Психикалық процесс, таным процестері, түйсік, ойлау, қабылдау, сөйлеу, қиял, ес, зейін, интеллект


Тақырыптың негізгі ұғымдары: Психикалық процесс, таным процестері, түйсік, ойлау, қабылдау, сөйлеу, қиял, ес, зейін, интеллект.
Дәрістің мақсаты: Таным процестеріне және интеллект мәселесіне байланысты теориялық білімдерді меңгеру.
Қарастыратын тақырыптар:
- Таным процестері. Түйсік туралы жалпы ұғым.
- Ойлау, қабылдау, ес, зейін, сөйлеу, қиял.
- Интеллект психодиагностиканың пәні ретінде.
1. Таным процестері. Түйсік туралы жалпы ұғым.
Жан қуаттарының күрделі ағымын аңғару үшін алдымен оларды белгілі топтарға жіктеуіміз керек. Мүны жан қуаттарының топтастырылуы деп атайды. Бүл топ-тастыру бойынша психика бір-бірімен тығыз байланысты үш топқа бөлінеді. Олардың бірі психикалық процестер деп аталса, екіншілері психикалық қалып, үшіншілері психикалық қасиеттер деп аталынады. Жан қуаттарының кейбірі (түйсік, қабылдау, елестету, т. б. ) сыртқы дүние заттары мен құбылыстарын тікелей танып, білуде, енді біреулері (ойлау, қиял т. б. ) бұлардың арасындағы күрделі байланыстарды, дәнекерлі қатынастарды, езгерістерді тереңдей бойлап білуде ерекше орын алады. Адамның сыртқы дүниемен (объективтік шындықпен) үздіксіз жасалып отыратын белсенді байланысында оның сезім, ерік процестері шешуші қызмет атқарады.
Психикалық кейіп (немесе қалып) - адамның түрлі көңіл күйінің (шабыт, зерігу, үрейлену, абыржу, сергектік, белсенділік т. б. ) тұрақты компоненттері. Жан қуат-тарының осы екінші тобы ғылымда әлі де болса толық зерттелінбеген.
Психикалық қасиеттер - бір адамды екінші бір адамнан ажыратуға негіз болатын ең маңызды, ең тур-лаулы ерекшеліктер. Бұған әрбір адамның мінезі мен темпераменті, қабілеті мен дүние танымы, сенімі мен талғамы, қызығуы жатады. Психикалық қасиеттердің қалыптасуында адамның өскен ортасымен қатар, оның кейбір таптық, ұлттық, жас өзгешелік, мамандық ерекшеліктері де бірсыдырғы орып алады. Психикалық процестер (таным процестері) дегеніміз - сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидагы түрлі бейнелері. Бұлардың түрлері көп. Аспанда жұлдыздар жымыңдап, бір ешіп, бір жанып тұр. Оқтын-оқтын самал желдің ақырын ғана толқып ескен лебі денеге тиеді, шөп сыбдыры баяу ғана құлаққа шалынады, жас жусанның исі мұрын жарып тұр, көлде әлсін-әлі құрбақа бақылдайды. Осындайларды адам түйсік, қабылдау деп аталатын процестері арқылы сезінеді. Түйсікте сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының толып жатқан жеке саналары сәулеленетін болса, қабылдауда олар тұтастай, біріккен сапаларымен бейнеленеді. Бір кезде қабылданған заттар санамыздан мүлде жойылып, ешіп кетпейді, оларды кейін керек кезінде түрліше елестетуге болады. Мысалы, студент үйіне хат жазып отырып, үйіндегілердің бет-пішінін, ондағы нәрселерді көз алдына елестете алады. Мұндай жағдайда оның басында елес процестері пайда болады. Оған нәрселер мен заттардың образы қасында тұрғандай көрінбей, жай елестеп отырады. Студент сабаққа дайындалады. Кейін мұғалім сабақ сұрағанда студент оқығанын есіне түсіріп, айтып береді, қажетті нәрселерді есіне жинайды да, қажетсіз, қызықсыз жерлерін ұмытады. Бұл жерде ес процестері әңгіме болып отыр. Ғалымның тыңнан бір жаңалық ашуы, инженердің машина ойлап шығаруы, оқушының шығарма жазуы т. б. үлкен қиялды қажет етеді. Бұрын қабылданған нәрселерді қайтадан өңдеп, образ жасауда көрінетін психикалық процесс қиял деп аталады. Алдымызда тұрған мәселені шешу, заттардың себеп-салдар байла-ныстарын көрсету, болмысты жалпылай және жанама түрде тану - ойлау процесінің арқасында болып отырады. Сөйлеумен тығыз байланысты ойлау адам танымының ең жоғары түрі. Біз айналадағы нәрселерге талғаусыз қарамаймыз. Ісіміз оңға басса, көңіліміз толып, оған қатты куанамыз, жаман нәрсені көрсек ренжиміз, әділетсіз іске ашу білдіреміз. Қуаныш, кайғы, ұнату, ұнатпау, уяйым, масаттану, достык, жолдастық, адалдық, шыншылдық т. б. адамның сан алуан сезімдері мен эмоцияларын бейнелейтін атаулар. Кандай болмасын бір әрекет жасау үшін алдымен оның жоспарын ойланамыз да алда тұрған кедергілер мен қиыншылықтарды жеңуге кірісеміз, көздеген мақасатқа жету үшін барлық күш-жігерімізді жұмсаймыз, Мұнда адамның мақсат, тілек, қалау, тоқтам, ерік, жігер қажыр-қайрат процестері көрінеді. Жан қуаттарының ішінен зейін ерекше орын алады. Зейін санамыздың барлық жақтарының (қабылдау, елес, ойлау, қиял т. б. ) белгілі объектіге бағытталып, шоғырлануы. Зейін жан қуаттарының қай-қайсысына болса да дәнекер болады, оны күшейте де, әлсірете де алады, ерік процесі де онсыз пәрменсіз болады. Психикалық процестердің осы түрлері бір-бірімен тығыз байланысып жатады. Бұлар адамның даралығын көрсететін психикалық қасиеттерімен (қабілет, мінез, темперамент, қызығу), кейбір анатомиялық-физиологиялық тума қасиеттерімен де (нышандар) орайлас көрініп отырады. Бұлардың әрқайсысының көрінуі нақтылы жағдайлардың әсерінен түрлі мәнге ие болып, адам санасын әр қырынан көрсетіп жатады.
Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттерінің сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінен пайда болған мидағы бейнелерді түйсік деп атайды.
Түйсік арқылы заттардың түсін, иісін, дәмін, қатты-жұмсақтығын, кедір-бұдырлығын т. б. осы секілді қасиеттері ажыратылады. Сондай-ақ түйсік денеде болып жататын түрлі өзгерістер жөнінде де, яғни дененің қозғалысы мен оның кеңістікке орналасуын, жеке бөліктерінің жүмысы жайлы хабарлайды. Сыртқы дүниені танып-білу түйсіктен басталады. Ол-білім атаулының алғашқы көзі. Мәселен, жолдасыңнан көзін жүмуын өті-ніп, оның алақанына белгісіз бір затты тигізсең, сосын одан оның не екенін сүрасаң, ол: «Қатты, жылтыр, мүздай, жүмсақ, жылы, кедір-бүдыр бір нәрсе» деп жауап береді. Заттардың нақты атауы емес, тек түрлі қасиеттерін білдіретін осы сөз тіркестері түйсік болып табылады.
Түйсіктер -заттар мен нәрселердің тек жеке қасиетте-рін ғана мида бейнелейді. Мәселен, адам секонттың 1/іоо бөлігінде жалт сткен жарықты көрдім деп айта алады, бірак оның қалай деп аталатынын білмейді.
И. П. Павловтың нерв қызметі туралы ілімі түйсіктердің пайда болуын анализатор (талдағыш) деп аталатын анатомиялық-физиологиялық нерв аппаратының жұмысымен байланысты түсіндіреді. Адамдар мен жануарларда көптеген анализаторлар бар. Олардың қай-қайсысы болмасын (көру, есту, қозғалыс т. б. ) үш бөліктен күралады. Олар: бі рінші сезім жүйесі (рецептор) . Сезім мушееі сырттан келген тітіркендіргіштерді нервтік козуға айналдырып отыратын жер. Анализатордың екінші бөлігі - миға баратын нерв талшықтары. Олар 120 метр тездікпен рецепторларға түскен қозуларды мидың түрлі бөліктеріне жеткізіп отырады. Анализатордың үшінші компоненті (құрамы) - мидағы түр-лі нерв орталықтары. Бұл тітіркендіргіштерді нәзік айыра алуға қабілстті нсйрондардан тұрады.
Егер осы айтылған анализатордың үш бөлігінің бір-біріне зақым келсс, (мәселен, көзге зақым келсе) көру түйсігіне нұқсан келеді. Анализаторлардың мидағы ядролары тиісті аймақтарға орналасқанмен, олар бір-бірімен тығыз байланысып жатады. Анализаторлар бірінің қызметін екіншісі атқара алуға да қабілетті. Мұны ми қабығының к о м п е н с а т о р л ы қ ф у н к ц и я с ы деп атайды. Сезім мүшелерінің мимен байланыстылығы жәйлі Ш. Қүдайбердиев: «Тән сезіп, көзбен көрмек, мүрын-исі, тіл-дәмнен хабар бермек. Бесеуінен мүндағы ой хабар алып, жақсы жаман әр істі сол тексер-мек», - деп мидың жетекші, басқарушылық ролін ерекше атап көрсетеді.
Кейбір философтар мен психологтар адам түйсіктері заттардың объективтік қасиеттерін бейнелемейді, олар тек осы заттардың әсерінен сезім мүшелерінде пайда бо-латын өзгерістерді ғана бейнелейді дейді. Олардың ай-туынша, түйсіктердің мазмүны сыртқы тітіркендіргіштердің, яғни сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардың қасиеттеріне байланысты емес, түгелдей сезім мүшелерінің өздерінің қасиеттерімен белгіленетін болып шығады. Осы түрғыдан қарағанда түйсіктер сыртқы дүниедегі заттардың бейнесі емес, қайдағы бір шартты белгілер, символдар, иероглифтер болып шығады. Бүл түсінік бойынша біз түйсіктеріміздің нені бейнелейтінін, оларға не сәйкес келетінін де, заттарды қалайша танып-білуге болатынын да түсіндіре алмаймыз. Мүндайда тіпті біз заттардың өзінің қандай нәрсе екенін де біле алмайтын боламыз. Өйткені белгі дегеніміз қандай затты болса да, қандай оқиғаны болса да таңбалай алады, бірақ оның өзі таңбалайтын затына үқсас бола бермейді. Түйсік жөніндегі осы теориялардың қай қайсысы да сезім мүшелерінің көрсеткеніне сенбейді, заттар мен қү-былыстардың бізден тыс емір сүретіндігіне күдік туғызады, егер түйсіктер заттардың объективті қасиеттерін бейнелемейтін болса, онда адамдардың табиғат пен қоғамды танып білудегі табыстары мен олардың белгілі бір мақсатқа сай енбек етуі мүмкін болмас еді.
Адам түйсіктерінің ерекше жетіліп, дамуына еңбек процесі, тарихи-әлеуметтік жағдайлар, екінші сигнал жүйесінің (тілдің), сананың пайда болуы күшті себеп болды. Адам түйсіктерінің жануарлар түйсіктерінен сапалық айырмашылығы болатындығы, олардың тіршілііс жағдайына байланысты түрліше көрінетіндігі ғылымда әлде қашан дәлелденгсн жәйт.
Мәселен, қүстардын дене қүрылысын да, психикасын да айқындайтын негізгі факт-олардың әуелде үшып жү-ріп тіршілік стуге бейімделгендігі. Бүл үшін құстардың көзі қырағы, құлағы естігіш болуы аса қажет. Жырт-кыш күстардың көзі аса қырағы, өйткені олар өз жемтігін алыстан көруі қажет, ал иттерде иіс түйсігі ерекше дамыған. Әйтседе, қүстар да, иттер де заттардың мән-мағынасын, бір-бірімен байланысын ажырата алмайды. Адам түйсіктерінің ерекшелігі-олардың ойлау, сөйлеу әрекетімен тығыз байланыстылығында.
Түйсіктердің негізгі заңдылықтары
А. Сезгіштік және табалдырық
Психологияда адамның түйсіне алу кабілетіи сезгіштік деп атайды. Сезгіштікті: 1) абсолюттік, 2) айырма сезгіштік деп екіге бөледі. Абсолюттік сезгіштік дегеніміз - сезім мүшелерінің өте әлсіз тітіркендіргіштерді түйсіне алуы. Сезгіштік түйсіктің табалдырығымен тығыз байланысты. Мәселен, абсолюттік сезгіштік түйсіктік табалдырығына тәуелді. Абсолюттік табалдырық - түйсік табалдырығының шегі. Абсолюттік табалдырык тітіркендіргіштің болмашы ғана түйсік тудыратындай ең аз шамасы. Түйсік табалдырығының шамасы азайған сайын адамның абсолют сезгіштігі арта түседі. Мәселен, біреу алақанындағы бір мм квадрат аумаққа түсетін салмақты 3 гр-нан бастап сезетін болса, екінші біреу осындай жерғе түскен салмақты алты грамнан бастап сезеді. Бүдан соңғы адамның түйсік табалдырығы екі есе артық та, абсолюттік сезгіштігі екі есе кем екендігі көрінеді. Еғер тітіркенудің шамасы табалдырықтан төмен жатса, онда түйсік иайда болмайды. Мәселен, адам денесіне қонған тозаңды сезе алмайды, көз ультра күлгін сәулелерді көрмейді, қүлақ әлсіз дыбыстарды естімейді. Өйткені осы тітіркендіргіштердің бірде-біреуінде түйсік туғызарлықтай күш жоқ.
Айырма сезгіиітік деп сезім мүшелерінің тітіркендіргіштердің арасындағы болмашы айырмашылықты түйсіне алуын айтады. Айырма сезгіштікті сипаттау үшін не айыру табылдырығының мөлшерімен пайдаланады.
XIX гасырдың орта шенінде өмір сүрген не» дары Э. Вебер (1795-1878) мен С. Фехнер (1801 - И тітіркендіргшітердің күшімен адам түйсігінің арасыі :ы байланысты зац түрінде түжырымдады. Мүны сіктің п с и х о ф и з II к а л ы қ з а ң ы дейді. Осы зақ бойынша тітірксндірғіштердің күші геометриялық про-грессия жолымен көбейсе, одан туатын түйсіктер ариф-метикалық прогрессия жолымен өседі.
Әлсіз немесе күшті тітіркендіргіштердің әсерін бұл заңмен түсіндіру қиынға соғады.
Ә. Адаптация
Сезім мүіиелерінің сезгіштігі эсер етуші тітіркендіо-гіштерге біртіндеп бейімделуге байланысты да өзгеріп отырады. Бұл құбылысты адаптация дейді.
Адаптация қүбылысы адам ссзғіштігінің артуын, месе темендеуін көрсетіп отырады. Түйсіктердің кайсысы да адаптацияланады. Мәселен, көру түйсігіі гі адаптацияны алайық. Жарық жерден қараңғы кіру бізде қараңғылық адаптациясын туғызады. Жарық жердең караңғы бөлмеғе кірғенде кездің қарашығь есе ұлғаяды. Бүл қарашықтан өтетін жарықтың мөліш 17 есе көбейсді деген сөз. Көздің қараңғыда көргішті торлы қабықтыы шетіне орналаскан таяКшалардын рі өте кушті. Олардың нашар жарыкты да жақсы і алатын қасиеті бар. Мәселен, 30-40 минуттан кейін : -раңғыдағы көру сезгіштігі 200 мың есе артады. Ал қаоаңғыдан раңғыдан жарыққа қарай сезгіштіқтіқ өзгеруі жврық адаптациясын көрсетеді. Алғашқыда күн көзге шағь көз еріксіз жүмылады. Бірақ төрт-бес минуттан йгн көз бүған үйренеді де, көздің көруі қалнына келе
1 Адаптация - латынша адаптатио, қазакша икемделу дегенді білдіреді.
Адаптация қүбылысына перифериялық нерв жүйесімен ар ми қабығы да катысады.
Иіс түйсіктерінде адаптация түрлі дәрежеде көрінеді. селен, камфараның иісі 1-2 минуттан кейін сезілмей-ті:- болса, горщииа мен нашатыр спиртінің иісіне адап-шялану тезірек болады.
Ауырсыну түйсіктеріндегі адаптация өте олсіз, ауыр- іу организмыің қалыпты жүмысының бүзылғанды-і, осы сигналдын биологиялық ролін көрсетеді. Адап; пя қүбылысы үнемІ өзғеріп отыратын сырткы дүние
тітіркендіргіштеріне анализаторлардың қалай да бейім-
деле алатыидығын байқатады.
Б. Түйсіктердің өзара байланысы. Сенсибилизация
Егер адаптация анализаторлардың сезгіштігінің түр-лі жағдайларға байланысты артуының төмендеуінің К€ рсеткіші болса, с е н с и б и л и з а ц и я сезгіштіктің артуын ғана көрсететін құбылыс болып табылады. Сезім мүшелеріңщ біреуінің әсеріиен баскаларының сезгіштігі артып отырады. Мүны былайша түсіну керек. :із тітіркендіргіштср өзімен бірге әсер етіп түрған қа тітіркендіргіштердің сезгіштігін арттырады. Мәсеселен., көзге жеткілікті мөлшерде түскен жарық оғіың көру қгбілетін арттырумен қатар есту түйсігінің сезімталды-ғының артуына да себепші болады. Қызыл түс адамның. қара түстерді дұрыс ажыратуына жәрдемдеседі. Түнгі үшуға дайындык кезінде ұшқыштардын кездеріне 2. -30 минут бойына қызыл көзілдірік киетіндері осы-дан.
С. В. Кравков, К. X. Кекчеев зерттсулерінде аламныц лыл-дамыл таза ауада дем алуы, женіл дене кимылын сауы, беті-коллы салқын сумен сүртінуі көру сезгіш-ін арттыратындығы дәлелдснген. Сыртқы дүниенің заттары бір гана анализатормен ісінілмейді. БІр сезім мүшесіне түскен ^эсер, калған ім мүшслеріне де әсср етеді. Түйсіктердің бір, -бірімен
1 Сенсибилизация - латынның сенспбилис деген сөзі қазяқшасы сезгіш дегсн мағынада.
байланысқа түсуі сыртқы дүниенің күбылыстарын толі гырақ түйсінуге жағдай жасайды. Болар-болмас дәм
түйсігі (кышкыл нәрсс) көру сезгіштігін арттырады, ерітіндісін ішкеннен кейін таза судың өзі т, >тті С көрінеді. Осындай өзара байланыс көру, сипай қозғалыс түйсіктерінде де көп байкалады. Түйсікі өзара байланысының өте айқын көзге түсетіні контраст (қарама-қарсылық) күбылысы. Мәселен, айналасын ақ түске бояған сүр тік бүрыш айналасын кара түске бояған сүр тік бүрыштан күнгірттеу көрінеді. Ал осы сүр тік бүрыштың айналасын қоныр түске бояса, жасыл тар-тып, сары түске бояса, көгілдір болып көрінёді. Ть тырыс кезде дыбыс жақсы естіледі, ыссы нәрседен кейін салқынды түйсіну өзінен-өзі белгілі. Жоғарыда көрсе-тілген мысалдарда түйсіктердің карама-қарсылығы нерв процестерінің өзара индукция зацдылығымен (бір мез-гілдік индукция) түсіндіріледі.
В. Синестезия 1
Тітіркендіргіштер сезім мүшелерінің біреуінде ғана түйсік туғызудың орнына сол сәтте баска түйсіктердің пайда болуына да жағдай жасайды. Мәсслен, кейбір адамдар біреудің сөзін естігенде, бүған қоса түрлі дәмдер мен түстерді де сезінуі мүмкін. Мүндай адам-дардың бірі кызғылт түстен жылылықты, екіншіле-рі - көгілдір-жасыл түстен суыкты сезінеді. Туйсіктер-дің осылайша қосарланып жүруін синестезия дейді. Ес-ту, көру, сипай сезу, иіс, дәм түйсіктерінде кездесіп отыратын осы қүбылыс өмірде онша жиі кездесе бер-мейді. Синестезия - түйсіктердін, өзара байланысыньш, мөлшсрден тыс дамыған бір көрінісі.
Г. Бір ізді образдар
Тітіркендіргіш эсерінің тоқталғанына қарамай, аз гана уақыт болса да түйсіктің өз күшінде қалатын кез-дерін б і р і з д і образдар деп атайды. Бүлар көруч есту, иіс, дәм тактиль түйсіктерінде жиі кездеседі. Мәсе-лен, адам 2-3 секунд бойы көз алмай шамға қарап оты-рып, содан кейін көзін жүмса (көзді жүмғанда кабак-тан жарық түсірмеу үшін шамды алаканмен қалқалау керек), жарыктың ізін айқын көре алады. Бір ізді об-раздардын бүл түрі оң бір ізді образдар дсп аталады.
1 Синестезия - грек сөзі, казакша қосарласқан түйсік деген магынаны білдіреді.
Қолымызға екі парақ ақ қағаз алып, бірін ақ күйін-де қалдырып, екіншісінің ортасына шаршылап қиылған қызыл қағаз жапсырайық. Бүдан кейін осы қызыл ка-ғаздан көз алмай 20-30 секундтай қарап отырып, көзі-мізді сәл ак кағазға аударсақ, оныц бетінен көгілдір түсті көруге болады. Бұл теріс бір ізді образдардың мысалы. Соңғы түс алғашқы қызыл шаршының теріс бір ізді образы. Қино ленталарындағы жеке кадрлар-дың арасындағы үзілістерді байқамау осындай оң бір ізді образдардың қызметі болып табылады. Өйтксні, мұндайда бір тітіркендіргіш екіншісімен жалғасып оты-рады. Бір ізді образдар көбінесе адамға байкалмайды. Өйткені, көздің тор қабығы үнемі козғалып түрады да осыдан адамның көзі талмайды. Орталық нерв жүйесі-нің жоғары беліктерінде түрлі қозулардан қалған із-дер - бір ізді образдардың физиологиялық негізі болып есептелінеді.
Бір ізді образдарға үқсас зацдылықтың бірі - эйдети-калық қүбылыс. Бұл - эйдонс деген грек сөзінен алын-ған, мағынасы керу, сурет, бейие, идея деген мағынаны білдіреді. Кейбір адамдарда бүрын кабылдаған заттар мен қүбылыстарды, сол объектілер кезден таса пайда болған жағдапда да керіп түратындай кабілет болады. Осы жағдайға байланысты шыққан кисынды психоло-гияда эйдетизм деп атайды да, осындай кабілеті бар адамдарды эйдетиктер деп атайды. Эйдетика образдары естің елестеріне сондай-ақ түйсікте, ілеспе, бір ізді образдарға табиғаты жағынан үқсас келеді. Эйдети-калық бейнелерді естің елестері мен ілеспе бейнелер-ден бір ерекшелігі мұнда адам жоқ заттарды үсақ-тү-йектеріне дейін нақтылы тәптіштеп түсіне алады. Яғни, алдында жоқ нәрсені бүге-шігесінс дсйін жаксы «көре алады» бірінен екіншісіне көзін онай жүгіртсді.
Түйсіктердің түрлері
Түйсіктердің түрлерін үлксн үш топка бөлугс болады.
1. Сыртқы дүниедегі заттар мен кұбылыстардың же-ке қасиеттерінің бейнесі болып табылатын түйсіктер. Бұлардың рецепторлары дсненің бетінде немесе оған жақын орналасқан. Осындай сырткы анализаторлардың рецепторларын экстероцептор деп атайды. Бүған көру, есту, иіс, дәм, тері түйсіктері жатады.
2. Ішкі мүшелеріміздің күйін бейнелейтін (хабар-лайтын) түйсіктерге түрлі органикалық туйсіктер жатады. Олардың рецепторларын интероцептор деп атаііды.
3. Дене мүшелерінің козғалысы мен бірқалыпты ор-наласуын қозғалыс немесе к и н е с т е з и я л ы к т ү й -с і к т е р х а б а р л а п отырады. Мүның рецепторы п р о пр и о ц е п т о р деп аталынады. Енді осы топтағы түйсіктерге жеке тоқталып өтейік.
Көру түйсіктері
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz