«Қазақстан-2050» стратегиясындағы патриоттылық


ӘОЖ. 338. 2 (574) =512. 122 Асауова А. Е., ҚарМТУ
«ҚАЗАҚСТАН-2050» СТРАТЕГИЯСЫНДАҒЫ ПАТРИОТТЫЛЫҚ
Адамзаттың асыл мұраттары қайта гүлдеп, мәдениет дәрежесі мен білімділік деңгейі қоғамның өркендеуінің басты өлшеміне айналып отырған жаңа ғасырда жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеудің маңызы артып келеді. Қазақстандық патриотизмнің қайнар көзі - халықтың береке- бірлігінде, ынтымақ ықыласында, елдігі мен ерлігінде және мемлекетіміздің күш-қуатының беріктігі мен ұлан байтақ жерінің біртұтастығында.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев алғашқы «Қазақстан - 2030» стратегиялық даму бағдарламасында «Біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз» деп жас ұрпаққа патриоттық тәрбие берудің қаншалықты маңызды екендігін көрсетсе, кейінгі «Қазақстан-2050»стратегиясында да осы ойын «Қазақстан патриотизмінің іргетасы - барлық азаматтардың тең құқылығы және олардың Отан намысы алдындағы жалпы жауапкершілігі. Болашаққа деген сенім болмаса, толыққанды мемлекет құруға болмайды. Мемлекет пен азаматтың мақсаттары барлық бағыттар бойынша сәйкес келуі өмірлік тұрғыдан маңызды. 2050 жылға қарай біз, Қазақстанның кез келген азаматы ертеңгі күнге, болашаққа өте сенімді болатындай саяси жүйе құруымыз керек. Біздің балаларымыз бен немерелеріміз сырт елден гөрі Отанында өмір сүргенді артық көретіндей, өйткені, өз жерінде өзін жақсы сезінетіндей болуға тиіс. Біздің еліміздің әрбір азаматы өзін өз жерінің қожасы ретінде сезінуге тиіс»деп анық көрсеткен болатын. Сондықтан әрбір қоғам мүшесіне патриоттық тәрбие бере отырып, оның ұлтжандылығын, отансүйгіштік сапасын, өзге ұлт өкілдеріне және туған халқына құрмет сезімін қалыптастыру талабы жылдан-жылға күшейіп отыр. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуы стратегиясы» еңбегінде «Мемлекеттің егеменді, тәуелсіздігіне жеткізетін 4 күш: біріншісі-жеріміздің қойнауындағы байлық, екіншісі-жеріміздің бетіндегі байлық, үшіншісі-өндіріс байлығы, төртіншісі-тапқырлардың ақыл-ой байлығы, тапқырлардың үйреншікті қалыпқа сыймайтын, бүкіләлемдік деңгейдегі жасалымдары» деп атап көрсеткеніндей, жас ұрпаққа ұлттық-патриоттық тәрбие берудің маңызы ерекше. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қазақстандық патриотизмге, отансүйгіштікке тәрбиелеу ісін мемлекеттік идеологияның аса маңызды міндеттерінің бірі ретінде алға тартуының сыры осында жатыр.
ХХ ғасырдың 80-жылдарының соңы - 90 жылдардың басында әлемнің саяси картасында үлкен өзгерістер болды. Кеңес мемлекетінің құрамында болған елдермен қатар Қазақстан да тәуелсіз даму жолын таңдауға мүмкіндік алды. Жаңа мемлекет құрудан бастап, елдің қоғамдық өмірін дамытудың қазақстандық көшін бастауымыз керек болды.
Осындай 300 жыл ата-бабамыз аңсаған тәуелсіздікті баянды ету сын сағатында, қазақ халқының маңдайына Н. Назарбаевтай ұлттық көшбасшы бұйырды. Бұл әлемдік саясатта жас тәуелсіз мемлекет құруда елдің қамын жейтін азаматтың барлығын түсіндірді. «Ең бастысы - мен осы елдің жолында басымды бәйгеге тіккен адаммын. Ол жолда ештеңеден тайынбаймын да, ештеңемді аянбаймын да. Қазақтың елдігін, көп ұлтты Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін нығайтудан басқа мақсат та жоқ менде, басқа арманда жоқ мен де», - деген жүрек жарды мақсаты арқылы барша Қазақстан халқын елімізді баянды ету жолына біріктірді. Біздің еліміздің бүгіні мен болашағын отаншыл жүрекпен, отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілікпен қалыптастырып келе жатырған Елбасы отаншылдық қасиеттің жоғары үлгісін өзінің бүкіл бәйтерек бітім-болмысымен көрсетіп келеді.
Патриоттық сезім - ұлттық рух деңгейінің айнасы, өлшемі. Сол себептен Елбасы өзінің халыққа жолдауында азаматтардың отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйспеншілігін дамытуды ұлттық қауіпсіздікті сақтаудың негізгі элементтерінің бірі ретінде таниды.
Президент стратегиясының түпқазығы, басты арқауы - адам тағдыры. Бүгінде өзгерген адам, келешек ұрпақ, олардың сапасы - Елбасы назарында. Стратегияны жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, алғышартының өзі - Қазақстан халқы, оның жоғары сапасы, жасампаздық істерді орындауға мүмкіндігінің жеткіліктігі және қабілеттілігі. Бұл талап Қазақстан халқына, олардың ерік-жігеріне, күш-қуатына, табандылығына, білімділігіне сенгендіктен туындаған. Қазақстан халқының отаншылдық сезімін тәрбиелеу - осы бағыттағы негізгі мақсаттарының бірі.
Ұлт лидері Н. Ә. Назарбаев тәуелсіздікті баянды ету жолындағы іргелі саясаттың болашағын отаншыл жастардан бөліп қараған емес. Жас ұрпақ бойында отансүйгіштік, елжанжандылық қасиеттерді үздіксіз күшейту мәселесі адамзат тарихының өне бойында ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлы мақсаттар ішіндегі ең бастыларының бірі болып саналады. Сондықтан да Елбасы бұқара арасында патриоттық тәрбие беру мәселелері жөнінде «отаншылдыққа тәрбиелеу, патриоттық білім беру деңгейінің жүйесі оқу орындары мен өзге де ұйымдарда көкейтесті мәселенің бірі болып табылады», - деп бұл өте маңызды іске ерекше мән беріп келеді. Жаңа ғасырды білім ғасыры деп нақтылай отырып, барлық саяси қадамдарындағы жаңашылдықтары мен жоспарлы істерін жастармен бөлісіп, жан-жақты талқылап отыруының өзі келешекке деген, ел тізгінін ұстар ұрпаққа деген үлкен сенімі деп түсінемін.
Отанға деген сүйіспеншілікті күшейту міндеттерін орындауда патриоттық рух мәселесіне ерекше көңіл бөлінетіні анық. Себебі мұның өзі әрбір адамның әлеуетін ашатын, көптің қуатын ортақ арнаға қосатын, халық даналығы жинақталған еркіндіктің түрі. ҚР Президенті де патриоттық рухты «рухы еркін халық қана ұлы істерді атқара алады» деген ұстаныммен жастар бойында қалыптастыруға бар күш-жігерін салып келеді. Бұл- уақыттың қатаң талабы. Патриоттық рухы биік, күшті елдердің қашан да бағы таймаған. Біздің ойымызша, қазақтың патриоттық рухының негізгі тіректерінің бірі- оның ұлтжандылығы, ұлтшылдығы болып табылады. Бұл жердегі ұлтшылдықтың дәл мазмұнын Елбасының «өз ұлтын сүю, шын мәнінде нағыз қазақ болу-өзге ұлт өкілдеріне астамшылықпен қарау емес» немесе «әр этностың ұлттық сезімін сыйлап, бірде -бір ұлтпен қарама-қайшылық туғызбау» деген тұжырымдарымен анықтауға болады. Аталмыш тұжырым Қазақстан жағдайында еліміздегі этникалық көпшілік қазақтардың ұлттық ерекшелігін басқа этностар құқықтарымен үйлестіру арқылы нақты жолмен жүзеге асырылуда. Ендеше түрі басқа, жүрегі бір, тілі басқа, тілегі бір ұлттардың «Менің Отаным-Қазақстан» деп қолын жүрегіне қойып әнұранды айтуы халықтың Елбасының сындарлы саясатын түсінгенінде.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еңбектерінің барлығында ел экономикасын, ұлт рухын, халықтың салт-санасын дұрыс жолға бастаудың мол өміршең тәжірибені көре аламыз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz