Жинақтық зейнетақы қорлар жүйесінің теориялық негіздері


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 74 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

1. Жинақтық зейнетақы қорлар жүйесінің теориялық негіздері

1. 1. Жинақтық зейнетақы қорларының мазмұны, қалыптасуы және нарықтағы ролі

1. 2. Жинақтық зейнетақы жүйесін басқару қағидалары

2 Қазақстан зейнетақы жүйесінің құрылымы мен дамуы

2. 1 Қазақстанда зейнетақы жүйесінің қазіргі жағдайын талдау

3. ЖЗҚ қазіргі кезеңде экономикалық тиімділігін арттыру жолдары

3. 1 Жинақтаушы зейнетақы жүйесін дамытудың шетелдік тәжірибесі және оны Қазақстанда қолдану мүмкіндіктері

3. 2 ЖЗҚ активтерін тиімді басқару жолдарын анықтау

3. 3. Қазақстан экономикасын инвестициялау жүйесіне зейнетақы қорларының қатысу перспективалары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi

Кіріспе

Қазақстандағы зейнетақы жүйесінің аз уақытта өмір сүруіне қарамастан экономикадағы динамикалық дамып келе жатқан сегментіне жатады. Қазіргі уақытта зейнетақы қорында 436 млрд теңге жинақтары шоғырланған, ол ЖІӨ нің 9% құрайды. Халық сенімін күшейту, салымшылырды тарту және зейнетақы активтерінің өсуі жинақтаушы зейнетақы жүйесінің динамикалық дамуының негізгі факторы болып табылады.

Жүйенің негізгі көрсеткіштерінің динамикалық өсуі зейнетақы жинақтарын басқару тиімділігінің төмендеуімен қатар жүреді. Ол елдің экономикалық даму деңгейімен, мемлекет бюджетінің дефицитінің төмендеуімен, мемлекеттік қарыз көлемі мен теңге револьвациясымен және сыртқы экономикалық факторлармен байланысты.

Зейнетақы қорлардың инвестициялық қызметінен түсетін табыстың төмендеуі қор нарығында қаржы құралдардың жетіспеушілігінен туып отыр.

Осы қалыптасқан жағдайда жинақталған активтерді тиімді қолдануын ұйымдастыру қажеттілігі туып, бір жағынан халықтың зейнетақы жинақ көзінің нақты өсуі ретінде болса, екінші жағынан маңызды әлеуметтік халық шаруашылық міндеттерді шешу ретінде қарастырады.

Әлеуметтік бағытталған мемлекетте экономика халықтың өмір сүру деңгейін көтеруіне, сыртқы ортаны қорғауға, материалдық, әлеуметтік қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталуы керек.

Әлеуметтік сфераның дамуы экономиканың қызмет етуіне әсер етеді. Осыған орай тұрақты экономикалық дамуға жету үшін Қазақстанға әлеуметтік сфераға инвестиция қажет.

Әлеуметтік салаға салынған инвестициялар экономикалық тиімді болып, шығындар көлемі, қаржыландыру көлемі және табыс алу қатынасын оптималды болатынын болжамдайды. Экономикасы әлеуметтік бағытталған дамыған мемлекетті ынталандыру шетел инвестициялардың ағымын көбейтіп, халықаралық қоғамда оның рейтингісін көтереді.

Жоғарыда айтылғанға сай бұл кезеңде сауатты мемлекеттік инвестициялық саясат қажет. Оның негізгі міндеттері экономика субъектілерінің арақатынасын реттейтін ережелерді әзірлеу мен қолдау шараларын жүргізу болып табылады. Экономиканың тиімділігі қоғамның әлеуметтік -экономикалық күтімі мен өндірістік, қаржылық инвестициялық ресурстары келістірілетін экономикалық саясат жүргізуіне байланысты.

Экономикалық тетік арқылы еліміздің Президентінің «Қазақстан-2030» Стратегиясына сай мемлекет экономикалық субъектілерді басқару керек.

Қазақстанда тұрақты экономикалық даму мен бағалы қағаздар нарығын дамыту мәселелері Кошанова А. К, Кенжегузина М. Б, Додонова В. Ю, жұмыстарында қарастырылды. Қаржылық институттардың инвестициялық қызметінің түрлі аспектілері Н. К. Нұрланованың, Б. Баишеваның, Н. К. Кучукованың, А. Б. Зейнегабдулинаның жұмыстарында ақындалды.

Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесінде тиімді инвестициялау мәселелерін зерттеу тұрақты экономикалық дамумен қамтамасыз ету соңына дейін аяқталмаған болатын. Қаржылық институттармен экологиялық және әлеуметтік факторларды ескере отырып, инвестициялау процесінің белсенділігінің төмен болғандықтан, республикадағы тұрақты экономикалық дамумен қамтамасыз ету төмен болады.

Зейнетақы активтерін орналастыру мәселелерінің күрделігі әсерінен, сонымен қатар Қазақстан Республикасының тұрақты экономикалық дамуы үшін мемлекеттік тетікті пайдаланып инвестициялық белсенділікті реттеу тақырыптың таңдалуына себеп болып, дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері айқындалды.

Дипломдық жұмыстың мақсаты мемлекеттің ұлттық экономикасын модернизациялау барысында зейнетақы активтерін экономикалық нақты секторларына инвестициялау механизмдерін жетілдіру.

Берілген мақсатқа сай жұмыста мына міндеттер шешіледі:

  • Нарықтық қатынаста жинақтық зейнетақы жүйесінің қағидаларын айқындау;
  • Халықаралық зейнетақы жүйесінің даму тәжірибесін Қазақстан жағдайында бейімдеп енгізу;
  • Қазақстан Республикасындағы жинақтық зейнетақы жүйесінің қазіргі жағдайын талдау, экономиканың әлеуметтік мәселелерін шешу мақсатымен оның қалыптасу және даму ерекшелігін анықтау;
  • Қазақстандағы зейнетақы қорының инвестициялық қызметін талдау арқылы бұл саладағы негізгі мәселелерді шешу;
  • Зейнетақы жүйесінің қызметін мемлекеттік реттеу шараларын жетілдіру үшін ұсыныстар беру.

Зерттеудің объектісі Қазақстан Республикасындағы жинақтық зейнетақы қорының қызметі.

Ақпараттық негіз болып Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамтамасыз ету мәселелеріне байланысты заңи және нормативтік актілері, статистика жөніндегі Агенттіктің мәліметтері мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің талдау материалдары, «Қазақстан -2030» даму Стратегиясы, 2010 жылға дейін Қазақстан Республикасының дамудың стратегиялық жоспары, 2005-2007 жылға арналған Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің ақша-несие саясатының негізгі бағыттары, 2005-2007 жылға арналған Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесінің даму бағдарламасы, 27. 02. 2006 жылы Қазақстан Республикасының халқына жолдауы, құқықтық және нормативтік актілері алынды.

Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, колданған әдебиеттер тіэімінен тұрады. Жұмыста кестелер мен сурет бар.

1. Жинақтық зейнетақы қорлар жүйесінің теориялық негіздері

1. 1. Жинақтық зейнетақы қорларының мазмұны, қалыптасуы және нарықтағы ролі

Зейнетақы қорлардың дамуы корпорациялардың жоғары маманданған жұмыс күшін тартуға ұмтылысы есебінен пайда болды. Зейнетақы қорлары- жеке және заңды тұлғалардың зейнетақы төлемдерінің орнына зейнетақы міндеттемелерін шығаратын қаржылық мекеме. Зейнетақы төлемдері- зейнетақы төлемдері үшін халықтың, фирмалардың, мемлекеттің салымдары.

Халықаралық нормалардың негізгі қағидалары бойынша зейнетақымен қамтамасыз ету түрлі жүйе мен арнайы бағдарламаларда іске асырылады. Зейнетақымен қамтамасыз етуді түрлі аспектіде қарастыруға болады. Заңдылық мәні бойынша зейнетақымен қамтамасыз ету еңбекке жарамсыздар қоғамын қамтамасыз ету үшін қатынастарды реттейтін сала ретінде қарастырады. Зейнетақымен қамтамасыз ету көптеген құқық нормалары еңбек заңнамасының бөліктері болып табылады.

Әлеуметтік мәні - қоғам арқылы жасы келгендерді (қартайғандарды, балаларды) немесе төленетін жұмысқа денсаулығы жарамсыздығы әсерінен істей алмайтын еңбекке жарамсыздарды қамтамасыз етудің түрлері мен формалары. Экономикалық мәні- еңбекке жарамсыздарды қамтамасыз ету үшін қолданылатын зейнетақымен қамтамасыз ету ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылады. Зейнетақымен қамтамасыз етудің тұтыну түрінде де, экономикалық, әлеуметтік, құқықтық, ғылыми және ұйымдастырушылық негізі бар. Экономикалық сөздікте зейнетақы қалыпты ақша төлемі ретінде анықталады. Ол белгілі жасқа келгендерге, мүгедектерге, асыраушыны жоғалтқанда, мемлекет алдында ерекше сіңірген еңбегі барларға беріледі. Зейнетақымен қамтамасыз етуді іске асыру үшін зейнетақы жүйесі керек. Ол түрлі кезеңдерден тұратын күрделі техникалық тізбек болып табылады. Есептеу тәртібі, төлемдер, аударымдар, еңбек және әлеуметтік зейнетақы индексациялары түрлі нормативтік актілермен реттеледі.

Зейнетақы қорларын құрудың негізгі мақсаттары бағалы қағаздарға зейнетақы жарналарын инвестициялау есебінен жұмыскерлерге төлемдер жасау болып табылады. Зейнетақы қорлары сенімгерлік компанияларға, коммерциялық банктерге немесе сақтандыру компанияларына берілу мүмкін. Мұндай сақтандыру қоры сақтандырылмаған деп аталады. Бірақ корпорациялар сақтандыру компаниялармен келісім жасау мүмкін, яғни сақтандыру компаниялар зейнетақы төлемдерін қабылдап, зейнетақы төлемдерін беруді қаматамасыз етеді. Ондай сақтандыру қоры сақтандыратын деп аталады.

Зейнетақы қорларындағы пассивті операциялардың негізі корпорациялардың, кәсіпорындардың, сонымен қатар бүкіл түсімдердің 20-30% құрайтын жұмыскерлер мен қызметкерлердің жарналары болып табылады. Жарна үлесі түрлі корпорациялар, кәсіпорындар және мемлекеттер бойынша ауытқиды. Корпорация қуаттырақ әрі байырақ болған сайын, жұмыскерлер мен қызметкерлердің жарналар үлесі аз болады. Зейнетақы қоры капиталының жинақталу ерекшелігі кәсіпкерлердің, жұмыскерлердің, қызметкерлердің ұзақ мерзімге өмірді сақтандыруға кеткен жарналарының сомаларынан құралады. Зейнетақы қорлары ұзақмерзімді ақша қаражаттарын иемденеді және оларды үіметтік, жеке бағалы қағаздарға салады. Зейнетақы қорларының активінің 80% жеке корпорациялардың бағалы қағаздары құрайды. Активтердің 30% астамы жай акцияларға жататындықтан корпорация саясатына зейнетақы қорлары әсер етеді. Зейнетақы қорлары өзінің корпорацияларының активтеріне де ақша қаражаттарын салады.

Жекеменшік зейнетақы қорларымен қатар мемлекеттік зейнетақы қорлары да бар. Олар орталық үкіметпен және жергілікті басқару органдарымен құралады. Бұндай қорлардың пассивті операцияларының негізін түрлі үкіметтік деңгейдегі бюджет қаражаттары және жұмыскерлердің жарналары құрайды. Активті операциялар мемлекеттік және корпорациялардың бағалы қағаздарының салымдарында шоғырланады. Мемлекеттік зейнетақы қорларының қызметінде ақша қаражаттарын инвестициялау мен қызметінің формаларын ұйымдастыруы бойынша айырмашылықтар болады.

Еркін активтерді құрай отырып зейнетақы жарналары зейнетақы қорларында жинақталады. Сондықтан зейнетақы қорларының активтері экономикада маңызды роль атқарады.

Экономикадағы салалардың мәнін ЖІӨ-гі үлесінің көрсеткіші бойынша мәнін анықтауғы болады. Мысалы, дамыған елдерде ЖІӨ-гі зейнетақы активтерінің үлесі 10% құрайды.

Зейнетақы қорлары инвестициялар сияқты экономикада макроэкономикалық және микроэкономикалық қызмет атқарады.

Зейнетақы қорларының макроэкономикалық қызметіне :

1. Олар инвестициялық ресурстарды тиімді орналастыруға үлес қосады, яғни инвестицияланатын қаражаттың иелері мен қолданушылардың (фирмалардың, компаниялардың, өндірістік ұйымдардың т. б) нақты емес ақпарат алу тәуекелдігін азайту есебінен болады. Жинақталған мәліметтер негізінде банк әлеуетті қарыз алушылардың қаржылық жағдайын құрастырады, сөйтіп қаржылық нарыққа тиімділігі аз және сенімсіз компаниялардың кіруіне жол бермейді. Сонымен қатар банктерде мәліметтер болу есебінен кәсіпорынның шаруашылықты дұрыс жүргізуіне, басымды бағыттар мен қызмет формаларын таңдауына әсер етеді.

2. Қаржылық делдалдардың жекеменшік міндеттемелерін шығару экономикаға қажетті және ұсынылатын қосымша ресурстар арасында қарама қайшылықтарды шешеді. Сөйтіп жинақ көлемі ұлғаюы әсерінен ақшаға сұраныс та, нарықтағы пайыз ставкалары да төмендейді. Қысқа мерзімде кезеңде инвестициялық сұраныстың өсімі табыстың мультипликативті кеңеюі және жиынтық сұраныстың төмендеуін өтейді. Ұзақмерзімді кезеңде жаңа техника мен технологияға материалданған инвестициялар экономикалық өсудің сапалық және сандық әлеуетін қалыптастырып, өндіріс көлемінің сұраныс және ұсыныс жағдайында ұлғаюының факторы болды.

3. Зейнетақы қорлары қоғамдағы әлеуметтік экономикалық тұрақтылыққа үлес қосатын қосымша әлеуметтік қамтамасыз етуге жағдай жасайды.

Зейнетақы қорларының микроэономикалық қызметіне:

1. Халықтың еркін ақша қаражаттарын шығара отырып, зейнетақы қорлары қарыз алушының қажеттіліктеріне сай оларды инвестиция түрінде салады.

2. Зейнетақы қорлары көптеген иеленушілердің ресурстарын біріктіргендіктен жаппай инвестициялаудың формасына жатады. Осыдан тәуекелділік деңгейі төмендейді.

3. Өндірісті инвестициялай отырып, зейнетақы қорлары олардың кәсіпкерлік белсенділігін қаржылық институт ретінде ынталандырады. Ұзақмерзімді қарыздық міндеттемелерді зейнетақы қорлары (амцияларды, корпорациялардың ұзақмерзімді облигациялары) сатып алғаннан кейін кәсіпорынға қаржылық жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз етіп, инвестициялық қызметті ұтымды жоспарлауға мүмкіндік береді. Қысөа мерзімді қарыз міндеттемелерін сатып алғанан кейін зейнетақы қорлары корпорацияның уақытша ақша қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Қысқа мерзімді инвестциялар айналым қорларын толықтыру үшін қажет. Сөйтіп зейнетақы қорлары қаржылық делдал бола отырып, кәсіпкерлік секторды несие төлемдерімен қамтамасыз етіп қана қоймай, инвестициялық сұраныс пен экономикалық белсенділіктің жалпы деңгейін көтереді.

Зейнетақы қорлары басқа қаржылық ұйымдарға қарағанда қатаң мемлекеттік реттеуге алынған. Жинақтаушы зейнетақы жүйесін реттеу мына үш негізгі бағыт бойынша жүргізіледі:

  • ЖЗҚ институционалдық формасын реттеу;
  • ЖЗҚ қаржылық шаруашылық қызметін реттеу, сонымен қатар олардың жұмыстарының залалсыз болуын қадағалайды;
  • ЖЗҚ инвестициялық портфелінің құрылымын реттеу;

ЖЗҚ активтерінің құрылымын қалыптастыру белгілі жағдайға жеткеннен кейін пассивтерінің нақты соммасы төленуіне байланысты. Жарналардың түсуі мен төлемдердің басталуы арасында, сонымен қатар жарналардың түсу мерзімі аяқталуы мен зейнетақы төлеу уақыты аралығында бірнеше жылдар бар. Ол ЖЗҚ на ұзақмерзімді және ортамерзімді қаржылық инвестиицялар жасауға мүмкіндік береді. Тұрақты экономикалық және саяси жағдайда инвестициялық ресурстардың кейбір бөлігі қысқа мерзімді салымдарға бағытталады.

