Қыпшақ мемлекеті жайлы


Қыпшақ мемлекеті
Алғашында Қыпшақ мемлекеті қимақ жерлерін ғана қамгыған болса, XI ғасырдың соңында оның құрамына орыс жерлерінің оңтүстік далалы аудандарында (Дон өзеніне дейін) кірген. Орталығы Сырдария бойындағы Сығанақ қаласы болған.
Қыпшақ сөзі туралы алғашқы мәліметтер б. з. б. ІІІ-ІІ ғасырларда Қытай жазба деректерінде кездеседі. Қышпақтар Қазақстан аумағьшда алғашқы пайда болған кезі VII ғасыр. VII ғасырда Алтай жеріндегі теле тайпаларының батысқа (Қазақстанға) жылжығандығын, олардың ішінде "хэ-си-сик" (қыпшақ) тайпаларының болғандығын Қытай тюркологы Цянь Чжунь Мянь жазған.
X ғасырдан бастап шығысы Селенгі өзенінен, батысы Карпат тауына дейінгі аралықта өмір сүрген қыпшак тайпалары әр түрлі аталып жүрді. Мұсылман авторлары оларды қьшшақтар деп, олар мекен еткен аймақты "Дешті Қыпшақ" (Қыпшақ даласы) деп атаған. Ал Батыс Европа деректерінде командар, орыс жылнамаларында половцылар деп аталған. Қыпшақ деген атау панда болғанға дейін, олар әртүрлі деректерде книга, сары, хардиш, палоч, плавцы, құны т. б. деп те аталған.
XI ғасырдың екінші жартысынан бастап қьшшақтардың этникалық құрамына қимақтар, байаядулар, баяуттар, қаңлылар, ұран тайпалары кірген. Әбу-л-Ғазиз Ыстықкөл мен Талас жағалауына қоныстаған қаңлыларды да кіргізеді.
Қыпшақ мемлекетінің саяси жағынан күшейіп тарих сахнасына көтерілген кезі -XI ғасыр. Бұл кезде олар Орта Азия елдерімен, Русьпен, Каба бойындағы бұлғарлармен, Кавказ халықтарымен т. б. мемлекеттермен саяси және экономикалық байланыстар жасап отырған. Қыпшақтардың саяси беделінің тез өрлеуіне Сырдария жвне Арал бойында оғыз қағандарын талқандап, ол жерлерге ие болып алғаны үлкен әсер етті. Сонымен қатар олар Оңтүстік орыс далаларын, Кавказ, Қырым жерлеріне иелік етіп, территориясын Донға дейін ұлғайтты.
Шаруашылыгы : Қыпшақтардың шаруашылығында басты орын-мал өсіру болды. Ибн Баттутаның жазуына қарағанда, "қыпшақтардың жер жағдайының малға қолайлы және олардың жеріндегі мал жейтін шөптің жұғымдылығының соншалықты пайдалы екендігін айта келіп, олар сондықтан да малдарына арпа сияқты жем бермейді, малдың көптігін айтып, мұндай жер ешбір елде жоқ шығар", - деп таңданады. Барлық жерде бірдей болмаса да, қышпақтар ірі қара да өсірген. Оны Ибн Баттутаның "қышпақтар арбалардың ауыр, жеңілдігіне қарай егіз бен түйе де жегеді", -деген хабары аңғартады.
Қышпақтардың өмірінде аса маңызды орын алған жылқы болды. Ол жазба деректерде хабарланса, археологиялық зерттеулерде де қымбат бағалы заттар бірге қойылған обалардан міндетті түрде тамаша жасалған ат - әбзелдер, аты бірге қойылған зираттар кездеседі. Қыпшақ жылқылары төзімділігі, жүріскерлігі, жорғалығының арқасында халықаралық сауда қатынасында ерекше бағаланған.
Мал шаруашылығын айтқанда, қыпшақтардың қалай болса солай, ретсіз көшіп жүрмей, өздерінің жаз жайлау, қыс қыстауларына, ертеден қалыптасқан тұрақты өз жерлерінде көшіп жүргендерін ескерген жөн. Деректер осы күнге дейін кейбір тарихшыларымыздың Қазақстанда мал өсірумен айналысқан тайпаларды "олар қысы-жазы тынымсыз қалай болса солай, шөбі шүйгін, суы мол жер іздеп көшіп жерді"-деген пікірлерінің дұрыс еместігін көрсетеді.
Қыпшақтарда үй-жай арба үстіне тігілетін жәңе тез арада құрастырылатын киіз үйлер болған, қыстауларда жеркепелерде тұрған. ХІІ ғасырдың екішпі жартысынан бастап кышпақтардың кейбір бөліктері Сығанақ, Сауран, Жент, Құмкент сияқты қалаларда және олардың аумағына, Сырдарияның бойында отырақшылана бастанды. Малсыз кедейлер егіншілікпен айналыса бастаған. Әсіресе, тарыны көп есірген. Қьшшақтарда үй кәсібі, қолөнер жақсы дамыған. Малдан алынған заттардан қажетті бұйымдарды өздері жасаған. Қышпақтарда ағаш шеберлері, темір ұсталары болған, зергерлік өнері де жақсы дамыған.
ҚЫПШАҚ ТІЛІ ТАРМАҒЫ - орта ғасырда көне түркі тілдері негізінде қалыптасқан тілдер. Қ. т. т. өлі және тірі тілдер тобына бөлінеді. 1) Көне қыпшақ ескерткіштерінің тілі (қ. Қыпшақ жазба ескерткіштері) . Көне қыпшақ тілі Қимақтар мемлекеті тұсында туындап (9 - 11 ғасырлар), қазіргі тілдердің негізі болған. Моңғолдар үстемдігі тұсында ол тілде сөйлейтін ру, тайпалар ыдырады, Алтын Орда кезінде (13 - 15 ғасырлар) ресми тіл ретійде қолданылып, кейін тұтастығынан тағы да айрылды. Сөйтіп, қазіргі Қ. т. т. пайда болды. Қыпшақ тілі Осман түріктері тілінің диалектілеріне арналған. 2) Тірі Қыпшақ тілдерін үш топқа бөледі (Н. А. Баскаков) : а) Қыпшақ-половецтер тармағы (қарайым, құмық, қарашай-балқар және қырым татарларының тілі) ; ә) бұлғар қыпшақтары тілі (татар, башқұрт) ; б) ноғай қыпшақтары тілі (ноғай, қарақалпақ, қазақ) . Қ т. т-н ғалымдар Батыс (кейде солтүстік-батыс) түркі тілдеріне жатқызады. Қ. т. т-н геогр. орналасу тәртібіне қарай: 1) Каспий тобына жататындар (құман, яғни қарайым, қарашай-балқар, құмық, қырым татарларының тілі) ; 2) Орал тобына жататындар (башқұрт, Қазан татарларының тілі) ; 3) Арал Каспий тобына жататындар (қазақ, қарақалпақ, ноғай, қырғыз) деп бөледі. Қ. т. т-ның басқа түркі тілдерінен айырмашылығы: а) дауыстылар саны 8 - 9 болады, ы, і, у, ү ерекше дыбыстары қолданылады; ә) ерін үндестігі сирек кездеседі (құлұн - құлын) ; б) созылыңқы дауыстылары жоқ; в) ғ, г дыбыстары мүлдем айтылмайды не у, й дыбыстарымен алмасады. (тағ>тау) ; г) сөз басында ұяң б, қатаң т, к, қ дыбыстары болады (болат, тіл - полат, діл) ; д) б дыбысының орнына м қолданылады (бен - мен) ; е) сөз басында й ~ ж ~ ж (дж) дыбыстары тұрақсыз келеді (йол - жол (джол) ; ж) кейбір катаң дыбыстар ұяң айтылады: п>б, қ>ғ, к>г дауыстылар арасында спирант дыбыстарға айналады: п>у; б>у; қ>ғ; к>г.
Әдеб. : Корш Ф. Е., Классификация турецких племен по языкам, Этнографическое обозрение, кн. 84 - 85, М., 1910; Самойлович А. Н., Некоторые дополнения к классификации турецких языков, П., 1922; Айдаров Ғ., Құрышжанов Ә., Томанов М, Көне түркі жазба ескерткішерінің тілі, А., 1971; Қайдаров Ә., Оразов М, Түркітануға кіріспе, А., 1992; Баскаков Н. А., Введение и изучение тюркских языков, М., 1996; Языки мира, Тюркские языки, Бишкек, 1997. Ә. Құрышжанұлы
ҚЫПШАҚХАН, Хожам кули - бек Балхи (17 ғасырдың 2-жартысы, Балх - ө. ж. б. ) - ортағасырлық тарихшы. Әкесі Иманкұл Аштархан әулетінен шыққан Сұбханқұли хан сарайында (1630 - 1732) қүшбегі деген жоғары қызмет орнына ие болды. Қ-ның өзі де хан сарайында әскери қызмет атқарған. 17 ғ-дың аяғында әкесімен бірге Меккеге кажылықка барып, одан Үндістанға өтеді. Ол Пенджаб билеушісі Әбу ас-Самау ханның қол астында қызмет істеп, оның тапсырмасымен 1722 ж. өзінің белгілі тарихи шығармасы - "Тарих-и Қыпшақ ханиды" жазды. 1724 - 25 ж. шығармасын қайта қарап шығып, жаңа деректер қосып өңдеген. Парсы тілінде жазылған шығарма 5 бөлімнен тұрады. Соңғы екі бөлімі Шайбани және Аштархан әулеттеріне арналған. Онда Қазақстанның 15 - 17 ғасырлардағы тарихына байланысты деректер бар.
Әдеб. : Материалы по истории казахских ханств XV - ХҮІ вв. .
А-А., 1969; Абусеитова М. Х., Баранова Ю. Г., Письменные источники по истории и культуре Казахстана и Центральной Азии в XIII - XVIII вв., А., 2001.
Н. Атығай
ҚЫПШАҚ ХАНДЫҒЫ -шамамен 11 - 13 ғасырларда қазіргі казақ жерінде өмір сүрген мемлекеттік бірлестік. 11 ғасырдың бас кезінде Қимақ (кимек) қағаңдығы ыдырағаннан кейін әскери-саяси билік қыпшақ ақсүйектерінің қолына көшті. Олар 11 ғасырдың 2-ширегінен бастап оңт. және бат. бағыттарда белсенді әрекетке көшті. Алдымен, Сырдарияның орта және төм. ағысын, Арал мен Каспий өңірлерін жайлаған оғыз тайпаларын ығыстырды. "Оғыздар даласының" (Мафадат әлғұз) орнына Дешті Қыпшақ атауы орнықты. 11 ғасырдың ортасынан бастап қыпшақтар Еділден өтіп, батысқа қарай жылжиды. Алдымен, Солт. Кавказ халықтары мен ежелгі орыс князьдіктері қыпшақтармен байланысқа түсті. Кейіннен олар Византия империясы (1064), Болгария жеріне (1065) әлсін-әлсін шабуыл жасап, 1071 - 80 ж. алғашқы тобы (құмандар) Дунай өзеніне келіп жетті. Кейбір рулары басқа түркі тайпаларымен бірлесе отырып, Кіші Азияға да (11 ғ. ) тарай бастады. 1064 ж. армяндардың Баграт әулеті салжұқтардан ығысып, Қырымға көшіп келді де, қыпшақтармен қоян-қолтық араласты. Саяси жағынан кіріптар болғандықтан, армяндар қыпшақ тілін үйреніп, сол тілде жазатын болған. Құмандар 12 ғасырдың бас кезіңде Соломон патшаның тұсында Карпат тауы арқылы Польша жеріне өтті, кейбір топтары Византия жеріне келіп орналасты. Сонымен 11 - 12 ғасырларда Алтай мен Ертістен бастап Карпат пен Дунайға дейін созылған аса үлкен еуразиялық Ұлы даланы мекендеген халықтардың бәрі қыпшақтар аталды. Олар екіге бөлініп, Еділ өзенінің шығыс жағында Шығ. Дешті Қыпшақ, ал батысында Бат. Дешті Қыпшақ тайпалар одағы құрылды. 12 ғасырдың ортасынан Сырдария бойындағы қалалар үшін Қ. х мен Хорезм мемл. арасында соғыс басталды. Осы кезден Қ. х. әлсірей бастады. Өйткені қыпшақ ақсүйектерінің бір бөлігі Хорезм шаһына қызмет ете бастады әрі ішкі тақ тартысы күшейді. Хорезм қыпшақтардан Сырдарияның төм. ағысын және Маңғыстауды тартып алды. 13 ғасырдың басында хорезмдіктер Сыр бойына толық иелік етіп, Торғай, Ырғыз, Есіл.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz