке өткізіп,
түскен ақшаны жетім-жесірлерге бөліп береді. Құдды, нағыз мұсылман дерсің...
Ол Үндістандағы ең
төменгі тап саналатын “Сот жоқ кастаға” теңдік әперуге ұмтылды. Ал әріптесі
Джавахарлал Неру өзінің “Әлем тарихына көзқарас” атты кітабында: “Біз оның
сөзін алғаш 1919 жылы естідік. Ол өзінің байсалды, мәнді, мағыналы сөзімен
біздің жүрегімізді жаулап алды. Оның жұмсақ дауысы құр айқайдың мысын басып
кететін”, - дейді. Жібектей мінезімен, жұмсақ дауысымен үнін әлемге есіте
алған Махатманың үлкен күресі, осылай өзін жеңуден басталып еді.
Махатма өз кітабында әйелі
Кастурбайға да өмірбақи адал болғанын айтады. Ал жаман адамдардан аулақ
жүру керектігін, бозбала шағында өзінің “оны түзетем” деп жүріп, бір
адамның ықпалымен теріс жолға түсіп кете жаздағанын айта келіп: “Түзетуші
түзетем деген адамымен ешқашан тым жақын қарым-қатынаста болмауы керек.
Шынайы достық – бұл дүниеде сирек кездесетін жан жақындығы. Тек мінездері
бірдей адамдардың арасындағы достық қана ұзағынан әрі баянды бола алады.
Достар бір-біріне ықпал етеді. Сондықтан достық түзеуге жол бере қоймайды.
Жалпы, аса көп жақындықтан аулақ болу керек деп ойлаймын: адам баласы
жақсылықтан гөрі жамандықты анағұрлым тезірек қабылдайды. Ал Құдай деген
адам жападан жалғыз қалу керек немесе бәрін де дос ету керек”, – дейді.
Айтса айтқанындай, ол барлық адамды дос тұтты. Өзі айтқан “барлық
адамдардың көз жасын құрғатсам” деген арманы жолында аянбай еңбек етті және
ол мақсатына ұлтына бейбіт жолмен тәуелсіздік алып беріп, белгілі бір
мөлшерде жетті де. Махатманың “Әлемді өзгерткің келсе, өзіңнен баста!”
деген сөзі бүгінде жиі айтылады. “Өзін өзгертіп, сол арқылы әлемді
өзгерткен” адамды көргісі келген жан Гандиға қарасын, одан үлгі алсын...

2.3.Гандиді Черчилльдің қабылдауы

Махатма арада 22 жыл өткенде Африкадан Үндістанға қайтып оралды. Оны
үнділердің құқығын қорғаушы ретінде халық жақсы танып қалған еді. Отанына
қайтып келгеннен кейін көргені Гандиды қатты қиналтты. Ол өз халқының
ағылшындардың езгісінде өмір сүріп жатқанын, өз елінің байлығын олардан
бірнеше есе қымбатқа сатып алатынын көріп, күресуге бел байлады. 1930
жылдары Үндістанда тұздан қымбат нәрсе жоқ болатын әрі оған жоғары мөлшерде
салық төлейтін. Махатма “Бұдан былай біз тұзды тегін аламыз” – деп, жанына
достарын ертіп алып, теңізден тұз жинауға кіріседі. Әрине, теңіз жағасында
тұз жинап жүрген кішкентай адамның үлкен жеңістерге жететінін ол кезде
ешкім білген жоқ. Ганди бастаған 10 адам бірден түрмеге қамалады. Ертеңіне
тұз жинауға жүз адам шығады. Олар да түрмеге тоғытылады. Сосын 10 мың, 20
мың, 30 мың боп көбейе береді. Түрмелер толып қалады. Ағылшын билігі
адамдар тасқынын тоқтата алмайды. Нәтижесінде, тұз алуға рұқсат береді. Бұл
Гандидың үлкен жеңісі еді.
Ал 1942 жылы Ганди бастаған топ Ұлыбританиядан автономия сұрайды. Оларды
тағы да түрмеге қамайды. Ал халық басшылары түрмеде болса да, олар
көрсеткен тәсілмен күресті жалғастыра береді. Ағылшындардан ештеңе сатып
алмады, жоқ болса да, сапасыз болса да өз киімдерін киіп, өз тамақтарын
жеді. Бұл әрекеттерінен ештеңе шықпасын түсінген ағылшын билігі екі жылдан
кейін Гандиді түрмеден шығарып, келісімге келмек болады. 1945 жылы премьер-
министр Уинстон Черчилль Махатма Гандиді Ұлыбританияға кездесуге шақырады.
Лауазымды тұлғаға келгеніне қарамастан, үстіне екі метр мата орап барған
Гандиды Черчилль: “Мына жалаңаш пақырмен (қайыршымен) қалай сөйлесуге
болады? Вице-король сарайының баспалдақтарымен жартылай жалаңаш қалпында
жоғары көтеріліп келе жатқан бүлікші заңгер, қазір Шығыста кеңінен тараған
тип-пақыр кейпіндегі, “Қосылмау және азаматтық бағынбау” компаниясын
басқарып жүрген Гандидың түрі король-императордың өкілдерімен тең дәрежеде
келіссөздер жүргізу үшін мазасыздық пен жиіркенушілік тудырады”, – деп
кемсітеді. Бірақ Черчилль өз алдында тарихта есімі мәңгілік қалатын ұлы
ойшыл әрі пендеуи тірліктен биікке көтеріліп кеткен әулие адам тұрғанын
бағамдай алмады. Ал дақпыртын естіген Лондон халқы оны аяғынан тік тұрып
қарсы алған еді.
Осы жерде Гандидың киімі туралы айта кетпей болмас. Миллиондаған адам
соңынан ерген көсем болғанына қарамастан, ол өте қарапайым киінді. Өз
ұлтының ұлттық киімін Англияға барғанда да тастамады. Ол осынысымен халыққа
жақын еді. Белгілі үнді қаламгері Рабиндранат Тагор: “Ол мыңдаған ғаріптің
лашық үйінің алдына келіп тоқтады, өзі де солар сияқты киінген. Ол олармен
солардың тілінде сөйлесті, онда кітаптардағы дәйексөздер емес, жанды ақиқат
бар еді”, – деп жазды. Кезінде Пайғамбарымыздан (с.а.у.) үлгі алған
сахабалар да халифа болып, бүкіл мұсылман әлемін басқарып тұрғанда байлық
жинамады, дүниеге құмартпады. Олардың да ауыстырар бірер ғана киімі, ішіп-
жемге бүгіндік қана тамағы бар еді. Гандидың бұл жағдайы мұсылман болмаса
да, кезіндегі мұсылман әлемінің басшыларының жағдайына өте ұқсас еді.
Дүниеге алданбау, дүниенің соңынан қумау – тек дәті берік, ұлы адамдардың
қолынан келеді.

Черчилльден кейін ағылшын премьер министрі болған Эттли Клемент 1947
жылы Үндістанға бостандық беруге мәжбүр болады. Билікке қызықпайтын барлық
ұлы адамдар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сопылық - исламның рухы
Буддизм философиясы
Нирвана теориясы
Сопы аллаяр шығармашылығындағы сопылық таным мәселесі жайында
Қожа Ахмет Яссауи бабамыздың өмірі
Қожа Ахмет Иассауи дүниетанымындағы рухани кемелдену мәселелері
Қожа Ахмет Иассауи поэзиясы
Қожа Ахмет Иассауи дүниетанымындағы рухани кемелдену мәселесі
Ортағасырлық мәдени туындылары
Діни экстремимнің пайда болуымен теориялық негіздері
Пәндер