ЖЗҚ ы коммерциялық ұйым болып табылады, сондықтан да максималды пайда алуға ұмтылады. Пайданы өтімді емес қарыз міндеттемелерінің жоғары табысының айырымы мен салымы жоғары өтімді пассивті міндеттемелерінің аз төлемдерінен алады. Зейнетақы қорлары активтері мен пассивтерін қор және олардың қатысушылары арасындағы балама принципі негізінде келістіреді.

Зейнетақы қорларының инвестициялық қызметі қоғамның әлеуметтік экономикалық дамуының элементі болып табылады. Ол кәрілікті сақтандырудың жинақтаушы қызметімен үзіліссіз байланыста болады, яғни жеке жарналар есебінен коллективті қорлар қалыптасады. Оларды орналастырудың тиімділігі қатысушылардың материалдық мүддесін қорғау міндетіне байланысты. Зейнетақы қорларының маңызды ерекшелігі клиенттерге бірден екі қызмет жасауына байланысты : сенімділік, кәрілікті қамтамасыз ету және инвестициялық капитал өсіміне әкелу.

Зейнетақы қорларының инвестициялық қызметінің экономикалық мәні инвестициялық ресурстардың үлкен көлемімен байланысты. Мысалы, батыс елдерде зейнетақы қорлар инвестициялық процесте маңызды роль атқарады. Еуропалық елдерде зейнетақы қорлармен жасалатын инвестициялар көлемі 1998 жылы Еуропалық Экономикалық Одақ елдерінің ЖІӨ көлемінің 50%-н құрады. Ұлыбритания, Швейцария, Люксембург сияқты қор нарығы және халықаралық қаржылық белсенділігі дамыған елдерде сақтандырушылардың инвестициялары ЖҰӨ-нің жылдық көлемінен асты. Дамыған елдерде көптеген инвестициялар зейнетақы қорлар шотындағы қаражаттар есебінен алынады.

Зейнетақы қорларының инвестициялық процесте қатысу мүмкіндігі олардың инвестициялық әлеуетіне байланысты. Зейнетақы қорының инвестицияланатын активтері деп инвестициялық табыс алу мақсатында қолданылатын уақытша немесе зейнетақы төлемдерінен бос ақша қаражаттарын айтамыз.

Инвестиицялау үшін зейнетақы қоры тек қаражаттың белгілі бөлігін ғана қолдана алады. Жеке қаражаты салыстырмалы бос ақша қаражаты болып табылады. Олар қаражат жетіспегенде зейнетақы төлемдері ретінде қолданылуы мүмкін, сонымен қатар олар жоспарланатын болғандықтан зейнетақы қорының инвестициялық әлеуетіне аз әсер етеді.

Инвестицияланатын активтер құрылымын қалыптастыру графигі мен өзгеру факторлары 1 суретте көрсетілген. Инвестицияланатын активтер зейнетақы қорының инвестицияға арналған қаржылық әлеуетінің бір бөлігі болып табылады. Ол қаржылық әлеуеттің істі жүргізгеннен, займдық қаражатты және зейнетақы төлемдеріне кеткен шығындардан кейін қалатын соманың бөлігін құрайды. Егер белгіленген шегерімдер көлемі уақытша зейнетақы төлемдерінен бос қаражат пен жеке капитал көлемінен де үлкеетін болса, онда зейнетақы қорының қаржылық әлеуеті көбейгенде, оның инвестициялық активтері төмендейді.

Инвестицияланатын активтер көптеген факторлар әсерінен қалыптасатын айнымалы өлшем болып табылады. Олардың негізгілеріне:

  • Зейнетақы жарнасының көлемі;
  • Инвестициялық портфелінің құрылымы;
  • Зейнетақы жүйесін мемлекеттік реттеу жағдайы;
  • Жеке қаражат көлемі;

Зейнетақы қорының активтерін тиімді басқару алынатын инвестициялық табыс бөлігін зейнетақы төлемдерін көбейтуге мүмкіндік береді. Осы жағдайда инвестицияланатын активтің ролі инвестициялық пайыз көлемінің көрсеткіші арқылы сипатталады.

Инвестициялық табыс зейтенақы қорының жеке капитал өсімінің көзі ретінде болып табылады. Бұл кезде инвестицияланатын активтер қаржылық табыс үлесінің көрсеткішін сипаттайды. Олар жеке капитал үлеюіне бағытталады.

Осылай инвестициялық қызмет макродеңгейде ұлттық экономикаға қажетті әрі пайдалы бос ақша қаражаттары болса, микродеңгейде зейнетақы жүйесінің әр қатысушысына қажетті.

Зейнетақы қорының активтерін нақты инвестициялық жобада іске асыру дегеніміз зейнетақы қорының инвестиицялық қоржынын қалыптастыру Ол зейнетақы қорымен активтерді инвестициялау процесі кезінде және инвестиициялық табыс алуға арналған қаржылық құралдардың жиынтығынан тұрады. Инвестициялық қоржынды қалыптастыру зейнетақы қорының активтерін басқару принципі арқылы жүзеге асырылады.

Сурет. 1 Зейнетақы қорының инвестицияланатын активтерін

қалыртастыру формалары

Зейнетақы қорларының кірістерінің ұлғаюы оларға салымшылар алдында өз міндеттерін атқаруға, сондай-ақ қаржы нарығында өз жағайын күшейтуге мүмкіндік береді. Инвестициялық кірісті алу зейнетақы қорларының активтерін тиімді басқару, яғни тиімді инвестициялық портфелді құру арқасында жүзеге асады. Зейнетақы қорының инвестициялық портфелі деп зейнетақы қорына жататын, бүтіндей басқару объектісі ретінде шығатын бағалы қағаздар жиынтығын айтамыз.

Зейнетақы қорының портфелі өз алдына қамсыздандырудың және тәуекелдің түрлі дәрежелердегі корпоративті акцияларын және облигацияларын, сондай-ақ бекітілген кірістердің, кепілдіктегі мемлекеттің, яғни негізгі сомма мен ағымдағы түсімдер бойынша минималды тәуекелдегі қағазын қосады. Зейнетақы қорының инвестициялық қожынын басқару және қалыптастыру кезінде келесі қағидаларды ескеру қажет:

- салымдардың қауіпсіздігі (инвестициялардың инвестициялық капитал нарығында тұрақтылығы) ;

- табыс алудың тұрақтылығы;

- салымдардың ликвидтілігі, яғни олардың тауарды(жұмысты, қызметті) дереу табу үшін қатысуға немесе тез және бағадағы шығынсыз қома-қол ақшаға айналуға қабілеттілігі;

Тәжірибеде инвестициялық құндылықтың ешқайсысы да жоғары аталған қасиеттерге ие болмайды. Егер құнды қағаз сенімді болса, онда табыстылығы төмен болады, өйткені сенімгерлікті қалағандар жоғары бағаны ұсынады және табыстылықты қағып түсіреді. Сондықтан да қоржынды қалыптастырудағы басты мақсат инвестор үшін тәуекел мен табыс арасында ең үлкен оптималды үйлесімге жету. Инвестициялық құралдардың тиімді жиынтығы салымшылардың тәуекелін минимумға дейін төмендету, сонымен қатар оның табысын максимумға дейін көтеру үшін керек.

Портфельдік қалыптастыру кезінде түрлі қасиеттері бар құнды қағаздар арасындағы пропорцияны анықтау қажет. Классикалық консервативті (тәуекелі аз) портфельді құрудың негізгі қағидалары мыналар: консервативтілік, диверсификациялау және жеткілікті ликвидтіліктің қағидалары.

Консервативтілік қағидасы басым ықтималдылығы бар тәуекелді үлестен мүмкін болатын шығындар сенімді активтердің табыстарымен жабылатындай жоғары сенімді және тәуекелді үлестер арасындағы өзара байланысын ұйғарады.

Бұндай жағдайда инвестициялық тәуекел негіз сомма бөлігінің шығынына емес, ол тек қана жоғары табысты жеткіліксіз алудан тұрады. Тәжірибе көрсеткендей, клиенттердің көбісі депозиттік мөлшерлемесі бірден екіге дейін шамасында ауытқитын сенімгерліктің жоғары категориясындағы банкілерінің табысымен қанағаттанады.

Диверсификациялау қағидасы портфельдік инвестициялаудың негізгі қағидасы болып келеді. Диверсификация бір құнды қағаздар бойынша мүмкін болатын көлемді емес табыстар басқа қағаздар бойынша көлемді табыстарымен өтеу арқасында тәуекелді төмендетеді. Ікерлік активтілігінің циклдық ауытқуларының синхронділігін болдырмау мақсатында бір-бірімен тығыз байланыспаған, әр түрлі саласындағы құнды қағаздарды портфельге қосу арқасында тәуекелділіктің минимизациясы пайда болады.

Оптималды мөлшері - сегізден жиырмаға дейін құнды қағаздардың түрлері. Диверсификация активті сегменттер арасында да, олардың ішінде де қолданылуы мүмкін. Мысалы, мемлекеттік қысқа мерзімді облигациялар мен қазыналық міндеткерлікті түрлі сериядағы құнды қағаздар арасында диверсификациялауға болады, корпоративті құнды қағаздар үшін - әр түрлі эмитенттер акциялары арасында. Жеңілдетілген диверсификация мәнді анализсіз бірнеше құнды қағаздар арасында қаражатты бөлуден тұрады. Қоржындағы қаражаттың жеткілікті көлемі салалық және аудандық диверсификацияны өткізуге жағдай жасайды. Салалық диверсификацияда бір саладағы өнеркәсіптің қағаздары жағына қарай қоржынның басым болып түсуіне жол берілмеуі тиіс, әйтпесе бүтіндей бір салада дағдарыс басталуы мүмкін. Мысалы, дүние жүзі нарығында мұнай бағасының түсуі, сонымен қатар бүкіл мұнай қайта қорыту кәсіпорындағы акциялар бағасының төмендеуіне әкеп соқтыруы мүмкін, ал бұл өз кезегінде инвестициялық қоржыгға кері әсер етеді. Солай сияқты бір аудандағы кәсіпорындарға да қатысты болады. Бір уақыттағы акциялар бағасының төмендеуі саяси тұрақсыздықтың, ереуілдердің, табиғи апаттардың және т. б. нәтижесінде болуы мүмкін. Корреляциялық анализ әдістері қоржындағы әр түрлі құнды қағаздар арасында оптималды баланс табуға жол береді.

Жеткілікті ликвидтілік қағидасы ақшалай қаражатқа деген клиенттердің сұраныстарын қанағаттандырарлықтай дәрежеден төмен емес тез жасалынатын активтердің үлесін қоржынға сақтап тұру үшін жағдайжасайды. Тәжірибе көрсеткендей, қаражаттың нақты бір бөлігін ликвидті ( табысы азырақ болса да мейлі) құнды қағаздар ұстау тиімдірек, ол өз кезегінде нарық конъюнктурасының өзгеруіне және жеке тиімді ұсыныстарына тез жауап беруге мүмкіншілік береді.

Портфельді құрастыру сұрағын қарастырғанда, инвестор олармен басқаратындай өзіне параметрлерді анықтау қажет:

- портфельдің оптималды типін таңду қажет;

- өзіне тиімді портфельдің табысы мен тәуекелдің үйлесімділігін бағалау және сәйкесінше әр түрлі дәрежедегі тәуекелі мен табысы бар құнды қағаздар портфелінің салмағын анықтау;

- қоржынның алғашқы құрамын анықтау;

- әрі қарай қоржынды басқару сызбасын таңдау.

Инвестициялық портфельді қалыптастыру міндеті өз клиенттердің қаржы ресурстарын аккумуляциялауымен және оларды капиталдар нарығында пайдалануымен айналысатын зейнетақы қорлары үшін әсіресе актуалды. Зейнетақы қорларының инвестициялық қоржының қалыптастыру бірнеше жолдармен жүзеге асады:

- оны құру мақсатын қалыптастыру және олардың приоритеттілігін ( оның ішінде, не маңыздырақ - дивидендтерді үнемі алып отыру әлде активтер бағасының өсуі), тәуекел дәрежесін, минималды кірісін, болатын кірісінен бас тартуын және т. б. анықтау;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЖИНАҚТЫҚ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
Жинақтаушы зейнетақы қоры
Зейнетақы жүйесінің әлеуметтік-экономикалық мәні
Зейнетақы қорларының есебінің теориялық-әдістемелерін негіздеу
Жинақтаушы зейнетақы қорлары - мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры мен мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорлары
Мемлекеттің ұлттық экономикасын модернизациялау барысында зейнетақы жүйесін қалыптасу деңгейін бағалау және зейнетақы активтерін экономикалық нақты секторларына инвестициялау механизмдерін жетілдіру
Жинақтық зейнетақы қорлар жүйесі
Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесінің құрылым негіздері
Жинақталған зейнетақы қорының мәні ,мазмұны, атқаратын қызметі және оның шетелдік тәжірибесі
Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының жағдайын талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz