«Қазақстан- 2050» стратегиялық мақсатын есепке ала отырып дамыту



1 Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың өнегесіндегі патриоттық тәрбие беру моделін «Қазақстан. 2050» стратегиялық мақсатын есепке ала отырып дамыту
2 “Қоғамда Қазақстан . біздің Отанымыз
3 Президент стратегиясының түпқазығы, басты арқауы
Адамзаттың асыл мұраттары қайта гүлдеп, мәдениет дәрежесі мен білімділік деңгейі қоғамның өркендеуінің басты өлшеміне айналып отырған жаңа ғасырда жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеудің маңызы артып келеді. Қазақстандық патриотизмнің қайнар көзі – халықтың береке- бірлігінде, ынтымақ ықыласында, елдігі мен ерлігінде және мемлекетіміздің күш-қуатының беріктігі мен ұлан байтақ жерінің біртұтастығында.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев алғашқы «Қазақстан - 2030» стратегиялық даму бағдарламасында «Біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз» деп жас ұрпаққа патриоттық тәрбие берудің қаншалықты маңызды екендігін көрсетсе, кейінгі «Қазақстан-2050»стратегиясында да осы ойын «Қазақстан патриотизмінің ір¬гетасы – барлық азаматтардың тең құқылығы және олардың От¬ан намысы алдындағы жал¬пы жауапкершілігі. Бола¬шақ¬қа деген сенім болмаса, то¬лыққанды мемлекет құруға бол¬майды. Мемлекет пен азаматтың мақсаттары барлық бағыттар бойынша сәйкес келуі өмірлік тұр¬ғыдан маңызды. 2050 жылға қарай біз, Қа¬зақстанның кез келген азаматы ертеңгі күнге, болашаққа өте сенімді болатындай саяси жүйе құруымыз керек.Біздің балаларымыз бен не¬мерелеріміз сырт елден гөрі От¬анында өмір сүргенді артық кө¬ретіндей, өйткені, өз жерінде өзін жақсы сезінетіндей бо¬лу¬ға тиіс. Біздің еліміздің әр¬бір азаматы өзін өз жерінің қо-жасы ретінде сезінуге тиіс»деп анық көрсеткен болатын. Сондықтан әрбір қоғам мүшесіне патриоттық тәрбие бере отырып, оның ұлтжандылығын, отансүйгіштік сапасын, өзге ұлт өкілдеріне және туған халқына құрмет сезімін қалыптастыру талабы жылдан-жылға күшейіп отыр. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуы стратегиясы» еңбегінде «Мемлекеттің егеменді, тәуелсіздігіне жеткізетін 4 күш: біріншісі-жеріміздің қойнауындағы байлық, екіншісі-жеріміздің бетіндегі байлық, үшіншісі-өндіріс байлығы, төртіншісі-тапқырлардың ақыл-ой байлығы, тапқырлардың үйреншікті қалыпқа сыймайтын, бүкіләлемдік деңгейдегі жасалымдары» деп атап көрсеткеніндей, жас ұрпаққа ұлттық-патриоттық тәрбие берудің маңызы ерекше.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың өнегесіндегі
патриоттық тәрбие беру моделін Қазақстан- 2050 стратегиялық мақсатын
есепке ала отырып дамыту

Адамзаттың асыл мұраттары қайта гүлдеп, мәдениет дәрежесі мен
білімділік деңгейі қоғамның өркендеуінің басты өлшеміне айналып отырған
жаңа ғасырда жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеудің маңызы артып келеді.
Қазақстандық патриотизмнің қайнар көзі – халықтың береке- бірлігінде,
ынтымақ ықыласында, елдігі мен ерлігінде және мемлекетіміздің күш-қуатының
беріктігі мен ұлан байтақ жерінің біртұтастығында.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев алғашқы
Қазақстан - 2030 стратегиялық даму бағдарламасында Біз Қазақстанның
барлық азаматтарының отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін
дамытуға тиіспіз деп жас ұрпаққа патриоттық тәрбие берудің қаншалықты
маңызды екендігін көрсетсе, кейінгі Қазақстан-2050стратегиясында да осы
ойын Қазақстан патриотизмінің іргетасы – барлық азаматтардың тең құқылығы
және олардың Отан намысы алдындағы жалпы жауапкершілігі. Болашаққа деген
сенім болмаса, толыққанды мемлекет құруға болмайды. Мемлекет пен азаматтың
мақсаттары барлық бағыттар бойынша сәйкес келуі өмірлік тұрғыдан маңызды.
2050 жылға қарай біз, Қазақстанның кез келген азаматы ертеңгі күнге,
болашаққа өте сенімді болатындай саяси жүйе құруымыз керек.Біздің
балаларымыз бен немерелеріміз  сырт елден гөрі Отанында өмір сүргенді артық
көретіндей, өйткені, өз жерінде  өзін жақсы сезінетіндей болуға тиіс.
Біздің еліміздің әрбір азаматы өзін өз жерінің қожасы ретінде сезінуге
тиісдеп анық көрсеткен болатын. Сондықтан әрбір қоғам мүшесіне патриоттық
тәрбие бере отырып, оның ұлтжандылығын, отансүйгіштік сапасын, өзге ұлт
өкілдеріне және туған халқына құрмет сезімін қалыптастыру талабы жылдан-
жылға күшейіп отыр. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев
Қазақстан егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуы стратегиясы
еңбегінде Мемлекеттің егеменді, тәуелсіздігіне жеткізетін 4 күш:
біріншісі-жеріміздің қойнауындағы байлық, екіншісі-жеріміздің бетіндегі
байлық, үшіншісі-өндіріс байлығы, төртіншісі-тапқырлардың ақыл-ой байлығы,
тапқырлардың үйреншікті қалыпқа сыймайтын, бүкіләлемдік деңгейдегі
жасалымдары деп атап көрсеткеніндей, жас ұрпаққа ұлттық-патриоттық тәрбие
берудің маңызы ерекше. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың
қазақстандық патриотизмге,отансүйгіштікке тәрбиелеу ісін мемлекеттік
идеологияның аса маңызды міндеттерінің бірі ретінде алға тартуының сыры
осында жатыр.
“Қоғамда Қазақстан - біздің Отанымыз, бұл ұғымға өте көп нәрсе кіреді
деген қарапайым ойды қалыптастыру керек” – деген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың
сөзі терең ойдан туындаған пікір екенін әрқайсымыз жақсы түсінуіміз қажет.
Бұдан бір Отанның аясына сыйған,ештеңеге айырбастамайтын мемлекеттік
қазыналарымыздың, құндылықтарымыздың бар екенін кішкентайдан бастап бала
санасына терең сіңдіру қажеттігі туындайды.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Егер біз Мемлекет
болғымыз келсе, өзіміздің мемлектімізді ұзақ уақытқа меңзеп құрғымыз келсе,
онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн, - дегенін келтіруге
болар еді. Оған барар жол халық даналығының негізінде жатыр. Қазақта
мынандай мақал бар: Жеті атасын білмейтін ер жетесіз, жеті ғасыр тарихын
білмейтін ел жетесіз. Осы орайда айтарымыз тек жеті ғасырмен шектелмей
жалпы ұлттың тарихын біліп, соны зерттеп: Біз қайдан шықтық?, Біз
кімбіз?, Кешегі Кеңес дәуір бізге не берді?, Сол дәуірде не
жоғалттық?, Кешегі Ұлы Отан соғысында қан төккен, жанын пида қылған ата-
бабаларымызға қандай құрмет көрсетіп жүрміз? т.б. сұрақтарға жауапты әрбір
ел азаматы ойлауы керек деп ойлаймын.
Мен әрбір кеш сайын өзіме өзім бүгінгі күнді дұрыс өткіздім бе? деген
сұрақ қоямын да, соған жауап беруге тырысамын. Мен үшін, Президент үшін,
бұл сұрақ: Менің отандастырымның өмірін жақсарту үшін барлығын істей алып
отырмын ба? дегенді білдіреді. Бұл - менің ұстанымымның негізі,- деп
жазады Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев
ХХ ғасырдың 80-жылдарының соңы - 90 жылдардың басында әлемнің саяси
картасында үлкен өзгерістер болды. Кеңес мемлекетінің құрамында болған
елдермен қатар Қазақстан да тәуелсіз даму жолын таңдауға мүмкіндік алды.
Жаңа мемлекет құрудан бастап, елдің қоғамдық өмірін дамытудың қазақстандық
көшін бастауымыз керек болды.
Осындай 300 жыл ата-бабамыз аңсаған тәуелсіздікті баянды ету сын
сағатында, қазақ халқының маңдайына Н. Назарбаевтай ұлттық көшбасшы
бұйырды. Бұл әлемдік саясатта жас тәуелсіз мемлекет құруда елдің қамын
жейтін азаматтың барлығын түсіндірді. Ең бастысы – мен осы елдің жолында
басымды бәйгеге тіккен адаммын. Ол жолда ештеңеден тайынбаймын да,
ештеңемді аянбаймын да. Қазақтың елдігін, көп ұлтты Қазақстан
Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін нығайтудан басқа мақсат та жоқ
менде, басқа арманда жоқ мен де, - деген жүрек жарды мақсаты арқылы барша
Қазақстан халқын елімізді баянды ету жолына біріктірді. Біздің еліміздің
бүгіні мен болашағын отаншыл жүрекпен, отаншылдық сезімі мен өз еліне деген
сүйіспеншілікпен қалыптастырып келе жатырған Елбасы отаншылдық қасиеттің
жоғары үлгісін өзінің бүкіл бәйтерек бітім-болмысымен көрсетіп келеді.
Патриоттық сезім - ұлттық рух деңгейінің айнасы, өлшемі. Сол себептен
Елбасы өзінің халыққа жолдауында азаматтардың отаншылдық сезімі мен өз
еліне деген сүйспеншілігін дамытуды ұлттық қауіпсіздікті сақтаудың негізгі
элементтерінің бірі ретінде таниды.
Президент стратегиясының түпқазығы, басты арқауы – адам тағдыры.
Бүгінде өзгерген адам, келешек ұрпақ, олардың сапасы – Елбасы назарында.
Стратегияны жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, алғышартының өзі – Қазақстан
халқы, оның жоғары сапасы, жасампаздық істерді орындауға мүмкіндігінің
жеткіліктігі және қабілеттілігі. Бұл талап Қазақстан халқына, олардың ерік-
жігеріне, күш-қуатына, табандылығына, білімділігіне сенгендіктен туындаған.
Қазақстан халқының отаншылдық сезімін тәрбиелеу – осы бағыттағы негізгі
мақсаттарының бірі. Халықтың патриоттық сезімін қалыптастыру үшін маңызды
қадамдардың бірі:
1.Елбасы Қазақстанды мекендеген халықтардың тіліне, дініне, қанына, аз-
көптігіне қарамастан, тең құқықтығын, іс-жүзіндегі теңдігін жария етіп,
ешкімге де артықшылық жасамайтынын атап көрсетеді.
Қазақстан халықтарының ұлтына, жынысына, тегіне, дініне қарамастан,
заң алдындағы теңдігі, бірдей құқықтағы қоғамдағы саяси тұрақтылық ғана
емес, қазақстандық патриотизмді қалыптастырудың бірден-бір негізі. Бұл-
Қазақстанды барша жұртшылықтың сүюіне жетелейтін бірінші саяси фактор,
конституциялық негіз.
2.Қазақстандық патриотизмді қалыптастырудың екінші арнасы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық саясаттың жаңа қағидаттарына көшу
Жасыл экономиканы дамытудың жеті негізгі бағыттары
Қазақстан Республикасының 2030 жылғы стратегиясы
Ішкі саясаттың негізгі бағыттары
Қазақстан - 2050 қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты
Стратегиялық жоспарлау бөлімдері
Қазақстан тарихындағы Семей полигоны
Мемлекет бюджетінің тапшылығы
«Қазақстан-2050» стратегиясы» жаңа Қазақстандық патриотизмнің мәні туралы
Жаңа Қазақстандық Патриотизмді қалыптастыру
Пәндер