Эмоция және ерік психологиясы



1. Эмоция және сезім туралы жалпы түсінік
2. Сезім түрлері және жоғары деңгейдегі сезімдер
3. Эмоцияның түрлері және күрделі эмоциялар.
4. Психикалық күйлер және стресс.
5. Стресс теориялары
6. Стресстің физиологиялық механизмі.
7. Ерік туралы жалпы ұғым. Еріктік амалды талдау. Ерік сапалары.
Қоршаған ортада кезіккендердің бәрі адамда оларға деген қандайда бағамдау қатынасы мен сезімдер пайда етеді. Олардың бірі ұнап – қуантса, екіншісі – қапаландырып, жеккөрушілік тудырады. Төңіректегі нысандардың жеке қасиеттері мен сапаларының өзі де адамның белгілі сезіміне себепші болады. Адам сезімінің қайнар бұлағы-бізді қоршаған болмыс, объективтік шындық. Бірақ қазіргі кезде психологиялық әдебиеттер мен күнделікті өмір тәжірибесінде сезім мен эмоция ұғымдары бір мағынада қолданылып жүр. Егер мәнін жекелеп талдап көрсек елеулі айырамшылық бар екенін аңғарамыз. Сезім-бұл адамның қоршаған болмыс заттары және құбылыстарымен қатынас жасауынан туындаған әрқилы формада көрініс беретін толғаныс, күйзелістері. Адам сезімге құштар келеді. Егер сол сезімдер қандай да себептермен болмай қалса, адам «эмоциялық ашырқауға» келіп, оның орнын толтыру үшін ән-күй тыңдайды, әсерлі фильмдер көріп немесе кітаптар оқиды.
18-19 ғасырларда интеллектуалдық теория бағыты кең өріс алды. Неміс ғалымы В.Вундт та осы бағытты қолдады, бірақ оның тұжырымдары эклектикті болды. Оның пікірінше эмоция – бұл алдымен сезімнің елес жүрісіне тікелей ықпал етуімен сипатталатын адамның ішкі өзгерістері, ал кей жағдайда, ішкі өзгерістердің сезімге әсері, ал органикалық процестер эмоцияның салдары ғана.
Ал эмоция ұғымы тітіркендіру, толқу деген мағына білдіреді. Бұл-жан дүниесінің сыртқы және іщкі әсерлер салдарынан ызалану, қаһарлану, қорқу мен шаттану сияқты жағдайларының көрініс беруі. Эмоция – адамдар мен жануарлар дүниесінде де көрініс беретін кейіп. Эмоциялық күй адамды іс-әрекетке шабыттандырып, тиісті нңтижелерге жеткізеді немесе көңіл күйін жабырқатып, іс-әрекетін бейберекетсіздікке ұшыратады. Адам эмоциясы негізінен, тіршілік ортасы мен әлеуметтік жағдайларға байланысты және ол тарихи даму жағдайына тәуелді. Ал хайуанаттар дүниесінің эмоциясы биологиялық сипатта тіршілік ету жағдайында ғана бейімделеді. Адам өмірінің сан қилы салалары мен қоғамдық – әлеуметтік өмірінің күрделілігі сезімнің сана жағынан жаңа түрлерінің пайда болуына себепші болды. Ч.Дарвин осы орайда, хайуанаттар дүниесіндегі сезім мен эмоция түрлерінің пайда болуын эволюциялық даму тұрғысынан дәйектей отырып, сезімнің тек ақыл иесі адамға тәнт ар, ұят сияқты түрлерін зерттеді. Сезімдер мен эмоциялардың бірнеше сапалық ерекшеліктері бар. Олардың сапасын көрсететін ерекшеліктердің бірі – қарама-қарсы, полярлық сапалықтар деп аталады. Мәселен; сүйсіну, сүйсінбеу, қуану, шаттық, уайым т.б Екінші ерекшелігі актив және пассив болса, үшінші ерекшелігі жігерлену және шешілу. Сезімдер мен эмоциялардың адамның практикалық әрекетінде алатын орны зор болғандықтан алдағы мақсатты орындау жолында, өмір үшін күшті сезімдерсіз табысқа жету қиын болады.

Эмоцияның түрлері:
Эмоциялар іс-әрекетке ықпал жасау тұрғысынан стеникалық және астеникалық болып бөлінеді. Стеникалық эмоциялар адамға қуат беріп, іс-әрекетке ынталандырады. Бұл жағдай адам тау қопаруға дайын тұрады. Керісінше кейде толғаныстан адамның аяқ алысы байланады, енжарлық басады - бұл астеникалық эмоция көрінісі. Осыдан, жағдайға, дара ерекшеліктерге орай эмоция адам қылығына әртүрлі ықпал жасауы мүмкін.Мысалы, қорқыныш сезімнің саналы болуынан адам өзін жинақтап, қатерге қарсы шабуылға шығады. Ал сол қорқыныш адамды шідерлеп, «тізесі қалтырайтын» дәрежеге де келтіреді. Енді түрлеріне жеке –жеке тоқталсақ;
Қуаныш – орындалуы күмәнді болып тұрған қажеттіліктің толық қанағаттандарылуына байланысты туындайтын ұнамды эмоцияналды күй.
Таңдану – күтілмеген оқиғаға байланысты пайда болатын эмоциялық белгі. Таңдану бұрыннан бар сезімдерді тежейді. Осыдан кейін толығымен таңдануға себеп болан нысанға ауысады, кейін ол қызығушылық ниетке жол ашады.
Қасірет – алғашында азда болса сенім күттірген маңызды өмір қажеттігінің орындалмауы не оның орандалмайтыны жөнінде ақпарат алудан болатын жағымсыз эмоциялық күй.
Қаһар – субъектіге өте маңызды қажеттіктің күшті кедергіге ұшырап, олырдалу мүмкіндігінің кенеттен жойылуына байланысты пайда болып , дүлей көрініс беретін ұнамсыз Эмоциялық қалып.
Жеркену - тікелей қатынаста болған объекттердің (заттар, адамдар, құбылыстар, оқиғалар ж.т.б) жеке адам идеологиясында адамгершілік не эстетикалық талғамына ымырасыз қарама-қарсылықты болуынан туындайтын ұнамсыз сезім түрі.
Жек көру-адам аралық қатынастарда субъекттің көзқарас, өмірлік салты мен сезім объекті қылықтарының Бір-біріне сәйкес келмеуінен жүз беретін ұнамсыз көңіл-күй.
Қорқыныш- субъектте өз тіршілігіне шын немесе болуы мүмкін қатер жөнінде
ақпарат алумен бірге пайда болатын сезімдік құбылыс.
Ұят-субъекттің өз қылық-әрекеттері, ниеттері және сырт келбетінің басқалар күткендей не өз принциптеріне орайлас болмағанын түсінуден келіп шығатын ұнамсыз сезім түрі. Эмоциялық толғаныстар біртекті болмайды. Бір объектің өзі бір-біріне қайшы келген әрқилы сезімдік күйді пайда етеді. Бұл құбылыс амбиваленті (екі ұшты) деп аталады. Амбиваленті жағдай адамдағы тұрақтағы қалып пен нақты оқиғаға байланысты оның сезімі арасындағы қайшылықтан туындайды; мысалы; махаббат және қызғаныштан болатын өшпенділік екеуі бірге жүр
1. Жарықбаев Қ. Психология. Алматы 2006
2. Абрамова Ю.А., Юдчиц Ю.А. Психология в медицине. М., 1998
3. Илешова Р.Г. Медициналық психология. А. 1993 ж.
4. Сәбет Б.Б. Жантану негіздері. Алматы 2008
5. Алдамұратов Ә. Жалпы психология. Алматы 2000
6. Тәжібаев Т. Жалпы психология. Алматы 1993
7. Жарықбаев Қ., Озғанбаев Ө. «Жантануға кіріспе». Алматы. 2000 ж.
8. Жантекеев С.К. «Психология». Астана. «Елорда». 2001 ж.
9. Немов Р.С. «Психология». 1-2-3 книга. Москва. 2003 г.
10. «Психология және педагогика» (түсіндірме сөздігі)». Алматы. «Мектеп. 2002 ж.
11. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. 4 е изд, Спб, 2005

12. Бодров В.А. Психологический стресс : развитие учения и современное состоянияние проблемы .- М., Институт психологии РАН, 1995.
13. Губачев Ю.М., Иовлев Б.В.,Карвасарский Б.Д. и другие .Эмоциональный стресс в условиях нормы и патологии человека ., 2002
14. Китаев –Смык Л.А. Психология стресса .- М.,Наука,1983,-536 с.
15. Косицкмй Г.И.,Смирнов В.М. Нервная система и стресс .- М.,Наука , 1970- 200 с.
16. Ксенофонтова Е.Г. Исследование локализации контроля личночти – Новая версия методики «уровень субъектного контроля»: //Психологический журнал .- 1999 .- том 20.-№2.- с.103-114
17. Лазарус Р.С. Теория стресса и психофизиологические исследования //Эмоциональный стресс / Под редакцией Л.Леви.- Медицина , 1970.с.178-208
18. Левитов Н.Д. Проблема психических состояний // Вопросы психологии. 1955.-№2
19. Левитов Н.Д. О психических состояниях человека .М., 1964.
20. Левитов Н.Д. Психические состояния персеверации и ригидности. //Вопросы психологии.- 1971.-№5.
21. Махнач А.В. Личностные детерминаты динамики психических состояний в экспериментальных условиях деятельности // Автореф. Канд. Дис.М., 1993.
22. Мильман В.З. Стресс и личностные факторы регуляции деятельности // Стресс и тревога в спорте .М.,ФиС ,1983,480 с.
23. Мясищев В.Н. Личность и неврозы .Л.,1960.
24. Наенко Н.И., Психическая напряженность .М., Изво МГУ.1976, -112 с.
25. Немчинов Т.А. Состояния нервно-психического напряжения .- Л.,1983
26. Психические состояния ./ Сост. И общ.ред. Л.В.Куликова .- СПб.; Питер, 2000
27. Рогов Е.И. Эмоции и воля .- М.,2000
28. Рутман Э.М. Как преодолеть стресс, М., ТОО ТП, 2000
29. Селье Г. Стресс без болезней .- Спб , ТОО Лейла , 2003

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
3 ДӘРІС. ЭМОЦИЯ ЖӘНЕ ЕРІК ПСИХОЛОГИЯСЫ

Тақырыптың негізгі ұғымдары: Эмоция, ерік, аффект, стресс, депрессия,
көңіл күй, фрустрация, ерік сапасы.
Дәрістің мақсаты: Эмоция мен ерік туралы ғылыми теориялар негізінде ұғым
қалыптастыру.
Қарастыратын тақырыптар:
1. Эмоция және сезім туралы жалпы түсінік
2. Сезім түрлері және жоғары деңгейдегі сезімдер
3. Эмоцияның түрлері және күрделі эмоциялар.
4. Психикалық күйлер және стресс.
5. Стресс теориялары
6. Стресстің физиологиялық механизмі.
7. Ерік туралы жалпы ұғым. Еріктік амалды талдау. Ерік сапалары.

Қоршаған ортада кезіккендердің бәрі адамда оларға деген қандайда
бағамдау қатынасы мен сезімдер пайда етеді. Олардың бірі ұнап – қуантса,
екіншісі – қапаландырып, жеккөрушілік тудырады. Төңіректегі нысандардың
жеке қасиеттері мен сапаларының өзі де адамның белгілі сезіміне себепші
болады. Адам сезімінің қайнар бұлағы-бізді қоршаған болмыс, объективтік
шындық. Бірақ қазіргі кезде психологиялық әдебиеттер мен күнделікті өмір
тәжірибесінде сезім мен эмоция ұғымдары бір мағынада қолданылып жүр. Егер
мәнін жекелеп талдап көрсек елеулі айырамшылық бар екенін аңғарамыз.
Сезім-бұл адамның қоршаған болмыс заттары және құбылыстарымен қатынас
жасауынан туындаған әрқилы формада көрініс беретін толғаныс,
күйзелістері. Адам сезімге құштар келеді. Егер сол сезімдер қандай да
себептермен болмай қалса, адам эмоциялық ашырқауға келіп, оның орнын
толтыру үшін ән-күй тыңдайды, әсерлі фильмдер көріп немесе кітаптар
оқиды.
18-19 ғасырларда интеллектуалдық теория бағыты кең өріс алды.
Неміс ғалымы В.Вундт та осы бағытты қолдады, бірақ оның тұжырымдары
эклектикті болды. Оның пікірінше эмоция – бұл алдымен сезімнің елес
жүрісіне тікелей ықпал етуімен сипатталатын адамның ішкі өзгерістері, ал
кей жағдайда, ішкі өзгерістердің сезімге әсері, ал органикалық процестер
эмоцияның салдары ғана.
Ал эмоция ұғымы тітіркендіру, толқу деген мағына білдіреді. Бұл-
жан дүниесінің сыртқы және іщкі әсерлер салдарынан ызалану, қаһарлану,
қорқу мен шаттану сияқты жағдайларының көрініс беруі. Эмоция – адамдар
мен жануарлар дүниесінде де көрініс беретін кейіп. Эмоциялық күй адамды
іс-әрекетке шабыттандырып, тиісті нңтижелерге жеткізеді немесе көңіл
күйін жабырқатып, іс-әрекетін бейберекетсіздікке ұшыратады. Адам эмоциясы
негізінен, тіршілік ортасы мен әлеуметтік жағдайларға байланысты және ол
тарихи даму жағдайына тәуелді. Ал хайуанаттар дүниесінің эмоциясы
биологиялық сипатта тіршілік ету жағдайында ғана бейімделеді. Адам
өмірінің сан қилы салалары мен қоғамдық – әлеуметтік өмірінің күрделілігі
сезімнің сана жағынан жаңа түрлерінің пайда болуына себепші болды.
Ч.Дарвин осы орайда, хайуанаттар дүниесіндегі сезім мен эмоция
түрлерінің пайда болуын эволюциялық даму тұрғысынан дәйектей отырып,
сезімнің тек ақыл иесі адамға тәнт ар, ұят сияқты түрлерін зерттеді.
Сезімдер мен эмоциялардың бірнеше сапалық ерекшеліктері бар. Олардың
сапасын көрсететін ерекшеліктердің бірі – қарама-қарсы, полярлық
сапалықтар деп аталады. Мәселен; сүйсіну, сүйсінбеу, қуану, шаттық,
уайым т.б Екінші ерекшелігі актив және пассив болса, үшінші ерекшелігі
жігерлену және шешілу. Сезімдер мен эмоциялардың адамның практикалық
әрекетінде алатын орны зор болғандықтан алдағы мақсатты орындау жолында,
өмір үшін күшті сезімдерсіз табысқа жету қиын болады.

Эмоцияның түрлері:
Эмоциялар іс-әрекетке ықпал жасау тұрғысынан стеникалық және
астеникалық болып бөлінеді. Стеникалық эмоциялар адамға қуат беріп,
іс-әрекетке ынталандырады. Бұл жағдай адам тау қопаруға дайын тұрады.
Керісінше кейде толғаныстан адамның аяқ алысы байланады, енжарлық басады
- бұл астеникалық эмоция көрінісі. Осыдан, жағдайға, дара ерекшеліктерге
орай эмоция адам қылығына әртүрлі ықпал жасауы мүмкін.Мысалы, қорқыныш
сезімнің саналы болуынан адам өзін жинақтап, қатерге қарсы шабуылға
шығады. Ал сол қорқыныш адамды шідерлеп, тізесі қалтырайтын дәрежеге де
келтіреді. Енді түрлеріне жеке –жеке тоқталсақ;
Қуаныш – орындалуы күмәнді болып тұрған қажеттіліктің толық
қанағаттандарылуына байланысты туындайтын ұнамды эмоцияналды күй.
Таңдану – күтілмеген оқиғаға байланысты пайда болатын эмоциялық белгі.
Таңдану бұрыннан бар сезімдерді тежейді. Осыдан кейін толығымен таңдануға
себеп болан нысанға ауысады, кейін ол қызығушылық ниетке жол ашады.
Қасірет – алғашында азда болса сенім күттірген маңызды өмір қажеттігінің
орындалмауы не оның орандалмайтыны жөнінде ақпарат алудан болатын
жағымсыз эмоциялық күй.
Қаһар – субъектіге өте маңызды қажеттіктің күшті кедергіге ұшырап,
олырдалу мүмкіндігінің кенеттен жойылуына байланысты пайда болып , дүлей
көрініс беретін ұнамсыз Эмоциялық қалып.
Жеркену - тікелей қатынаста болған объекттердің (заттар, адамдар,
құбылыстар, оқиғалар ж.т.б) жеке адам идеологиясында адамгершілік не
эстетикалық талғамына ымырасыз қарама-қарсылықты болуынан туындайтын
ұнамсыз сезім түрі.
Жек көру-адам аралық қатынастарда субъекттің көзқарас, өмірлік салты
мен сезім объекті қылықтарының Бір-біріне сәйкес келмеуінен жүз беретін
ұнамсыз көңіл-күй.
Қорқыныш- субъектте өз тіршілігіне шын немесе болуы мүмкін қатер
жөнінде
ақпарат алумен бірге пайда болатын сезімдік құбылыс.
Ұят-субъекттің өз қылық-әрекеттері, ниеттері және сырт келбетінің
басқалар күткендей не өз принциптеріне орайлас болмағанын түсінуден келіп
шығатын ұнамсыз сезім түрі. Эмоциялық толғаныстар біртекті болмайды. Бір
объектің өзі бір-біріне қайшы келген әрқилы сезімдік күйді пайда етеді.
Бұл құбылыс амбиваленті (екі ұшты) деп аталады. Амбиваленті жағдай
адамдағы тұрақтағы қалып пен нақты оқиғаға байланысты оның сезімі
арасындағы қайшылықтан туындайды; мысалы; махаббат және қызғаныштан
болатын өшпенділік екеуі бірге жүр
Күрделі эмоция
Күрделі эмоциялардың бірі –көңіл.
Адамдарды кейпіне қарап шат, жайдары, жылы жүзді, ақжарқын, ызалы, түсі
суық т.бдеп ажыратады.
Өте күшті эмоциялық әрекет көрінісі –аффект қысқа да қарқынды өтуімен
ерекшеленеді. Бұл сезім құбылысы субъект үшін өте қажетті болған өмір
жағдайларының кенеттен өзгеріске түсуінен болады. Аффекте адамның
қозғалыс әрекеттері ұстамсыз күйге келіп, ішкі ағзалар қызметі
күйзеліске ұшырайды: тілден қалады, жүрегі ұстайды, есінен танады ж.т.
Бұл қорыққаннан да қатты қуаныштан да болады.
Дені сау адам бойын аффект кернеген кезде ақыл есінен танбайды.
Адам бойында қаншалықты ашу-ыза болғанымен, оны долылыққа жеткізбей,
аффектіні ауыздықтап, ерік күшіне бағындыруына болады. Осы орайда, халық
даналығында Ашу дұшпан, ақыл дос, ақылыңа ақыл қос деген мақалдың
тағлымдық маңызы зор.
Адамның көңіл-күйінің кейпін білдіретін жәйттің бірі психологияда
фрустрация деп аталады. Жоспарланған ісі мен мүдделі мақсаты түрлі
себептер мен кедергілерге ұшырап, адам оған ренжиді, көңілі құлазып,
қайғырып, күйзеледі, ашуға булығады. Қанағаттанбаушылық сезімінен жан
дүниесі қиналады.Адамның сезімі мен эмоциясы жағымсыз күйге ұшырайды.
Фрустрациялық жағдайда көңіл өшпенділік, кейіс пен қаһар тудыруға бейім
келеді.
Эмпатия – қайғы – қасіретті жағдайлар мен қиыншылықтарға ұшыраған
өзгелерге жанашырлық білдіріп, солардың ауыр халі өз басыңа түскендей
сезіну. Адамдардың бір бірінің күйзелісті жағдайларға ұшырауын терең
түсініп, оған жанашырлық білдіруі олардың өмір тәжірбиесіне , мінез
құлқындағы адамгершілік қасиеттеріне де байланысты болып отырады.
Құмарлық . Құмарлық көрінісі анық, ұзақ уақытқа созылады. Ол
әрқашан белгілі бір затқа бағытталады. Құмарлық - адамның белсенді іс-
әрекетін оятатын күшті сезім. Оның ұнамды және ұнамсыз жақтары бар.
Мысалы оқуға деген құмарлық адам қабілетін тәрбиелейді, мәдениетін
дамытып, өмірдегі мақсат - мүддесіне жеткізеді. Ал ұнамсыз құмарлық
адамның еркін нашарлатады, жан дүниесін аздырып, Бей-берекетсіздікке
ұшыратады. Мәселен, маскүнемдікке салыну т.б Бұл адамның өзіне де
өзгелерге де зиянды. Құмарлықтың ұнамсыз түрімен күрес жүргізіп,
жексұрын қылықтарға жол бермеу керек.

Стресс
Психикалық күйдің теориясы аз зерттелген мәселе болып табылады. Бұл
аумақтағы ең атақты ғалымдар зерттеулер жүргізген А.В.Брушлинский,
Л.П.Гримон, Л.Я.Дорфман, Н.Д.Левитов, Ю.Е.Сосновикова, А.Б.Ленова,
Л.Г.Дикая,. Е.П.Ильин, А.В.Махнов, А.О.Прохоров, И.И.Чеснокова, А.И.Юрьев
және В.А.Ганзен т.б. Олар ең маңызды мінездемелерді анықтады,
заңдылықтары мен механизімі, феноменологияға тікелей қатысты, құрылымы,
функциясы мен динамикасен психологиялық күйін анықтады.
Психикалық күй ең бірінші ХХ ғ. 50-жылы зерттелген, ол Н.Д.
Левитовтың атымен байланысты. Ал В.Н. Мясищев және басқалардың еібегінде
психикалық күйдің құрлымы мен элементтерінің дамуын көрсеткен.
В.Н.Мясищев көбінесе теріс эмоциялардың күйін, теріс мінездемелердің
қалыптасуының әсерін көрсеткен, мысал ретінде невроз күйі. Күй өзін өзі
реттеу психикалық форма ретінде және ең маңызды адамның механизмінің
интеграциясының құрамы ретінде оның рухының, психикасы мен денесінің
құрлымының бірлігі болып табылады.
Н.Д. Левитов бойынша психикалық күй – бұл белгілі бір уақытта
анықталатын психикалық іс-әрекеттің бір тұтас мінездемесі, заттың және
құбылыстың шынайлығын, алдыңғы күйін, тұлғаның психикалық қасиетін
айқындайды. Стресс термин (ағылшын тілінен аударғанда – қысым, кернеу)
техникадан алынған, онда физикалық объектіге жұмсалатын және оған қысым
тудыратын сыртқы күшті көрсету үшін қолданылады.
Жүйелік көзқарасқа сәйкес, қазіргі уақытта стресс физиологиялық,
психологиялық және мінез-құлықтық деңгейлер тұрғысынан зерттеледі. Осы
бағытта алғаш қадам жасағандардың бірі – Р.Лазарус. Ол бойынша,
физиологиялық сипаттағы стресс ағзаның физико-химиялық табиғаттағы
әртүрлі ішкі және сыртқы стимулдардың ықпалдарына айқын физиологиялық
жылжулармен бірге жүретін тікелей реакциясы болып табылады. Мұнда
физиологиялық стресстің шамасы әсер етуші агенттің интенсивтілігіне
байланысты болады.
Психологиялық стресстің ерекшеліктері – оның, қауіп төндіретін
ретінде бағаланатын психикалық стимулдермен пайда болады. Стресстік
жағдайдың сипаты мен интенсивтілігі негізінен, нақты іс-әрекеттің тумасы
және ол ие артықшылықтарға қоятын талаптары арасындағы ажырау дәрежесімен
анықталады. Осыған байланысты, стресс психологиясындағы стресстің туу
себептерін анықтауға қатысты екі бағытты қарастырған қызықты.
Бірінші бағыт өкілдерінің есептеулерінше, стресс бұл сыртқы ситуацияның
туындысы немесе Л.М.Аболин анықтағандай, эмоционалды ситуация стрессормен
теңестіріледі. Басқаша айтқанда, стресс қандай да бір әсерлерге реакция
немесе осы әсерлердің өздері ретінде қабылданады.
Біздің ойымызша, объективистік көзқарас (жоғарыда айтылған) сыртқы қысым
жағдайлары міндетті түрде стресстің дамуына әкелмеуі мүмкін екендігін
ескермейді.
Субъективистер өз бағыттарын интеракциондық мәселе ретінде қарастырады
және осы бағыттың өкілі Н.Эндлер стресс туралы айта отырып, ондағы
субъектінің өз-өзімен және қоршаған ортамен өзара әрекеттеуінің
спецификалық тәсілін көрген.
Субъективистік көзқарастың негізін салушы Р.Лазарус болып табылады, ол
стрессті екі тумалық ерекшеліктермен шарттаған:
▪ Әлем және өзі туралы түсініктерімен және өзіне міндеткерліктерді алу
қабілетімен;
▪ Салдарларға ықпал ету қабілеттері туралы түсінігімен.
Эмоционалдық стресс туралы ұқсас түсініктерді В.Э.Мильманнан (1980)
табуға болады. Ол стрессті екі фактордың, яғни жетістікке деген
қажеттілік шамасы және жетістіктің болу мүмкіндігін субъективтік
бағалаудың функциялары ретінде қарастырған.
Қазіргі ғылыми әдебиеттердегі стресс табиғатына қатысты әртүрлі
көзқарастарды жалпылай отырып, стресс термині кем дегенде 3 түрлі
мағынада қолданылады деуге болады. Біріншіден, стресс түсінігі адамда
қозу немесе қысым тудыратын кез-келген сыртқы стимулдар немесе жағдайлар
ретінде түсінуге болады. Қазіргі уақытта осы мағынада, жиі стрессор,
стресс-фактор терминдері қолданылады. Екіншіден, стресс субъективтік
реакцияға жатуы мүмкін және бұл мағынада ол қысым мен қозудың ішкі
психикалық күйін бейнелейді. Үшіншіден, стресс ағзаның қойылатын талап
немесе зиянды ықпалына физикалық реакциясы болуы мүмкін.
Стрессті зерттеуші Г.Сельенің атап өтуінше, стресс сөзі
табыс, сәтсіздік және бақыт сияқты әртүрлі адамдар үшін әртүрлі
мағынаға ие. Сондықтан, нақты анықтама беру қиын.
Ризви бойынша стресс бұл, кейде бұл түсінікті ағза жоюға немесе азайтуға
ұмтылатын мазасыздың жағдайына жатқызады.
1. Сонымен қатар, стресс ішкі мазасыздық немесе оны басулар күйін
бейнелейтін психологиялық немесе мінез-құлықтық реакциялар ретінде
қарастырылуы мүмкін.
2. Стресс қауіп төндіруші жағдайларды жою немесе әлсірету туралы қашу,
агрессия, шешім қабылдауға қатысты амалдар қолдануға апаратын физикалық
немесе әлеуметтік шеңбердегі жағдай немесе оқиға ретінде анықталады.
Осылайша, стресстің нақты анықтамасы жоқ.
Р.Лазарус жазып кеткендей, стресс мәні, оның теориялары және модельдері
туралы әртүрлі түсініктер көп жағдайда бір-біріне қарама-қайшы келеді.
Бұл облыста қалыптасқан терминология жоқ.
Зерттеулердің көптігіне қарамастан стресстің жалпы теориясы әзірге жоқ.
Зерттеушілер психологиялық стресс және психикалық қысым
түсініктерінің арасындағы нақты мағыналық және феноменологиялық
айырмашылықтарды көрсетпейді. Эмоционалдық стресс ретінде Г.Н.Кассиль
(1983), М.Н.Русалова (1979), Л.А.Китаев-Смык (1983) және т.б.
зерттеушілер биохимиялық, экстрофизиологиялық көрсеткіштердің айқын
спецификалық емес өзгерістермен және басқа реакциялармен қатар жүретін
психикалық және мінез-құлықтық көріністерінің өзгерістерінің кең аумағын
түсінеді .
Стресс концепцияның қалыптасуы оның, бір-бірінен ажыратылатын және сол
уақытта бір-бірін толықтырып, дамытылатын көптеген теория және
модельдерде бейне тапқан.
Мысалы,Г. Селье теориясында стресс физикалық, химиялық және органикалық
факторларға физиологиялық реакция тұрғысынан қарастырылады. Зерттеу
нәтижелерін жалпылау Сельеге, ол өзі жалпы адаптациялық синдром деп
атаған үрдістің 3 кезеңін негіздеуге мүмкіндік берді. Мазасыздық кезеңі
стрессор алғашқы пайда болуымен туады. Қысқа уақыт бойында ағза
резистенттілігі деңгейі төмендейді, кейбір соматикалық және вегетативтік
функциялар бұзылады. Содан кейін ағза резервтерді қозғалтып, қорғаныс
процесстерінің өз-өзін реттеу механизмдерін іске қосады. Резистенттілік
(қарсыласу) кезеңі стрессордың ұзақ уақыт болып әсер етуі және ағзаның
қорғаныс реакцияларын ұстап тұру қажеттілігі жағдайында туады. Азу кезеңі
ағзаның стрессордың шамадан тыс және ұзақ ықпал етуімен күрсеуінің
қорғаныстық-бөлімдеуші механизмдерін реттеудің механизмдерінің бұзылуын
бейнелейді. Адаптациялық резервтер азаяды. Ағзаның қарсыласуы төмендейді,
оның салдары ретінде ағзадағы тек функционалдық бұзылыстар емес,
морфологиялық өзгерістер болуы мүмкін.
Г. Селье көзқарастарының ықпалымен көптеген зерттеушілердің
назары стресс-факторлардың әсер етуі нәтижесінде туатын физиологиялық,
биологиялық немесе морфологиялық өзгерістерге шоғырланды.
Әдебиеттерді талдау стресстің негізгі кезеңдік теориялары және
модельдерінің негізгілеріне келесілерді жатқызуға болады.
▪ Генетикалық-конституционалдық теория, оның мәні – ағзаның стресске
қарсыласу қабілеті қызмет етудің ағымдағы жағдайларға тәуелсіз, алдын-ала
анықталған қорғаныс стратегияларына байланысты. Осы облыстағы зерттеулер
генотип және кейбір физикалық сипаттамалар арасындағы байланысты орнатуға
тырысуды білдіреді.
▪ Стресске бейімділік моделі – ортаның тұқым қуалаушы және сыртқы
факторлардың өзара әрекеттесудің эффектілеріне негізделген.
▪ Психодинамикалық модель, З.Фрейдтің теориясына негізделген. Өз
теориясында алаңдау, мазасыздықтың тууы және көрінуінің екі типін
сипаттаған:
1. Сигнализациялайтын мазасыздық шынайы сыртқы қауіпті алдын-алу
реакциясы ретінде туады;
2. Жарақаттаушы мазасыздық санасыз, ішкі көз ықпалымен дамиды. Мұндай
типтегі мазасыздықтың туу себебінің айқын мысалы сексуалдық оятулар мен
агрессивтік инстинктілерді ұстау болады.
▪ Х.Г.Вольф моделіне сәйкес стресс әлеуметтік-психологиялық стимулдарға
физиологиялық реакция ретінде қарастырады.
▪ Стресстің салааралық модель. Бұл модель бойынша стресс көптеген
индивидтерде мазасыздық тудырып, физиологиялық, психологиялық және мінез-
құлықтық реакцияларға әкелетін стимулдардың ықпалымен туады.
▪ Қақтығыстар теориялары. Стресстің бірнеше модельдері субъектілердің
мінез-құлық ерекшеліктерін және топтық үрдістердегі жалпы қысым күйін
бейнелейді.
▪ Д.Механик моделі. Мұндағы орталық элемент адаптация түсінігі және
механизмдері болады. Ол екі көріністе болады:
▪ 1.жеңу – жағдаймен күресі;
▪ 2.қорғаныс – жағдай туғызған сезімдермен күрес;
▪ Стресс әлеуметтік-психологиялық стимулдарға мінез-құлықтық реакциялар
ретінде. Сельенің физиологиялық стресс моделі өзгертілді. Нәтижесінде
стресс ағзаның негізінде адаптивті және адаптивті емес реакциялар жатқан
күйі ретінде қарастырылады.
▪ Стресстің жүйелік моделі басқару үрдістерін жүйелік өз-өзін реттеу
деңгейінде түсінуді бейнелейді және жүйенің ағымдағы күйін оның
салыстырмалы түрде тұрақты нормативтік мәндерімен сәйкестенуі арқылы
жүзеге асырылады.
▪ Стресстің интегративтік моделі орталық орынды адамнан шешім қабылдауды
талап ететін мәселе алады.
Біз толық талдаусыз, тек негізгі концепцияларды атап өттік.
Адам ағзасында стресстік ықпалдарға жауап ретінде туатын физиологиялық
өзгерістер, шынында, туған эмоционалдық бастап көшірулердің тек
салдарлары ғана болып табылады, стресс тіпті физиологиялық жарақатпен
аяқталса да, эмоционалдық бастан кешірулерсіз физиологиялық өзгерістер
болмайды. Стресс, осылайша, адамға қашықтықтан әсер ететін қауіп ретінде
туады және адамда оған қатысты эмоционалдық қатынас тудырып, сол арқылы
бүкіл ағзаны физикалық салдарларға дайындайды. Яғни, стресс адам үшін
эмоционалдық бастан кешірулері оның өз іс-әрекетін жеткілікті түрде
эффективті түрде жүзеге асыруға ықпал ететін қауіп болып табылады.
Стресс және эмоционалды қысым, шаршау, депрессия, сонымен қатар
невротикалық күйге дейін апаруға мүмкін. Бұл мәселемен айналысқан
ғалымдар Л.А.Китаев-Смык, Л.Г.Дикой және де басқада ғалымдар өз үлестерін
қосқан.
Адамдардың функционалды күйін зерттегенде стресстің төрт субстанциясы
табылды.
1. Когнитивті субсиндромдық стресс, эстремалды жағдайда адамға келетін
информация қабылдаулардың өзгеруі, сонымен қатар ішкі және сыртқы
ортадағы елестетудің өзгеруі және ойлауының басқа бағытқа өзгеруі.
2. Эмоционалдық субсиндромдық стресс, эмоционалды сезімнің реакциялары,
эстремалдық жағдайларға жауап беруі.
3. Әлеуметтік-психологиялық субсиндромдық стресс адамдардың қарым-
қатынасының өзгеруінен пайда болады. Яғни адамдар стрессогенді жағдайда
болғанда көрінеді. Бұл өзгерістер әлеуметтік-позитивті тенденция түрінде
болуы мүмкін. Стрессте әлеуметтік-негативті қарым-қатынас формасы
қалыптасуы мүмкін: өзін өзі оқшаулау, қоршаған ортадағы адамдармен
конфронтацияға бейімділігі.
4. Вегетативті субсиндромды стресс тотальді немесе локальді физиологиялық
стресстік реакцияда пайда болады, стресстік ауруға айналуы мүмкін.
Зерттеушілер стресске қарсы тұрушылықтың жеке дара қасиет екендігін оның
әр түрлі адамдарда, әртүрлі деңгейде болу мүмкіндігіне назар аударған.
Бұлардың барлығы типологиялық, мінездемелік, тұлғалық кәсіби
ерекшеліктерінің деңгейімен зерттелген.
1. Үнемі стресстік жағдайда болу түрлі аурулардың дамуына әкелуі мүмкін.
2. Стресстік тұрақшылықтылықтың дамуы және стрессогендік аурулар тұлғалық-
индивиуалдық ерекшелігіне байланысты.
3. Үнемі стресстік жағдайда және басқада қолайсыз функционалды күйлер
қолайсыз эмоционалды сфераның өзгерісіне әкеліп соғады.
4. Стресске бейімділік оның дамуы және стрессогендік аурулар кәсіби іс-
әрекеттің мінездемесі мен ұлғаюы мүмкін.
Стресстік тұрақтылықты анықтау үшін мынандай феномендерді қарастыру керек
(сапа, белгі, қасиет) функционалды позицияның тұрғысынан, яғни оның
мінездемесі іс әрекеттің өнімділігіне әсер етуі.
Көптеген зерттеулер ең маңызды қасиеттің күйі өзгеріссіз үздіксіздікке
жатады. Әртүрлі эмпирикалық көрсеткіштері барлық актуалды күй өзінің
бұрынғы қалпын алады яғни бұл үздіксіз күй болып табылады. Осыған
байланысты ерекше назар аударатын спецификалық анализ өзгеріссіз күй, бір
қалыптан екінші қалыпқа өтуін айтады. Осы уақытқа дейін ғалымдар күйдің
нақты динамикасын анықтаған жоқ дикреттілікке ұқсас. Л.В.Каширинаның
айтуы бойынша нақты күй мүлдем жоқ деуге болады.
В.А.Ганзен және В.Н.Юрченко, Ю.Е.Сосновикова, А.В. Махначтің
жұмыстарында күйдің структураларының деңгейін және маңызды мінездемелерін
анықтады (субъективті және объективті).
• эмоционалды (модельді);
• топикалық (тонусын айқындайтын, индивидтің күші мен ресурсы);
• активационды (психикалық процестің интенсивтілігін айқындайды);
• уақытша (күйдің тұрақтылығын, ұзақтылығын айқындайды);
• күйдің номерлығын.
Көптеген авторлар уақытша күйдің мінездемесін қарастырады.
Н.Д.Левитова айтуы бойынша күйдің персервациясы, қобалжудың инерттілігін
білдіреді, өзгерулерге берілмейді және өте қиын ауысады. В.Л.Марищук
доминация жасайтын субъектіге тән мінездемелерді анықтады. Сонымен қатар
өтпелі және аралық күйді анықтады. Ю.Е.Сосновикова күйді бөліп
қарастырған, ұзақ, өте аз ұзақ және уақытына байланысты ұзақ өтуі.
Е.П.Ильиннің айтуы бойынша өтпелі (тұрақсыз) ұзақ және үнемі болып
тұратын күй.
Психикалық күйдің көп компоненттілігі оның құрлымының бірлігіне
немесе оның бөлшегіне, жалпы әртүрлі динамикалық күйіне байланысты бөліп
қарастырған, Өтпелі актуалды күй өзгермелі, доминантты күй аз өзгермелі.
Өтпелі күй нақты жағдайдың факторына байланысты болуы мүмкін.
В.И.Чирковпен келесі факторларды көрсеткен; көңіл күй, болатын сәтті
жағдаймен бағалау, мотивация, сергектіліктің деңгейі (тоникалық
компонент) және жұмысқа деген қатынасы (іс-әрекет). Осы бес фактор үш
топқа біріктіріледі. Мотивациялық – оятушы (көңіл күй және мотивация),
эмоционалды бағалау болатын сәтті жағдай мен бағалау және жұмысқа
қатынасы.
Активационды – энергетикалық (сергектіліктің деңгейі). Көңіл күйдің
түсініктемесі психологияда бұл тұрақты эмоционалды күйн. Көңіл күй үнемі
салыстырмалы ұзақтылығымен, психикалық тұрақтылықпен ұстамды немесе әлсіз
интенсивті күйі болады, ал индевидтің өмірінде жағымды немесе жағымсыз
эмоционалды күйде көрінеді .
В.А.Ганзен және В.Н.Юрченко (1981) жылы көңіл күйді психикалық функцияның
екінші жалпы құрлымдық күйнің адамның психикалық жүйенің деңгейімен
қарастырған. Тұлғаның көңіл күйі доминациялануымен ерекшеленеді – маңызды
психикалық күйдің тұрақты компонентінің қатыстылығы, соның ішінде
тұлғаның күйінің регуляциясы көптеген факторлармен біріктірілген.
С.Л.Рубенштейннің айтуы бойынша (1989 ж.), көңіл күй – санасыз,
эмоционалды бағалау тұлғаның сол кездегі жағдайына байланысты.
Көптеген көзқарастар бойынша, психикалық күй уайымға қарасылы бірлігі
болып табылды. Бұндай екі мағынаны Э.Блейлер амбивалентті сезім деп
термин ұсынды. Интерпретациясы ішкі қайшылықпен, эмоционалды күй және
уайымның, адамға немесе құбылысқа деген қатынасының байланысын білдіреді.
Мысалы: симпатия – антипатия, қанағаттану мен қанағаттанбау. Бұндай
қатынасты анықтау үшін міндетті түрде даминацианалатын эмоцияны білу
қажет.
Сыртқы күйдің мінездемесі күш салу байланысты. Бұны тензионн деп
атайды (ағылшын тілінен аударғанда tension – күш салу). Психология
сөздігінде Дж.Древера күш салу жалпы сезімдердің тепе-теңдігінің бұзылуы
және әрбір қауіп қатермен кездескен кезде жүріс тұрысын өзгеруге дайын.
Функционалды күйдің категориясының психологиялық түсінігі функционалды
жүйе. Функционалды күй – психофизиологиялық құбылыс, яғни өзіне тән
заңдылықтары бар, өзінің функционалды жүйесінің ерекше архитектурасы
салынған. Е.П.Ильиннің айтуы бойынша күй – бұл функционалды жүйенің
реакциясы ішкі және сыртқы әсерлердің, керекті нәтиже алуға бағытталған.
Әсерлеудің психологиялық күйдің қалыптасуы аффектілік күйде қалыптасады.
В.А.Ганзен айтуы бойынша динамикалық мінездемесі психикалық күйдің
аралық жағдайы, процесстің арасындағы қасиетіндегі мінездемесі.
Психикалық күйдің классификациясы. Классификациялық күй жеке мәселе
болып табылады. Н.Д.Ливитовтің ойынша, күйдің классификациялануы
аналогиялық немесе психикалық процестердің классификациясы танымдық,
эмоционалдық, жігерлік немесе мінездемелік принциптеріне келетін болсақ
(күй жинақы – шашыраңқы, шешуші – шешусіз) болады.
А.И.Юрьева психикалық күйді үш деңгейде қарастыруға ұсынды.
1.Әлеуметтік-психологиялық, психологиялық, психофизиологиялық және
физиологиялық деңгейде.
2.Психикалық күйдің субъективтігі және объективті мінездемесі.
3.Индивидуалды, ерекше және жалпы психикалық күйдің мінездемесі.
Келесі интенсивті мінездемелер психикалық күйдің параметріне бөлінеді:
• ояту деңгейі;
• қанағаттану деңгейі;
• эмоционалдық деңгейі;
• мотивациялық деңгейі;
• күшін кеңейті деңгейі.
Экстенсивті психикалық күй келесі ерекшеліктерімен ерекшеленеді:
• Психикалық күйдің ішкі және сыртқы күйінің жүйесімен бөлінеді.
• Маңызды экстенсивті психикалық күйдің ерекшелігі белсенділігі болып
табылады.
• Зейін ең маңызды экстенсивті ерекшелігі болып табылады.
• Психикалық қасиет экстенсивті мінездемесіне түзетулер енгізеді.
Жалпы психикалық күйлердің келесі түрін көрсетуге болады:
• күйдің белсенділігі қозуы немесе қалыптылығы;
• күйдің әртүрлі градациясы ояудан ұйқыға кеткенге дейін;
• сана сезімнің тазалығы мен түнелуі;
• күйдің жоғарлауы мен төмендеуі;
• апатия;
• шаршау;
• соматопсихикалық күй;
• көңіл күй;
• конфликт күйі;
• фрустрациялық күй;
• сенімсіздік және шешусіз күйі. Әрине бұнымен күйдің классификациясы
аяқталмайды. Психикалық күйдің күрделілігі мен көп түрлілігін айтуға
болады. Интеграцияланған және қалыптасқан, регуляцияланған,
организацияланған және дезорганизацияланған барлық психикалық күйлердің
тұрақты функциясының ортасына бағытталған.
Зерттеушілер мынандай аспектісін зерттеген психикалық күйдің
регуляциясы. Күйдің регуляциясын үшке бөліп қарастыруға болады.
• организмикалық ;
• индивидтік;
• тұлғалық.
Тұлғалық және психикалық күйдің арасындағы байланыс әсерленулер
жатады. Тұлғаға күй кері әсер көрсетуі мүмкін, оның дамуы және динамикасы
бір қасиеттің қалыптасуынан және басқалары әлсіреуінен іс әрекеттің
мотиві мен мақсаты құрылады.
Зерттеушілердің айтуы бойынша күйдің тым интенсивтілігі және іс
әрекеттілігі организімді өзгеріске соғуы мүмкін (Р.С.Буре, С.А.Дудникова,
Р.И.Жуковская, А.Д.Кошелева, және тағы басқа ғалымдар бұл зерттеулерге
үлесін қосқан).
Д.Паррелл, М.Е.Литвак, П.В.Симонова, Д.Прайстің көрсетуі бойынша
психикалық күйдің актуализациясы ішкі және сыртқы өзгерістің нәтижесінде
пайда болады. Психикалық күй дені сауларда ғана байқалады, және олар
денсаулыққа тәуелді болады.
Сонымен қатар психикалық күй уайымның белгісі болып табылады,
яғни оның затқа деген қатынасы, құбылыстарға, адамдарға, іс әрекеттерге,
нақты бір жағдайларға, сол тұлғаға м аңызды болып табылады. Жалпы
әлеуметтенудіге өзекті мәселенің бірі ғылымдағы және практикадағы кәсіби
дезадаптация. Дезадаптация қысымның жоғары деңгейі, еңбек барысындағы
интеллектуалды қиындықтар, көру аппараттарына түсетін ауыртпалық, психико-
эмоционалды және бұлшық етке түсетін қысымда және де басқада күш салулар
жатады.
Стресстік (күйзелістік) қысымның белгілері. Күйзеліс – бұл ағзаның
қысымдағы күйі, яғни ағзаның оған қойылған та-лапқа ( күйзелістік
жағдайда) жауабы. Күйзелістің ықпалымен адам күйзе-лістік қысымды
кешіреді, бірақ күйзеліс – бұл қарапайым жүйкелік қысым емес. Бұл фактіні
ерекше бөлу керек. Көптеген мамандар және тіпті жеке ғалымдар
биологиялық стрессті жүйкелік күшті ауырлықпен немесе күшті эмоционалдық
қозумен теңестіруге бейім .
Күйзеліс – бұл әрқашанда бұзылыс , ақаудың нәтижесі емес. Стрессордың
стрессорлық эффекті ағзаның бейімделугиі қабилетіне қойылатын талаптар-
дың қарқындылығына ғана байланысты емес. Кез-келген қалыпты іс-әрекет
–шахмат ойнау немесе жаяу жүру – күйзеліс тудыруы мүмкін ( еш зиянсыз).
Зиян әкелетін немесе жағымсыз стрессті дистресс деп аталады.
Күйзеліс немесе стресс сөзі ағылшын тіліне ескі француз тілінен келіп,
басында дистресс деп айтылды. Енді бұл сөздер шығу тегі орталығына
қарамастан әртүрлі мағынаға ие. Күйзеліспен байланысты іс-әрекет жағымды
да, жағымсыз да болуы мүмкін.
Өткір ( қысқа мерзімді) күйзеліс белгілері. Пәндік көрінулер: жүрек
соғысы жиілігінің өзгеруі, үстірт тыныс алу , ты-ныс алу ырғанының
жылдамдауы. Қысым көбейгенде бет және мойын терісі қызарады немесе
бозарады, алақандар ылғанданады , көз қарашықтары үл-кейіп, ішкі кейбір
секреция
(сілекей, тер) бездерінің белсенділігі артады немесе төмендейді.
Мінез-құлықтық көрінулер: мимиканың, дауыс тембрі мен интонациялар-дың ,
қимылдардың жылдамдығының , күшінің және координациясының өзгеруі.
Ерінді бұртиту , шайнау бұлшықеттетірің қысымда болуы.Қайғылы
ұнжырғасы түскен немесе мазасыз көзқарас. Қимылдық мазасыздық және
тұрысты жиі ауыстыру немесе керісінше , баяулығы , енжарлығы.
Кейбір адамдарда тіпті өте жауапкершілікті кездерде қысымды бастан
кешіру оның сыртқы бейнесі мен өз-өзін ұстауына сәйкес келмеуі мүмкін.
Адам өзіндегі мазасыздық пен қорқыныш сезімін жоққа шығарып, сырттай тепе-
тең, сабырлы мінез-құлық , жайбараққаттық танытуы мүмкін . Қы-сымдлы
жоққа шығару өз психикалық күйін сараптауға қабілетсіз , өз-өзіне ие бола
алмайтын адамдарда байқалуы мүмкін.
Созылмалы күйзелістің белгілері. Ең жиі кездесетін белгілерге келесілер
жатады:
- өз-өзіне бақылауды жоғалту сезімі ;
- жеткілікті түрде ұйымдастырылмаған іс-әрекет ( бейжайлық , қате шешімдер
қабылдау , қақтығысшылдық );
- енжарлық , апатия, шамадан тыс шаршау;
- ұйқының бұзылуы ( бірден ұйықтай алмау, ерте ояну).
Күйзелісті анықтау үшін тағы да басқа келесідей симптомдарды есепке
алу керек:
- тітіркенгіштік , көніл-күйдін төмендеуі (негізсіз сыншылдық, бәле
жабушылық);
- жоғары тәбет;
- ішілген алкогольдың көлемінің артуы;
- жыңыстық қызметтің бұзылысы ;
- психобелсенді заттарды қолданудың артуы;
- жағымсыз физикалық күй ( бастың ауруы , бұлшықеттердің ауруы, қысымның
жоғарлауы , асқазанның тырнау).
Тұлғалық факторлар. Егер біз күйзеліс тудыра алатын өмірлік ситуациялар
мен оқиларға назар аударса, олардың кейбіреулері жағымды және біздің
өмірізге пайдалы әсер етуші болып табылады. Сонымен қатар, өмір бырысында
біз көптеген жағымды сезімдерді бастан кешіреміз. Дегенмен, жағымды да ,
жағымсыз жағдайлар да стресстік қысым тудыруы мүмкін.
Күйзелістің көздерін , және күйзелістің түрлерін ажырату үшін
жағымдыларын – эвстресс деп, жағымсыздарын жай ғана стресс деп қалтырған

Стресстің физиологиялық механизмдері. Зерттеулер көрсеткендей
күйзелістің физиологиялық белгілеріне жара-лар, бас сақинасы, гипертония,
арқаның ауруы, артрит, астма және жүрек аурулары жатады. Психологиялық
көрінулерге ашуланшақтық , тәбеттің жоғалуы , депрессия мен тұлғааралық
және сексуалдлық қатынастарға төмен қызығушылық жатады. Қазіргі
уақытта қандай болмасын күйзелістің күрделігі жүйкелік механизмдер
тудыратыны анық. Мәселен, ұрсысып қалды немесе қандай да бір жағымсыз
жағдай болды: адам қозған күйде, өзіне орын таба алмай булығады,
әділетсіздік үшін іші күйеді. Ол бұл ойлардан арылғысы келеді, бірақ
болған нәрсе қайта- қайта көз алдына келеді.
Жоғарыдағыдай стресстің 3 физиологиялық механизмдерін бөлуге болады.
Біріншіден, бас миының қабығында қозудың қарқынды тұрақты ошағы
қалыптасқан, яғни ағзаның бүкіл іс- әрекетін , барлық қылықтарын ,
ойларын басқаратын доминанта қалыпталады. Яғни, тынышталу үшін осы
доминантаны жайы , оның орнына жаңа , басушыны жасау керек.
Екіншіден, доминанта пайда болған соң ерекше тізбекті реакция дами-ды-
мидың терең құрылымдарының бірі гипотоламус қозады, ол гипофиз-ді
адринокортикотропты гормонның бөлуге итермелейді. Оның ықпалы-мен
бүйрекасты бездері адреналин мен басқа физиологиялық белсенді заттарды
бөледі, одан жүрек жийрек сосын , күшейеді , қан қысымы жоға-рылайды. Осы
фазада қарқынды бұлшықеттік қысым үшін жағдайлар даярланады.Бірақ ,
қазіргі заманғы адам алғашқы қауымдық адамға қарағанда күйзелістен соң
бірден, жиналған бұлшықеттік энергия жұм-самағандықтан , оның қанында не
жүйке жүйесін тыныштандырмайтын , не ішкі мүшелерге тыным бермейтін
биологиялық белсенді заттар әлі ұзақ айналымда болады. Стресс
гормондары бейтарап. Психикалық күйдің аумағындағы ғылыми зерттеу
анализі, адамның психикасының уақытша құбылысы ретінде қарастырылады.
Жалпы спецификасының ерекшелігі оның өмірлік жолы, әсерленуге
бейімділігі, қоршаған ортаның ішкі және сыртқы факторының әсері
(объективті және субъективті мінездемеге тән). Бұның барлығы
индивидуалдық ерекшеліктермен және тұлғаның іс әрекетінің сферасымен
байланысты. Ал функционалды күйінің көрінуі ол адамның ерекшелігіне және
орындайтын жұмыстын мінездемесіне байланысты.
Күйзеліс күйіне реакция физикалық күйдің құрлымынан гөрі, тұлғаның
қоршаған ортаға деген және тұлғааралық қатынастарға ерекше назар
аударады. Кәсіби стресстің зерттеу анализінің ең негізгі назар аударатыны
ұжымдық фактілерге, іс әрекеттің сыртқы жағдайларына, күйзеліс күйінің
әсеріне, ең азы стрессорлық реакцияға тұлғаның әсерінің жағдайына
сондықтанда, объективті маңыздылығы зерттеудің психикалық күйзеліс
күйінің детерминатты тұрақтылығын анықтау, сонымен қатар еңбек іс
әрекетіндегі стрессогенді кәсіб өкілдерінде ерекшеленеді.
Күйзеліс күйі біздің күнделікті өміріміздің бір бөлігі ретінде
қалыптасады. Біз кей кезде оған тіпті назар аудармаймыз, сонымен қатар
теріс эмоциялардың ұзақ әсері қатерлі психосаматикалық ауруларға әкелуі
әбден мүмкін, мысалы миокард инфаркті, гипертония, бронхиалды астма
немесе психикалық бұзылыстарға әкелуі мүмкін. Күйзеліс күйі біздің
күнделікті өміріміздегі серігіміз болып табылады. Біз оны сезбесек те,
оның қауіпті әсері жайлы ұмытпауымыз кажет. Сонымен қатар стресспен
бірге тұлғаның өзін өзі бағалауды да жатқызады. Егерде адамдар өздерін
жоғары бағаласа, онда олар көптеген жағдайларды ауыр эмоционалды немесе
стрессте интерпритациялайды. Сонымен қатар егерде стресс болса, онда олар
оны тез бастан кешіреді, өзін-өзі бағалуы төмен тұлғаларға қарағанда. Бұл
адамға қосымша ақпарат береді өзінің мүмкіндіктеріне қатысты және де өзін-
өзі бағалауын жоғарлатуға.
Өзін-өзі бағалауы төмен адамдарда екі түрлі негативті қабылдауда жүреді.
Біріншіден, өзін-өзі бағалауы төмен адамдарда қорқыныш деңгейі жоғары
немесе қауіп әрекеті болған жағдайда аландаушылыққа бейім, өзін-өзі
бағалауы жоғары адамдарға қарағанда. Екіншіден өзін-өзі бағалауы төмен
адамдарда қауіп қатердің алдында өз күштеріне сенімсіз. Олар қиынқытан
қашуға ұмтылады.
Егер біз күйзеліс тудыра алатын өмірлік ситуациялар мен оқиларға назар
аударса, олардың кейбіреулері жағымды және біздің өмірізге пайдалы
әсер етуші болып табылады. Сонымен қатар, өмір барысында біз көптеген
жағымды сезімдерді бастан кешіреміз. Дегенмен, жағымды да , жағымсыз
жағдайлар да стресстік қысым тудыруы мүмкін.

Ерік туралы жалпы ұғым
Адамды әрекетке бағыттайтын, мақсат қоюға талап-тандыратын бір түрткі
болатындығы.мұны психологияда мотив (себеп) деп атайтындығы өткен
тарауларда айтылды. Қез келген түрткі сан қилы қажеттермен тікелей не
жанама түрде байланысып жатады. Адамды әрекетке итермелейтін негізгі мотив
— оның түрлі қажеттері. Адам өз қажетіне байланысты алдына түрлі мақсаттар
қояды. Ол мақсаттарды орындау үшін түрлі әдіс-амалдар қарастырады. Өйткені
адам сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстарын тек танып, не оған өзінің
қатынасын білдіріп қана қоймайды, сонымен бірге, оны қажетіне орай
өзгергісі келеді. Бұл үшін ол қимыл-қозғалысқа, іс-әрекетке түсіп отырады.
Адамда қимыл-қозғалыстар есепсіз көп. Бұларды үлкен екі топқа бөлуге
болады. Оның бірін еріксіз қозғалыстар (яғни мақсат қойылмайтын
қозғалыстар: қөздің жұмылуы, жөтелу, шашалу, түшкіру т. б.), екіншісін
ерікті қозғалыстар деп атайды. Мәселен, жерге түсіп кеткен нәрсені көтеріп
алу қозғалыстың соңғы түріне жатады. Кез келген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ ЭМОЦИЯ
Мотивацияның психологиялық теориялары
Эмоционалды - ерік сферасы бұзылған балалардың психикалық даму ерекшеліктері
Психология ғылымының, пәнінің жалпы мәселелері мен негізгі даму кезеңдеріне толық сипаттама
Психикалық құбылыстардың топтастырылуы
Адамның психофизикалық сипаттамасы мөлшерлік және сапалық көрсеткіштері
Мотивацияның психологиялық теорияларына шолу
Тұлғаның сезім мен эмоцияларына қатысты психикалық процестер
Эмоция психологиясы
Тұлғаның когнитивті теориясы
Пәндер