Халықтың статикасы мен қоныстануы


Пән: Статистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті

Студенттің өзіндік жұмысы

Мамандығы:Медициналық-профилактикалық іс

Дисциплина:Қоғамдық денсаулық сақтау

Курс:3

Тақырыбы:Халықтың статикасы мен қоныстануы

Орындаған: Ұзақбай А. С

Группа: 301

Тексерген:Жаримбетов А. М.

Ақтөбе 2017 жыл

Жоспар:

I. Кіріспе

I. Негізгі бөлім

1. Халықтың статистикасы туралы жалпы түсінік

2. Халықтың статикасының көрсеткіштері

3. Халықтың орналасуы

III. Қорытынды

IV. Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Денсаулық сақтауда халық статикасы және динамикасы туралы мәліметтер кеңінен қолданылады. Статика халықты әр бір берілген сәтке сипаттайды (оның саны, құрамы, орналасу ерекшеліктері, жұмыспен қамтылуы және тағы басқа) .

Халық статикасын сипаттайтын көрсеткіштері келесі жағдайларда қолданылады:

  1. Табиғи қозғалыс көрсеткіштерін санау үшін.
  2. Денсаулық сақтаудың барлық жүйесін жоспарлау үшін, лабораториялық-поликлиникалық және стационарлық жәрдемге қажеттілікті есептеу үшін.
  3. Денсаулық сақтау үшін бюджеттен бөлінетін құралдың қажетті санын анықтау үшін.
  4. Денсаулық сақтау мекемелері қызметтерін сипаттайтын көрсеткіштерді есептеу үшін.
  5. Эпидемияға қарсы жұмыстарды ұйымдастыру үшін.

Бүгінгі таңда Ресесйдегі халық саны 148 млн. адам шамасында (53% әйелдер, 47% еркектер) .

Еркектер мен әйелдер арасындағы сан айырмашылығы әсіресе аға буын жас топтары есебінен жүзеге асырылады. 60 және одан да жоғары жастарды бір еркекке үш әйеден келеді. Ұл балалардың дүниеге келуі қыз балалардың дүниеге келуінен асып түседі: 105 ұл балаға 100 қыз баладан.

30 жылдарға қарай еркектер саны әйелдер санымен теңестірілді. Неке және туу деңгейінің жоғарылауы үшін шарт бар. Практикалық тұрғыдан денсаулықты сақтау үшін халықтың жас деңгейлер құрамы маңызды, себебі ол халықтың өсу көрсеткіштеріне ықпал етеді.

Халық динамикасы механикалыцқ және табиғи қозғалыс болып бөлінеді. Механикалық қозғалыс дегеніміз халықтың көші-қон үрдісі. Көші-қон ұзақтығына тәуелді үнемі және маусымдық болып бөлінеді. Халық денсаулығы жай-күйін зерттеуде, елдің жеке аудандары бойынша өзге әлеуметтік-гигиеналық зерттеулер кезінде берілген жерде өмір сүру ұзақтығын ескеру, денсаулық жағдайын зерттеу, акклиматизация үрдісі және мигранттарға көрсетілетін емдеу-профилактикалық қызмет көрсету сапасын зерттеген тиімді. Халықтың механикалық қозғалысын есепке алуды әкімшілік органдармен жүзеге асырылады. Халықтың табиғи қозғалысы - бұл медициналық мекемелер мен азаматтық жай-күй актілерін тіркеу органдарында тіркелетін туу, өлім, халықтың табиғи өсуі, бала өлімі, неке, ажырасулар туралы мәліметтер, алдағы өмірдің орташа ұзақтығы секілді демографиялық құбылыстардың бірлігі. Халықтың табиғи қозғалыс статистикасы арнайы құжаттар бойынша туу, өлім, неке және ажырасудың міндетті тіркелуіне (туу туралы анықтама, қайтыс болғандығы туралы куәлік, жазбалар туралы актілер) негізделеді.

Халықтың механикалық қозғалысы (миграция) .

Миграция - бұл сәйкесінше тұрғылықты жердің ауысуымен байланысты адамдардың қайта орналасуы.

Миграция түрлері:

1. Қайта оралмайтын миграция - тұрғылықты мекен-жайын үнемі тұратын бір жерге ауыстыру.

2. Уақытша миграция - жеткілікті ұзақ, бірақ шектелген мерзімге орналасу.

3. Маусымдық миграция - жылдың белгілі бір мерзіміне, мысалы, жаз уақытында орналасуы.

4. Маятниктік миграция - өзге ел пунктерінен оқу немесе жұмыс орнына ретті түрде келіп тұратын көшулер.

Сонымен бірге миграция мынадай түрлерге бөлінеді:

1. Сыртқы - бұл өз елінен тысқары жерге қоныстану. Оның қатарына жататындар: эмиграция және иммиграция.

2. Ішкі: ауданаралық орналасу, ауылдан қалаға көшу. Қала халқының саны 74%, ауыл халқының саны - 20-24% құрайды (соңғы санақ мәліметтері бойынша) . Соңғы 5 жылда ауыл халқының саны 2%-ға ұлғайған. Бұл дегеніміз урбанизация ақырын күйге көшкендігін білдіреді. Ауыл халқы КСРО бұрынғы республикадан қашқан қашқындар есебінен өсуде.

Миграциялық үрдістер мәні:

1. Урбанизация экологиялық жай-күйді өзгертеді.

2. Халық өлімі мен сырқатқа шалдығу құрылымы өзгереді.

3. Урбанизация үрдісі медициналық мекемелер жүйелерін өзгертуді, медициналық көмек нормативтерін қайта қарастыруды талап етеді.

4. Урбанизация үрдісі некедегі емес балалардың дүниеге келуін өсуіне алып келеді.

Маятниктік миграция жұқпалы аурулардың таралуына, күйзелістік жағдайлардың, жарақаттанудың өсуіне алып келеді.

Маусымдық миграция медициналық мекемелерге теңестірілмеген маусымдық жүктемелерге алып келеді, халық денсаулық көрсеткіштеріне ықпал етеді. Мигранттар денсаулық көрсеткіштер түпкілікті халық денсаулық көрсеткіштерінен айқын ерекшеленеді.

Халықтың қоныстануы - халықтың аумақ бойынша бөлінуі және қайта бөліну үдерісі мен оның нәтижесіндегі қоныстар желісі. Халықтың қоныстануы ұғымы халықтың орналасуын, елді мекендердің атқарымдық аумақтық өзара байланыстарын, халықтың көші-қонын (қоныс аударуын, маусымдық және қатынамалы көші-қонын) қамтиды. Халықтың қоныстануы - күрделі әлеуметтік-экономикалық үдеріс, сондықтан ол социологияның, демографияның, халық географиясының, этнографияның, қала құрылысының, басқа да ғылымдардың тақырыбы болып табылады. Социология Халықтың қоныстануын қоғамды ұйымдастырудың кеңістікті нысаны ретінде зерттейді. Демография халықтың тіршілік ету аумағы бойынша бөлінуі және қайта бөлінуі үдерісін зерделейді. География Халықтың қоныстануын табиғат ортасымен ықпалдастықта қарастырады; халық бұл орайда қоныстардың белгілі бір экон. -геогр. параметрлері бар желілерінің қалыптасуының аса маңызды факторы ретінде зерттеледі. Тарихи-геогр. көзқарас адамның қоныстарды игеру тарихын қадағалауға мүмкіндік береді. Халықтың қоныстануының халықтардың рухани және материалдық мәдениетінің қалыптасуына және бір-біріне дендеп енуіне ықпал етуін этнография зерделейді. Қала құрылысы тәсілі аумағы әр түрлі елді мекендердің орналасуын және өндіріс орындарына, көлік жолдарына, табиғат ортасына және бір-біріне қатынасы бойынша атқарымдық тұрпатын, халықтың елді мекендердің ішінде еңбек ететін жерлеріне, мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарына, демалыс аймақтарына және қала құрылысының басқа да элементтеріне қарай бөлінуін зерттеу кезінде қолданылады. Халықтың қоныстануының басты заңдылығы - қоныстану нысандарының экономиканың даму деңгейіне сай келуі. Алғашқы қауымдық қоғамға аумақтарға қоныс тебудің баяу жүруі тән. Бұл орайда қоғамның әрбір мүшесі үшін біршама көп жерді пайдалану қажет болды, мұның өзі өндіргіш күштердің төмен деңгейде дамуына сай келді. Осыған байланысты алғашқы қауымдық құрылыс дәуіріндегі Халықтың қоныстануы көбінесе көшпелі нысандардың басым болып келуімен сипатталады. Егіншілікке көшу нәтижесінде жер-жерге бекітілген қоныстардың желілері қалыптасты. Алғашқы мемл. құрылымдарда қоғамдық еңбек бөлінісінің дамып, тереңдеуіне байланысты қалалық қоныстардың желісі қалыптаса бастады. Халықтың көшіп-қонуының күшеюіне қарамастан бұл дәуірде Халықтың қоныстануы аумақтарда әркелкілі сипатта болды. Халық біршама жиі қоныстанған аймақтарға қарағанда тым сирек қоныстанған және қоныстанбаған ұлан-ғайыр кеңістіктер көп болды. Индустр. қазіргі қоғамға Халықтың қоныстануының урбанизацияланған тұрпаты тән: өндіргіш күштер (соның ішінде халық та) бұған дейін болып көрмеген дәрежеде қалаларға шоғырланды, қала агломерациялары, урбанизацияланған аудандар қалыптасты, халықтың аумақтарда, тіпті ұлттық деңгейде ғана емес, еларалық деңгейде де көшіп-қонуы күрт көбейді; ауыл халқының үлесі төмендеді. Ел аумағында Халықтың қоныстануы үдерісінің дамуын айқындайтын факторлардың жиынтығы үлкен үш топқа бөлінеді. 1) Әлеум. -экон. факторлар: даму деңгейі және өткен кезеңдерде қалыптасқан экономика салаларының орналасуы, халық табысының деңгейіндегі аймақтық айырмашылықтар, күрделі жұмсалымдарды бөлу, көлікпен қамтамасыз ету, т. б. 2) Табиғат факторлары: климат, жер бедері, топырақ, басқа да табиғат ресурстары. Экономиканың даму деңгейі жоғары болған сайын табиғат факторларына тәуелділік те азаяды. Алайда олар Халықтың қоныстануында үлкен рөл атқара береді. 3) Демогр. факторлар тобына ең алдымен миграц. үдерістердің аймақтық айырмашылықтары, сондай-ақ халықтың өсіп-өну үдерістерінің қарқындылығындағы айырмашылықтар жатады. Нақты өмір шындығында осы негізгі факторларды кешенді түрде алып қарағанда ғана Халықтың қоныстануының дамуы туралы жеткілікті дәрежеде толық түсінік алуға болады. Экономика құрылымындағы өзгерістерге байланысты Халықтың қоныстануының табиғат ресурстарына тәуелділігі азаяды. Азия, Африка және Латын Америкасы 4 бөлігінен астамы тұрады. БҰҰ болжамы бойынша 2000 ж. қарсаңында бұл елдерде әлемдегі халықтың 81, 6%-ы, Солт. Америка, Еуропа және ТМД елдерінде 18, 4%-ы ғана тұрады. Қазақстан әлемдегі халық ең аз қоныстанған елдердің біріне жатады. 2006 жылдың басында республикада 1 км2 аумаққа халықтың тығызд. 5, 2 адамнан келді. Халық ең көп шоғырланған аумақ Оңт. Қазақстан обл-нда 19, 0 адамнан. Одан кейінгі орындар/елдерінің халқы тез көбейіп келеді, оларды жер шары халқының 3 Алматы (7, 2), Жамбыл (6, 9), Солтүстік Қазақстан (6, 8) облыстарының үлесінде. Халық ең аз шоғырланған аумақтарғаҚызылорда (2, 7), Ақтөбе (2, 3), Маңғыстау (2, 3) облыстары жатады. Қазақстандағы қала халқының саны 8, 7 млн-ға жуықтады (57, 1%), ал ауыл тұрғындарының саны 6, 5 млн-нан асты (42, 9%) .

Халықтың қоныстануының географиялық ерекшелігі Қазақстан халқының саны аумағының, үлкендігіне сай келмейді. Халықты біркелкі қоныстандыру және үлкен аймақты игеру мүмкін емес. Сонымен бірге халықтың қоныстануына табиғат жағдайы қолайлы жерлердің тек 1 / 3 бөлігі ғана жарайды. Сондықтан да мемлекетті модернизациялау бағдарламасында негізгі рөлді халықты аумақтық ұымдастыруга баса назар аударады. Оның дұрыс орындалуы халықтың еңбек әлуетін тиімді пайдалануға мүмкіншілік береді. Халықты аумақтық ұйымдастыруға орналасу және қоныстану жатады.

Халықты орналастыру - халықты мемлекет, облыс көлемінде, аймақ бойынша орналастыру.

Халықтың қоныстануы - халықты елді мекендер бойынша орналастыру.

Бұлардың бір-бірімен тығыз екендігін дәлелде. Қалалық және ауылдық елді мекендер, соған байланысты қала мен ауыл халқы деп бөлінеді.
Қала халқы: қала - агломерация - мегаполис

1. Қала халқы: қала - агломерация - мегаполис. Кез келген мемлекеттің даму барысында шешуші рөлді қалалар атқарады. Әсіресе ірі қалалар. Қалаларда адамдар көп шоғырланып, өте мықты экономикалық және интеллектуалды әлуетті қалыптастырады. Бұл процесс қалалардың өсуіне және ауыл шаруашылығының дамуына себебін тигізеді. Өнеркөсіп, ғылым, білімнің өркендеуі ірі қалалардың экономикалық есуінің діңгегіне айналды. Қалалар және оларды қосатын жолдар аумақтың сүйенетін қаңқасы тәрізді.
Ірі қалалар - адамның шығармашылық әлуетін дамытуға мүмкіншілік береді. Қалалықтар қызмет түрінің көптеген түрлерін пайдаланып, жайлы қоныстанған және мәдениеттілігі жоғары болып келеді. Сондықтан болар, дүние жүзінің барлық елдеріне тән үрдіс - адамдардың қалаға жылжуы.
Қалалардың қалыптасуын және дамуын урбандалу деп атаймыз (лат. urbanus - қалалық) .

1) қаланың және халқының өсуі;
2) қалалық тіршіліктің өркендеуі;
3) орналасудың жаңа түрінің пайда болуы.

Қалалық орналасудың тарихи қалыптасқан 3 формасы бар. Қала, қалалық агломерация және мегаполис.

Қалалар Қазақстан жерінде ежелгі дүние кезеңдерінде қалыптасқан жоспарлы экономика тұсындағы урбандалу саны жағынан қалалар мен халық саны өсті. Қала және қала типтес ауылдар көбінесе бір кәсіпорын маңында (зауыт, фабрика, кен орны) калыптаса бастады. Экономикалық дағдарыс тұсында көсіпорындардың жабылуы қала тіршілігінің де жойылуына алып келді. Осыған орай мемлекеттің күшімен көптеген қала типтес кенттер біртіндеп ауылға айналды. Қазіргі таңда 86 кала және 35 кент бар. Қалалар тұрғын санына, атқаратын қызметіне және елді модернизациялаудағы реліне қарай бөлінеді.
Қала қызметі - қаланың негізгі қызметі. Олар қаланы қалыптасатын және қалаға қызмет көрсететін салаларға бөлінеді.
Қаланы қалыптастырушы қызметі - негізгі. Бұл қаланың мамандығы, яғни сол үшін негізі қаланған. Ңаланы қалыптастыруға өнеркәсіп, көлік, сауда, әкімшілік, мәдениет, ғылым, туризм және әскери қызметтер жатады.
Қалаға қызмет көрсету - қаланың өмір сүруін қамтамасыз етеді. Олар үй - коммуналды шаруашылық, қала көлігі, кейбір кәсіпорындар (мысалы, нан зауыты), сауда, денсаулық сақтау, тұрмыстық қызмет көрсету.
Қала халқының саны мен қызметі арасында тығыз байланыс бар. Қала ұлғайған сайын қызметі көбейе бермек. Керісінше қызметтің пайда болуы қаланың өсуіне әсері бар. Мысалы, Астана. Елді модернизациялауда ерекше рөлді:

1) Астана мен Алматы атқаруда.
2) Ұлттық мәні бар көмекші қалалар (облыс орталықтары) .
Барлық қалалар мен кенттер - қалалық орналасу тармағын құрайды.
Енді өздерің байқағандай Қазақстанда ұсақ қалалар басым. Бірақ қалалықтардың 4/5 (халықтың 40%) үлкен қалада өмір сүруде. Олардың міндеті халықтың орналасуын жақсарту, өмір сүру деңгейін жоғарылату және мемлекетті модернизациялау, себебі кез келген қала (саны 100 мыңнан артық болса) айналасында агломерацияны қалыптастыруы мүмкін.
Агломерация (лат. aqqlomerare - қосылу) қалалық орналасудың екінші формасы. Агломерадия негізгі қаладан (ядро) және серіктес қаладан (өндірістік, көліктік, сауда, туристік) тұрады. Арасында өндірістік, еңбек, мәдени байланыстар бар.
Агломерация екі жолмен қалыптасады. Бірінші жолы суға тамған май тамшысы сияқты біртіндеп жайылып, айналасындағы елді мекендерді өзіне қаратып алады. Нәтижесінде серіктес қалалар пайда болады. Бір ядродан тұратын агломерациялар да болады. Мысалы, Алматы агломерациясы керісінше Қарағанды көмір алабы негізіндегі агломерация. Бұл жерде әрбір шахта маңында жеке елді мекендер қалыптасқан болатын. Кейіннен бірнешеуі бірігіп Қарағанды қаласын қалыптастырды (әлі күнге дейін Қарағанды бірнеше аймақтардан тұрады) . Уақыт өте келе үлкен металлургия комбинатының салынуы агломерацияның екінші ядросы Теміртау қаласының пайда болуына себепші болды. Сапалы жаңа агломерациялардың пайда болуы урбандалудың сапалы өсімі. Алдағы уақытта жаңа қалалар тек агломерация құрамында болады. Оған мысал болатын Үлкен Жоба «G-4 Сити». Алматы маңында 4 серіктес қала салу.
Орналасудың үшінші формасы - мегаполис (гр. meqas - ірі (үлкен) polis - қала) . Агломерациялардың бірігуін мегаполис дейміз. Тұрғындар саны бірнеше ондаған миллионға жетеді. Мұндай жоғары үлкен қалалар Астана - Қарағанды, Алматы - Талдықорған, Шымкент - Тараз маңында, ірі көлік орталықтарында болуы мүмкін. Бұл қалалардың өсуіне себепші халықтың қолайсыз аймақтардан қалаларға көшуі, репатриация және реэмиграция.
Барлық халықтың ішінде қалалықтардың басым болуы қалалық өмір сүрудің басымдығын көрсетеді. Біздің елімізде урбанизация дедгейі соншалықты жоғары емес. Оның деңгейін жоғарылату - алдағы тұрған мақсат және елді модернизациялаудың бір жолы. Қазақстанда аз урбандалған аймақтарда (халықтардың үлесі 40%-дан аз) орташа урбандалған (40-60%) және жоғары урбандалған аймақтарда кездеседі (60% - жоғары) .

Ауылдық халықтың орналасуы

2. Ауылдық халықтың орналасуы. Ауыл халқының негізгі
тыныс-тіршілігі егін егу және мал бағу. Сондықтан да олар осы ресурстарға тәуелді орналасқан. Ауылдар егін аймақтарынан және жайылымнан алшақтамау үшін кішігірім мекендер болып келеді. Олардың үлкендігі және тығыздығы орналасқан жерінің өнімділігіне де байланысты. Ауылдардың басым кепшілігі - ауыл шаруашылығына негізделген. Бірақ көптеген ауылдарда өндіріс орындары - сүт, қант, балық, ет және кекеніс консервілеу зауыттары бар. Сонымен бірге кейбір ауылдар - темір жол стансасы, курорт, орман шаруашылығы, қорықтар маңында да пайда болған. Ауылдық елді мекендер кебінесе табиғи жағдайларға байланысты, әсіресе аймақ ерекшелігіне қарай орналасқан.
Орманды дала және дала зоналарында - жер жырту және шабындыққа негізделген ауылдар. Көбінесе өзен-көл жағалауларында, оңтүстіктің тау етегіндегі ауылдар - суармалы егіншілікке бейімделген. Әсіресе өзен, қаналдар бойында көп шоғырланған. Шөл және шөлейт аймақтарда ұсақ ауылды мекендер мал жайылымына негізделген.
Ірі ауылдар - өзен жағалауында, ұсақ ауылдар - қыстақтарда орналасады.
Қазақстан ауылдары - күрделі әлеуметтік проблемаларды шешуде. Қалаға қарағанда жұмыссыз және кедей адамдар саны жоғары. Себебі көптеген ауылдардың инфрақұрылымының жоктығы - сапасыз жол, ірі қалалардан шалғайда орналасуы, кішігірім мекемелердің жабылуы, сапалы судық жетіспеуі, т. б.
Бұл проблема көбінесе экономикалық және экологиялық тұрғыдан болашағы жоқ ауыл дарга тән. Қазіргі кезде мемлекетіміз ауылды дамыту үшін қыруар қаржы бөлуде. Нәтижесінде Қазақстан ауылдарының сырт келбетінің жақсаруына әсерін тиғізуде (барлық жерде бірдей емес) . Негізгі ауыл саясаты бірінші - болашағы бар ауылдарды жаңғырту, екінші - болашағы жоқ ауылдың тұрғындарын қолайлы ауыл немесе қалаға көшіру.
Халықтың орналасуы: шекаралас аудандарға шоғырлану
3. Халықтың орналасуы: шекаралас аудандарға шоғырлану. Сендер білетіндей халықтың орналасуы - кеңістіктегі халықтың қоныстануы. Негізгі әсер етуші процесс - табиғат, тарихи-экономикалық жағдайы. Алғашында өмір сүруге қолайлы аудандарға қоныстану басталды. Техниканың дамуына сай және халықтың көбеюіне байланысты қолайсыз аудандарда біртіндеп игеріле бастады. Қазақстанда тарихи қалыптасқан екі қоныстану аймағы бар. Солтүстік және Оңтүстік Алтай тауының етегінде бірігіп негізгі қоныстану белдеуі болып есептелінеді. Негізгі белдеуі 1 / 3 аумақты және халықтың 90%-ын алып жатыр. Негізгі экономикалық дамыған аудандар да осы белдеуде орналасқан (солтүстік, оңтүстік) . Бұл белдеуде басты үлкен қалалар ауыл шаруашылық жерлері және өңдеуші өнеркәсіптер орналасқан.
Қазақстанның ішкі аймақтары маусымдық, вахталық (ауыспалы күзет) және кішігірім жерлерге шоғырланып қоныстану басым. Ең ірі ресурстар осы аймақтарда орналасқан. Бұл жерлерде салыстырмалы түрде табиғат жағдайының қолайсыздығынан өмір сүру қиын. Соңғы жылдары халық негізгі белдеуде жинақталуда.
Бұл белдеуге ішкі және сыртқы көшіп келушілер де орналасуда. Болашақтағы агломерациялар негізгі белдеуде қалыптасады. Нәтижесінде барлық еңбек әлуетін мемлекетті модернизациялау бойынша жұмылдыруға мүмкіншілік жасайды.
Ендігі жерде халықтың облыстар және ірі аудандар бойынша орналасуына көңіл бөлейік.
Аймақтардағы халықтың орналасуы біркелкі емес. Оның өзі халықтың тығыздығымен де бірдей емес екендігін көрсетеді. Орташа тығыздық мемлекетімізде 6 адам/км2-нан келеді. Маңғыстау облысында 3 адамнан артық болса, Оңтүстік Қазақстан облысында 20 адамға жетеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы және басқа елдердегі демографиялық саясат
Газдарды өңдеуде абсорбция әдісін қолдану
Демография және экологиялық мәселелер. Демографиялық мәселелер мен қоршаған ортаның жағдайы
Қ. Р-ның демографиялық жағдайы
XVlll гасырдагы француз психологиясында эмпирикалык багыттын калыптасуы
Денсаулыққа әсер ететін факторлар
Халықтар миграциясы және оның географиясы
Халықтың орналасуы. Урбандалу
Автоматика элементтерінің әрекет ету принциптері
Шаруа қожалықтарын шет мемлекеттерде жүргізу тәжірибесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz