Кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысаны



Кіріспе
1. Кәсіпорынның ұйымдық.құқықтық нысандары
1.1 Кәсіпорынның ұйымдық.құқықтық нысандарының түрлері
. Шаруашылық серіктестік
. Акционерлік қоғам
. Өндірістік кооператив
. Шаруа қожалықтары
. Жеке кәсіпкерлік
1.2 Кәсіпорынның ұйымдық.құқықтық нысандарын тіркеу
1.3 Кәсіпорынның басқару құрылымдары
2. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ
2.1 Даму тарихы
2.2 Басқару құрылымы
2.3 Қаржылық жағдайы
3. Кәсіпорынның ұйымдық.құқықтық нысандарының кемшіліктері мен артықшылықтары
Кәсіпкерлік адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономистісі, Гарворд профессоры Иозиф Шумпетер (1883-1950жж) мән берді. Оның айтқан мынадай сөзі эпиграф болып саналады «Кәсіпкер болу – басқаның істегенін істемеу».
Екінші жағынан алдымен кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар. Ол туралы француз экономисі Жан Батист Сей (1767-1832жж) былай деген «Кәсіпкер — адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам».
Кәсіпкерлік терминін алғашқы рет ағылшын экономисі – Ричард Контильон (1650-1758жж) енгізді. Бұл ұғымға ол нарықтық тәуекелділік жағдайында табыс алу мақсатымен өндірісті ұйымдастырудағы адам белсенділігін жатқызады.
Экономикалық әдебиеттерде кәсіпкерлік пен бизнес ұғымдарын балама түрінде қарастыру жиі кездеседі. Бизнес пен кәсіпкерлік жақын ұғым болғанмен, оларды бір-бірімен баламалап, теңестіріп қарауға болмайды. Бизнес – табыс әкелетін кез келген қызметтің түрі. Рас, бизнес кәсіпкерлік қызметпен тығыз байланысты. Кәсіпкерлік – новаторлық іс. Нағыз кәсіпкер – ол өнертапқыш. Сондықтанда бизнеспен айналысатын адамдар, осы көзқарас тұрғысынан ешуақытта кәсіпкер бола алмайды. Нарық жағдайында кәсіпкерлік қызмет көп нышанда болады. Оларды мына түрге бөлуге болады:
1. Масштабы бойынша: шағын, орта, ірі кәсіпкерлік.
2. Кәсіпкерліктің субъектілері бойынша: кәсіпкерліктің субъектілері экономикалық қызметтің әр түрлі қатысушылары – жеке тұлғалар, келісімшарт міндеттемелерімен, ортақ экономикалық мүдделерімен, біріккен адамдар тобы, яғни ұжымдық кәсіпкерлік, серіктестік, кооперативтер, акционерлік қоғам, холдингтер және осыған тәріздес мемлекеттік кәсіпкерлер бола алады.
Кәсіпкерлік – бұл шаруашылық жүргізудің әдісі және өз бетімен жұмыс істеуге негізделген экономикалық ойлаудың ерекше типі. Кәсіпкерлікті дамытудың басты сәті нарық экономикасында бәсекелестік отанын құру үшін ғана емес, сонымен қатар еркін кәсіпкерлік үшін жол ашатын мемлекет иелігінен алу мен мемлекеттік меншікті жекешелендіру болып табылады. Әр бір заттың немесе құбылыстың өзіне тән даму және қалыптасу тарихы бар. Сол тәрізді кәсіпкерліктің даму тарихы талай ғасырларды қамтиды. Дегенмен қазіргі түсініктің орын алуы капитализмнің қалыптасу және даму кезеңіне сай келеді. Буржуазиялық саяси экономияда кәсіпкерлік түсінігі XVIII ғасырда пайда болды, сонымен қатар «меншік иесі» деген түсінік алды.
1. https://kk.wikipedia.
org/wiki/Кә%D
2. www.stat.gov.kz/faces/wcnav_externalId/
homeNumbersBusinessRegisters
3. http://www.kazatomprom.kz/kk/structure
4. http://www.kazatomprom.kz/kk/history
5. http://www.kazatomprom.kz/kk/
content/investorlarga/investorlarga/kyzmettin-negizgi-korsetkishteri

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАРЫ
Кіріспе
1. Кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысандары
1.1 Кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысандарының түрлері
- Шаруашылық серіктестік
- Акционерлік қоғам
- Өндірістік кооператив
- Шаруа қожалықтары
- Жеке кәсіпкерлік
1.2 Кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысандарын тіркеу
1.3 Кәсіпорынның басқару құрылымдары
2. Қазатомөнеркәсіп ҰАК АҚ
2.1 Даму тарихы
2.2 Басқару құрылымы
2.3 Қаржылық жағдайы
3. Кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысандарының кемшіліктері мен артықшылықтары

Кіріспе
Кәсіпкерлік адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономистісі, Гарворд профессоры Иозиф Шумпетер (1883-1950жж) мән берді. Оның айтқан мынадай сөзі эпиграф болып саналады Кәсіпкер болу - басқаның істегенін істемеу.
Екінші жағынан алдымен кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар. Ол туралы француз экономисі Жан Батист Сей (1767-1832жж) былай деген Кәсіпкер -- адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам.
Кәсіпкерлік терминін алғашқы рет ағылшын экономисі - Ричард Контильон (1650-1758жж) енгізді. Бұл ұғымға ол нарықтық тәуекелділік жағдайында табыс алу мақсатымен өндірісті ұйымдастырудағы адам белсенділігін жатқызады.
Экономикалық әдебиеттерде кәсіпкерлік пен бизнес ұғымдарын балама түрінде қарастыру жиі кездеседі. Бизнес пен кәсіпкерлік жақын ұғым болғанмен, оларды бір-бірімен баламалап, теңестіріп қарауға болмайды. Бизнес - табыс әкелетін кез келген қызметтің түрі. Рас, бизнес кәсіпкерлік қызметпен тығыз байланысты. Кәсіпкерлік - новаторлық іс. Нағыз кәсіпкер - ол өнертапқыш. Сондықтанда бизнеспен айналысатын адамдар, осы көзқарас тұрғысынан ешуақытта кәсіпкер бола алмайды. Нарық жағдайында кәсіпкерлік қызмет көп нышанда болады. Оларды мына түрге бөлуге болады:
1. Масштабы бойынша: шағын, орта, ірі кәсіпкерлік.
2. Кәсіпкерліктің субъектілері бойынша: кәсіпкерліктің субъектілері экономикалық қызметтің әр түрлі қатысушылары - жеке тұлғалар, келісімшарт міндеттемелерімен, ортақ экономикалық мүдделерімен, біріккен адамдар тобы, яғни ұжымдық кәсіпкерлік, серіктестік, кооперативтер, акционерлік қоғам, холдингтер және осыған тәріздес мемлекеттік кәсіпкерлер бола алады.
Кәсіпкерлік - бұл шаруашылық жүргізудің әдісі және өз бетімен жұмыс істеуге негізделген экономикалық ойлаудың ерекше типі. Кәсіпкерлікті дамытудың басты сәті нарық экономикасында бәсекелестік отанын құру үшін ғана емес, сонымен қатар еркін кәсіпкерлік үшін жол ашатын мемлекет иелігінен алу мен мемлекеттік меншікті жекешелендіру болып табылады. Әр бір заттың немесе құбылыстың өзіне тән даму және қалыптасу тарихы бар. Сол тәрізді кәсіпкерліктің даму тарихы талай ғасырларды қамтиды. Дегенмен қазіргі түсініктің орын алуы капитализмнің қалыптасу және даму кезеңіне сай келеді. Буржуазиялық саяси экономияда кәсіпкерлік түсінігі XVIII ғасырда пайда болды, сонымен қатар меншік иесі деген түсінік алды.
Кәсіпкерліктің даму тарихы 4 бағытта дамыды:
1 - бағыт. Кәсіпкерлікті тәуекелдікпен байланыстырды. Бұл бағыттың негізін салушысы болып француз экономисі - Ричард Контильон болып саналады. Ол мынадай шешімге келеді: Кәсіпкер болашақтағы мүмкіндіктерді болжап, өзіне табыс табу мақсатында мүмкіндіктерді жүзеге асырады. Сұраныс пен ұсыныс қатынасын ескере отырып, кәсіпкер тауарды арзан бағаға сатып алып, қымбат бағаға сатады.
2 - бағыт. Ж. Сей мен А. Маршалдың көзқарастарымен байланысты. Олардың ойынша өндірістік факторлардың бірі рационалдық комбинацияны жүзеге асыру және қалыпты кәсіпкерлік табыс табу.
3 - бағыт. Кәсіпкерлік теориясын құрудағы негізгісі мен перспективалық бағыт. Бұл бағыттың негізін салушы Шумпеттер. Егер шаруашылық субъектілері жаңа комбинацияны жүзеге асырмаса, ол кәсіпкер болып саналмайды. Кәсіпкерлік функцияларын мынадай адам ғана жүзеге асыра алады. Егер ол сезімтал, иновациялық өзгерістерге икемді адам болса, жаңалықты таба білетін, оның нәтижесін тиімді қолдана білетін тұлға.
4 - бағыт. Бұл бағыттың негізін салған адамдар П. Дюркер, В. Санто олар кәсіпкерлікті менеджментпен тығыз байланыстырады. Кәсіпкерлік пен менеджмент бірін-бірі толықтырып тұрады және құрамдас бөлігі болып табылады. Менеджмент көбінесе кәсіпорынның қызмет көрсету саласына көп көңіл бөледі және кәсіпкерліктің басқару стилін нығайтады
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне сәйкес кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық формалары мынадай түрлері бар:
Шаруашылық серiктестiк;
Акционерлiк қоғам;
Өндiрiстiк кооператив;
Шаруа қожалықтары;
Жеке (дара) кәсіпкерлік.
Жоғарыда аталған ұйымдық-құқықтық нысандардың барлығы біздің нарықтық экономикадағы ҚР үшін инновациялық шаруашылық нысандары болып табылады. Өйткені жоспарлы экономикада меншіктің барлығы мемлекет қарамағында болды. Ал нарықтық экономикаға көшу барысында кәсіпорындарды жекешелендіру операцияларының арқасында кәсіпорындардың жаңа ұйымдық-құқықтық нысандары қалыптаса бастады.
Төменде Қазақстан Республикасының ішінде тіркеуден өткен кәсіпорындар көрсетілген

Барлығы
соның ішінде меншік нысандары және түрлері бойынша

мемлекеттік
жеке барлығы
оның ішінен
шетелдік

мемлекеттің қаты-суымен (шетелдің қатысуынсыз)
бірлескен кәсіп-орындар (шетелдің қатысуымен)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
386 336
27 032
339 013
917
10 587
20 291
Шағын
377 311
22 655
334 791
697
10 284
19 865
Орта
6 551
3 358
2 940
117
176
253
Ірі
2 474
1 019
1 282
103
127
173

1. КӘСІПОРЫННЫҢ ҰЙЫМДЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ НЫСАНЫ
1.1Кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысандарының түрлері
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне сәйкес кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық формалары мынадай түрлері бар:
Шаруашылық серiктестiк;
Акционерлiк қоғам;
Өндiрiстiк кооператив;
Шаруа қожалықтары;
Жеке (дара) кәсіпкерлік.
1.1.1 Шаруашылық серiктестiк
Жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) үлесiне (салымдарына) бөлiнген коммерциялық ұйым шаруашылық серiктестiк деп танылады. Құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдары есебiнен құрылған, сондай-ақ шаруашылық серiктестiк өз қызметi үрдiсiнде өндiрген және алған мүлiк меншiк құқығы бойынша серiктестiкке тиесiлi болады.
Шаруашылық серiктестiктер толық серiктестiк, сенiм серiктестiгi, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк, қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiк нысандарында құрылуы мүмкiн. Толық және сенiм серiктестiгiнен басқа, шаруашылық cepіктестікті бiр тұлға құра алады, ол оның жалғыз қатысушысы болады.
Құрылтай шарты мен жарғы шаруашылық серiктестiктiң құрылтай құжаттары болып табылады.
Жарғы бiр адам (бiр қатысушы) құрған шаруашылық серiктестiктiң құрылтай құжаты болып табылады. Шаруашылық серiктестiктiң құрылтай құжаттарын (жарғы және құрылтай шартын) нотариат куәландыруға тиiс. Шаруашылық серiктестiктiң құрылтай құжаттарында әрбiр қатысушының үлес мөлшерi туралы; серiктестiктiң жарғылық капиталына олар салатын салымның мөлшерi, құрамы, мерзiмi және тәртiбi туралы; серiктестiктiң жарғылық капиталына салым салу жөнiндегi мiндеттердi бұзғаны үшiн қатысушылардың жауапкершiлiгi туралы ережелер, сондай-ақ заң құжаттарында көзделген өзге де мәлiметтер болуға тиiс. Шаруашылық серiктестiк басқа шаруашылық серiктестiктердiң құрылтайшысы болуы мүмкiн.
Шаруашылық серiктестiк бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар нарығының кәсiби қатысушысымен шаруашылық серiктестiгiне қатысушылар тiзiлiмiн жүргiзу шартын жасасуға құқылы.
Құрылтай шартының қолданылуы шаруашылық серiктестiгiне қатысушылар тiзiлiмi қалыптастырылған күннен бастап тоқтатылады. Шаруашылық серiктестiгiне қатысушылар тiзiлiмiнен үзiнді-көшiрме қатысушылар тiзiлiмiн жүргiзудi бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар нарығының кәсiби қатысушысы жүзеге асыратын шаруашылық серiктестiгiнiң жарғылық капиталындағы үлеске құқықты растайтын құжат болып табылады.
Акционерлiк қоғам қатысушылар тiзiлiмiн жүргiзудi бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар нарығының кәсiби қатысушысы жүзеге асыратын шаруашылық серiктестiгi болып қайта құрылған жағдайда құрылтай шарты жасалмайды.
Қатысушылар тiзiлiмiн жүргiзудi бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар нарығының кәсiби қатысушысы жүзеге асыратын шаруашылық серiктестiгiнiң жарғылық капиталына қатысу үлесiне құқықтар шаруашылық серiктестiгiне қатысушылар тiзiлiмiнде осы құқықтардың тiркелген кезiнен бастап туындайды.
Шаруашылық серiктестiгiне қатысушылар тiзiлiмiн қалыптастыру, жүргiзу және сақтау тәртiбi Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленедi.
Ақша, бағалы қағаздар, заттар, мүлiктiк құқық, санаткерлiк қызмет нәтижесi құқығын қоса алғанда және өзге де мүлiк (Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылатын, жарғылық капиталы тек қана ақшамен қалыптастырылатын арнайы қаржы компанияларын қоспағанда) шаруашылық серiктестiктiң жарғылық капиталына салынатын салым бола алады.
Құрылтайшылардың (қатысушылардың) жарғылық капиталға заттай нысанда немесе мүлiктiк құқықтар түрiнде салған салымдары барлық құрылтайшылардың келiсiмi бойынша немесе серiктестiктiң барлық қатысушыларының жалпы жиналысының шешiмi бойынша ақшалай нысанда бағаланады. Егер мұндай салымның құны жиырма мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiне барабар сомадан асып кетсе, оның бағасын тәуелсiз сарапшы растауға тиiс.
Шаруашылық серiктестiгiн қайта тiркеген кезде оған қатысушының салымын ақшалай бағалау серiктестiктiң бухгалтерлiк құжаттарымен не аудиторлық есеппен расталуы мүмкiн.
Серiктестiктiң құрылтайшылары (қатысушылары) осындай баға берiлген кезден бастап бес жыл бойы серiктестiктiң несие берушiлерi алдында салым бағасы арттырылған сома шегiнде бiрлесiп жауап бередi.
Серiктестiкке салым ретiнде мүлiктi пайдалану құқығы берiлетiн жағдайларда бұл салымның мөлшерi құрылтай құжаттарында көрсетiлген барлық мерзiмге есептелген осы мүлiктi пайдалану төлемiмен анықталады.
Салымдарды мүлiктiк емес жеке құқық және өзге де материалдық емес игiлiк түрiнде, сондай-ақ қатысушылардың серiктестiкке қойған талаптарын есептеу жолымен енгiзуге жол берiлмейдi.
Егер құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, жарғылық капиталдағы барлық қатысушылардың үлестерi және тиiсiнше олардың шаруашылық серiктестiгi мүлкiнiң құнындағы үлестерi (мүлiктегi үлес) жарғылық капиталдағы салымдарына барабар болады.
Шаруашылық серiктестiкке қатысушы серiктестiк мүлкiндегi өз үлесiн, егер заң құжаттарында немесе құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, салып қоюға және сатуға құқылы.
Жарғылық капиталға салым салудың тәртiбi мен мерзiмi, сондай-ақ жарғылық капиталды құру жөнiндегi мiндеттердi орындамағаны үшiн жауапкершiлiк заң құжаттарында және құрылтай құжаттарында белгiленедi.
Шаруашылық серiктестiгiнiң жарғылық капиталын азайтуға оның барлық несие берушiлерiне хабарланғаннан кейiн жол берiледi. Олар бұл жағдайда серiктестiктiң мерзiмiнен бұрын тоқтатылуын немесе тиiстi мiндеттемелерiн орындауын және оның зиянды өтеуiн талап етуге құқылы.
Осы тармақта белгiленген тәртiптi бұза отырып жарғылық капиталды азайту мүдделi адамдардың арызы бойынша сот шешiмiмен серiктестiктi таратуға негiз болып табылады.
Шаруашылық серiктестiктiң жоғары органы оның қатысушыларының жалпы жиналысы болып табылады.
Толық серiктестiктен және сенiм серiктестiгiнен басқа, бiр тұлға құрған шаруашылық серiктестiктерде жалпы жиналыстың өкiлеттiгi оның бiрден бiр қатысушысына тиесiлi болады.
Шаруашылық серiктестiкте оның қызметiне күнделiктi басшылық жасайтын және оның қатысушыларының жалпы жиналысына есеп берiп отыратын атқарушы орган (алқалық және (немесе) жеке-дара құрылады). Жеке-дара басқару органы оның қатысушылары арасынан сайланбауы мүмкiн.
Серiктестiктiң алқалы органдары ретiнде:
басқарма (дирекция);
байқаушы кеңес;
заң актiлерiнде немесе шаруашылық серiктестiгi қатысушыларының жалпы жиналысының шешiмiнде көзделген жағдайларда басқа да органдар құрылуы мүмкiн.
Шаруашылық серiктестiктiң органдарының құзыретi, оларды сайлау (тағайындау) тәртiбi, сондай-ақ олардың шешiмдер қабылдау тәртiбi Азаматтық Кодекске, заң құжаттарына және құрылтай құжаттарына сәйкес белгiленедi. Шаруашылық серiктестiгi қаржы есептерiнiң дұрыстығын тексеру және растату үшiн серiктестiкпен немесе оның қатысушыларымен мүлiктiк мүдделер жөнiнен байланысы жоқ аудиторлық ұйымды тарта алады (сыртқы аудит). Шаруашылық серiктестiгiн аудиторлық тексеру серiктестiк бiр немесе бiрнеше қатысушысының талап етуi бойынша солардың есебiнен кез келген уақытта жүргiзiлуге тиiс. Шаруашылық серiктестiгiнiң қызметiне аудиторлық тексерудi жүргiзу тәртiбi заңдармен және серiктестiктiң құрылтай құжаттарымен белгiленедi.
Шаруашылық серiктестiкке қатысушылардың:
құрылтай құжаттарында белгiленген тәртiппен шаруашылық серiктестiктiң iстерiн басқаруға қатысу;
шаруашылық серiктестiктiң қызметi туралы ақпарат алуға және құрылтай құжаттарында белгiленген тәртiппен оның құжаттамаларымен танысуға;
таза табысты бөлiсуге қатысуға құқығы бар. Құрылтай құжаттарының бiр немесе бiрнеше қатысушыны пайданы бөлiсуге қатысудан шеттетудi көздейтiн ережелерi жарамсыз болып табылады;
шаруашылық серiктестiк таратылған жағдайда несие берушiлермен есеп айырысқаннан кейiн қалған серiктестiк мүлкiндегi өздерiнiң үлесiне сәйкес мүлiктiң бiр бөлiгiн немесе оның құнын алуға құқылы.
Шаруашылық серiктестiкке қатысушылар:
құрылтай құжаттарының талаптарын сақтауға;
салымдарды құрылтай құжаттарында көзделген тәртiп, мөлшер, әдiстер және мерзiмдер бойынша салып отыруға;
шаруашылық серiктестiк коммерциялық құпия деп жариялаған мәлiметтердi жария етпеуге мiндеттi.
Шаруашылық серiктестiктер заң құжаттарында белгiленген реттер мен тәртiп бойынша қатысушылардың жалпы жиналысының шешiмiмен шаруашылық серiктестiктiң бiр түрiнен екiншi түрi не акционерлік қоғамдар немесе өндiрiстiк кооперативтер болып қайта құрылуы мүмкiн.
Толық серiктестiк немесе сенiм серiктестiгi акционерлiк қоғам, жауапкершiлiгi шектеулi немесе қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiк болып қайта құрылған жағдайда акционерлiк қоғамның, жауапкершiлiгi шектеулi немесе қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiктiң қатысушысы болған әрбiр толық серiктес толық серiктестiктен немесе сенiм серiктестiгiнен акционерлiк қоғамға, жауапкершiлiгi шектеулi немесе қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiкке көшкен мiндеттемелер бойынша екi жыл бойы өзiнiң барлық мүлкiмен субсидиялық жауапты болады. Бұрынғы толық серiктестiң өзiне тиесiлi акцияларды (үлестердi) иелiктен шығаруы оны мұндай жауапкершiлiктен босатпайды.
Толық серiктестiк
Толық серiктестiктiң мүлкi жеткiлiксiз болған жағдайда қатысушылары серiктестiктiң мiндеттемелерi бойынша өзiне тиесiлi барлық мүлкiмен ортақ жауапкершiлiкте болатын серiктестiк толық серiктестiк деп танылады. Азамат бiр ғана толық серiктестiктiң қатысушысы бола алады. Толық серiктестiктiң жарғылық капиталының мөлшерiн оның құрылтайшылары белгiлейдi, бiрақ ол заң құжаттарында белгiленген ең төменгi мөлшерден кем болмауы керек. Толық серiктестiктiң ең жоғары органы қатысушылардың жалпы жиналысы болып табылады. Толық серiктестiктiң iшкi мәселелерi жөнiндегі шешiм барлық қатысушылардың жалпы келiсiмi бойынша қабылданады. Серiктестiктiң құрылтай шартында қатысушылардың көпшiлiк даусымен шешiм қабылданатын реттер көзделуi мүмкiн. Егер құрылтай шартында оның қатысушыларының дауыс санын анықтаудың өзгеше тәртiбi көзделмесе, толық серiктестiктiң әрбiр қатысушысының бiр даусы болады. Құрылтай шартында қатысушылар алатын дауыс санын олардың жарғылық капиталдағы үлесiне сай белгiленетiндiгi көзделуi мүмкiн. Толық серiктестiктi басқаруды толық серiктестiктiң атқару органдары жүзеге асырады. Басқару органдарының түрлерi, құрылу тәртiбi және олардың құзыретi құрылтай құжаттарында белгiленедi. Толық серiктестiкке қатысушының қалған қатысушылардың келiсiмiнсiз өз атынан және өз мүдделерi немесе үшiншi жақтардың мүдделерi үшiн серiктестiк қызметi мәнiмен бiртектес мәмiлелер жасасуға құқығы жоқ. Бұл ереже бұзылған жағдайда серiктестiк өз қалауы бойынша мұндай қатысушылардан не серiктестiкке келтiрiлген залалдың орнын толтыруын, не осындай мәмiлелерден тапқан бүкiл пайданы серiктестiкке беруiн талап етуге құқылы. Серiктестiктiң iсiн жүргiзу тапсырылған толық серiктестiктiң органдары барлық қатысушыларға олардың талап етуi бойынша өз қызметi туралы толық ақпарат берiп отыруға мiндеттi. Өкiлеттiгi болмаса да ортақ мүдделер үшiн әрекет жасаған қатысушы, оның әрекеттерiн қалған қатысушылар мақұлдамаған жағдайда, егер өз әрекеттерiнiң арқасында серiктестiк құны жөнiнен серiктестiк шеккен шығындардан асып түсетiн мүлiктi сақтап қалғандығын немесе тиiсiнше сатып алғандығын дәлелдеген жағдайда серiктестiктен өзi жасаған шығындардың орнын толтыруды талап етуге құқылы. Толық серiктестiкке қатысушының өз үлесiн (үлесiнiң бiр бөлiгiн) оның басқа қатысушыларына немесе үшiншi жақтарға қалған барлық қатысушылардың келiсiмiмен ғана беруiне болады. Үлес (үлестiң бiр бөлiгi) үшiншi жаққа берiлген жағдайда сонымен бiрге толық серiктестiктен шыққан қатысушыға тиесiлi құқықтар мен мiндеттердiң бүкiл жиынтығы соған ауысады. Толық серiктестiктiң қатысушысы қайтыс болған ретте қалған барлық қатысушылардың келiсуiмен құқықты мирасқор (мұрагер) серiктестiкке кiре алады. Құқықты мирасқор (мұрагер) қатысушының толық серiктестiк алдындағы борыштары бойынша, сондай-ақ серiктестiктiң үшiншi жақтар алдындағы бүкiл серiктестiк қызметi кезiнде пайда болған борыштары бойынша жауапты болады. Құқықты мирасқор (мұрагер) толық серiктестiкке кiруден бас тартқан немесе құқықты мирасқорды (мұрагердi) қабылдаудан серiктестiк бас тартқан жағдайда оған қатысушы қайтыс болған күнi белгiленген серiктестiк мүлкiндегi үлестiң құқықты мирасқорлық негiзiнде өзiне тиесiлi құны төленедi. Бұл реттерде тиiсiнше құрылтай құжаттарында (жарғысында) көзделген мерзiмде құрылтай шартында (жарғысында) аталған серiктестiк мүлкiнiң мөлшерiне азайтылады, бiрақ ол үш айдан кешiктiрiлмеуге тиiс.
Толық серiктестiктiң қатысушысы оның өзге де қатысушыларына заң құжаттарында немесе құрылтай шартында көзделген мерзiмнен кешiктiрмей ескерте отырып, серiктестiктен кез-келген уақытта шыға алады. Егер қатысушы шығып кеткен уақытта толық серiктестiк сақталып қалса, оның шығып кеткен күнiнде жасалған балансқа сәйкес шығып кететiн қатысушыға серiктестiк мүлкiндегi үлесiнiң салған салымына тең құны төленедi. Қатысушының талабы бойынша және серiктестiктiң келiсуiмен салымды толық немесе iшiнара заттай түрде қайтарылуы мүмкiн. Шығып кеткен қатысушыға оның осы жылы серiктестiкте болған кезеңiнде серiктестiктiң сол жылы алған таза табысының оған тиесiлi бiр бөлiгi де төленедi. Серiктестiкке қатысушының пайдалануға ғана берген мүлкi сыйақы төленбей заттай түрде қайтарылады. Толық серiктестiкке қатысушылар қалатын қатысушылардың бiрауыздан қабылдаған шешiмi бойынша және оған дәлелдi себептер болған жағдайда, атап айтқанда, оның (олардың) өз мiндеттерiн дөрекi бұзуы немесе iс жүргiзу қабiлетсiздiгi байқалған жағдайда қатысушылардың бiреуiн немесе бiрнешеуiн серiктестiктен сот тәртiбiмен шығаруды талап етуге құқылы.
Сенiм (коммандиттiк) серiктестiгi
Серiктестiктiң мiндеттемелерi бойынша өзiнiң бүкiл мүлкiмен (толық серiктерiмен) қосымша жауап беретiн бiр немесе одан да көп қатысушылармен қатар, серiктестiктiң (салымшылардың) мүлкiне өздерi салған салымдардың жиынтығымен шектелетiн бiр немесе одан көп қатысушыларды да енгiзетiн және серiктестiктiң кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға қатыспайтын серiктестiк сенiм серiктестiгi деп танылады. Сенiм серiктестiгiне қатысатын толық серiктердiң құқықтық ережесi және олардың серiктестiк мiндеттемелерi бойынша жауапкершiлiгi толық серiктестiктiң қатысушылары туралы ережемен белгiленедi. Азамат тек бiр ғана сенiм серiктестiгiнiң толық серiктесi бола алады. Сенiм серiктестiгiнiң салымшысы алғашқы салымын және қосымша жарналарын (салымдарын) құрылтай құжаттарында көзделген мөлшерде, әдiс пен тәртiп бойынша салуға мiндеттi.
Сенiм серiктестiгi салымшысының:
серiктестiк таза табысының жарғылық капиталдағы өзiне тиесiлi үлесiн құрылтай құжаттарында көзделген тәртiп бойынша алуға;
серiктестiктiң қаржылық есеппен танысуға, сондай-ақ оның дұрыс жасалуын тексеру мүмкiндiгiн қамтамасыз етудi талап етуге;
жарғылық капиталдағы өз үлесiн немесе оның бiр бөлiгiн заң құжаттарында және серiктестiктiң құрылтай құжаттарында көзделген тәртiп бойынша басқа салымшыға немесе үшiншi жаққа беруге құқығы бар. Салымшының өз үлесiн басқа бiреуге түгелдей беруi оның серiктестiкке қатысуын тоқтатады;
заң актiлерiнде және құрылтай құжаттарында көзделген тәртiппен серiктестiктен шығуға құқылы.
Сенiм серiктестiгiнің құрылтай құжаттарында салымшының өзге де құқықтары көзделуі мүмкін.
Сенiм серiктестiгiнің салымшылары үшін осы Кодексте және басқа заң құжаттарында көзделген құқықтардан бас тарту немесе оларды шектеу, соның ішінде салымшылар мен толық серіктердің келісуі бойынша шектеу жарамсыз болады. Егер салымшы сенiм серiктестiгiнiң мүдделерiн көздеп тиiстi өкiлеттiксiз мәмiле жасаса, оның әрекеттерiн серiктестiк мақұлдаған жағдайда мәмiле бойынша ол несие берушiлердiң алдында толық көлемiнде жауап бередi. Егер ол мақұлданбаса, салымшы үшiншi жақтың алдында заңдар бойынша өзiнiң ақы өндiрiп алынатын бүкiл мүлкiмен жеке жауап бередi.
Сенiм серiктестiгiнiң жарғылық капиталы оның қатысушылары салатын салымнан құралады. Шаруашылық үрдiсiнде жарғылық қор өзгертiлуi мүмкiн. Салымшылардың салымдарын есептемегенде, жарғылық капитал толық серiктестердiң сенiм серiктестiгi мүлкiндегi үлесiн белгiлейдi. Жарғылық капиталдың мөлшерiн сенiм серiктестiгiнiң толық серiктестерi белгiлейдi және ол заң құжаттарында белгiленген ең төменгi мөлшерден кем болмауы керек. Сенiм серiктестiгiнiң жарғылық капиталын азайтуға оның барлық несие берушiлерiне хабарланғаннан кейiн жол берiледi. Несие берушiлер бұл ретте тиiстi мiндеттемелердiң мерзiмiнен бұрын тоқтатылуын немесе орындалуын және өздерi шеккен залалдың орны толтырылуын талап етуге құқылы.
Сенiм серiктестiгiнiң iсiн басқаруды толық серiктестер жүзеге асырады. Сенiм серiктестiгiнiң iсiн оның толық серiктестерiнiң басқару және жүргiзу тәртiбiн олар толық серiктестiк туралы ережелер бойынша белгiлейдi. Салымшылардың сенiм серiктестiгi iсiн басқаруға қатысуға, сондай-ақ сенiмхат бойынша болмаса, оның атынан әрекет жасауға құқығы жоқ. Сенiм серiктестiгi салымшыларының серiктестiк iсiн басқару жөнiнде толық серiктестердiң әрекеттерiне дау жасауға құқығы жоқ.
Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк
Бiр немесе бiрнеше адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгiленген мөлшерде үлеске бөлiнген серiктестiк жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк деп танылады; жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiкке қатысушылар оның мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi және серiктестiктiң қызметiне байланысты залалдарға өздерiнiң қосқан салымдарының құны шегiнде тәуекел етедi.
Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң салымдарды толық қоспаған қатысушылары оның мiндеттемелерi бойынша әрбiр қатысушының салым салмаған бөлiгiнiң құны шегiнде ортақ жауапты болады. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiкке қатысушылардың саны шектелмейдi. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң жалғыз қатысушы ретiнде бiр адамнан тұратын басқа шаруашылық серiктестiгi бола алмайды. Өзiнiң кез-келген қатысушыларының талабы бойынша жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк қызметiне аудиторлық тексеру жүргiзiлуге тиiс. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк оған қатысушылардың қабылдаған шешiмi бойынша өз еркiмен қайта құрылуы немесе таратылуы мүмкiн. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк өзге де шаруашылық серiктестiк акционерлік қоғам немесе өндiрiстiк кооператив болып қайта құрылуға құқылы.
Жарғылық капиталдың мөлшерiн жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң құрылтайшылары (қатысушылары) белгiлейдi және ол заң құжаттарында белгiленген ең төменгi мөлшерден кем болмауы керек.
Серiктестiк органдарының құзыретi, сондай-ақ олардың серiктестiк атынан шешiмдер қабылдау немесе әрекет ету тәртiбi Азаматтық Кодекске, заң актiлерiне және серiктестiк жарғысына сәйкес белгiленедi. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк қатысушыларының жалпы жиналысының айрықша құзыретiне мыналар жатады:
серiктестiктiң жарғысын өзгерту, соның iшiнде оның жарғылық капиталы мөлшерiн өзгерту;
атқарушы органның мүшелерiн (мүшесiн) сайлау (тағайындау) және олардың (оның) өкiлеттiктерiн мерзiмiнен бұрын тоқтату, сондай-ақ серiктестiктi немесе оның мүлкiн сенiмгерлiк басқаруға беру туралы шешiм қабылдау және осындай беру шарттарын айқындау;
серiктестiктiң қаржылық есебiн бекiту және оның таза табысын бөлу;
серiктестiктi қайта құру немесе тарату туралы шешiм шығару;
серiктестiктiң байқау кеңесiн және (немесе) тексеру комиссиясын (тексерушiсiн) сайлау және өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтату, сондай-ақ серiктестiк тексеру комиссиясының (тексерушiсiнiң) есептерi мен қорытындыларын бекiту;
iшкi ережелердi, оларды қабылдау рәсiмдерiн және серiктестiктiң iшкi қызметiн реттейтiн басқа да құжаттарды Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда бекiту;
серiктестiктiң өзге де шаруашылық серiктестiктерге, сондай-ақ коммерциялық емес бiрлестiктерге қатысуы туралы шешiм шығару;
тарату комиссиясын тағайындау және тарату баланстарын бекiту;
жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк қатысушысынан үлестi мәжбүрлеп сатып алу туралы шешiм шығару.
Серiктестiк қатысушыларының жалпы жиналысының айрықша құзыретiне жатқызылған мәселелердi ол серiктестiктiң атқарушы органының шешуiне бере алмайды.
Қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiк
Қатысушылары серiктестiк мiндеттемелерi бойынша өздерiнiң жарғылық капиталға салымдарымен жауап беретiн, ал бұл сомалар жеткiлiксiз болған жағдайда өздерiне тиесiлi мүлiкпен оған өздерi еселенген мөлшерде енгiзген салымдар арқылы жауап беретiн серiктестiк қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiк деп танылады. Қатысушылар жауапкершiлiгiнiң шектi мөлшерi жарғыда көзделедi. Қатысушылардың бiрi банкрот болған жағдайда оның серiктестiк мiндеттемелерi жөнiндегi жауапкершiлiгi, егер құрылтай құжаттарында жауапкершiлiктi бөлудiң өзгеше тәртiбi көзделмесе, қалған қатысушылар арасында олардың салымдарына қарай бөлiнедi.
1.1.2 Акционерлiк қоғам
Өзiнiң қызметiн жүзеге асыру үшiн қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлға акционерлiк қоғам болып танылады. Акционерлiк қоғамның акционерлерi осы заң актiлерiнде көзделгеннен басқа жағдайларда оның мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi және өзiне тиесiлi акциялар құнының шегiнде қоғамның қызметiне байланысты шығындар тәуекелiн көтередi. Акционерлiк қоғамның өз қатысушыларының мүлкiнен оқшауланған мүлкi болады, өз мiндеттемелерi бойынша өз мүлкi шегiнде жауапты болады және өз қатысушыларының мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.
Корпоративтiк жинақтаушы зейнетақы қорларының акционерлерi аталған қорлардың мiндеттемелерi бойынша зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарда белгiленген тәртiп пен жағдайларда ортақтасып жауап бередi. Қоғамның барлық акцияларын бiр акционер сатып алған жағдайда акционерлiк қоғам бiр адамнан құрылуы немесе бiр адамнан тұруы мүмкiн, егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе. Мемлекеттiк кәсiпорындарды жекешелендiру жолымен құрылған немесе акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың құқықтық жағдайының ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының заң актілерімен айқындалады. Заңдарда көзделген жағдайларда, акционерлiк қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында коммерциялық емес ұйымдар құрылуы мүмкiн.
Құрылтай шарты (жалғыз құрылтайшының шешiмi) мен жарғы акционерлiк қоғамның құрылтай құжаттары болып табылады.
Акционерлiк қоғамның құрылтай құжаттарында Азаматтық Кодекспен және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiмен айқындалған мәлiметтер болуға тиiс. Акционерлiк қоғамның құрылтай құжаттары нотариаттық куәландырылуға жатады. Құрылтай шартының күшi (жалғыз құрылтайшының шешiмi) жарияланған акциялар шығарылымы мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап тоқтатылады. Акционерлiк қоғамның жарғысын бекiту тәртiбi Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен белгiленедi.
Акционерлiк қоғамның жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерi және оны қалыптастыру тәртiбi, сондай-ақ оны ұлғайту тәртiбi Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен айқындалады.
Акционерлiк қоғамның жоғары органы оның акционерлерiнiң жалпы жиналысы болып табылады. Акционерлердiң жалпы жиналысының айрықша құзыретi заң актiлерiмен белгiленедi. Акционерлердiң жалпы жиналысының айрықша құзыретiне жатқызылған мәселелердi шешудi акционерлiк қоғамның өзге органдарына беруге болмайды. Акционерлiк қоғамда директорлар кеңесi құрылады, Азаматтық Кодексте, заң актiлерiнде және акционерлiк қоғамның жарғысында акционерлердiң жалпы жиналысының айрықша құзыретiне жатқызылған мәселелердi шешудi қоспағанда, ол қоғамның қызметiне жалпы басшылықты жүзеге асырады. Заң актiлерiнде және акционерлiк қоғамның жарғысында директорлар кеңесiнiң айрықша құзыретiне жатқызылған мәселелердi акционерлiк қоғамның атқарушы органының шешуiне беруге болмайды.
Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен белгiленген жағдайларда, бiр акционерi бар акционерлiк қоғамда қоғамның жарғысымен директорлар кеңесiн құрмай-ақ акционерлiк қоғамды басқару мүмкiндiгi көзделуi мүмкiн. Акционерлiк қоғамның атқарушы органы алқалық (басқарма) немесе жеке дара (директор, бас директор, президент) болуы мүмкiн. Ол акционерлiк қоғам қызметiне күнделiктi басшылықты жүзеге асырады және директорлар кеңесi мен акционерлердiң жалпы жиналысына есеп бередi.
Қоғам басқа да органдарының заңдармен немесе құрылтай құжаттарымен белгiленген ерекше құзыретiне кiрмейтiн барлық мәселелердi шешу акционерлiк қоғамның атқарушы органының құзыретiне жатады. Акционерлердiң жалпы жиналысының акционерлiк қоғамның жылдық қаржы есебiн тексеру комиссиясының (тексерушiнiң) қорытындысынсыз бекiтуге құқығы жоқ. Акционерлiк қоғам шаруашылық серiктестiгi немесе өндiрiстiк кооператив болып қайта құрылуға құқылы.
Еншiлес ұйым
Жарғылық капиталының басым бөлiгiн басқа заңды тұлға қалыптастырған не олардың арасында жасалған шартқа сәйкес (не өзгедей түрде) негiзгi ұйым осы ұйымның қабылдайтын шешiмдерiн айқындай алатын заңды тұлға еншiлес ұйым болып табылады. Еншiлес ұйым өзiнiң негiзгi ұйымының борыштары бойынша жауап бермейдi. Еншiлес ұйыммен жасасқан шарт бойынша (не өзгедей түрде) оған мiндеттi нұсқаулар беруге құқылы негiзгi ұйым онымен осындай нұсқауларды орындау үшiн жасалған мәмiлелер бойынша еншiлес ұйыммен бiрге субсидиарлық жауапты болады.
Негiзгi ұйымның кiнәсiнен еншiлес ұйым банкрот болған жағдайда негiзгi ұйым оның борыштары бойынша субсидиарлық жауапты болады. Егер заң актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, еншiлес ұйымның қатысушылары негiзгi ұйымнан оның кiнәсiнен еншiлес ұйымға келтiрiлген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысандары
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің сыныптамасы
Кәсіпорынның басқару құрылымдары
Шаруашылық жүрпзуші субъектілердің қаржысы
КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ҰЙЫМДЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ НЫСАНДАРЫ
Қазақстан Республикасында кәсіпорын қызметінің заңнамалық негізгі
ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУШІ СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ ҚАРЖЫСЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІКТЕР
Кәсіпорындағы қаржылық шаруашылық жұмысының негіздері
Коммерциялық кәсіпорындардың қаржысы
Кәсіпкерлік қызметті белгісіне, нысаны мен түріне қарай классификациялау
Пәндер